9.2. Құрылыс кәсіпорынының қаржылық қорытынды есептілігінің ерекшелігі
Шаруашылық есеп саясатында барлық өзгерістерді, жаңа-лықтарды жəне құрылыс қызметінің есебінің құрылысқа қаты-сушылардың өзара арақатынастарының таңдалған схемасы ерек-шеліктерін көрсету керек. Мұны жасаудың негізі мен базасы ретін пайдаланылатын құжаттар:
— БЕС 12 “Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім” 21.05.97 жылы № 7 жəне 14.02.03 жылы № 61 нұсқаулар бойынша өзгерістерімен енгізілген;
— 29.10.02 жылы № 542 ҚР ҚМ “Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың концептуалды негіздерін бекіту туралы” бұйрығы.
Қаржылық есептілікті тапсыру көзделген есепті кезең аяқ-талғанда субъект алдында қаржылық ақпаратты ұсынудың дұрыстығы мен толықтығы туралы сұрақ тұрады.
Мердігер құрылысты аяқтаса да, аяқтамаса да мыналарды көрсету керек: есепті кезеңдегі əрбір құрылыстық-мердігерлік шарттың табыс сомасын, сонымен қатар құрылыстық-мердігер-лік шарт ағымдағы есепті кезеңде ашылып, жабылған жағдайда, табыс сомасы дұрыс анықталады жəне объектіні қабылдау ак-тісіне қол қойғаннан кейін тапсырыс беруші қабылдаған көлем-де ашылады.
Объектінің құрылысы есепті кезеңде аяқталмаған жағдайда, есептілікте танылатын жəне ашылатын табыс есепті кезеңдегі танылған көлемі қол қойылған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілері бойынша орындалған жұмыстардан есепті кезеңде танылған шығындарды шегергендегі айлық табыстар сомасына тең.
Есепті кезеңде танылған табыс көлемін анықтауға пайдала-нылатын тəсіл. Жұмысты орындау пайызын анықтауға пайда-ланылатын нұсқа.
Есепті кезеңнің соңында аяқталмаған құрылыс бойынша мердігер мыналар туралы қосымша ақпаратты ұсыну керек:
— шеккен жалпы шығындар сомасы;
— алынған аванстар сомасы;
— ұстап қалынған сома.
Мердігер көрсетуі қажет:
— актив ретіндегі мердігерлік келісім бойынша тапсырыс берушінің қарызының жалпы сомасын;
— міндеттеме ретіндегі мердігерлік келісім бойынша мерді-гердің қарызының жалпы сомасын.
Мердігерлік келісім бойынша тапсырыс берушінің қары-зының жалпы сомасы тапсырыс берушінің дебиторлық боры-шын білдіреді, ал мердігерлік келісім бойынша мердігердің қарызының жалпы сомасы мердігердің кредиторлық қарызын білдіреді.
Мердігерлік келісім-шарт бойынша ақпаратты ашу процесін мына мысалдан қарастырайық. Есепті кезеңнің соңында бірінші құрылыс нысанының жылдық тұрақты бағасы бар мердігерлік келісім-шарт бойынша келесі ақпараттары бар болған жағдайда:
Ашылуы қажет ақпараттар
|
Келісім шарт 1-
|
Келісім шарт 2-
|
Табысты тану принципіне сəйкес есептелінген мердігерлік келісім шарт бойынша табыс
|
200,0
|
175,0
|
Шығысты тану қағидасына сəйкес есептелінген мердігерлік келісім шарт бойынша шығыс
|
60,0
|
107,0
|
Болжамды зияндар
|
—
|
20,0
|
Есептелінген табыстар минус болжамды зияндар
|
104,0
|
48,0
|
Кезеңде шеккен шығындар
|
60,0
|
150,0
|
Мердігерлік келісім-шарт бойынша табыстар
|
200,0
|
175,0
|
Аралық шоттар
|
25,0
|
170,0
|
Мердігерлік келісім-шарт бойынша фактураланбаған табыстар
|
175,0
|
75,0
|
Алынған аванстар
|
150
|
150
|
Табысты тану принципіне сəйкес есептелінген мердігерлік келісім шарт бойынша табыс
|
200,0
|
175,0
|
Шығысты тану қағидасына сəйкес есептелінген мердігерлік келісім шарт бойынша шығыс
|
60,0
|
107,0
|
Осылайша, бірінші келісім-шарт үшін есепті кезеңде таны-луы тиіс табыс сомасы 200,0 мың теңгені құрады. Мердігерлік келісім-шарт бойынша шығындар жəне танылған табыстар сомасы (60 + 140) = 200,0 мың теңге. Алынған аванстар — 150 мың теңге. Актив ретіндегі мердігерлік келісім бойынша тапсы-рыс берушінің қарызының жалпы сомасы (0 + 140) – 25 = 175 мың теңге.
Екінші келісім-шарт үшін: есепті кезеңдегі табыс сомасы — 175,0 мың теңге. Мердігерлік келісім-шарт бойынша шығындар жəне танылған табыстар сомасы (107 + 48) = 156 мың теңге. Алынған аванстар — 150,0 мың теңге. Мердігердің қарызының жалпы сомасы (107 + 48) – 170 = (15) құрады жəне олар мін-деттеме ретінде есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |