1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 4,26 Mb.
бет10/15
Дата22.05.2018
өлшемі4,26 Mb.
#16265
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бақылау сұрақтары:

1. Валюталық операциялар түрлеріне сипаттама беріңіз.

2. СВОП және Опцион операциялар есебі неде?

3. СПОТ және Форвард операцияларының есебіне сипаттама беріңіз

4. Қолма-қол ақшаны шығыс кассасынан беру есебінің тәртібі анықтаңыз

5. Қолма-қол ақшаны кіріс кассасына қабылдау және оны есепте бейнелеу

6. Кіріс және шығыс операциялары бойынша қүжат айналымы
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

  2. Закон Республики Казахстан от 24 декабря 1996 г. № 54-1 "О валютном регулировании" с учетом изменений и дополнений

  3. Правила ведения кассовых операций в банках второго уровня РК от 03.03.2001



  1. Тақырып. Банктің бағалы кағаздарымен жүргізілетін операциялар есебі




  1. Бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын банк операцияларының негізгі
    түрлері.

  2. Банк портфеліндегі бағалы қағаздар есебінің тәртібі.

  3. Қайта қаржыландыру операциясы, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер
    (МҚМ), МЕККАМ, МЕОКАМ операциялар есебі.


1. Бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын банк операцияларының негізгі
түрлері.

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның конституциясына негізделген және Қ.Р. Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р. заңынан және басқа Қ.Р. нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда занда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.



Бағалы қағаздар бекітілгсн нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып оны ұсынған кезде ғана жүзеге асуы мүмкін болатын мүліктік құқықты куәландыратын құжат.

Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік дәрежесі нысанындағы мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы корпорациялармен мемлекет облигациялары, сетификаттары, қарыздық қатынасты куәландыратын ақшалық кұжаттарды білдіреді.

Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куә-ландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты роль атқарады.

Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талаптар көрсетілетін құжаттар.

Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсінудің маңызды сәті — олардың табыс әкелуі болып табылады. Иелері үшін олар капитал болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.

Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін багалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.

Бағалы қағаздар өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болатын ерекше тауар ретінде өмір сүреді. Алайда бағалы кағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар — бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады, нарық кеп жағдайда еркін және тез қол жеткізілетін құнды қағаздарды бір тұлғадан екінші тұлғаға берумен сипатталады.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты техникалық циклдардың жоғары деңгейдегі толықтылығы мен аяқталғандылығы болатын күрделі ұйымдық және экономикалық жүйе болып табылады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардыц атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға - бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға - бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың нарықтағы арақатынасы әсер етеді.

Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгі онда көрсетілген мүліктік құқықты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Бағалы кағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.

Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.



Бағалы қағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы кағаздар түрлерінің жіктелуі — бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге болу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі болуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің кұрамына кіреді. Мысалы, акция - бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа болінеді.

1- сынып - негізгі;

2- сынып - туынды.



Негізгі бағалы қағаздар - қандай да болса бір активке (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) мүлік құқығы жататын бағалы қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

«Қазақстан Республикасыңдағы бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы кағаздар - басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің қүнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар — бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар, оны сатып ала отырып иесі, белгілі бір мерзімде кәсіпкерлік табыс алуға деген құқығын жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.

«Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғам туралы» Заң негізінде акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының немесе қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықтарға сәйкес варранттарды да шығаруға құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.

Варрант акционерлік қоғам шығаратын және варрантта бекітілген баға бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылады. Қоғам акция және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға кұқы бар. Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығарғаннан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді. Варанттар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздардың сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның болашақтағы бағалы қағаздар эмиссиясымен шығаруға құқы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.

Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықпен реттеледі.

Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар жатады. Депозитарийлік колхат — бұл шетел эмитентінің бағалы қағаздар бойынша шығарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаз. Бұл инвесторлардың шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу қажеттілігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты. Депозитарийлік қолхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:

• американдық (АDR);

• ғаламдық (GDR);

• халықаралық (IDR).

АDR АҚІІІ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал GDR американдық нарықтан басқа бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен бірге эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді. Әдетте американдық банктер эмитенттерге акциялары қор нарығында бағаланатын елдерде кастодиандық қызмет көрсетуді ұсынады. Осы Атаулы ие депозиттеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарылады. Америка Құрама Штатында осындай депозитарийлік қолхаттың біршама ірі депозитарийлік эмитент-банктері «City Bank New York», «The Bank of New York», «Morgan Bank» болып табылады. Ғаламдық депозитарийлік қолхаттар тіркелуі, шығарылуы мүмкін, олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады, сонымен қатар олар АҚШ-тың негізгі қор биржаларында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады. GDR-ді шығарғанға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШ-та ADR шығаруы тиіс, одан кейін Батыс Еуропада осы екі нарыққа шығарудың алғашқы қадамы ретінде IDR шығаруы керек.

Ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығару, бүкіләлемдік эмис-сияны жақсы бағдарлап отырудың, потенциалды акционерлердің көбеюімен, өтімділіктің жоғарлауымен ұтады.

Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:

• акциялар

• депозиттік сертификаттар;

• облигациялар;

• бағалы қағаздардың басқа түрлері.

Акция - бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатысқандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз.

Акциямен келесідей кұқықтар байланысты:

- белгілі жағдайда пайдаға қатысу (дивидентке құқық);

- акционердің жалпы жиналысына қатысу;

- акционердің жалпы жиналысында дауыс беру қүқығы;

- капиталдың көбеюі кезінде жаңа акцияларды алуға артықшылық құқыгы.

Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың жай акцияны ұстаушыға қарағанда біршама артықшылыгы бар.

Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп карастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі.

Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі «Банктің меншікті қаражат есебі» тарауында қарастырылған.

Банктік сертификаттар - ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда белгіленген салым мерзімі аяқталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға, ал жинақтық -жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып беруге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.

Депозиттік сертификат бойынша пайыз түріндегі алынған табыстар белгіленген тәртіпте осы табыс көзіне салық салынады. Банктердің ҚР Ұлттық банк лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құралы бола алмайды. Ол кепіл заты, сатып алу-сату объектісі бола алады. Сертификаттарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысуларды қолма-қол және қолма-қолсыз түрде заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Депозитті талап ету мерзімі келгенде банк серти-фикатты иемденушінің алғашқы талабы бойынша сертификатты ұсыну кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс бойынша жүзеге асырылады:

• жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы;

• салымның басқа түрлеріне қолма-қолсыз аударымдар;

• қолма-қол ақша.

1996 жылы 19 қыркүйектегі «ҚР депозиттік (банктік) сертифи-каттардың шығарылуы мен айналымының» жалпы Ережесіне сәйкес сертификаттар тек мерзімді болуы мүмкін. Төленуге ұсынылған сертификаттар уақытында өтелмеген болса, банк депозиторға айыппұл төлейді, олардың көлемі мен төлену тәртібі эмитент-банктің бақылау кеңесі бекітетін сертификаттардың шығарылуы, айналуы мен өтелуі Шартында көрсетілуі қажет. Сертификат эмитент-банктің орналасқан жерінен басқа да жерлердегі банк атынан операцияларды жүзеге асыра алатын кез келген бөлімшесінде өтелуі мүмкін. Банк пайыздарды төлеудің келесі жағдайларын қарастыра алады:

• сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанға дейін жиі;

• сертификатты өтеу күнінде.

Банктік сертификаттык міндетті деректемелері келесілер болып табылады:

- «депозиттік сертификат» атауы;

- депозитті енгізу күні;

- сертификатты өтеу күні;

- депозит сомасы;

- эмитент-банктің депозит сомасы және ол бойынша тиісті пайызды қайтару туралы міндеттемесі;

- депозит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме;

- тиесілі пайыз сомасы, эмитент-банктің атауы және орналасқан жері;

- депозитордың аты-жөні, орналасқан жері;

- эмитент-банктің сертификаты уақытында өтеу туралы міндетін орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы;

- банк мөрімен бекітілген, эмитент-банктің екі уәкілетті тұлға-ларының қолдары.

Сертификат бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп танытады. Сертификаттар бланкісі қатаң есептілік бланкі болып табылады және банктегі бухгалтерлік есептің шоттар Жоспарына сәйкес баланстан тыс шотта есептеледі. Депозиттік сертификаттар бланкісі ақша қоймаларында немесе өртенбейтін шкафтарда сақталады. Шығару жағдайында сертификаттарды тиімді орналастыруды қамтамасыз ету үшін, сертификаттардың айналымы мен өтелуі кезінде келесі сәттер ескерілуі мүмкін:

- жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі;

- шығарудың стандартты шарттары (эмиссия және өтеу күні, қысқа номинал);

- номиналды төлеу және пайыздарды есеитеу кепілі.

Қазақстан Республикасыньщ Азаматтық кодексіне сәйкес облигация



- бұл облигацияның немесе басқа да мүліктік баламаның онда көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы тұлғадан оны ұстаушының иемденуге қүқын растайтын бағалы қағаз. Облигация оны ұстаушыға облигацияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді. Облигация келесі іргелі қасиеттерге ие:

- бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;

-акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін бағалы қағаз);

- пайыздарды төлеу кезінде акция (дивиденд төлеумен салыс-тырғанда) және басқа да міндеттемелерді қанағаттандыру (қоғамды жою кезінде) алдында жоғары;

- эмитентті басқаруды қатысуға құқық бермейді.

Облигацияларды шығару тәртібі:

- Эмитент қосымша қорларды тарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шығаруға құқығы бар. Бірақ, жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;

- Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек;

- Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құрал болып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады (материалдық емес активтер қамтамасыз ету қызметін атқармайды);

- Олигацияны шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүмкін;

- Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;

- Облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржылық жағдайына қарамастан, белгіленген уақытта төленуі тиіс.



Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купондық парақ беріледі. Купон - бұл онда купондық мөлшерлеменің цифрлары көрсетілген қиынды талон. Облигацияның нарықтық және атаулы құны болады. Облигацияньщ атаулы құны облигация бетінде белгіленіп және карызға беріліп, облигациялық қарыз мезгілі аяқталғаи бойдан кайтарылуға тиіс сома көрсетіледі. Атаулы құнға карағанда төмен бағамен сатылатын облигациялар дисконтпен сатылған деп аталады. Егер оны жоғары бағамен сататын болса, сатушы сыйақы алады. Эмиссиялау және өтеуге дейінгі аралықта облигациялар нарықта белгіленген баға бойынша сатылады және сатып алынады. Оныц номиналына байланысты пайызбен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады. Бағалы қағаздардың тұрақты пайыздык табысы келесі формула аркылы табылады:
(12)

Табыс арнайы айналатын тираждағы ұтыс немесе купонды төлеу жолымен беріледі.

Облигацияны айналысқа шығару бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықта белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Облигацияны мемлекет, акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар бір жылдан кем емес уақытқа шығара алады. Қоғам, мезгіл сайын облигацияның атаулы кұнынан пайыз түрінде табыс төленетін, купонды облигациялар және өтеу кезінде сатып алу құнымен номиналды кұнының арасындағы айырмасы ретінде өтеуден түскен табыс төленетін дисконтты облигация шығарады. Қоғам келесідей облигациялар шығаруға құқығы бар:

- белгілі бір мүлік кепілімен қамтылған;

- үшінші жақтың кепілдігімен камтылған;

- зацды тәртіпте камтамасыз етілмеген.

Эмитентіне байланысты мынадай түрлері бар:

- мемлекеттік;

- муниципалды;

- корпорациялық:

- шетелдік.

Номиналды өтеу әдісі бойынша:

- бір жолғы төлем;

- уақыт бойынша бөлу;

- жалпы облигация колемінің тіркелген үлесін біртіндеп өтеу.

Төлеу түріне байланысты:

- тек пайыздар;

- нөлдік купон;

- атаулы құн және жиынтық табыс.

- атаулы құн;

- кезендік тіркелген табыс және атаулы құн;

Купонды телеу әдісі бойынша:

- тұрақты купондық молшерлеме;

- қалқымалы купондық мөлшерлеме;

- біркелкі өсетін купондық мелшерлеме (индекстелетін);

- ең төмен немесе нөлдік купон;

- таңдап төлеу;

- аралас түрде.

Банктер облигацияларды және бағалы қағаздардың басқа да түрлерін эмиссиялау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінде бағалы қағаздардың эмиссия анықтамалығының сараптамасынан өтулері қажет. Сараптаудан өту процедурасы 19.1. тарауында «Банктің меншікті капиталы және оның қызметі» жан-жақты айтылған.

Бағалы қағаздарды шығару екі жақ үшін де тиімді, біріншіден, банк бағалы қағаздарды онда көрсетілген мерзімде өтейді, ол банк үшін ақша қаражаттарын өзінің жобаларына салуға мүмкіндік береді. Сатып алушы-клиент үшін тиімділік бағалы қағаздарды қажет уақытында есептелген пайызды жоғалтпай сатуында.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын опе-рациялар көлемінін ішінде негізгі үлесті мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері алып отыр. Мемлекеттік бағалы кағаздар - бұл эмитенті мемлекет болып табылатын, мемлекеттің ішкі қарыз нысаны, қарыздық бағалы қағаздар.

Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы кағаздармен жүргізілетін операцияның ішінде ең көп қолданылатын түрі Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу-сату операциялары болыи табылады.

Банктер «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде өздері тартқан ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестицияланған заңды тұлға — инвестициялық инвестор болып табылады. Банктер делдалдық операцияларды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша Ұлттық комиссиядан рұқсат қағаз алған кезде «Банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес және Ұлттық банк келісімі бойынша жүзеге асырады.

Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында заңды рұқсат етілген келесідей қызмет түрлерін атқарады:

- брокерлік және делдалдық қызмет;

- инвестициялар мен қорларды басқару;

- бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға есеп айырысу

қызметін көрсету;

- кастодиондық қызмет;

- тізілімді жүргізу және депозитарийлік қызмет көрсету;

- кеңес берушілік қызмет және т.б.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес брокерлік қызмет сыйақы келісімшарты негізінде клиент қызығушылығының тапсырысы бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді жүргізеді.

Делдалдық қызмет өз атынан бағалы қағаздармен және өз есебіне пайда табу мақсатында мәміле жүргізу тұжырымын жасайды.

Кастодиондық қызмет - клиенттердің сенімді бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарын сақтау және есепке алу бойынша қызметтерді жүргізу.

Қаржылық активтерге капиталды қаржыландырумен байланысты сұрақтар бойынша көрсетілетін консультациялық қызметтер коммер-циялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы жаңа қызмет түрі болып орын алды. Көрсетілетін консультациялық қызметтер табыстар мен әр түрлі активтер тәуекелділігінің арасындағы сәйкестікті терең талдауға, сатып алу және бағалы қағаздар портфелін олардың табыс серпіні есебімен қалыптастырудың алгоритмін клиенттер үшін кұруға мүмкіндік беретін банктердің ішкі ақпараттық жүйесіне сүйенеді.

Одан басқа банк делдалдық операцияларды жүргізе, алады. Банк комиссиялық кезеңде оның клиенті, мысалы, қандай да болса бір акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаздарды алғашқы орналастыруға қатысады. Банктің қатысуы екі жақтың құқықтары мен міндеттемелері берілетін эмиссиялық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Банк тек бағалы қағаздар эмитентімен ғана емес, сонымен бірге оларды сатып алушы немесе сатушымен әріптестік қарым-қатынаста

болады. Бұл кезде екі жақ келісімшарт жасасады. Онда банк тапсырыс берушінің келесі қызмет түрлерін орындауға міндеттенеді:

- сатуға ұсынылатын бағалы қағаздарға өтініш бойынша

бағалау жүргізу;

- оның атына және оның есебіне бағалы қағаздарды сатып алу;

- бағалы қағаздарды орналастыру;

- бағалы қағаздар нарығындағы мәміле, бағам туралы хабарлау;

- бағалы қағаздар нарығында бірлестік әрекеттерін жүргізу;

- бағалы қағаздар нарығындағы операциялармен байланысты кез келген сұрақтар бойынша кеңес беру.

Сонымен қатар коммерциялық банктер қарыз алушыдан бағалы қағаздарды берілген қысқа мерзімді несие бойынша кепіл ретінде қабылдауы мүмкін. Кепілзат құны атаулы құн бойынша емес нарықтық бағам бойынша бағаланады. Бұл кепілзаттың қарастырылатын түрінің айрықшалығымен түсіндіріледі: осы бағалы қағаздардың нарықтық бағамы түскен кезде бірден кұнсыздануы мүмкін. Кепілзаттың өзіндік ерекшелігі қарыз алушының жауапкершілігі кепілзат құнымен жойылмай, оның барлық мүлкіне таратылатындығымен тұжырымдалады. Тек осындай тәсілдеме кепілзат қабылдай отырып, несие беру кезінде банктің коммерциялық қызығушылығын қорғайды.


2. Банк портфеліндегі бағалы қағаздар есебінің тәртібі.

Банк қоржынындағы бағалы қағаздар операцияларының есебі

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей отырып, салымдарды әртараптандыру қағидасын ұстану қажет: инвестордың қаржы активінің сан алуандығына қол жеткізу. Бұл салымдардың жоғалу тәуекелін кеміту үшін қажет. Мысалы инвестор өзінің барлық ақшасын бір компанияның акциясына салды. Бұл жағдайда ол акция бағамының нарықтық өзгеруіне толығымен тәуелді болады. Егер қаражаттарын бірнеше компаниялардың акцияларына салатын болса, онда инвестордың табысы кейбір орташаланған акция бағамының өзгеруіне тәуелді болады. Егер де әртараптандыру қағидасын ұстанатын болса, онда ол міндетті түрде инвестициялық (қор) коржын деп аталатын оған тиісті әр түрлі бағалы қағаздар жиынтығымен байланысты болады.

Инвестициялау қоржынының объектісіне әр түрлі бағалы қағаздар жатады: акция, облигация, бағалы қағаздардың туынды түрлері. Қоржын бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржын құрамына байланысты ол табыс немесе зиян алып келуі мүмкін және әр түрлі тәуекел деңгейіне ие. Бағалы қағаздар қоржынына жататын тізбелер мен көлемдер қоржын құрылымы деп аталады. Өз кезегінде олар инвесторлар басқара алтын сипаттамалар жиынтығын ұсынады: бағалы қағаздар құрамында және көлеміне кіретін құрамды өзгерту.

«Қаржы құралдары: тану және бағалау» 39-ҚЕХС сәйкес ¥лттық банк бағалы қағаздарды есептеу бойынша ұсыныстар жасаған. Осыған сәйкес бағалы қағаздар қаржы активтері болып табылады және үш санатқа бөлінеді:



  1. сатуға арналған бағалы қағаздар - бұл делдалдың маржасы немесе қысқа мерзімді баға ауытқуы нәтижесінде табысты алу мақсатында алынған бағалы қағаздар. Егер де оларды сатып алу себептеріне байланыссыз, құрылымы нақты болашақта табыс алуға ұмтылуын білдіретін қоржынның бір бөлігі болып табылса, құнды қағаздарды саудаға арналған деп жіктеу керек.

2) Банк оларды өтеу мерзімі келгенге дейін ұстайды. Сатуға арналған қолда бар кұнды қағаздар, бұлар төмендегілерге жатпайтын кұнды қағаздар саудаға арналған кұнды қағаздар.

3) өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар — тұрақты немесе анықталган төлеммен байланысты қаржы активтері және өтеу мерзімі тұрақты болып табылатын бағалы қағаздар.

4) Капиталға салынғаң құнды қағаздар.

Сатуға арналған бағалы қағаздар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды ең алғаш тану кезінде нақты шығындар бойынша бағаланады. Мәміле жасау кезіндегі шығындар осы бағалы қағаздарды алғашқы тану кезіндегі кұнға жатқызылады.

Бағалы қағаздардың әділ құны бір немесе бірнеше жалпы жұрт қабылдаған әдіс көмегімен анықталуы мүмкін. Бағалау әдісі негізінде әділ құнын есептеу кезінде нарық қатысушылары пайдаланатын бастапқы деректер жатады. Сонымен қатар әділ кұнын есептеу кезінде әдістер мен бастапкы деректерді ашып қарастыру қажет.

Бағалы қағаздардың әділ құны мәміле құнына немесе басқа нарық бағасына байланысты. Егер нарықтық бағаны сенімділіктің жеткілікті деңгейімен анықтау мүмкін болмаса, онда әділдік құны барлық болашақ төлемдер немесе ақша түсімдері сомасы ретінде есептеледі. Сондай-ақ бағалы қағаздардың әділ құнын бағалаудың басқа да әдістері қолданылуы мүмкін, оның ішінде ағымдағы әділ құнын анықтаудың негізі оны жүргізу уакытынан бастап есептілік күніне дейін айтарлықтай экономикалық шартта өзгерістер болмаған кездегі ең соңғы мәміле бағасы болады.

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар ең алғаш тану кезінде оларды алуға жұмсалатын нақты шығындар бойынша бағаланады. Мәмілені жасау кезіндегі жұмсалған шығындар оларды алғаш тану кезіндегі бағалы қағаздар құнына енгізіледі. Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың кейінгі бағалануы пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін қолданумен амортизациялық шығын жүзеге асырылады, себебі бұл бағалы қағаздарға әділ құн бойынша бағалау қолданылмайды. Сатуға арналған және сатуға жарамды қағаздарды кейінгі бағалау әділ құн бойынша жүзеге асады. Осы бағалы қағаздардың әділ құнын қайта бағалау нәтижесі келесілерден байқалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша - табыстар мен шығыстар шотында;

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша - табыстар мен шығыстар шотында немесе осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен шығыстар шотына қайта бағалау нәтижелерін ауыстырумен байланысты капитал шотында. Сонымен қатар бұл банктің есеп саясатымен қарастырылуы қажет.Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша

қайта бағалау жүргізілмейді.

Шоттар жоспарының баланстық шотында көрсетілетін бағалы қағаздар операцияларының есебі «Бағалы қағаздар есебінің тәртібі туралы» Ережеге сәйкес фронт-офис активті операциялар бөлімінде және бэк-офис операцияларды есептеу және рәсімдеу бөлімінде жүргізіледі.

Бэк-офистің негізгі міндеттеріне келесілер жатады:

• активті операциялар бөлімінде бекітілген барлық мәмілелерді оперативті рәсімдеу, олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуі;

• әрбір операция бойынша барлық қажетті жолдамалы құжаттарды бақылау;

• бағалы қағаздар қоржынының, сонымен қатар бағалы қағаздар және инвесторлармен жасалған мәмілелер есебін жүзеге асыру;

• қаржы нарығында жүргізілетін операциялармен байланысты дербес шоттар бойынша қаражаттар қозғалысын бақылау және есептеу;

• Қазақстан Республикасы ¥лттық банкіне, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссияға, статистиканы қалалық басқару және басқа да бақылау органдарына уақытылы есеп ұсыну және дайыңдау.

Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бэк-офис келесідей қызметтерді атқарады:

• фронт-офис бекіткен барлық мәмілелер талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және рәсімдеу, банктегі және филиалдағы шетел валютасында жасалған операцияларға бухгалтерлік өткізбе жасау;

• бағалы қағаздар операциялары бойынша бухгалтерлік өткізбе жасау;

• банкаралық несие операциялары бойынша бухгалтерлік өткізбе жасау;

• валюталық нарық және бағалы қағаздар нарығындағы опера-цияларды есептеу үшін қажетті банктің дербес шоттарын ашу және енгізу;

• сәйкес журналдарда операциялар және ақша есебін жүргізу;

• мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша инвесторлардың «депо» шоттарын ашу, жүргізу және жабу;

• инвестормен ақшалай есеп айырысуды уакытылы жүргізу, журналда әрбір инвестордың ақшасына талдамалы есеп жүргізу;

•әрбір инвестордың мемлекеттік бағалы қағаздарына талдау-лық есеп жүргізу және инвесторларға мемлекеттік бағалы қағаздармен мәміле бойынша есеп берулерді, үзінді көшір-мелерді, куэліктерді беру;

кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу.

Фронт-офистің негізгі міндеттері:

•бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта және қаржы нарығының басқа да сегменттерінде операцияларды жүзеге асыру;

•қаржы нарығында қаражаггарды тарту және орналастыру;

•жоғары өтімді бағалы қағаздардың тиімді қоржынын қалыптастыру.

Фронт-офистің негізгі қызметтері:

•ҚР мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен операцияларын жүзеге асыру;

•банкаралық несие нарығында ұлттық және шетел валюта-сында операцияларды жүргізу;

•ішкі және сыртқы валюталық нарықта конверсиялық опера-цияларды жүргізу;

•банктің ақша қажеттілігія қамтамасыз ету;

•мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату бойынша клиент тапсырыеын қабылдау және орындау;

•банктің бос ресурстарыи Қазақстан Республикасының аук-ционында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаз-дардың екінші нарығьшда орналастыру;

•мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығында және банкаралық несие нарығында (БАН) банк қажеттілігі үшін қаражаттарды тартуды және орналастыруды жүзеге асыру; жоғары табысты және етімді бағалы қағаздар қоржынын құру және оны басқару;

•инвесторлармен, клиенттермен және қаржы нарығьшың басқа да контрагенттерімен терелік мәміле жасау;

•инвесторлармен, юшенттермен және қаржы нарығының бас-қа да контрагенттерімен фьючерстік мәміле жасау;

•мемлекетгік бағалы қағаздарды кепілге ала отырьш несиелеу;

•конъюктураны және әр түрлі қаржы нарығының табыстылығын талдау.

Банктің қазынашылық міндеттемелері мен басқа да жоғары өтімді мемлекеттік бағалы қағаздары өтімділікті демеу үшін Ұлттық банк ұсынатын ломбардты несиелерді қамтамасыз ете алады.


3. Қайта қаржыландыру операциясы, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер
(МҚМ), МЕККАМ, МЕОКАМ операциялар есебі.
Инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларының тағы бір тиімді түрі, мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу-сату келісімшартымен ресімделетін, мем-лекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді сатып алу-сату операциялары (МЕККАМ) больш табылады (2-қосымша).

МЕККАМ - мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндет-темелар. Ұкімет атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және орнатылған заңдылықтарға сәйкес Қазақстанның екінші бағалы қағаздар нарығында еркін айналысқа түседі. Материалдық емес нысанда мерзімі үш, алты, он екі айға шығарылады, қаржылық агентің депозитариндегі немесе алғашқы диллерлердің суб депозитариндегі оларды ұстаушылардың депошотына сәйкес жазуларды жүргізу жолымен орналастырылады және айналысқа түседі.

МЕККАМ мемлекеттік қысқа мерзімді казынашылық міндетте-мелерінің номиналдық құны - 100 теңге. МЕККАМ ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезиденттік занды және жеке тұлғалары болып табылды. МЕККАМ иелері оны кепілге беруге, РЕПО1 операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатып алуға және сатуға құқығы бар. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттерді есептеу, жүргізу және сақтау Ұлттық банктің депозитариінде және алғашқы диллердің суб депозитариінде, олардың инвесторларына тікелей тиеслі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық вексельдер бойынша депо шоты бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді (МҚМ) тарту көптеген факторлармен камтамасыз етіледі. Оның негізгілеріне төмендегілер жатады:

Сенімділіктің жоғары деңгейі. Эмитентті Қаржы министрлігі болып табылатын облигацияларды өтеу, мемлекет Үкіметімен кепілденеді. Сонымен қатар, осы қағаздардың қызмет еткен 1994ж сәуір айынан бастап Қаржы министрлігінің МҚМ өтемеуі болған емес. Алдындағы облигация сериясын өтеу бөлшектеніп немесе жаңа қарызды орналастыру есебінен толық жүзеге асырылады. Бірақ мемлекет үшін оң мезеті карызға қызмет көрсету Қаржы министрлігі үшін, инфлияцияыың жоғары темпінің арқасында арзанға түсетіндігінде болып табылады. Әрине, ішкі мемлекеттік қарыз - уақытша ысырылган эмиссия екенін ұмытпау керек. Бірақ, инвесторлардың көз қарасы бойынша бұл қағаздар тиімді болып табылады.

Абсолюттік өтімділік. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттер шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар арасында, Қазақстанның мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері жетекші орында келеді. Қазіргі уақыттағы олардың төмен инвестициялық тартылуына қарамастан, МҚМ нарығы шетелдік қаржыландыру аймағында зерттелініп отыр. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдың сәуірінен бастап қалыптасты. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Үкімет атынан 3 айлық айналым мерзімі бар дисконтталған кысқа мерзімді қазынашылық вексельдер шығарылды. 1995 жылдың мамыр айы мен тамыз айларының аралығында үш айлық МҚМ-ге сұраныс үсыныстан 4,8-5,4 есе көп болды. Осы жағдайға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айналысқа алты айлық МҚМ шығару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар 1996 жылы әр кезеңінде оларға деген сұраныс ұсынысған 4,5-3,5 есе кеп болды. Бұл жағдай айналым мерзімі ұзақырақ- 12 айлық мемлекеттік құнды қағаздардың көлемін арттыруға қажетті жағдай туғызуға мүмкіндік берді. Одан басқа республикалық бюджет тапшылығын жабу мақсатында 1996 жылдың қыркүйегінде Қазакстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағалы кағаздардың жаңа түрін - мемлекеттік ішкі қарыздың ұлттық жинақ облигацияларын (ҰЖО) шығарды. 1997 жылдың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы Қазақстанның қор нарығында басымдық жағдайға ие болды. 1997 жылдың маусымында айналым мерзімі 2 жылға тең алғашқы мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер - МЕОКАМ айналысқа шығарылады.

Осылайша, мемлекеттік құнды қағаздар нарығының қалыптасуының интенсивті үрдісі көрсетіп отырғандай, оған әлемдік нарықтың кәсіби мамандарының толықтай қатысуына мол мүмкіндіктер бар.



Мәмілені ресімдеудің қарапайымдылығы. Қорларды мемлекеттік қазынашылық облигацияларға ориаластыру кезінде қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың қажеттілігі жоқ, ал сол тәртіптің арқасында 2-3 жұмыс күні үнемделеді. Сондықтан бос активтерді қысқа мерзімге және қайтарылуынын жүз пайыз кепіл болуына МҚМ пайдаланған өте тиімді. Сонымен бірге міндеттемелер кейбір қысқа мерзімді қаржылық операцияларды хеджерлеу кұралы ретінде колданылуы мүмкін.

Салық жеңілдіктері. Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының танымал факторлардың бірі салық кодексіне сәйкес келетін, мемлекеттік бағалы қағаздармен тұрақты иайыздық мәмілелер, сонымен қатар олар бойынша табысқа салық салынбайды, тек Ұлттық жинақ және МҚМ коспағанда - орталық басқару органдары шығарған бағалы қағаздар козғалысы операциясын жүзеге асыру негізінде - олардың сатылу бағасынын әрбір мың тсңгінсн бір теңге мөлшерінде.

Қазіргі таңда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы белсенді түрде банкаралық несие нарығын шетке шығарып келе жатқанын айта кету керек. Ол нақты кредиторларга салық салынбаған пайыз алуга және мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, несиелеу кезінде өздерінің тәуекелдігін сактандыруга мүмкіндік береді.

Мемлекеттік казынашылық вексельдерді, Ұлттык банктегі міндетті резерв ретінде коммерциялык банктер орналастыратын қаржылар ретінде пайдалану мүмкіндігі, сол сияқты мемлекеттік казынашылық облигацияларды кепілдік ретінде немесе банктің корпоративті клиенттерінң операцияларына маржа түрінде енгізу мүмкіңдігі осы қүнды қағаздарға деген қызығушылықты айтарлықтай арттырар еді

Сонымен, МҚМ орта мерзімді инвестиция құралы ретінде каражаттарды тиімді орналастыру мүмкіндігін береді. Сонымен бірге, олардың табыстылығы каншалықты төмендесе де жоғары өтімді және жоғары сенімді бағалы қағаз ретіндегі сапасы болып қала береді. Көптеген банктер, қаржы компаниялары және коммерциялық кәсіпорындар мемлекеттік қазыналық облигацияларға үлкен кызығушылық танытады, сондықтан олардың көлемі өсуде. Қазақстандағы каржы кұралдарын объективті бағалай отырып, мемлекеттік қазыналық облигацияларға қолда бар өтімділікті ескере отырып табыс /тәуекел арақатынасына қарағанда нақты баламалар әзірше жоқ.

МҚМ-ді алғашқы орналастыруды эмитент тапсырысы бойынша, оның атынан олардың арасындағы бекітілген келісіміне сәйкес Ұлттық банк жүзеге асырылады. Егер коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алғысы келсе, онда ол ең алдымен өз клиенттерінің арызын жинап, содан кейін өз арыздарын тапсырады (3-қосымша).

Арызды алғаннан кейін Ұлттық банк коммерциялық банкке хабарлама жібереді (4-қосымша).

Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы орна-ластыруы келесі әдістер арқылы жүзеге асырылады:

• Бағаның әр түрлілігін қанағаттандырудың аукциондық әдісі дисконттық мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы орналастыру кезінде қолданылатын әдіс. Онда сұраныстарды қанағаттандыру жоғары дисконтты бағадан басталып, жарияланған эмиссия көлемі біткенде аяқталады. Сұранысты қанағаттандыру алғашқы дилердің өтінішінде көрсетілген дисконт есебінде жүзеге асады.

• Бірыңғай баға жағдайы бойынша аукциондық әдіс - екі және одан да көп айналым мерзімі бар пайыздық мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру кезінде қолданылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды осы әдіспен орналастырудың мақсаты қатысушылардың өтінішін аукцион шартына байланысты қабылдау, ал өтінішті қанағаттандыру жарияланған аукцион көлемі қарастырылып болған өтініште көрсетілген пайыздық шарт деңгейінде жүргізіледі, яғни өтініштер онда көрсетілген табыстылыққа байланыссыз бірыңғай бағалық шарт бойынша қанағаттандырылады.

Жазылу - орналасатын бағалы қағаз түрі бойынша эмитент белгілейтін сыйақы мөлшері қолданылатын және алғашқы дилерден жарияланған эмиссия көлеміне жеткенге дейінгі ұстауға берген өтініштері алынатын мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы орналастыру әдісі. Бұл әдістің мақсаты инвесторлар - жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарту болып табылады.

• Орналастырғанға дейінгі әдіс - орташа салмақтанған дисконт немесе бағалы қағаздардың осы түрі бойынша алғашқы орналастырудың сонғы жүргізілген жылдық пайыздық мелшерлемесіне байланысты қолданылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға сонымен қатар - МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕИКАМ, МБҚ, АВМЕКАМ, МЕКАВМ жатады.

МЕОКАМ - айналым мерзімі екі және үш жыл болатын мем-лекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелер. Үкімет атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарады және Қазақ-станның бағалы қағаздар нарығында заңдылықтарға сәйкес еркін айналыста жүреді. Олар материалдық емес нысанда шығарылып,

қаржы агентінің депозитарийінде және алғашқы делдалдардың қосалқы депозитарийінде олардың ұстаушылардың депо шоты бойынша сәйкес жазуларды енгізу арқылы орналастырылады және өтеледі. Олардың атаулы құны — 1000 теңге. Мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелерінің ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды және жеке тұлғалары бола алады. Қазыналық міндеттеме айналысы республикалық бюджетке ақша қаражаты түскеннен кейін депо шоты бойынша жазба жүргізу сәтінен басталады. МЕОКАМ ұстаушылары оларды кепілге беруге, РЕПО операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатуға және сатып алуға құқылы. МЕОКАМ есебі мен қозғалысы Ұлттық банк депозитарийіндегі депо шоты және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына қатысушы әрбір тұлға бойынша алғашқы делдалдардың қосалқы депозитарийінде жүзеге асырылады.



МЕАКАМ - айналым мерзімі 10 жыл болатын мемлекеттік арнайы қазынашылық міндеттеме. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қаржы министрлігі шығаратын және бағалы қағаздар нарығының заңдылықтарына сәйкес еркін айналыста болады. Арнайы қазынашылық міндеттемелер ЖАҚ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде» «депо» шотында жазба түрінде құжатсыз нысанда шығарылады. МЕАКАМ атаулы құны — 1000 теңге. МЕАКАМ ұстаушылары оларды кепілге беруге, РЕПО операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатуға және сатып алуға құқылы. Сонымен қатар инвестор сатып алу-сату, кепіл және РЕПО операциялары бойынша барлық операцияларды алғашқы делдал арқылы Орталық депозитарийге аудару жолымен рәсімдейді. МЕАКАМ-ді есепке алу, сақтау және ауыстыру Орталық депозитарий тәртібіне сәйкес «депо» шотында жүзеге асырылады.

МЕИКАМ - айналым мерзімі үш және одан көп ай болатын мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер. Үкімет атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ағымдағы республикалық бюджет тапшылығын каржыландыру мақсатында шығарады және заңдылықтарға сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында еркін айналысқа түсе алады. Индекстелген қазынашылық міндеттемелер құжатсыз нысанда шығарылады, оларды ұстаушылардың Орталық депозитарийінде және олардың инвесторлары бойынша алғашқы делдалдарда ашылатын «депо» шотындағы сәйкес жазбаларды енгізу арқылы орналастырылады және айналысқа түседі. Олардың атаулы құны - 1000 теңге. МЕИКАМ -ұстаушыларына Қазақстан Республикасының резидент және бейре-зидент заңды және жеке тұлғалары жатады. Индекстелген қазынашылық міндеттемелерге меншік құқығын есепке алу және орналастыру индекстелген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушы-лардың жазбаша және электронды тапсырысы негізінде сатып

алушы мен сатушының депо шотына сәйкес жазбаларды енгізу жолымен депозитарий арқылы жүзеге асырылады.



МБҚ — мемлекеттік бағалы қағаздар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ағымдағы айналым мерзімі 364 күн болатын материалдық емес тіркелген нысанда республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын каржыландыру мақсатында мерзімінен бұрын қайтару құқықсыз шығарады. Қаржы агентінің басты депозитарийінде «депо» шотындағы жазба арқылы орналастырылады. Ұлттық жинақ облигациялары Қазақстан Республикасы аумағында еркін айналыста болады және оны ұстаушылар Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды және жеке тұлғалары болып табылды.

АВМЕКАМ - айналым мерзімі 5 жыл, атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар. АВМЕКАМ-ді шығару зейнетақы активтерінің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларының теңгедегі мемлекеттік казынашылық міндеттемелері мен ұлттық жинақ облигацияларын айырбастау жолы арқылы жүзеге асырылады.
жүктеу 4,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау