1-тақырып қҰрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



жүктеу 442,5 Kb.
бет25/29
Дата12.09.2020
өлшемі442,5 Kb.
#31401
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
6. Краткое содержание лекций

Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі (1-7);

Қосымша (1-4).
8-ТАҚЫРЫП КӨМЕКШІ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖƏНЕ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ƏДІСТЕРІ
8.1. Көмекші өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Құрылыс-монтаж жұмысымен айналысатын кəсіпорындардың өз қызметінің құрамында қосалқы жəне қосымша өн-дірістерін ашуға мүмкіндіктері бар. Себебі, мұндай өндірістер негізгі өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне пайдалы əсер етеді. Қосалқы өндірістік шаруашылықтар өз бетінше бір құрылым болғанмен, мысалы ағаш бұйымдарын жасайтын цех, кірпіш өндіретін шағын зауыт, конструкциялық бұйымдар цехы тікелей негізгі құрылыс өндірісінің сұранысын толық жəне уақытында қамтамасыз етіп отыру үшін қызмет жасайды. Сонымен қатар, негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығару жұмысына ықпал етіп жəне қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автокөлік жəне т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 «Көмекші өндіріс» шоты арналған жəне ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда əрбір өндірістік нысан үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Көмекші өндірістердің əрбір цехтары бойынша шығындарын есепке алу "Цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста көр-сетіледі. Ведомостқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алынып жазылады.

Көмекші өндірістік талдамалық (аналитикалық) есебі əрбір цехта, өнім түрлері (егер олар əрқилы болса) жəне шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістігі мен сипатына тəуелді болып келеді. Əдетте, ол өзіне негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық жəне технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіру мақсаты үшін пайдаланылатын буды, суды, негізгі жəне қосым-ша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделеніп, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектісін немесе біртекті емесін көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін əртүрлі əдіс қолдануға мəжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы ерекшеленеді, өйткені кейбірі бір-бірімен тығыз байланыста болады жəне тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді, мысалы жөндеу -механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автокөлік цехы жөндеу-механикалық цехына жүк тасымалдайды.

Автомашинаның ағымдағы жөндеу өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу қажет. Бұл жағ-дайда өзіндік құн математикалық, не өзіндік құны бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудін құны бойынша) есеп-теледі. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

Тек жөндеу-механикалық жəне аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтар болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептеу кезеңнің соңында өндірістік (бас-қарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі, ол кезде 1340 "Аяқталмаған өндіріс" шоты дебеттеледі де, 8030 "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі. Бұл операциядағы аяқ-талмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп беруде көмекші өндіріске жатқызылады. Тек жөндеу-механикалық жəне аспап-тар жасайтын цехтарды қоспағанда , бұл цехтардың ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтар есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі, ол кезде 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты дебеттеледі де, 8030 «Көмекші өндіріс» шоты кредит-теледі, бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

Келесі есептік жылдың басында қаржылық есептен өндіріс-тік (басқарушылық) есепке беріледі, ол кезде 8030 «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеліп, 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің өнімінің санын есептеуіштердің көрсет-кіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анық-тайды.

«Көмекші өндіріс қызметін таратудың» талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады:

— бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қыз-меттердің жəне көмекші өндірістер шығындарының, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есеп-телініп шығарылады жəне олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған жəне көрсетілген қарама-қарсы қыз-меттердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған жəне көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылық-тардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады;

— екінші бөлімнің деректері «Цех шығындарының» негі-зінде ведомостқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты жəне қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8030 шоты кредиттеледі;

— үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылға-ны көрсетіледі.

Технологиялық процестің сипатына жəне шығаратын өнім-нің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қа-рай, қосымша өндіріс қарапайым жəне күрделі болып бөлінеді.

Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды таратқан қезде, оның сол тиісті бөлігіне жататын ақауының өзіндік құнын ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық (нормативтік) мөлшерлемені анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өн-діріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізі-леді. Мысалы, ақауды жөндеумен айналысатын жұмысшының күндік жалақысы 1800 теңге болса, ал оның сметалық нор-мативтік мөлшерлемесі 750 теңгені құраған. Бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиісті сомасы арқы-лы анықталған. Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шы-ғарылатын өнімнің біртектілігі немесе біртекті еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін əртүрлі əдісті қолдануға мəжбүр етеді. Қосымша өндірістегі есепті ұйымдастыру өндірістің технологиялық ерекшелігіне байланысты.

Бухгалтерлік стандарттың талаптарына сəйкес құжаттарды толтырумен қатар, бұл өндірістегі бухгалтерлік шоттар жазбасы төмендегідей болады.






Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Өндіріске босатылған материалдар

8030

, 1310, 1330, 1350

2

Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы

8030

3350

3

Еңбекақыдан аударылған аударылымдар

8030

3150, 3210, 3220

4

Негізгі құралдарды жөндеу

8030

1310, 3310

5

Негізгі құралдардың құнсыздануы

8030

2420, 2740

6

Коммуналдық төлемдер

8030

3310,3340,3390

7

Шығындар жиынтығын негізгі өндіріске жатқызу

8010

8030

Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8030 "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 1340"Аяқталмаған өндіріс" шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін жəне атқарған жұ-мысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестені жасайды. Онда əрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша — будың тоннасы, қондырғы — қысылған ауаның куба метрі, электростанция — киловатт/сағаты, автокөлік — тонна/километр. Содан соң , жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынушыларға таратады.

Қарапайым өндіру біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, əдетте аяқталмаған өндіріс пен шалафаб-рикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық жəне оттегі станциялары, автокөлік) болмайды.

Күрделі өндірісте алуан түрлі өнімдер өндіріледі, оның аяқталмаған өндірісі болады жəне бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың жəне көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді.

Бұл өндіріс түрінде тапсырыстық əдіспен шығындар есеп-теліп, калькуляция жасалады. Осы құбылысқа байланысты əрбір тапсырыс кодталып, əрбір шот-фактура бойынша тапсырысты жинақтауға мүмкіндік береді. Күрделі жəне көмекші өнді-рістердегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі əдіс бойынша, яғни іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға болады.

Бірінші əдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шығарылады. « Негізгі материалдар », «Қосал-қы материалдар», «Негізгі жəне қосымша жалақы» жəне т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы құжаттардың деректері бойынша тікелей есептеледі. Қосымша шығындар оларды бөлу тəртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқы-зылады.

Екінші əдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс объектілерінің саны жəне норма-сағаты олардың дайын-дық деңгейімен анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып жəне бір норма-сағаттың жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін табады. Ма-териалдардың құнын нормативтік калькуляцияның деректері бойынша, ал қосымша шығындарды жалақыға пайыздық қатынасы бойынша анықтайды. Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын құрайды.



Қосалқы немесе көмекші өндіріс құрылыс нысанының жұ-мысының белгілі бір үлесіне тиесілі қызмет көрсетумен қатар, өздерінің мүмкіншіліктерін пайдаланып, басқа да тапсырыс берушінің талабын немесе сұранысын қанағаттандыруға құқы-лы. Қосалқы өндіріс шығындары есепті кезең соңында, 8030 шоттың суб-шотындағы сомалар жинақталып 8030 негізгі шот-қа жатқызылады. Бухгалтерлік шоттар жазбасында төмендегідей көрсетіледі.




Операцияның мазмұны

Дебет

Кредит

1

Өндіріске алынған материалдар

1350

8030*

2

Өндіріске алынған қалдық

1350

8030*

3

Өндірістен алынған жартылай шикізат

1340

8030*

4

Өндірістен алынған дайын

1320

8030*

5

Негізгі өндірісте пайдаланылған материалдар

8010

8030*

6

Жалпы өндірістік мақсатқа пайдаланылған материалдар

8040

8030*

7

Сатылған өнімнің құны

7010

8030*

8

Негізгі құралдарды жөндеу

8040

8030*

9

Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақауды жөндеу

8040

8030*

10

Əкімшілік шығындар

7210, 7440

8030*

11

Аяқталмаған өндіріс құнының қалдығы

1340

8030

Əрбір суб-шот кəсіпорынның есеп саясатымен анықталады



жүктеу 442,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау