Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Мұнай - газ ісі» кафедрасы
Оқу тәжірибесі бойынша
ЕСЕП
Техникалық факультетінің 6B07202-«Мұнай - газ ісі» БББ
Студенті: Жанұзақ Жанәділ Асылбекұлы
Тобы: НГДк-101
Тәжірибе орны: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Басталуы: 22.05.23
Аяқталуы: 26.05.23
«Мұнай - газ ісі» кафедрасының
Тәжірибе жетекшісі: Адилханов Руслан Кайыргалиевич
Мазмұны
КІРІСПЕ..............................................................................................................1-3
1 Кен орны туралы жалпы мәліметтер..............................................................4-5
2 Геологиялық-физикалық зерттеулердің және кен орнын игерудің тарихы6-8
3 Ауданның литологиялық-стратиграфикалық сипаттамасы........................9-11
4 Тектоника............................................................................................................12
5 Мұнайгаздылығы..........................................................................................13-14
6 Жер асты сулары.................................................................................................15
7 Кен орнының қысқаша тарихы мен игерудің қазіргі жағдайы......................16
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................18
Кіріспе
Отандық мұнайгаз өнеркәсібінің дамуына негіз болған алғашқы мұнай көзінің қазақ жерінде пайда болуына жүз жылдан астам уақыт өтті.
Қазіргі уақытта мұнай өнеркәсібі Қазақстан Республикасының материалдық өндірісінің ең негізгі саласы болып табылады. Бұл өнеркәсіптің даму қарқыны мен деңгейіне байланысты құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылықтары дамып, бүкіл халық пен еңбекшілердің жақсы тұрмыс халі өрлейді.
Практикалық жобаның объектісі Кеңқияқ мұнай кен орны болып табылады.Кеңқияқ кен орны Қазақстанның бұрыннан бері игеріліп жатқан кен орындарының қатарына жатады.Бұл практикалық жобаның мақсаты Кеңқияқ мұнай кен орнын игерудің инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау.
Кеңқияқ кен орнының басты міндеті бір тонна мұнай өндіруге жұмсалатын шығындарды мейлінше азайту жолымен бекітілген бағдарламаға сәйкес мұнай мен газ өндіру көлеміне жеткізу болып табылады.Ал басты міндетті орындау үшін Кеңқияқ мұнай кен орны жоспарлы көрсеткіштерді, экономикалық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ жасалған ішкі шаруашылық келісім-шарттарды басшылыққа ала отырып, өз қызметін ұйымдастырады.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуіне, өнім сапасын өсіруге, шығындарды төмендетуге, өндірістік қуаттылығын кеңейтуге, өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға және нарықтағы өз орнын тұрақтандыруға күрделі қаржылар талап етіледі және олар тиімді салынуы қажет. Ол үшін қойылған мақсатқа жетуге аса қымбатқа соқпайтын инвестициялық жобаны дайындау керек.
Жыл сайынғы өнеркәсіптің барлық салаларына бағытталған ірі инвестициялар, оларды барынша рационалды және экономикалық тиімді пайдалануды талап етеді.
Инвестицияның экономикалық тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігін арттыруда, яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуінде және ұлттық табыс көлемінің өсуінде көрінеді. Инвестицияның көлемі мен бағытталуы көбінесе прогрессивті салалардың ең бастапқы дамуына жағдай жасау керек, өнеркәсіптің дамуында оптималды пропорциалар мен өндірісітің максималды өсу қарқынын қамтамасыз ету керек. Сондықтан да инвестицияның экономикалық тиімділігін дұрыс бағалау негізінде,күрделі салымдарды пайдаланудың ең жақсы жолдарын анықтау қажеттілігі туады.
1
Инвестицияны мақсатты пайдаланудың, құрылыс жұмыстарын арзандату мен жеделдетудің және негізгі қорлардың қайтарымын көбейтудің нәтижесінде, оның тиімділігін барынша көбейту мұнай өндіру өнеркәсібінің табысты және қарқынды дамуының басты шарты болып табылады.
Кәсіпорындар мен салалар бойынша инвестицияның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін салыстыру үшін олардың есебін бір әдіспен жүргізу керек. Тек осы шартты орындағаннан кейін ғана инвестицияның дұрыс бағытталуын, объектілердің жаңаларын құрудың кезектілігін және жұмыс жасайтындардың кеңеюін, жаңа күрделі құрылыс жобасының көбінесе прогрессивті және экономикалық нұсқасын анықтауға мүмкін болады.
Инвестицияның салыстырмалы экономикалық тиімділігін бағалау жаңа күрделі құрылыс немесе инвестицияның бағытталуының барынша экономикалық мақсатты нұсқасын таңдау үшін қолданылып, минималды шығындарды кетіріп, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Салыстырмалы тиімділіктің есебі шаруашылық немесе техникалық шешімдердің нұсқаларын салыстырғанда, кәсіпорындар мен олардың кешендерін орналастырғанда, өзара алмасатын өнімді таңдағанда, техниканың жаңа түрлерін енгізгенде, кәсіпорындардың жаңаларын салу немесе жұмыс істейтіндерін қайта өңдегенде жүргізіледі.
Мұнай кен орнын игерудің жобасын экономикалық бағалау кезінде осы жобаланған кен орын бойынша күтіліп отырған техника-экономикалық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстырып отыру талап етіледі. Ал ол қазіргі уақыттағы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану арқылы жасалады. Бұл салыстыру осы аймақта жеткен көрсеткіштерге жаңа кен орынды игеруді енгізгенде қалай әсер ететіндігін және де бұл кен орынның эксплуатациясы қандай экономикалық эффект беретіндігін білуге қажет.
Инвестициялық жобаның техника-экономикалық зерттеулеріндегі басты орынды мақсатқа жетудің критерилері алады.Инвестициялық жоба көптеген факторлармен бағалануы мүмкін: инвестордың кәсіптік қызығушылымен, инвестиция нарығындағы жағдаймен, жобаның қаржылық тұрақтылығымен және тағы басқалармен. Бірақ жобалардың инвестициялық тартымдылығын анықтаудың әмбебап әдістері бар, олар өз кезегінде берілген жобаға қаржы салу тиімді ме жоқ әлде тиімсіз бе деген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.
2
Инвестициялық жобаның күрделілік деңгейіне тәуелсіз бағалауды жүргізудің жалпы тәртібі негізінен келесі іс-әрекеттерді орындауға тіреледі: бастапқы мәліметтерді дайындау, алдын-ала есептеулерді жүргізу мен жобаның қаржылық жағдайын бағалау, алдын ала есептеулер мен қаржылық бағалаудың нәтижесінде бастапқы мәліметтерді толықтыру мен түзету, соңғы есептеулерді дайындау, инвестицияның тиімділігі мен тәуекелділікті бағалау.
Бірақ жобаны жүзеге асырудың әр түрлі кезеңдеріндегі талқыланған экономикалық және қаржылық көрсеткіштердің негізі әр түрлі болу мүмкіндігін атап айту қажет.
Ірі немесе кіші өндірісті ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін алдын ала бағалауды жедел алу мүмкіндігі, яғни қойылған мақсатқа, пайдаға жетуге кеткен инвестициялық, өндірістік және коммерциялық шығындардың негізделген шектерін орнату жаңадан басталған жобаның бірінші және ең басты мақсаты болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін инвестициялық стратегиясын терең зерттеп және оны үнемі жетілдіріп отыру керек. Жобаға жұмсалған шығындар мен оны жүзеге асырғаннан кейін алған нәтижелерді салыстыру негізінде барлық жобаларды бағалау керек. Сонымен қатар, күрделі қаржы салымының табыстылығының негізі критериялары бойынша инвестциялық жобаға талдау жасау қажет. Ол үшін инвестжобаның негізгі көрсеткіштерін, күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігін анықтап, жылдық өндіріс шығындарын және кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу қажет.
3
Достарыңызбен бөлісу: |