1 требования к структуре умк дисциплины


Коммерциялық банктің салым операциялар есебі мен тәртібі



жүктеу 4,26 Mb.
бет12/15
Дата22.05.2018
өлшемі4,26 Mb.
#16265
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Коммерциялық банктің салым операциялар есебі мен тәртібі.

Салымшы депозиттік шотты ашпас бұрын, банк пен салымшы депозитті ашуға қатысты екі серіктеске жүктелетін құқықтар мен міндеттерін белгілейді. Банк нен салымшы арасындағы келісім салымшы жарна енгізіп, бакк өз кезегінде оған шот ашып. енгізілген сома туралы белгі қойылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне негізделеді. Бұл кітапша клиентке жазба жасалған сон беріледі. Сонымен қатар клиент ақша сомасын жаңадан ашатьш шотқа аударады немесе өз атына түсекен сома немесе болашақта түсетін сома ашылатын салымның есебіне жазылуы жөнінде банкпен келіседі. Клиент пен банк арасында шартты қатынас туындайды ол бойынша, клиент банкке уақытша пайдалануға ақшасын жолдайды, ал банк өз кезегінде пайыз қосуға және клиентке ол ақшаны мерзімі жеткенде немесе хабарлау алған сок қайтаруға міндеттенеді. Заңды түрде мұндай шартты қатынас карызды білдіреді, ол бойынша клиент - кредитор, ал банк дебитор болып табылады. Келісім, жинақ шотына салым салынған соң күшіне енеді.

Барлық көрсетілген шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді: дебет бойынша айналым бұрын қабылданған салымдар және есептелген пайыздар сомасында берешекті өтеу; кредит бойынша айналым бұрып қабылданған салымдар бойынша есептелген пайыздар және жаңадан қабылданған салымдар.

Кіріс кассалық құжаттар негізінде, қолма-қол ақшалай салымдар тарту кезінде келесі шоттар корреснонденциясы құрылады:

Дт 1001 «Кассадағы нақты ақша»

Кт 2211—2229 «Тартылған салымдар»

Клиент - заңды тұлғалардан салымдар қабылдау кезінде: Дт 2203 «Клиенттердің есеп айыру шоты» Кт 2211-2222 «Тартылған салымдар»

Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден салымдар тарту кезінде, тиісті ақша қаржылары корреспонденттік шоттар арқылы тиісті салымдық шоттарға түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады:

Дт 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»

Кт 2211-2222 «Тартылган салымдар»

Салымдар бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 2211-2222 «Тартылған салымдар»

Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»

1051—1052 «Корреспонденттік шоттар»

Банк, тартылған салымдарды қайтармаған жағдайда, олар мерзімі өткен депозиттер қатарына жатқызылады және келесі өткізбе жасалады:

Дт 2211—2222 «Тартылған салымдар»

Кт 2224—2232 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»

Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

Дт 2224—2232 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»

Кт 1001 «Кассадағы нақты акша»

2203 «Клиенттердің ағымды шоттары»

1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»

Қарыздық пайыз - ақша қаражаттарын қарыз алушыға уақытша пайдалануға бергені үшін алатын ақша иелерінің сондай-ақ, ақша қаржыларын ақша, несие және қаржы нарықтарында орналастырушы делдал -кредиторларға (банкке) қарыздық құн үшін төлемдерін білдіреді.

Банктік пайыз өлшемі уақытша бос ақша қаржыларын орналастыру және кіріс алу тәуекелдігімен байланысты, ақша және несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайда болатын сандық

шектеуге ие. Бос ақша қаржыларының иесі пайыздын жоғары деңгейін және аз тәуекелділікті таңдай отырып, орналастырудың оңтайлы нұсқаларын іздейді.

Ақша қаржыларын тарту кезінде банктер салыстырмалы қаржы тарту сипатына байланысты жеке кредиторларға қолданылмайтын сараланған пайыздық мөлшерлер мен белгілейді. Банктік пайыз мөлшері депозиттік келісімшартта белгіленеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Коммерциялық банктермен депозиттерді тарту тәртібі қандай

2. Депозит түрлеріне аңықтама беріңіз

3. Депозит бойынша прценттерді есептеу тәртібі неде

4. Банкаралық зепозит, депозиттерге беру және тарту бойынша барлық қажетті өткізбені қүрыңыздар.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

  2. Закон Республики Казахстан «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан» (См. о внесении изменений в настоящий Закон: Закон РК от 12 января 2007 года № 222-III)


8 Тақырып. Банктің несие операцияларының есебі


  1. Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру.

  2. Несие түрлері, банктік ссудалар классификациясы.

  3. Коммерциялық банкгердің несиелік операцияларының жүргізілу есебі.




  1. Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру.

Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстаннын екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздары үшін төлем түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады, коммерциялық банктердің шығындар құрылымының 80%-ға жуығын салымдар мен депозиттер, сол сияқты банкаралық несиелері бойынша несиелік пайыз төлеу шығындары құрайды.

Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатының көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы «сауда» акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.

Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ белгілеген пруденциялық нормативтерге байланысты. Қазіргі пруденциялық нормативтер тартуға мүмкін қаражаттардың шекті көлемін, ең аз резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болды. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.

Қалыптасқан несие жүйесінің маңызды белгілері - оның несиелеу объектісінен несиелеу субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданылған несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық құндылық қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептелді. Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын жабатын меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді.

Несиелеу субъектілерінің қарыздары қайтару қабілеттілігін, қарыз алушының балансының өтімділік деңгейін тыңғылықты талдау, несиелеу нысандарын таңдау, қарыз алушымен оның несиеге қабілеттілігін ескере отырып қарым-қатынасқа түсу туралы шешім, қалыптасқан несиелік механизмнің айтарлықтай артықшылықтарын білдіреді.

Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады. Өзгерістер негізінен несиенің саралану қағидасына енгізілді. Осыдан бірнеше жылдар бұрын несиелеуге саралау режімі колданылатын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориясы болғаны бәрімізге мәлім. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы алынған. Қазіргі уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында қайтармау тәуекелділігін төмендететін клиенттін несие қабілеттілігі ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлем қабілетсіздігі анықталған кезде, коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгіленген әкімшілікке жедел басқаруға беруге, оларды қайта құру және жабу мәселелерін қарастыруға құқықтары пайда болды.

Өзгерістер несиені қамтамасыз ету қағидасына да, тікелей материалдық қамтамасыз етілуі болмайтын (оған тауарлы-материалды құндылықтардың нормативтен тыс төленген қалдықтары саналады) қарыздарға қатынастарға да әсер етті. Тәжірибе бұндай материалдық қамтамасыздық несиені уақытында қайтаруға кепілдік етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түріне өту қарастырылады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік тәжірибеде кепілдеме құқығы (ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі, кепілге салу), кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру жүйесі сенімді кепіл кұқы болып табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие механизмі банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып, несиелік тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді.

Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Қаржы-несиелік механизмінің үздіксіз қызмет етуінен және тиімділігінен жекелеген шаруашылық бірліктерінің уақытында ақша алуы ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің экономикалық өсу қарқыны тәуелді болады. Несие жүйесінің қызмет ету механизмі оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық нысандардың, несиелеу әдісі мен формаларының өзгеру әсеріне байланысты әрқашан ауысып отырады.

Банктер несиелерді ұсынуды өзінің ішкі несиелік саясатына және зайымдық операцияларды жүргізудің жалпы шарттарына сәйкес жүзеге асырады. Айтарлықтай деңгейде өзгерген кәсіпорындарды

несиелендіру жүйесі, оны нарықтық қатынастарға көп деңгейде сәйкес келетін, экономиканы басқарудың орталықтандырылған әдісінен орталық-тандырылмаған әдісіне көшуге тиіс модель ретінде бағалауға мүмкіндік беретінің болжауға болады.

Сонымен қатар банк басшысы «несиелік қоржын» ішінде ақша қаражатын бөлу мәселеелерін шешуі қажет бөліп-бөліп төлеу сауда-өнеркәсіп компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Оңдай бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар несиелерге сұраныс қарастырылды. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер түріне орналастыру қолданыстағы заңдар мен реттеуші актілерге, өтімділіктін жоғарғы деңгейін ұстап тұру қажеттілігіне және жоғары табыс алу қажеттілігіне тәуелді.

«Қаражаттардың жалпы қоры» әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі кездерден түседі, оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің барлық ресурстарды біріктіру идеясы алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінеді.

Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын үлестерін белгілеу. Кей жағдайда алғашқы резерв рөліңде «басқа банктердің қарыздары және қолда бар ақшалары» бабына кіретін активтер қарастырылады. Оған басқа коммерциялық банктің корреспонденттік шотындағы ақша және де инкассалау үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді.

Қаражаттарды орналастырудағы екінші мәселе, белгілі бір табыс алып келетін «кассалық емес» өтімді активтерді кұру мәселесі. Бұл резервтеге жоғары өтімді табысты активтер жатады, олар өз кезегінде жоғалту тәуекелі төмен және ең аз пайызды ұстай отырып қолма-қол ақшаға айнала алады.

Қаражаттардың жалпы қоры әдісі бойынша қаражаттарды орна-ластырудың үшінші кезеңі - несие қоржыны портфелін құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтер мөлшерін белгілегеннен кейін, ол өз клиенттеріне несие ұсына алады. Бұл банктің табыс әкелетін қызметінің ерекше түрі. Қарыздар банктік активтердің ең маңызды бөлігі, ал қарыздар бойынша табыс банктік пайданың ең ірі құрамдас бөлігі. Несиелік операциялар банктік қызметтің өте тәуекелді түрі.

Сондай-ақ несиені контекорренттік шот ашу арқылы беруге болады, бұл бір жағынан түсімдер, екінші жағынан қарыз несие

және төлемдер көрсетілетін және де кредиттікте дебеттікте сальдо болатын шоттың ерекше түрі. Контокоррент өз кезегінде клиенттін банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын клиенттермен барлық операциялар жүргізілетін ағымдағы және қарыз шоттарының сипаттары болатын «Аралас» шот. Контокорренттік шот бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін контокорренттік несие көлемін шектейтін лимит белгілейді. Лимиттер әрбір клиент үшін саралап белгіленеді. Контокорренттік несие қарыз алушыға контокорренттік шот ашу арқылы клиенттің төлем құжат-тарын төлеу негізінде беріледі. Контокорренттік шотты ашудың негізі клиентпен контокорренттік несие беру туралы шарт жасасу болып табылады, онда қарыз бойынша борыштың ең үлкен көлемі, қарыз мерзімі, контокоренттік шоттағы дебеттік қалдықтың болуының шекті мерзімі, сол сияқты банк пен клиенттің ұсыныстары бойынша басқа да шарттар белгіленеді. Несиені беру кезіндегі өте маңызды, бірақ әрқашанда міндетті емес мәселе - банк беретін несиені қамтамасыз ету.

Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, банктің жоғалту тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай-ақ банк пайдасы. Аталған байланыста тапсырмалар мен кепілдемелерді беру, кепілдік міндеттерді рәсімдеу, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздары, жылжитын және жылжымайтын мүліктердің кепілін рәсімдеу тәжірибесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме нотариалды куәландырылуы керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің орындалуымен бірге, сол сияқты кредитор үш айдың ішінде кепілдік берушіге талап ұсынбаса тоқтатылады. Егер тапсырмада міндеттемені орындау мерзімі көрсетілмесе, онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл соңыңда тоқтатылады. Кепілдік беруші мен қарыз алушы бірдей жауапкершілікте болады.

Тапсырманың ерекше нысаны кепілдік беру болып табылады. Кепілдік берушімен қарыз алушы бірдей жауапкершілікте болады.

Шаруашылық субъектілер берген кепілдіктер кепілді банкте сақталады және несиелеуші банк кепілдікті қабылдау туралы кепілді банктің хабарламасын бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім қабылдаған кезде клиент банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.

Несиелік мәмілені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт (2 қосымша) жасасу туралы қарыз алушының анкетасы


1 қосымша) қосылады. Несиелік келісімшартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:

• несиенің мақсаты;

Қарыз алушы ұсынған зайымның технико-экономикалық негіздемесіне немесе бизнес жоспарға сәйкес;

• берілетін несиенің жалпы сомасы;

• несиенің валютасы;

▪ несиені және ол бойынша сыйақы өтеу мерзімі;

• несиені өтеу әдісі;

• қамтамасыз ету;

▪сыйақы мөлшерлемесінің көлемі;

• қарыз алушы заңды тұлға банкке ұсынатын есептіліктің түрлері мен мерзімдері;

• қарыз алушының ол жөніндегі мәліметтерді несиелік бюроға беруі жөніндегі, сол сияқты екі тараптың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттар.

Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімді міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі құжаттар келесілер:

- қарыз алушы қол қойған, несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш;

- егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;

- қарыз алушы атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;

- жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы;

- баланс пен кіріс және шығыс жөніндегі есептілікпен бірге қарыз алушы қол қойған және аудитор растаған, өтініш жазылған күнге қаржылық есептіліктер;

- егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;

- қарыз алушының несиелерді қайтару бойынша төлемдерді жүзеге асыруға қажетті жеткілікті ақша ағымдарын қамтамасыз ету қабілеттіліктігін растайтын, банктің құзырлы қызметкері дайындаған есептемелер.

заңды тұлғаның бизнес-жоспары, сияқты несие алу сәтіндегі қаржылық есептілік және ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп;

- несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емес қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;

- басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер. Егерде қарыз алушы, осы несиені толық көлемде немесе жартылай алу бойынша басқа тұлғаның агенті болса, онда қарыз алушының құзырын куәландырушы кұжаттын көшірмесі, несиенің сомасы және оны нақты алушының қолдану мақсаты көрсетіле отырып, қоса тіркеледі.

Егер ұсынылған несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша құжаттарға келесілер кіреді:

- мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөнінде белгі соғылған ипотека және кепіл шартының түп-нұсқасы (4-қосымша);

- кепілге қойылған мүліктің нарыктық кұнын бекітетін және дәлелдейтін бағалау құжаты; ,

- егер несие осы мүлікті алу үшін берілсе, онда кепіл мүлкінің сатып алу бағасын бекітетін құжат.

Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағ-дайына ұсынылғаннан басқа, кепіл шарты, кепіл заты туралы ақпа-рат және олардың құнын анықтау әдісі ұсынылады.

Кепілдік туралы келісімшартқа сәйкес, алушының меншігіне өткеннен кейін кепіл заты болатын қозғалмалы мүліктерді сатып алуға бөлінген несиелер бойынша несиелік құжаттарда осы мүліктің сатып алу бағасын және сақтандыру сомасын растайтын құжаттар болуы керек.

Егер қарыз алушы несиені құрылыс саласында қолданатын болса, онда құжаттамаға жоспарланған жұмыс бойынша жобаланған сметалық құжат және тексеру есептері немесе жұмыстың орындалуын бекітетін қарыз алушының қабылдау-өткізу актісі қосылады.

Несие бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етілсе, несиелік құжаттамаға мынадай қосымша құжаттар тігіледі:

- кепіл және кепілгерлік шарты;

- кепіл берушінің немесе кепілгердің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы;

- кепіл беруші атынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан кепілдеме шартына қол қоюға құзыреті бар тұлғалар өкілеттігін дәлелдейтін құжаттар (5-қосымша);

- кепілдік немесе кепілдеме кепілдік өтініш бойынша беріледі (6-қосымша);

- несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің қаржылық есебі.

Несиелеу үрдісіндегі маңызды кезең — ұсынылған несиеге кеткен қаражат шығыңдарына бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның қаржылық жағдайына бақылауды күшейтуі белгілі бір күдік туған кезде жүргізіледі.

Несиені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қарыз сомасы қарыз алушының есеп айырысу шотынан сызылады. Несие мемориалды ордер ретінде қолданылатын мерзімді міндеттемелер негізінде өтеледі. Төлеушінің қаражаты болмаған кезде қарыз сомасы мерзімі өткен несие шотына жатқызылады. Кей жағдайларда несиені өтеу фактісі келгенге дейін мерзімі ұзартылады.

Заңды және жеке тұлғаларға несие өндіріс тиімділігін жоғарылату, жаңа, тиімділігі жоғары өнім түрлерін шығаруды ынталандыру, халыққа әр түрлі қызмет көрсету және т.б. тұрғындар үшін және экспортқа тауар өндіру, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатына беріледі, сол сияқты Қазакстан Республикасына тауарлық ресурстарды тартуға берілуі мүмкін.

Әрбір банк банктің ішкі несиелік саясаты туралы ережесін жасайды. Оның негізгі мақсаты жұмысшылардың банк белгілеген талаптарын және несиелеу тәртібін орындау арқылы несиелік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі тәуекелді төмендету болып табылады.

Несиелер мыналар есебінен беріледі:

- жеке және заңды тұлғалардың депозиттік және басқа шоттарына тартылған қаражаттары және меншікті қаражаттары қосылатын банктің меншікті несиелік потенциалы;

- шетелдік несиелік желілерден, банкаралық несиелік нарықта алынатын несиелік қарыз ресурстары.

Несие мынадай несие қабілеттіліктің негізгі критерийлеріне сай келетін карыз алушыларға ұсынылады:

- рентабельділіктің жоғарғы нормасымен сипаталатын каржылық тұрақтылық, барлық қаражаттың 30% көлемінде меншікті капиталмен қамтамасыз етілген, айналымдағы дебиторлық қарызы қысқа мерзімді;

- карыз алушының беделі;

- шығарылатын өнімінің бағасы, оны сатып өткізуге тапсырыстың болуы, ұсынылатын қызмет сипаты;

- экономикалық конъюнктурасы (бизнестің даму перспективасы, капитал салу көздерінің, бизнес жоспарының болуы).

Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру Ұлттық Банктің ұсынысын ескере отырып жасалған әрбір банк несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан несиелік шотта әрбір несиелеу объектісі бойынша қарыз есебі жүргізіледі. Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Несиелік шоттың режімі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін.




  1. Несие түрлері, банктік ссудалар классификациясы.

Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топқа белінеді: активті - банк қарыз бере отырып кредитор ретінде қатысса;

пассивті - төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық

жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде қатысады. Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады: қарыз және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде де жүргізіледі.

Активті несиелік операциялар - біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну оператциясынан; екіншіден - басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады. Пассивті несиелік операциялары үшінші тұлғаның және жеке түлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан тұрады. Аталған сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен қарыз арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие - банктің қаражатын ұйымдастыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарын ұсынатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса -нәтижесінде қарыз шотын ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге, несиелік қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырылып қоймайды, сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелеу ретінде де ұйымдастырылады. Ал олардың арасындағы несиелік қатынас векселмен рәсімделеді. Бұдан әрі коммерциялық несие, банкке векселді кепілге қоя отырып, банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни алдымен кәсіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәтижесінде олар банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін жүгінеді.

Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

1. Кредиторлар бойынша:

- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;

2. Қарыз алушылар бойынша:

- қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылык ұйымдарға несиелер;

- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.

- жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру);

3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға болады:

- қысқа мерзімді;

- ұзақ мерзімді.

4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;

5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:

- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;

- сақтандырылған;

- қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).

6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.

7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.

8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру; материалдық қорлардың жиынтығын экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың кепілді-несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер,күрделі салымдарды қаржыландыруға.


  1. Коммерциялық банкгердің несиелік операцияларының жүргізілу есебі.

Несие бөлу туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімІ дайындайды. (2-қосымша) Несиелік бөлім қажетті қолтаңбаларды жинап, оны мөрімен қуәландырады.

Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толығымен рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу үшін немесе ҚРҰБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе несиені қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету құжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға несиені аудару туралы өкім береді. Яғни оған Банк басқармасы төрағасының және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Заңды тұлғалар үшін мерзімдік міндеттемелер рәсімделуі талап етіледі. Бухгалтерия несиені жоғарыда көрсетілген үкім негізінде аударады және мерзімді міндеттемелердің бизнес жоспары мен келісімге келген тапсырма сай екенін тексеру үшін несие бөлімінін қолымен куәландырылған қарыз алушының қолындағы төлем тапсырмасы керек.

Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгалтерияның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе болшектеп келесідей зандармен беріледі:

- несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициардын төлем құжаттарын төлеу;

бенефициардың төлем құжаттары бенефициар мекен-жайына төлеу (төлем тек тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеуге болады деген шартқа сәйкес құжаты банкке көрсеткеннен кейін орындалады);

- аккредитив, қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты аудару;

- қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;

- қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;

- қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;

- басқа да жолдармен.

Қызмет көрсетіп отырған банк клиенттерге иесие берген кезде мынадай корреспонденттік шоттар кұрылады:

Дт 1411, 1417 «Клиенттерге берілген кыска мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар»

Кт 1001 «Кассадағы колма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Мерзімді міндеттемелер бір мерзімде баланстан тыс шотқа келіп түседі - «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» (7339). Басқа банк кызмет көрсететін клиенттерге несие беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазу жасалады:

Дт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар» 1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар»

Кт 1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары».

Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу жасалады:

Дт 1411, 1417 «Клиенттерге берілген қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар»

Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».

Сонымен бір уақытта теңгемен:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ иозициясынын)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы кұны валюталық қысқа позициясының)»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1050

«Банктің корреспонденттік есепшоттары». Несиені қайтару кезінде өткізбелер керісінше жасалады. Теңгелей берген несиені қайтарған кезде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»

1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар».

Шетел валютасында берілген несиені қайтарғанда:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 «Банктердің корреспонденттік шоттары»

Кт 1858 «шетел валютасы бойынша банктің қысқа валюталық позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»

Бір уақытта теңгемен берілген:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»

Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар» 1417 «Клиенттерге берілген ұзак мерзімді қарыздар».

Клиент қарыздың негізгі сомасын қайтармаған кезде, ол кешіктірілген қарыз деп есептеледі:

Дт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»

Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар» 1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар».

Белгілі бір уақыт өткеннен кейін клиент борыштарын өтемесе резерв кұрылады:

Дт 5455 «Клиенттерге берілген зайымдар мен қаржылық лизинг бойынша арнайы резервтерге ассигнование»

Кт 1428 «Клиенттерге берілген зайымдар мен қаржылық лизинг бойынша арнайы резервтер».

Одан соң өтелмегең борыштар провизия есебінен жабылады.

Дт 1428 «Клиенттерге берілген зайымдар мен қаржылық лизинг бойынша арнайы резервтер».

Кг 11424 «Клиентердің зайымдар бойынша мерзімі өткен қарыздары»

Болашақта клиент кешіктірілген қарыздарын төлеген кезде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».

Бір мезгілде мерзімді міндеттемелер «әртүрлі құндылықтар мен құжаттар» шотынан (7339) есептен шығарылып, «зиянға жатқызылған борыштар» (7130) баланстан тыс шотына кіріске алынады. Бұл шоттан, қарыздар 5 жыл бойы есепке алынады. Бұл мерзім өткеннен кейін, қарыздар «зайымға жатқызылған қарыздар» (7130) шотынан есептен шығарылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Екінші деңгейлі банктерге несиені беру тәртібі.

2. Клиенттің несие қабілеттілігін анықтайтын негізгі коэффициенттерді атаңыздар.

3.Қысқа мерзімді несиені беудегі баланстық және баланстан тыс шоттары бойынша және оны жабу (өтеу) бойынша өткізбе қүрыңыздар.

4.Несие бойынша мерзімі кешіктерілген міндеттеменің пайда болуы және жабуға (өтеуге) қажетті өткізбені қүрыңыздар.

5. Несие бойынша проценттер есептеу тәртібі.

6. Несие бойынша мүмкін шығындарға екінші деңгейлі банкгерде резервтер қалай қүрылады?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

2. Правила ведения документаций по кредитованию БВУ № 327 от 31.12.1998 г. с учетом изм. и доп.

3. Положение «О классификации активов банка и условных обязательств и расчет провизий по ним банками второго уровня РК» №218 от 23.05.1997 г. с учетом изм. и доп.



9 Тақырып. Банктің басқа да операцияларының есебі


  1. Лизингтік операциялардың мәні жэне бухгалтерлік есепте көрсетілуі

  2. Коммерциялық банктердің сенімгерлік операцяилар есебі

  3. Факторингтік операциялар есебі

  4. Форфейтингтік операциялардың экономикалық мазмұны және оның есебі




  1. Лизингтік операциялардың мәні және бухгалтерлік есепте көрсетілуі

80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік кұрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласы болып табылады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизииг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.

Әр түрлі белгілеріне карай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:

- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);

- жанама лизинг (үш жақғы немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингтің жиі кездесетін түрі - қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

- жылжымалы мүлік лизингі;

- жылжымайтын мүлік лизингі;

- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.



Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:

- бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;

- толық өтелмейтін лизинг. Амортизация шарты бойынша былай бөледі:

- толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;

- толық емес амортизациялы лизинг. Қызмет объектісіне қарай былай бөледі:

- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;

- толық қызмет жиынтығы бар лизинг - объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;

- жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.

Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халықаралық) лизингті қарастырады.

Сыртқы лизинг экспорттық жэне импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде - лизинг беруші болып табылады.

Салық және амортизациялық жеңілдіктерге катысты лизинг мынадай болып бөлінеді:

- жалған лизинг — қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;

- іс жүзіндегі лизинг - жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.

Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай беледі:

- ақша төлемімен жүргізілетін лизинг - барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;

- компенсациялық төлеммен жүргізілетін лизинг – төлем аталған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет керсету нысанында жүзеге асырылады;

- аралас төлемді лизинг.

Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады

- жедел және қаржылық лизинг.

Жедел лизинг — көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Онық ерекшелігі құрал-жабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

Қаржылық лизинг - қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амортизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі

- лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудын мүмкін болмайтындығында.

Қаржылық лизинг - бұл ұзақ мерзімді жал болын табылады, оның шартының құрамында келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

- меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;

- келісім шарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады;

- жал мерзімі күтіліп отырған пайдалану мерзімінің 75 пайызынан кем болмауы керек;

- жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген кұн жабдықтың нарықтық кұнының 90 %-ына тең немесе одан жоғары болу керек.

Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі ұсынылатын несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

- жалға алушының ең аз төлемі — жал бойынша жылсайынғы төлем;

- ең жоғары төлем - жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;

- келтірілген кұн - ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымынын құны.

Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.

Мысалы: мүліктің жал мерзімі - 5 жыл, мүліктің кұны — 10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі - 10 жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік

жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.

Жылдық төлемдер — 2300 бірлік

Дисконттау мөлшерлемесі — 8%

Дисконттау коэффициенті = 1/(1+0.08)хn

мұндағы, n - жалды төлеу жылы

1- жылдьщ коэффициенті = 1/(1+0.08)1=0.93

2-жьщцъщ коэффициенті = 1/(1+0.08)2 =0.85

3- жылдың коэффициенті = 0.79

4- жылдыц коэффициенті = 0.73

5- жылдьщ коэффициенті = 0.68

Келтірілген құн = 2300 х (0.93+0.85+0.79+0.73+0.68) = 9154 немесе 91.5%, жал қаржылық болып саналады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

лизинг беруші1 — лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

Лизинг алушы2 лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскелері және басқа да

тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» (фр. «сгеdіt-раіl») деп атайды.

Тауарға деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысатын сатып алу-сату, шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.

Лизингтік мәміле негізін келесілер кұрайды:

— мәміле объектісі;

— мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);

— лизингтік келісім мерзімі (лизинг кезені);

— лизингтік төлемдер;

— лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер.

Өндірістік циклде жойылмайтын материалдық кұндылықтардың кез келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілегін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.

Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг-бизнестің капитал сыйымды түрі болуымен, ал банктер - ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» занына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі (лизинг) ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғүрлым бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуе-

келділікпен жиі кездесіп отырады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» жарғылықтың 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялық нормативтер және басқа да мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметгі жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар Ұлттық банктің қатаң бақылауында болады.

Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсін-діріледі. Себебі лизинг - ұзақ мерзімді жалдаудын негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезеңінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амортизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін, инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капиталы нарығының жағдаятын (конъюнктурасын) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).

Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.

Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:


  • кезеңдік төлемдер - лизингтік келісімге қатысушы, тарап-тар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;

бір мерзімдік төлемдер - егер келісімде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.

Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере отырып. Мәміледе лизингтік төлемдерді төлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдері белгіленуі мүмкін:

бірдей үлестермен - бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;

өспелі өлшемдермен (прогрессивтік төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтік төлемді аз жарналармен енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және онда өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;

азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг



берушіге өз берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданатын төлемдер.

Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі, қалдық құн, несие үшін найыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары (тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды, салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестерді ұйымдастыру) әсер етеді. Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:

• амортизация;

• мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар үшін төлемі;

• көрсетілетін қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін лизингтік маржа;

• лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты тәуекелділік сыйақысының көлемі.

Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік пайызды құрайды. Қаржылық лизинг бойынша жалдау төлем сомасын есептеу үшін 8-тарауда қаралған лизингтік мәміле шарттармен өзара байланысты жалдау төлем көлеміне белгілейтін аннуитеттер (нақты қарыз бойынша жылдық төлемдер) формуласы қолданылады.

Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:

техникалық қызмет - клиент пайдаланатын обьектіні та-сымалдауды, құрастыруды және орналастыруды ұйымдастыруға, жабдыққа техникалық қызмет етуге және ағымды жөңдеуге байланысты (көбіне жабдық жаңа болған жағдайда);

кеңес беру қызметі - салық салу, рәсімдеу және т.б. мәселелер бойынша қызметтер.

Жалгер лизинг компаниясынан қажетті жабдықты алу үшін өтініш жазады, өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы және оны қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай-ақ жалгердің өндірістік және қаржылық қызмет деректері көрсетіледі. Ұсынылған мәліметтер толық талданған соң лизингтік компания соңғы шешімге келеді және оны лизинг алушыға лизинг келісімінің жалпы шарттарын (1-қосымша) қоса хатпен жібереді, ал жабдықтаушы жақ лизинг компаниясының жабдық алу жөніндегі ақпаратымен хабардар етіледі. Бұл жағдайда лизинг беруші жабдықтаушымен жабдық құнын келіседі, қажет болса қызмет объектісінің сенімділігі, өнімділігі және тиімділігімен танысады.

Хатқа қосымша лизинг келісімінде лизингтің келесі маңызды шарттары көрсетіледі:

— келісім заты;

- лизинг затын сатушының аты, сатушы таңдауы кіммен белгіленгені;

- лизинг алушының лизинг затын жалдау шарттары және мерзімдері;

- лизинг затының құны;

- келісімде әрекет ету мерзімдері;

- лизинг алушының меншігіне лизинг затының біржола берілу шарттары, егер мұндай берілу келісімде қаралса;

- лизинг затының сипаты;

- лизинг затын құрастыру және жөндеу тәртібі;

- лизинг затын сақтандыру;

- тараптардың біріне лизинг затын лизинг беруші атына мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы міндеттемені белгілеу;

- лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелерін орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;

- тараптар жауапкершілігі.

Осы шарттардың бірі көрсетілмесе лизинг келісімі жасалмаған болып саналады. Бұл кезде лизинг келісімінің мерзімі лизинг затының толық немесе жарты құнының амортизация мерзімінен кем болмауы тиіс.

Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг алушыға бекітім-міндеттемесі бар хатты, кол қойылған келісімнің жалпы шартының көшірмесін, оған жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді. Бұл құжатты фирма-жабдықтаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі. Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны жабдықтаушыға жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату-сатып алу туралы келісім (3-қосымша) және жабдыққа жіктелім құрастыруды (2-қосымша) қолдануы мүмкін.

Жабдықтаушы жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді және қызмет объектісін жүргізеді. Жұмыс аяқталуымен жабдықты нақты жеткізгенін дәлелдейтін қабылдау жөніндегі хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі хаттамаға лизингтік қызметке қатысушылардың қолы қойылады және лизинг алушы қызмет объектісінің құнын төлейді.

Лизинг беруші келесі жағдайларда лизинг келісімін бұзуды және лизинг алушы есебінен лизинг затын қайтаруды талап ете алады:

- егер лизинг алушы лизинг затын айтарлықтай нашар ұстаса;

- егер лизинг алушы лизинг затын лизинг келісімшарттарын бұзып пайдаланса немесе лизинг берушінің жазбаша ескертулерін тыңдамай, лизинг затын басқаша пайдаланса;

- егер лизинг алушы екі немесе одан да көп рет қатарынан, келісіммен белгіленген мерзімде лизинг келісімі бойынша төлемді енгізбесе.

Лизинг алушы лизинг келісімін бұзуды немесе лизинг беруші есебінен лизинг затын қайтарып алуын келесі жағдайларда талап ете алады:

- лизинг беруші лизинг затын жеткізбесе немесе лизинг затын келісімшартқа сәйкес қолдануға кедергі жасаса;

- егер жолданған лизинг затында лизинг келісімінде көрсетілмеген кедергілер болса;

- егер лизинг беруші лизинг затын жеткізу мерзімдерін бұзса. Егер лизинг алушымен жасалған лизинг келісімінің шарттары бұзылса, лизинг беруші «Лизинг туралы» заңның 11-бабына сәйкес, лизинг алушыдан келісілген өлшемде айыпақы (өсімақы, тұрақсыздықтар) төлеуін қарастыра алады.

Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісімі жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады, егер лизинг заты толық амортизацияланса, онда лизинг алушы аталған лизинг затын қабылдап-өткізу актісі бойынша өткізеді, ал егер лизинг заты толық амортизацияланбаса онда қалдық құн сомасына келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

негізгі құрал-жабдықтар».

Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушының лизинг берушіге қалдық құнды қайтаруы лизинг келісім-шартымен реттеледі. Бұл кезде лизинг алушыға лизинг затының кұнын негізгі құралдар құрамына есептеуде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:


  1. Коммерциялық банктердің сенімгерлік операцяилар есебі

Сенімгерлік (трастталық) операциялардың мәні клиенттердің банктерге өз мүліктерін бұдан былай оларға иелік етуден (өз атынан немесе оған иелік етуші атынан) пайда алу мақсатында өткізуі, ол үшін банк коммисия түрінде белгілі бір ақы алады.

Сенімгерлік қызметтер (ағылшын тілінен trust-сенім) ежелгі кезден бері дамып келе жатқан операциялардың бірі. Ежелгі Египетте сенімділік меншік қатынастарының болғандығын дәлелдейтін әр түрлі құжаттар бар.

Тарихқа кез жіберетін болсақ, сенімгерліктің дамуы ең алдымен меншік жүйесінің дамуымен, содан кейін меншік иесінің құқын дербестендірумен байланысты. Алғашқы траст - бұл мұраға қалдырылған мүлікті басқару. Меншік нысанының дамуы мен күрделенуіне байланысты мүлікке қамқорлық ету, өсиетке қалдыру және басқару тәртібі күрделенді. Байлықтың даму нысаны бойынша қамқоршылар алдында тек капиталдың материалдық, заттық элементтерін сақтап қана қою емес, сонымен қатар байлықтың бір нысанын жойып, оларды жаңарту және қаржылық мүлікті басқару мәселесі де тұрады.

Қаржылық нарықтардың, соның ішінде қаржылық құралдардың алуан түрлерінің көбеюі мен санының өсуі кезінде жеке тұлғалар мен компаниялар бос ақша қаражаттарын басқару мәселелеріне душар болды. Осыған байланысты клиенттер қоржынын сенімді басқаруға жіберу кең етек алды.

Көптеген елдерде сенімгерлік операцияларымен жеке тұлғалар, сақтандыру компаниялары және арнайы сенімгерлік компаниялары айналысты, дегенмен XIX ғасырдың аяғынан бастап сенімгерлік іс коммерциялық банктердің қолында шоғырлана бастады. Негізінен бұл коммерциялық банктердің қолындағы ірі капитал сомасын жинақтау бәсекесімен, сондай-ақ кейбір елдерде коммерциялық банктер үшін жеке бағалы қағаздарға инвестиция салуға заңды шектеулер қойылумен байланысты еді. Қазіргі жағдайда сенімді тұлға жеке фирма немесе жеке тұлға болса да, операциялардың барлығын агент ретінде қызмет ететін банк жүргізеді.

Өзінің дамуында сенімгерлік операцияларын жүргізу жүйесі елдің заңдылықтарының өзгеруіне (оның ішінде салық саясаты аясында), сондай-ақ экономиканың даму, ірі қаржы корпорацияларының алға шығу, монополиялардың пайда болу салдарына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Сенімгерлік басқаруға

берілетін траст объектілерінің, яғни мүліктердің тізімі үнемі толықтырылып отырылады. Қазіргі уақытта траст объектілеріне ақша қаражаттарын, валюталарды, бағалы қағаздарды, үлестік жарналарды, фирманың жарғылық капиталын, жерді, қозғалмайтын мүлікті, мүліктік кешендерді (кәсіпорындарды және тағы басқаларды), сондай-ақ материалдық емес активтерді жатқызуға болады.

Коммерциялық банктер сенімгерлік операциялардың арқасында төмендегілерге қол жеткізе алады:

• банк тиімді орналастыра алатын қосымша қаржылық ресурстарға қол жеткізу.

• басқаратын бағалы қағаздардан пайда үлесін немесе траст келісімі бойынша комиссиялық ақыны алады;

• басқа біреудің капиталын реттей отырып, банк тек траст келісімі шегінде ғана жауапкершілікте болады;

• сенімгерлік операцияларының есебі банктің баланстық шоттарына әсерін тигізбейді, ал табыс оларды жүзеге асыру барысында банктің жиынтық табысына қосылады.

Сонымен қатар сенімгерлік операцияларды жүзеге асыру қыз-меткерлердің жан-жақты жоғары біліктілігін, әсіресе зандылықтарды, меншікті басқаруда, инвестициялық басқаруда дағдыларды білуін талап етеді.

Сенімгерлікке байланысты катынастар оиың құрылтайшысы мен сенімгерлік иесінін арасында бекітілстін келісімшарт негізінде пайда болады (қосымша). Келісімшартта жақтардың құқтары мен міндеттері көрсетілуі қажет. Бұл қаражаттарды сенімді орналастыру туралы келісімшарт сенімді басқару бойынша операцияларды жүргізу үшін негіз болып табылады. Осының өзінде клиенттер шотынан шегерістер тек басқарушы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрі көрсетілген төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі.



Өсиетхат бойынша құрылған траст - өсиетхаттық деп аталады. Мұндай трастар сенім көрсетуші қайтыс болғаннан кейін күшіне енеді. Жеке тұлғалар өмірлік сенім қорын құруы мүмкін, олар иесі тірі кезде қызмет етеді. Өсиетхатпен қалдырылған сенімгерлік қорын әдетте құрылтайшылар сенім қоры түрінде бенефициарларға активтерді бөлу кезінде құрады. Өмірлік сенім қоры иелерін салық төлеуден босату немесе мүлікті басқарумен байланысты инвестициялар бойынша күнделікті шешім қабылдау үшін активтерді меншіктену құқын беру кезінде кұрылады. Банк қамқоршылық қызметтерді атқаруы мүмкін.

Қызметкерлердің сенімгерлік қызметтерінің бір түрі жеке агенттік шоттарды жүргізу болып табылады. Негізгі активтерді, қаржылық істерді басқару, күнделікті шығындарды жүзеге асыру бойынша жеке тұлға банкпен келісімшарт жасауы мүмкін. Принципал (жеке тұлға) банкті агент ретінде жалақы, пайыздар, дивидендтер, жал төлемін, қарыз бойынша төлем жүргізуге, қалыптасу жағдайына қарай жеке шығындарды төлеуге уәкілдік береді. Кейбір жағдайларда банк қызметкерлері дискрециялық құқыққа ие, яғни лауазымды адамның қайсібір мәселені өз қалауынша шешуі. Осындай қатынастар басқару құқы бар сенімгерлік шот деп аталады. Егер бұндай құқықтар банкке ұсынылмаса, онда сенімгерлік қор бөлімінің қызметкері әрбір мәмілені жүргізуге рұқсат алулары қажет. Дегенмен барлық жағдайларда банк барлық жасалған мәмілелер туралы жеке тұлғаға хабарлап отыруы керек.

Коммерциялық ұйымдарға сенімгерлік қызмет көрсетуді екі тұрге бөліп қарастыруга болады: агенттік және қамқоршылық. Банктердің сенімгерлік бөлімдері іскери фирмалардың агенттері ретінде қызмет атқарады. Бұл қызметте коммерциялық клиенгтердің мүддесіне байланысты бағалы қағаздарды шығару, дивидендтерді төлеу және акционерлердің талабы мен мерзімі өткен бағалы қағаздарды өтеу бойынша оларды қайта қаржыландыру жұмыстарын қамтиды. Қамкоршылық операциялар ірі компаниялардың қамтамасыз етілмеген кепілхаттары сатылатын коммерциялық қағаздар нарығында қызмет етумен байланысты. Банктердің сенімгерлік бөлімдері коммерциялық қағаздарды сатып алудың есебін жүргізеді, инвесторларға өткізілетін барлық бағалы қағаздардың инвесторларға жеткізілуін қадағалайды және өтеу мерзімі өтіп кеткен бағалы қағаздар бойынша төлемдер жүргізеді. Олардың эмитенттері банктен кепілдеме хаттар алады, яғни бұл жағдайда инвесторлар қарыздық міндеттемені эмитент төлей алмаған жағдайда да банк төлейтіндігіне сенімді болады.

Дүниежүзінде зейнетақы, корпорациялық және үкімет қорлары жататын коммерциялық емес ұйымдар үшін бәсеке шиеленісуде. Банктердің сенімгерлік бөлімдері аталған ұйымдарға агенттік қызметтерді көрсетуге тырысады. Бұл қызметтер өз кезегінде тікелей және дискрециялық болып бөлінеді.

Сенімгерлік қызметтің орталық бағыты - банк клиенттерінің бағалы қағаздар қоржынын басқару болып табылады. Ірі компаниялар, мысалы, зейнетақы қорлары банк басқаруы үшін жинақталған қаржылырын сеніп тапсырады. Банкирлер сенімділік, әр-тараптандыру, қайтарымдылық, табыстылық және өтімділік принциптерін сақтауы керек.

Инвестициялық қоржындарды жоспарлау әдістемесі инвести-циялардың осы принциптерге сәйкес нормативтерін белгілейді. Мысалы, бұл көрсеткіштің деңгейі 45 пайызға тең болуы керек. Ол төмендегі жолмен анықталады:



£ жекелеген салымдар х тәуекелдік коэффициенті (9)

£ зейнетақы активтері


Жоғарыда аталғандай, сенімгерлік операцияларын банктің арнайы бөлімдері жүргізеді. Сонымен қатар несиелендірумен, депозиттерді және тағы басқаларды тартумен айналысатын банк бөлімшелері сенімгерлік бөлімшеден бөлек жұмыс істейді. Батыстың көптеген банкирлері сенімгерлік бөлімдерді «Басқа бір дүниенің бөлігі деп атайды». Бұның барлығы сенімгерлік қызметтерді банк ісінен болу мақсатын көздейді. Сенімгерлік бөлімнің қызметкерлері банктің емес, клиенттің мүддесін қорғайтын болғандықтан, көп жағдайда клиент пен банктің мүдделері сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан сенімгерлік бөлімнің жұмысы несиелік және инвестициялық қызметтерінен бөлініп тасталған.

Сенімгерлік бөлімдер өзінің қызметімен банкке қосымша табыс әкеледі. Сенімгерлік қызметтерді көрсеткені үшін банктер пайыздық ұқсастық болып табылмайтын комиссиялық сыйақы алады. Дәстүрлі банктік және сенімгерлік операциялар арасындагы негізгі айырмашылық осы болып табылады.

Бәрімізге белгілі, Қазақстанда 1998 жылдың 1 каңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы қорынан басқа мемлекеттік емес зейнетақы қорлары құрыла бастады. Сондықтан коммерциялық банктердегі сенімгерлік қызметтердің даму келешегінің көбеюіне әкелді. Одан да басқа қазақстандық банкирлер клиенттердің активтерін басқаруға байланысты басқалай операцияларды да қолына алуы мүмкін.
Трасталық қызмет, есепте шартты міндеттеме ретінде қарас-тырылады.

Банктің есеп саясатында сенімгерлік бөлімше (департамент) сенімгерлік активтерін сақтау үшін жауапкершілікті өз мойына алады, олар банк активтері болып табылмайды және сол ретте банктің қаржылық есептілігіне енгізілмейді. Әдетте, трастың бөлек қолма-қол шоттары талап етілгенге дейінгі депозит және мерзімді депозит түрінде банкке салынады. Сенімгерлік қызмет үшін сыйақыға жататын табыстар мен шығындар банк табысында танылып және есепке алу негізінде жазылады. Есептегі сенімгерлік қызмет шартты міндеттемелер ретінде қарастырылады.

Сенімгерлік қызметіндегі «актив» және «міндеттеме» терминдері әр түрлі болып аныкталады. «Активтер» басқа тұлғалардың меншігін білдіреді, ал «міндеттемелер» шоттар типтерін бөлу кезінде, қолма-қол, негізгі қарыз немесе табыс ретінде активтер класының бір бөлігі болып табылады.


  1. Факторигтік операциялар есебі

Егер де кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі жинақталып. сол кезде қолма-қол ақшаға қажеттілік пайда болса, онда бұл кәсіпорын өзінің қаржылық қызметін жақсарту мақсатында коммерциялық банктерден не болмаса мамандандырылған факторингтік компаниялардан көмек сұрауларына болады.

Факторинг дегеніміз не?



Факторинг — коммерциялық несие шартына сәйкес факторингтік компанияның тауарлар мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болатын төленбеген борыштық талаптарды қайта табыстау.

Факторингтік қызметтерді коммерциялық банктер немесе мамандандырылған факторингтік компаниялар ұсынады. Коммерциялық банктер бұл қызметті 90-жылдардың басынан атқара бастады. Және факторингтік операцияларды жүзеге асыру, банктерде арнайы құрылған бөлімшелерге жүктелді. Сонымен қатар аталған салада тәжірибенің жоқтығы және дүниежүзілік тәжірибені сипаттайтын анықтамалық және ғылыми әдебиеттердің болмауы, факторингті енгізуде көптеген қиындықтармен қатар бұл ұғымды дұрыс түсінбеуге әкеледі.

Факторингті кысқа мерзімді несиелендіру мен делдалдық ком-мерциялық қызметтердің айрықша түрі ретінде түсінуге болады: Басқаша айтқанда, өзінің клиентінің борышкерлерінен ақшалай қаражаттарын өндіру және борышты басқару жөніндегі арнайы мекеменің қызметі. Кәсіпорынның дебиторлық берешегін накты есепке алу қаржылық менеджерге күмәнді қарыздарды өтеуге арналған тәуекел қорын қалыптастыруға көмектеседі. Қаржылық менеджер сонымен қатар фактор-банктан сатып алушының төлем қабілеттігі жайында акпарат алуы мүмкін.

Жеке құқықтық Халықаралық институтымен 1988 жылы қабылданған халықаралық факторинг туралы конвенцияда – операцияны факторинг деп тану үшін кемінде 4 нышанның екеуін қанағаттандыру қажет:

- борыштық талаптарды алдын ала төлеу нысанында несиелеудің болуы;

- жабдықтаушының бухгалтерлік есебін жүргізу;

- борышты инкассолау;

- жабдықтаушыны несиелік тәуекелден сақтандыру.


Шетелде факторингтік компаниялар факторингтен басқа да сервистік кызметтің келесі түрлерін ұсынады: кәсіпорын-клиент үшін бухгалтерлік есепті қою, дебеттік бухгалтерия, аудит жүргізу, әр түрлі статистиканы даярлау (ақпар, шолу). Одан басқа олар соңгы кездері сыртқы саудаға да қызмет етеді. Оны несиелеу барысында төлем мерзімі 30 күннен 120 күнге дейінгі шетел сатып алушыларына қатысты экспортшының талаптары сатып алынады. Жабдықтау құнының 80 пайызы тез арада бірден төленсе, қалған сомасы экспорттық түсім ақшаға тәуелсіз белгіленген мерзімде төленеді.

Факторингтің негізгі артықшылықтары неде?

Біріншіден, клиенггің төлем қабілеттігімен байланысты тәуекелді төмендететін төлем мерзімін қысқартуға мүмкіңдік береді, сонымен қатар кәсіпорынның айналымын жылдамдатады.

Екіншіден, факторинг өздерінің клиенттерінің толем қабілеітілігін тексеру және талаптарга қатысты бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі еңбексыйымдылығы жұмысты азайтуға мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді шешуді фактор-фирма (банк) өз мойнына алады.

Үшіншіден, ірі коммерциялық банктер иеленген фактор-фирмалар шоттарды уақытында төлеткізеді. Банктер әр түрлі фирмалардың қаржылық жағдайы туралы ақпаратпен алмасып тұратыны белгілі. Факторингті пайдалану кезінде төлем мерзімі бұзылган жағдайда кәсіпорынның іскерлік репутациясына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бірақ барлык кэсіпорындар бірдей факторингтік қызметтерді қолдана алмайды. Факторинггік кызметтер дебиторлары көп кәсіпорындарға, тар маманданған кәсіпорындарға, сатудан кейін қызмет көрсету шартында өнімдерін өткізетін кәсіпорындарға, клиенттерімен ұзақ мерзімді шартқа (контрактіге) отыратын және белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін шотты ұсынатын кәсіпорындарға көрсетілмейді.

Факторингтік қызметтер қаржыландыру жәнс қаржыландырусыз ұсынылуы мүмкін. Бірінші жағдайда, факторингтік компанияға шот-фактураны сатқан клиент соңғыдан төлем мерзімі келген уақытта ғана шот- фактура сомасын ала алады. Екінші жағдайда, клиент тауарлар үшін алдын ала көрсетілген төлем мерзіміне байланыссыз шот-фактураны төлеуін талап ете алады. Сонымен қатар факторингтік компания өз клиентіне несие береді, яғни жеткізілген тауарларға алдын ала төлем жүргізу түрінде қаржыландыруды жүзеге асырады. Осындай жолмен факторингтік компания клиентке шот-фактурада көрсетілген соманың көп белігін қайтарады. Қалған соманы сатушы тауар үшін төлем мерзімі келген кезде міндетті түрде алады.

Ережеге сәйкес факторингтік операцияларға үш жақ катысады: фякторингтік компания немесе банктің факторингтік бөлімі -оз клиенттерінен шот-фактураларды сатып алатын маманданған мекеме; клиент (тауар жабдықтаушысы, кредитор) - факторингтік компаниямен келісімшартқа отырған өнеркәсіптік немесе тауарлык фирма; кәсіпорьш (карыздар) - тауарды сатып алушы фирма.

Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде факторингтік ком-паниялар ірі банктердін жанындағы еншілес фирмалар ұсынады. Бұл факторингтік операциялардың ірі ақша қаражаттарын тартуды талап етуімен байланысты. Олар бұны жеңілдікпен несиелендіру шартына сәйкес бас банктен алады. Факторингтік компаниялардың меншікті қаражаттары олардың барлық ресурстарынын 30 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ерекше бөлімінің 729 «Ақшалай талаптарға (факторингке) шегінім негізінде қаржыландыру шарты» бабына сәйкес Ақшалай талапты беріп каржыландыру шарты бойынша бір тарап (қаржы агенті) ақшаны басқа тараптың (клиенттің) билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борыщқормен) қатынастарынан туындайтын, яғни ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.

Банктік тәжірибеде факторинг — бұл дебиторлық борышты табыстау орнына банктің клиентке көрсеткен қаржылық кызметі. Бұл қызметтің мәні келесіде - банк клиенттен карызды кайтару құкын алып және оған борышкерлердің талабын бөліп төлейді, яғни борышкерлерге олардың төлем мерзімі басталғанға дейін қарыздын 70-90 пайызын қайтарады. Сыйақыны шегергеннен кейінгі соманың қалған бөлігі қарызды толық өтегеннен кейін барып қайтарылады. Нәтижесінде банк клиентіне қарызды тезірск қайтарып алуға мүмкіндік туады, сол үшін банкке комиссия телейді.

Коммерциялық банктің факторингтік бөлімі мен операцияларды жүзеге асыру бойынша жабдықтаушының арақатынастары келісім-шартпен реттеледі (1-қосымша). Айта кететін жәйт, дәстүрі нысандағы факторингтік мәміле тек жабдықтаушыға ғана қызмет көрсетеді. Компания келісімшартка отырмас бұрын әлеуетті клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын,1 қызмет көрсету аясын, еткізетін өнім түрлерін, нарық конъюнктурасын зерттеп оқиды. Сонымен қатар талдау жүргізу үшін кәсіпорынның сонғы жылдардағы балансы мен қаржылық нәтижелері туралы есептері де талап етіледі. Негізгі назарды кәсіпорынның клиенттер санына және тұрақты немесе кездейсоқ сипатта болуы мүмкін іскерлік байланыстарына аудару қажет. Бұндай талдау 1-2 аптаға созылалы. Одан кейін компания қызмет көрсетуге келіседі немесе бас тартады.

Егер кәсіпорын факторингтік компанияның клиенті болса, онда ол сатып алушыларға қойылған барлық шот-фактураларды компанияға бағыттайды. Ол оны талдағаннан кейін барып, сатып алушылардың төлем қабілетін анықтайды. Клиент әрбір құжат бойынша төлеуге келісімін алуы тиіс. Оған 24 сағаттан 2-3 күнге дейін уақыт беріледі.

Факторингтік келісімшартта операциялар бойынша шекті сома және факторингтік белімнің төлемді жабдықтаушының пайдасына жүзеге асыруы тиіс жағдайларын анықтау әдісі; факторингтің ашық (дебитор бөлімшенің мәмілеге қатысу туралы хабардар) не жабық (дебитор мәміленің бар не жоғы туралы хабардар етілмейді); қажет жағдайда кері талап (регресс) құқы, яғни талапты кері қайта табыстау (жабдықтаушыға қайтару) қарастырылады.

Төлеушінің өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайында келісімшартта регресс құқы ескерілетін болса, онда факторинггік бөлімге өткізілген төлем тапсырмасы жабдықтаушының өзіне қайтарылады. Дегенмен, төлеушінің төлеуге кабілетсіздігі немесе даулы тартыстардың пайда болу сәттері ең аз мөлшерде кездесетіндіктен, әлемдік тәжірибеде регресс құқы қарастырылған келісімшарт өте сирек жағдайда кездеседі. Көбінесе регресс құқысыз мәмілелер жасалынады: банктің факторингтік бөлімі төлемеу тәуекелін өз мойнына алады.
1 - төлем мерзімі көрсетілген шот-фактураны сатып алушыға өнімді жөнелту және жіберу;

2 - жабдықтаушы шот-фактураның көшірмесін фактор- фирмаға ұсынады;

3 - шот фактураны төлеу (шот сомасының 80 пайызын);

4 - сатып алушы төлем мерзімі келген кезде жабдықтаушының шоты бойынша төлемді төлеу туралы тапсырмасын өз банкісіне береді;


5 - шотты төлеу және ақшаны фактор-фирманың шотына

аудару;


6 - фактор фирманың жабдықтаушымен түпкілікті есеп айы-

рысуы.


Факторинг бойынша мәмілеге отыру барысында ең негізгісі міндеттеменің есебі мен шекті соманың есеп айырысу әдісін алдын ала анықтау. Әлемдік тәжірибеде шекті соманы анықтаудың үш әдісі бар:

1. Жалпы лимитті анықтау. Әрбір төлеушіге оған қайта табысталатын төлем тапсырмаларын факторингтік бөлімнің автоматты түрде төлеуінің шегінде жаңарып отыратын лимит бекітіледі. Егер жабдықтаушы алдындағы төлеушінің қарызы белгіленген сомадан асатын болса, онда факторингтік келісімшарттын ережесіне сәйкес сатып алушының жабдықтаушы алдындағы борышты өтеуге арналған барлық төлемдер төлеушінің дәрменсіз жағдайында бірінші кезекте факторингтік бөлімге (жабдықтаушы мүддесіне жасалған төлемдердің орнын толтырғанша), одан соң барып жабдықтаушының шотына түсе бастайды.

2. Жөнелтудің айлық лимитін анықтау. Мұнда бір төлеушіге бір ай шеңберінде жөнелтілетін тауарлар сомасының мөлшері белгіленеді. Егер жабдықтаушы ол сомадан аспайтын болса, онда ол күмән қарыздың пайда болу тәуекелінен сақтандырылады. Кейде ол айға емес, аптаға да белгіленуі мүмкін.

3. Жекелей мерзім бойынша сақтандыру. Аталған әдіс өндірістік және өткізу қызметінің өзіңдік ерекшелігіне байланысты, яғни бұл жерде сатушының белгілі бір тұлғаларға ғана емес тауарларды жекелеген сатып алушыларға қосады, яғни ірі сомаға «бірлік» мәмілелер жасалады. Ондай жағдайда шекті сома әрбір тапсырыстың толық құны болып табылады.

Факторингтік қызмет көрсетудің бағасы қызмет түріне, клиенттің қаржылық жағдайына, борыштық талаптардың сапасына және операциялар көлеміне байланысты. Әлемдік тәжірибеде ол екі элементтен құралады: комиссиялық және құжаттарға алдын ала төлем жүргізу кезінде өндірілетін пайыздар. Комиссия шот-фактураның сомасынан пайыз мөлшерінде белгіленеді (әдетте 1,5-2,5 пайыз мөлшерінде). Мәміле көлемінің өсуіне сәйкес сома да өсіп отырады. Алдын ала төлем түріндегі несие үшін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы мөлшерлемеден 1-2 пайызға жоғары болады (қысқа мерзімді несие нарығы). Факторинг кұнының жоғары болуына қарамастан клиентура үшін айтарлықтай артықшылықтары бар: капитал айналымын жылдамдату, сатып алушылар жағынан тәлемеу тәуекелінің жойылуы; баланс кұрылымының жақсаруы; айналыс шығындарын азайту.

Шаруашылық тәжірибесі керсеткендей факторингтік қызмет көрсету әсіресе шағын және орта кәсіпорындар үшін тиімді болып келеді. Факторинг шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылығы мен қызметкерлеріне өндірістік мәселелерге шоғырлануға және пайданы жоғарылатуға, төлемдердің көп бөлігін алуды жеделдетуге, борышты толық толеуді кепілдеуге, шоттарды жүргізу бойынша шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді.

Қазіргі таңда біздің ақша нарығымыздағы факторинг позициясы біртіндеп түрақтанды. Дегенмен, ол әзірде банктік операция ретінде дамуда. Республикамызда орта және шағын кәсіпорындардың құрылуы мен дамуы ынталандыратындықтан, факторингтің болашақта кең етек алады деген үміт бар.

Факторингтік қарыздар баланстық операция болып табылады. Осындай жолмен құрылған табыс




  1. Форфейтингтік операциялардың экономикалық мазмұны жэне оның есебі

15.11.99 жылғы Ұлттық банк басқармасыныц №396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен вексельдерді есепке алу Ережесіне сәйкес, форфейтинг - клиентке (индоссантқа) регресс құқысыз вексель сомасын төлеумен банктің индоссамент бойынша қабылдағаи (сатып алған) векселі. Банктер форфейтингтік операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен форфейтингтік операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейін ғана жүзеге асыруға құқылы. Форфейтингті жүзеге асыру барысында банк вексель сомасынан дисконт құнын ұстап калуға құқылы.

Форфейтингілеу - төлемеу кезінде экспортшыға (форфейтиске) регресс құқын есептемей форфейтермен (коммерциялық банк немесе қаржыландыру бойынша маманданған компания) экспорттық талаптарды сатып алуды сипаттайтын халықаралық сауданы қаржыландырудың балама жолдарыньщ бірі.

Оның дамуының маңызды алғы шарттары халықаралық инте-грацияны күшейту, банктердің бәсекелестік қабілетін өсіру, экспорттық саудаға мемлекеттік шектеулерді алып тастау, экспортшыға қатысты тәуекелдерді өсіру жатады.

Сонымен, форфейтинг - несие берушіден жай және аудармалы вексель секілді айналым құжатында орын алатын борышты сатып алу. Борышкер

қанағаттандырмаған жағдайда борышты сатып алушының (форфейтер)

кредиторға регресс талабына жүгіну құқы-

нан бас тарту жәйлі міндеттемені өз мойнына алады. Айналым міндеттемесін сатып алу жеңілдікпен жүргізіледі.

Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Ол экспортты несиелендіруі нашар дамыған мемлекеттерде жақсы дамыды. Алғашқы кезде форфейтингілеуді коммерциялық банктер жүргізді, бірақ форфейтингтік операциялардың көлемі өскен сайын коммерциялық банктердің еншілес бөлімшелері болып табылатын арнайы маманданған институттар құрыла бастады.

Қазіргі таңда жаңа банктік технологияны игерген «Сити банк» көптеген еуропалық елдердің экспортын қаржыландыратындықтан, Лопдон форфейтингтің негізгі орталықтарының бірі болып табылады. Форфейтингтік бизнестің біршама бөлігі Швейцария мен Германияда шоғырланған.

Форфейтингтің әрекет етуінің алгоритмі келесідей. Негізгі құ-ралдардың экспорты сатып алуды каржыландыру үшін орта мерзімді несие алғысы келетін шетел сатып алушысын іздейді. Сатып алушы белгілі бір соманы келісілген 3 жылдан 5 жылға дейінгі кезең ішінде тұрақты жарналар негізінде төлеуге өзінін келісімін беруі керек. Себебі, әдетте бұл жарналар форфейтингтің шарты болып табылады. Одан соң барып сатып алушы жай вексельдерді жазып беруі не болмаса аудармалы вексельдерді акцептеуі мүмкін. Егер де сатып алушыда жақсы несиелік беделді болатын болса, экспортшы вексельді кепілдеуді талап етпейді. Дегенмен, сатып алушы вексельдің авалін асыруын кепілдейтін банкті яьтабуы қажет. Ал, экспортшы форфейтер болғысы келетін банкті іздеп табуы қажет. Осымен бірге банк аваль жүргізгісі келетін банктің қаржылык жағдайымен, сатып алушынын несиелік кабілетімен және репутациясымен, несиенің берілу мерзімі мен сомасы туралы ақпараттарды сұрастырып біледі.

Форфейтинг орта мерзімді жай және аудармалы вексельдердің есебімен тығыз байланыста болады. Вексельдердін есебі тұрақты мөлшерлеме бойынша жүргізіледі. Экспортшы тауарды жеткізгеннен кейін, жай вексельдерді немесе авальмен аудармалы вексельдерді алғаннан кейін форфейтерге сатады.

Форфейтердіц комиссиясы экспортшы мен форфейтер арасында бөлінеді және келесілерді жабуы тиіс:

а) қаражаттарды қамтамасыз ету құны;

э) пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне катысты сақтандыру;

б) жоғары аудармалы тәуекелі бар валютаны сақтандырудың құны;

в) форфейтер пайдасы.

Форфейтингілеу мәмілелері неміс маркаларында, швейцар фран-кідерінде немесе доллар валюталарында жасалады, себебі басқадай

Форфейтингтің факторингтен айырмашылыгы, ол тауарлары мен қызметіне ақшалай каражатты өндіріп алуда алып-сату құқығына байланысты бір-ақ рет орындалатын операция болып табылады. Форфейтингтік операциялар факторингтік операциялар сияқты бухгал- герлік есепте есепке алынуы мүмкін.

Банк клиентпен соңғысынан 100 ақшалай бірлік вексель бойынша талап құкын сатып алу жөнінде мәмілеге отырады. Дисконт сомасы 20 мын теңгені құрайды және банк клиенттен операцияны жүргізгені үшін 3 мың теңге мөлшерінде комиссиялық ақыны есептеп алады. Банк клиентінің өнімдерді сатушының форфейтинг туралы келісімінен жасалған күннен.

Өтелетін вексельдердің бланктерін есептен шығару жүргізілгенде

7339 «Әр түрлі кұндылықтар мен құжаттар» меморандум шоты бойынша «Шығыс» жазбасы жүзеге асады.

валюталарды қолдану барысында форфейтер қайта қаржыландырумен байланысты қиындыққа кезігуі мүмкін.

Лизингке қарағанда форфейтинг жай құжаттық рәсімдеуімен ажыратылады. Сонымен қатар лизинг мәмілесінде экспортшы атынан қаржылық компания шықса, онда ол экспортшыға регресс құқын сақтауды міндетті түрде талап етеді, ал форфейтингілеуді қолданғандағы пайда болатын барлық тәуекелдерді форфейтер өз мойнына толық алады.

Бул, экспортерге деген регресс құқын қаржылық үйлер өздеріне қалдыратын, факторингке де қатысты.

Құжат айналымының қарапайымдылығы және экспортты тәуекелден босату форфейтингті несиелендірудің айналымы бойынша басқалардан тиімді ажыратады.



жүктеу 4,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау