1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 4,26 Mb.
бет11/15
Дата22.05.2018
өлшемі4,26 Mb.
#16265
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бақылау сұрақтары:

1. Банк портфеліндегі бағалы қағаздар есебіне сипаттама беріңіз

2. Банкпен шығарылған акциялар, депозиттік және жинақ сертификаттары, банкке түскен облигациялар бланкілерін кірістеу бойынша және оларға кеткен шығындары бойынша өткізбе қүрыңыздар

3. Проценттік депозит және жинақ сертификаттары бойынша процентттерді


есептеу бойынша өткізбе қүрыңыздар

4. Сақтауға қабылданған тапсырма бойынша сатып алынған бапғалы қағаздарды кірістер

5. Сауда нәтижелері бойынша банк портфеліндегі бағалы қағаздарды қайта бағалау бойынша өткізбе қүрыңыздар: баланстық қүнының өсуіне, баланстық қүнының кемуіне
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

  2. Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года № 461 "О рынке ценных бумаг" с учетом изменений и дополнений.



6 Тақырып. Банктің кастодиалдық қызметінің есебі


  1. Кастодиандық операциялар есебінің жүргізілу тәртібі

  2. Зейнетақы активтерінің есебі

  3. Коммерциялық банктердің жарналарына орналастырылған зейнетақы активтерімен байланысты операциялар және кері «РЕПО» операцияларының есебі


1 Кастодиандық операциялар есебінің жүргізілу тәртібі

«АТФБанк» Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиан қызметін жүзеге асырумен айналысады. Кастодиан қызметтерін көрсету – клиенттердің қаржылық құралдарын және қаражатын есептеу бойынша және олар бойынша құқықтарды растау, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер қабылдау арқылы клиенттердің құжаттамалық қаржылық құралдарын сақтау және Қазақстан Республикасының номративтік-құқықтық актілеріне сәйкес басқа да қызметтер сияқты бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет болып табылады. Егер клиент қаржылық қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында көрсететін болса, Кастодиан өзінің клиентіне аффилиирленген болмауы керек.

Банк- кастодиан үш жақты, клиентпен (Клиент) және бағалы қағаздар портфелінің басқарылуымен айналысатын ұйыммен,сонымен қатар Жинақтаушы Зейнетақы Қоры мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруымен айналысатын ұйыммен кастодиандық келісім шарттарға отырады. Жоғарада атап айтқандай, бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметпен айналысатын банк, сейфтік және кастодиандық қызметке лицензия негізінде жұмыс жасайды. Зейнетақы қоры, Сақтандыру компаниясы мен зейнетақы активтерін инвестициялылық басқарумен айналысатын және портфель мен кастодианға бақылау жүргізетін ұйым арасындағы үш жақты кастодиандық келісім шарт негізінде, соңғысы инвестициялық шот, зейнетақы төлемдері шоты мен қаржылық құралдар есебін жүргізетін шоттарын ашады.

АТФБанк» Акционерлік Қоғамы банк - кастодиан ретінде келесі әрекеттерді жүзеге асырады:



  1. ақша, эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиан қызметін көрсетуге берілген басқа да қаржылық құралдарға қатысты клиентке есепшоттар ашу;

  2. ақша, эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиан қызметін көрсетуге берілген басқа да қаржылық құралдарды есептеуді жүзеге асыру;

  3. клиенттердің эмиссиялық қағаздары бойынша мәмілелерді тіркеу мен аталған бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау;

  4. клиентке кастодиан қызметін көрсету бойынша шартпен қарастырылған басқа да қызметтер көрсету;

  5. жинақтаушы зейнеткерлік қорларының клиенттеріне зейнеткерлік активтерді орналастыру бойынша инвестициялық табысты есептеуді жүзеге асыру.

  6. зейнеткерлік қорлардың ағымдық есепшоттары бойынша кредиттік және дебеттік төлемдерді өңдеу.

  7. инвестициялық қордың акциялары немесе пайдларын орналастыру менс атып алуды бақылау.

  8. инвестициялық қор активтерінің бағасын, қозғалысын және құрамын есептеу, сонымен қатар келесі орналастыру немесе сатып алу барысында пайлар бағасын есептеуді жүзеге асыру.

  9. инвестициялық қор активтерінің бағасын, қозғалысын және құрамын кезеңдік, бірақ айына бір реттен сиретпей, салыстыруды жүзеге асырып отыру.

  10. инвестициялық қор активтерін есептеу мен сақтау бойынша кастодиан шартының әрекетін тоқтату барысында жаңа кастодианға инвестициялық қор активтерін және осы қор бойынша құжаттарды беру.

  11. инвестициялық қорды басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметіндегі анықталған кемшіліктер туралы жазбаша түрде өкілетті ұйымға олар табылған сәттің ертеңінен кешіктірмей хабарлауы қажет.

  12. инвестициялық портфелді басқару бойынша қызмет атқаруға пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның лицензиясын қайтарған жағдайда ашық немесе аралықты пайлық инвестициялық қордың жаңа басқарушы компаниясын таңдау немесе қорда бекітілген тәртіпте және шарттарда жабық пайлық инвестициялық қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыруды қамтамасыз ету немесе пайлық инвестициялық қордың жұмыс істеуін тоқтату.

Қаржылық құралдары есебі үшін шотқа аудару және еспетен шығару және бағалы қағаздардың сақталуы, тек Кастодианның міндеттері негізінде іске асырылады.

  • Кастодиандық қызмет көрсету үшін жіберілген ақша, клиенттің бағалы қағаздары мен басқа да қаржылық құралдар есебін жүргізі үшін шоттардың ашылуы;

  • Кастодиандық қызмет көрсетуге жіберілген ақша, клиенттің бағалы қағаздары мен басқа да қаржылық құралдар есебін қамтамасыз ету;

  • Бағалы қағаздарды номиналды ұстау функциясының жүргізілуі;

  • Кастодиандық қызмет көрсетуге жіберілген қаржылық құралдар мен бағалы қағаздармен жургізілген келісімдер бойынша төлем агенті функциясының орындалуы;

  • Клиенттердің бағалы қағаздар бойынша келісімдерінің және бағалы қағаздарға деген құқықтың расталуының тіркелуі:

  • Кастодиандық қызмет көрсетуге жіберілген клиенттердің бағалы қағаздары, ақша мен басқа да қаржылық құралдар бойынша табыстардың алынуы мен, клиеттің шотына аударылуы;

  • Эмитенттің тапсырысы бойынша клиентке ақпараттардың берілуі;

  • Клиентке кастодиандық келісім шартта көрсетілген басқа қызмет түрлерін көрсету;

  • Бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық құралдардың қағаз құжаттамаларында сақталуы.

Кастодиан инвестициялық зейнетақы шоттары мен сақтандыру компанияларының инвестициялық шоттарында ақша қозғалысы есебін басқа клиенттердің инвестициялық шоттарында жүргізеді; зейнетақы активтерінің қозғалысы мен басқа клиенттердің активтерінің қозғалысынан болатын операциялардың күнделікті есебімен камтамасыздандырады; ақшалардың шоттар бойынша қозғаласын Ұйым мен Клиентке ақпарат беріп отырады.

Құнды қағаздар мен басқа да құралдарға салынған зейнетақы активтерінің есебі, мемарандум шоттарында жүргізіледі. Өзге де клиенттердің қаржылық құралдарының есебі де мемарандум шоттарында жүргізіледі. Бағалы қағаздар есебі эмитент, валюта түрі ,айналым мерзімі бойынша жүргізіледі. Екінші деңгейлі банк салымдарында орнатылған зейнетақы активтерінің есебі мемарандум шоттарында көрініс табады. Екінші деңгейлі банк салымдарында орнатылған зейнетақы активтерінің аналитикалық есебі банктің кесінділерінде, валюта түрі мен айналым мерзімі.

Екінші деңгейлі банк салымдарына және бағалы қағаздарына орнатылған зейнетақы активтері бойынша сый -ақы күнделікті есептелініп отырылады.

Зейнетақы активтерінің есебінен болған бағалы қағаздардың әдәлетті құнының қайтабағалануы АҚ «Қазақстанның Қор Биржасының» ұсынылған котировкалары бойынша апта сайын жүргізіледі. Өзге де клиенттердің бағалы қағаздарының әдәлетті құнының қайтабағалануы жүргізілмейді және инвестициялық табыстың есептелінуі де қарастырылмайды.

Екінші деңгейлі банк салымдарына орнатылған зейнетақы мен басқа да клиенттердің активтері бойынша есеп анализы «Депозитарий» жүйе негізінде енгізілген ақпарат негізінде іске асады. Келісім жасасқан күнәі сол жүйеге келісім туралы ақпараттар енгізіледі: бағалы қағаздар бойынша операциялар (сату,сатып алу, РЕПО және КЕРІ Репо операциялары), бағалы қағаздың атауы, саны; шығару шартымен келіскен бағалы қағаздың бағасы, бағалы қағаз шығарылған шетел валютасының курсы; бағалы қағаздардың шығарылған датасы; өтелім датасы; шығарылым көлемі;салымдарға орналастыру операциялар бойынша (орналастыру банкі, депозит сомасы,өтелу датасы); эмитент туралы мәліметтер (аталуы, мемлекеттік тіркелім органы). Шетел валютасында номиналдалған бағалы қағаздаға күнделікті курстық айырма есептелінеді.

Банктің клиенті сатушы болып табылатын қорлық биржаның сауда алаңында автоматты тәсілмен «РЕПО» ашу операциясын өткізу барысында актив клиенттің жеке есепшотындағы «негізгі» тарауынан шығарылатын болады. Егер бір операциялық күннің ішінде Банк есептік институттан клиенттердің активін есептеу үшін ашылған Банктің есебінен активті шығару туралы есеп алынбаған жағдайда актив «негізгі» тарауынан шығарылып, «жол» тарауына жазылады. Есептік институттан алынған есепті алғаннан кейін актив «жол» тарауынан шығарылады.

Банктің клиенті сатушы болып табылатын қорлық биржаның сауда алаңында автоматты тәсілмен «РЕПО» жабу операциясын өткізу барысында актив клиенттің жеке есепшотындағы «негізгі» тарауына жазылатын болады. Егер бір операциялық күннің ішінде Банк есептік институттан клиенттердің активін есептеу үшін ашылған Банктің есебіне активті жазу туралы есеп алынбаған жағдайда актив «негізгі» тарауына жазылады. Есептік институттан алынған есепті алғаннан кейін актив «есептер» тарауынан есептен шығарылады да, «негізгі» тарауына жазылады.

Банктің клиенті сатып алушы болып табылатын қорлық биржаның сауда алаңында автоматты тәсілмен «РЕПО» ашу операциясын өткізу барысында актив клиенттің жеке есепшотындағы «РЕПО» тарауына жазылатын болады. Егер бір операциялық күннің ішінде Банк есептік институттан клиенттердің активін есептеу үшін ашылған Банктің есебіне активті жазу туралы есеп алынбаған жағдайда актив «есептер» тарауына жазылады. Есептік институттан алынған есепті алғаннан кейін актив «есептер» тарауынан есептен шығарылады да, «РЕПО» тарауына жазылады.

Банктің клиенті сатушы болып табылатын қорлық биржаның сауда алаңында автоматты тәсілмен «РЕПО» жабу операциясын өткізу барысында актив клиенттің жеке есепшотындағы «РЕПО» тарауынан шығарылатын болады. Егер бір операциялық күннің ішінде Банк есептік институттан клиенттердің активін есептеу үшін ашылған Банктің есебіне активті жазу туралы есеп алынбаған жағдайда актив «есептер» тарауына жазылады. Есептік институттан алынған есепті алғаннан кейін актив «есептер» тарауынан есептен шығарылады да, «РЕПО» тарауына жазылады.

Клиент автивтерді сатушы болып табылатын «РЕПО» жабу операциясын өткізу барысында немесе қорлық биржаның сауда алаңында клиент сатушы болып табылатын «РЕПО» жабу операциясын өткізу барысында мәміленің сомасын төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Банктің корреспонденттік есепшотындағы Орталық ақша депозитарийінен акцептсіз шығару жолымен жүзеге асырылады. Банктің қорлық биржасының сауда жүйесін растау жүйесіндегі мәмілені растауға дейін клиент РЕПО мәмілесінің сомасына Банктің корреспонденттік есепшотын толтыруға міндетті болып табылады.

Клиент автивтерді сатушы болып табылатын «РЕПО» жабу операциясын өткізу барысында немесе қорлық биржаның сауда алаңында клиент сатушы болып табылатын «РЕПО» ашу операциясын өткізу барысында мәміленің сомасын төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Банктің корреспонденттік есепшотындағы Орталық ақша депозитарийінен акцептсіз шығару жолымен жүзеге асырылады. Банктің қорлық биржасының сауда жүйесін растау жүйесіндегі мәмілені растауға дейін клиент РЕПО мәмілесінің сомасына Банктің корреспонденттік есепшотын толтыруға міндетті болып табылады.

Биржадан тыс нарықта клиент жасаған РЕПО мәмілелері бойынша, мәміленің сомасын төлеуді клиент өз бетімен мәміле бойынша контрсеріктестің ағымдық есепшотынан ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.

Банктің клиенті сатушы болып табылатын активті сатушы ретінде ұсынылатын «РЕПО» ашу операциясы бойынша мәміленің сомасы немесе Банктің клиенті сатып алушы болып табылатын активті сатушы ретінде ұсынылатын «РЕПО» ашу операциясы бойынша мәміленің сомасы клиенттің ағымдық есепшотына тікелей немесе Банк және Банктің клиенттерінің мәмілелері бойынша есептесу үшін ашылған Банктің транзиттік есепшотына түсе алады. Банктің транзиттік есепшотына ақша тсүкен жағдайда Банк клиентті ақша түсуі туралы ауызша хабардар етеді. Клиент өзінің ағымдық есепшотына ақша аударылуына еркін түрдегі бұйрық беруге міндетті болып табылады.

Операциялар осы Ережелерге №4 Қосымшасының формасы бойынша клиенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Клиенттің жеке есепшотындағы РЕПО тарауында орналасқан актив азаматтық-құқықтық мәмілелер объектісі бола алмайды.

«РЕПО» операциясының объектісі болып табылатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға құқы бар бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімі (облигациялар бойынша купондық сыйақы, акциялар бойынша дивидендтер) Орталық депозитарий ережелерінің Жиынтығының ережелеріне сәйкес жасалады.

Банк қолданып жүрген заң негізінде белгіленген мөлшерде қаржылық құралдар түрлері бойынша зейнетақы активтерін мақсатты түрде инвестициялануын қадағалайды.

Клиенттердің сақтауға берген ақшаларының есебі екінші кластағы баланстық инвестициялық шоттарында жүргізіледі. Кастодиан әр айдың соңында кастодиандық қызметі бойынша табыстардың есептелуін жүргізеді.

Сонымен қатар, әр айдың соңында Орталық Депозитарий және Кастодианмен көрсетілген қызметтер бойынша шығындардың есептелуі жүргізіледі.

Кастодиан Орталық Депозитарий және Кастодианмен бағалы қағаздарды сақтау мен оперцялар бойынша көрсетілген қызметтері үшін есептесулерін жүргізеді.

Сонымен қатар, Орталық Депозитарийден алынған шот-фактура мен Кастодиандағы ақша қаражаттардың қозғалысы бойынша шотардың көшірмесі негізінде, Банк Ұйым мен Клиентті көрсетілген қызметтердің құнын өтудің керектігін хабарлайды. Кастодиан өтеу сомасының Банкке нақты түскеннен кейін шоттардың үйлесімді реттелуін жүргізеді.

Банк кастодиан қызметін көрсетуге берілген клиент активтерімен операциялар, клиенттің тиісті бұйырығынсыз кез келген операцияларды жасауға құқығы жоқ болып табылады. Банк өзіне кастодиан қызметін көрсетуге берілген клиент активтерін өзінің мүдделерінде пайдалануға, оның ішінде өзінің міндеттемелері бойынша клиент активтерімен жауап беруге, кепілге беру, немесе аталған активтерге қатысты үшінші тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында басқа да іс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ болып табылады. Банк егер осы іс клиентке зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін немесе Банктің заңсыз баюына әкеліп соқтыратын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін клиенттің активтері туралы ақпаратты қандай да бір жағдайда пайдалануға құқығы жоқ болып табылады.

Клиенттің активтерімен операциялар сауда ұйымдастырушысы мен орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жасалған мәмілелерден басқа, клиенттің бұрығының негізінде жүзеге асырылады.

Банктік номиналды ұстаушысын есептеу жүйесінде жасалатын бағалы қағаздардың қазақстандық рыногында бағалы қағаздармен жасалатын операциялар клиенттен бұйрық қабылдау сәтінен бастап бір сағаттың ішінде орталық депозитарийге тиісті формадағы бұйрықты Банктің беруі жолымен орталық депозитарий есебінің жүйесінде немесе операция сауда ұйымдастырушысының сауда жүйесінде өткен жағдайда, сауда ұйымдастырушысы жұмысының регламентіне сәйкес орталық депозитарийге тиісті формадағы бұйрықты беру жолымен бағалы қағаздарымен жасалған операцияларды көрсетеді. Банктің номиналды ұстау жүйесінде жасалатын бағалы қағаздардың халықаралық рыногындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялар үлкен кастодианның формасында бекітілген бұйрық беру жолымен немесе факсимильді байланыс құралдарымен немесе SWIFT жүйесі арқылы үлкен кастодиан резидеттілік елінің заңнамасына және үлкен кастодиан елінің регламентіне сәйкес Банктің номиналды ұстауды есептеу жүйесінде жасалатын жүйеде көрінетін болады. Банк есеп алынған операциялық күннің ішінде үлкен кастодианнан операциялар ажсау туралы есеп алынғаннан кейін Банктің номиналды ұстау есебінің жүйесінде бағалы қағаздармен операцияларды көрсетеді.

Клиенттің активтерімен мәмілелер бойынша клиенттердің қаражатымен жасалатын операциялар банк-клиент жүйесі бойынша немесе курьерлермен берілген төлем тапсырмаларының түпнұсқалары негізінде жүзеге асырылады.

Клиенттің активтерімен жасалатын операциялар (бағалы қағаздар болып табылмайтын) Банктің клиентке ұсынатын аталмыш активпен мәміле жасау шартының көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда, клиенттің қаражатын пайдалану және оның активтерінің қолғалуын қамтамасыз ету мақсатында Банк клиенттен жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу бойынша мемлекеттік орталықтарынан растаушы құжаттар және басқа да құжаттарды, Банктің аффинирленген бағалы металдарды сатып алу/сату бойынша есептерін, Банктің депозиттер қабылдау бойынша есептерін, жасалағанм әміле туралы сауда ұйымдастырушының есептерін, есептік институттардың есептерін, трейд тикеттерді, брокердің есептерін, брокерге берілген бұйрықтарды, клиент активімен мәмілелер жасау бойынша бұйрықтар мен шарттарға қосымша мәміле бойынша және есептердің тәртібі туралы ақпаратты бөліктеп қарастыратын құжаттарды ұсынуды Банк талап ете алады, ал клиент ұсынуға міндетті болып табылады.
2 Зейнетақы активтерінің есебі

Банк-кастодиан зейнетақы активтерінің есебі мен сақталуы кастодиан шарттары мен өзгі ішкі құжаттарына сәйкес жүргізеді. Сонымен қатар, банкте Фондқа инвестициялық шот,зейнетақылық төлем шоты, қаржылық құралдардың есебі мен сақталу баланстан тыс шоттар ашылады.

Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген мөлшерде және түрлері бойынша Ұйым зейнетақы активтерін орнгаластырады. Сонымен қатар, Банк-кастодиан қаржылық құралдар бойынша орналастырылған зейнетақы активтерінің анықталған мөлшерде мақсатты түрде инвестициялануын бақылауын қамтамасыз етеді. Егер де сол талаптар орындалмайтын болса, Банк – кастодиан Қазақсатан Республикикасы заңына сәйкес берілген талаптарды орындамады деп саналады.

Зейнетақы салымдарының инвестициялық шоттарына түскен кезінде орындалатын бухгалтерлік жазба:

Дт 1050 «Банктің корреспонденциялық шоттары»

2013 «Басқа банктердің корреспонденциялық шоттары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары (инвестициялық шот)»

Жинақталған Зейнетақы төлемдерін төлеу, сонымен қатар бухгалтерлік жазбамен орындалатын басқа зейнетақы қорларына аударымдары:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары (инвестициялық шоттары)»

Кт 2203 «клиенттердің ағымдағы шоттары (төлем шоттары)»

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (төлем шоты)

Кт 2013 «Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары»

1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары»

Қордың шотына қателікпен келіп түскен түсімдерді банк-кастодиан бекітілген ережеге сәйкес берілген соманы қайтарады. Осы кезде мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:



  1. Егер берілген сома зейнетақы активтеріне қатысты болса:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (инвестициялық шот)

Кт: 2011 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары»

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (инвестициялық шот)

Кт 2013 «Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары» (жіберушінің шоты)

1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары» (жіберушінің шоты)



  1. Егер берілген сома зейнетақы сомасына қатысты болмаса:

Дт: 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (инвестициялық шот)

Кт: 2013 «Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары» (жіберушінің шоты)

1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары» (жіберушінің шоты)

Бағалы қағаздарға орналастырылған зейнетақы активтерінің есебі

Зейнетақы активтерін бағалы қағаздарға орналастыруды (ҚР мемлекеттік, ҚР корпоративті эмиссиялық, әлемдік қаржылық ұйымдар) Ұйым жүзеге асырады, ал Банк-кастодиан келісілген келісімшарттың ҚР заңына сәйкестігін тексереді. Заң бұзушылықтар болмаса және Қордың инвестициялық шотында ақша жеткілікті болса, мынадай жазба жазылады:

- Келісімшарт төлемінің сомасына:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (инвестициялық шот)

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Осымен қатар, баланстан тыс шоттарда мынадай жазулар жүргізіледі:

Алынған бағалы қағаздардың сомасына(сатып алу құны):

- ҚР қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу кезінде (МЕККАМ ҚР Қаржы Министрлігі )

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7401 «ҚР қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары»

-ҚР ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу кезінде (МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕИКАМ ҚР Қаржы министрлігі):

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7403 «ҚР ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары»

- Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу кезінде(акция, облигация бойынша бөлек шоттар ашылған):

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7404 «Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар»

- Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алғанда:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7405 «Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары»

Шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын сатып алғанда:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7407 «Өзге зейнетақы активтері»

және


Дт 7407 «Өзге зейнетақы активтері»

Кт 7407 «Келісімшарт төлемінің сомасына өзге зейнетақы активтері» (шетелдік кастодианнан инвестициялық шот бойынша ақшаның есебі)

Осыған байланысты, 7401-7407 баланстан тыс шоттарда бағалы қағаздар эмиссияланған шетелдік валютаның түрлері бойынша бөлек беттік шоттар ашылады.

Бағалы қағаздардың сатып алу құнына қатысты инвестициялық шот бойынша жасалған операцияларға алынған Брокердің, Биржаның және Банк-кастодианның комиссиялары, операция жасалған күні немесе келесі күні 7401-7407 баланстан тыс шоттарға есептеледі.

Мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7401-7407 (бағалы қағаздардың түріне байланысты)

- Егер сатып алынатын бағалы қағаздар купондық болса, онда келесідей бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7415 «Зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздар бойынша алғашқы ұстаушылар есептеген сый -ақылар»

-Купондық болып табылатын, бағалы қағаздарды сатқан күннен бастап, сый -ақы есептеледі және мынадай корреспонденттік жазу беріледі:

Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7408 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7409 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша зейнетақы активтеріне орналастырылған мемлекеттік емес облигациялар бойынша:

- Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7411 «Зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

-Шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7413 «Зейнетақы активтері орналастырылған қаржылық бойынша есептелінген сый -ақы»

Бағалы қағаздардың әділетті құны бойынша апта сайын қайта бағалай жүргізіледі.

Бағалы қағаздардың әділетті (ағымдағы) құны өскен жағдайда, сол өскен сомаға келесідей жазу беріледі:

-Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт: 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7401 «ҚР қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздары»

-ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7403 «ҚР ұзақ мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздары»

-Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7404 «Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар»

-Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7405 «Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары»

- Басқа да зейнетақы активтері бойынша (шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары):

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7407 «Өзге зейнетақы активтері»

Бағалы қағаздардың әділетті (ағымдағы) құны азайған жағдайда, сол азайған сомаға келесідей жазу беріледі:

- Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7401 «ҚР қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздары»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

- ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7403 «ҚР ұзақ мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздары»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7404 «Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

- Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары бойынша:

Дт 7405 «Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

- Басқа да зейнетақы активтері бойынша (шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары):

Дт 7407 «Өзге зейнетақы активтері»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Нарықтық аударымы жоқ бағалы қағаздар бойынша апта сайын дисконт есептеледі және мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:

- Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7408 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7409 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7410 «Қазақстан қор биржасының «А» категориялы ресми тізіміне қосылған зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сый -ақылар»

Басқа да зейнетақы активтері бойынша (шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары):

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7411 «Зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Құны валютамен көрсетілген бағалы қағаздар бойынша күн сайын қайта бағалай жүргізіледі. Оған мынадай проводкалер беріледі:

- Нарықтық валюта бағамы өскен жағдайда:

Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7401 «ҚР қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздары»

және купон мен дисконттың срмасына:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7408 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7403 «ҚР ұзақ мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздары»

және купон мен дисконттың сомасына:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7409 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7404 «Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар»

және купон мен дисконттың сомасына:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7410 «Қазақстан қор биржасының «А» категориялы ресми тізіміне қосылған зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сый -ақылар»

Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7411 «Зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Басқа да зейнетақы активтері бойынша (шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары):

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7407 «Өзге зейнетақы активтері»

және купон мен дисконттың сомасына:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7413 «Зейнетақы активтері орналастырылған қаржылық бойынша есептелінген сый-ақы»

Нарықтық бағам төмендеген жағдайда:

Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7401 «ҚР қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздары»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

және купон мен дисконттың сомасына:

Дт 7408 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт: 7999 «Транзиттік шот»

ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7403 «ҚР ұзақ мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздары»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

және купон мен дисконттың сомасына:

Дт 7409 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7404 «Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

және купон мен дисконттың сомасына:

Дт 7410 «Қазақстан қор биржасының «А» категориялы ресми тізіміне қосылған зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сый -ақылар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары бойынша:

Дт 7405 «Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

және купон мен дисконттың сомасына:

Дт 7411 «Зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Басқа да зейнетақы активтері бойынша (шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары):

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7407 «Өзге зейнетақы активтері»

және купон мен дисконттың сомасына:

Дт 7413 «Зейнетақы активтері орналастырылған қаржылық бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Банк-кастодианға бағалы қағаздар (купон немесе дивидендтер) бойынша сый -ақы түскенде, мынадай проводка беріледі:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Осымен бірге, сый -ақы шоттарында келесідей бухгалтерлік жазу жасалады:

Купондық сый -ақының сомасына:

-Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7408 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7410 «Қазақстан қор биржасының «А» категориялы ресми тізіміне қосылған зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сый -ақылар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

-Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары бойынша:

Дт 7411 «Зейнетақы активтері орналастырылған халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Басқа да зейнетақы активтері бойынша (шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары):

Дт 7413 «Зейнетақы активтері орналастырылған қаржылық бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Алғашқы ұстаушыларға төленген купондық сый -ақыны есептен шығарып отырады. Оған мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт 7415 «Зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздар бойынша алғашқы ұстаушылары есептеген сый -ақылар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Банк-кастодианға бағалы қағаздар (купон немесе дивидендтер) бойынша сый -ақы түскенде, мынадай проводка беріледі:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» (инвестициялық шот)

Осылармен бірге, баланстан тыс шотта мынадай бухгалтерлік жазулар беріледі:

Купондық сый -ақының сомасына:

Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7408 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7409 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7410 «Қазақстан қор биржасының «А» категориялы ресми тізіміне қосылған зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сый -ақылар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»


3 Коммерциялық банктердің жарналарына орналастырылған зейнетақы активтерімен байланысты операциялар және кері «РЕПО» операцияларының есебі

Банк салымдарына зейнетақы активтерін орналастыруды Ұйым жүзеге асырады, Банк-кастодиан отырылған келісімшарттың ҚР заңына сәйкестігін тексереді, заң бұзушылық болмаса, Қордың инвестициялық шотында ақша жеткілікті болса, мынадай бухгалтерлік жазу беріледі:

Банк салымдарына орналасқан зейнетақы активтерінің сомасына:ъ

Дт:2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Баланстан тыс шотта:

Салымның сомасына:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7406 «Басқа банктерге салынған салымдар»

Салым орналастырылған әрбір баланстан тыс шотта беттік шот ашылған. Салымдар бойынша сый -ақы күнделікті есептеледі.

Бухгалтерлік жазу:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7412 «Зейнетақы активтері орналастырылған басқа банктердегі салымдар бойынша есептелген сый -ақылар»

Берілген салым бойынша күнде қайта бағалау жүргізіледі:

Нарықтық курс өскен жағдайда:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7406 «Басқа банктерге салынған салымдар»

Нарықтық курс төмендесе:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7406 «Басқа банктерге салынған салымдар»

Депозитті өтеу кезінде және сый -ақы бойынша мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:

Депозит пен сый -ақының сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»(инвестициялық шот)

Баланстан тыс шотта, негізгі қарыздың сомасына:

Дт 7406 «Басқа банктерге салынған салымдар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Валюталық баланстан тыс шотта жасалған депозиттер мен валюталық бағалы қағаздардың аналитикалық есебімен, зейнетақы активтерінің есебі мен сақталуын айына бір рет өңдейді.

Зейнетақы активтері мен кері «Репо операциясы» келісімшартын Ұйым жүргізеді. Ал Банк-кастодиан клиенттің тапсырмасы мен мәліметтерінің негізінде Қордың инвестициялық шотындағы қолма-қол ақшаға «Репо операциясы» келісімшартын төлейді және мынадай проводка құралады:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»(инвестициялық шот)

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»


  1. «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

«Репо операциясы» келісімшартына арнайы ашылған баланстан тыс шоттарда мынадай бухгалтерлік жазу беріледі:

Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

«Репоны» ашқан сомаға:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7401 «ҚР қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша:

«Репоны» ашқан сомаға:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7404 «Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар»

«Репо операциясы» келісімшарты бойынша сый -ақы күнделікті есептеледі. Және мынадай жазу жазылады:

Қысқа мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7408 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Ұзақ мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7409 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7410 «Қазақстан қор биржасының «А» категориялы ресми тізіміне қосылған зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сый -ақылар»

Бағалы қағаздардың сатып алу құнына қатысты инвестициялық шот бойынша аудару операцияларына Брокердің, Биржаның және Банк-кастодианның комиссиялары операция жасалған күні 7401-7404 баланстан тыс шоттарға есептеледі.

Дт: 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7401-7404 (бағалы қағаздарды түріне байланысты)

«Репо операциясы» жабылғанда мынадай проводка беріледі:

- «Репо операциясы» келісімшартының жабылу сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»(инвестициялық шот)

Есептелген сый -ақының сомасына:

Дт 7408 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша есептелінген сый -ақы»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

ҚР ұзақ мерзімді мемелекеттік бағалы қағаздар:

Дт 7403 «ҚР ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Есептелген сый -ақының сомасына:

Дт 7409 «Зейнетақы активтері орналастырылған ҚР ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша есептелген сый -ақы»

Кт: 7999 «Транзиттік шот»

Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша:

Дт 7404 «Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне «А» санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»

Есептелген сый -ақының сомасына:

Дт 7410 «Қазақстан қор биржасының «А» категориялы ресми тізіміне қосылған зейнетақы активтері орналастырылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген сый -ақылар»

Кт 7999 «Транзиттік шот»



Банк-кастодианның шығындарын төлеу тәртібі.

АҚ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийдің» қызметін Қор, Ұйым немесе клиент қайтаратын Банк-кастодианның қаражаттары есебінен жүзеге асырады.

АҚ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарий» Банк-кастодианға ай сайын өздерінің қызметтерін төлеу бойынша шот-фактураны ұсынады. Осының негізінде Банк-кастодиан мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Кт 1051 «Банктің ҚР ҰБ корреспонденттік есепшоттар»

Бір уақытта Банк-кастодиан Қорға немесе Ұйымға, Клиентке шығындарды қайтару туралы хабарлама береді. Қор, Ұйым немесе Клиент шығындарды төлеген кезде, мынадай бухгалтерлік жазу жасалады:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

Банк-кастодиан комиссиялық шығындарды өтеуге алынған немесе төленген шоттар бойынша бақылау жүргізеді және келесідей проводка беріледі:

Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»



Банк-кастодианның кірісінің есепте көрсетілуі.

Банк-кастодианның қызметін төлеу кастодиандық келісімшарт қосымшасының негізінде жүргізіледі. Банк-кастодиан көрсеткен қызметі үшін ай сайын кірісті есептейді, мынадай жазу береді:

Дт 1819 «Өзге де есептелген комиссиялық кірістер»

Кт 4609 «Банктің кастодиандық қызметі бойынша комиссиялық кірістер»

Содан кейін, Қорға, Ұйымға және Клиентке есептелген кірістер сомасы бойынша шот-фактура ұсынады. Банк-кастодианның қызметін Қор, Ұйым және Клиент төлеген кезде, келесідей бухгалтерлік жазу беріледі:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1819 «Кастодиандық қызмет бойынша есептелген комиссиялық кірістер»

Шетелдік кастодианның шотына купондық сый -ақылар келіп түскен кезде, баланстан тыс шотта мынадай проводка жасалады:

Дт 7999 «Транзиттік шот»

Кт 7407 «Өзге зейнетақы активтері»

Бағалы қағаздарды сату кезінде мынадай бухгалтерлік жазу жазылады: Сату сомасына:

Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Бақылау сұрақтары:

1. Кастодиальдық қызметтің экономикалық мәні неде?

2. Зейнет —ақы активтері есебін сипаттама беріңіз
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

  2. Инструкция по ведению бухгалтерского учета доверительных операций и кастодиальной деятельности банками второго уровня Утверждена постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 134



7 Тақырып. Салым операцияларының есебі


  1. Банкгің салымдық операцияларына сипаттама және олардың маңызы.

  2. Коммерциялық банктің салым саясаты.

  3. Салымдарды сақтандыру қоры (ДСҚ) және ДСҚ байланысты операциялар
    есебі.

  4. Коммерциялық банктің салым операциялар есебі мен тәртібі.


    1. 1.Банктің салымдық операцияларына сипаттама және олардың маңызы.

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.

Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:

- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;

- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер (зайымдар;

- салымдық (депозитгік) операциялар.

Салымдық операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.

Салымдық операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаган депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:

- салымдық операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;

- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде салымдық операциялар субъектісініц әр түрлілігіне және салымдардың әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;

- салымдық операцияларды жүзеге асыру барысында осы және салымдық мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;

- салымдық операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік салымдарға ерекше назар аударған жөн;

- салымдық операцияларды ұйымдастыра отырып, банк салымдық шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;

- салымдарды тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн.

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін салымдар ақша қар-жыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың

тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады

Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:

- талап етілгенге дейінгі салымдар;

- жинақ салымдары;

- мерзімді салымдар;

- бағалы қағаздар.

Бірінші топ - талап етілгенге дейінгі салымдар, олар сондай-ақ чектік салымдар деп те аталады. Талап ету салымдары түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады (1-қосымша). Талап етілгенге дейінгі салымдардың бір түрі чектік депозит. Чектік депозит - бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот. Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл төлемдерді алудан бас тартады.

Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

- ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;

- ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы мүмкін;

- шот иесі банкке тұрақты айлық мелшерде немесе әрбір жазылған чек үшін коммисия төлеуі;

- Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.

Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан



клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар.

Талап ету депозитіне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт - банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бүл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.

Талап ету депозитінің басқа бір түрі - нау-шоттар — пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар - бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.

Депозиттік шоттардьщ келесі түрі - автоматтық аудару шоттары (АТ8-шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып, пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік береді.

Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне «банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер — банк қызметкерлері беретін телемі кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде, куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері бойынша эксплициттік (анық

турде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне байланысты банктің көтеген клиенттері осы типтес депозиттердегі қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктерді пайдалану. Мұндай шоттармен ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк клиентпен келісілген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты "тазартады" (немесе оларды аударады), оларды пайыздық кіріс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатып алу туралы мәмілеге, яғни операцияны банк күнде іскерлік күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажетті чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитіне аударылады.

Көптеген банктер өзінің клиенттерінен компенсациялық балансты ұстануды талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін нысанды, яғни банктерге банктік кызметтерді төлеу үшін қажет. Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді. Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін төлемді ұсынады.

Депозитің келесі тобы - жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім (2, 3-қосымша) негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.



Жинақ кітапшаларындағы шоттар - бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер.

Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:

- кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы;

- банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;

- шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;

- салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген операциялардың барысы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну міндеттемесі;

- шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы.

Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ кітапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу тұрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады. Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.

Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық пайыздық мөлшерлерінің өзгеруімен ретелетіндігін және бұл шоттарды қолдану кезінде операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтындығын есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.

Жинақ салымдарыныц ерекшелігі мынадай:

- бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;

- салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады;

- бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етілген, қазір банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;

- осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға құқылы;

- бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;

- банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем алынады;

- егер салымшылар корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгіленген резервті сақтауға міндетті.

Кең тараған топтардың бірі - мерзімдік салымдар, оған мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз алады және салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келісген мерзім ағымында толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит туралы келісім жасалынады ( 4.5- қосымша).Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа бөлінеді:

- 30 күннен 89 күнге дейін;

- 90 күннен 179 күнге дейін;

- 180 күннен 359 күнге дейін;

- 360 күннен жоғары.

Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке күні бұрын ізбарланған салымшының арнайы өтінішінің түсуі талап етіледі, оның мерзімі келісімде керсетіледі. Бұл мерзімге сәйкес пайыздық мөлшер белгіленеді. Егер клиент банкті қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын өзгерістерді ескере отырып, өзінің активті операцияларын басқа көз есебінен қайта қаржыландырады, қаржыларды алу кейбір шығындармен байланысты, сол себепті банк клиент кірісін азайтуға құқылы.

Депозиттердің төртінші тобы - бағалы қағаздар, депозиттер түрі ретінде былайша бөлінеді:

- аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың, кооперативтің, акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары және облигациялары;

- сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;

- шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар (шетел валютасындағы аккредитивтер);

- депозиттік сертификаттар.

Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі.

Депозиттік сертификат - эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша куәлік.

Депозиттік сертификат - кірісті бағалы қағаздың бір түрі, сол себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бір заңды тұлғадан екіншісіне жолдауда шектеулер болады. Талап ету кұқын ұсыну — сессия, ол депозиттік сертификаттың сыртқы бетінде екі жақта мәмілемен рәсімделеді өз құқын

ұсынушы тұлға - цедент пен құқық алушы цессионарий. Сер-тификатты қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және каржы түсетін шот көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкілетті тұлғалар аты-жөнін, мөрінің және қолдарының сәйкестігін тексереді.

Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:



- жолданбайтын - салымшыда сақталады және төлем мерзімі жеткенде банкке ұсынылады;

- жолданатын - екінші нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуі мүмкін.

Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келген мерзімге тиімді инвестициялауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда сертификаттарды тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады.

Сертификаттар келесі белгілері бойынша бөлінеді:

• Шығарылуы бойынша:

- бір рет;

- сериямен шығарылатын.

• Рәсімдеу тәсілі бойынша:

- арнайы;

- ұсынушыға.

• Төлеу шарттары бойынша:

- Анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық мөлшері үнемі төленіп тұратын сертификаттар;

- сертификатты етеу күні пайызы төленетін сертификаттар. Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлеріне немесе талап етілмелі депозиттеріне қолма-қолемес аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.

Банкте шығарылатын сертификаттар баспалық тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Сертификаттарда міндетгі түрде келесі деректемелер болуы тиіс:

- атауы;

- сертификатты ұсыну себебі;

- ұсыну күні;

- салым сомасы;

- депозитке енгізілген соманы қайтаруға банктің сөзсіз міндеттемесі;

- сертификат сомасын талап ету күні;

- пайыз мөлшері және есептелетін пайыз сомасы;

- эмитент банктің аты және мекен-жайы (иеленушінің арнайы сертификаты үшін);

- банк мөрімен бекітілген, осындай міндеттемелерге қол қоюға өкілетті екі тұлғаның қолы.

Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару мен орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз серти-фикаттарын тиімді орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады:

- инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;

- салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;

- пайыздык мөлшер қайта қараудың икемді механизмін;

- шығарымды стандартты шарттарын (еселік, номинал және т.б.);

- номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;

- кең жарнаманы.

Жай депозиттік келісімшарттармен рәсімделген мерзімдік салым-дармен салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:

- сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейді;

- екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін.

Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелі шоттары мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.

Мерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетіспеушілігі оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.


    1. Коммерциялық банктің салым саясаты.

Коммерциялық банктер жүргізетін депозиттік саясатқа әсер етуші факторлардың бірі Ұлттық банк бекітетін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі болып табылады.

Депозиттік операциялардың дамуына әсер етуші факторлардың екінші тобына депозиттік саясатты, ұзақ мерзімді жинақтау қорларын енгізуді және солармен қатар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесін, банк беделін және басқаларды жатқызуға болады. Маңызды тежегіш факторлардың бірі - салымдарды индексациялаудың тиімді және шынайы механизмінің болмауында. Осы мәселе банктердің ірі жинақ жобаларын жүзеге асыруда өте орынды. Ұзақ мерзімді жинақтау тәжірибелерін енгізу бағдарламасы, инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейінде болғанда ғана тиімді болып саналады. Қазіргі кезде банктердің депозиттік қаржыны талап ету және қыска мерзімді депозиттер құрағанына қарамастан, болашақта коммерциялық банктер салымшылар каржы- ларын неғұрлым ұзақтау мерзімге қосуға болатын жинақ, сақтау және басқа да жобаларды ұсына алады.

Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңызды факторларының бірі - банктің басқа қаржылық ұстамдармен салыстырғанда беделді және басқа салым түрлерімен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің бәсекеқабілетгілігі, сондай-ақ депозиттердін бір түрі - арнайы депозиттер аумағында банктің қызмет спектрын ұлғайту, өйткені осы депозит салымшылар мүддесін қанағаттандыруда жоғары икемділікке ие.




    1. Салымдарды сақтандыру қоры (ДСҚ) және ДСҚ байланысты операциялар
      есебі.

Салымдарды қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл. Салымдарды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.

Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жал-пылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшырған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға

болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады. Бұл кезде банктердің міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттерді сақтау бойынша төлемдерді жасау кіреді. Шыгындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетіспеген жагдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады. Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудін басты әдістерінің бірі болып табылады. Банк жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы жүргізілді. 1999 жылы қарашада екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы желтоқсан айында "Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) қазақстандық қоры'' құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы -Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал оның мақсаты -депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Қор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Ұлттық банктің банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.

Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орна-ластыруға негізгі кепілші болып табылады және егер банктердін қызметі соңғы есеппен табыс іздеуге әкелсе, онда қор қызметі өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру ережесіне негіз болған.

Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады. Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында және еурода. 2001 жылдың 1 шілдесінен:

Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық сақтандыру объектісі ретінде қайтару бойынша қатысушы банктін міндеттемесі болып табылады, қатысушы банкті жойған кезде, жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен бірге АҚШ долларымен немесе еуромен болса сыйақысыз, сол сияқты банктік

салалардан келісімшарттармен немесе салымшы құжаттарымен расталған талап етілгенге дейінгі салымдар, сыйақысыз теңге түрінде. Қатысушы банктердің келесі салымдар бойынша міндеттемелері жеке түлғалардың салымдарын міндетті үжымдық кепілдендірудің обьектісі болып табылмайды:

- жеке тұлғалфдың кепілдемесі-салымдары жэне олардың міндет-темелері бойынша;

- мәжбүрлі таратылған банктің басқарушы қызметкерлерінің және олардың жақын туыстарының, сол сияқты дауыс беру құқы бар. Бес және оданда көп акциялар пайызына ие болатын акционерлердің салымдары бойынша;

- банктік салымдар келісімшартын жасасқан күнгі қордың директорлар кеңесі бекіткен салымдар бойынша сыйақы ставкаларының ең шекті мөлшерінен асатын сыйақы ставкалары болатын салымдар (депозиттер) бойынша.

Қайтару міндеттемесіне қор кепілдік беретін салымдар бойынша Қор келесідей сыйақы ставкаларының мөлшерін белгіленген: 2004 жылдың 01 тамызынан:

- Теңгеге - 6 айга дейін жылдық 6 пайыз;

- долларда және еурода - жылдық 4 пайыз.

- Теңгеде - 12 айға дейін, жылдық 9 пайыз;

- долларда және еурода - жылдық 5 пайыз.

- Теңгеде - 30 айға дейін, жылдық пайыз;

- долларда және еурода - жылдық 6,5 пайыз.

- Теңгеде - 36 айдан жоғары, жылдық пайыз 11 пайыз;

- Долларда және еурода — жылдық пайыз 7,5 пайыз.

Салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары міндетті түрде салым қай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады.

Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін төлеп отырады, олар келесідей көлемде:

Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша:

Теңгеде — салынған салым (депозит) сомасы, бірақ 400 мың теңгеден артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Үлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% шегінде банктік операцияны жүргізуге лицензияны қайтарып алғанға дейін есеп-телген сыйақы мөлшері.

АҚШ доллары және еурода - салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз, бірақ 360 мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы қайтарылады.

Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар (депозиттер) бір салым түрі ретіңце қарастырылып, анықталған ере-желерге сәйкес төленеді. Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады.

Теңге түріндегі талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша енгізілген салымдар (депозиттер) сомасы. Бірақ сыйақысыз 50 мың тенгеден аспайтын болса.

Қайтару міндеттемесіне кепілдік берілген мерзімді салымдар, оның ішінде әртүрлі валютада бір салымшы салғандары бір мерзімді салым ретінде қарастырылады, олар бойынша ережелерде анықталған мөлшерде сыйақылар төленеді. Бұл кезде қайтарылыу есебі 400 мың теңгеден аспайтын енгізілген мерзімді салымдар сомасынан төленеді. Салымшы (депозиттер) әртүрлі валютада салынған мерзімді салымдар бойынша төлемнің қайтарылу кезеңін анықтауға құқылы. Қайтару міндеттемесіне кепілдік берілетін талап етілгенге дейінгі салымдар, оның ішінде бір салымшы салған талап етілгенге дейінгі салымдар бір салым ретінде қарастырылады, қайтарылатын сомалар 50 мың тенгеден аспайтын мөлшерде, енгізілген салым көлемінде төленеді.

Жинақталған резервтер салымдар бойынша жетіспеген соманы қалпына келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебінен төленеді, ал қалғаны қор есебінен қарызға алынады. Қор өз несиесін таратылушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебінен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк міндетті күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдері және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс. Сондай-ақ аталған келісімшарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның ішінде қордың күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және төлемдерді банк келісімінсіз алу құқығы қарастырылған.

Міндетті күнтізбелік жарна мөлшері әр қатысушы банк үшін олардың қаржылық жағдайына Ұлттық банк бекіткен әдіспен жеке бекітіледі және салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы (мүдде) бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептік тоқсанның соңғы күніне 0.125 пен 0.375 пайызға дейінгі мелшерді құрайды, оларды қайтару 13 сәуірдегі 2002 жылғы №136 ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесімен кепілденеді.

Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қосу қарастырылған, оның міндеттемесі бүгінгі күні Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенімді құрал. Сонымен қатар қор қаржыларын қорға инвестициялауға болатын құралдар тізімін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Ұжымдық сақтандыруға халықаралық стандарттарға өту бойынша бірінші топқа енетін банктер және сақтандыру жүйесінің мүшелеріне қойылатын талаптарға жауап берілген басқа да банктер қатыса алады. Қатысушы банктердің бірі ықтиярсыз таратылған жағдайда салым туралы барлық ақпараттар бекітілген тізімге сәйкес қорға жолдануы тиіс.

Барлық банктер ұжымдық сақтандыруға қатысуға тырысады, өйткені сақтандыру жұйесіне қатыспайтын банктер, өздерінің жарғылық капиталынан аспайтын көлемде ғана депозиттер тарта алады. Ал мүше банктерге мұндай шектеу койылмайды. Кез келген банк өз қалауы бойынша депозиттерді ұжымдық сақтаңдыру жүйесінен еркін шығалады.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, елде қалыпты жұмыс істейтін банктік жүйе қалыптасқанда ғана депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызмет ету мәні болады.

Барлық дамыған елде депозиттерді сақтандырудың бір немесе басқа да нысандары қолданылады. Швейцария банктік ассоциациясы ассоциациясының қатысушы банктердің клиенттеріне жинақ салымдарын және 30 мың швейцария франкіне дейінгі мөлшерде клиенттердің есеп айырысу шоттарын төлеуге кепілдік береді. Егер банкке қарсы күйзеліс процедурасы басталса, аталған сома салымшыға бірден төленеді.

Францияда бір салымшыға кепілдік 400 мың француз франкін құрайды. Бұл кезде шетел валютасындағы мерзімдік аманаттар кепілдікке жатқызылмайды. Сонымен қатар бір банкке қатысты депозитті 200 млн франктен аспайтын жалпы кепілдік шегі бар. Франция банктерінің ассоциациясы сақтандыру төлемі түріндегі қалыпты жарналарды ұстамайды. Накты төлем сомасы ассоциация мүшелерімен Франция банктік жүйесіндегі олардың меншікті депозиттерінің мөлшеріне үйлесімді жүргізіледі.

Германияда неміс банктерінің федералдық ассоциациясы жетек-шілігіндегі депозитті қорғау қорына кіру ерікті сипатта. Аталған қорға қабылданудың міндетті шарты неміс коммерциялық банктерінің аудиторлық ассоциациясына мүше болуы. Ол банктерді жиі аудиторлық тексеруден өтуге және капиталға, кадрларды басқару біліктілігіне және пайдаға қатысты талаптарды сақтауға міндеттейді. Жыл ішінде қорға аударулар, банкаралық салымдарды қоспағанда банктің сомалық міндеттемелерінің 0,03 пайыз құрайды.

Жапония, Испания. Канада, Ұлыбритания және АҚШ-та депозиттерді сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында. Сонымен қатар Испания, Голландия және Ұлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды жабу қажеттілігіне және қор келемінің жоспарлы деңгейіне жеткенге дейін енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер қалыпты жылдық жарнаны төлейді.

Канада банктерінің депозиттерді сақтандыру бойынша Канада корпорациясына төлейтін сактандыру жарнасы банкте орналастырылған депозиттердің 0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде салымшыға 60 мың канада долларына дейінгі көлемде сақтандыру есебінен клиенттердің барлық салымдары өтеледі.

Жапонияда банктің депозиттер бойынша сақтандыру сомасы бір салымшыга 10 миллион жапон йеніне дейінгі көлемде өтеледі. Сақ-тандыру корының бастапқы жарнасы Қаржы министрлігінен, Жапон банкінен және жеке меншік банктерден енгізілген. Банктердің қорға жарнасы басында өте төмен болған депозит сомасының - 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы кездері жапон банктік секторы проблемаларының нәтижесінде олар ұдайы көтерілген.

Депозиттерді сақтандырудың федералдық бағдарламасы бойынша АҚШ-та банк шығындары жоғары. Басында жылдық жарна, салымдардың жалпы сомасынан 0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға дейін ал 1991 жылы — 0,15 пайызға дейін өсті. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктік салымдардың жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиіс.

Салымның жоғары сақтандырылатын жарнасына шек қою себептері неде? Біріншіден, депознттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік болып табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлі мүмкін болатын қосымша шығындарын төмендету мақсатында, банктердің кепілденген міндеттемелеріне шектеу қойылады. Мысалы, АҚШ-та депозиттерді сақтандыру жүйесінде депозиттер әр жеке шотта 100 мың АҚШ долларына дейін сақтандырылады, алайда бір салымшы көрсетілген сақтау сомасы көлеміндегі бірнеше шоттың иесі болуы мүмкін. Екіншіден, депозиттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік емес елдерде сақтандыру төлемдерінің үлкен болуынан банктер өздері күйзеліске түскен банктердің барлық қарыздарын өтеуге қабілетті болмауы мүмкін.

Банктің жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі механизмі - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде банктік құпия - құқықтың жеке объектісі, жасырын ақпараттың жеке түрі. Біздің республикамызда банктік құпияны сақтау үшін заң негіздері бойынша шаралар қарастырылған.

Соңғы кездері ел экономикасына тұрғандардың бос ақша каржыларын тартудың депозиттерді сақтандырудан басқа тәсілдерінің бірі ретінде капиталдар амнистиясы ұсынылады.

Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан әрі дамуына әсер етуші келесі факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты Қазакстан Республикасының Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-несиелік саясатынан шығатын факторлар кұрайды. Оған резервтеу мөлшерін (депозиттер бойынша), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және басқаларды жатқызуға боладьі.



Резервтеу мөлшері факторының ерекшелігі депозиттерді тарту кұнын банк операциялары сияқты ұлғайтады. Бүгінгі күні салым және депозиттермен жұмыс істеуде Ұлттық банк айтарлыктай нормативтік талаптар қоюда. Резервтік қорға депозиттер бойынша аударым мөлшерінен өсуі несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуіне, сондай-ақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің азаюына әкеледі. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының колеміне банктің тиісті шығындары мен қажетті табыстылығы кірмейді. Сондықтан қолданылып жүрген нормативтер банк белсенділігін сақтайды, оның қызметін депозиттер нарығында әлеуетті инвесторлар үшін тартымды етеді. Қазақстанда резервтеу мөлшері депозит түріне байланысты емес, сол себепті мерзімдік депозиттерді тарту тиімділігін төмеңдетеді. Республикада резервтеу механизмі жетідірілетін болады, сол себепті аталған кезеңде қалыптасқан банктік жүйе тәжірибесін қолдану өте орынды.


    1. жүктеу 4,26 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау