1-тақырып қҰрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


Тауарлық босалқылардың есебі және оны құжаттау



жүктеу 442,5 Kb.
бет12/29
Дата12.09.2020
өлшемі442,5 Kb.
#31401
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
6. Краткое содержание лекций

4.2. Тауарлық босалқылардың есебі және оны құжаттау
Тауарлы-материалдық босалқылардың есебін жүргізу үшін ҚР Қаржы министрлігінің 22.12.05 жылы қабылдаған шоттар жоспарының 13 бөлімшесі қолданылады.

1300 шот «Шикізат пен материалдар». Шикізат — ауылша-руашылығы жəне өндіріс өнімдері (бидай, мақта, кен қазба-лары). Материалдар — өндірістің өңдейтін өнімдері (металл, қант).

Берілген шот шикізаттар мен материалдардың, оның ішінде құрылыс материалдарының келіп түсуін, шығысталуын, яғни қозғалысын көрсету үшін қолданылады.

1350 шот «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жи-нақталған өнімдер, конструкциялар, детальдар».

1330 «Тауарлар» шотында өндірілетін өнімнің өзіндік құны-на бағасы қосылмайтын, сату үшін алынған жинақтағы өнімдер қарастырылады. Арнайы комлектідегі ғылыми зерттеулерде қол-данылатын құралдар, ғылыми-зерттеу жəне конструкторлық ме-кемелерде 1350 «Басқа да босалқылар» шотында көрсетіледі. Ал құрылғылар мен жалпы қолданыстағы аспаптар негізгі құрал-дардың құрамында есептелінеді. Пайдаланылуына байланысты технологиялық, күш беруші, шаруашылық деп 3 түрге бөлеміз. Бұл шотта мұнай өнімдері, өндірістік машиналар, көлік бөлшек-терін майлау өнімдерінің қолда бары мен олардың қозғалысы көрсетіледі, шаруашылық инвентарь түрінде қолданылатын ыдыстан басқа, барлық ыдыс өнімдерінің есебі жүргізіледі. Егер кəсіпорын ыдысты сататын болса, онда өз есебінде оны 1330 «Тауар» шотында көрсетеді. Ал кəсіпорын өзі өндірген немесе қолда бар көліктерін жөндеуге сатып алынған қосалқы бөлшек-тердің қолда барын, қозғалыс есебін жүргізіп 1350 шотқа тір-кейді. Сонымен қатар, толық комплект машина қоры, құрыл-ғылар, двигательдер, агрегаттар осы шотта орын табады.

Бастапқы құнының құрамына енетін жəне запастағы машина дөңгелегіндегі резиналар, камералар негізгі құралдардың құра-мында болады.

Қайтарылған қалдықтар немесе басқа да материалдар — не-гізгі материалды өңдеу кезінде жартылай немесе толығымен өз тұтыну қалпын жоғалтқан бастапқы материалдардың қалдық-тары.

Бұл шотта негізгі өндірістің қалдықтарының қозғалысы жəне қолда бар басқалай материалдардың да есебі жүргізіледі. Қатты отын ретінде өндірістің қалдықтары мен екінші ретті шикізат 1350 «Басқа да босалқылар» шотында орын табады.

Сонымен қатар, 1350 шотта басқа жаққа қайта өңдеуге бе-рілген жəне артынша өзінен жасалған өнімнің өзіндік құнына енетін материалдар есебі де жүргізіледі . Қайта өңдеу шығын-дары өнім кірістелетін шоттың дебетінде есептелінеді.

Материалдар келіп түскен кезде есеп құнымен немесе нақ-тылы өзіндік құнымен есепке алынады. Сатып алу құнына жет-кізу шығындарын қосып, нақтылы өзіндік құнын анықтаймыз.

Егер келісім-шарт бойынша мердігерге тапсырыс беруші өз материалдарын беретін болса, онда олар баланстан тыс шотта жүргізіледі. Пайдаланылуы № 2 нысандағы акт бойынша рəсім-деліп, төленуге тиісті материалдар көлемінің сомасын алып тас-тағанға тең болады.

Мердігерлер құрылыс өнім нысанын өз қажеттілігі немесе тура тапсырыс негізінде жасай алады . Бұндай жағдайда есептің ке-лесі түрлері қолданылуы мүмкін:

— өз қажеттілігі үшін — құрылыс өнімінің өзіндік құнын құрайтын шығындар есебі 8010 «Негізгі өндіріс» шотында жүр-гізіледі. Бұл шотқа кəсіпорынның өзінің шығарған шығында-рымен қоса, субмердігерлердің жұмыс көлемдерінің шығын-дары акт бойынша енгізіледі. Əр айдың соңында 8010 шоттың сальдосы 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотына апарылады . Бұл шот жинақтаушы қызметін атқарып, басқарушы есеп пен қаржылық есепті байланыстырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан дайын өнім ретінде сатылуға арналса, 1320 «Дайын өнім» шотына, ал егер негізгі құрал ретінде пайдаланылса, онда мердігердің 2410 «Негізгі құралдың тозуы жəне құнсыздануы» шотының дебеті бойынша кірістеледі.

Тура тапсырыс бойынша нысан мердігерлік мəміле бойынша салынып , шығындар 8010 «Негізгі құрылыс» шотында қалыпта-сады, № 2 нысандағы акт негізінде шығындар 7010 «Сатылған өнімнің өзіндік құны» шотына шығысталады. Осы қағидамен субмердігерлік кəсіпорындар есебін жүргізеді. ҚР Үкіметінің № 1328 15.10.01 жылда қабылдаған қаулысы бойынша құрылыс нысаны мердігердің иелігінде пайдалану актісіне қол қойыл-ғанға дейін болады, соған орай № 268-XII 24.12.94 жылдан қа-былданған 236-баптың талаптары орындалуы керек. Бухгалтер-лік есеп стандарттарына сəйкес, тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны өзіне запастарды сатып алуға кеткен, қазіргі кездегі олардың орналасқан жеріне жеткізумен байланысты көліктік-дайындық шығындарды жəне олардың қажетті қалыпқа келтіру шығындарын өзіне біріктіреді. Құрылыста құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу орнына еңбек құралдарын тасымалдау бойынша шығындар үлкен маңызды орынға ие жəне де оларды есепке алудың дұрыс ұйымдастырылмауы мердігерлік кəсіпо-рын қызметінің қаржылық нəтижелігінен көрініс табуы мүмкін. Тəжірибе жүзінде бухгалтерлік көп жағдайларда есепке алуды жеңілдету мақсатымен тауарлы- запасты қорларды, құндылық-тарды жеткізу жүзеге асырылған нысанның құрылысы бойынша үстеме шығындардың құрамына кіргізеді. Бұл есепті кезең ішін-де құрылыс материалдарын толық көлемде қолданбаған кезде, қолданылмаған материалдардың қалдықтарына кіретін, көліктік-дайындық шығындар сомасына есепті кезең шығындарының жоғарылауына əкеліп соғады . Сатып алынатын құрылыс мате-риалдарының өзіндік құнына көліктік кəсіпорын қызметін төлеу шығындары мен басқа да көліктік-дайындық шығындарын кір-гізу қажет. Тауарлы-материалдық босалқыларды есепке алу баға-лары бойынша өзіндік құннан ауытқуы мен қозғалысын есепке алуды ұйымдастыру жағдайында “Құрылыста есепке алуды жүргізу” шығарылымында көрсетілген есепке алу əдістемесін қолдануға болады. Егер де есепке алу нақты өзіндік құн бойын-ша жүргізілсе, онда материалдардың əрбір жеткізілуі кезінде көліктік-дайындық шығындар сомасын келіп түскен материал түрлерінің арасында олардың келісім-шарттық бағасы , саны, көлемі жəне салмағына пропорционалды түрде бөлуді жүзеге асыру қажет. Мұндай есеп те үлкен қиындықтарды тудырмайды жəне бухгалтерлік есепте, ең бастысы салықтық есепте қателік-терді болдырмауға мүмкіндік береді.

Құрылыс кəсіпорындары орталық қоймадағы материалды за-пастардың синтетикалық жəне аналитикалық есебін 1300 “Ма-териалдар ” бөлімшесінің барлық шоттарын қолдана отырып жүргізеді. 1350 “Құрылыс материалдары ” шотын құрылыс кəсі-порындары қолданбайды. Оны өндірістік кəсіпорындар құрылыс бөлшектері мен конструкцияларды, сонымен қатар құрылысқа қажетті басқа да материалды құндылықтарды дайындау үшін, құрылыстық жəне монтаждық жұмыс процесінде пайдаланы-латын материалдардың қозғалысы мен бар болуын көрсету үшін қолданады.

Құрылыс кəсіпорындарын материалды-техникалық жабдық-таудың ерекшелігі өндірістік технологиялық кешеннің арнайы басқармасын тарту мүмкіндігі болып табылады. Олар құрылыс кəсіпорындарының қажеттіліктеріне қарай құрылыс материал-дарын жабдықтаушылармен келісімді жүзеге асырады, жеткізуді бақылайды жəне құрылыс кəсіпорынынан делдалдық қызмет үшін қажетті құрылыс материалдары кешені түрінде сыйақы алады. Өндірістік-технологиялық кешеннің арнайы басқармасы (ӨТКБ) ережеге сəйкес материалдардың пайдалануы жүзеге асырылатын құрылыс орнына олардың қажетті ассортименті мен қажетті көлемде уақытылы жеткізілуіне жауапкершілікте болады. Мұндай материалды-техникалық жабдықтау тəртібі құрылыс-монтаждық жұмыстарды “шарлап монтаждау” əдісі-мен жүргізетін құрылыс кəсіпорындары үшін ыңғайлы, яғни бұл жерде құрылыс материалдары, конструкциялар мен бөлшектер нысанға белгілі бір жұмыс түрлерін орындау графигіне сəйкес жеткізіледі жəне алдын ала қоймада сақталусыз қолданылады. Аталған жұмыс əдісі нысандағы қоймадан бас тартуға мүмкіндік береді, бұл құрылыс кəсіпорынының өндіріс шығындарын төмендетеді. Бірақ, бұндай жабдықтауды ұйымдастыру жеткізу келісім-шартының нақты орындалуын талап етеді. Жеткізілім-нің кешігіп келуі құрылысты тоқтатуы мүмкін жəне тапсырыс берушіге объектінің уақытында өткізілмеуін немесе еңбек шарт-тарының өзгеруімен байланысты қосымша шығындарды туды-руы мүмкін. Сондықтан да сапалық немесе сандық құрамы сəй-кес келмейтін комплекттерді жеткізу немесе жабдықтау мер-зімін сақтамау жағдайында құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасы да төмендейді, бұндай жағдайда құрылыс кəсіпорыны ӨТКБ-дан осының нəтижесінде кеткен қосымша шығындарды өтеуін талап етуге құқылы. Өндірістік-технологиялық комплек-тацияның басқармасымен қарым-қатынастың жағымды басқа да жағы, мердігерлік кəсіпорын құрылыс материалдарына объекті қоймасына франко есебінен төлем жүргізеді, бұл жерде көліктік-дайындау шығындарын бөлу мен өзіндік есепке алу қажеттілігі жоқ.

Материалды құндылықтардың келіп түсуі əрбір жағдайда бірыңғай схема бойынша көрсетіледі. Жіберілетін жүк құжатта-рымен бірге жабдықтаушылардан (ӨТКБ, тапсырыс беруші) алынған шоттар, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналында тіркеледі, сонымен қатар осы журналға қоймаға материал-дардың түсуі туралы жазбалар, шотты төлегені туралы берілген-дер, акцептен бас тарту жəне т.б. туралы жазбалар енгізіледі. Материалдарды көліктік кəсіпорыннан немесе жабдықтаушы қоймасынан қабылдап алу экспедитормен берілген сенімхат не-гізінде жүзеге асырылады. Алынатын материалдардың құжат-тарда көрсетілген берілгендерге сəйкес келуі жағдайында, қо-сымша құжаттардың құрылуы талап етілмейді. Келіп түскен материалдардың саны, сапасы жəне ассортименті құжаттардағы берілгендерге сəйкес келмеген жағдайда, тиісті тəртіппен мате-риалдарды қабылдау туралы акт құралады. Актінің 1 данасы материалдардың келіп түсуін есепке алу үшін бухгалтерияға, 2-ші данасы жабдықтаушыға наразылық білдіру үшін негіз бо-лады. Темір жол станцияларындағы жəне кеме порттарындағы жүктерді қабылдау кезінде вагондар мен контейнерлердің пломбасының орнында болуын, ораманың жағдайы, ал көптеген жағдайларда салмағы да тексеріледі (брутто) . Қателіктер болған жағдайда темір жолға немесе кеме жолына наразылық білдіру үшін негіз болатын коммерциялық акт жасалады.

Экспедитормен материалдарды орталық қоймаға немесе өндіріске өткізу кезінде 2 данада кіріс ордері рəсімделеді. Бір данасы қоймада қалып, ал 2-шісі экспедитордың есебі үшін ақталу құжаты болып қызмет етеді, оның негізінде журналда келіп түсетін жүктерді есепке алу туралы жазба жасалады, одан кейін ол материалдардың қозғалысын есепке алу үшін бухгал-терияға беріледі. Орталық қоймадағы материалдардың анали-тикалық есебі өндірістік кəсіпорындардағы тəртіппен жүргізі-леді: материалдардың қоймалық есепке алу карточкаларындағы əрбір номенклатуралық нөмірі бойынша сандық өлшеуімен. Жазба үшін негіз болып кіріс жəне шығыс құжаттары табылады (кіріс ордері, материалдарды қабылдау актісі, коммерциялық акт, лимитті-заборлы карта, материалдарды ауыстыруды талап ету актісі (қосымша жіберу), тауарлы-көліктік накладной жəне т.б.). 1 ай ішінде барлық келіп түскен құжаттар бірінші деңгейлі құжат реестрінде кіріс пен шығыс бойынша жеке көрсетіледі жəне жүйелі түрде бухгалтерияға синтетикалық есеп жүргізу үшін беріледі. Бұдан басқа, материалдардың қалдықтарын есеп-ке алудың жылдық ведомосты (сальдолық кітап) жүргізіледі, бұған материалдарды қоймалық есепке алу карточкаларының нəтижелік берілгендері бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың əрбір 1-ші күніне берілгендер кіргізіледі. Бұл құжатты тек қалдықтарды ғана емес, сонымен қатар əрбір кезеңдегі мате-риалдың қозғалысын көрсететін сорттық айналым ведомостары ауыстыруы мүмкін. Айдың соңында бұл ведомостар таксировка жəне материалдардың синтетикалық есебінің берілгендерімен салыстыру үшін есеп бөліміне беріледі.

Келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы бойынша тіркеу нөмірі көрсетілген жабдықтаушылардың акцепттелген шоттары мен қоймаға материалды құндылықтардың түсуін айқындайтын құжаттар № 6 журнал-ордерді толтыру үшін негіз болып табы-лады. Бұл журнал-ордер оны толтырудың бірыңғай принцип-терін қолдану арқылы жүргізіледі:

— аналитикалық жəне синтетикалық есептерді бірге жүргізу, хронологиялық тəртіппен есепті жүргізу;

— 3310 “Жабдықтаушылармен жəне мердігерлермен есеп айырысу” шотының кредиті бойынша, дебеті бойынша да кор-респонденцияланатын шоттар көлемінде əрбір шотты көрсетуге сызықтық-позициялық əдісті қолдану (№ 6 журнал-ордердегі № 1-13 жазбаларды қараңыз).

Құрылыс кəсіпорындарында тауарлық босалқыларды өнді-ріске босату міндетті түрде бақылануы қажет. Бақылау мақсаты төмендегідей түрлерге бөлінеді:

Алдын ала бақылау — өндірістің материалдық қажетті-лігінің мөлшерін шектеу үшін орындалады. Босату мөлшерлік карталармен, толықтыру ведомостарымен жүргізіледі;

Ағымдағы бақылау — күнделікті қоймадан өндіріске бо-сату кезінде жүзеге асырылады. Бұл жауапты тұлғалардан талап етілетін құбылыс;

Кейінгі бақылау — өндіріске жіберілген босалқыларды есепті кезеңнің соңында жасалады. Бұл бақылау М-29 жəне М-19 формадағы есепті негізге ала отырып жасалынады.

Материалдарды, өнімді дайындауға, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жəне басқа да мақсаттарға босату алғашқы құжаттар арқылы жауапты тұлғалардың материалдық есебі негізінде келесі бухгалтерлік жазбалар:

— дебетінде 2930 «Аяқталмаған өндіріс», 8010 «Негізгі өн-діріс», 8030 «Көмекші өндіріс», 8040 «Үстеме шығындар» шот-тары, ал кредитінде 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1350 «Басқа да босалқылар» шоттары көрсетіледі.


жүктеу 442,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау