Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»



жүктеу 0,9 Mb.
бет1/5
Дата22.05.2018
өлшемі0,9 Mb.
#16293
  1   2   3   4   5



Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау,

есепке алу, есептен шығару және

кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Министр В. Божко

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің

20__ жылғы «___» ______

№____бекітілді



Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтық қорғау мүлкін сақтау, есепке алу, жинақтау, ұзақ сақтауға қабылдау, ауыстыру, жаңарту, есептен шығару, кәдеге жарату үшін құжаттамаларды беру және дайындау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылады.

3. Азаматтық қорғаныс мүлкіне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік аспаптары, жеке медициналық қорғану, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа материалдық-техникалық құралдар жатады. Азаматтық қорғаныс мүддесінде пайдалану үшін ұйымдар құралдарын тиісті органдардың бюджет қаражаты есебінен құрылған немесе сатып алынған.


2. Сақтау
Параграф 1. Қойма, жабдық аумағының орналасуы
4. Қойманың орналасқан орны қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, өрт қауіпсіздігін және қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің сапа жағдайына теріс ықпал ететін кәсіпорындардан қауіпсіз алшақтықта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын есепке ала отырып, таңдалады. Жер учаскелерін тасқан су мен басқа да сумен баспауы тиіс.

5. Қоймалар кірме жолдардан, электр және сумен жабдықтау көздерінен тікелей жақын жерде орналасады.

6. Қойма аумағы қоршалады және түнгі уақытта жарықтандырылады. Қойма тәулік бойы күзетіледі және күзет сигнализациясымен жабдықталады.

7. Қойманың сақтау орын «Өрт қауіпсіздігі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталады.

8. Қоймаға су алатын, өрт сөндіру суаттары, кіреберістер схемасы, отқа төзімді ғимараттар, құрылыстар және сол сияқты толық сипаттай отырып, «Өрт сөндірудің жедел карточкасы» жасалады.

9. Қоймаға кірме жолдар жарамды жай-күйде ұсталады және жылдың қандай да болмасын уақытында көліктің өтуін қамтамасыз етеді.

10. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қойманың барлық аумағы тиісті маңдайшалармен және бағыттауыштармен жабдықталады.

11. Қойманың телефондандыру жүйесі сыртқы және ішкі байланысты, беке және өрт сөндіру сигнализациясын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, ұйымдастырылады.

12. Қойма аумағында азаматтық қорғаныс мүлкінің қорларын сақтауға арналған сақтау орны орналасады, ол өз құрылысы, жоспарлау, техникалық жай-күйі және жарақтануы бойынша олардағы бұйымдардың толық сақталуын, қандай да болмасын уақытта және белгіленген мерзімдерде қорларды беруді қамтамасыз етеді.

13. Сақтау орны азаматтық қорғаныс мүлкінің қорларын жедел тиеу үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарымен жарақтандырылады.

14. Қойма үй-жайлары кірпіштен және ағаштан, темірбетоннан немесе жинақтама темір конструкциялардан жасалған болуы мүмкін. Ағаштан жасалған сақтау орны отқа төзімді құраммен, олардың түйісу орындары топырақ-антисептикпен өңделеді.

15. Барлық сақтау орындары нөмірленеді. Әрқайсысына ернеуден 0.5 қашықтықта 50х50 см. мөлшерлі ақ шаршыда, цифра биіктігі 30 см, қызыл жиек ені 2.5 см. қаптал қабырғаларына безектелетін реттік нөмір беріледі.

16. Сақтау орындарының есіктері (қақпақтары) сондай-ақ реттік нөмірмен нөмірленеді. Нөмір диаметрі 25 см ақ шеңберде есіктерге жазылады, цифр биіктігі 15 см, қызыл жолақпен жиектелген, ені.

17. Барлық цифр қара түспен жазылады. Ашық алаңдарға арналған нөмірлік белгі қалыңдығы 0.8 –1 мм. Қалбырдан жасалады, жазулар трафаретпен жазылады. Белгі жерден 2 м биіктікте темірбетон бағанына бекітіледі және алаңға кірер жолдың оң жағынан орнатылады.

18. Қоймада жылытатын және жылытылмайтын сақтау орындары болуы мүмкін және азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, орналастыру, жарамды жай-күйде ұстау, қорларды қабылдау және беру бойынша жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

19. Жылытылатын қойма үй-жайларында жылыту жабдығын пайдалануға жауапты (әдеттегідей сақтау орнының бастығы) тағайындалады,өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді.

20. Сақтау орындары:

азаматтық қорғаныс мүлкін жеткізуге, орауын шешуге және орауға арналған учаскемен;

техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге арналған учаскемен;

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жабдықталған консервациялау және қайта консервациялау бойынша жұмыс істеу учаскесімен;

сақтау орны бастығының жұмыс орнымен;

мүлікті, аспапты, арнайы және сырт киімді сақтауға арналған кіші қоймамен жабдықталған.

21. Сақтау орны бастығының жұмыс орны:

Картотекаға арналған арнайы үстелмен;

Қызметтік құжаттама мен анықтама әдебиетін сақтауға арналған металл шкафпен (жәшікпен);

байланыс құралдарымен;

компьютерлік техникамен;

бұйым орауын шешуге және орауға арналған аспаппен қамтамасыз етіледі.

22. Әр сақтау орнында температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдығын өлшеуге арналған аспаптар (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) орнатылады.

Аспаптар еденнен 1,5 м. деңгейде және желдеткіш саңылаулары мен сақтау орнының орта бөлігінде орналасқан үй-жайлардың ішкі қабырғаларындағы жылыту қондырғыларының есіктерінен 2 м. жақын орнатылады.

23. Сақтау орнының бастығы мына:

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтау орнының паспортын;

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтау орнындағы температура мен ауаның ылғалдығын тіркеу журналын;

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша cақтау орнын тексеретін жазба кітапшасын;

ұзақ және ағымдағы үлес үшін бөлек осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалған жылдары бойынша азаматтық қорғаныс мүлкі бұйымдарын есепке алу кітапшасын;

бұйымдарды зертханалық бақылау үшін қаралатынның, іріктелетіннің мерзімдер мен саны кестесін;

азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын орналастыру жоспарын;

азаматтық қорғаныс мүлкі бұйымдарын сақтау, беру, сақтау, ұстау және пайдалану жөніндегі басшылыққа алатын құжаттар, анықтамалық әдебиетті жүргізеді.

24. Техникалық құжаттама қалқанында:

Сақтау орны бастығының функционалдық міндеттері;

құлақтандыру сигналдары бойынша іс-қимылдары туралы нұсқаулық;

күштер мен құралдардың есептобымен өрт болған жағдайдағы іс-қимылдар туралы нұсқаулық;

сақтау орнында жұмыс істеген кезде қауіпсіздік қағидасы мен шараларды сақтау жөніндегі нұсқаулық;

әр сақтау орнынан азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын эвакуациялау схемасы;

өрт сөндіру есептобының тізімі;

жабдық пен мүлік тізімдемесі. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кесте көрсетілген;

25. Сақтау орындарының қақпақтары (есіктері) сырттан ғана бекітіледі, сыртқа ашылады немесе конструкциялар мен габариттер бойынша ысырылады, механикаландыру құралдарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қақпақ саны азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын барынша жүк тиеу шептерін қамтамасыз етуді есепке ала отырып, және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келтіріліп есептеледі.

Сақтау орындарындағы сыртқы қақпалардан басқа сыртқы қақпалардың төменгі жағындағы ішкі торлы қақпақтар немесе люктар орнатуға ұсыным беріледі.

26. Сақтау орындарының едендері үгінділердің, құмның шаңның және басқаның пайда болуына жоғарғы жақтың төзімділігін қамтамасыз етеді, сақтаудағы бұйымдар мен мехникаландыру құралдары жүгімен орнатылатын немесе қозғалатын жүктемені көтереді;

27. Су бетінің ағуынан сақтандыру үшін сақтау орындары сыртқы қақпаларының алды төсеніш деңгейінен жоғары орналастырылады және кеміргіштердің кіріп кетуінен қорғау жеңіл шешілетін күнқағармен жабдықталады.

28. Сақтау орындарының терезелерін желкөздерімен және қорғайтын металл торлармен (шілтермен) жабдықталады, перделенді және жартылай жарық түсетін шынымен шынылайды немесе ішкі жақтан ашық бояумен боялады.

29. Сақтау орындардағы жарықтандыру табиғи немесе жасанды (электрлі) болуы мүмкін. Электрлі жарықтанған кезде электр өткізгіш өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келеді. Авария болған кезде авариялық жарықтандыру көзделеді.

30. Осы Қағидаларға 8 - қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын орналастыру үшін сақтау орны стеллаждармен, шкафтармен, тегендермен, орамда және орамы жоқ бұйымдардың қалыпты сақталуын қамтамасыз ететін конструктивтік тіреуіштерімен жабдықталады.

31. Стеллаж жабдық сақтау орнының ішкі көлемін аса тиімді пайдалану, табиғи жарықтандыруды, сақтаудағы бұйымдарды бақылау және қажетті операцияларды орындау үшін ыңғайлылықты қамтамасыз ету есебімен орнатылады.

32. Стеллаждар мен тегендер қабырғадан 0,6 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Сақталатын бұйымдарға байланысты стеллаждар арасындағы өту жолдары 0,8-1,5 м жол беріледі.

33. Сақтау орнының орта бөлігі бойынша, әдеттегідей өстік бағытқа жағалай ені 1,5-2 м басты өту жолы қалдырылады. Есіктер (қақпақтар) бойлық қабырғаларда орналасқан жағдайда олардың арасында сақтау орнына көлденең есіктердің (қақпақтардың) барлық ені бойынша өту жолдары қалдырылады.

34. Сақтау орындарын желдету жауын-шашынсыз ауа райында, 5 м/с жел жылдамдығына дейін болған кезде сақтау орнындағы салыстырмалы ауа ылғалдығы 60% асатын (егер бұл ретте сыртқы ауаның ылғалдылығы сақтау орынындағыдан төмен болса) болса жүргізіледі. Сақтау орындарын желдету үшін қақапақтарды, (есіктерді), желкөздерін, желдеткіш құбырларын, люктарды және сол сияқты ашады.

Желдету ауаның тез алмасуымен, бірақ үй-жайлардағы температураның төмендегені білінбей қамтамасыз етіледі.

35. жылытылатын сақтау орындарында ауа температурасын +15 до +20 С, ауа ылғалдылығы 70% жоғары еместей етіп ұстау керек. Салыстырмалы ауа ылғалдылығының 90%-ға дейін қысқа мерзімде жоғарлатуға жол беріледі.

азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын сақтаудың оңтайлы жағдайлары:

40-55% шектегі салыстырмалы ауа ылғалдылығы;

жауын-шашынның, желдің және ылғалдың сұйық түрге айналуының болмауы;

тікелей күн радиациясының болмауы;

ауада тотығу-белсенді агенттердің болмауы;

биологиялық факторлардың болмауы болып табылады.

36. Сақтау орындарында температура мен салыстырмалы ауа ылғалдылығын өлшеу жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан 15-ке дейін жүргізіледі.

37. Сақтау орындарында:

шылым шегуге және ашық отты пайдалануға;

тұрмыстық электржылытқыш аспаптарды қолдануға;

уақытша электрөткізгішін орнатуға;

сақтау орындарын жарықтандыру үшін майшамдарды, керосин лампаларын және ашық отты басқа аспаптарды қолдануға;

мүлікті есепке алуда немесе мүліктік тізімдемеде жоқ мүлікті сақтауға (уақытша болсын);

белгіленген нормалардан тыс бұйымдармен сақтау орнын толтыруға

жыл мезгіліне қарамастан қажетсіз сақтау орындарының есіктерін ашық тастауға, қатты жел, найзағай, тұман және жауын-шашын кезінде үй-жайжы желдетуге;

сақтау орнының жанында: шылым шегуге, алау жағуға, құрғақ шөпті жағуға, шөпті кептіруге және сақтауға, себу жұмыстарын жүргізуге, жанар-жағар май құю пункттерін ашуға және жанар-жағар май материалдарды сақтауға тыйым салынады.

38. Қойма аумағына кіруді, сондай-ақ аумақтан шығуды бақылау үшін қойманың бақылау-өткізу пункті әдеттегідей жеке үй-жайда ұйымдастырылуы мүмкін, онда:

рұқсат қағаздарын сақтауға арналған жәшіктермен шкаф;

жабылатын жәшіктермен үстел;

орындықтар (табуреткалар);

телефон байланысы және сигнализациялау құралдары;

жазуға арналған құралдар;

сағаттар;

термометр;

медициналық қобдиша;

сыртқы киімге арналған ілгіш;

мүлік тізімдемесі;

күзету бойынша нұсқаулық;

кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітапшасы;

машиналардың кіруін және шығуын тіркейтін журнал;

рұқсат қағаздары мен басқа құжаттар үлгілері көзделеді.

Бақылау-өткізу пункті авариялық жарықтандырумен және өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

39. Қойма және сақтау орындарының аумағына бөгде адамдарды жіберу (оның ішінде қойма жұмысын тексеру үшін келген адамдар) қарамағында қойма бар орган (ұйым) басшысының тек жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларда (авариялар, жедел жөндеу және сол сияқты) келген адамдарды аумаққа жіберуге тіркеу журналында белгілей отырып, қарамағында қойма бар ұйым басшысының ауызша рұқсаты бойынша қойма меңгерушісі рұқсат береді.



Параграф 2. Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын

сақтаудың жалпы қағидалары

40. Азаматтық қорғаныс мүлкі қорлары жабдықталған сақтау орындарында, қақпағы жоғары қойылған қатарлап салынатын зауыттық орамада, жәшіктерде орналастырылады.

41. Қатар-қатар қойылған мүліктер төсемде орналастырылады, оның биіктігі еден үстінен 0,25 м кем емес. Төсем бұйымдарымен төменгі қатарларды жақсы желдету мақсатында тұтас лагтарға емес бағандарға орнатылады.

42. Әр сақтау орындарында қатар-қатар қойылған мүліктер ретімен нөмірленеді. Әр қатар-қатар қойылған мүліктерде (стеллажда) көрінетін жерде, ортасында еденнен 1,5 м. биіктікте осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес толтырылған стеллажды затбелгі бекітіледі.

Қатар-қатар қойылған мүліктерге ұсынылатын биіктік:

Сүзетін, оқшаулайтын газқағарлар мен баларды қорғау камералары үшін - 7-8 жәшіктен артық емес;

регенерирацияланатын патрондар үшін - 7 жәшікке дейін, бұнда жәшіктердің жоғары қатарлары тоқтатудан кемінде 1 м жерде тұруы тиіс;

теріні қорғау құралдары үшін - 6-7 жәшікке дейін;

химиялық барлау құралдары үшін - 6 жәшікке дейін;

дозиметрлік аспаптар, газсигнализаторлары мен оларға жөндеу жиынтықтары және, орам жәшіктерінде сақтау кезіндегі байланыс құралдары үшін - ыдысқа рұқсатберілген жүктемені есепке ала отырып.

Қатар-қатар қойылған мүліктер ені - 2 жәшік.

43. Азаматтық қорғаныс мүлкі қорын сақтау орнында:

Номенклатура бойынша (әр номенклатура қатар-қатар қойылған мүлікте сақталады);

Партиялар бойынша (бір ғана номенклатураның әр партиясы басқа партиядан ерекшеленеді).

44. Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау шарттары осы Қағидаларға 10-қосымшада, бірлесіп сақтауға жол берілуі осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген.

Параграф 3. Жеке қорғану құралдарын сақтау ерекшеліктері
45. Сүзгіш газқағарларды, балалар қорғану камераларын жылытылмайтын құрғақ сақтау орындарында сақтайды, сақтау орындарының терезелері қараңғыланады. Газқағарларды, балалар қорғану камераларын сақтаған кезде жәшіктерге жауын-шашынның түсуіне жол берілмейді.

46. Сүзгіш газқағарларды, балалар қорғану камераларын қарған кезде:

жәшіктерде таңбалаудың болуы мен айқындылығын, пломбалардың, бітеуіштердің, ілмектердің бүтіндігін, ыдыстың зақымданбауын;

ыдыс жай-күйін (барлық жәшіктерді сырттан қарау);

Газқағарларды, балалар қорғану камераларын толымдылығы мен сапасын (таңдап бақылау) тексереді.

Зақымдануларды тапқан кезде - жәшіктерді ашады және ондағы барлық газқағарларға, балалар қорғану камераларына байқау жүргізеді.

47. Таңдап бақылауды ашылған жәшіктердегі барлық газқағарлардың, балалар қорғану камераларының болуы мен толымдылығын тексере отырып, сытқы байқаумен жүзеге асырады.

48. Газқағарлардың сүзгіш – сіңіруші қорабын бояу сапасын, майысудың әсіресе қырласы мен түбінде болмауын, қалпақтарын толық жабылуын және сынамалардың дұрыс орнатылуын, шихталарды қайта төгу және төгудің болмауын тексереді.

49. Газқағарлардың бет жағын тексерген кезде резеңкенің жай-күйін (жарылудың, бұзылудың болмауын), клапандардың болуы мен жай-күйін, металл бөлшектеріндегі кесу қосындыларында майысу мен таттың болмауын, клапанды қорапты бекіту тығыздығын мен ұпайлы оқтізбегін, мембранды қондырғылардың жай-күйін тексереді.

50. Газқағарларға арналған сөмкелерді тексерген кезде матаның тұтастығын, зең мен шіру белгілерінің болмауын, фурнитуралардың (ілмектер, белдіктер, баулар, айылбастар) болуы мен жарамдылығын тексереді.

51. Балалар қорғану камераларын тексерген кезде:

резеңкеленген мата тысындағы бұзылулардың, жыртылулардың болмауын; терезенің жапсырма контуры бойынша тігістің жапсырма лентасы мен резеңкеленген матаның қабатталуының болмауын; иық тоқыма бауы бұзылуын, қапсырмадан оның бекітілуінің үзілуін каркас бөлшектерінің деформациясын, герметикаланатын құлып тақтайшасының бұзылуын, диффузиялық-сіңіргіштік материалдың бұзылуы мен зақымдануын, шілтерлердің зақымдануын, диффузиялық-сіңіргіштік элементтердің маңдай терезлері мен рамаларының жарылуы мен басқа тұтастығының бұзылуын тексереді.

52. Газқағарлармен, балалар қорғану камераларымен қатар-қатар қойылған мүлікті байқау және төсеудегі ақаулықтарды жою аптасына бір реттен сирек емес жүргізіледі.

53. Оқшаулау газқағарларын жылытылмайтын сақтау орындарында сақтайды. Оқшаулау газқағарларының, оларға регенеративтік патрондардың металл бөлшектерін, тораптар мен қосындыларды май мен майлаулар майлауға болмайды.

54. Оқшаулау газқағарларын қараған кезде:

бет жағы мен тыныс алу қабында тесілудің, жыртылудың, жарықтардың болмауын, көзілдірік шынысының жай-күйін;

ернемектерге артық қысым мен бұрандалы түтік клапанын қосу беріктігін, бұрандалы түтік ернеуінің қияқесігі мен сақиналы кертеште кертіктің болмауы, металл серіппе мен артық қысымның клапан тегінің күйінің дұрыстығын (ауытқушылық пен майысуын) тексереді.

каркас бүтіндігін (сынулардың, майысулардың болмауын), бастырманың, баудың, істіктің, тойтарғыштың, тарта лентасының және құлыптың болуы мен бекіту беріктілігін;

сөмке бүтіндігін (бұзылулардың, тесілулердің, зеңнің) болмауын, карабиндер құлыптарының, айылбастардың, белбеулердің болуы мен жарамдылығын, сондай-ақ оларды бекіту беріктігін, сөмке қалтасында ведомсоть бойынша аспаптар мен қосалқы бөлшектердің болуын;

газқағарлардың металл бөлшектері мен тораптарында таттың болмауын тексереді.

55. Регенеративтік патрондарды қараған кезде патрондағы пломбылардың болуын және жарамдылығын, таңбалаудың болуы мен сапасын, термоиндикаторлы бояудың ашық-қызғылт жолағының болуын, қатты майысулардың, саңылаулы жарықтардың, бояулардың ойылып түсуі мен өшуін, патрондар корпусында және қақпағында тат басудың болмауын, бітеуіштің жабылуы тығыздығын тексереді.

56. Жіберу брикеттері мен оттегін қосымша беру брикеттерін қараған кезде брикетті стақанды жоюға кедергі жасайтын қаптама майысуларының, болмауын, қаптама бояуларының ойылып түсуі мен өшуін, тат басуын, резеңке төсеміндегі бұзылулар мен саңылау жарықтарын, қатты үрленген резеңке төсемдері мен қаптамадағы саңылау тесіктерін тексереді.

57. Регенеративтік патрондар, жіберу брикеттері мен оттегін қосымша беру брикеттері отқауіпті разрядқа жатқызылады және оларды ақаусыз төбе мен жанбайтын, құрғақ, жақсы табиғи және жасанды желдеткішті жылытылмайтын сақтау орындарындабұйымдардың басқа түрлерінен бөлек сақтау ұсынылады; көрсетілген бұйымдарды жылытылатын сақтау орындарында сақтауға тыйым салынады. Сақтау орындарындағы оңтайлы температура жазғы уақытта + 35 0 С жоғары емес, салыстырмалы ылғалдылық 80-90% артық емес.

58. Регенеративтік патрондармен, жіберу брикеттерімен қатар-қатар қойылған мүлікті қарау күн сайын жүргізіледі. Регенеративтік патрондарда, жіберу брикеттерінде азық-түліктің сумен, бояумен, ескі-құсқы нәрсемен, қағазбен, маймен, киіммен, резеңкемен және басқа материалдармен жанасуына жол берілмейді, өйткені бұл өздігінен жануға әкеп соғуы мүмкін.

59. Регенеративтік патрондар мен жіберу брикеттерін тікелей күн сәулелерінен сақтандыру және жеке қатар-қатар сақтау қажет (қатар арасындағы қашықтық 1 м кем емес). Регенеративтік патрондармен және жіберу брикеттерімен жәшіктерді лақтыруға немесе домалатуға, қақпағын төмен қаратып немесе қырға қоюға жол берілмейді.

60. Пакеттерді ашпай респираторларды қараған кезде бұзылулар, тесілулер, биозақымданулардың болуын, дәнекерлеу тігістерінің жай-күйін тексереді. Пакетті аша отырып, қараған кезде демдеуішке тартудың болуын, таспа мен алдыңғы жағының қысқышының бекуін және беріктігін, сүзгіш материалының, сыртқы қабыршығының зақымдануының болмауын тексереді.

61. Респираторлармен қатар-қатар қойылған мүлікті қараудф төсеуде ақаулықтарды жоя отырып, бір аптада 1 рет жүргізеді.

62. Қосымша сүзетін патрондарды қараған кезде ашылған жәшіктерде патрондар санын, патрон массасын көрсете отырып, оларда таңбалаудың болуын, ішкі және сыртқы қылталарда төсеу резеңке сақиналарының болуын, қалпақтар мен тығындардың орау тығыздығын, қораптың кебінуінің болмауын, шихталарды қайта төгуді, биозақымдануларды тексереді.

63. Сақтау орындарында регенеративтік патрондарды, жіберу брикеттері мен оттегін қосымша беру брикеттерін сақтау кезіндегі шаралар жөніндегі нұсқаулықты әзірленеді және бекітіледі

Параграф 4. Теріні қорғау құралдарын сақтау ерекшеліктері
64. Теріні қорғаудың жеке құралдары зауыттық ормада құрғақ, жылытылмайтын сақтау орындарында сақтау ұсынылады. Сақтау орындарының терезелерін қараңғылатады. Теріні қорғау құралдарын қарауды және құрғатуды бұйымдарға тікелей күн сәулелерінің түсуін болдырмайтын орындарда ғана жүргізеді.

65. Теріні қорғау құралдарын қабылдаған кезде– барлық жәшіктерді сырттау қараумен; бұйымдардың толықтырылуы мен сапасын –таңдаулы бақылаумен ыдыстың жай-күйіне назар аударады. Таңдап бақылауды бұйымның сапасын, ашық жәшіктердегі барлық бұйымдардың болуын және толықтырлуын тексере отырып, сырттай қараумен жүзеге асырады.

66. Теріні қорғау құралдарын қараған кезде:

орау парақтарына бұйым болуының, толықтырылуы мен өсуінің сәйкес келуін;

мата тысының жыртылуының, ескіруінің, иіліс орындарында жарықтардың, маймен, желіммен және басқа заттармен ластанудың, материал ажарсыздануының болмауын, бұйымдар тігістерінде желімді ленталар болуын және онда қыртыстың әжімнің болмауын;

тігіс бүгілісіндегі желімді лента ауытқуының, қампаюының және қатпарлануының болмауын;

металл бөлшектерінде тат басудың болмауын;

түймелеу құралдардың жарамдылығын тексереді.

Теріні қорғау құралдарының сақталуына және сапасына бақылау бір аптада бір реттен сирек емес жүргізіледі.

Параграф 5. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарын сақтаудың ерекшеліктері
67. Жылытылатын сақтау орындары болмаған кезде құрғатумен (силикагельмен) полимерлі пленкадан герметикалық тыстарда жылытылмайтын сақтау орындарында радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптарын уақытша сақтауға жол беріледі.

68. Аспаптарды сақтауға салар алдында консервіленеді.

69. Құрғатумен (силикагельмен) полимерлі пленкадан тыстарда аспаптарды орнату арқылы консервациялау тәсілі жылытылатын сақтау орындарында аспаптарды – бір жылдан артық, жылытылмайтын сақтау орындарында – сақтау мерзіміне қарамастан сақтау қолданылады.

70. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарын қабылдаған кезде сақтау орындарындағы консервациялық орамда қатар-қатар стеллаждар мен орам жәшіктерінде сақталады.

71. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарын қабылдаған кезде: ыдыстың жай-күйін - барлық жәшіктер мен орамдарды сырттай қарап, бұйымдар сапасын - таңдаулы бақылаумен тексеріледі. Таңдап бақылау бұйымдардың толықтырылуы мен олардың сапасының (сыртқы түрі бойынша) тексерумен жүзеге асырылады.

72. Химиялық барлау аспаптарын қараған кезде металл корпустары мен бітеуіштері зақымдануының болмауына, шыныдан жасалған жинақталатын бұйымдар жай-күйіне индикаторлы түтікті сақтау мерзіміне, таңбалау сапасына аса назар аударылады.

73. Индикаторлы түтікті қараған кезде:

түтіктер мен ампулалар механикалық зақымдануының, жарықтың, оқ орнының, тесіктің болмауын;

кассеталарға түсті эталондар мен жазуларды жазу сапасын;

түтіктер мен ампуладағы ерітінділердегі толықтырғыштың жай-күйі және боялуы тексереді.

74. Радиациялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарын қараған кезде төсем жәшігінің, аспап қаптамасының жай-күйіне, құлыптардың жарамдылығына, шынының бүтіндігіне, өлшеу аспабы тілінің күйіне, басқару тұтқалары мен тумблерлердің болуына және жарамдылығына, құжаттаманың болуына және оны толтыру дұрыстығына басты назар аударылады.

75. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарының сақталуын және сапасын бақылау және оларға техникалық қызмет көрсету мына мерзімдерде жүргізіледі:

аспапты стеллаждар мен қатар-қатар қойылған мүлікті қарау - бір аптада бір реттен сирек емес;

консервацияланған орамдардың сапасына және кептіргіштің ылғалдану дәрежесіне (индикаторлы қағазды бояу бойынша) партиядан 5% аспаптар (бірақ екі жәшіктен кем емес) - алы айда бір рет;

сыртқы қарау, ашылған тыстардың бақылау қаптарын өлшеу арқылы кептіргіштің жұмыс қабілеті мен бақылау дәрежесін тексеру кіретін тыстарды аша отырып, аспаптардың сапасын таңдап бақылау, партиядан 5% бұйымның индикаторлы түтіктердің сапасын бақылау(бірақ екі жәшіктен кем емес) – бір жылда бір рет;

барлық аспаптарды зертханалық сынау және техникалық қызмет көрсету – дәл бөліктеу мен жұмыс қабілетін тексеру - техникалық құжаттамада көрсетілген мерзімде;

қоректендіру көздерімен жарақтандырылған дозиметрлік аспаптарды сақтау ұсынылмайды.

76. Жинақталатын бұйымдарды (индикаторлы түтіктерді, сүзгіштерді және басқа) ауыстыру (жаңарту) – зертханалық сынаулар нәтижелерін есепке ала отырып, кепілдендірілген сақтау мерзімдерінің өтуі бойынша жүргізіледі.

77. Арнайы машиналар мен оларға тіркемелерді орналастырған кезде ұзақ сақтаудағы асқыш пен доңғалақ түсіріледі.

Әр машина кабинасында сол жақ есіктің әйнегінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітіледі.

78. Аспаптарға кіріктірілгеннен басқа жиынтықтағы гамма-аспаптары бар иондалатын сәулелер көздері (бұдан әрі - ИСК), ЖЖХШ (жылжымалы жөндеу-химиялық шеберхана) арнайы машиналарымен контейнерлер бақылау препаратынсыз сақталады. Бақылаудағы гамма-препараттарды алу жеке үй-жайларда арнайы мөрлеп жабылған қорғасын контейнерлерінде сақталады, оларды сақтау орындары радиоактивтік қауіптілік белгілерімен қоршалады.

79. Радиоактивтік көздермен жұмыс істеу радиоактивтік заттармен, радиациялық қауіпсіздік нормаларымен және радиоактивтік заттарды тасымалдау кезінде қауіпсіздік қағидалармен жұмыс істеудің санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес жүргізіледі. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық және радиоактивтік көздерден авариялар салдарын жою жөніндегі нұсқаулық әзірленеді. Сақтау орны күзет сигнализациясымен жабдықталады. Барлық радиоактивтік көздерді есепке алу осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кіріс-шығыс журналында жалпы есепке алудан жеке жүзеге асырылады. АҚМ бұйымдарына кіріктірілген радиоактивтік көздер және бақылау препараттары карточкаларда және есепке алу кітапшасында аспаппен бірге ескеріледі.

80. ИСК-пен жұмыс істеу кезінде қойманың әр қызметкері дозиметрмен қамтамасыз етіледі. Дозиметрден көрсеткіштерді жұмыс аяқталған соң сақтау орнының бастығы алады және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулелендіру мөлшерін дозасын есепке алу карточкасына жазылады.

81. Бақылау гамма-препараттарды контейнерлерден тек жаншылған ернеу артында пинцетпен резеңке қолғаптарында алуға рұқсат беріледі. Белсенді металл қосылған препараттың ішкі бөлігіне қолмен тиісуге болмайды.

82. Аспаптарға арналған құрғақ элементтер мен батарейкалар зауыт орамасында немесе тік күйде орамасыз сақталады. Оралмаған түрдегі элементтер стеллаждар сөрелерінде бір қатарға орнатылады. Сақтау мерзімі өткен немесе сыртқы түр мен нысанның өзгеруі, ылғалды дақтардың пайда болуы және тарап кеткен электролиттен қабыршықта тұздың болуы және оқшаулау желімбасының, қабыршықтың ағуы сияқты ақаулар табылған элементтер сақтаудан алуға жатады.

83. Радиациялық және химиялық барлаудың арнайы машиналарының байланыс құралдарын сақтау оларды сақтау қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

84. Ұзақ сақтауға тек бірінші және екінші санатты, толық жасақталған және кезекті күрделі жөндеуге дейін белгіленген нормалардан 50% кем емес қор ресурсы бар байланыс құралдары (радиациялық-химиялық барлау машиналарының радиостанциялары) жатады.

85. Ұзақ сақтауға жататын байланыс құралдары бағынысында қойма бар орган (ұйым) басшысының бұйрығымен ресімделеді. Бұйрықта құралдардың атаулары, олардың саны және зауыттық нөмірлері, салу алдындағы техникалық қызмет көрсету көлемі, консервациялау әдістері, жұмыстарды орындау мерзімдері, қамтамасыз ету күштері мен құралдары, жауапты адамдар, сақтау орындары мен бақылау тәртібі көрсетіледі.

86. Жылытылатын сақтау орындарында демонтаж жасалған радиоқұралдар мен байланыс техникасының қосалқы бөлшектері, аспаптары, құралдары (бұдан әрі – ҚАҚ) сақталады.

87. Жылытылмайтын сақтау орындарында орнатылған радиоқұралдармен машиналар, қоректендіру көздері, қышқылды және сілтілі (құрғақ және құрғақ оқталған) аккумуляторлар сақталуы мүмкін.

88. Байланыс құралдары есепке алынады және жиынтықта сақталады. Сақтаудың өзге талаптарын қажет ететін (аккумуляторлар) жиынтықтардың тек сол бөлігін ғана жеке сақтауға рұқсат беріледі.

89. Байланыс құралдарын қатар-қатар қою көлденең қатарлар арасында ауаның айналымы қамтамасыз етеді. Байланыс құралдарын қойған кезде қауіпсіздік қағидалары мен шаралары сақталады.

Электролит құйылған аккумуляторлар жеке сақталады.

90. Герметикаландыру әдісімен консервіленген және жылытылатын сақтау орындарында сақтаудағы байланыс құралдарын жоспарлы қайта консервациялау төрт жылда бір рет, жылытылмайтын сақтау орындарында – үш жылда бір рет жүргізіледі.



Параграф 6. Арнайы өңдеу құралдарын сақтау ерекшеліктері
91. Машиналардан алынған арнайы өңделген резеңке техникалық өнімдері ашық түрде стеллаждарда немесе сөрелерде партия бойынша сақталады. Гидравликалық сынақ кезінде жеңдер 10 минут бойы қысымға төтеп береді. Сынақ кезінде өнімдерде жыланкөздер, ісінулер пайда болмауы және тамшы түріндегі сұйықтық ақпауы тиіс.

92. Газсыздандыратын, зарарсыздандыратын және залалсыздандыратын заттар мен рецептуралар тез тұтанғыш заттар мен сұйықтықтар болып табылады. Оларды сақтау процесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң түрде орындау керек.

93. Дихлорэтан улы техникалық сұйықтықтарға жатады. Оларды сақтау мен жұмыс істеу улы сұйықтықтармен жұмыс істеу нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.

94. Газсыздандыратын заттар мен темір және ағаш барабандағы сілтілі негізіндегі рецептураларды іліп, ал темір бөшкелердегі қышқыл негізіндегі және улы сұйықтықтарды – ашық алаңдарда сақтауға рұқсат етіледі.

95. Дихлорэтан бар алаңдар бөгде адамдардың кіруін болдырмайтын қоршаумен және жабылатын есікпен жабдықталады. Дихлорэтан құйылған ыдыстарға трафаретпен төмен жағынан солдан оңға қарай сары жолақ салынып, сол жақ бұрышына «У. Ажал қауіпті» сөздері, ал ортасында айқастырылған сүйектері бар бас сүйектің суреті басылады. Жоғарғы оң жақ бұрышында «От қауіпті» жазуы жазылады. Ыдыстың сұйықтық ағатын тесіктеріне пломба салынады. Дихлорэтан сақтау орны күн сайын тексеріледі.

96. Ыдысты ашып тексеру, сынама алу, ерікті түрде тұтатуға жататын сұйықтық заттарды басқа ыдысқа құю сақтау орнынан кемінде 25 метр қашықтықта жарақтандырылған арнайы жабдықталған (топырақ үйілген және өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылған) алаңда жүргізіледі.

97. Арнайы өңдеу жиынтықтарын жылытылмайтын үй-жайларда немесе ашық алаңда бастырма астында сақтауға рұқсат етіледі.

Параграф 7. Азаматтық қорғаныс мүлкін қабылдау және шығару
98. Сақтауға келіп түсетін азаматтық қорғаныс мүлкін қабылдау үшін ұйым басшысы тұрақты жұмыс істейтін қабылдау комиссиясын тағайындайды.

99. Өнім берушіден азаматтық қорғаныс мүлкін қабылдау кезінде қабылдаушы сол жерде ораманың, ыдыстың, пломбаның тұтастығын және іліспе құжаттарда көрсетілген салмақ пен орын санының сәйкестігін тексереді,

100. Бүлінген ыдыс, орама, орындардың жеткіліксіздігі мен салмақтың сәйкессіздігі анықталған кезде қабылдаушы жүкті кіргізбестен, өнім берушіден тауарлық-көліктік жүкқұжатына белгі қоюды немесе акті толтыруды талап етуге міндеті.

101. Сақтауға келіп түскен азаматтық қорғаныс мүлкін комиссия олардың келіп түскен сәтінен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей қабылдайды.

102. Қабылдау комиссиясы өнімдерді қолданыстағы мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттарға дәл сәйкестікте саны, сапасы, жиынтығы, сондай-ақ жеткізілетін өнімнің сапасы мен жиынтығын куәландыратын ілеспе құжаттар бойынша қабылдайды. Аталған іліспе құжаттардың немесе олардың кейбірінің болмауы келіп түсетін өнімдерді қабылдауды тоқтатпайды, жетіспейтін құжаттар өнім беруші-ұйымнан сұратылады.

103. Қабылдау актісі әрбір есеп немесе шот бойынша жеке-жеке екі данада жасалады; актінің бір данасы азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға жүкқұжатты ресімдеу үшін ұйымға ұсынылады.

104. Егер мүлік бір өнім берушіден бір мезетте бірнеше есептер немесе шоттар бойынша қабылданса, бір ортақ қабылдау актісін жасауға рұқсат етіледі.

105. Келіп түсетін өнімнің, ыдыстың немесе ораманың саны, сапасы, жиынтығы немесе белгіленуі МЕМСТ (техникалық шарттар) талаптарына не белгілену мен ілеспе құжаттарда көрсетілген сапасын куәлендыратын деректердің сәйкеспеуі анықталған жағдайда азаматтық қорғаныс мүлкін қабылдау тоқтатылады. Қабылдаушы өнімдерді қабылдауды жалғастыру және екіжақты акті жасау үшін жіберуші немесе әзірлеушінің өкілін шақыртады.

106. Сақтау орнының бастығы қабылдау актісінің негізінде келіп түскен азаматтық қорғаныс мүлкін мөлшерлік есепке алу карточкалары бойынша сақтауға алады және оларды атаулары, көлемі, сұрыптары, белгілері, партиялары бойынша орналастырады.

107. Өнімдерді карточка бойынша есепке алу ұйымның қоймаға берген наряд (жүкқұжат) негізінде операция жасалған күні жүргізіледі. Жүкқұжатқа басшы қол қояды.

108. Физикалық сынақтар мен химиялық талдаулар жүргізу үшін үлгілер мен сынамалар ретінде берілген ұзақ мерзімді сақталатын өнімдер бақылау нәтижелері негізінде сақтауға қойылады және есептен шығаруға дайындалады.

109. Азаматтық қорғаныс мүлкіне сынақ немесе талдау жүргізу үшін тек басшының жазбаша рұқсатымен беріледі, бұл есепке алу карточкасында көрсетіледі.

110. Азаматтық қорғаныс мүлкін беру туралы тиісті органның нұсқауын алған кезде сақтау орнының бастығы мүлікті беруге дайындайды.

111. Азаматтық қорғаныс мүлкін беру наряд (жүкқұжат) бойынша қабылдаушының сенімхат ұсынған кезінде беріледі. Мүлік беруге қысқа мерзім ішінде кезек тәртібімен дайындалады. Нарядтың екі данасында «Іс жүзінде жіберілді» бағаны толтырылады.

112. Азаматтық қорғаныс мүлкін қабылдап алуға жауапты ұйымның өкілі нарядтың екі данасында да қол қояды, бір данасын ұйымнан қабылдап алушы алады.

Параграф 8. Азаматтық қорғау мүлкін жаңарту және алмастыру
113. Сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкінің сапасын ұстап тұру мақсатында оны уақытылы жаңарту және алмастыру жүргізіледі.

Азаматтық қорғаныс мүлкінің санаттары – олардың техникалық (сапалық) жай-күйіне байланысты белгіленетін есептік сипаттары. Радиациялық және химиялық қорғау құралдарын санатарға жатқызу олардың санаттарын белгілеу және құжат жүзінде ресімдеу немесе бір санаттан басқа санатқа ауыстыру мақсатында жүргізіледі және осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетілген.

Қордағы мүлік сақтаудың шекті мерзімі өтуі бойынша, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттармен белгіленген нормативтік көрсеткіштерден ауытқуы анықталған кезде жаңартуға жатады.

Жеке қорғану құралдарын, радиациялық-химиялық барлау мен дозиметриялық бақылау аспаптарын шекті сақтау мерзімі осы Қағидаларға 16-қосымшада көрсетілген.

Зертханалық сынақтар өткізу мерзімдері: бірінші рет – сақтаудың кепілді мерзімі өтпей тұрып алты айдың ішінде; екінші рет – сақтаудың кепілді мерзімі өткеннен кейін бес жыл ішінде және кейіннен бес газқағардан, қосымша патрондар мен осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысанда зауыттық партиядан алынатын балалар қорғау 2 камерсы үш жылда бір рет өткізіледі. Шекті сақтау мерзімдері өтіп кеткен мүліктерге зертханалық сынақтар өткізілмейді.

114. Тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамайтын және моральдық ескірген ретінде жарақтардан алынған мүлік алмастыруға жатады.

115. Жаңарту және алмастыруға жататын мүлікті есепке алу есепке алу карточкаларымен қоймада жүргізіледі. Есепке алу деректері негізінде қойма қоректену мен басқа мүлік көздерін жаңартуға өтінім жасайды.


жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау