1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз



жүктеу 1,21 Mb.
бет38/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

Мәңгүрттік тип - Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам.

Мәңгүрттік тип — дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік — сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте Бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.

Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:


1. Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отар лык әкімшілікпен алмастыру.
2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.
3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу.
4. «Бұратана» халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен мәдениетті күшпен енгізу.

Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы — ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.

Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмді (кемсітушілікті) алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде, біздің республикалық басылымдардағы кездесетін мынадай пайымдаулардың төркініне көз салайық.

— Қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт.

— Көшпелілер шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет» деген сөз арабша «қала» мағынасын білдіреді, сондықтан оны тек отырықшылардың үлесі деп жариялау.

— «Психологиялық зерттеулер» республикада екі тип бар екендігін көрсетеді: біріншіден, психодиагностикаға икемді «еуропаорталықтандырылған» тип, екіншісі — этноорталықтық мінез-құлыққа және дінге бағдарланған «ортодоксты-азиялық» тип.

— Түрік халықтарының мәдени мұрасының түбінде арийлік архетип жатыр, олардың мәдени жетістіктері ирандық «баулудың» нәтижесінде қалыптасқан. Кейбір зерттеушілердің түпкі атамызда ақ нәсілдік тип басым болған, сондықтан олар арийлер деп жариялауы да кездеседі. Бір тілдік топтың әртүрлі нәсілдерден құралу мүмкіндігін ескерген жөн.

Мәңгүрттік менталитеттің өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті өмірден де аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке тарихи жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың маңызды бір тармағы — әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен әдеп жүйесі. Батыстық мәдени ауысушылықтың белгілі бір жақтары қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. Кейбір басылымдар ақша үшін құныға тарататын жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік, рэкет, отбасылық құндылықтарды сыйламау, және тағы басқалары осы сияқты құбылыстар мәңгүртікке апаратын тура жолға жатады. Әрине, тек Батысты кінәлай беруге де болмайды. Көп жағдайда батыстық өркениет ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп, мәдениетті нарықтық гуманистік әдеп, жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл жерде әңгіме транзиттік (өтпелі) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып отыр. Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеру әр уақытта мәңгүрттік менталитеттен құтқара алмайды.

Кейде мәңгүрттік мәдени типпен (оны мәдениет деп айту шартты нәрсе) маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстіне маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?

Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латын тілінен — «шетте болушы» деп аударылады, Р. Парк маргиналдар деп мінез-құлқында тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлеуметтануда Бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, «өліара» мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.

Әдетте маргиналдық ұғымымен қалыпты мәдени сәйкестікке оппозициялық қатынастағы адамдарды сипаттайды. Қысқаша айтқанда, маргиналдар — не қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның өзі оларды шеттеткендер.

Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшырап, бұрынғы нысаналар мен мұраттар көмескіленгенде маргиналдардың саны артады. Мысалы, ауыл-селодан қалаға қоныс аударғандарды алып қарайық. Кеңес Одағы кезінде Бұл процесс қанша дегенмен мемлекет бақылауында болды. Транзиттік қоғамда нарықтық қатынастардың енуіне байланысты ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдуілгі үйреншікті мәдени ортаны тастап, қалаларға келді. Ал қалалық мәдениет пен өмір салтына олар онша икемделе алмай, маргиналдардың санын көбейтті. Француз ғалымы А. Фарждың пікірі бойынша, маргиналдардың алдында екі жол тұр:

— барлық дәстүрлі қарым-қатынастарды бұзып, өзінше жаңа бір субмәдениетті қалыптастыру;

— біртіндеп заңдылық аймағынан шеттелу.

Әрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтін қоғам тас джунглилердегі адасып жүргеңдердің санын көбейтпеуге ұмтылуы қажет. Бұл жерде мәдени адаптациялық жүйелердің қызметінің маңызы зор. Өйткені басқа мәдени ортаға жаңадан келгендер өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан басқа мәдениеттермен қарым-қатынасқа түсу тетіктерінен айырылып қалады. Мәдени адаптацияны аккультурациялық процестермен теңестіру дұрыс емес. Резервациялар мен фильтрациялық ұжымдарда, күшпен орнатылған басым мәдениеттің тар шеңберінде адамдық абырой мен намыс аяққа тапталып, рухани, азғыңдау өріс жаяды.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке күшпен еңгізу (аккультурация) бағдарламасының орнына «мәдениеттер сұхбаты» идеясы ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жайт: мәдениеттанушылар «жоғары және төменгі» деген бөлуден мәдениеттердің тең қалыпты принципін қолдауға көшті.




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау