1 нарық экономикасы жағдайындағы салықтардың РӨЛl ЖӘне уақытылы өНДlРlп алудың ҚажеттlЛlГl


Салық мiндеттемесi және оны орындау мерзiмдерi



жүктеу 1,51 Mb.
бет2/7
Дата22.05.2018
өлшемі1,51 Mb.
#16188
1   2   3   4   5   6   7

1.2 Салық мiндеттемесi және оны орындау мерзiмдерi

Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп табылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне түруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.

Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден – оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және Салық кодексiнде көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:



  1. салық органына тiркеу есебiне түрады;

  2. салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн жүргiзедi;

  3. салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi салық базаларымен салық ставкаларын негiзге ала отырып, бюджетке төленуге тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептейдi;

  4. салық есептiлiгiн жасайды және оны белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық қызметi органдарына табыс етедi;

  5. салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептеп шығарылған және есептелген сомаларын , сондай-ақ салық мiндеттемесi орындалмаған жағдайларда, салық өсiмпұлдары мен айыппұлдарын төлейдi. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде орындауы тиiс. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.

Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасыз төлеу нысанында орындалатын салық мiндеттемесiбанктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына төлем тапсырмасы акцептiң алған күннен бастап, ал қолма-қол ақша нысанында – салық төлеушi аталған соманы банкке немесе уәкiлеттi органға төлеген кезден бастап орындалды деп есептеледi.

Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi оны ұстап қалған күннен бастап орындалды деп есептеледi.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салық мiндеттемесi, Қазақстан Республикасының заңактiлерiмен және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады.

Салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы салық қызметi органының оған жiберген жазбаша хабары хабарлама деп танылады.

Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге мынадай мерзiмдерде:


  1. салық органы Салық кодексiнiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы – есептеп шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрмей;

  2. салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы тулалы – салық тексеруi актiсi бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;

  3. басқа да салықтар бойынша салық мiндеттемесiн орындау үшiн бюджетке артық төленген салықтар сомаларына жүргiзiлген есепке жатқызу сомалары туралы – есепке жатқызу жүргiзiлген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;

  4. мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қолданылатын шаралар туралы:

  • салық төлеушi салық есептiлiгiн тапсыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн он жұмыс күні iшiнде;

  • белгiленген төлеу мерзiмi күнінен бастап отыз жұмыс күні iшiнде;

  • заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата түру туралы шешiм шығарылған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде;

  1. салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қолданылатын шаралары туралы – мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданылғанға дейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;

  2. дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы - өндiрiп алуға дейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;

  3. комералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы – салық есептiлiгiнде бұзушылық анықталған күннен бастап екi жұмыс күнінен кешiктiрмей;

  4. салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы – шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;

  5. салық заңдарын бұзушылықты жою туралы – оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей жiберiледi.

Хабарламада салық төлеушiнiң аты-жөнi немесе толық атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, хабардар еткен күні, салық мiндеттемесiнiң сомасы, салық мiндеттемесiн орындау жөнiндегi талап, хабарлама жiберу үшiн негiздеме, шағымдану тәтiбi көрсетiледi. хабарламалардың нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi. хабарлама салық төлеушiнiң (өкiлiнiң) жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.

Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi Салық кодексiнде белгiленедi. Бұл ретте, осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң өтуi оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды iс-әрекеттен кейiн келесi күні басталады. Мерзiм Салық кодексiнде белгiленген кезең аяқталған күнінiң соңында бiтедi. Егер мерзiмнiң соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзiм келесi жұмыс күнінiң соңында аяқталады.

Салық органдары салық бақылауы нәтижелерi бойынша салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi салық төлеушiге Хабарлама тапсырылған күннен кейiнгi он жұмыс күні iшiнде орындалуға тиiс.

Салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық органдарының Хабарламасында көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар есептелген сомаларымен (төлем көздерiнен ұсталатын акциздердiң және салықтардың есептелген сомаларынан басқа) салық төлеушi келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық мiндеттемесiне орындау мерзiмi алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте, көрсетiлген сома төлеу мерзiмi ұзартылған әрбiр күнге өсiмпұл есептеле отырып, осы кезкңнiң әрбiр он бес жұмыс күні сайын тең үлеспен бюджетке төленуге тиiс.

Таратылған заңды тұлғаның салық берешегi аталған заңды тұлғаның ақшасы, соның iшiнде оның мүлікiн сатудан алынған ақша есебiненҚазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi. Бұл ретте, таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық берешегi де өтеледi. Тарату кезеңiнде туындайтын салық мiндеттемесi туындауына орай, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмде және тәртiппен орындалады.

Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлікi салық берешегiн толық көлемде өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, салық берешегiнiң қалған бөлiгiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейдi.

Егер таратылатын заңды тұлғада салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетiлген сомалар Салық кодексiнiң 39-бабында белгiленген тәртiппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу есебiне есептеуге жатқызылады. Таратылған заңды тұлғада салық берешегi болмаған жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиiс.

Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi. қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорларының салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi оның салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге негiз болып табылмайды.

Заңды тұлғаның ұйымдастырылғанға дейiн артық төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiнiң сомасын салық органы қайта ұйымдастырылан заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу есебiне есептеуге жатқызады. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегi болмаған жағдайда, осы заңды тұлғаның артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы оның құқық мирасқорына қайтарылуы тиiс.

Қайтыс болған жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнінде жиналып қалған салық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырған мүлік құны шегiнде және мұраны алған күнгi ондағы үлесiне барабар өтейдi. Жеке тұлғаның мұрагерi болмаған жағдайда, ол қайтыс болған күнінде жиналып қалған салық берешегi өтелдi деп есептеледi.

Жеке тұлғаны сот Хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда, мұндай жеке тұлғаға қатысты салық мiндеттемесi шешiм шығарылған күннен бастап тоқтатыла түрады. Сот Хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық берешегiн Хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлікiн басқаруға қорғаншы орган уәкiлеттiк берген адам өтейдi. Егер белгiленген тәртiппен Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлікi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда Хабар-ошарсыз кеткен адамның салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүліктiң жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады. Сот адамны Хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмiнiң күшiн жойған жағдайда, салық мiндеттемесi бойынша белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, бұрын салық органы есептеп шығарған салық берешегiнiң күшi қайта басталады.

Салық қызметi органы салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасын салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде есептей алады немесе қайта қарай алады. Салық төлеушi салықтың артық төленген сомасын салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлуi. Салықтарды (төлем көзiнен ұсталатын салықтар мен акциздерден басқа) төлеудiң Салық кодексiмен белгiленген мерзiмiн салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негiзiнде, неғұрлым кеш мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк жылдың он айынан асырмай ауыстыру салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту деп танылады. өзгертiлген мерзiм бойынша салық мiндеттемесiн орындау құқығы басқаға берiлуге тиiс емес.

Салықтарды төлеу бойыша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, Салық кодексiнiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнi Салық кодексiне сәйкес салықтар сомаларын дер кезiнде төлемегенi үшiн өсiмпұл төлеуден босатпайды. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, салық төлеушiнiң мүлікiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi. Салық төлеушiнiң мүлікiн кепiлге алу және банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртiбiн Қазақстан Республикасының үкiметi айқындайды.

Республикалық бюджетке келiп түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен келiсе отырып қабылдайды.

Жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органы жергiлiктi атқарушы органмен келiсе отырып қабылдайды.

Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы онда белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тоқтатылады. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы салық төлеушi салықтардың бүкiл сомасын шешiмде белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеген жағдайда немесе салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау шарттарын бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

Кепiлмен (банк кепiлдiгiмен) қамтамасыз етiлген салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертудiң шарттары орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, салық қызметi органдары салық төлеушiнiң кепiлге салынған мүлікiн өндiрiп алуға не банк кепiлдiгiнiң орындалуын талап етуге құқылы. Салық төлеушiнiң кепiлге салған мүлікiн өткiзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.



Салық төлеу мерзiмдерi. Салық төлемдерiн мәжбүрлеп өндiрiп алу дегенiмiз – есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын өндiрiп алу деген сөз. Яғни, әр салықтың, әр төлемнiң өзiнiң мерзiмдерi болады. Салық төлеушi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi өздерiнiң төлем мерзiмдерi келгенде кешiктiрмей төлеуге мiндеттi. Сондықтан, салық берешегiн мәжбүрлi түрде өндiрiп алу үшiн, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төлеу мерзiмiн мiндеттi түрде бiлу қажет.

Салықтардың төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi:



Корпорациялық табыс салығы. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң түрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады. Салық төлеушiлер корпарациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке күнтiзбелiк жыл iшiнде Салық кодексiнде анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей айсайын төлеп түруға мiндеттi. Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептен шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады. Салық төлеушi салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнінен кешiктiрмей жүзеге асырады.

Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi жылдан кейiнгi жылдың 20 қантарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiстi аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні iшiнде табыс етедi.

Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні iшiнде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушiлер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күні iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.

Салық төлеушi салық органдарына негiзделген жазбаша өтiнiш берген кезде салық органымен келiсе отырып, салық кезеңi iшiнде аванстық төлемдер сомасының түзетiлген есебiн табыс етуге құқылы.

Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алған кiрiстерi бойынша табысқа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылады.

Төлем көзiнен салықты салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.

Жеке табыс салығы. Салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргiзедi. Салық агенттерi салық төлеушiлердiң түрған жерi бойынша есептi айдың табысын төлеудiң соңғы күнінен кейiнгi бес жұмыс күні iшiнде салық төлеудi жүзеге асырады.

Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын салық төлеушi белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi, жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнінен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.

Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы Салық кодексiнде белгiленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi.

Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.



Ңосылған құн салығы. Қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген күнге дейiн немесе сол күні бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.

Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күні төленедi. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi Салық кодексiнiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн.

Импортталған тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту. Салық органдары егер:


  • импортталатын тауарлар ұқсатуға арналған;

  • су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда импортталатын тауарларға қосылған құн салығын өзгертедi.

Осы мақсатқа сай, егер бұл орайда төменде аталған шарттардың ең болмаса бiреуi орындалатын болса:

  • өндiрiстiк ұқсатудан кейiн алынған өнiмде (тауарда) пайдаланылған тауарлардан өзгеше алғашқы кез-келген төрт белгi деңгейiнде сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының коды бар болса;

  • өндiрiс процесiнде тауарларға қосымша еңбек пайдаланыла отырып, химиялық әсер жасалса, өндiрiс процесiнде тауарларды одан әрi пайдалану оларды өнеркәсiптiк ұқсату деп ұғылады.

Осыған сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту өсiмпұл есептелмей, кеден органы келендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге жасалады. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту мына құжаттар негiзiнде жасалады:

  • өтiнiш;

  • тауарларды беруге арналған шарттың (келiсiм шарттың) көшiрмесi.

Төлеу мерзiмiн өзгертiге құқығын растау үшiн салық органдары қосылған құн салығын төлеушiнiң өндiрiстiк қуаттарын тексерiп қарауға құқылы. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өнеркәсiптiк ұқсату үшiн үнемi импорт бойынша тауарларды алып түратын қосылған құн салығын төлеушiлерге, қосылған құн салығын салығын өзгертiлген мерзiмдер бойынша төлеткiзе отырып, тауарларды келендiк рәсiмдеудi жүзеге асыруы үшiн күнтiзбелiк жыл iшiнде қолданылатын рұқсат бередi.

Осы тармаңта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн кеден органы кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге өзгерте отырып, тауарларды кедендiк рәсiмдеуге негiздеме болып табылады. Рұқсат алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға жоғарыда аталған құжаттар, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнiң тiргелген жерi бойынша салық органының оның өндiрiстiк қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы жөнiндегi қорытындысы табыс етiледi.

Төлеу мерзiмдерi осы бапқа сәйкес өзгертiлген салық сомаларын өтеудi үш айлық кезең iшiнде салық органдары өткiзiлген тауарларға қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдiсiмен жүргiзiледi. өтелмеген берешектiң сомасына аталған үш айлық кезең аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күннен бастап өсiмпұл есептеледi.

Импортталатын тауарларға арналған қосымша құн салығын есепке жатқызу әдiсiмен төлеу.

Құрал-жабдықтардың импортты, сондай-ақ өзiнiң өндiрiстiк қажеттiлiктерi үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң импорты бойынша қосылған құн салығы Салық кодексiнде көзделген тәртiппен тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi. Бұл ретте аталған құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының үкiметi белгiлейдi.

Қосылған құн салығын төлеушi кеден органына қосылған құн салығы бойынша декларацияда жоғарыда аталған тауарлардың импорты бойынша төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөнiндегi мiндеттеменi табыс етедi. Мiндеттеме негiзiнде тауарларды еркiн айналысқа шығару – белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн, ал акцизделетiн тауарлар бойынша акциздердi де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы iс жүзiнде төленбей жүргiзiледi.

Мiндеттемеде көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда Салық кодексiне сәйкес бiр мезгiлде есепке жатқызыла отырып, салықтың есептелген сомасы ретiнде көрсетiледi.

Акциз. Акциз келесi тауарларға:


  • спирттiң барлық түрлерi;

  • алкоголь өнiмi;

  • темекi бұйымдары;

  • құрамында темекi бар басқа бҰйымдарға төленетiн акциз операция жасалған күннен кейiнгi оныншы күннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.

Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өндерiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға өнiм берiлген күні төленедi.

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген газ конденсатын қосаалғанда шикi мұнайды өнеркәсiптiк ұқсатуға берген кезде акциз ол берiлген күні төленедi.

Жоғарыда көрсетiлетiн акцизделетiн тауарларға акциз:


  • салық кезеңiнiң алғашқы он күнінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшiншi күнінен;

  • салық кезеңiнiң екiншi он күнінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнінен;

  • салық кезеңiнiң қалған күндерiнде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнінен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.

өз өндiрiсiнiң акциз салынуға тиiстi шикiзатынан акцизделетiн тауарлар өндiрген кезде осы шикiзатқа акцизделетiн дайын тауарлар бойынша акциз төлеуге белгiленген мерзiмде акциз төленедi.

Ойын бизнесi бойынша акциз сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрiлмей, ай сайын салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке төленуге тиiс.

Лотерея ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудан түскен акциз лотерея билеттерiн сатуға шығару тiркелген күнге дейiн немесе тiркелген күні төленедi.

Импортталатын тауарларға акциздер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында кеден төлемдерiн төлеу үшiн белгiленген күні төленедi.

Таңбалануға тиiстi импортталатын акцизделетiн тауарларға акциздiк алымы маркаларын алған күнге дейiн немесе алған күні акциз төленедi.

Жер қойнауын пайданушыларға салынатын салық. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың төлеу мерзiмдерi:


  • қол қойылатын бонус келiсiм - шартта белгiленген мерзiмде, бiрақ келiсiм шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленуге тиiс;

  • коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi келiсiм шартпен белгiленедi;

  • пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрiлмей төленедi. Күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегi салық кезеңi болып табылады. Егер алдыңғы тоқсандағы роялти бойынша орташа айлық төлемдер мың айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.

  • үстеме пайда салығы салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей төленедi. үстеме пайда салығы үшiн күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.

әлеуметтiк салық. әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiлердiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Жер салығы. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi. Ақымдағы төлемдердiң сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде төленуге тиiс.

Бiрiншi төлем мерзiмiндегi ағымдағы төлем мөлшерi алдыңғы салық кезеңiнде iс жүзiнде төленген сомалардың төрттен бiрi мөлшерiнде белгiленедi.

Екiншi, үшiншi және төртiншi мерзiмдерде төленуге тиiс ағымдағы төлемдердiң сомалары алдыңғы салық кезеңiнде жер салығы бойынша салық декларациясында көрсетiлген нақты салық мiндеттемелерiнiң сомалары негiзге алына отырып анықталады. Бұл ретте ағымдағы төлемдердiң сомалары бiрiншi төлем мерзiмiнде төленген ағымдағы төлем ескерiле отырып тең үлеспен төленедi.

Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде жыл iшiндегi салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық төлеушiлер салық сомасын салық мiндеттемелерi туындаған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.

Жыл iшiнде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша мiндеттемелер туындаған кезде салық төлеушiлер салық мiндеттемелерi туындаған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ағымдағы төлемдердiң есебiн салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етуге тиiс.

Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнiң iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне құқықты iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қантарынан бастап ол жер учаскесiн берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге салық органдары жiберетiн жер салығының есептелген сомасы туралы Хабарламада оның жер учаскесiне құқығы пайда болған кезеңдегi ай басынан есептелген салық сомасы көрсетiледi.

Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келiсiм бойынша) бiрi енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.

Салық төлеушi салық кезеңiнде декларация табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он күн мерзiмнен кешiктiрмей бiржолата есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.

Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып 1 тамыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзедi. Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

Көлiк құралдар салығы. Көлiк салығын төлеушiлер салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасынжәне түзету коэффиценттерiннегiзге ала отырып, салық сомасын дербес есептейдi.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi органда бұрын есепте түрмаған, сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық оны есепке қойған кезге дейiн немесе қою кезiнде төленуге тиiс. Салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы туындаҚан айдың басынан басталатын кезеңге салықтық жылдың сомасын 12-ге бөлiп, оны салық кезеңiнiң аяғына дейiн қалған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.

Салық төлеушi заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде көлiк құралдарына салынатын салық бойынша декларацияны беру мерзiмi басталғаннан кейiн он күн мерзiмнен кешiктiрмей көлiк құралдарына салынатын салық бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi.

Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы көлiк құралдарына меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

Көлiк құралын iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын, осы құқықтарды беретiн тұлға салық салу объектiлерiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қантарынан бастап, ол көлiк құралын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушi көлiк құралына салынатын салық сомасын көлiк құралына өзiнiң меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшiн есептейдi.

Көлiк құралын иелiктен айыру кезiнде салықтың жылдық сомасы салық салу объектiсiне меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеген кезге дейiн немесе тiркеу кезiнде тараптардың (келiсiм бойынша) бiрi бюджетке енгiзуi мүмкiн. Меншiк құқығын беру кезiнде салықтың жылдық сомасын төлеген жағдайда салық сомалары кейiннен қайта төленбейдi.

Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығында көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралына меншiк иесiнiң осы есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

Мүлік салығы. Мүлік салығын төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлік салығы әрбiр салық төлеушiнiң мүлік құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.

Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнiң басындағы бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқыла анықталады.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiндегi 20 ақпаннан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.

Салық төлеушiнiң құрылу күнінен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнінен) кейiнгi кезектi мерзiм жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

Ақымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезiнде салық сомасын салық кезеңi басталған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктермей төлейдi.

Салық кезеңi iшiнде сатып алынған салық салу объектiлерi бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдерi салық салу объектiсiн сатып алу кезiндегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде төленедi, бұл ретте салық салу объектiлерiн сатып алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

Салық кезеңi iшiнде шығып қалған салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектiлерiнiң шығып қалған кездегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиiс салық сомасы салық төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.

Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлік салығын төлейдi.

Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң түрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салақ органдары жүргiзедi.

Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы үүлесiне барабар есептеледi.

Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.

Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.

Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.

Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлікке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қантарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.

Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.

Жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының үкiметi өкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау