1.4. Құрылыстағы қызметті лицензиялау
Құрылыстық қызмет белгілі бір орындаушының дайынды-ғын талап ететіндіктен лицензиялануы қажет , онсыз белгіленген тұтынушылық сапалы құрылыс өнімін құру мүмкін емес. Сон-дықтан да құрылыс өндірісімен айналысқысы келетін барлық шаруашылыққа құрылыс жұмыстарын жүргізу олардың қызме-тінің негізгі түрі болады немесе құрылыстан басқа да қызмет түрлерімен паралельді түрде шаруашылық əдіспен жүргізілетін жұмыстарын жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алуы қажет. Жұмыс жүргізетін құрылыс кəсіпорындары жыл сайын ли-цензияларын жаңалап, қайта тіркеуден өткізуі қажет.
Қазақстанда архитектуралық-құрылыс жұмыстарын жүргізу-ді лицензиялау төмендегі заң актілерінің негізінде жүзеге асы-рылады:
1)17.04.95 жылғы № 2200 «Қазақстан Республикасының Ли-цензиялау туралы заңы»;
2)16.07.01 жылғы № 242-2 «Қазақстан Республикасының Архитектура, сəулет-құрылыс қызметі жөніндегі заңы».
Лицензия алу үшін (қайта тіркелу үшін) кəсіпорындар ли-цензиялаудың қалалық орталығына келесі құжаттарды беруі қа-жет:
— техникалық аудитті жүзеге асыруға өкілетті кəсіпорынға лицензияны рəсімдеу (қайта рəсімдеу) мақсатымен аудит жүр-гізуді сұрау хаты;
— лицензиялаудың қалалық орталығына өтініш;
— кəсіпорында ұйымдастыру туралы бекітілген құжат неме-се тіркелген жарғы;
— тіркеу карточкасының көшірмесі;
— Əділет министрлігінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куəлігінің көшірмесі;
— лицензия сұралып отырған жүзеге асырылатын құрылыс-монтаждық жұмыс түрлерінің тізімі (Қазақстан Республикасын-дағы архитектуралық-құрылыстық қызметті лицензиялау бойын-ша құрылыстағы қызмет пен жұмыс классификаторына сəйкес);
— салынып жатқан, реконструкцияланатын жəне (немесе) жоспарланатын нысандардың тізімі, олардың мекен-жайы жəне қуаты. Өткізілетін (жоспарланған) жөндеу жұмыстарының тізімі;
— алдыңғы жылы орындалған əртүрлі құрылыс-монтаждық жұмыстардың көлемі;
— мамандардың біліктілік құрамы немесе оларды тарту мүмкіндігі туралы ақпараттар;
— өндірістік база туралы мəлімет;
— техникалық қамсыздандыру туралы мəлімет;
— сейсмикалық жағдайы бойынша куəлік;
— сапаны бақылау;
— жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
— эксперттердің қорытындысы.
Тағы да бір айта кететін жай, лицензия материалды емес ак-тив ретінде қарастырылмайды, өйткені құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға берілетін лицензияның əрекет ету мерзімі 1 жылдан аспайды. Сондықтан да лицензия алатын (қай-та тіркелетін) шаруашылық субьектілердің техникалық аудиті бойынша қызметтерді төлеумен байланысты шығындар, лицен-зиялық жинақтар жəне лицензия алумен (қайта тіркеумен) байланысты басқа да шығындарды бухгалтерлік есепте болашақ кезең шығындары ретінде қайта алынған лицензияның əрекет ету мерзімі ішінде алдыңғы кезең ішінде көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |