1 Техника технологиялық бөлім



жүктеу 1,99 Mb.
бет9/11
Дата14.11.2017
өлшемі1,99 Mb.
#156
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

(4.1.)


мұнда: NPV- келтірілген таза баға; Rt – tжыл ішіндегі жобадан кіріс (тиімділік); Сt – tжыл ішіндегі жобаға шығатын шығын; i – дисконт мөлшерлемесі; n – жоба өмір кезеңінің жыл шамасы.

Тиімділіктің ішкі коэффициенті (Internal Rate of return - IRR) немесе ішкі кіріс мөлшері (өтелім) бұл, жобадан алынатын тиімділік (кіріс) жобаға кететін шығынмен теңесеуі кезіндегі есептік процентті мөлшерлемесі, яғни таза келтірілген баға нөлге тең деп алынатын, есептік процентті мөлшерлеме. Ішкі кіріс мөлшерін есептеу, негізінен арнайы программалармен компьютерде жүргізіледі.

Капиталды салымдардың қайта оралу периоды (Pay –back -Period) немесе өтелу уақыты көп қолданатын көрсеткіштердің бірі. Жобаның өтімділік мерзімі жоба қандай уақыт аралығында өтелуін көрсетеді: диконтирленбеген шығындар базасында есептеледі.

Уақыт факторын есепке алмай, яғни алынатын кірістің тең мөлшерлері және әртүрлі уақыттар теңестіріліп қарастырылады, өтімділік мерзімі төмендегідей анықталады:



(4.2.)
мұндағы: ТОК- өтімділік уақытың жеңілейтілген көрсеткіші;

k- инвестиция мөлшері;

Пр- әр жылдың кірістің мөлшері.

Таза кіріс тұрақсыз келген жағдайда, кіріс шамасы инвестиция шамасына тең болған уақытқа дейін кезекті кірісті шамалаумен және есептеумен анықталады.

Өнеркәсіптің дағдарыс нүктесі немесе залалсыздық нүктесі (тиімділік табалдырығы). Залалсыздық нүктесі – жиынтық шығын, жиынтық кіріспен теңескен жағдайдағы қанау деңгейі немесе өнеркәсіп көлемі.

Залалсыздық анализінің негізі залалсыздық графигінде толығымен ашылады. Бұл график өндірілген өнімді горизонтальді осінде, кіріс немесе шығыс осін баға жағынан вертикальді осінде көрсетеді.

Шығару көлемі нөлге тең болған жағдайда, жиынтық шығындар нөлге теңелмей, керісінше ОА тең болатынын (өнімнің бар-жоқтығына байланыссыз, жасаған шығынның тіркеу элементтерін көрсетеді) көруге болады.

Жиынтық кіріс түзуі жиынтық шығыс түзулерінің қиылысуы ТБ залалсыздық нүктесін анықтайды, ол нүктеде жиынтық кіріс жиынтық шығысқа тең. Бұл кезде “нөлдік кіріс” немесе тиімділік табалдырығы қамтамасыздандырылады. Жиынтық кіріс пен жиынтық шығыс вертикальді түзуінің ТБ-ң он жағындағы шығынның түрлі ерекшеліктері берілген өндіріс көлеміндегі кірісті көрсетеді, ТБ-ң сол жағында шығындар көрсетіледі, өйткені жиынтық шығын, жиынтық кірістен асып отырады.


4.1.3. Өндіріс шығын және өнімнің өзіндік құны
Шығындар, өндіріс шығыны және өзіндік құндар негізгі экономикалық категориялар болып табылады. Олардың деңгейі көбіне кәсіпорынның тиімділігін және кіріс мөлшерін, оның шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды.

Ұдайы өндіріс жағдайына қарай шығындар үш түрге бөлінеді:



өзіндік құнын құрайтын өнімді өндіруге және таратуға шығындар.

  • өнеркәсіпті жаңартуға және кеңейтуге шығындар. Ереже түрінде бұл, ірі тұрақты капиталды салымдар. Бұл шығындардың ерекше қаржыландыру көздері бар: амортизациялық қор, кіріс, кредит және т.б.

  • мәдени-шаруашылық, құрылыстық-тұрмыстық және осыларға ұқсас қажеттілік шығындары. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, негізінен таратылатын кірістермен құралатын арнайы қорлармен қамтамасыздандырылады.

Өнімнің өзіндік құнына, өнімді өндіру үрдісіндегі қолданатын табиғи қорлар еңбек қорларының құндылық бағасы және сонымен қатар оны өндірудегі және таратудағы т.б. шығындар. өзіндік құн өнеркәсіптік сипатын беретін ағымды шығын мөлшерін көрсетеді.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығынның құрылымы және құрамы:

1. Материальдық шығындар (шикізатқа және негізгі материалдар, отын, энергия)

2. Еңбек ақысы;

3. Әлуметтік қажеттіліктерге аударым;

4. Амортизация;

5. Ағымды жөндеуге шығындар;

6.Тағы басқа шығындар;


жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау