1.2. Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі
Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланыс-ты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандар-тының негізін ала отырып жасалады . Яғни, стандартта көрсе-тілген түсім жəне мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тəртіпті анықтайды:
— біріншіден, түскен түсім келісім бойынша жəне байла-нысты болуы;
— екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұ-мыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.
Есептеудің тəртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:
1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өз-геруіне байланысты құбылмалы;
2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.
Келісім əрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тəн ерекшелігінің бо-луына байланысты.
Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тəсіл болып саналады.
Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кəсіп-орындары жалпықұрылыстық жəне мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипа-тына байланысты құрылыс-монтажды кəсіпорындар бас мер-дігер жəне субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндіріс-тік байланыстың ұзақтығына қарай кəсіпорындар тұрақты жəне жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді.
Тұрақты кəсіпорындар ұзақмерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кəсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осын-дай кəсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.
Құрылыс-монтаж кəсіпорындары «өмірлік циклына» байла-нысты құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:
құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;
жобалау-құрылыс фирмалары;
ғылыми жобалау-құрылыс фирмалары;
барлық жұмыстарды құрайтын жəне конструкциялар мен құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер.
Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тəн. Құ-рылыс кəсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлер-ден тұрады:
негізгі өндіріс — құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимарат-тар мен қондырғыларды капиталды жөндеу;
қосымша өндірістер;
өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (əлеуметтік) сала. Өндірісті бағыты бойынша классификациялау — негізгі жəне қосымша өндірістің, əлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады.
Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгал-терлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары — «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8010 «Негізгі өн-діріс», 8020 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 «Қосалқы өндірістер», 8040 «Үстеме шығыстар» белгі-ленген. Шығындардың деңгейін бақылау жəне сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түр-леріне байланысты топтастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |