6.2. Өндірілген өнімнің өзіндік құны калькуляциялау әдістері
Кəсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін «өндіріске жұмсалған шығындар есебі» жəне «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау» ұғымда-рын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерде қарасты-рылады:
өндірістік қызмет процесіндегі пайда болу мезгіліне қарай алғашқы шығындардың бейнеленуі;
өндірістік шығындар туралы мəліметті қызмет түріне, өндіріске, құрылымның бөлімшелеріне, шығындардың пайда бо-лу орындарына, жауаптылық орталығына, өнімдерге, жұмысшы-ларға қарай оқшаулау;
өндірістік шығындарды пайда болу уақытына жəне өзіндік құнға қосылуына қарай, сонымен қатар басқа да уақыт кезең-дері, өткен шығындар, есепті кезең жəне болашақ кезең шығын-дарына қарай оқшаулау;
кəсіпорынның жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында бөлу: жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын өнімнің өзіндік құнына қосу жолымен өтеу; қызмет көрсетуші (көмекші) өндірістің өндірістік шығын-дарын оның аяқталмаған жəне дайын өнімдері арасында бөліп, шығындарды өндірістік бөлімшелері қызмет көрсетуші өндірісі-нің өнімдерін, жұмысшылары мен қызметтерін тұтынушылары бойынша қайта бөлу;
аяқталмаған өндірісті жəне өндіріс процесінде алынған қалдықтарды анықтап, бағалау жəне тауарлы өнімнің барлық көлемі мен жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтау.
Осылайша, өндірістік есеп өндіріске жұмсалған шығындар есебі (1—5 кезеңдер) мен калькуляциялық есепті (4—6 кезең-дер) қамтып, өзіндік құнды басқаруда ақпаратпен қамтамасыз ететін интеграциялық жүйе ретінде көрінеді.
Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жиынтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық:
шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады;
шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстар-дың санын сипаттайды;
шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнім өндірісі, қандай да бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) — белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлшемдегі шамасы.
Шығындар есебінің объектісі əртүрлі өндірістік шеңберде анықталуы мүмкін. Бұл ақпараттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау əдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.
«Əртүрлі мақсат үшін — əртүрлі өзіндік құн» негізгі прин-ципі өзіндік құнның 3 түрімен жүзеге асырылады:
толық өндірістік өзіндік құн, ол қалыпты жағдайда опе-ративті шешімдер қабылдау жəне бағаны белгілеу үшін қолда-нылады; тікелей өндірістік (ішінара) өзіндік құн арнайы жағдай-ларда оперативті шешімдер қабылдау жəне баға белгілеу үшін қолданылады;
жауапкершіліктің орталығы бойынша өзіндік құн. Ол жауапты атқарушыларың қызметін бақылау жəне жоспарлау үшін қолданылады.
Толық өзіндік құн өндіріске жұмсалған барлық ресурстарды құрайды. Ол шығындар есебінің объектісіне жұмсалған тікелей шығындар мен соған қатысты жанама шығындардың қосынды-сынан тұрады. Жанама шығындар 2 кезеңге: жауаптылық орта-лығына қарай, алдын ала таңдалған базалар мен коэффициент-тер бойынша дайын өнімдерге бөлінеді. Бұл бөлініс өндіріс кө-лемі мен аяқталған жəне аяқталмаған болып анықталады.
Толық өзіндік құн бойынша бағалау жүйесін жетілдіру қа-лыпты шығын мөлшерін бағалау болып саналады
Нормаларға сəйкес, келешекте пайда болуы тиіс шығын-дарды бағалау нормативті шығындар жүйесі деп аталады. Бұл жүйенің шығындарды бағалауының қолдануының бастапқы ке-зеңінде шығындардың тікелей жəне жанама түрлерге бөлінуі жүзеге асырылатын, ал шығындардың тұрақты жəне айнымалы түрлеріне бөлінуі қарастырылмайтын. Мұндай жүйе стандарт-кост деп аталады. Өндіріс барысында қалыптасқан ауытқулар тікелей нормалардан артық шығындалуы жəне бағаның өзгеруі деп бағаланады. Тұтастай алғанда жүйе технологиялық бақылау үшін қолданылып, өндірістік қуаттарды пайдалануды бақылау-мен байланыссыз болған. Нормативті шығындар олардың жоспарланған деңгейі қазіргі заманға сəйкес жүйелер тікелей шығындар үшін стандарттарды (нормативтерді), ал жанама шы-ғындар үшін сметалар (бюджеттерді) қарастырады. Шығындар-ды бағалауды қарастырып отырған жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту өндіріс қуаттарының нақты пайдалануына келешек нормативті шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Сондық-тан, жанама шығындар тұрақты жəне айнымалы бөліктерге бөлінеді де, ол нақты өндіріс көлеміне сай жанама шығындарды анықтауға жол ашады.
Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кəсіпо-рынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушы-лық шешімдерді жеңілдетеді.
Сметаны жасау құрылыс объектілерінің өзіндік құнын нор-мативті калькуляциялауға негізделген, осы мақсатта материал-дардың, еңбек жəне қаражат шығындарының сметалық көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік құ-нының негізі, ол құрылыс материалдарын дайындауға сметалық калькуляция, құрылыс машиналарын пайдалану жəне еңбек шығындары болады. Сметалық нормаларды жасағанда орташа шарттар мен барлық кешенді құрылыс жұмыстары ескеріле отырып, құрылыс жұмыстарының тəсілдері қолданылады. Каль-куляциялау мақсаты — шығындар түрін жүйелеп, құрылысты ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдауға əрекет ету.
Бұл мақсат төмендегідей бағытты қамтуы шарт:
ішкі аудитті жүргізу;
жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын бағалау;
жұмыс түріне қарай тиімділігін анықтау;
шығын мөлшерін азайтудың жолдарын анықтау;
инновациялық əдістерді қолдану қажеттілігін тану. Бүгінгі күні қолданылып отырған тəжірибеде көрсетілгендей
құрылыс кəсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:
материалдар;
жұмысшылардың еңбекақысы;
құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін кеткен шығындар;
үстеме шығындар.
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың жəне өнім-нің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше əдістері қолданылады.
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала жəне кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге бөлінеді. Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті дең-гейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық жəне нормативтік калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция — өнімге (жұмысқа, қызметке) жəне бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық (болжамдық) калькуляция, бұл — жоспарлы каль-куляцияның бір түрі, ол жоспарланған жəне жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуля-цияның бір түрі болып табылады . Бұл аталған əдіс шығындарды есептеудің нормативтік əдісін жəне кəсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын колданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы жəне əрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады. Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуля-цияға карағанда дəлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.
Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң, бухгалтерлік есеп мəліметтері бойынша жасалынады. Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуля-циясы) жəне шамаланған калькуляция жатады.
Өнімнің өзіндік құнының нақты ( есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол кəсіпорынға байланыс-ты жоспарлы себептер бойынша да (өнімді өндірудің орын-далуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) жəне оған байланыссыз себептер бойын-ша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық ауда-рымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін. Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мəліметтің негізінде дайындалады.
Шамаланған калькуляция нақты шығындар жəне тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептел-ген шығындар деңгейінде жасалады. Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нəтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуля-циясын жəне шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен рөл атқарады.
БЕҚС-ның 9-бабының негізінде өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге кеткен өндірістік шығындар олардың экономикалық құрылымына сəйкес, келесідей элементтер бойынша топталады:
— материалдық шығындар;
— еңбекақы шығындары;
— сақтандыруға аударымдар;
— құралдардың тозуы;
— басқа да шығындар.
Енді құрылыстағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кəсіпорын өзіне тəн əдісті қолдануы мүмкін. Солардың бі-рі — тапсырыстық əдіс. Бұл əдіс арнайы тапсырыспен орында-латын жұмыс түрін калькуляциялауға арналған. Бір ерекшелігі
— құрылыс саласына негізделген, əрі шығын баптарына жекеленіп, өндірістік тапсырыстың сметалық құрылымына сəй-кес, алдын-ала анықталған мөлшері бойынша құрылады. Өзіндік құн тапсырыс орындалып біткен соң анықталады. Тапсырыс орындалғанға дейін барлық шығын аяқталмаған өндіріс болып табылады. Əрбір құрылыс нысанына шығындар жеке-жеке есептелінеді, əрі əрбір есепті кезеңде орындалған жұмыс дең-гейін сметалық мөлшермен салыстырып, өзіндік құнын каль-куляциялайды. Бағалау тікелей орындалған жұмыс көлеміне жа-салады жəне уақыт аралығына мəн берілмейді. Бұл əдістің бір тиімділігі тапсырушы тапсырмасының əрбір есепті кезеңде қан-дай үлестік салмағы орындалғанынан хабардар болып отырады.
Сметаны құрғанда ресурстық жəне базистік-өтемдік құры-лыстың құнын анықтайтын əдіс қолданылуы мүмкін. Ресурстық əдіс тарифтер мен ағымдағы бағаны қолдану арқылы калькуля-циялау, қажеттілікті табиғи көрсеткіштер түрінде: материалдар, өнімдер, құрылғылар, құрылыс орнына жеткізу əдістері жəне арақашықтығы берілген, құрылыс машиналарын іске асыру уақыты жəне олардың құрамы, жұмысшылардың еңбек шығын-дары жəне т.б.
Базистік-өтемдік əдіс құнды сомалауды көрсетеді, сметалық бағаның базистік деңгейде өтелуі 01.01.1991 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жəне тапсырыс беруші кəсіпорын, соны-мен қатар мердігерлік кəсіпорынның қосымша шығындары есеп-айырысу жолымен анықталады, тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі өндірілетін құрылыс ресурстары процесімен байланысты (материалдық, техникалық, энергетикалық, еңбек-тік, қызмет көрсету жəне т.б.) нақты тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі келешектегі осы құрылыстағы есеп-айырысу процесін нақтылауға тəуелді болып табылады.
Алғашқы сметалық құжаттар локальды смета болып табы-лады, ортақ алаңдық жұмыс көлемі негізінде немесе үйлер мен ғимараттар шығындары жəне жеке жұмыс түрлері үшін базистік баға деңгейінде жасалынады, жұмыс жобалары жəне жұмыс құжаттарын өңдеуде анықталады. Локальдық сметамен анықта-латын құрылыс жұмыстарының құны өзіне тікелей шығын, қосымша шығын жəне сметалық пайданы енгізеді.
Базистік баға деңгейіндегі тікелей шығындар еңбекақы төлеу құнымен, материалдар, өнімдер жəне құрылғылар, құрылыс ма-шиналарын іске қосу есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |