1-тақырып қҰрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



жүктеу 442,5 Kb.
бет6/29
Дата12.09.2020
өлшемі442,5 Kb.
#31401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
6. Краткое содержание лекций

Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі (1-7);

Қосымша (1-4).

2-ТАҚЫРЫП ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖƏНЕ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНДЫ АНЫҚТАУ


2.1. Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім-шартта қаралған шектелген және еркін баға
Құрылыс өнімі болып ғимарат, қондырғылар, өндіріс күш-тері, тұрғын үйлер , мəдени-тұрмыстық объектілер жəне тағы басқалар саналады. Құрылыс құны сметамен анықталады. Смета

— объектіні салуға кететін қоғамдық қажетті шығындарды са-нау, яғни құрылыс өнімінің құны.

Сметаны жасауда құрылысқа қажетті материалдар шығын-дарының, конструкцияның, детальдардың, еңбекақы шығында-рының, материалдардың нарықтық бағасының сметалық нор-малары жəне үстеме шығындардың нормалары қолданылады. Жобалы-сметалы құжатты жасағанда бухгалтерлік есептің мə-ліметтері қолданылады.

Капиталды құрылыста ереже бойынша құрылыс өнімінің келісім бағасының екі моделі — шектелген жəне еркін (ашық) бір мезгілде қолданылады.

Бекітілген келісім құнын анықтауға — келісімнің нақты жағдайлары ескеріле отырып, сметалық нормативтердің жүйесі мен пайдаланылатын ресурстардың бағасының өзгеру индекс-тері негіз болады.

Құрылыс өнімінің еркін (ашық) келісім құны мердігерлердің тапсырысты өткізгенде барлық процедураларды сақтай оты-рып, мердігер кəсіпорындар арасындағы бəсекелестік жағдайын-да қолданылады.

Мердігер кəсіпорындар мен тапсырыс берушілердің келісім-шартының құрамында көрсетілген құрылыс өнімдеріне келісім бағалар ведомостын рəсімдейді. Аталған келісім бағалар ведо-мостының формасы № 1 формада көрсетілген (1-қосымша).

Құрылыс өнімдерінің келісім бағаларының құрамында мер-дігерлердің орындаған жұмыстарының құны көрсетіледі. Соны-мен қатар, келісім бағаларының құрамына келісім бойынша мердігерге берілген басқа да жұмыстармен байланысты шығын-дар да кіреді, атап айтсақ белгілі бір объектілерді салғанда, оны қажетті құрал-жабдықтар мен т.б. материалдармен қамсыздан-дыру.

Құрылыс процесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау мен есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі мен тəртібі келісім-шартта тараптардың келісімімен бекітіледі.

Кəсіпорындар мен мердігерлер арасындағы орындалған құ-рылыс-монтаждық жəне құрылыс-жөндеу жұмыстарының есебі конструктивті элементтері бойынша, келісілген шарттың кезең-дері бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.

Ай сайынғы орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың есебі кəсіпорын мен мердігерлердің өзара келіскен формалары бойынша, яғни нақты орындалған жұмысқа толтырылған наряд бойынша жүргізіледі (2-қосымша).

Құрылыс кəсіпорынындағы басқару есебінің негізгі мақсаты əртүрлі деңгейдегі менеджерлерге дұрыс шешім қабылдау үшін ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Құрылыста басқару есебінің басқа есептерден ерекшелігі, кəсіпорынды бас-қарудағы ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.

Бағалық саясат — құрылыс кəсіпорынындағы басқару есеп жүйесінің маңызды элементтерінің бірі, ол орындалған құрылыс жұмыстарына баға белгілеп қана қоймай, сонымен қатар əртүрлі нарықтық жағдайдағы бағаларды басқару үрдісін атқарады.

Құрылыс кəсіпорынындағы бағаны белгілеу жүйесінің ал-дына қойған мақсаты — нақты орындалған құрылыс жұмыста-рына төлеуге дайын тапсырыс берушінің ең тиімді бағасын анықтау, сонымен қатар күтілетін пайдамен байланысты баға бойынша осы қызметті тапсырыс берушіге көрсету мүмкін-шіліктерін зерттеу. Осылайша, басқару есебінің болашағы құрылыс өнімдерінің өзіндік құнын анықтаумен ғана емес, сон-дай-ақ құрылыс өнімдерін өткізуде маңызды орын алатын бо-сату бағасымен тікелей байланысты.

Құрылыс кəсіпорынында баға белгілеу əдістемесін келесі факторларды негізге ала отырып қалыптастырады. Олар:

Ішкі қалыптасқан бағалар;

— шығындар құрылымы, тікелей жəне жанама;

— құрылыс кəсіпорынының жалпы жəне нақты мақсаты;

— сатып өткізу нарығын зерттеу деңгейі;

— сатып өткізу бөлімінің қызметкерлерінің іс-əрекеті (реакциясы).

Сыртқы бəсекелестіктің деңгейі жəне оның бағаға əсері;

— өнімге деген сұраныстың жағдайы;

— материалдық жабдықтаушылар мен мерді-герлерге тəуелділігі;

— сұраныстың құрамы мен оның бағаларға сезімталдығы;

— мемлекеттің саясаты.

Құрылыс өнімінің немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын анықтау барысында өнімнің жеке түрі мен көрсетілетін қызметтің арасында бөлінетін тікелей жəне жанама шығындар-дың деңгейін анықтау өте маңызды.

Əлемдік тəжірибеде өнімнің ең төменгі бағасын анықтайтын екі тұжырымдама кеңінен тараған. Олар:

— толық өндірістік өзіндік құн негізінде;

— айнымалы шығындар негізінде.

Толық өндірістік өзіндік құн негізінде белгіленген бағаның мəні: сауда үстемақысы мен өнімнің толық өзіндік құны жинақ-талады. Өнім бірлігінің толық өзіндік құны тұрақты жəне айны-малы шығындар сомасын өндірген өнімнің көлеміне қатынасы арқылы анықталады.

Айнымалы шығындар негізінде белгіленген баға «баға толық шығынға емес, тек қана айнымалы шығынға тəуелді» деген қағидаға негізделіп, пайданы қалыптастырады. Оның мөлшері алдына қойған мақсатына қол жеткізуге тəуелді болады (на-рықтың сегментін ұлғайту, пайданы көтеру жəне т.б.).

Ең төменгі бағаны айнымалы шығындарды пайдалана оты-рып, екі тəсілмен де анықтауға болады: өнімділіктің деңгейін болжауға негізделген орташа айны-малы шығындар негізінде; өндірістің қосымша шығындары негізінде.

Құрылыс саласының ерекшелігіне байланысты өндірістің қо-сымша шығындары негізінде белгіленген баға тиімді болып табылады. Себебі, құрылыстағы сұраныс тапсырыстың көле-мімен өлшенеді, ал босату бағасын анықтағанда сұраныстың көлемі есепке алынады. Сонымен қатар, өндірістің қосымша шығындары негізінде белгіленген баға бəсекелестіктің тұрақты деңгейін жəне оның бағаға əсерін көрсетеді.
2.2. Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және құжаттау
Құрылыстың сметалық құны — жобаланған материалдар не-гізінде анықталған ақша-қаражат сомасының жиынтығы. Құры-лыстың сметалық құны құрылысқа салынған инвестициялар мөлшерін анықтауға, құрылыс өнімдеріне бағалардың қалыпта-суына, мердігерлік келісім-шартты құру мақсатында тапсырыс берушіге мердігерлік құрылыс қызметтерін сатып алуды жүзеге асыруға, орындаған мердігерлік жұмыс бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң актілеріне сəйкес есеп айырысудың негізі болып табылады.

Сметалық құжаттар құрылымында келесі түсініктемелер қолданылады. Олар:

Құрылыстың объектісі — жеке ғимараттар (өндірістік цех, қойма, тұрғын үй жəне т.б.), оған жататын барлық құралдар, жиһаздар жəне қосалқы бөлшектер.

Өндірістік құрылыс немесе тұрғын үй кешенінің құрылыс объектілеріне: сыртқы қосалқы құрылыс жайлары (сумен, газ-бен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ету, канализа-ция), кіре беріс (подъезд) жолдары, басқа да қоғамдық жұмыс-тар жатады.

Кейбір құрылыс түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты құрылыс объектілеріне кіретін ғимараттар мен құрылыс жай-лары төмендегідей қарастырылады:

— мұнай жəне газ өнеркəсібінде — мұнай немесе газ сква-жинасы (эксплуатациялық немесе барлау), оған жататын барлық құралдар, қосымша құрылыс жайлар мен жұмыстар;

— көмір жəне тау-кен өнеркəсібінде — өткел мен тау өнім-дерінің құралдары жəне жер асты шахтасының құрылыс жай-лары;

— орман жəне ағаш өңдеу өнеркəсібінде — ағаштарды ірік-теу бойынша участок;

— су шаруашылығында — жерлерді суландыру мен құрғату арқылы жердің құнарлылығын арттырумен байланысты барлық жұмыс түрлері;

— темір жол құрылысында — темір жол төсемі (полотно), байланыс желілері, ДО (дабылдық орталықтандыру, блокиров-ка), энергиямен қамтамасыз ету.

— көлік құрылысында — көлік жол төсемі, су құбырлары жəне басқа да құрылыс жайлары.

Желілік құрылыстың (темір жəне көлік жолдары, магистра-льды өткізгіш құбырлар, электр жəне байланыс желілері) объ-ектісі ретінде бір участоктың шегіндегі ғимараттар мен құрылыс жайлары қарастырылады. Құрылыстың сметалық құнын анық-таудың негіздері:

— қолданылып жүрген заңдар;

— қолданылып жүрген сметалық нормативтер (нормалар мен бағалар);

— жобалық құжаттама.

Құрылыстың сметалық құны инвестициялардың құрамына жəне құрылыс-монтаж қызметін жоспарлау тəртібіне сəйкес келесі жұмыс пен шығындардың түрлері бойынша бөлінеді:

— құрылыс-монтаж жұмыстары;

— технологиялық құралдарды, бұйымдар мен жиһаздарды сатып алумен байланысты шығындар;

— басқа да шығындар.

Құрылыс-монтаж жұмысының құрамына төмендегілер кіреді:

— ғимараттар мен құрылыс жайларын салумен байланысты жұмыстар;

— ішкі су желілерін, канализация, жылу, газ, желдеткіш пен өткізгіш құбырларын жасаумен байланысты жұмыстар;

— тұрғын жəне қоғамдық ғимараттарды электр желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;

— көгалдандырумен байланысты жұмыстар.

Құрылыс сметасында көрсетілетін бұйым, жиһаз жəне құрал жабдықтардың құнына төмендегілер кіреді:

— сатып алу мен қоймаға жеткізу құны;

— стандартталмаған құрал-жабдықтардың, оның жобалау құнымен қоса есептелген құны;

— күрделі механикалық құрал-жабдықтар мен машиналарды құрастыру құны;

— монтаждық құрал-жабдықтардың құны. Құжаттамалардың сметалық құрамы дайындалған жобалық

сметасы мен объектінің техникалық күрделілігінің тəуелділігі-мен анықталады.

Жобаның құрамына келесілер енеді:

— шығындарды жинақтау (қажеттілік туындаса);

— жиынтық сметалық есеп;

— құрылыс құнының сметалық есебі;

— объектінің жəне жергілікті (локальды) сметалар;

— объектінің жəне жергілікті сметалық есептер (қажеттілік туындаса);

— жеке шығындар түрлерінің сметалық есебі (қажеттілік туындаса).

Жұмыс құжаттамасының құрамына келесілер енеді:

— объектінің жəне жергілікті сметалар;

— жергілікті сметалар бойынша ресурстық ведомостар. Сметалық құжаттамада бір мезгілде құрылыс объектісінің

сметалық құнының ведомосты мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жұмыстар жəне объектінің сметалық құнының ведомосты дайындалады.

Жобаның құрамындағы сметалық құжаттамаға түсініктеме жазбалар ұсынылады, онда келесілер көрсетіледі: құрылыс орналасқан ауданға сілтеме; құжаттарға сəйкес дайындалатын сметалық құжаттамаға сілтеме; басқа да шығындарды құрастыруға негіздеме.

Сметалық құжаттамаларды құрғанда сметалық-нормативтік негіз (база) қолданылады, онда құрылыс қызметкерлеріне ең-бекақыны берумен байланысты шығындар, материалдық-техни-калық ресурстың бағалары мен тарифтері жəне құрылыс сала-сында көрсетілетін қызметтер туралы мəліметтер тіркелген.

Құрылыстың сметалық құжаттамасындағы сметалық құны базистік-индекстік əдіспен анықталады. Құрылыстың сметалық құнын анықтайтын базистік-индекстік əдіс ағымдағы индекстің 2001 жылғы базистік деңгейде анықталған құнға қатынасын пайдалануға негізделген.



жүктеу 442,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау