1-тақырып қҰрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


Үстеме шығындарды бөлу және оның есебі



жүктеу 442,5 Kb.
бет16/29
Дата12.09.2020
өлшемі442,5 Kb.
#31401
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
6. Краткое содержание лекций

5.3. Үстеме шығындарды бөлу және оның есебі
Құрылыс -монтаждау жұмысындағы үстеме шығындарға жұ-мысшыларға көрсетілген қызмет шығындары, құрылыс алаңда-рындағы ұйымдастыруға кеткен шығындар жатады.

Жалпы алып қарайтын болсақ, орындалып жатқан жұмыс барысында өндіріске тəн ерекшелігі бар қосымша шығындарды кездестіреміз. Бірақ, біз оны шығындар түріне дұрыс жатқыза білуіміз керек.

Осыған байланысты үстеме шығындар төмендегідей түрге бөлінеді:

Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:

— учаске басшыларының, аға шеберлердің, қосалқы жəне көмекші өндіріс басшыларының, механиктердің негізгі жəне қосымша еңбекақысы жəне одан аударылған əлеуметтік салық;

— құрылыс-монтаждау жұмысындағы жұмысшылардың қо-сымша еңбекақысы жəне одан аударылған əлеуметтік салық;

Техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша шы-ғындар:

— тегін берілетін арнайы униформаларды жөндеу жəне жу-уға кеткен шығындар;

— заң бойынша қарастырылған денсаулыққа зиян цех жұ-мысшыларына берілетін сүт тағамдарына кеткен шығындар;

— техникалық қауіпсіздікке арнайы ұйымдастырылған іс-шараға кеткен шығындар;

— техникалық қауіпсіздікке арнайы жасалған бөлмелерге кеткен шығындар;

3. Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кет-кен шығындар:

— амортизациялық шығындар, бірнеше мердігерге қызмет көрсетіп тұрған негізгі құралдарды пайдалануға немесе жөн-деуге кеткен шығындар;

— жиналмалы типтегі ғимараттарға кеткен шығын;

— өндіріске қажетті өлшеуіш құралдар сатып алуға кеткен шығын;

— қауіпті аймақтарды қоршауға кеткен шығындар;

— уақытша қондырғылар орнату шығындары;

— өлшеуіш қораптар, бункерлер, бетон мен ерітінділерге ар-налған ыдыстар сатып алуға кеткен шығындар;

— нысан маңындағы əкімшілік орындар;

— жұмысшыларға арналған арнайы жуыну орындарына кет-кен шығын;

— уақытша жарықтандыруға арналған желілерге кеткен шы-ғындар;

— нысандарды күзетуге кеткен шығындар;

Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын;

Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығын-

дар.

«Үстеме шығындар» бабында құрылыс-монтаждау жұмыста-рына қатысты үстеме шығындар көрсетілгендіктен, ол шығын-дар 8010 «Негізгі өндіріс» шотында дебеттеліп, 8040 «Үстеме шығындар» шотында кредиттеледі.



Құрылыс кəсіпорындарының негізгі өндірісіндегі үстеме шығындар ай сайын бірінші жұмыс түрлері арасында, содан кейін құрылыс объектілерінің арасында тікелей шығындарға пропорционалды түрде бөлінеді. Онда есеп келесі кестелер (7, 8) түрінде берілген.

Үстеме шығындарды жұмыстар түрлері арасында бөлудің есептері төмендегідей кестелерде жүргізіледі.

Механизм басқармасының негізгі өндірісіндегі үстеме шы-ғындар ай сайын субмердігерлермен келісім бойынша орындал-ған құрылыс-монтаждау жұмыстары арасында бөлінеді жəне басқа кəсіпорындардың көрсеткен қызметтерінің арасында тіке-лей шығындарға пропорционалды сома бойынша бөлінеді.

Біздің ойымызша, үстеме шығындардың əрбір бабын мүм-кіндік болса, объектілер арасында біркелкі базамен емес, əртүрлі базамен бөлу керек. Сонымен қатар, осы үстеме шығындар қата-рына жаңадан жасалған бухгалтерлік есептіліктің талаптарына сəйкес өндірістегі орын алатын ақауды қарастырамыз. Жалпы, бұл есеп түрі жеке шотта қарастырылып келсе, бүгінгі күні үс-теме шығындар деп танып отырмыз.

Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақау деп техникалық талаптарға с əйкес келмеген жұмыс көлемін айтамыз. Ақаудың пайда болуы төмендегі жайттарда кездеседі:

Жобалық көрсеткіштер ұстанымын бұзғанда;

Сапасы төмен құрылыс материалдарын пайдаланғанда;

Жобалық құжаттарда кеткен қателерде;

Конструкциялық құрылым сəйкес келмеген жағдайда. Құрылыс нысанын тапсырғанға дейін, яғни құрылыс жұмы-

сының жүріп жатқан процесінде немесе нысанды бас мерді-гердің өткізу барысында ақау анықталады.

Ақау кімнің тарабынан кеткенін анықтап, кін əлі адамдардан талап етілуі қажет. Ол үшін ақау міндетті түрде арнайы комис-сия мүшелерінің шешімімен құжаттандырылуы қажет. Əдетте кінə тапсырушылар, жобалық кəсіпорындар, субмердігерлер, жабдықтаушылар , құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету-шілер, учаскенің əкімшілік-техникалық қызметкерлері, орын-даушы-жұмысшылардан болады.

Ақау ішкі жəне сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі ақау — мердігер тиісті сметалық мөлшер талаптарын бұзған жағдайда, жұмысшылардың кəсіби төмендігінен, ал сыртқы ақау тапсы-рушылардан, жабдықтаушылардан жəне автокөлік кəсіпорында-рының кінəсінен болады. Ақау анықталған сəтте бірден акт толтырылады. Акт толтыруға сапалық бақылау орындарынан техникалық сарапшылар, құрылыс зертханасының кызметкер-лері жəне инженерлік-техникалық қауіпсіздік бөлімінің қыз-меткерлері қатысуы тиіс. Себебі, дəлелденіп, кінəлі тұлғалардың қол қоюымен расталған құжат ақаудан кеткен шығынның анық-талып, өндірілуіне негіз болып табылады.

Ақауға кеткен шығын əрбір актіге жеке жасалынады жəне оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей:

— қайта қалпына кетіру жұмысына қатысқан жұмысшы-лардың жалақысы;

— материалдық шығындар;

— төленген қосымша еңбекақы мөлшері;

— қолданылған құрылыс машиналары мен механизмдерге кеткен шығын сомасы.

Бүгінгі күні құрылыс жұмысындағы анықталған ақауға кет-кен шығындар есебін 8040 «Үстеме шығындар» шотында қарас-тыра отырып, кəсіпорынның есеп саясатындағы көрсетілген суб-шоттарға қойылады.



Ақауға кеткен шығынды толтырылған актіні негізге ала отырып, бухгалтерлік есептеумен анықталған соң, қалпына кел-тіруге кеткен қаржы сомасы мен кінəлі тұлғалардан өндіріліп алған сомаларға төмендегідей бухгалтерлік жазбалар жасалынады.




Операцияның мазмұны

Дебет

Кредит

1

Ақауды жөндеуге кеткен

8040 субшот*

3350




жұмысшының жалақысы







2

Материалдық шығын

8040 субшот*

1350

3

Қосалқы өндіріс пен ме-

8040 субшот*

8030




ханизмге кеткен шығын







4

Əлеуметтік салық

8040 субшот*

3150

5

Басқа кəсіпорындарға

8040 субшот*

3310, 4110




ақау үшін төленген төлем







6

Жабдықтаушылар

1280, 2180

8040 субшот*




мойындаған ақау










бойынша дебиторлық










берешек







7

Монтаждау кезінде

1350

8040.субшот*




кірістелген материалдар







8

Ақау үшін жалақыдан

3350

8040 субшот*




ұсталған сома







9

Анықталған өткен жыл-

5410

8040 субшот*




дардағы ақау бойынша










шығын







10

Негізгі өндіріске жатқы-

8010

8040 субшот*




зылған ақау мөлшері






8040 субшот* — субшотты белгілеу құрылыс кəсіпорынын-дағы есеп саясаты арқылы анықталады.



жүктеу 442,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау