Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі (1-7);
Қосымша (1-4).
9-ТАҚЫРЫП ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫ АШУ
9.1. Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Халықаралық тəжірибеде бухгалтерлік есеп үрдісін (про-цесін ) төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған. Бірінші са-тыда əртүрлі шаруашылық фактілері (іскерлік мəліметтер) құ-жатталады. Екінші сатыда есеп деректері жіктеліп жəне оларды бухгалтерлік есепшоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде, бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады. Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады. Төртінші бухгалтерлік есеп үрдісінің қорытынды сатысында кəсіпорын-ның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нəтижесі кəсіпорын əкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға кəсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы жəне олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кəсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылык нəтижелері туралы, əрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Кə сіпорын туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кəсіпорынның бухгал-терлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кəсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану-шылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стан-дартына сəйкес, ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа бірікті-ріледі. Бірінші топқа осы кəсіпорында қызмет атқаратын адам-дар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады . Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар , олар өзде-рінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы жəне басқа да жəрдемақы, сыйақы алу үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бəсеке шартында кез келген к əсіп-орынның өміршеңдігі оның басшысының ең негізгі міндеті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы (рентабельділігі) мен актив-тердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.
Қолда бар капиталды сақтап жəне жаңасын жұмылдыру ар-қылы кəсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыс-тылық (рентабельділік) болып саналады.
Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеу үшін кəсіпорын-ның жеткілікті түрде ақшаларының жəне басқа да қорларының болуы, ол кəсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.
Екінші топты осы кəсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар , мүдделілер құрайды. Бұл топқа к əсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк жəне басқа да кəсіпорындарын, жабдықтаушы-мердігер-лерін жəне басқаларды жатқызуға болады.
Инвесторларды олардың салынған капиталының табысты-лығы қызықтырып жəне сонымен қатар, алдағы уақытта осы кəсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардан болатын қауіпті ақпа-раттар алаңдатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кəсіпорын-ның акцияларын сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.
Несие берушілерді кəсіпорынға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі мен одан түсетін тиесілі пайызды алу мүмкіндігі туралы ақпараттар, ал жабдықтаушы-мердігер-лерді кəсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шоттарды уақы-тылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.
Үшінші топқа кəсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілер — қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар жəне басқа да заңды тұлғалар жата-ды. Олар кəсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайда-лану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын жəне басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осы-ларды ескере келсек, к əсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп мəліметтері тек қана бір кəсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің жəне сол елдегі халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.
Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғымға келетін болсақ , бухгалтерлік қорытынды есеп кəсіпо-рынның мүліктік жəне қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нəтиже-сін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып сана-латын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мəліметтің көлемі жəне тағайындалуы бойынша жіктеледі.
Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы жəне жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді. Кəсіп-орынның ағымдағы (жыларалық) бухгалтерлік қорытынды есебі негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға). Ал кəсіпорынның жылдық бух-галтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды есептен айырмашылығы балансқа көп-теген қосымшалар тіркеліп, кəсіпорынның қаржылық жəне мүліктік жағдайы туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпараттық мəліметтер кəсіпорынның қаржы-шаруашы-лық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Мəліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін алғашқы жəне жиынтық бухгалтерлік қорытынды есеп деп аталатын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы бухгалтерлік қоры-тынды есеп кəсіпорынның ағымдағы бухгалтерлік есеп м əлімет-тері негізінде жасалады. Оның құрамында кəсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы (бір айдағы) мүліктік немесе қаржылық нəтижесі көрсетіледі . Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар ша-руашылық кəсіпорындары өзінің жəне сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.
Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытын-ды есеп ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. Ішкі деп аталатын бухгалтерлік қорытынды есеп мəліметтері шаруашылықты бас-қару үшін, сондай-ақ басшылардың қандай да бір мəселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді жəне оның мəліметтерін жариялауға тыйым салынады. Ал бухгалтерлік қорытынды есептің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар, қорытынды есептің бұл түрін кəсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпарат-тық құралдар (газеттер, журналдар) беттеріне де жариялайды.
Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кə сіпорын қызме-тінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттар-дан тұрады:
— бухгалтерлік баланстан;
— пайда жəне зиян (қаржы-шаруашылық нəтижелер) туралы есептен;
— меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;
— ақшалардың қозғалысы туралы есептен;
— түсініктемелік жазбадан.
Кəсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба кəсіпорынның қаржылық жағдайы туралы деректен , өткен жыл мен ағымдағы жылдың мəлімет-терін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден жəне бухгал-терлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен бағалау əдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек. Бұл айтылған-дардан басқа, түсініктеме жазбада кəсіпорынның келесі есепті жылдың есеп саясатына енгізетін өзгерістері жайлы мəліметтер көрсетіледі.
Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар. Бухгалтерлік есеп қағидаларына сəйкес кез келген кəсіпорын-дардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талап-тарға жауап беруі керек — сенімділік, тұтастық, тізбектілік, салыстырымдылық, есепті кезең жəне рəсімделу.
Сенімділік дегеніміз, бұл — бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді жəне толық түрде кəсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі қаржылық нəтижелері болып табылады. Сенімді бухгалтерлік қорытынды есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі стандарттарына, сондай-ақ белгіленген нормативті актілер мен ережелерге сəйкес жасалады.
Тұтастылық дегеніміз — кəсіпорынның бухгалтерлік қоры-тынды есебінде осы кəсіпорындағы орындалған барлық ша-руашылық операциялардың міндетті түрде қамтылып (қосы-лып), көрсетілуі болып табылады.
Тізбектілік дегеніміз — кəсіпорынньң бір есепті кезеңінен екінші есепті кезеңіне дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отыруы.
Салыстырымдылық, бұл — бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезеңдегі мəліметінің екінші есепті кезеңнің мəліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.
Белгіленген заңға сəйкес , есеп беру кезеңі барлық кəсіп-орындар үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралық болып бекітілген.
Бірінші қорытынды есеп жылы болып кəсіпорынның жаңа-дан құрылған күнінен бастап немесе кəсіпорынның қайта ұйым-дастырылған уақытынан, яғни тіркелуінен басталып сол жыл-дың 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы саналады.
Егер кəсіпорын тіркеуден 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өткен жағдайда, ол кəсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі жылдан басталады. Кəсіпорынның тіркеуден өткенге дейінгі операциялары бойынша шығындары алғашқы жасалатын бухгалтерлік қорытынды есепке қосылады.
Қаржылық есептілік № 30 ҚБЕС-на сəйкес жасалады. Қар-жылық есептілік, оған аудиторлық жəне тексеруші комиссияның қорытындысы берілгеннен кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар жұмыс шот-тар жоспарының классификациясына сəйкес болуы керек.
Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқы құжаттары болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Ко-дексінің талаптарына жəне жақтардың келісіміне сəйкес рəсім-делетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар жəне т. б. табылады. Бастапқы құжаттар 1994 жылғы 16 қарашадағы № 73 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистикалық комитетімен бе-кітілген бастапқы есеп құжаттарының ведомствоаралық нысан-дар альбомына сəйкес рəсімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |