1 нарық экономикасы жағдайындағы салықтардың РӨЛl ЖӘне уақытылы өНДlРlп алудың ҚажеттlЛlГl



жүктеу 1,51 Mb.
бет6/7
Дата22.05.2018
өлшемі1,51 Mb.
#16188
1   2   3   4   5   6   7

Инкассолық өкiм дебитордың бiрнеше банк шоттарына қойылған жағдайда, бiр инкассолық өкiм бойынша дебиторлық берешек сомасының есептен шығарылуы қалған барлық өкiмдердi керi шақыруға әкеп соқтырады. әкiм, сондай-ақ, дебиторлық берешек заңдарда көзделген мына тәсiлдердiң кез келгенiмен: дебиторлық берешек сомасын салық төлеушiнiң банк шотына аудару, дебитордың кассасы арқылы қолма-қол ақша беру, салық берешегiн өтеу есебiне дебиторға меншiк құқығына тиесiлi негiзгi құралдар мен тауарлы-материалдық қорларды беру және т.б. жолмен ерiктi түрде өтелген жағдайда, дебитордың шоттынан керi шақырып алынуы мүмкiн. Бұл ретте дебитордың банк шоттарына инкассолық өкiмдi жiберген салық органына акт жасалған күні дебитордың салық төлеушiнiң алдында берешегiнiң жоқтығын растайтын есеп айырысуды салыстыру актiсi мен салық төлеушiнiң алдындағы дебиторлық берешектi өтеу фактiсiн растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы, шығыс касса ордерi, мүліктi қабылдау-табыстау актiсi және т.б.) берiледi. Дебитордың банк шоттарына қойылған инкассолық өкiмдер салық төлеушi салық беоешегiн өз бетiнше не оған басқа да мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану есебiнен өтеген жағдайда да орындалмастан керi шақырып алынады.

Дебитордың банк шоттарына инкассолық өкiмдi ұсыну салық қызметi органдарының борышкер салық төлеушiге Салық кодексiнiң 49-бабында белгiленген басқа да мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануына шектеу қоймайды.

Салық төлеушi өзiнiң алақол дебиторынан дебиторлық берешегiн өндiрiп беру туралы өтiнiшпен салық органына жүгiнетiн жағдайлар да кездеседi. Бұл ретте салық төлеушiнiң бюджет алдында берешегi болмайды. Мұндай жағдайда салық органдары өндiрiп алуды жүргiзуге құқылы емес, ал салық төлеушi салық берешегi пайда болған және оған Салық кодексiнiң 50,51-баптарына сәйкес мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданылғаннан кейiн ғана дебитордың ақша қаражаттары есебiнен салықтарды төлеу жөнiндегi салық мiндеттерiн орындауға үмiт ете алады не дебиторлық берешектi сот орындаушылары арқылы мәжбүрлеп өндiрiп алу үшiн сот органдарына жүгiне алады.


Салық төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлікiн өткiзу есебiнен салық берешегiн өндiрiп алу. Салық төлеушiнiң – заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң банк шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және дебиторларының банк шоттарында ақша болмаған жағдайда салық органдары оның келiсiмiнсiз салық берешегiнiң сомасы шегiнде салық төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлікiнен өндiрiп алуды жүргiзуге құқылы.

Салық төлеушi билiк ету шектелген мүліктiң шектеу алып тасталғанға дейiн сақталуын және тиiсiнше күтiп-ұсталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол орындалмаған жағжайда, салық төлеушi билiк ету шектелген мүліктi аукционға дайындау жөнiндегi шығындарды өтеуге мiндеттi және аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауаптылықта болады.



Салық төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлікiн салық берешегi есебiне өткiзу тәртiбi. Салық төлеушiлердiң барлығының назарын “ Салық берешегi есебiнен салық төлеушiнiң мүлікке билiк етуiн шектеудi жүзеге асыру жөнiндегi мамандырылған аукцион өткiзу Ережелерiн бекiту туралы” Қазақстан Республикасының үкiметiнiң 2004 жылғы 25 мамырдағы 569 қаулысының жарыққа шығуымен байланысты салық органдары салық төлеушiнiң атталған мүлікiн өткiзу жөнiнде жұмыстар жүргiзу фактiсiне аударамыз.

Хаттауға неғұрлым өтiмдi, яғни сұранысқа ие болатын мүлік алынады. Бұл кәсiпорынның әкiмшiлiк және өндiрiстiк йлердi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, негiзгi құралдарды, кеңсе жиғаздары, техникасы, сондай-ақ дайын өнiмдерi, әр-алуан материалдық қорлары да болуы мүмкiн.

Егер хаттамаға негiзгi құралдар алынатын болса, онда салық төлеушi оларды өзiнiң тiкелей мақсатына қарай өндiрiстiк қызметiн жүзеге асыру мақсатында одан әрi пайдалана алады. Хаттамаға жататын жылжымалы мүліктi пайдалану процесiнде негiзгi құралдарды қаланың (облыстың) шектерiнен тыс жүрулерiне қатысты шектеулер болмайды. хатталан объектiлер жалға берiлуi мүмкiн. Сонымен, мысалы автокөлiк құралдарын пайдалану мүмкiндiктерiне белгiлi бiр шектеулер болмайды. Бiрақ хатталған мүліктi аукционға қойған кезде салық төлеушi әлеуеттi сатып алушылардың оларды қарауы үшiн осы мүліктiң қолда болуын қамтамасыз етуге тиiс.

Салық төлеушiлердiң есiнде мыналар болғаны жөн: хатталған негiзгi құралдар өзге де нысанда сатылмайды немесе иелiктен шығарылмайды. Бұл орайда хаттамаға алынан мүліктiң тиiсiнше сақталуы қамтамасыз ету қажет.

Егер дайын өнiм хатталатын болса, онда ендiгi жерде оны шаруашылық жүргiзушi субъект оның бюджет алдындағы мiнтеттемесiн өтегенге дейiн сата алмайды. Бұл ретте салық төлеушi салық комитетiне тез арада сатылуға тиiстi өнiмнен хаттаманы алып тастауға өтiнiш жiбере алады (мысалы, өнiмнiң жарамдылық мерзiмiнiң аяқталуы себептi), онда түскен қаражаттарды кейiннен бюджетке есептеу, не оның орнына басқа мүліктi хаттау жүргiзiледi.

Салық бойынша берешектi салық төлеушiнiң есеп айырысу шотына түскен ақша қаражаттары есебiнен немесе басқа да көздер есебiнен өтеген жағдайда, мүлікке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң күшi бiр жұмыс күні iшiнде жойылады. Салық төлеушi мәжбүрлi түрде өндiрiп алуға қолданылған шараларға қарамастан, бюджет алдындағы берешегiн өтей алмайтын болса, салық комитетi хатталған мүліктi аукционға қою туралы шешiм қабылдайды.

Хатталған мүліктiң қолда бар тiзiмдерi, олардың сипаттамалары иен баланстық құны көрсетiле отырып, тәуелсiз бағалаушыға берiледi, ол мүліктiң бастапқы құнын анықтайды. Саудаға қойылатын мүліктiң бастапқы бағаларын коммисия түбегейлi бекiтедi, оның құрамында салық комитетiнiң, “ Қаржы берешектерiмен байланысты жұмыс жөнiндегi орталық” ЖАҚ-ның, Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитеттiң аумаңтық басқармасының өкiлдерi кiредi. Коммисия отырысына тәуелсiз бағалаушы қатысады, ол қажеттi түсiнiктемелер беруi мүмкiн, бiрақ дауыс беруге қатыспайды.

Бастапқы бағалар бекiтелгеннен кейiн материалдарды, оның iшiнде хаттама актiсi салық төлеушiнiң мүлікiне билiк етуiн шектеу туралы шешiмдi, сондай-ақ құқықты белгiлейтiн құжаттарды “ қаржы берешектерiмен байланысты жұмыс жөнiндегi орталық” ЖАҚ-на бередi.

Аукционды ұйымдастырушы мүліктi сатуға дайындау жөнiнде мынадай шаралар қабылдайды:


  • Аукционға қатысушылардың мүліктi қарауын ұйымдастырады, оның iшiнде өндiрiстiң бiрiңғай технологиялық желiсiн сақтауды ескере отырып лотты саудаға қою тәртiбiн анықтайды;

  • мүлік туралы деректер мазмұндалатын ақпарат хабарын жасайды және ресми бұқаралық ақпарат құралдарына аукционды өткiзу күні хабарланғанға дейiн он жұмыс күнінен кешiктiрмей оны жариялауды ұйымдастырады;

  • өзге де шарттар орындайды.

Егжей-тегжейлi сипаттамалары көрсетiле отырып лоттардың тiзбесi (мысалы, жылжымалы мүлік бойынша – техникалық паспорттар, фотосуреттер және т.б. қосымшасымен) «Қаржы берешектерiмен байланысты жұмыс жөнiндегi орталықтың ЖАҚ-да болады. әрбiр мүдделi сатып алушы (заңды және (немесе) жеке тұлға) Орталыққа телефон соғуына немесе келуiне және саудаға қойылған мүліктiң тiзбесiмен және сипаттамаларымен танысуына болады. Егер Үсынылған тауарлардың арасынан әуелеттi сатып алушы қандай да бiр заттарға ынта қоятын болса,онда ол салық төлеушi – иеленушi туралы және осы мүліктiң орналасқан жерi туралы қабарлама алады. Мүдделi адам аукционға қойылатын объектiнiң өзiмен тiкелей танысу үшiн мүлік иесiне тiкелей өзi баруына болады. Соңғысы әлеуеттi сатып алушының саудаға қойылған хатталған мүлікке кедергiсiз баруын қамтамасыз етуге тиiс.

Саудаға қатысуға жеке және заңды тұлғалар, оның iшiнде мүлікi сатылуға тиiстi борышкердiң өзi жiберiледi. Олардан саудаға қатысушы ретiнде алдын ала тiркеу және олар сатып алғысы келетiн мүліктiң бастапқы құнының 10 пайыз мөлшерiнде кепiлдi жарна салу талап етiледi.

Тiркеу үшiн аукционға қатысушы мына төмендегi құжаттарды беруге мiндеттi:


  • қатысушының жеке басын растайтын құжаттар;

  • салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

  • кепiлдi жарнаның төленгенiн растайтын құжаттар.

Сатып алушылардың бiрi мүліктi сатып алғаннан кейiн, саудаға қатысушылардың қалғандарына салынған кепiлдi жарнаның сомасы қайтарылады.

Аукцион ағылшын әдiсi бойынша өткiзiледi, оның мәнi мынада болып табылады: неғұрлым жоғары баға ұсынған адам мүлікке ие болады. Саудаласудың нәтижелерi бойынша жеңiмпаз аукцион өткiзiлгеннен кейiн жазбаша түрде екi жұмыс күні iшiнде сатушымен мүліктi сатып алу-сату шартын жасасады және шарт жасасқаннан кейiн екi банк күнінде салық төлеушiнiң салық берешегiнiң орнын толтыру есебiнен бюджетке мүліктi сатып алғаны үшiн тиiстi соманы аударады.

Егер аукционды өткiзу күні, уақыты және жерi туралы жарияланған сатушы немесе оның заңды өкiлi аукционға келмейтiн болса, онда аукцион оның қатысуынсыз өткiзiледi, ал мүліктi сатып алу-сату шартын салық органы соның атынан жасайды.

Салық төлеушi (акционерлiк қоғам) акцияларының мәжбүрлi қосымша эмиссиясы . Жоғарыда көрсетiлген барлық шаралар қолданылғаннан кейiн салық төлеушi (акционерлiк қоғам) салық берешегi сомаларын өтемеген жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акциялардың мәжбүрлi қосымша эмиссиясы туралы сотқа талап арызбен жүгiнуге құқылы.

Акциялардың қосымша эмиссиясы дегенiмiз – сот органдарының шешiмi негiзiнде уставтық капиталдың көбеюiмен бiрге жүргiзiлетiн жай акциялардың эмиссиясы.

Акционерлiк қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi мен мемлекеттiк бюджеттiң және мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыратын мекемелердiң акциянерлiк қоғам алдындағы қарызының айырмасы қоғамның төленген уставтық капиталының үштен екi бөлiгiнен кем болмаса, Қазақстан Республикасының үкiметi белгiлеген өкiлеттi мемлекеттiк орган (салық қызметi органы) акционерлiк қоғамның атқарушы органын акциялардың қосымша эмиссиясын өткiзу және қосымша акцияларды дербес орналастыруталабымен сот органдарына шағымданғаны туралы қабардар етедi.

Жоғарыда келтiрiлген қабарламаны алғаннан кейiн қоғам отыз күннiң iшiнде мерзiмiнде төленбеген салық берешегi жабу мәселелерiн талқылау үшiн және төленген уставтық капиталдың мөлшерiн көбейту туралы шешiм қабылдау үшiн кезектен тыс жалпы акция ұстаушылардың жиналысын жинауға құқылы.

өкiлеттi мемлекеттiк органның акциялардың қосымша эмиссияларын мәжбүрлеп шығару туралы сот органдарына шағымданған жағдайда, мемлекеттiк орган өз есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарына жүргiзiлетiн эмиссия туралы мәлiметтер жариялауға мiндеттi. Қосымша акцияларды сатып алуға қызығушылық танытқан заңды және жеке тұлғалар сатып алатын акциялардың саны мен бағасынкөрсетiп арызданады. Бұл арызды беру арыз берушi тұлғаға акцияларды көрсеткен бағамен сатып алу мiндетiн жүктейдi. Егер бұқаралық ақпарат құралдарына қабарлама жария етiлгеннен кейiн отыз күн iшiнде қосымша эмиссияланған акцияларды сатып алуға арыздар түспесе немесе арыздар қоғамның салық берешегiнiң үштен бiр бөлiгiнен кем болатын болса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган сот органдарын шақамдарынан бас тартқанын қабардар етедi.

Сот шешiмi өз күніне енген күннен бастап қосымша эмиссияланған акциялар орналастырып бiткен күнге дейiн қоғамның мерзiмiнде төленбеген салық берешегiне өсiмпұл мен айыппұл есептелмейдi.

Қосымша эмиссияланан акциялардың сомасы соттың шешiмi күшiне енген кезде қоғамның мерзiмiнде төленбеген салық берешегi сомасымен мемлекеттiк бюджеттiң немесе мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыратын мекемелердiң қоғам алдындағы берешегi сомасының айырмасына тең болу керек.

Акциялардың қосымша эмиссиясын тiркеу. Акциялардың қосымша эмиссиясы күшiне енген соң сот шешiмi енгiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тiркеледi. Акциялардың қосымша эмиссиясы алдыңғы өткен эмиясияның шығару және орналастыру нәтижесi туралы бекiтiлмеген есептiң негiзiнде де тiркелуiне болады. Акциялардың қосымша эмиссияларын мәжбүрлеп шығаруды тiркеу процедуралары уәкiлеттi мемлекеттiк органмен белгiленедi.

Уәкiлеттi мемлекеттiк орган акциялардың қосымша эмиссиясы тiркелген күннен кейiн жетi күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына акциялардың қосымша эмиссиясы туралы және оларды орналастыру шарттары туралы мәлiметтер жариялайды.

Акциялардың қосымша эмиссияларын шығаруды тiркеу және ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәлiметтердi жариялау қоғамның есебiнен жүргiзiледi.

Қосымша эмиссия акцияларын орналастыру. Қосымша эмиссия акцияларын орналастыру уәкiлеттi мемлекеттiк органмен тiркеуден өткеннен кейiн бiр ай iшiнде аукциондық әдiспен өткiзiледi. қосымша эмиссия акцияларын орналастыру қоғамның есебiнен жүргiзiледi.

Қосымша эмиссия акцияларын акциялары эмиссияланып жатқан қоғам сатып ала алмайды.

Қосымша эмиссия акцияларының шығарылуы және орналастыруы туралы есептi мемлекеттiк орган уәкiлеттi органға орналастыру бiткеннен кейiн жетi күннiң iшiнде бередi.

Қосымша эмиссия акцияларының шығарылуы және орналастыруы туралы есептi уәкiлеттi орган жетi күннiң iшiнде бекiтедi. Есеп бекiтiлгеннен кейiн уәкiлеттi орган қосымша эмиссия акцияларын сатып алған акция ұстаушылардың тiзiмiн акциялары қосымша эмиссиядан өткен қоғамның реестр ұстаушысына жiбередi. Реестр ұстаушы үш күннiң iшiнде қоғамның акция ұстаушылар реестрiне тиiстi өзгерiстер енгiзуге мiндеттi.



Қосымша эмиссия акцияларын орналастырудың нәтижелерi. Қосымша эмиссия акцияларын сату нәтижесiнде түскен ақша қаражаттары қоғамның салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар, қоғамның басқа да мемлекеттiк бюджет алдындағы берешек сомаларын өтеуге жiберiледi. қосымша эмиссия акцияларын сату нәтижесiнде түскен ақша қаражаттары қоғамның бюджет алдындағы қарызынан асып кетсе, ол сомалар қоғамның табыс есебiне жiберiледi. қосымша эмиссия акцияларын сату нәтижесiнде түскен ақша қаражаттарды жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға ғана қолданылуы тиiс.

Уәкiлеттi орган акциялардың қосымша эмиссияларын мәжбүрлеп шығару және орналастыру туралы есептi бiткеннен кейiн, қоғамның салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер , мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар, және басқа да мемлекеттiк бюджет алдындағы берешек сомасы акцияларды сату нәтижесiнде түскен сомаға төмендейдi.

Акциялардың қосымша эмиссияларын мәжбүрлеп шығару туралы шешiм қабылданғаннан кейiн, акционерлiк қоғам эмиссияланған акциялар орналастырылмай түрып мерзiмiнде төленбеген салық берешегiн өтеуге құқылы. Бұл жағдайда:


  • мемлекеттiк орган қосымша эмиссия акцияларын сату аукционы болмайды деп Хабарлайды;

  • мемлекеттiк орган арызының негiзiнде сот атқару iстiң тоқтатылуы туралы ұйғарым шығарады;

  • акциялардың қосымша эмиссиясының тiркеуi күшiн жояды.

Қосымша эмиссия акцияларын сатып алған акция ұстаушылар қоғамның басқа да акция ұстаушыларымекн қатар барлық құқықтармен мiндеттерге ие болады.

Кеден органдары, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар өткiзiлген кезде, Салық кодексiне және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алуды жүзеге асырады.

Салық қызметi органдары мен кеден органдары өздерiне жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi өзара iс-әрекет жасау арқылы орындайды.

Бұл орайда, салық органы салық мiндеттемесi дер кезiнде орындалмағаннан кейiн мүлiгiне билiк етуi шектелген салық төлеушiнiң экспорттық операцияларын кеден органдары арқылы тоқтата түруға құқылы. Экспорттық операцияларды тоқтата түру үшiн, салық қызметi органдары кеден органына қабарлама жiбередi.



2.3 Салық берешегiн өндiрiп алу жөнiндегi атқарылған жұмыстар.

(Оңтүстiк Қазақстан облысының мысалында)
Шымкент қаласы бойынша 2005 жылдың 01 сәуiрiне бересi сомасы 1 124 333,0 мың теңгенi құрайды. Осы жылдың басымен салыстырғанда бересi сомасы 113 831,0 мың теңгеге өскен.



Сурет 3 Былтырғы жылдың 01 сәуiрiмен салыстырғанда бересi сомасы 711 148,0 мың теңгеге түскен.

Жалпы берешектiң түрлерге бөлiнуi мынандай:


  1. бюджеттiк мекемелердiң берешегi – 67460,0 мың теңге – 6,0 %

  2. Үмiтсiз берешек - 38227,3 мың теңге - 3,3 %

  3. күдiктi берешек - 187763,6 мың теңге – 16,6 %

  4. кезектi берешек - 281083,2 мың теңге - 25,0 %

  5. проблемалық берешек - 549798,8 мың теңге - 48,9 %.

Диаграммада көрiнiп тұрғандай, жалпы берешектiң ең үлкен бөлiгiн (48,9) проблемалық берешек алып түр. Оның себебi – Шымкент қаласы бойынша Салық комитетiнде өтелмеген салық берешек сомалары бар, жұмыс iстемей тоқтап түрған, басшылары Хабар-ошарсыз деп танылҚан мекемелер тiркеуде түр.

Бұл мекемелердiң баланстарында негiзгi құралдар мен тауарлы-материалды құндылықтардың жоқтығынан, басшылары Хабар-ошарсыз болғаннан кейiн салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану қиын болып түр.



Салық комитетiнiң мәлiметтерi бойынша, қазiргi уақытта тiркеуде 14983 заңды тұлға бар, оның iшiнде:

  • жұмыс iстемей тоқтап түрған, салық берешегi жоқ мекемелер – 7893 заңды тұлға;

  • жұмыс iстемей тоқтап түрған, салық берешегi бар мекемелер – 1015 заңды тұлға;

  • басшылары 1 жылдан астам хабар-ошарсыз кеткен, салық берешегi жоқ мекемелер – 268 заңды тұлға;

  • басшылары 1 жылдан астам Хабар-ошарсыз кеткен, салық берешегi бар мекемелер – 269 заңды тұлға.

7893 жұмыс iстемей түрған салық берешегi жоқ заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң 525-бабына сәйкес, оларды Мемлекеттiк реестрден сырттай шығарып тастау жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.


2005 жылғы айлары бойынша қарайтын болсақ, бересi сомасының өзгеруi мынандай болған:




Кесте 7. ОҚО Кәсіпорындардың және ұйымдарының қаржылық нәтижелеріне қарай 2004-2005 жж. жіктелуі *




жылдар

Есеп берген кәсіпорындардың саны

Олардың ішінде табыс алғандар

Олардың ішінде залал алғандар

Қаржылық нәтижеге жетпеген кәсіпорындардың саны

Табыс алғандардың саны

Олардың үлесі

%


Табыс сомасы, мың тг.

Залал көргендердің саны

Олардың үлесі

%


Залалдың сомасы, мың.тг.




2004

4127

2013

4808

21412833

1425

34,5

5115627

689

2005

4305

2087

48,5

13004614

1435

33,3

7700918

783

*Ақпарат көзі. ОҚО Статистикалық басқармасының 2005 ж. сатистикалық жинақтары. Шымкент, 2006.


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау