Юра жүйесі J
Юра жүйесінің шөгінділері екі бөлімнен көрсетілген: төменгі және ортаңғы. Төменгі юра бөлімінде (J1) шөгінділер едәуір стратиграфикалық үйлесімсіздікпен триас пен пермь жүйелері жыныстарының эрозиялық бетінде жатады. Олар саздар, құмдар мен құмтастардан құралған. Саздар сұр, реңі қара сұр, қолға ұстағанда майлы болатын құмдар мен аз кездесетін көмірленген өсімдік қалдықтары болып келеді. Төменгі юра бөлімінің қалыңдығы 68 м.
Төменгі юра бөлімінің шөгінділері қоныр көмір қабатшалары мен көмірленген өсімдік қалдықтарының көп мөлшерлі құмды жыныстарымен көрсетілген.
Ортаңғы юра шөгінділері қалыңдығына үш мұнай беткейлері бөлінген. Саздар сұр, қара-сұр, қара қоңыр, қатпарлы және алевролиттер. Құмдар ашық сұр, әктасты. Бөлімнің қалыңдығы 100м-ден 134 м-ге дейін.
Бор жүйесі К
Бор жүйесінің төменгі және жоғарғы бөлімдері бар. Төменгі бор бөлімі (К1) өзіне готерив, баррем, апт және альб ярустарын қамтиды. Готерив ярусы (К1g) шығу тегі теңсіздік жасыл сұр жыныстардың қабатшасымен көрсетілген. Олар негізінен алевролиттер, құмдар, құмтастар, мергелдер мен әктастардың аз кездесетін қабатшалардағы саз балшықтары. Готерив ярусының шөгінділері юра жүйесі жыныстарының шайылған бетінде жатады. Ярустың қалыңдығы 60 м-ге жетеді.
Баррем ярусы (К1br) ала түсті, құрылықтық шөгінділердің қабатшасымен көрсетілген. Қиманың жоғарғы жағы көбіне алевролиттер, құмтастар және арасында әктас қабатшалары бар саздардан тұрады. Құрылымның төбелі бөліміндегі құмды беткей-мұнайлы. Ярустың қалыңдығы 38 м-ден 82 м-ге дейін болады.
Апт ярусы (К1а), бұл ярустың шөгінділері баррем жыныстарында үйлесімсіз жатыр және құмдар мен құмтастар қабатшалары бар саздармен көрсетілген. Саздар қара-сұр қараға жақын, қатпарлы алевритті, слюдалы болып келеді. Құмдар мен құмтастар жасыл-сұр және сұр, кварцты-глаукониттік, ұсақ түйіршікті болады. Ярустың қалыңдығы 68 м-ге дейін жетеді.
Альб ярусы (К1al). Оның шөгінділері апт ярусының жыныстарында үйлесімсіз жатыр. Олар көбіне құрғақ құм-сазды шөгінділермен көрсетілген. Құмдар сұр, сары-сұр, сарғылт, сазды, полимикті, орташа түйіршікті және ірі түйіршікті болады. Саздар сұр, күлді сұр, құмдар мен ұсақ көмірлі өсімдік бөлшектері бар. Ярустың қалыңдығы 300 м-ге дейін жетеді.
Жоғарғы бор бөлімі (К2) сантон мен кампан ярустары жыныстарымен көрсетілген.
10
Сантон ярусы (К2st) төменгі және жоғарғы ярустарға бөлінеді. Төменгі сантон ярусшасы қара-сұр, ірі түйіршікті құмтастар мен фосфорит малта қабаттарынан құралған. Қимада малталы қабатша жатыр, ол қабатша жақсы таңбалайтын беткей болып табылады.
Жоғарғы сантон ярусшасының шөгінділері сары-сұр, жасыл реңді және қатты әктасты саздармен көрсетілген. Шөгінділердің қалыңдығы 29 м айналасында болып келеді.
Кампан ярусы (К2кm) Кеңқияқ күмбезінің тек қана батпақ бөлімдерінде таралады, төменгі және жоғарғы ярусшаларға бөлінеді.
Төменгі кампан ярусшасы саздар мен мергель қабатшаларынан құралған. Оның негізінде өте көп фауна мен фосфорит малта тастары бар жасыл-сұр қабатшалары көрінеді.
Жоғарғы кампан ярусшасы арасында тыс қосылған сазды құмдарға ауысатын әктасты және әрқилы құмтастылы, сұр саздардан құралған. Ярустың қалыңдығы 76 м-ге дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |