5 Еңбекті қорғау
Сораптық және компрессорлық станцияларды еңбекті қорғау бойынша жалпы талаптар және де іс жүзіндегі «Магистралдық құбырөткізгіштерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария бойынша ережелер», «Резервуарларды техникалық пайдалану ережелері», «Мұнай-газ өндіру өндірістеріндегі қауіпсіздік ережелері», және солардың негізгінде құрылған қауіпсіздік техникалық және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар орындалуы тиіс.
Сораптық және компрессорлық станциялардағы жабдықтар қызметшілердің жұмыс кезінде де, сол сияқты жөндеулер жүргізу кезінде де емін-еркін қозғалуын қамтамасыз ететіндей қашықтықты сақтай отырып орнатылған болуы керек. Агрегаттардың шығыңқы бөліктерінің арасындағы, және де олар мен бөлме қабырғаларының арасындағы қашықтық 1м-ден кем емес, екі қатарлы орналастырылған кездегі агреаттардың арасындағы қашықтық 2м-ден кем емес болуы тиіс. Жабдықтар есіктерден 1м-ден жақын емес болып орналастырылған болуы тиіс, агрегаттардың барлық қозғалмалы бөліктері қоршалады. Сораптар және компрессорлар ішкі кеңістігін ауадан, өнімнен, конденсаттан, газдан босатуға арналған, оларды қауіпсіз жерге әкету құрылғысы бар, дренаждың және үрлегіш құрылғылармен жабдықталады.
Жарылыс қауіпті цехтардағы элекрлік жабдықтар жарылыстан қорғалып орындалған болуы тиіс. Электрқозғалтқыштарды жеке, саңылаусыз өртенбейтін қабырғалармен оқшауланған бөлмеге шығару жағдайы кезінде қалпыты орындауда қолдануға рұқсат етіледі. Қабырғалардан өтетін жерлердегі біліктерді сальникті тығындауыштар болу керек.
Сораптық ғимараттардың сыртындағы сору және айдау құбырөткізгіштеріне ғимараттардан 10-50 м қашықтықта апаттық бекіту құралғыларын қондыру қажет. Құбырлардың ғимараттар қабырғаларынан өтетін жерлерінде тығындауыш құрылғылары болуы тиіс. Сораптық және компрессорлық ғимараттарда құбырөткізгіштер кедір-бұдырланған металл станьдармен жабылған, көтеруге арналған түсірілген тұтқалары бар каналдарға төселеді. Мұндай бөлмелердің қабырғаларын әдетте әктейді, күкіртті мұнайлар мен этильденген бензиндерді айдауға арналған сораптықтардың қабырғаларын жеңіл тазарту мен қабырғаларды жууға рұқсат ететіндей етіп майлы бояумен жабады.
Сораптық және компрессорлықтарда желдеткіш жұмысының тоқтаусыз жұмыс істеп тұруы қамтамасыз етілуі тиіс. Этильденген бензиндерге арналған сораптықтарда айдағыш агрегаттардың сальниктерінен жергілікті сорап тастағыштар орналастырылады. Компрессорлықтар бөлмелерінің газданғандығы күн сайын тексеріледі.
Сораптық және компрессорлықтарда манометрлерсіз пайдалануға жіберге тыйым салынады. Орнатылған манометрлер мен манометрлік құбыршалардың дұрыс жұмыс істеуін мезгіл-мезгіл тексеріп тұру қажет. Импульстік құбыршаны желдету (үрлеу) үшін манометрлердің үш жүрісті шүмегін ашу кезінде (тұтқасы бойынша соққыларсыз), лақтырылатын өнім бетке немесе киімге түспейтіндей етіп жанынан тұру қажет. Жұмыс істеп тұрған агрегаттан резервтік агрегатқа ауыстыруға дейін сәйкесінше задвижкалар мен крандарды ашып-жабудың дұрыстығын және резервтік агрегаттың жіберілуге (іске қосуға) дайындығын тексеру керек.
Агрегаттарды іске қосу жауапты операция болып табылады, ол жоғары маманданған қызметкерлердің бұйрығы немесе бекітілген графигі бойынша орындалады. Жіберу алдында негізгі жабдық пен барлық көмекші жүйелердің дұрыстығын, бірінші кезекте агрегаттардың жұмысы үшін кедергілердің жоқтығыш, майдың, салқындатқыштың, талап етілген электрлік кернеудің, жіберілетін ауа мен отындық газ қысымының бар болуын, құрылғылардың, реттегіштердің, автоматтық жүйелердің іс-әрекетке дайындығы тексеріледі. Жіберу қатаң бекітілген тізбекпен жүргізіледі. Барлық қиындықтарға ерекше ықыласпен, сақтықпен және өте шапшаңдықпен көңіл қойған кезде жіберу тәртібінен жұмыстыққа ақырындап өтеді. Сәтсіздікке ұшыраған кезде жіберу лезде тоқтатылады және істен шығу себептерін табудан кейін және табылған кемдіктерді жойғаннан кейін ғана қалпына келтіріледі.
Агрегаттардың жұмысы кезінде подшипниктер мен сальниктерге ерекше көңіл бөлу керек. Подшипниктерде олардың 60°С-тан жоғары ысып кетуін болдыртпайтын сапалы майлардың жеткілікті көлемі болуы керек. Ысып кеткен жағдайда подшипник немесе білікті суық сумен, қармен және мұзбен салқындатуға қатаң тыйым салынады. Тазартуды керосинмен, кейін маймен жүргізу керек. Сораптардың, компрессорлардың сальниктерінде қиғаштықтар,қатты немесе әлсіз тартып байланулар, тығыздалмаушылықтар болмауы керек. Қолдануға бөренелік тығыздауыштар, қысымға қарсылығы бар сальниктер ұсынылады. Подшипниктермен сальниктердің бақылауға ыңғайлы температурасын 1 сағатта бір реттен кем емес тексеріп тұру қажет. Ол үшін қызып кеткені туралы автоматты дабыл беретін жылулық датчиктерді қолданған жөн. Қыздырылатын құбырөткізгіштер мен жабдықтардың элементтеріне қызмет көрсету кезінде биалай қолдану керек.
Агрегаттарды және технологиялық құбырөткізгіштерді пайдалану уақытында олардың саңылаусыздығына бақылау қойылуы тиіс. Ағып кетулерді тез арада жою керек. Агрегаттарды жұмыс істеп тұрғанда жөндеуге және барлық түзетулерді істеуге, болттарды, қозғалыстағы бөліктер мен қысым астында тұрған құбырөткізгіштердегі шпилькаларды бекітуге қатаң тыйым салынады. Агрегаттардың қозғалыстағы бөлшегін майлауға тек қана осы операцияны қауіпсіз ететін құрал-саймандардың бар болған кезінде ғана рұқсат етіледі.
Сораптық және компрессорлық цехтарда майлау материалдарын тәуліктік тұтыну мөлшерінен көп емес көлемде металл ыдыстарда ғана ақтауға рұқсат етіледі. Тез тұтанғыш сұйықтарды сақтауға рұқсат етілмейді. Ысқылап сүртетін материалдарды кейін қайтадан жарату немесе жою үшін қақпағы бар темір жәшіктерге жинау керек. Майланған ысқылап сүртетін материалдарды өз-өзінен тұтану қаупі болғандықтан ұзақ сақтауға тыйым салынады. Агрегаттардың және құбырөткізгіштердің ыстық бөлшектеріне мұнай өнімдері сіңген шүберектерді, киімді қоюға тыйым салынады.
Егер агрегаттар жұмысының толықтай автоматтандырылуы қамтамасыз етілмесе, жұмыс істеп тұрған агрегаттарды қадағалаусыз қалдыруға болмайды. Агрегаттардың жұмысы кезінде қозғалыс үстіндегі бөлшектеріне жақындауға, және де қозғалып тұрған бөлшектерге жақын орналасқан қозғалмайтын бөлшектерге жақындауға тыйым салынады. Жарылыс қауіпті ғимараттар мен оларға жақын жерлерде темекі шегуге, және де бас инженердің рұқсатынсыз және белгіленге (тағайындалған) сақтық шараларын сақтауынсыз от жұмыстарын орындауға қатаң түрде тыйым салынады. Ысып кеткен подшипниктері, жіберілмейтін соққылары, жарықшақтары және бөлшектерінің бүлінулері сияқты айқын бұзылыстары бар агрегаттарды пай далануға тыйым салынады. Агрегаттардың мұндай қатерлі ақаулары бар кезінде жұмыс істеуі апатқа, өртке, жарылысқа және кездейсоқ жағдайларға әкелуі мүмкін.
Электр энергиясы берілісінің кенеттен тоқтап қалуы кезінде тез арада электр желісінен барлық жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқыштарды ажыратқан жөн (көп жағдайда бұл ажырату автоматты түрде жүзеге асырылады). Егер мұны істемесе, онда электр энергиясы берілісін қалпына келтіру, электр жабдықтарының қауіпті өз-өзінен іске қосылуына әкелуі мүмкін. Электр сымдарын, электр жабдықтарын жөндеуге, сақтандырғыштар мен электр шырақтарын ауыстыруға тек электр желісінің кернеу көзінен ажыратылған кезінде ғана рұқсат етіледі.
Агрегаттардың істен шығуы кезінде кезекші машинист жұмыс істемейтін агрегатты басқа ауыстырушы (кезекші) машинисттің қайтадан іске қосуын болдырмау үшін, бұл туралы сменалық журналға жазуы тиіс.
Өндірістік ғимараттардағы жарық ойықтары бітеліп қалмауы тиіс. Терезелердің, шырақтардың шыныларын мезгіл-мезгілтазалап тұрған жөн. Электрлік жарықтандырудыңдұрыстығын ұқыпты түрде жарықтандыру нормаларын сақтауды қамтамасыз ете отырып, бақылап тұру қажет.
Сораптықтар мен компрессорлықтар науалар мен едендерді сумен жуып отыруға мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған болуы тиіс. Оларды мұнай өнімдерінің жиналуын жоя отырып, тазалықта ұстаған жөн. Едендерді жуу үшін тез тұтанғыш мұнай өнімдерінқолдануға тыйым салынады.
5.2 Қоғаныс шаралары
5.2.1 Санитарлы-гигиеналық шаралар.
Санитарлы ережелерге сай қызмет етушілер үшін жобаланатын объектіде санитарлы жұмыс бөлмелері қажет. Бөлмеде ішуге жарайтын таза сул бар қақпақты бөшке, бірінші керек болатын дәрі-дәрмекпен толтырылған аптечка болу керек.
Ашық ауада орналасқан жұмыс орындары немесе от жағылмайтын бөлмеден тұрмыс корпусына дейінгі қашықтық 300-500 метрден аспау керек. Ашық ауада жүретін жұмыстар кезінде жұмысшыларға әртүрлі метеорологиялық жағдайлар (температура, ауаның ылғалдығы, жел т.б.) әсер етеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар сәтсіз оқиғаларға әкелуі мүмкін. Ауаның температурасы жоғары болғанда адамның назары төмендеп, асығыстық пен абайсыздық туады.
Агрессивті ортада жұмыс атқарғанда арнайы жұмыс киімін, арнайы жұмыс аяқ киімін және шаңға қарсы рестараторлар, газға қарсы киетін бас киім, қорғаныс көзілдірікті қолдану керек.
Өндірістік санитария.
Жобаланған ауданда санитарлы жағдайды жақсарту үшін 100м енді санитарлы-қорғау зонасын және территорияны көгалдандыру қарастырылады ( санитарлы зиянды VI классты өнеркәсіпке сәйкес) ГПС жобаланған бөлімшелерінің құрылыстан бос жерлері ағаштармен, жергілікті жердің тұқымдас ағаштарымен, газон және көп жылдық шөптермен көгалдандырылады.
Демалыс орындары кішігірім архитектуралы формалармен безендіріледі 1,8 Гкал/сағ өнімділікті “вулкан” қазан және 8 Гкал/сағ өнімділікті жалпы ТВГ-4р екі қазанды жұмыс істеп тұрған котельная орын тепкен ғимараттар мен жобаланған және салынып жатқандардың жылумен қамтамасыз ету көзі болып табылады. ГПС құрылыстары мен ғимараттарды техникалық жағдайларға сәйкес, “вулкан” қазаны КВГ – 4-150 4Гкал/сағ өнімділікті қазанға ауыстырылып РСУ мұнай құбырлар басқару территорияларында орналасқан, қазан реконструкциясы жобасы орындалған.
Электроқозғалтқыштардың сораптарынан алынатын жылуды қолдану үшін, машзалда қызмет көрсететін қоспалы бөлекжайдан ионды камераға және ағынды вектиляцияға рецеркуляционды ауаны кіргізу жүргізіледі.
Линейлі жұмыстар өнеркәсібі қозғалмалы құбырсваркалы базалары, станция маңындағы қойма шаруашылығы, қозғалмалы далалық қалашықтар, механизирленген бағана мен бригадалар құрумен қамтамасыз етіледі.
Жүкті қабылдаушы арнайы теміржол станциялар маңында уақытша құрылыс базалары және далалық қалашықтары орындары орналастырылады.
Пісіру жұмыстары.
Пісіру жұмыстары өртке, апаттарға әкелуі мүмкін, сондықтан қауіпсіздік техникасын және пісіру жұмыстарын жүргізуге ережелерді дұрыс орында керек.
Барлық пісіру жұмыстары ЖҚ 39-002-99, МЕМСТ 12.3.003, ЖҚ 39-006-99 магистральды мұнай құбырларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері және жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да құжаттар талаптарын сақтай отырып орындалуға тиіс. Мұнай құбырларын жөндеу кезіндепісіру жұмыстарын орындауға рұқсат-жүктелім бар болған ғана рұқсат етіледі. Пісіроу жұмыстарын орындау кезіндегі еңбек жағдайларының күй-жайына шұғыл бақылау жасау ЖҚ 39-002-98 талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Пісіру жұмыстары жүргізілген дейін магниттелген құбырларды магнитсіздендіру бойынша шараларды орындаған жөн. Пісіру жұмыстары кезінде ауа ортасы тікелей пісіру жұмыстары жүргізілетін жерде, сондай-ақ қауіпті аймақта ықтимал булар мен газдардың көздері ескеріліп, газ талдағыш арқылы бақылануға тиіс. Жұмысшыларды мұнай құбырларында пісіру жұмыстарын жүргізуге жіберу жұмыс жүргізілетін аймақта ауадағы булар мен газдардың құрамы санитарлық нормалар бойынша мүмкін шектегі шоғырланудан (МШШ) жоғары болмайтындай жағдайда мүмкін болады. С1-С10 көмірсутектерінің мүмкін шектегі шоғырлануы көміртекке қайта есептегенде 300 мг/м3-қа (249 мг/кг), ал көміртек қоспасындағы күкіртсутектікі С1-С5 – 3 мг/ м3-қа (2,49 мг/кг) тең. Талдау нәтижелері пісірме жұмыстарын жүргізудің рұқсат-жүктеліміне қосымша берілетін кестеге жазылады. ауа ортасын бақылау пісірме жұмыстарын жүргізукге жауапты адамның қатысуымен жүргізілуге тиіс.
Пісірме жұмыстарын найзағай, жаңбыр, қар уақытында және жел жылдамдығы 10 м/с-тан асатын кезде жұмыс орындарын осы тосқауылдардың әсерінен қорғау жөніндегі қосымша шараларды орындамастан жүргізуге тыйым салынады. Құбырды пісірме жұмыстарын жүргізуге дайындауға жауаптылар ретінде МҚБ инженер-техник қызметкерлері, ал мұнай құбырында пісірме жұмыстарын жүргізу үшін – ЖҚБ инженер-техник қызметкерлері тағайындалуға тиіс. Мұнай құбырларында пісіру жұмыстарына дайындауға және жүргізуге жауапты етіп пісіру жұмыстарын жарылысқа қауіпті және жарылыс-өртке қауіпті жағдайларда қауіпсіз жүргіудің ережелерін білетін МҚБ,ЖҚБ инженер-техник қызметкерлері қатарынан бір адамды тағайындауға жол беріледі. Мұнай құбырларында пісіру жұмыстарына дайындау және жүргізу міндеттерін қоса атқаруға құқы бар лауазымды адамдардың тізбесі «ҚазТрансОйл» ЖАҚ (МҚБ) бұйрығымен айқындалға тиіс.
Мұнай құбырларын пісіру жұмыстарын жүргізуге дайындауға жауапты адам:
мұнай құбырларын пісіру жұмыстарын жүргізуге дайындау бойынша шараларды ұйымдастыруға және орындалу сапасын тексеруге;
мұнай құбырларының пісіру жұмыстары жүргізілетін жеріндегі қысым жол берілетін мәндерден асып кетпейтіндей қотару режимін қамтамасыз етуге;
жұмыс жүргізілетін жердегі ауа ортасын дер кезінде талдауды қамтамасыз етуге;
жұмыс учаскесін (аймағын) 8м радиуста мұнай қалдықтарынан, ескі оқшауламалық жабыннан және басқа да жанатын материалдардан тазалауды қамтамасыз етуге;
жауапты адаммен бірге пісіру жұмыстарын жүргізуге қауіпті аймақты айқындауға және оны ескерту белгілерімен жазылған тақтайшалармен жабдықтауға;
пісіру жұмыстары жүргізілетін жерлерді қажетті өрт сөндіру және қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге;
мұнай құбырларының жөнделетін учаскесінде қотарылатын мұнайдың қысымын үздіксіз бақылау үшін жақын жердегі бөліп тастайтын ысырмаларда манометрлерді орнатуды қамтамасыз етуге;
ведомстволық өрт күзетумен бірге рұқсат-жүктелімді ресімдеуді және келісуді қамтамасыз етуге;
жапқыш арматураны қашықтықтан басқару мүмкін болмайтын кезде бөліп тастайтын жөндеу учаскесінің ысырмаларында радиобайланыс құралдары бар қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастыруға міндетті.
Мұнай құбырларында пісіру жұмыстарын жүргізуге жауапты адам:
ұйымдастыру шараларын орындауға рұқсат-жүктелімде көрсетілген пісіру жұмыстарын жүргізуге;
пісіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың бәрімен техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаумалық жүргізуге, олардың біліктілік куәлігінің және техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін білетіндігі тексерілген жөнінде куәлігінің бар-жоғын тексеруге;
жұмыс басталардың алдында әр жолы пісіру жұмыстарын орындауға арналған жабдықтардың, мұқаммалдардың және айла-бұйымдардың түзулігін және жиынтықтылығын тексеруге;
жұмысты атқарушыларды қажетті жеке қорғаныс құралдарымен (газқаққыштармен, құтқару белдіктерімен, арқандармен) қамтамасыз етуге;
май, бензин, керосин және басқа да жанатын сұйықтардың іздері бар арнайы киімді пайдалануға жол берілмеуге;
жұмысты атқарушыларды жұмыс жүргізу жобасының құрамында жасалатын осы учаскедегі ықтимал апаттарды және өрттерді жою жөніндегі жоспармен таныстыруға;
пісіру жұмыстарын басқаруға және олардың орындалуын бақылауға;
жұмыстың орындалуын бақылау басталар алдында және барысында МҚБ ӨДҚ немесе МҚС операторы арқылы жөнделетін учаскеде қотарылатын мұнай қысымы мәнінің жол берілетін мәннен асып кетпеуін қадағалауға; қысым артып кеткен жағдайда пісіру жұмыстарын доғарту жөнінде шұғыл шаралар қолдануға;
телефонограммалар журналына МҚБ ӨДҚ немесе МҚС операторының белгіленген тиісті қотару режимі туралы хабарларын, сондай-ақ мұнай құбырларындағы пісіру жұмыстарының басталғаны және аяқталғаны туралы өзінің хабарларын жазуға;
орда пісіру жұмыстарын жүргізу кезінде ор жиегінен сақтандырушыларға (кемінде екі) арналған жерлерді айқындауға және электрмен пісірушіні сақтық белдігіне байланған құтқару жібімен үздіксіз сақтандыруды қамтамасыз етуге;
орда және қауіпті аймақта жұмыс басталар алдында және оның барысында ауа ортасына талдау жүргізуге;
көмірсутектердің шоғырлануы ПӘЕ-ден асқан жағдайда пісіру жұмыстарын дереу доғаруға;
пісіру жұмыстары кезінде орда талап етілетін технологиялық ажырату жоқ болғанда, пісіру жұмыстарымен байланысты емес адамдардың онда болмауын және барлық жөндеу жұмыстарының доғарылуын қадағалауға;
құбыр қабырғасы күйіп тесілген жағдайда МҚС операторына немесе МҚБ ӨДҚ дереу хабарлауға және апаттық-қалпына келтіру бригадасы келгенше ықтимал апаттар мен жануды жою жоспарына сәйкес бүліністерді жою мен өрт сөндіру жөніндегі жұмысқ кірісуге;
пісіру жұмыстары аяқталған соң жұмыс орнына ықтимал өрт ошақтарының бар-жоқығын тексеруге;
пісіру жұмыстары журналын күн сайын толтыруға міндетті
Пісіру жұмыстарына жіберілген электрмен пісіруші:
біліктілік куәлігіне және білімі тексерілгені туралы куәлікке ие болуға;
алдағы жұмыстардың көлемімен танысуға;
нұсқамалық алуға және пісіру жұмыстарын жүргізудің рұсқат-жүктеліміне қол қоюға;
арнайы киімнің үстінен сақтық белдігін тағуға және оған бос ұшы сақтандырушыда болуға тиіс сақтық арқанының ұшын байлауға;
пісіру жұмыстарына жауапты адамның оларды жүргізуге нұсқаулары берілгеннен кейін ғана кірісуге;
рұқсат-жүктелімде ғана көрсетілген жұмысты қатаң орындауға;
техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын қатаң орындауға;
бастапқы өрт сөндіру және жеке қорғаныс құралдарын пай далана алуға;
тез лапылдап жанатын матадан жасалған костюмді киіп жұмыс істеуге, қажетті жағдайларда диэлектрлі кілемшелерді, тізе жапқыштарды, шынтақ жапқыштар және иыққа киілетіндерді (мәселен, үй төбесіндегі пісіру жұмыстары кезінде) пайдалануға;
қауіпті жағдай (құбыр қабырғасы күйіп тесілгенде) пайда болған кезде жұмысты доғаруға және қауіпті аймақтан дереу, дербес немесе сақтандырушының көмегімен шығып кетуге;
жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын тексеруге және өрт немесе жарылысқа әкеліп соқтыруы мүмкін себептерді жоюға міндетті.
Электр қауіпсіздігі
Электр тоғына шалдығудан еңбекшілердің қауіпсіздігін қамтамамасыз ету мақсатында келесі шаралар қолданылады:
а) Заземление қондырғыларын және заземляющий сымдарын МЕСТ 464-79 сәйкес, сонымен қатар “ЛАЦ және НУП жерден сақтандаратын және жерден сақтандыратын қондырғылары бойынша сұрақтар реконструкциялары”;
ә) Баған және стативтердің жоғары бөлігінде орналасқан қондырғыларды қамтамасыз ету үшін арнайы техникалық бұйымдарды сатып алу;
б) Кіріс және тоқты таратушы қондырғыларының жанына төселетін диэлектрлік резиналы кілемдерді сатып алу және сонымен қатар, құрамына тарату платасы кіретін К-121+12;
в) Диэлектрлік қолғаптарды сатып алу;
г) Киперлі манжеттпен орау және жер шиналарын қызыл түсті түспен, “-24” және “-60” кернеулі шиналарды көгілдір түсті түспен майлы бояумен бояймыз;
д) сабы оқшауланған (изолирование) инструменттерді сатып алу;
Жобланған күштерді қосу үшін 2х400 кВа ТП 407-3-349.84, қуаты трансформаторлар қолданылады, олар ЗРУ – 6кВ орнатылған КСО- 285 ұяшықтарынан қоректенеді. Қуатты жүйенің кенреулігіз 380/220 В, қозғалтқыштарда 380 В, айдаушы сораптардың қозғалтқышының кернеулігі – 6 кВ. Барлық қозғалтқыштар асинхронды және қысқажабық роторлармен алынған, жарылыс қауіпі бар зоналарда ВАО, В63 қозғалтқыштары, басқа мекемелерде АО, АИ алынған.
Ғимараттар мен салынып жатқан ғимараттарда электрэнергиясын тарату ШР – 11 типтес тарату шкафтары арқылы жүргізіледі, алып кететін линияларда қорғайтын және кіргізетін бөлігінде рубульниктермен комплектелінген.
Жарылу қауіпін төндіретін мекемелердегі қуатты тоқ қабылдағыштардағы қоректену БОУ блоктарынан комплектіленген, басқару станцияларының щиттерінде жүргізіледі.
ЩСУ щиттері электрщитті айдаушы станцияларында орналастырылады. Тоқтардың қысқа тұйықталуынан қозғалғыштарды және шығатын линияларды қорғау, ШР –11 шкафтарында орналастырылған қорғаштарда және БОУ шоқтарында орналастырылған автоматты өшірушілермен, БОУ шоғыр – жіберуші артық қуаттан сақтану үшін орындалады.
Жергілікті қозғалтқыштарды басқару үшін ПКЕ типтес түймелі басқару посттары орналастырылады, жарылу қауіпі бар мекемелерде – КУ-90ВЗГ.
Қуатты тарату жүйесі В-1а классты жарылыс қауіпі бар мекемелерде алюминийлі сымдармен орындалады.
Катодты қорғаныс станциялары (КҚС) және сызықты қозғалтқыштың асинхронды реверсивті электрқозғалғыштары электрэнергиясын пайдаланушы болып табылады. Тоқты қабылдағыштардың кернеулігі 380В және 220 В Жоба бойынша сызықты қозғалтқыштарды және катодты қорғау станцияларында №210-18/1532 және №149 23.07.86 жылдан техникалық жағдайларға сәйкес реконструкцияға жататын 6,10 кВ бар линияларды қолдану және ұзындығы 120 км кернеулігі 10 кВ электртаратудың әуе линияларын жүргізу қарастырылды.
Қазіргі линиялардың ұзындығы 137 км. Жобаланған В1-10 кВ 13км-де НПП трассасына параллелді жүргізіледі, басым бөлігі өнім жүрісінің он жағымен. Барлық трасса қоректену көздерімен қосу нүктелеріне сәйкес бөлімшелерге бөлінген.
Жобаланған В1 трасса бойымен, 50 мм2 қималы, АС маркалы мыс алюминийлі сымдар алқасы қарастырылады.
Трасса бойында көптеген жерасты және жерүсті инженерлі қондырғылар және коммуникациялары, сонымен қатар жыралар, өзендер, сулы жерлер кездеседі. Темір жолдар, көлік жолдары және электртаратушы әуе линияларымен, байланыс линияларымен В1 10 кВ қиылысуы, тесу әдісімен темір жолдары арқылы, ААШВ маркалы кабельді кіріспе көмегімен, 3.407-130 серия бойынша аралық типтес және көтерілген ауыспалы анкерлі тіректі көмегімен іске асырылады.
Электрқозғалтқыштарды және солармен араласқан катодты қорғау станцияларын электрмен қамтамасыз ету мақсатында, қуаттылығы 25 аВа ТП 407-3-272 бойынша, 10/0,23 трансформаторлы станциялар қарастырылады.
Катодты қорғау станцияларын электрмен қамтамасыз ету анкерлі тректерде орнатылатын 10 кВа қуатты 10/0,23 кВ станциялармен қарастырылады.
Электр қозғаушыларын басқару үшін Рус-5400 типті кешенді таратушы құрылғылары қарастырылған, олар қозғалғыштарды басқару және бақылау пунктерінде орнатылады (ПКУ, 10/0, 0,4 кВ подстанциясынан 5м-де)
“Атырау” АВП-да электрэнергиясын қолданушылар сәулелендіру және технологиялық қондырғылар, желдеткіштер, санитарлы-техникалық электрқозғалтқыш асинхронды болып табылады. Кенреулігі 380 В қуатты электрқондырғының 220 және 121В сәулелендіру үшін алынады. Тоқ қабылдағыш қойма және жылу құйғыш бағаналарды электрмен қамтамасыз ету мұнай базаларының трансформаторлы подстанцияларынан алынады.
МАС территориясы автомобильдер жүретін жерде қақпа мен дарбазасы бар темірбетонды решеткалы қоршаумен қоршалады.
ПС қоректенудің бас көз болып жұмыс істеп тұрған 35/6 подстанциясының ЗРУ – 5кВ болып табылад
Өртке қарсы шаралар және қауіпсіздігі.
СНиП-II-П-106-79 бекіткендей, орта қалдықсыз көпірлік әуе механикалық автоматты өрт сөндіруші қондырғы айдау станциялары үшін қарастырылады.
Өртке қарсы шаралар өрт болу мүмкіндігін жоюға бағытталған. өрт мекемнің ішіне жайылып кетпес үшін өртке қарсы қабырғалар, жалын тоқтатын қорғаныстар қолданылады. өрт пайда болған кезде адамдарды тез және қауіпті мекемеден шығару үшін өндірістік бөлмелерге эваууциялық жолдар алдын-ала қарасытырылған болуы керек. Мұнай өндірісі өрт қауіпі жағынан өрт тудыру мүмкіндігі бар болып саналады. Скважиналарды бұрғылағанда және мұнай мен газды алғанда жарылатын қоспалар пайда болып, өрттің шығатын көзі болуы мүмкін. Сондықтан НГДП объектілерінде өрт қауіпсіздігі жағынан шаралар орындалуы керек. НГДП-дағы өртті сөндірудегі ең бірінші қолданылатын өрт сөндіргіштер болуы керек. Жаңғыш сұйық және қатты материалдардың өртін сөндіру үшін ОВП-5 және ОВП-10 типті химиялық көпірігі бар өртсөндіргіштер қолданады.
Электртоғының астында қалған объектідегі өртті сөндіру үшін ОПБ-7 типті өртсөндіргіштер қолданады.
Жерасты құбырларының күрделі жөндеуін жүргізу кезінде ұйымдық-техникалық өртке қарсы шаралар өрт қауіпсіздігі бойынша құжаттардың талаптары сақталып орындалуға тиіс. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге жауапкершілік мұнай құбырларын күрделі жөндеуді қабылдаған сәттен бастап ЖҚБ басшысына жүктеледі. Қотарудың қауіпсіздік режимдерін сақтауға күрделі жөндеуді жүргізу кезінде мұнай құбырларын пайдаланушы ұйым жауапкершілікте болады.
Жұмыс жобасында уақытша тұрған қалашықтарды, автокөлік техникасы тұрақтарын, қойма аймағын, мастика және топырақ әзірлеу алаңдарын, өрт сөндіру кезінде пайдалануға арналған су көздеріне баруды қамтамасыз ететін машиналар мен механизмдер қозғалатын аймақтағы трасса жолағын орналастыру мен жоспарлау кезінде орындалуға жатқызылатын өртке қарсы шаралар бейнеленуге тиіс. Жұмыс жобасында апат кезіндегі мұнайдың жергілікті бедер бойынша құбырлардан төмен орналасқан уақытша тұрғын қалашықтар, тұрғын және қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, өзендер мен су көздері жағына қарай төгілуін болдырмайтын шараларды қарастырған жөн.
Жөндеу-құрылысбасқармасы:
ведомсволық бөлімшелерде осы Ережелер мен жоғарыда аталған құжаттардың талаптарын оқып-үйрену мен орындауды ұйымдастыруға;
өртке қарсы нұсқамалық және өрт-техникалық минимум бойынша сабақтарды ұйымдастыру мен жүргізуге;
жөндеу учаскелерінде осы Ережелердің талаптарына сәйкес өртке қарсы режим орнатуға ( шылым шегетін жерді, жанатын материалдар орналасатын жерді және олардың жол берілетін санын, от жұмыстарын жүргізу тәртібін және т.б. айқындау ) және оның бұлжытпай орындалуына бақылау орнатуға;
жөндеу жұмыстары жүргізілетін жерлерде өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне тікелей жедел бақылау жүргізуге, өрттің алдын алу мен өрт сөндірудің техникалық құралдарының бар болуы мен түзулігін тексеруге;
өрт сөндіру құралдарымен өртке қарсы шараларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті.
Жөндеу учаскесінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік ЖҚБөл бастығына жүктеледі, ол өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптарын орындаумен қатар:
жұмысшыларды олардың жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігінің арнайы талаптарына оқытуды қамтамасыз етуге;
өрт техникасы мен колоннада тұрған бастапқы өрт сөндіру құралдарының түзулігін және іске даярлығын; пайдаланылған және жарамсыз болып қалған бастапқы өрт сөндіру құралдарын ауыстыруды қамтамасыз етуге;
байланыс құралдарының бар болуын, түзулігін және тексерілуін қамтамасыз етуге;
жолдардың өтпелердің және өрт техникасының учаскеге баратын жолының түзу жай-күйде болуын қамтамасыз етуге;
ведомстволық өрт бөлімшелерін апат кезінде өрт болғанда немесе оның пайда болу қаупі бар болғанда дереу шақыруды қамтамасыз етуге, мұнымен бір мезгілде қолдағы бар кұш-құралдармен өртті немесе апатты жоюға кірісуге міндетті.
Әр жұмыс орнында белгіленген өртке қарсы шаралардың сақтауына жауапкершілік жұмысты тікелей атқарушыларға жүктеледі. ЖҚБөл-ге жұмысқа кіретін барлық адамдар, өртке қарсы нұсқамалықтан (бастапқы және екінші) және өрт-техникалық минимум бойынша сабақтардан тұратын өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы дайындықтан өтуге тиіс. Әр жөндеу учаскесінде өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық, ықтимал апаттар мен өрттерді жою жоспарлары болуға тиіс.
ЖҚБөл-те өрт қалқанында (бекетте) орналастырылған төмендегідей бастапқы өрт сөндіру құралдары болуға тиіс:
жалпы сыйымдылығы кемінде 20 л көбікті өрт сөндіргіштер (ОВП-10) – 2 дана;
жалпы сыйымдылығы кемінде 10 л ұнтақты ОП-10 немесе көмірқышқылды өрт сөндіргіштер ОУ-5 – 1 дана;
құм салынған жәшік (1м3) – 1 дана;
асбест кездемесі немесе көлемә 2х2 киіз – 2 дана;
күректер – 4 дана;
балталар – 2 дана;
сүймендер – 1 дана;
Одан басқа, ЖҚБөл құрамында көлемі кемінде 2000 дм3 өрт автошаны болуға немесе оны МҚБ-нан тартуға тиіс. Жергілікті мемлекеттік қызметпен келісе отырып, өрт автошанының орнына өртке қарсы жеңмен, діңгекпен, көбікгенератормен толықтырылған МП-1600 мотопомпасы бар шаңды немесе ОУ-80, ОП-100, ОВП-100 өрт сөндіргіштерін (бір ЖҚБөл-ке 2 данадан) пайдалануға жол беріледі. Аталған өрт сөндіру құралдары ЖҚБөл-пен бірге алынып жүруге тиіс. Олар МЕМСТ 12.4.026 [26] талаптарына сәйкес боялуға тиіс.
Ыстық булардың шоғырлануы орда МШШ-дан асып кетсе, онда жұмыстардың барлық түрлері доғартылуға, адамдар пайда болған қауіпті жағдай туралы хабарлануға (қажет кезінде қауіпсіз жерлерге әкетілуге), өрт сөндіру құралдары даяр етілуге, газдану себебі анықталуға және жойылуға тиіс. От және оқшауламалық жұмыстар ыстық булардың шоғырлануы МШШ-тан төмен болатын кезде ғана қайта басталуы мүмкін.
Жөндеу учаскелерінде өрптке қарсы талаптардың сақталуына бақылауды күзет (өрт сөндіру бөлімі) (ӨСБ) бөлімшелері жүргізеді, олар төмендегілерге ерекше назар аударуға тиіс:
жөндеу учаскесін тұзу өрт сөндіру құралдармен қамтамасыз етуге;
жолдардың, өтпелердің және өрт техникасы үшін кірме жолдардың жай-күйіне;
жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалывқтың бар болуына.
Күзет (ӨБ) бөлімшелерінің жөндеу учаскелерінде өртке қарсы жай-күйді тексеру нәтижелері анықталған кемшіліктерді жоюға қажетті шаралар, орындау мерзімдері және жауапты адамдар көрсетілетін кесімдермен ресімделеді. Мерзімдер мен шараларды орындауға жауапты адамдар ЖҚБөл бастығының келісімімен тағайындалады.
Өрт шыққан жағдайда жұмыс жүргізушісі (шебер):
өрт шыққан жерге (ӨБ) жасағын (қажет кезінде көрші МҚС күзет бөлімшелерінің (ӨБ) жасақтарын, IIM өрт бөлімшелерін) жіберетін МҚБ ӨДК болған жайды баяндайды және магистральды мұнай құбырларындағы ысырмаларды тез жабу жөнінде шаралар қолданады;
жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал апаттарды жою жоспарына сәйкес әрекет етеді.
Өрт сөндірілген соң және мұнайдың құбырлардан орға (апат болған жерде) төгілуін тоқтатқан соң оны ыстық заттардан тазалау және будың шоғырлануын газ талдағыштың көмегімен өлшеу керек. Пісіру жұмыстарын қайта бастауға орда будың шоғырлануы МШШ-тан төмен болғанда ғана рұқсат етіледі.
6 Қоршаған ортаны қорғау
6.1 Биосфера компонентіне жобаланатын кешеннің әсер етуін талдау
Мыналардың көмегімен жоғары тұтқырлы мұнайға мұнай құбырөткізгіш жобаланады:
- алдын-ала қыздыру
- сумен тасымалдау
- араластырғыш
- жылу өндіргіш
Жобаланатын құбырөткізгіштің құрамына кіреді:
1) Сызықтық бөлім, құбырөткізгіштен, лупингтен, тиек арматурадан, жолдардан жасанды және табиғи өткелдерден және т.б.
2) Айдау станциясы
3) Жылу станциясы
4) Соңғы орын –мұнай өңдеу зауыты
Мұнайды магистралды құбырөткізгішпен тасымалдау кезінде атмосфераны, гидросфераны және литосфераны ластайды. Негізгі бұлардың ластауы келесілер:
резервуарларды толтырғанда және резервуарлардағы газ кеңістігінде, және мұнайдың бетінде температураның өзгеруі кезінде жеңіл көмірсутектерді және күкіртті қосылыстарды лақтырғанда;
- авариялық жарылыс және кешу кезінде ластанған бұралқы судың бетінде мұнай буланады, қорытындысында жарты мұнай суаттағы нөсерленген жібіген сумен ағып кетеді.
- құбырөткізгішті және резервуарды парафин смолалы шөгінділер және т.б.-лардан тасалау өнімі.
Айдау станциясында және мұнай құю орындарында қоршаған ортаны ластаудың қайнар көзі – мұнай және мұнай өнімдерін сақтау үшін (әртүрлі сиымдылықтар) тазалау қондарғылар және құю жабдығы (шлангалар) үшін әртүрлі сыйлықтар. Онымен қоса айдау станцияларда және құю орындарында үлкен мөлшерде технологиямен жабдықтарымен жабдықталған, мұның өзі потенциалды ластанудың көзі болып келеді. Бұған ілмек арматура , мөлшер реттеуіш бұранда, әртүрлі қосылыстар (фланецті муфталы, пісірмелі түйіспе) және құбырөткізгіші жатады.
Ең негізгі айдау станциясындағы және мұнай құбырөткізгіштің құю орындарын да ең негізгі атмосфераны ластау көзі, буланудан көпмөлшерде жеңіл көмірсітектерді бөлетін резервуар болып саналады.
6.1.1 Атмосфераға әсері
Мұнайларды құбырөткізгішпен тасымалдау кезінде атмосфера бөлігінің қабатында негізгі ластанудың көзі болып – мұнай құбырөткізгіштің сызықтық бөлімі тоқтап қалған кезде мұнайды лақтыру апаты. Және мұнайды резервуарда сақтаған кездегі булану, және де оның өнімінің жануы. Құбырөткізгіштің жұмыс істемеуі сапасыз берілген материалдарды (арматура, пісірілген проволка және т.б.), құрлыс-монтаж жұмыстары, (жөндеу және пайдалану) технологиясының бұзылуының қолдануымен шақырылады. Басқада атмосфера қабатының ластану көзі басты және кейбір аралық айдау станциясында салынатын резервуарлық парктар. Құю-қотару операциясының және температураның күнделікті тербелісінің нәтиже кезінде өнімнің атмосферада булануы белгіленеді.
Сызықтық бөлік немесе резервуар бүлінген кезде мұнайдың өзінен жануы анда-санда және уақытша болса да, ол атмосфераны ең үлкен ластау көзі болып келеді. Онымен қоса өрттің болу себебі отты дұрыс қолданбаудан және деалдын-ала ластанудың болдырмау үшін мұнайды жағады. Ауаны ластаудың қарама-қарсы еседі. Оның токсикалық және ашуланшақ қасиетімен. Осыған қарап бұдан да атмосфераға зиян келтіретіндерге оттық көмірсутекжәне күкірт ангидрид жатады. Нәтижесінде мұнайдың жануына әкеледі.
6.1 кесте Негізгі ластанушы зат және олардың орналастырылған жеріне байланысты атмосфера ауасындағы (зиянды заттардың) ШЖК -сы
Зат
|
ШЖК
|
Бір жоғарғы текті
|
Тәулік бойындағы орташа мөлшері
|
Аммиак
|
0,2
|
0,2
|
Бензин
(мұнайлы аз күкірт)
|
5
|
1,5
|
Күкіртті ангидрид
|
0,5
|
0,05
|
Күкіртсутек
|
0,008
|
0,008
|
Оттекті көмірсутек
|
3
|
1
|
Хлор
|
0,1
|
0,03
|
Шың, күйе
|
-
|
-
|
Ластанған ауаның салдарынан атмосферадағы зиянды заттарды құраудыескерту үшін сәйкесінше мөлшерлі құжаттармен тәртіпке белгіленеді. Зиянды заттардың мүмкін концентрациясы деп саналады. Ол дегеніміз адамның ағзасына жаман және жағымсыз, тура және жанама әсерлер әкелмейді, жұмыс істеу қабілетін төмендетпейді; көңіл-күйін түсірмеу. Мүмкін емес дегеніміз өсу қабілетіне, тұратын жеріне, климатына, атмосфераның ашықтығына, тұратын жерін шартына әсер ететін зиянды заттардың концентрациясы. Зиянды заттардың шекті жіберілген концентрация (ШЖК) дегеніміз адамға күнделікті ықпал кезінде шексіз уақыт ағымында ешқандай ауыру немесе патологиялық өзгерістерді ауаның мөлшерінде болдырмау.
Санитарлық заң шығару екі түрлі ШЖК бөледі. Бір текті жоғарғы және тәулік бойындағы орташа мөлшер. Бертекті жоғарғы ШЖК апат жағдайларды дүркін, технологиялық ерекше болған атмосфераға зиянды заттарды массивпен лақтыру ескеріледі. Тәулік бойындағы орташа мөлшерде күнбойының аралығында ең жоғарғы және ең төменгі атмосфераның ластану концентрациясын ескереді. Бұл кенцентрация күн бойында ел мекендегенде алынған барлық сыналған орташа арифметиканы көрсетеді [14].
6. 1.2 Гидросфераға әсері
Станцияда негізгі сумен қолданылатындар:
-өртке қарсы қызмет етушілер
- шаруашылық тұрмысқа қызмет ету
-бу жіберілген қазандар орнатылған орын
Ішетін су ретінде біз жақын орыннан әкелінген суды аламыз.
Техникаға өндіріс үшін жер асты және ағынды суды қолданамыз:
-өртке қарсы жүйе сумен өшіру және өртпен өшіру
-бу жіберілген қазандар орнатылған орын
-құбырөткізгішті және резервуарды тазалау
-техникалық жабдықтар мен сыйымдылықтарды жуу.
Су шаруашылық қызметкерлері жерасты су қабатының су қоршауымен шектелген, оның қолдануымен және лақтыруы тоған буландырғышында бұралқы суды жасайды.
Мұнайды айдау станцияларының кешенінде су айналыс жүйесі мыналар бар:
- тұрмыстық, администрациялық, өнеркәсіптікғимараттарды жылыту үшін котельный.
- электр қозғалтқыш және сораптарды салқындату үшін авто машиналарды тасымалдауды және арнайы техникалық, радиатордың - - - құйындысын және де мұнай айдау станцмясының кәсіпорын ғимараттарын дымқыл жинап жуу үшін көмекші жағдайға суды қолданумен шектеледі.
Шаруашылық-тұрмыстық жағдайға суды жұмсау мөлшеріне санитарияға, тұрмыстық және шаруашылыққа жағдайларында жұмсалатын су кіреді. Судың бұл жұмсалатын түрінің шығыны екі топқа бөлінеді.
- бірінші топқа жұмыс жасайтын адамдардың санымен (ішу, душ, тамақ істеу және т.б.) анықталатын судың шығыны.
- екінші территорияның аумағына құйылатын немесе өңделуден тәуелсіз есептелетін (административті ғимараттардың аумағы, өндіріс аймағының аумағы, жасыл егілгендер және т.б.)
Суды бөліп беру
НПС кешендерін пайдалану барысында келесі түрлі бұралқы судың қалыптасуы жүреді:
1) өнеркәсіптік бұралқы су арқылы түседі:
- техникалық аймақтан және техникалық салудан, өндірістік ғимараттан, сораптық станциядан, лабораториядан, гараждан, котельныйдан және т.б. кешендерден;
- резервуарлық парктің тауарлық суы, дымқыл арқылы мұнай өнімін суландыруы ауадан үлкен және кіші демалу процесінде резервуарға түсуі қорытындысында пайда болады.
- тазалау және резервуарды жууда, темір жол цистерналар паркін жуу, техникалық жабдықтарда және құю эскадада және т.б.-ға құятын мұнайды шайып кету кезінде жуатын сулармен келтіріледі.
2) тұрмысшаруашылық бұралқы су – бұл тұратын үйлер және тұрмыс ғимараттар, душтар, ас үйлер және т.б. қызмет істейтін қызметкерлердің тұрмысқы керекті заттарына көңілінен шығуы.
3) жаңбырлы – жаңбыр жауғанда және өнеркәсіптік аймағындағы қар үйінділерінің еруінен құралады.
Әр өнеркәсіп кешенінде бұралқы суды әкету үшін үш түрлі канализация жүйесі қаралады:
- өндірістік немесе өндірістік жаңбырлы
- тұрмыс шаруашылық
- шартты таза су
Өндірістік канализация тармағына өндірістік ғимараттарына және техникалық құрылыстарды ағындылардан бөліп шығу, өндірістік қызметкерлерінің қорытындысында пайда болатын тауарлы сулар, өнеркәсіптік территориясының аумағының еріген және жаңбырлы ағындылар жатады.
Тұрмыс канализациясы жүйесінде қызмет көрсететін қызметкерлердің тұрмыстық жағдайын қанағаттандыратын процесінде пайда болатын ағындылар бөлініп шығады.
Канализацияның шартты таза суына негізінен темірленуін кетіру қондырғысының, сораптық станция үрлеу және айналыстан сумен жабдықтау жүйесінің кейінгі котельный кезінде химиялық судан тазаланудың ағындығы суи түседі.
6.1.3 Литосфераға әсері
Жерлердің ластануы мыналардан көрінеді:
1) жер бетіне сораптың және жылу станцияның қалдықтарын орналастыру: тазалау құрылысы, рельефті төмендету, қалдықтарды сақтау үшін сыйымдылық
-мұнай өнімінің апатты лақтыруы
-бұралқы судың апатты лақтыруы
-тазалау құрылысының шлагы
2) тұрмыстық қалдық
Жердің бұзылуы құрылыс кешендерін салу кезінде болады (жұмыс аумағында территориясын есептеуде, траншей, жолдарды эстадалар)
6.2 Ұйымдастыру шаралары
Бұл жобалауда мен ең керекті экологиялық бөлімін және қоршаған ортаны қорғауды басты экологтың басшылығымен қарастырамын. Бөлім штатында қоршаған ортаны қорғаудың екі инженері жұмыс істейді. Олардың жұмысына кіреді:
-атмосфера, гидросфера және литосфера монитонгысынның жағдайы.
-қоршаған ортаны ластауы.
Дайындалу жұмыстарының барысында топырақты өңдетіп табу, құжаттарын негізінен план-картографиялық және басқада жер құрылысы және басқада фондтық құжаттарын үйрену жүреді. Төмендегімен анықталады
-жер бетінің жыныстарындағы құнарлы қабатының қуаты
-жер бетінің құнарлы қабатының сапасы және құнарлы жерінің жоғары шамасы, олардың қоспасы және оларды бұзылған жер аумағының болуы.
-топырақ суының мекен мөлшері
6.3 Табиғатты қорғау шаралары және қоршаған ортаны қорғауды инженерлік қорғану
6.3.1 Атмосфераны қорғау
Айдау станциясында және мұнай құю орындарында қоршаған ортаны ластауды көзі – мұнай сақтау кезінде әртүрлі сыйымдылықтар, тазалау құрылымы, құю жабдықтар. Және де айдау станциясында және құю орындарында үлкен дейгейдегі технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Бұның өзі ластануды бірден-бір көзі болып табылады. Бұған ілмек арматура (асырмалы, винтельді, крандар) әртүрлі жалғаулар (фланецпен, муфтамен, пісіріп түйістірілген және т.б. арқылы) және құбырөткізгішті тасымал жолдар кіреді.
Айдау станцияларында және магистаралды мұнай өнімдерін құю орындарында ең бірден-бір ластау көзі болып резервуарлар саналады. Онда булану кезінде көп мөлшерде жеңіл көмірсутектер бөлініп шығады.
Резервуарлар лай заттарды санын азайту үшін келесі ұсыныстармен өндіріледі
-понтондар және қалқыма қаплпақшалар;
-газ теңестіру жүйесі;
-дөңгелек резервуарға кірердегі ауа ағындысының шағылысы.
Пантондар синтетикалық құрал-жабдықтардан жасалған. Буланудан 70-80%, қалқымалы қалпағы 80-90% және газ теңестіру жүйесі 35-70% жоғалтады. Қалқымалы қақпасымен және пантонмен резервуардағы мұнайдың булануы кезінде жоғалтудытөмендету үшін пантонмен резервуар қазығының арасындағы сақиналы саңылауда ілмек тәрізді тығынмен беріктіріледі. Тығынның герметикасын жоғарлату үшін жаңа конструкциялық сутығын өндіріліп шығарылды. Осының арқасында тығынның ішіндегі газ кеңістігін құрылуын болдырмайды және оның тиімділігін дәрежесін жоғарылатады.
Негізінде НДКМ және КПГ түрлі тыныс алу және сақтандырғыш клапандары тиімді. өйткені олардың өтімділігі типтік клапандардан 4 есе жоғары бұның өзі бір резервуардағы олардың саны бірден төмендетеді.
Резервуардағы жеңіл көмірсутектерді жоғалтумен көмектесудің тиімді әдісі – мұнайды резервуарсыз айдауың жүйесіне өту.
Бұл резервуардың сорапқа ьасты «Рубин» қондырғысы буферлік қондырғысы арқылы жалғануымен жетеді.онымен қоса резервуадағы «демалу» азаяды және соған сәйкес жеңіл көмірсутектердің жоғалуы төмендейді. Сораптық станцияның ғимараттарын газдандыруда айдайтын сораптағы тығыздауыштан мұнайдың ағып кетуіне әкеледі.
6.3.2 Гидросфераны қорғау
Бұралқы суларды әкету үшін келесі канализация жүйесінің бөлігімен жоғаланады:
тұрмыстық;
өндірістік жаңбырлы
Тұрмыстық канализация жүйесіне тұрмыстық ғимараттардағы тұрмыстық бұралқ сулар өздігіне түседі.
Тазалау құрлысының тұрмыстық бұралқы суының өтімділігі 15 м3/күнді құрайды, тазалау тиімділігі 90 – 95–ке дейін.
Өндірістік канализация, сораппен жаңбырлы суларды тазалау құрлыстарының жобалауына тұндырғышты қарастырғанда және буферлік резервуардағы мұнайды ұстап әкеткенде және үш флотация бөлім қондырғыларын тазалау алдында беріледі.
Словак өндірісінің биологиялық тазалаудың құрылысы, келесі бөліктерден тұратын жабылған пластмас резервуарымен таныстырады:
бірінші тұндыру үшін екі камералы тұндырғыш;
биологиялық тазалау аумағы;
биологиялық ротоциялық түйіспелер;
екінщі тұндыру аумағы;
лайдың жиналу аймағы.
Тазалау принципі айналу роторының пластмас элементінің ішіндегі микроорганизмдердің арындылығында құрылған әдіспен шектеледі.
Өндірістік – жаңбырлы канализация жүйесіне резервуарлық паркінің құлаған аумағының технологиялық жабдықталған ашық алаңдарда жаңбырлы су қабылданады. Күнделікті лақтыру қарастырылмайды.
Жер асты суларын болдыртпау үшін келесі шаралар қарастырылады:
резервуар каресінен және бұзылудың ішіндегі пазух және ашық авто жолдар түрімен, жаңбыр жиналған құдықтан және ары қарай жабық жүйемен ашық құрылыстардан ашық құрылыстарды әкету;
тұрмыстық ғимараттардағы тұрмыстық бұралқы су өз ағысымен септикке, одан әрі бұралқы суды биологиялық тазалайтын блок – боксқа түседі;
тазаланған бұралқы су жүйелерде айдалады;
өндірістік – жаңьырлы суды территориядан әкету; (тазалау орнынан мұнаймен өндіру операциясында)
өте маңызды ағындыларды жабдықтайтын, тік жоспарларды орындау;
резервуардың айынан мұнайдың ағып кетпей бақылау үшін мұнайды бақылау құдығына жинау және әкету үшін ортасында құйғышы бар темір–бетонды плита қарастырылады;
қатты қабықпен ашық технологиалық алаңдар қарастырылады.
Бұралқы сулардан құралатын механикалық қоспаларды ұстап қалу үшін тесік және көлденең ұстағыштар жасайды. Олардың аз тиімді немесе жоқтың қасындай жұмыстары құбырөткізгішке және су тартушы қондырғыларға құюына, бұралқы суды тазалау үшін салу жұмыстарының тәртібін бұзады, алдын – ала жабдықтардың істен шығуына әкеледі.
Егер бұралқы судың шығыны 100 м3/күннен аз болған жағдайда, ұстағышты тұрғызбауға да болады.
Тесік құм ұстағыштар коллекторда бұралқы суды әкететін құдықты көрсетеді. Құдықтың маңыңда құбыр тартпадан өтеді. Астыңғы бөлігінде бір, екі немесе үш көлденең тесігі бар болады. Бұралқы сумен бірге түсетін құмдар тесікте қалып қояды және прямкада жиналады, одан табиғи жойылады.
Көлденең құм ұстағыш тік бұрышты типті болып келеді және екі немесе одан да көп секциядан тұрады. Құм ұстағышқа кірерде және одан шығарда шиберлер болады. Олар секцияны өшіру үшін және секйияларды біркелкі ағындыларға бөлуді қарастырылады. Шөгіндіні айдау үшін прямок орналасқан жерде құмдақтың түбі бұрыш жасап (ең кіші бұрыш 45º) ортасында орындалған.
Механикалық қоспаның шөгуі жүршен кезде, бұралқы су ағының қозғалыс жылдамдығынан аспау керек:
Сәйкесінше, аз және үлкен шығын кезінде
тесікті – 0,6 – 1,0 м/с;
көлденеңді – 0,15 – 0,3 м/с.
Құм ұстағышты пайдалану кезінде кректі:
техникалық жөндеуіне (күнделікті бақылау) шөгуіне және судың деңгейіне бақылау жүргізу;
табиғи шөгінділерден тазалау; көлденең – екі күнде бір рет, тесікті – шөгінділердің жиналуынан басқа құм ұстағыштардың лай бөлігіне; тартпаның оның лай бөлігіне түбіне дейін толтыруды болдырмау керек;
кірердегі шиберлер көмегімен оның реттеу арқылы суларды секция арасында дұрыс бөлуінқарау керек (құм ұстағыш көп секциялы болғанда);
құм ұстағыштан құмның шөгуін болдырмау үшін, бұралқы судың шығының тексеріп, есептік шығынмен, сәйкесінше, олардың келіп түсуін реттейді.
Құм ұстағыштың шөгінді қабатының биіктігін шекті қолдана отырып, екі күнде бір реттен аз емес өлшеу.
Қалқымалы және эмульгиралық бұралқы суды тазалау, мұнайды бір жерде жинап арқылы жүреді.
Мұнай ұстағыштар – бұл тұндырғыштар (әсіресе көлденең түрлілерде). Бұнда мұнай судан бөлінеді және олардың меншікті салмақтарының айырмашылықтарының арқасында, бетіне шығады. Және де онда көп мөлшерде механикалық қоспалар қалып қояды.
Мазасыз пайдалану және тазалау құрлысының тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мұнай ұстағыштарда екі секциядан аз болмау керек.
Мұнай ұстағыштар мынадай жабдықтармен жабдықталады:
қалқымалы мұнайларды әкету және ұсау үшін басқада қондырғылар немесе мұнай жиналмалы құбырлар;
су элеваторлариен, прямкадан шөгіндіні тазалауға көмектесетін құмды сораптар немесе донна клапандар;
булы немесе сулы иректердің көмегімен қыздыру.
Әрбір секцияның периметрі бойымен, беткі сұйықтықтан 200 мм тереңдікте орналасқан және мұнай жиналатын құбырларды мықты қабырғаларда орналтқан.
Бұрылқы сулар су құйылатын түрлі бөлетін камераларға түседі. Одан олар өздігінен жүретін құбырөткізгіштерден мұнай ұстағыш секцияларға бөлінеді. Кірерде тұндырғыш бөлігінің секциясына тесік қалқа орнатылады. Соның көмегімен тұндырғыш бөлігінің секциясында бұралқы сулардың ағыны тура мөлшерде ьөлу жүреді. Тұндырғыш бөлігінің соңында су мұнай тоқтататын қабырғадан өтеді және су құю арқылы, көлденең құрама науаға түседі, одан кейін құрама коллекторға түседі.
Мұнай ұстағыштың прямкасынан, шөгінділер донна клапандары арқылы арнайы құбырөткізгіштің немесе сұғындырманың көмегі су элеваторлармен, шламды сораппен, гидравликалық түрімен жоғалтылады.
Өзінің белгіленуіне байланысты, мұнай ұстағыштар жергілікті және орталықтандырылған болып бөлінеді.
Жергілікті мұнай ұстағыштар – бөлек резервуарлық парктерге түсетін, бұралқы суларды тазалау үшін үлкен мұнай бааларында орналастырылады.
Ортлықтандырылған мұнай ұстағыштар мұнай базасының құю орындарының немесе айдау станцияларының жалпы су ағындыларын тазалауүшін орналастырылады.
6.3.3 Литосфераны қорғау
Магистралды құбырөткізгіштеріндегі апаттан ластану және бұзылу кезінде жерлерді рекултифкациалау процесіне кіреді:
құраынан мұнай қыртысын жоғалту;
жерлерді рекултификациялау (техникалық және биологиялық бөлім);
Жердегі ластанған мұнайды рекултификациялау бірнеше кезеңнен өтеді. Өткізу уақыты жобалауда көрсетілуі керек . Уақыт кезеңінің және мерзімінің рекултификациясы ластанудың деңгейіне; берілген табиғаттық аймақтың климаттық шартыменжәне биогеноценозияның жағдайына сәйкес белгіленеді.
Екі түрлі ласанудың түрі айқындалды:
бір қалыпты ластану, өздігінен агротехникалық қабылдауды активизация жолымен жою;
қатты ластану, аэробтық жағдайлармен тудыруға және қышқылданған көмірсутек процесімен белгіленуіне себепші болатын, маңызды щаралардың көмегімен жойылуы мүмкін.
Лас заттарды лақтыру нәтижесінде қатты ластанған кезде және басқада құйылған жер қыртысының бетіндегі мұнайларды механикалық жолмен алып тастау керек, содан кейін ластанған жер қыртысының аймағын жинайтын құрал – жабдықтармен жинау керек (опилкамен, құммен). Жиналған затты мұнаймен бірге жер қыртысынан алып тастау керек және жиналған қалдықтар жаққа апарып тастау керек.
Биодеградация процесін жылдамдату үшін қатты ластанған мұнай бөлімінде биологиялықдәрі - дәрмек кіргізе алады, оны қолдану мемлекеттік адамдарға ғана рұқсат етілген.
Техникалық бөлімінде мұнайды қалпына келтіру, булану және жеңіл фракциалардың жарым жартылай бұзылу, жер қыртысының бетіндегімұнац компонентінің фото қышқылдану, микробиологиялық қоғамды қалпына келтіру, бөліктеп жер асты жануарларын қалпына келтіру жүреді. Жер қыртысын аэрациялау және дымқылдандыру, бұл процестердің көп мөлшерде күшейтуге, мұнай концентрацияларынтөмендетуге мүмкіндік береді.
Ауыр создағы бар жер қыртысының жерлерінде желден құнасыздану қаупі көп емес. Оларды 20 см тереңдікте өндендіріп, бостандыру керек. Бұл аймақтар техникалық рекултивация тарамдар уақытында бу күйінде қалу керек. Ластанған мұнай бөлімдерінде беткі бөлігін 8 -10 см өндеулер жүргізіледі.
Қортындылай келе, мұнай базасында және мұнай айдау станцияларында бірден – бір ластау көзі болып, технологиялық қондырғылар, ысырмалар, арматуралар, резервуарлар және т.б. жатады. Олардың қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін резервуарларда помпождар қойылады, ал ысырмаларға, арматураларға жөндеулер жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |