Физика математика апталығында өткізілген сабақтан тыс жұмыс



жүктеу 42,04 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі42,04 Kb.
#10301
түріСабақ

Физика математика апталығында өткізілген сабақтан тыс жұмыс.
Зерттелетін тақырып: Киіз үй- ата-баба мұрасы.

Мақсатымыз :қажет ақпараттарды пайдалана отырып оқушыларды өз бетінше ізденуге

үйрету.жоба тақырыбы бойынша оқушыларды жеке, топтық ,жұптық жұмыс

істеуге үйрету. Өздерінің шығармашылық, іскерлік мүмкіндіктерін таңдауға

және бағалауға үйрету.



Сабақтың түрі: Проблемалық-іскерлік.
Сабақтың оқыту әдісі: Топпен жұмыс,жобалап оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. 4 зерттеушілер тобын құрамыз.

1 топ: тарихшылар.

2топ: Математиктер

3 топ: Астрономдар.

4 топ: физиктер .
3. зерттеушілер тобын тыңдау.

4. қорытынды.


1топ. Тарихшылар.

(Слайдтар арқылы көрсету)

Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл- ойының , өмірлік тәжірибесінің шынайы еңбек пен табиғатты түсіне білуінің, сонымен қоса шын шеберлік және даналық суреткерлерінің құдіретті туындысы киіз үй десек болғандай.Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі

Пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті,киелі қара шаңырағымыз деп дәріптеді.

Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты-мекен жайы, еншісі баспанасы, мүлкі,мақтанышы деп бағаланады.шынындада ,арғы –бергі тарихымызбен мәдениетімізді зерделей қарасақ ,киіз үйіміздің атқарған қызметі мен ролі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ ,бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы , тұрмыс мәдениеті,талғамы ешхалықтан кем емес екен . Қазақы үйлер пайдаланылуына , сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.Мысалы, қара үй3 қанат, қоңырүй 4 қанат , боз үй 5қанат, ақ үй 6 қанат, ақ ала орда 8 қанат, ақ орда 12 қанат ,ақ шаңқан 18 қанат , алтын үзік 24 қанат, алтын орда 30 қанат деп аталатын түрлері бар.


2 топ. Математиктер.

(слайд арқылы.)

Ғалымдар мен мамандар киіз үйді сәулет өнерінің бірі деген пікірде. Әрине бұл асыра айтқандық емес. Жалпы формасына зер салғанда киіз үйдің күрделі геометриялық беттерден тұратындығына көз жеткізуге болады. Енді соған тоқталайық.Киіз үйдің сүйегі(қаңқасы) біркелкі сәмбі талдан жасалады. Талдың жуандығы 1 тұтам, яғни 1см.

Қазіргі жасалып жүрген киіз үйдің үлкен – кішілігі осы кереге басының санына байланысты.

Математикалық тұрғысынан қарағанда киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады. (Цилиндр және қиық конустың бірігуінен құралған, шаңырақтың жоғарғы бөлігі айналу параболоиды).
Кереге- желісі жанабы екі кубтық парабола тәрізді. Жайылған керегенің жоғарғы және төменгі жақтары гиперболалық параболоид тәрізді де, ортасы эллипсоид бөлігі пішінді болады. Керегенің бір қанатындағы желілер 14 ерісінен, 9 сағанақтан, 9 балашықтан тұрады. Алты қанат үйдің сағанақтары мен балашықтарының саны 108. Бұл сан ежелден аспан саны болып есептеледі. Керегенің әрбір көктеген көгінің арасы 20 см. Демек керегенің әрбір көздері ромб.
2.Уық- парабола тәрізді . Ұзындығы үйдің көлеміне байланысты.12-16 қарыс мөлшерінде жасалынады (қарыс –ұзындық бірлігі) ,ал саны45-120 болады. Уық саны 45,60,72,90,120.

Бұл сандардың бәріде 360-ты қалдықсыз бөледі.

Ертеде адамдар уақыт өлшемдерін күнге қарап анықтаған. Уықтың арасынан түскен күн сәулесімен былай анықталады. Шаңырақтан түскен күн сәулесі үш уықтың арасын жүріп өтсе «бие сауым» уақыт деген.

Басқаша айтсақ , уақытты 1-5 минутқа дейін дәлдікпен өлшейтін күн сағаты.

Екі уықтын арасы 5 см-ге тең (уық саны 72 болса, 360/72=5) шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 20, үш уықтың арасын 40 минутта жүріп өтеді. Уықтар конустар жасаушылар. Бүкіл уық қиық конусты құрайды. Төбесіндегі бұрышы 108. –қа тең.

3.Шаңырақ – шеңбер тәрізді тоғыннан және күлдіреуіштен тұрады. Күлдіруіштерпарабола тәрізді иіледі. Түндік жабылған шаңырақтың пішіні айналу параболоиды. Бұл пішін көптеген күмбездерге тән, көк күмбезінің кішірейтілген бейнесі болып табылады.

Түндік- шаршы тәрізді жасалады да әлемнің төрт бағытын нұсқап тұрады.Жалпы, киіздің ішкі мүлік- жиҺаздарының орналасуы, төсеніштерінің төселу реті, жоғарыдағы баулардың ұсталуы симметриялы түрде жасалынады және сыртқы үй бастыратын жіптер мен артқы үзіктің баулары үйдің маңдайында өзіндік сән беріп ,әрі симметриялы,әрі параллелограмм түрінде орналастырады. Үйді тіккенде , бірінші керегенің жаятын орнын белгілеу үшін керегенің басын тартатын баудың ұзындығын біліп алып,үй тігетін орынға шеңбер сызып алады.Ал ол шеңбердің центрінде шаңырақ көтеретін адам тұрады.

Жалпы алғанда ,киіз үйдің дөңгелек пішінді етіп жасалуында көп жағдайлар ескерілген сияқты.: ол қатты жерге орнықты, көшіп қонуға ыңғайлы және т.с.с.

Ата-бабаларымыз неге киіз үйді неліктен дөңгелек пішінді етіп жасаған?

Келесі әңгімеміз осы сұрақ төңірегінде болмақ:



Есеп.

Ұзындығы бірдей үш сыммен дөңгелек пішінді , шаршы пішінді ,тең қабырғалы үшбұрыш

Пішінді учаскелер қоршалған ( 1 сурет). Осылардың ішіндегі қайсысы ең үлкен ауданды қамтиды?

Шешуі: Есептеу жұмыстарын жүргізген кезде периметрлері бірдей барлық жазық фигуралар ішінде ең үлкен ауданды қамтитыны дөңгелек екен.

Бабаларымыздың киіз үйді дөңгелек пішінді етіп жасауының тағы бір ғажап сыры осында екеніне көз жеткіземіз.Бабаларымыздың дөңгелектің изоперимерлік қасиетін білгендігін мынадай дәлелдермен келтіруге болады:

А) Қазақы үстеліміздің дөңгелек пішінді болуы- қазақ халқының қонақжайлығы. Себебі

Дөңгелек столға көп адам отыруға болады.

Шаңырақ- үйге жарықты көп түсіреді.

Міне киелі пана- киіз үйді біз өз шамамыз жеткенше математикалық жағынан түсіндірдік деп ойлаймыз.



Физик зерттеушілер тобы.

Мақсатымыз:киіз үйдегі физикалық заңдылықтарды зерттеу.




Астрономдар зерттеушілер тобы.

Мақсатымыз: киіз үйдегі астрономия заңдылықтарын зерттеу.



Сабақ соңында зерттеу топтарының жұмыстарына олардың жасаған слайдтарына қарай отырып мұғалім қорытынды сөз сөйлейді.
жүктеу 42,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау