1-тақырып қҰрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


Аяқталған құрылыс қорытындысы арқылы табыс пен шығынды тану



жүктеу 442,5 Kb.
бет23/29
Дата12.09.2020
өлшемі442,5 Kb.
#31401
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
6. Краткое содержание лекций

7.2. Аяқталған құрылыс қорытындысы арқылы табыс пен шығынды тану
Аяқталған құрылыс нысанының есептеулері қорытындылай келе, табыс пен шығындар құрамын анықтауға септігін тигізеді. Əрине, құрамына мəн беретін болсақ келесідей тануға болады.

Табыс жəне шығындар құрамы — мердігерлік құрылыс мə-мілесі бойынша табыстар:

— құрылыс жұмыстарының бастапқы келісім құны бойын-ша мəміле өзгертілуіне байланысты табыс;

— наразылықтан түскен табыс;

— артық төленген сома (егер табыс əкелетін болса, үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса);

— құрылыс келісім-шартының өзгеруі — табыстың кемуіне немесе артуына əкелетін тапсырыс берушінің қолда бар келісімі шартқа жұмыс көлеміне, уақыт ұзақтығына байланысты өзгер-тулердің енгізілуі.

Мəміленің өзгертілген сомасы табысқа енеді, егер:

— тапсырыс беруші өзгертулерге келісімін берсе;

— өзгертулер үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса;

— талаптар бойынша табыс — келісім-шартта көрсетілме-ген қосымша шығындарды өтеу үшін мердігердің тапсырыс бе-рушіден сұрайтын сомасы.

Бұндай талаптар табысқа келесі жағдайда ғана енеді:

— егер тапсырыс беруші қосымша шығындарды өтеуге ке-лісімін берсе;

— қосымша төлемнің сомасы үлкен сенімділікпен салысты-рылатын болса.

Көтермелеу төлемдері — келісім-шарттағы талаптар артық орындалғанда төленетін қосымша төлем. Олар табысқа енеді:

— егер нормалар артық орындалса;

— артық төленетін сома үлкен сенімділікпен салыстыры-латын болса.

Табыс пен шығындарды анықтай келе, оны мойындауға ту-ра келеді.

Табыстар мен шығындар 12 БЕС «Күрделі құрылысқа мер-дігерлік келісім-шарт» нұсқауы негізінде мойындалады (ХҚЕС 11 «Мердігерлік мəмілелер»).

Табыс жəне онымен пайда болатын шығындар кəсіпорынмен үлкен сенімділікпен салыстырылатын жағдайда ғана мойында-лады.

Мəмілелер екі түрге жіктеледі:

— қатаң құны белгіленген мердігерлік келісім-шарт (ХҚЕС 11 бойынша нақтыланған құны бар мəміле)

— ашық құны белгіленген мердігерлік келісім-шарт (ХҚЕС 11 — мəміле «шығындар қосылғанда»)

— стандартта табысты мойындау үшін, 1-кестеде орындал-ған жұмыс пайызын анықтау нұсқасы ұсынылған.








І-нұсқа

II-нұсқа

Атқарылған жұмыстың

Екінші тəсіл бойынша,

пайызын табу үшін, белгілі

құрылыс өнімінің атқарылған

уақытта шеккен шығындар

бірлігін мəміле бойынша

сомасын сметалық құнға бөлу

жалпы бірлікке бөлу қажет.

керек.




Атқарылған жұмыс пайызы

Атқарылған жұмыс

= (шеккен шығын/сметалық

пайызы = (құрылыс өнімінің

құн)·100%

атқарылған бірлігі/ мəміле




бойынша жалпы бірлік)




·100%

Мысалы:


Мердігерлік келісім бойынша бір типті үйлерден тұратын коттеджді қалашықты құру көзделген. Сметалық шығындар 750,0 мың теңгені құрады . Есептік кезеңнің соңында мердігер 25 коттедждің 5-еуін салып бітті. Құруға кеткен шығындар 200,0 мың теңгені құрады. Жалпы келісілген құн — 1000,0 мың теңге. Екі тəсілді пайдалана отырып, мердігердің жасаған жұмысының пайызын анықтаймыз.

1-тəсіл.


Орындау пайызы = (200,0/750,0) · 100% = 26,6% 2-тəсіл.

Орындау пайызы = (5/25) · 100% = 20%

Бірінші жағдайда есепті күні танылатын шығын көлемі 1000,0 мың теңге · 26,6% = 266,0 мың теңгені құрады, ал екінші жағдайда 1000,0 мың теңге · 20% = 200,0 мың теңге.

Кейде құрылыстық-мердігерлік келісімнен нəтиженің шын-дығын анықтау қиын болады, ондай жағдайда табысты артық бағаламау үшін табысты тану күніндегі шығындар көлемінде тану қажет.

Құрылыстық-мердігерлік келісімнің табысына еніп жəне қаржы-шаруашылық қызмет туралы есептілікте танылған сома-ны алуға қатысты белгісіздік пайда болғанда, алынуы үмітсіз сома немесе өтелуі күмəнді сома құрылыстық-мердігерлік ке-лісім бойынша алынған табысқа түзету ретінде емес, шығын ретінде танылады.

Мысалы:


Мердігер қаржылық есептілікте келісім бойынша шығынды тани отырып, тапсырысты орындады жəне оны тапсырыс берушіге өткізді. Бірақ, бұдан кейін тапсырыс берушінің келісім бойынша (əртүрлі жағдайларға байланысты) төлей алмайтын-дығы анықталды. Бұл жағдайда есептеу қағидасына сəйкес табыс бұрын танылғандықтан, тапсырыс берушіден алмаған соманы келісім- шарттағы шығындарға қосу керек. Табыс сомасына түзету жасалмайды, өйткені толығымен алынбаған табыс туралы ақпарат шаруашылық қызметтің бұрынғы жағ-дайларын бағалаған, ол ақпарат қаржылық есептілікті пайда-ланушыларға маңызды болып табылады. Мердігерге байланыс-сыз форсмажорлық жағдайларда алынбаған, бірақ қаржылық есептілікте көрсетілген табыс мердігердің қызметінің нəтижесі болып саналады жəне объективті бағалануы тиіс.

Зияндарды тану. Құрылыстық жұмыстарды жасау барысын-да кейбір жағдайларда жəне құрылыс жұмысы басталмас бұрын мердігерлік келісім шегіндегі толық шығындардың толық та-быстардан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда шаруашылық бол-жамды шығындар олар пайда болған кезеңнің шығындары ретінде танылуы керек. Қаржылық есептілікте шығындар табыс-тарға қосылмастан танылады (табыстардың жалпы сомасы бол-жамды шығындар сомасын жапса да). Осыған орай мысал келті-ретін болсақ, төмендегідей тəртіпте қарастырамыз.

Компания құрылысқа үш мердігерлік келісім жасасты: екі келісім-шарт бойынша жалпы сомасы 50000 мың теңге , үшінші келісім-шарт бойынша болжанған шығынның жалпы сомасы 15000 мың теңге танылды. Мұндай жағдайда қаржылық есеп-тілікте жалпы табыс сомасы жалпы шығын сомасынан асып кетуіне жəне оны басып қалуына қарамастан, табыстар мен шығындар бөлек-бөлек танылуы керек.

БЕС 12 “Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім” жəне ХҚЕС 11 “Мердігерлік келісім ” сəйкес зияндарды тану шартта-рында біршама айырмашылық бар екендігін ескеру керек, олар:




БЕС 12 “Күрделі

— күрделі құрылысқа жасалған

құрылысқа

келісім-шарттың нəтижесі алдын-ала

мердігерлік келісім”

дəл есептелінген жағдайда қандай да




бір болжамды зиянды шығын ретінде




тану қажет етілмейді;




— күрделі құрылысқа жасалған




келісім-шарттың аяқталғаны




анықталғанда екі əдістің ғана




пайдаланылуы рұқсат етіледі,




орындалған жұмыстарды көрсету




бағалаудың əдісі ретінде қарастырыл-




майды.

ХҚЕС 11

— күрделі құрылысқа жасалған

“Мердігерлік келісім”

келісім-шарттың нəтижесі алдын-ала




дəл есептелінген жағдайда қандай да




бір болжамды зиянды шығын ретінде




тану қажет етіледі;




— күрделі құрылысқа жасалған




келісім-шарттың аяқталғаны




анықталғанда пайдаланылатын




əртүрлі əдістердің бар екендігі




белгіленеді, соның ішінде орындалған




жұмысты көрсетуде.



жүктеу 442,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау