Ауданның литологиялық стратиграфиялық сипаттамасы
Орал-Ембі обылысы бөлігімен салыстыра отырып, Кеңқияқ мұнай кен орны ауданының геологиялық құрылымының ерекшеліктеріне тоқталуға болады:
Кунгур ярусының тұзды шөгінділері қалыңдығының қысқаруы.
Тұз астындағы шөгінділердің салыстырмалы терең емес 3500-3800 м тереңдікте жатуы.
Юра және бор шөгінділері қалыңдығының азаюы.
Күмбез аралық көлемді төбешіктердің болуы.
Кеңқияқ кен орнында төменгі пермьнен жоғарғы бордың кампан ярусына дейінгі шөгінділер қимасы ашылған.
Палеозой тобы PZ
Кеңқияқ ауданының игеріліп жатқан бөлігінің палеозой тобының ашылған бөлімі тек қана пермь жүйесінің шөгінділерімен көрсетілген.
Пермь жүйесі Р
Жүйенің шөгінділері төменгі және жоғарғы бөлімдерге бөлінеді. Төменгі пермь (Р1) тек қана кунгур ярусының жыныстарымен көрсетілген. Кунгур ярусы (Р1К) екі литологиялық қабатшалардан құралған: жоғарғы терригенді-сульфатты және төменгі галогенді.
Терригенді-сульфатты қабатша ангидрит, гипс және құмтастар қабатшалары қабатталған саздар мен аргиметтерден құралған.
Галогендік қабатша гидрохимиялық шөгінділерден құралған. Тастың тұздары көбіне мөлдір түсті, азырақ қызғылтырақ, сұр және ашық түсті болып келеді. Ярустың қалыңдығы 150 м-ге дейін жетеді.
Жоғарғы пермь бөлімі (Р2) тіліктің жоғары бөлімінде қатысты алевролиттер мен қабатшалары бар саздар мен аргиллиттермен көрсетілген. Қиманың төменгі бөлігі конгломераттар, гравелиттер, құмтастардан тұрады. Бөлімнің қалыңдығы 140 м-ден 200 м-ге дейін.
Мезозой тобы MZ
Кеңқияқ кен орнында мезозой тобының қимасы үш жүйемен көрсетілген: триас, юра, бор.
Триас жүйесі Т
Триас жүйесінің шөгінділері тек қана төменгі триас бөлімінің жыныстарымен көрсетілген.
Төменгі триас бөлігі (Т) алевролиттер, конгломераттар және әктастар қабаттарынан құралған. Оның табанында конгломераттар және кварцтық малта тастары бар құмтастар жатады. Саздар мен аргилиттер ала түсті, құмтасты және әктасты болып келеді. Құмдар ашық-сұр, кірпіш түстес, қоныр-сұр, әртүрлі малта тастар, аргилиттер, құмтастар мен кремнийлі жыныстардан тұрады. Осы шөгінділер палеозой тобының жыныстарының шайылған бетінде жатады. Триастың қалыңдығы 390 м-ге жетеді.
9
Достарыңызбен бөлісу: |