Ќазаќстан республикасыныњ білім жѕне ѓылым министрлігі



жүктеу 2,33 Mb.
Дата18.12.2017
өлшемі2,33 Mb.
#4807

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындғы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық ілімдері мен әдістемелері кафедрасы

«ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ»

Жұмыс көлемі 135 сағат ( 3 несие)

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


«050104- Бастапқы әскери дайындық»

мамандығына

Семей 2014



Құрастырушы: аға оқытушы Ибраев Б.М.

Тактикалық дайындық әскери оқытуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызметке дайындау міндеттерін орындауға қажетті білім, біліктілік және дағдылармен бастапқы әскер дайындығын оқытушы ұйымдастырушыларды дайындау мақсатында студенттердің әскери істі оқуын қарастырады.

Тактикалық дайындық : Бөлім шабуылда. Шабуылдау негіздері. Қорғаныстағы қарсыласқа шабуыл жасау. Шабуылдаушы қарсыласқа шабуыл жасау. Бірден шабуыл жасау. Бөлімнің ұрыстық мүмкіндіктері. Шабуыл кезіндегі бөлім командирінің жұмысы. Қорғаныстағы бөлім. Қорғанысты ұйымдастыру және қорғаныс ұрысын жүргізу. Қорғаныстағы бөлім командирінің жұмысы. Маршты ұйымдастыру және шерудегі қарауыл негіздері. Қазіргі ұрыстағы барлаудың рөлі. Барлаулық бақылаудағы бөлім. Қарауылдық қорғаудағы бөлім.


1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS


    1. Оқытушы туралы мәліметтер: Ибраев Болатқали Мұқанұлы, байланыс телефоны: жұмыс 63-33-39

Кафедрада 08.00 – 17.00 дейін.

    1. Пән туралы мәліметтер.

Тактикалық дайындық

Өткізу орны №3 оқу корпусы

Оқу жоспарынан көшірме:


Оқу түрі

Оқу мерзімі

Курс

Семестр

Кредит

Дәрістер

Практ.

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

Күндізі

гі


4

жыл


2

3

3

30

15

22,5

67,5

135

Ем

тихан



1.3 Пререквизиттері:

Бұл пәнді оқығанға дейін Бастапқы әскери дайындық негіздері, саптық дайындық, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері секілді пәндерді қарастырып өткендері абзал.

Бұл пәнді оқу барысында тактикалық дайындық және бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысты жүргізудің теориясымен практикасын, ұрыс түрлерін (шабуыл, қорғаныс) және ұрыс алаңында сарбаздардың іс қимыл әрекеттерін оқып үйренеді
1.4 Постреквизиттері :

Тактикалық дайындық пәнін оқытып болғаннын кейін осы курстың қолданбалы мәселелерімен детальді түрде таныстыру қажет және Бастапқы әскери дайындығын оқыту әдістемесі пәнін оқытуда үлкен үлесін қоспақ
1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
Осы пәнді оқу сабақ өткізу мынадай түрі мен әдістерін қарастырады:

Бөлімнің ұрыстық әр-түріндегі іс- әрекетінің ғылыми білімі негіздерін беретін теориялық сабақтар ( дәріс әдісімен ).

Студенттердің теориялық білімінің деңгейін анықтау және қиын сұрақтарды түсіндіру мақсатында өткізілетін семинар сабақтары (әңгімелеу, сұрау әдістері). Студенттердің ұрыстық әр түрінде, бөлім командирі рөліндегі әрекеттерді орындаудағы дағдыларын және біліктіліктерін үйрету және дамыту мақсатында өткізілетін практикалық сабақтар (әңгімелеу, көрсету, дайындық әдістері).

Тактикалық дайындық оқытудың негізгі бір бөлімі больш табылады. Ол алғашқы әскери дайындық бағдарламасының бөлімдерін кешенді түрде зерделеуді қамтамасыз етеді.

Тактикалық дайындық жөніндегі оқу-сабақтарының барлық тақырыптары оқушылардың жалпы әскери ұрыстар негіздерін зерделеуге, ұрыс кезіндегі іс-қимылдарды үйренуге, дұшпанның жаяу әскерлері мен бронды машиналарын жоюға арналған қару мен гранаталарды қолдана білуге бағытгалған.

Оқу кезінде оқушылар әдістер мен іс-қимылдарды орындау техникаларын алғашында элементтер бойынша, кейіннен толығымен оқиды.

Тактикалық дайындық жөніндегі практикалық оқу-сабақтарына оқушылар автоматтардың нұсқаларымен, газ тұтқыштармен, сондай-ақ жаттығу гранаталарына арналған сөмкелермен шығады. Оқушылар практикалық тәсілдер мен іс-қимылдар жасай алатындай болып киінулері керек.

Ұрыс кезіндегі сарбаз міндеттерін, дұшпанды жою тәсілдері мен әдістерін меңгереді.
Курсты зерттеу мақсаты болып мыналар табылады:

Жастарды әскери дайындығы мынадай мақсатта өткізіледі.



  • Қазақстан Республикасы Конститутсиясының ережелерін, мемлекет қорғанысының негізін жастардың оқып үйренуі.

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы ретіндегі әскери қызмет мәнін, әскери антың негізгі талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жарғыларын жете түсінуі;

  • әскери бөлімдердегі ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс - тіршілігі және олардың орналастыруымен танысуы;

  • төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеттінің қауіпсіздік негіздерін меңгеруі.


Пәнді зерттеудің негізгі мақсаттары боып мыналар табылады:

– Тактикалық дайындық жөніндегі оқу-сабақтарының барлық тақырыптары оқушылардың жалпы әскери ұрыстар негіздерін зерделеуге, ұрыс кезіндегі іс-қимылдарды үйренуге, дұшпанның жаяу әскерлері мен бронды машиналарын жоюға арналған қару мен гранаталарды қолдана білуге бағытталған.теориялық білім алуын қамтамасыз ету;

– Шабуыл және қорғаныс ұрыс түрлерінің негізі әдістерінің техникасы мен тактикасын жасап үйрену;

Курсты зерттеу барысында студенттерге қойылатын талаптар:

Студент зерттеу циклінде:

- зерттеуші пән бойынша конспектілер жасауға міндетті;

- жоғары оқу орындарының дене мәдениеті-студенттеріне арналған негізгі оқу құралдарын пайдалана отырып, дәрістік материальдарды оқу негізінде курстық теориялық сұрақтарын зерттеуге;

- алған білімін ғылыми және мерзімдік баспаларда жарияланған материальмен көмегімен жетілдіріп отыруға;

- алған білімдері бақылау жұмыстары тесттер көмегімен тексеру;

- Алғашқы әскери дайындық бағдарламаларын білуі және зерттеу.

Практикалық оқу-сабақтары қару-жарақ пен әскери техника мүліктерін, жеке қорғану құралдарын, аспаптарды және басқа да жабдықтарды пайдалана отырьш, зерделенген материалдарды толық меңгеру.

Тактикалық дайындық бойынша мақсаттарды айқындау, бағыттар мен жергілікті жердегі жағдайларға қатысты олардың орналасқан жерін анықтау және бақылау нәтижелері жөнінде баяндау; танкке қарсы қол гранатасын лақтыруға үйрену.

Тактикалық дайындықпәні бойынша студентер білуі тиіс:

- қазіргі ұрыстың жалпы сипаттамасын;

- ұрыс түрлерін және олардың сипаттамасын;

- мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастырылуы мен оның қару жарағын;

- бөлімшенің қорғаныстағы және шабуылдағы іс-әрекетін;

- бөлімшенің атыс жүйесінің ұйымдастырылуын;

- миналардың бүркенішін ату белгілерін;

- сарбаздың қорғаныстағы және шабуылдағы іс-әрекеті



1

.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:




  1. Стратегия развития Республики Казахстан «Казахстан-2030», 1997г.

  2. Военная доктрина РК, 13 марта 2011г.

  3. Конституция РК, 1995г.

  4. Алғашқы әскери дайындық бағдарламасы. Алматы 2006

  5. Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга 1, Х.М. Амбарян, 1985г.

  6. Мотострелковая (танковая) рота в бою, А.С. Носков, 1988г.

  7. Тактика, В.Г. Резниченко, 1984г.

  8. Боевой устав сухопутных войск, часть III, взвод, отделение, танк, 1990г.

  9. Основы начальной военной подготовки: Учеб.пособие/ Дошаков С.Х., Каргин С.Т.. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. - 270с

  10. Алғашқы әскери дайындық оқулығы. К. Аманжолов Алматы «Мектеп» 2007

  11. Курс стрельб из стрелкового оружия, (КС-69).

  12. Военно-инженерная подготовка, Б.В. Варенышев, 1982г.

  13. Государственный стандарт по специальности: «050104- Начальная военная подготовка», 2005г.

  14. История военного искусства, П.А. Жилин, 1986г.

  15. Боевой устав сухопутных войск, часть II, батальон, рота, 1982г.



1.8 Баға туралы ақпараттар білім бағасы:
Ағымдық бақылау:

- Дәріс және практикалық сабақтарға қатысу;

- Дәріс және практикалық сабақтарға конспект жазу;

- Практикалық сабаққа белсенді қатысу;

Аралық бақылау:

- СОӨЖ орындау (әдістер жасау, кесте толтыру т.б.)

Үй тапсырмасы:


    • Таңдаған тақырыпта реферат жазу;

    • Таңдаған тақырып бойынша қысқаша баяндама жасау.


рейтинг шкаласы.

Бақылау түрі

Балдар

1-мб

2мб

Ағымдық бақылау

Дәріс


Тәжірибе

30

90


30

90



Аралық бақылау

60

60

Өздік жұмысы

120

120

Қорытынды бақылау-емтихан

400

Барлығы:

1000


Білім бағалау критериялары


%-тік тақырыптар

критериялар

0 - 49

Жоспар бойынша сабақ тақырыптарын толық білмейді. Көп қателіктер жібереді.

50 - 74

Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Жоспар бойынша сабақ тақырыбын және мағанасын терең түсінбеуі. Алған білімінен қортынды шығара алмайды.

75 – 89

Жауыбы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттерге сәйкес тақырып мазмұнын түсініп, дұрыс талқылайды. Өз ойына қортынды жасап, түсінгенін жеткізе біледі.

90 – 100

Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер бойынша тақырыпты жақсы талқылайды. өз ойына қортынды жасап, алған білімін дұрыс жеткізе алады. Барлық сұрақтарға дұрыс толық жауап береді.


1.9 Курстың саясатымен процедурасы:

Студенттер міндеті сабақтарға үзбей қатысу, пән бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес орындау және әдебиетпен кітапхана мен интернет-залында өзіндік жұмыстар орындау.

Сабаққа кешігу, келмеу және аудиторияда басқа адамдардың білім алуына кедергі келтіретін жүріс-тұрыс үшін жауапкершілік « Семей қаласының Шәкәрім атындғы мемлекеттік университеті» анықталады. Студенттің өзінің қатысуынсыз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға келмеу жағдайлары университетін оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.
Зерттеу барысында студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар:


1.

Мерзімінде рефераттың дайын болмауы

5 балл шегеріледі.

2.

Мерзімінде қосымша баяндаманың болмауы

2 балл шегеріледі

3.

СОӨЖ болмауы

Сабақ тақырыбына сәйкес балдар шегеріледі

4.

Аралық бақылауда болмауы

8 балл шегеріледі.

5.

Сабаққа кешігулер, сабаққа қатыспаулар

Ағымдық бақылаудан балдар шегеріледі


2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


    1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары

Барлығы (несиелер) 3 кредит




Р/б №
Тақырып аты

Сағат саны

Дәріс

Практ

СОӨЖ

СӨЖ

1

1-тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері.

4

2

3

6

2

2-тақырып: Бөлімдерді басқару.

4

2

3

6

3

3-тақырып: Ұрыс кезіндегі сарбаздың әрекеті


4

2

3

6

4

4-тақырып: Шабуылдағы бөлімше.


4

2

3

6

5

5- тақырып: Қорғаныстағы бөлімше


4

2

3

6

6

6-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы
бөлімшеше, барлаудағы бөлімше.


4

2

3

6

7

7-тақырып: Шабуылдағы взвод.


2

1

1,5

7,5

8

8-тақырып: Қорғаныстағы взвод.

2

1

1,5

7,5

9

9-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.

Бір орындағы және қарауылдағы орналасу кезіндегі взвод.




2

1

1,5

7,5

10

Барлығы

30

15

22,5

67,5

11

Жалпы

30

15

22,5

67,5



2.2 Дәрістік сабақтар тезистері
1-тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері. 4 сағат

1. Тактика және тактикалық дайындық міндеттері. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың мәні .

2. Қазіргі ұрыстың күштері және құралдыры. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың сипаттық кешендері.

3. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі қағидалары.

4. Жалпы әскери ұрыстың түрлері және олардың қосымша сипаттамасы.

1. Тактика мен тактикалық дайындықтың міндеттері

Әскери өнер ғылыми теория ретінде үш құрамды бөліктерге, стратегия, оперативті өнер және тактика.

Тактика – бұл әскери өнердің құрамды бөлігі, қарулы күштердің біріккен түрлерінің бөлімдердің, әскер түрлерінің және арнаулы әскердің ұрыс жүргізудегі теориялық-тәжірбиелік дайындығын қамтиды. Теориялық тактика ұрыстың мазмұнын, мәнін, заңдылығын зерттейді, ұрыс жүргізу дайындығының тәсілдерін дайындайды, бөлімдер және құрамалардың, бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктерімен ерекшеліктерін оқытады. Тактикалық тәжірибе командирлердің әрекетін, штабтар және әскерлердің ұрыс жүргізудегі дайындығын қамтиды. Оған жататындар:



  • болып жатқан жағдайдың мәліметтерін үнемі нақтылап отыру;

  • өз қарамағындағыларға жауынгерлік міндеттерін жеткізу;

  • бөлімшелер мен бөлімдерді басқару;

  • ұрыс әрекеттерін жүргізу;

  • әскери әрекеттерді қамтамасыз ету.

Тактикалық дайындық – бұл жеке құрамды бөлімшелерді, бөлімді және құрамаларды, сонымен қатар органдардың ұрыс жүргізу мен дайындықты басқаруы.

Тактикалық дайындыққа басқа барлық пәндерді оқу кірістірілген, өйткені ол білімнің жиынтығын жауынгерлердің атыс, техникалық, арнаулы инженерлік, саптағы, дене шынықтыру дайындығындағы және басқа пәндерді оқу барысында алған іскерліктем мен икемділіктерді байланыстырады. Бұл әскерлерді үйретудің даярлық дағдыландырудың негізі болады.



Қазіргі жалпы әскерлердің ұрыс жүргізу мәні.

Қазіргі жалпы әскерлердің ұрыс жүргізу мәнінде оның мағынасын түсіну қажет, ең бастысы, қарулы күрес процестерінің және басқа құбылыстардың, оның ішінде өткен соғыстарда жүргізілген ұрыстарды айырмашылығын білу. Ұрыстың мәніне оның ішкі мазмұны құрамды бөліктерімен элементтерінің бір тұтас бірлігін көрсетеді.

Бірқатар мемлекеттерде қарумен жарақтануда ядролық қаруды, ракеталарды қабыладғаннан кейін жалпы әскерлердің ұрыс жүргізу мазмұны біршама өзгерді. Ол бұрынғыға қарағанда, шұғыл, маневрлі болып, оның кеңістіктегі өрісі бірнеше есе артты. Жеке құрамалардың моральдық – психологиялық және дене шынықтыру сапасына қойылатын талаптар біршама көтерілді. Әскерлердің техникамен, қарумен жоғарғы деңгейде жарақтандырылуы, күштер мен құралдардың өзара әрекетін ұйымдастыруға, ұрысқа қатысушыларға, оны басқаруға талаптарды көтерді (күшейтті).

Ұрыс барлық әскерлердің бірлескен күшімен, танк, әскери ұрыс машминалары, артиллерия, минометтерді, танкіге қарсы қолданатын ракеталармен және қорғанысына қарсы қолданылатын құралдармен, ұшақ, тікұшақты және әскери техникасын, қаруларды қолданумен жүргізіледі.

Қазіргі жалпы әскери ұрыс әскерлдерді жоюға арналған барлық құралдарды, әскери және арнаулы техниканың шебер қолдануды, жоғарғы ұйымшылдықты, әрекеттілікті, барлық моральдік және дене күшін, жеңіске деген жігермен, темірдей тәртіптің және жауынгерлік ұйымшылдықпен әркет ету талап етеді.

Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс ядролық қару жарақты және басқа жоятын құралдарды, сонымен қатар тек жай қаруларды қолданып жүргізілуі мүмкін.

2. Қазіргі ұрыстың күштері және құралдары.

Қазіргі ұрыстың күші мен құралдары бұл жеке құрама және бөлімшелер, және құрамалардың ұрыс жүргізуге оны қамтамасыз етуге арналған қаруы.

Ұрыс жүргізудің мәнісі мен тәсілі басты жағдайда оның материалдық негізіне, яғни қарулы күресте қолданылатын қаруға әскери техникаға және адамдарға байланысты.

Ұрыс жүргізудің мәніне және тәсіліне, ұрыстың екінші материалдық негізі бұл адамдар, «Сарбаздық материал», олардың моральдық, үлкен әсерін тигізіп өзгеріс әкеледі. Жаңа күрес құралдары, олардың арасын күші мен мүмкіндігіне қарамастан, адам оның бірінші негізі болып қалады, онсыз кез келген техника, кез келген жоюшы құралдар пайдаға аспайды, ал қарулы күрес жүргізудің ешбір мәні болмайды.

Ядролық қару қарсыласты жоюдағы ең басты күшті құрал болып саналады. Қарсыластың объектілерін ядролық қарумен жою әуе арқылы, жер үсті және жер асты ядролық жарылыстармен жүзеге асырылуы мүмкін. Ядролық қаруды қолданылатын жерге жеткізудің негізгі құралдары, әр түрлі мақсатта қолданатын ракеталар, артиллерия және ұшақтар.

Қатардағы қаруды артилериямен, зенитпен авиациялық атыс құралдарымен қолданатын, инженерлік ұрыс жабдықтары және от алғыш қоспалар барлық атыстық және соққы беретін құралдар құрайды. Қатардағы қаруды жеке түрде немесе қарсыластың адам күшін және техникасын, сол сияқты әр түрлі обьектілерді бұзу, қирату үшін ядролық қарумен қатар қолдануға болдады.

Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің өзіндік белгілері.

Қазіргі жалпы әскери ұрыстың өзіндік белгілері болып, оның басты қасиеті және ерекшелігі түсіндіріледі, сонымен болып өткен соғыстағы ұрыстың мәні ашылады. Ұрыстың мәні – бұл жалпы белгілердің жиынтығы, болған ұрысқа қатысы бар оның өзіне тән белгісін және ерекшелігін анықтайды.

Қазіргі ұрыс шешімділігімен, жоғарғы моневрлігімен, қуаттылығы және жеделдігімен, жағдайлардың жылдам, шұғыл өзгеруімен оларды жүргізудегі тәсілдердің әр түрлілігімен, әскери әрекеттерді жерде, әуеде, кең майданда үлкен тереңдікте жоғарғы шапшаңдықта жүргізумен ерекшелінеді.

3. Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі қағидалары.

Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принціптері - бұл негізгі басшылық нұсқа, жалпы ұрыс жүргізудің ұйымдастырудағы басты кепілі.

Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принціптері болып табылатын:

- құрамалардың, бөлімдердің және бөлімшелердің әр уақыттағы жоғарғы әскери дайындығы;

- жоғарғы белсенділік, шешімділік және үздіксіз ұрыс жүргізу;

- кенеттен әрекет ету;

- келіскен, бірлескен түрде әскерлердің әр түрін және арнаулы әскерлерді ұрыста қолдану, олардың өзара үздіксіз әрекетін ұстау;

- шешімді түрде әскердің негізгі күшін басты бағытта және керек уақытта топтастыру;

- бөлім, бөлімшелермен және атыспен маневр жасау;

- жан-жақты есепке алу және моральдық саяси психологиялық факторды әскери тапсырманы орындау мүддесінде қолдану;

- ұрысты жан- жақты қамтамасыз ету;

- әскерлердің жауынгерлік қабілетін уақытында қалпына келтіру және қолдау;

- қатаң және үздіксіз әскерлерді басқару, белгіленген мақсаттардың жетістігінен бас тарту, қабылданған шешімдерді және тапсырмаларды орындау.

4. Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің түрлері және оның қысқаша мінездемесі.

Ұрыс жүргізу әрекеттерінің көп түрлілігіне қарамастан, оларды негізгі және бірден байқалатын белгілеріне қарай классификациялайды. Осыған байланысты жауынгерлік әрекеттер шабуыл және қорғанысқа бөлінеді.

Шабуыл әскерлердің жауынгерлік әрекетінің негізгі түрі ретінде қарсыластарды жеңу нәтижесінде шешуші мәнге ие болады. Шабуыл күні, түні үздіксіз жүргізіледі.

Жағдайға және қойылған тапсырмаларға байланысты, шабуыл қорғанушы, шабуылдаушы немесе шегінуші қарсыласқа жүргізілуі мүмкін.



  • қорғанушы қарсыласқа шабуыл жасау бірден жүргізіледі, немесе онымен түйісетін жағдайдан басталады.

  • Шабуыл шабуылдаушы қарсыласқа қарсы ұрыс жүргізумен жүргізіледі.

  • Шегінуші қарсыласқа шабуыл, оның ізімен жүргізіледі.

Қорғаныс әскери әрекеттердің түрі ретінде мынадай жағдайда ғана, шабуыл жасау мүмкіндігі болмағанда немесе ешқандай мәні болмаса, сонымен қатар әскери күштермен құралдарды бір бағытта қолдануда үнемдеу қажеттігі туғанда, басқа мәнді шабуылда қамтамасыз етуде қолданылады.

Қорғаныс алдын ала дайындалып немесе ұрыс барысында қарсыласпен түйісу жоқ, жағдайда немесе тікелей түйісіп тұрған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін.

Өте күрделі және жиі кездесетін тәсілдердің бірі жаумен бетпе-бет келгенде әскерлердің қорғанысқа көшеді, қарсыластардың басым күшпен жасаған қарсы шабуылын тойтару үшін, басып алған шептерге және аудандарға бекіну үшін, маңдайшептерді, шабуылдаушы топтарды қамтамасыз етуде, қарсы ұрыстардың нәтижесі сәтсіз болғанда қолданылады.

Қарсыласпен түйісуге келуі тыс жағдайда болғандағы қорғаныс, басты күштердің бағыттағы ілгерілеуін шабуылға өтуге тартылуын, шабуыл жасау қаралмаған жерде, шабуыл барысында екінші эшелондағы немесе резервтердің әрекет етуінде, теңіз жағалауындағы қауіпті кезеңде қамтамасыз ету үшін қолданылады.


Негізгі әдебиеттер: [5,9,10].
2-тақырып: Бөлімдерді басқару. 4 сағат

1. Ұрыстық әрекет неігіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.

2. Бөлімшелер мен атысты басқару

3. Ұрыстағы бастамашылдық және кенеттілік

4. Жауынгердің ұрыстағы міндеттері.

5. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері

1.Ұрыстық әрекет неігіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.

Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру. Штаттың қарулануы мен ұрыс техникасы. Мотоатқыш бөлімшелері — тактикалық бөлімшелер болып табылады. Ол мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше болып табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып табылады.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, гранататқыш, гранататқыштың атқыш-көмекшісі, аға атқыш және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаттары болады.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы етеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған.




ЖҰМ - жаяу әскердің ұрыс машинасы
Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады

2. Бөлімшелер мен атысты басқару

Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауапты. Сондықтан ол бөлімшемен атысты шеберлікпен, сенімді түрде басқара білуі қажет. Командирдің ұрыстағы басты міндеті — атысты басқару.

Атысты басқаруға: нысананы барлау, оның маңыздылығын бағалау, жою кезектілігін анықтау, нысананы мүмкіндігінше сенімді жоя алатын қару түрін таңдау, атысты бастауға пәрмен беру, атыс нәтижелерін бақылау, оны дәлдеу, атыспен маневрлеу, оқ-дәрінің жұмсалуына бақылау жасау жатады.

Бөлімшені басқару — бөлімше қимылын ұйымдастыруды және ұрыс барысында оған тұрақты жетекшілік жасауды қамтиды. Бөлімше командирі ұрысты жергілікті жерде ұйымдастырады. Ол жауынгерлік міндетті алғаннан кейін, оны нақтылайды, қалыптасқан жағдайды бағалап, шешім қабылдайды, ауызша әскери бұйрық береді және өзара қимылды ұйымдастырады. Содан кейін ұрысқа жеке құрамды, қару-жарақты, ұрыс машинасын дайындауға жетекшілік жасайды.

Ұрыста бөлімше командирі өз белімшесі мен көршілердің қимылы, қарсылас пен жергілікті жер толықтай айқын байқалатын жерде тұрады. Мотоатқыштар взводының командирі жағдайға сәйкес ЖҰМ-да (БТР), оқпанада немесе взвод артынан жаяу жүре отырып, командалық-бақылау пунктінен бақылау жүргізеді. Ол қажетті пәрмендер мен үкімдерді радио, дабыл кұралдары, дауыстап және бөлімшелерден жіберілген байланысшылар арқылы бере отырып, взводты басқарады. Жаяу ретпен қимыл жасау кезінде взвод командирі атысқа және ЖҰМ (БТР) қозғалысына ЖҰМ-да (БТР-да) отыратын взвод командирінің орынбасары арқылы басшылық жасайды. Взвод командирі бағыныштылардың қимылына байланыс құрылғылары арқылы немесе дауыстап басшылық жасайды.

Командир белгілерін, көршілерді, сондай-ақ қарсылас қимылын, оның атыс құралдарын, ұшақтар мен тікұшақтарды, хабарлау белгілерін бақылау үшін бақылаушы тағайындалады.

Атысты және бөлімшелерді, сондай-ақ бөлімшелер ішіндегі және көршілер мен күшейту құралдары арасындағы өзара қимылды қолдау үшін біртұтас бағдарлар тағайындалады, атысты басқару, өзара қимылдау, хабарлау, шақыру, ауыстыру және тоқтату белгілері анықталады.

Командир жауынгерлер мен бөлімшелер (машиналар) қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмен дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі (мысалы: "Взвод шабуылға дайындал!"). Дабыл беру үшін радио арқылы берілетін шартты белгілер (мысалы: "Шабуыл", белгісі — "333", "Әуедегі қарсылас"555", т.б. түрде берілуі мүмкін), сондай-ақ ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары (ысқырық, сирена, металды соғу және т.б.) қолданылады және жалаумен, қолмен, шаммен (фонарьмен) белгі беріледі. Жалаулар (40 см ағашқа бекітілген 32x22 см өлшемді тікбұрышты кесінді) екі түсте (сары және қызыл) қолданылады. Сары жалау орнына ақ жалау қолданылуы мүмкін. Қол шамдардың үш түсі (ақ, қызыл және жасыл) қолданылады.



3. Ұрыстағы бастамашылдық және кенеттілік. Ұрыс қимылдарын жүргізу тәжірибесі ұрыстағы шешуші кезенде батыл, қорықпайтын өз ерік-жігерін қарсыласқа күштеп таңатын, өзінің тапқырлығын және ойлы бастамашылдығын кең көрсете алатын әскер ғана жеңіске жететінін көрсетті.

Ұрыста әрбір жауынгер берілген тапсырманы мерзімінде және толық орындау үшін қалай қимылдау керектігін өз бетінше шешу қажеттілігі туатын жағдайға тап болуы мүмкін. Кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу біліктілігі — бастама-шылдықтың көрінісі болып табылады.

Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамашылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамашылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу — әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады. Әрбір жауынгер үшін бастамашылдық — ұрыста және бейбіт өмірдегі жаттығу күндерінде өзін-өзі ұстау, мінез-құлық нормасы, ұрыста жеңіске жетуге жағдай жасайтын маңызды шарттардың бірі — кенеттілік.

Кенеттілік — қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету қабілетінен айырады. Кенеттілікке қол жеткізу үшін күтпеген жерден атыс жүргізіп, ұрыста жасырын, тез әрі шешуші қимылдар жасау керек және әскери құпияны сақтап, бүркеніш шараларын орындау қажет. Кенеттілікті бастамашылдықпен және батылдықпен үйлестіре білген жақ қана барынша тиімділікке жетеді.

4. Жауынгердің ұрыстағы міндеттері. Ұрыста жеңіске жету жеке жауынгерлердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады. Әрбір жауынгер қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым кеп жойған сайын, соғұрлым шабуылдағы бөлімшенің алға жылжуы тез және қарсылас үшін тұрақты және берік бола түседі.

Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолдануы тиіс. Ол ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыруға дайын болуға міндетті, сондықтан ол аралас әскери мамандықты игеруі керек. Құрлық әскерінің (взвод, бөлім, танк) Жауынгерлік жарғысында әрбір жауынгердің ұрыстағы міндеттері нақты анықталған. Ол взвод, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың өлсіз және күшті тұстарын жақсы білуі тиіс; ұрыс барысында тыңғылықты бақылау жүргізе алуы қажет; қарсыласты байқаған сәтте ол туралы дереу командирге хабарлауға, шабуылда батыл және шешімді түрде қимылдауға, ал қорғаныста өзін берік және табанды ұстауға, қарсыласты қолда бар тәсілдер мен құралдар арқылы жоюға, батырлық, бастамашылдық және тапқырлық байқатуға, жолдасына көмек көрсетуге әзір болуға, ұрыста жергілікті жердің ерекшеліктерін, жеке құралдары мен машинаның сапаларын тиімді қолдануға; оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға, бөгеттер, табиғи тосқауылдар мен жергілікті жердің зақымдалған учаскесінен өтуге; танкіге және жаяу әскерге қарсы миналар орналастыруға және оны зиянсыздандыруға, санитарлық өңдеу, дезактивизация, газсыздандыру және дизенфекция жүргізуге, әуе қарсыласын тануға және төмен ұшатын нысаналарға атыс қаруынан атыс жүргізуге міндетті. Ол ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, ал егер ол қатардан шығып қалған жағдайда бөлімшеге басшылық жасауды өз мойнына алуға, командирдің рұқсатынсыз ұрыстағы орнын тастап кетпеуге, радиоактивті немесе улағыш заттар мен өртегіш қарумен зақымданғанда немесе жараланғанда, өзіндік көмектің қажетті шараларын жасап, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыруға міндетті. Егер медициналық пунктке бару туралы бұйрық берілсе, жауынгер өзімен бірге жеке қаруын алып жүруі тиіс, ал медициналық пунктке бару мүмкін болмаған жағдайда, қарумен тасаға дейін еңбектеп барып, санитарларды күтуі тиіс. ЖҰМ (БТР) бұзылған сәтте ол жөндеу жұмысына дереу кірісуі қажет.

Бұл міндеттерді табысты орындау үшін жауынгер табанды түрде оқып, табанды түрде жаттығып, жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерді меңгеруі және өзінің дене дайындығы мен шыдамдылығын, төзімділігін көтеруі тиіс

5. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері

Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.

Жорық ретібөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру мен ұрыс реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін, машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесінің, взодының, ротасының жорық реті лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорық реті — үш лек немесе екі лек бойынша жасалады.

Ұрысқа кіру реті — мандай шеп пен тереңдікке бөлінен бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қоғанысы терендігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысы кезінде қозғалыстың жоғарғы екпінінде қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез етіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті—лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін — маңдайшеп пен тереңдікте бір-бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі саналады.

Жаяу ретте екі лек бойынша жылжыған кездегі мотоатқыштар бөлімшесінін жорық реті

Ұрыс реті дегеніміз — ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімше күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, сондай-ақ жергілікті жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10].
. 3-тақырып: Ұрыс кезіндегі сарбаздың әрекеті

4 сағат

1.Ұрыс тұрлері және олардың сипаттамасы

1. Бақылаушы жауынгер

2.Жауынгердің ұрыстағы қозғалысы.

3.Ұрыстағы барысындағы сарбаздардың оқпанаға орналасуы

1.Ұрыс тұрлері және олардың сипаттамасы

Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің (ұшақтарының, кемелерінің), әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды (объектілерді, шептерді) ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыстың мұңдай сипаты жауынгерлерден, бөлімдер мен бөлімшелерден жоғары жауынгерлік машықты, қару-жарақ пен ұрыс техникасын білікті түрде қолдануды, жоғары моральдың тұрақтылықты, ұйымшылдықты, тәртіптілікті және дене дайындығын талап етеді.

Ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, және шабуылдың ұрыстық түрі ретінде — бетпе-бет ұрыс.

Шабуыл — ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыласты жеңуде негізгі мәнге ие. Тек шешуші шабуыл арқылы ғана қарсыласты толық талқандауға болады. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды қолдану жағдайында ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару-жарағын, ұрыс техникасын жояды да, қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

Қорғанатын қарсыласқа шабуыл жасау қарсыласпен тікелей түйіскен жерден немесе тереңдіктен шығару жолымен жүргізілуі мүмкін.

Шабуыл алдында, әдетте, атыстық дайындық жүргізіледі. Ол қарсыластың ең маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысқа артиллерия мен авицияның алдын ала жоспарланған және дайындалған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін. Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жеңіліске ұшырату дәрежесіне байланысты ЖҰМ-да немесе жаяу ретте шабуылдауы мүмкін.

– қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі (позицияны) ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер (позициялар) мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүрігізу, сонымен бірге сыналап кірген қарсыласты жою және жағдайды қалпына келтіру мақсатында шешуші қарсы шабуыл жүргізумен сипатталады.

Бөлімшенің қорғанысқа көшуі қарсыласпен тікелей түйісуі немесе онымен түйісуінен тыс жағдайында жүргізілуі мүмкін.



Бетпе-бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған қезде жүргізіледі.

Бетпе-бет ұрыс көбіне шеру жасайтын әскерлерге тән. Ол ұрыс барысында: шабуылда – қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде де тууы мүмкін. Бетпе-бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне – қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, ал ядролық қару пайдалану жағдайында қарсылас жазалауға үлгергенге дейінгі шектік қақтығыста ядролық қарумен зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.

2.Бақылаушы жауынгер

Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Міндеттерді белгілеу кезінде бақылаушыға бағдармен жергілікті заттардын шартты атаулары; қарсылас орналасқан немесе оның пайда болуы мүмкін жері, оның не істейтіндігі, өз әскері мен көршілердің алдыңғы бөлімшелері орналасқан жері; бақылау орны және оны қалай жабдықтау керектігін; бақылау секторы, қай уақытта нені білу немесе анықтауы, не нәрсеге назар аударуы, бақылау нәтижелерін қалай баяндау керектігі түсіндіріледі.



Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттейді, бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті жердің сызбасын құрастырады.

Дұрыс Дұрыс емес

Бақылау үшін орын таңдау

Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды да, бөлімше командиріне баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты белгімен түсіреді де, бақылау журналына жазады.

Бақылаушы, әдетте, бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ) жергілікті жер картасы немесе сызбасы, бақылау журналы құлабыз (компас) және сағат болуы керек. Бақылау үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналасуы керек.

Бақылау үшін орын таңдаған кезде жақсы шолу мен сенімді бүркеніш мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге авиация, артиллерия атысынан және ядролық қарудың зақымдағыш факторларынан жергілікті жердің қорғаныштық қасиетін де ескеру қажет. Бақылау үшін қарсыласқа бағдар болып табылатын және оның назарын аударатын (ағаш,тал, құрылыс, көпір, жол қиылысы және т.б.) жекелей тұрған заттарға, сондай-ақ биік жоталар, төбелер мен қорғанның шыңдарына орналасуға болмайды. Егер жергілікті жердің жекелеген заттары бақылау үшін өте ыңғайлы болса, онда оның жанына көлеңке тұстан орналасау керек. Оқпанада, шұңқырда немесе арықта арттан үйінді биіктік немесе тал, яғни бақылаушының басы байқалмайтын болып орналасуы қажет. суретте әр түрлі жергілікті жерде бақылаушының дұрыс және дұрыс емес орналасуы көрсетілген.

Бақылаушының негізгі тасалайтын орны — оқпана. Ядролық қарудан қорғану үшін, сондай-ақ артиллерия мен авиация шабуылынан қорғану үшін оқпана жабу тиімді, ал оның тік жерлерін тақтаймен жауып, қазық және таяныш бекіту керек. Бұдан басқа оқпанада қару, оқ-дәрі және ядролық қарудың зақымдаушы факторларын бақылау аспаптарын жасыратын сөре жасауға болады. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Бақылау және жүйелі түрде жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығынна қарай 2-3 аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары, әдетте, бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді.

Бақылаушы, ең алдымен өзіне берілген сектордағы жерді асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, мөлшерін, формасын, өлшемін және өзара орналасуын еске сақтауға міндетті. Бұл дер кезінде қарсыластың пайда болуын байқауға немесе оның қимылы мен орналасуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін бақылаушы жақын аймақтан бастап, оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді және жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып бақылау жүргізеді. Осылай жақын аймақты байқай отырып, бақылаушы көзбен тағы бір шолып, өзін-өзі тексереді. Осы тәртіппен ол орта және алыс аймақты байқайды.

Егер бақылаушы қарсыластың болу белгілерін байқап қалса, бұл учаскені бақылау аспаптары көмегімен қарап, нысана (объект) сипатын анықтайды. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жер жарғайындағы орналасуын анықтайды. Бұл үшін ол байқалған нысананың арақашықтығын белгілі жақын бағдарға дейінгі, (оң, сол, жақын, алыс) қашықтығын өлшейді. Содан кейін ол бақылауды тоқтатпай, байқалған объект туралы командирге баяндайды.

Бақылаушының баяндауы қысқа әрі нақты болуы тиіс. Бақылаушы қатты айғайламай, командир еститіндей дауыспен бағдар немесе жергілікті жерге қатысты алғанда,



Бақылау секторындағы жергілікті жерді қарау реті байқалған нысананың жағдайын, оның қимыл-әрекетін баяндайды. Бұл кезде ол, ең әуелі, бағдардан оңға немесе солға қарай нысананың орналасуын метрдің мыңдық үлесі бойынша, ал сосын нысананың бағдарға жақын немесе алыс орналасуын метрмен көрсетеді. Мысалы: Бағдар —2, оңға — 10, 100-ден алыс, оқпанада — "танк", немесе "Дөңгелек" биіктігі, солға—20, 200-ге жақын, бұта арасында — "бақылаушы", немесе "Фигуралы" тоғайынан батысқа бронетранспортер жылжып келді" және т.б.

Егер бақылаушы радиоактивті немесе химиялық зақымдануды байқап қалса, ол дереу қорғаныш құралдарын киеді де, командирге баяндайды және бақылауды жалғастырады.

Бақылаушы ауысымы тек командир бұйрығымен жасырын жүргізіледі.

Бақылау журналындағы жазу формасы


Бақылау уақыты

Қайда, не байқалды?

Кімге, қашан баяндалды?

7сағ 20 мин

Бағдар – 2,

Оңға – 10,

100-ден алыс,

оқпанада — танк



7 сағ 20 мин бөлімше

командиріне




3.Жауынгердің ұрыстағы қозғалысы. Қазіргі заманғы ұрыста жауынгер қарсылас оғының (атысының) астында кез келген жерде тез және жасырын қозғалып және сол кезде қарсыласты үздіксіз бақылап, өз қаруынан атыс жүргізе отырып, оны жоюға қабілетті болуы тиіс.

Ұрыста жергілікті жер мен қарсылас атысының әсер ету сипатына байланысты жауынгер ЖҰМ-да (БТР-да), танкіде жылжи алады, ал жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым немесе жүгіріспен (толық боймен немесе еңкейіп) жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжиды.

Жаяу ретпен қимылдау кезінде қарсылас бақылауынан жасырын және оның атысынан тыс жер учаскелерінен өту жеделдетілген адым немесе жүгіру арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен жауынгер шабуыл барысында да алға жылжиды. Бұл кезде ол қаруын оқ ата бастау (атысты бастау) жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды. Ашық, жерде қарсыласқа жасырын жақындау үшін жүігіре өту әдісі қолданылады. Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі қозғалыс жолын, жасырын демалатын жерді белгілеп, «Тұр!» пәрменін орындаған сияқты тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре өтіп жетуі тиіс.

Бұл қарсыластан аялдайтын орынды жасыру үшін жасалады, әйтпесе қарсылас ертерек көздеп тұрып, оны келесі жүгіре өту үшін тұрған кезде зақымдауы мүмкін. Жүгіре өту ұзындығы 20 м-ден 40 м-ге дейін болуы мүмкін. Бұндай жүгіре өту уақытында қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген немесе көрсеткен шепке жеткеннен кейін, сарбаз бақылау үшін белігіленген орынға орналасып, атысқа дайындалады да, басқа жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен қорғайды.


Бауды қолданбай,жүріп келе жатып атысты жүргізу.

Дүмді бүйірге қысып, жүріп келе жатып атысты жүргізу жүргізу: а— бауды қолданбай; ә — бауды қолдана.
Ұрыс алаңында қарсылас күшті көздеп атуды жүргізген кезде немесе барлауда, яғни қарсыласқа жасырын жақындап, оған кенеттен шабуылдау қажеттігі туған кезде жер бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жергілікті жер бедері және өсімдік қабатына байланысты жер бауырлай жылжу жартылай төрт тағандап немесе бүйірлей әдісі пайдаланылады. Жүгіре өтудегі секілді жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үішін тоқтайтын жасырып таса жерді белгілеп алуы тиіс.

Жер бауырлап жылжу, еңбектеу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қаруды жоғарғы антабка тұсындағы бауынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек. Жер бауырлай жылжу кезінде басты жоғары көтеруге болмайды. Жартылай төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол буындарына (қол білектеріне) салмақ салу керек, ол содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сөйтіп, денені алға қарай оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет, бір мезгілде өзіне қарай бүгілген басқа аяқты тартып, алға басқа қолды соза отырып, жылжуды жалғастыру қажет. Бұл кезде қаруды жер бауырлай еңбектеп жылжудағы сияқты ұстау керек (қол білегіне күш салып).

Бүйірлей жер бауырлау үшін сол бүйірге жатып, содан соң тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалуды жалғастыра беру керек. Бүйірлей жер бауырлау кезінде қаруды оң қолға ұстап, сол аяқтың санына қою керек. Бұл тәсіл ұрыс алаңында оқ-дәрі мен жүк тасыған кезде көп қолданылады.

Жер бауырлай жылжығанда, жауынгер үнемі ұрыс алаңын бақылай отырып және оқ атуға дайын болуы тиіс.


Жер бауырлай жылжу:

а-жер бауырлай еңбектеу; ә-жартылай төрт тағандап; б-бүйірлей.
Бөгеттерден өту. Ұрыс жағдайында жауынгерге әр түрлі бөгеттерден, (өзендер, жыра, батпақ және т.б.) жиі өтуге тура келеді. Бөгеттерден тоқтаусыз ұрыс барысында шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей және қарсылас күтпеген жерлерде өту өте маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған болуы немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін. Өзендер мен басқа да су бөгеттерінен жауынгерлерге тұрақты немесе арнайы жүргізілген көгалдарда ЖҰМ-дарда (БТР) табельді өткел, құралдармен (үрмелі және ағаш десант қайықтары, қатерлер, жүзбелі автомобилъдер), жарақталмаған қайықтар, әр түрлі қолда бар құралдармен кешіп немесе жүзіп (бөрене, тақтайлар, бөшкелер, атвомобиль камералары, плащ-палаткалар, сабан мен шөпшек салынған зат қаптары) арқылы өтуге тура келеді. Жауынгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп өтеді. Жеке құрамның өтуі үшін ағынның жылдамдығы 1 м/с-ке дейін болған жағдайда рұқсат етілген кешіп ету өткелінің тереңдігі 1 м-ді құрайды.

Жүзіп өту өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен құтқарушы жилеттер), сондай-ақ әр түрлі қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін.



Инженерлік бөгеттерден өту. Қазіргі заманғы ұрыста әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сондай-ақ сымды бөгеттер және т.б. қолданылады. Барлық жарылмайтын бөгеттер, әдетте, атыспен (оқпен) тасаланады және миналанады. Ұрыста жауынгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өту бөлігін шебер меңгеруі тиіс. Миналарды (миналанған алаң) және фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болады. Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен тартылған бау немесе сымы болады. Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері суретте көрсетілген.

Минаға барлау жүргізілген кезде мейлінше ұқыпты болып, әрбір күмәнді жерлерді тексеру қажет, табылған бау немесе сымды тартып қалмау керек. Барлық миналарды қарсылас алынбайтын элементтерімен қояды. Сондықтан, кем дегенде, 30 м алыстағы бойтасада тұрып, толдық құты көмегімен қопару немесе "тарбақты" (кошка) сүйреп жылжыту арқылы миналарды зиянсыздандырып алу қауіпсіздеу болады.



Миналы-жарғыш бөгеттердегі өтпелерді кесіп өту жарғыш тәсілмен немесе қолмен миналы тралмен жабдықталған танктер арқылы кесіп өту жүзеге асырылады.


Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері.

Ұрыс алаңында жауынгер сымды бөгеттерге тап болуы мүмкін. Оларға сымды торлар, дуалдар, керме ағаш және т.б. жатады. Сымды бөгеттерден, тікелей бөгеттерден өту құрылғылары арқылы, яғни оған сырт киім, тақтай, төсеніш тастақ немесе діңгек, күректермен сымды көтеру арқылы өтуге болады. Әдетте, бөгеттерде жауынгерлер сымды қайшымен, сүңгі пышақпен қия отырып немесе қазықшалар жанын жаяу әскердің кіші күрегімен есу арқылы өтпелер жасап өтеді.

Үйілме, керме ағаштарды тасып болған соң, өтпелерден өту тарбақ көмегімен немесе арнайы техника қолдану арқылы жүзеге асырылады. Электрлі бөгеттерден өтуді тек саперлер ғана жүзеге асырады.

Радиоактивті немесе уланғыш заттармен зақымданған жер учаскелерінен өту. Қарсыластың жаппай құрту қаруын (ядролық, химиялық, бактериологиялық) қолдануы ұрыс алаңында көлемді қиратулар мен зақымдану аймақтарының пайда болуына әкеп соғады. Сондықтан жауынгерлер осы қарулардың қиратқыш факторларынан сақтану, қорғану әдістерін біліп қана қоймай, сонымен бірге радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған жер учаскелерінен өтуді, осы жерлерді ЖҰМ-да (БТР), жаяу ретпен ұрыс жүргізуді шебер меңгеруі тиіс.



Радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер учаскелерінен өту әдістері ұрыс қимылдары сипатына, жер және ауа айы жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында ашық машиналарда қимыл жүргізетіндер, танкілердеігі десанттар немесе жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлер радиоактивті заттармен зақымданған жер учаскелерінен өту үшін газтұмылдырық (тұмылдырық) киеді, ал улағыш заттармен зақымданған жерлер учаскесінен өту үшін – газтұмылдырық, плащтары, жамылғылар, шұлықтар мен қолғаптар пайдаланылады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек

газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады, Радиоактивті заттармен зақымданған жерлермен жаяу ретпен жүрген кезде ылғалды ауа райында теріні қорғау құралдары ( плащтары, шұлық, қолғап) ғана киіледі. Ашық зақымданған жер учаскелерінен өту ұзақ және тезжүгіре өту тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Тоқтау үшін шөптері аласа жер тандалынып алынады. Зақымданған жерге жатпас бұрын жауынгер шинель немесе плащтын сол етегін қымтап жабуы тиіс. Зақымданған жерде қимылдаған кезде, қажет болмаса, зақымданған заттарға тиюге, тамақ жеуге және ішуге болмайды.

Зақымданған учаскелерден өткеннен кейін жауынгерлер командир пәрмені бойынша киім-кешектердін шаңын қаға отырып, қорғаныш құралдарын шешеді.

Атыс үшін жер мен жағдай таңдау. Ұрыс алаңында жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлерге жүру кезінде немесе орнынан, тізерлей немесе жатып, терезеден немесе бойтасадан атыс жүргізуге тура келеді.

Жауынгер командирінің нұсқауы бойынша немесе өз бетінше қарсылас көрінетін жер учаскесі немесе нысана жақсы көрінетін жерді есептей отырып, атыс үшін орын тандап алады. Атыс үшін таңдалынып алынған орын керекті бағытта жақсы шолуды және қажетті бағытта атқылауды қамтамасыз етіп, жауынгерді қарсылас атысынан және бақылауынан тасалауды және атыс үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

Жауынгер атыс және бақылау жүргізу үшін арна, шұңқыр, ағаштарды, ағаш дуалдарды, әр түрлі құрылыстарды және басқа да жергілікті заттарды қолдануға икемді болуы қажет.



4.Ұрыстағы барысындағы сарбаздардың оқпанаға орналасуы

Шабуыл ұрысы барысында басып алынған шөпті ұстап тұру – қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, сонымен бірге ұрысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгерге орлануға, яғни өз оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді. Орлану жаяу әскердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады.



Автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана (өлшемі сантиметрмен берілген)

Оқпана топырақтаы қазылған, ұзындығы — 170 см, ені — 60 см, тереңдігі — 30 см ордан және 30 см дейінгі биіктіктегі топырақ қалқадан түрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 20-40 см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторының топырақ қалқаның биіктігі 10 см дейін азайтылады да, ашық атыс саңылауы — жайпақ құламаны құрайды.

Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үіпін: орын таңдап алуы (егер оны командир көрсетпесе) және жағдай осыны талап етсе, жасырын сол жерге баруы керек, содан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен сапты ұстап, өзіне қарай ұрып, жердің тығыз жоғарғы қабатын ашуы тиіс, алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын белгілеп алуы қажет: содан кейін өзінен ары сыртқа ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек; ал топырақты, ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1—1,5 м болатын топырақ-қалқа пайда болады, ол сарбазды қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді (оқтың тесіп өту қабілеті — тығыздалмаған топырақты және құмда 70 см-ге дейін); басты мүмкіндігінше жерге жақын ұстап, қарсыласты бақылауды тоқтатпау қажет.

Оқпана шұңқырдың алдыңғы бөлігінде қажетті терендік жасап алғаннан кейін жауынгер артқа жылжып, қажетті ұзындыққа дейін шұңқыр қазуды жалғастыра береді, бұл шүңқыр жауынгердің денесі мен аяқтарын тасалайтындай болуы тиіс. Жатып ату үшін қазылған оқпана жергілікті жермен бүркемеленеді. Бұл үшін шұңқырды қоршаған шым қыртысы, топырақ және шөп, ал қыста қар қолданылады. Зақымданған жерде орлану жеке құралдары арқылы жүзеге асырылады. Оқпана қазу үшін, ең әуелі жердің жоғарғы зақымданған қабаты алынып, жел жаққа жайлап тасталады. Бұл кезде мүмкіндігінше өзін және жолдастарын шаңдатпау үшін шаң көтермеу керек.

Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
№ 4-тақырып: Шабуылдағы бөлімше.

4 сағат

1.Шабуылдағы жауынгер

2.Шабуылдағы бөлімше

1. Шабуылдағы жауынгер

Шабуылды ұрыс кезінде жауынгер бөлімше құрамында әрекет етеді. Жауынгер іс-әрекетінің, қимылының табысты болуы оның шабуылға дайындығына байланысты.

Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс. Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы (қажет болса, құралдарымен толықтырылады): жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және олардың жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер бұдан басқа қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді. Қараңғы уақытта атысты дәлдеу үшін оқжатарлар трассаланған оқтары бар патрондармен қосалқы түрде жабдықталады. Жабдықтау қимылды өзгертпей және шу шығармай жасалуы тиіс.

Егер шабуыл оқпана немесе ордан, яғни қарсыласпен тікелей түйісу жағдайынан басталса, жауынгер тез секіріп шығу үшін өзіне бейімдеулер дайындап алады. Бұл үшін оқпананың алдыңғы тіктігінде қазан шұңқыр немесе сатылар жасалады.

Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді, «Шабуылға дайындал!» пәрмені (дабылы) бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да, сөмкеге (дорбаға) салады. Содан соң «жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «3» көздеуіштен белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.

«Шабуылға, алға!» пәрмені бойынша жауынгер оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жеделдетілген адыммен алға қозғала бастайды, бұл кезде ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін жауынгер өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері (қыртыстары) мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу керек. Осы әдіспен соққылы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол білектерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айырылып қалмау үшін бетті мүмкіндігінше тығыз жабуы керек. Соққылы толқын өткеннен кейін, дереу тұрып, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыру қажет.

Қарсылас қорғанысының алғы шебі алдындагы бөгеттердегі өтпелерден өту командир көрсеткен тәртіппен бөлімше құрамында жүгіріс тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде аса байқағыштық, қозғалыс шапшаңдығы, бастамашылық пен шешім қабылдай білу талап етіледі.

Қарсылас иелектен орға 25-30 м-ге дейін жақын келген жауынгер өз қаруын сол қолға ұстап, қозғалысын тоқтатпай, орға қол гранатын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез шұғыл серпін арқылы қалған қашықтықтан өтеді. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты жауынгер орға түспей, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның ының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді.



Орда командир бұйрығы бойынша ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қаруын, гранатын және қол ұрыс тәсілдерін шебер қолданады. Орда тез қозғалу қажет. Ор бұрылыстарын өту немесе жертелеге кіру үшін, ең әуелі, ол жерге гранат лақтырып, сосын атыс жүргізу керек. Сымды бөгеттерді ордан сыртқа лақтырып тастау немесе гранатпен қопару керек.

Ядролық жарық ұшқыны байқалған кездегі ашық

жердегі іс-әрекет
тереңдігінде жауынгер қарсыласты оқпен жоя отырып, басқа сарбаздармен тығыз өзара байланысты қимылдап, алға қарай шапшаң жылжиды. Қарсылас атысының қарқындылығына және жергілікті жер сипатына байланысты ол алға жылжудың әр түрлі әдістерін қолданады. Артиллерия минаатқыш атыс астында қалған жағдайда, атқылау аймағынан дереу екпінмен шығып, шабуылды жалғастыру керек.

Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы көрген сәтте жауынгер оны атыспен, ең алдымен, пулемет, гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы бойынша немесе өз бастамасымен жауынгер трассаланған оқтар арқылы танкілерге, мотоатқыштардың қозғалысына кедергі келтіретін нысаналарды көрсетеді. Жылжуды күшті әдіспен ұстап





а ә б

Әуе нысаналарын ату үшін орналасу:

а – жатып; әтізерлеп; б – тұрып

тұрған қарсыластың атыс құралдарын (ТҚКБР, пулемет, гранататқыш) жауынгер көршілерді оқпен бойтасалауы арқылы айналып өтіп, қаптал мен тылда шабуылдай отырып, қарсыластың есептобын атыспен және гранатпен жояды. Айналып өту үшін жергілікті жердің қыртыстары қолданылады, Қажет жағдайда жауынгер көршілеріне қапталдан атыспен көмек көрсетеді. Қарсылас танкісімен кездескен сәтте «өлі» кеңістікті пайдалана отырып, жақындап, оны гранатпен жою қажет. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің батыр жауынгерлеріміз танкілерге, атыс құралдарына қарсы жекпе-жекке шығып, талай рет жеңіске жетті. Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүргізуге дайын болуы керек. Ашық жерде оларға қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Тірек ретінде жақын жердегі жергілікті жер заттары қолданылады. Әуе нысаналарын ату «3» немесе «П» көздеуімен бөгеттік және өрге ату атысы тәсілімен жүргізіледі, шақтар мен тікұшақтарды ату үшін сауытты-өртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады.

Қарсылас қорғанысы тереңдігіндегі бөгеттерден жауынгер өтпелер арқылы өтеді. Сымды бөгеттерден қол астындағы заттарды пайдалану арқылы өтеді.

Қарсылас жаппай жою қаруын қолдану нәтижесінде ұрыс алаңында зақымдалған жер учаскелері пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге, шегінуші қарсылас шабуылдаушыларды ұстап тұру үшін олардың жолдарына улағыш заттармен зақымданған жер учаскелерін әдейі жасап қоюы мүмкін. Сондықтан шабуылдай отырып, дер кезінде осындай жер учаскелерін байқап, ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымдалған учаскелері командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.

Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, бұл туралы дереу командирге баяндау керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне керсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады

2.Шабуылдағы бөлімше

Мотоатқыштар бөлімшесі взвод құрамында шабуылдайды. Жүріп келе жатып шабуылға дайындалу кезінде бөлімше взвод командирі белгілеген орынға орналасады. Орналасу алаңында бөлімшенін жеке құрамы үшін, әдетте, саңылау, ал ЖҰМ (БТР) үшін таса қазылады.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында шабуылдау кезінде бөлімше бастапқы жағдайға ие болады. Бұл кезде жеке құрам жергілікті жер сипатына байланысты орда (оқпанада), ал ЖҰМ (БТР) өрдің кең кеңісінде немесе оқпанада орналасып, бөлімше қимылын қорғауға дайын болады.

Бөлімше командирі тапсырманы алғаннан кейін оны нақтылап алып, әскери бұйрық береді. Әскери бұйрықта ол: бағдарлар, қарсылас қимылының сипаты, құралы, жағдайы, бөлімше шабуылы бағытындағы оның атыс кұралдарының орны, взвод, бөлімше, көршілердің міндеттері және жеке құрамның міндеттерін көрсетеді; оператор көздеушіге — қарудың әр түрінен ату арқылы жойылуға тиіс нысаналарды, жаяуланудан кейін бөлімшеге қолдау көрсету тәртібін; пулемет пен гранататқышқа – бөлімше тізбегіндегі орны, жойылуға тиіс нысаналарды және атыс жүргізу тәртібін; жүргізуші-механикке (жүргізушіге) - қозғалыс бағыты мен тәртібін, бөгеттер мен тосқауылдардан өту ретін нұсқап түсіндіреді. Қажет жағдайда қалған жеке құрамға бөлімше командирі тізбектегі орынды және бақылау және атыс жүргізу ретін; жаяулану орнын; бөгеттер мен тосқауылдардан ату тәртібін, хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін; шабуылға дайын болу уақытын көрсетеді.

Шабуыл кезінде бөлімше ЖҰМ-да, (БТР-да) қарсылас қорғанысына взвод легіне жылжиды. Шабуылға шығу шебіне жақындаған кезде взвод командирінің пәрменімен бөлімше өз бағытына шығады. Белгіленген жерге ЖҰМ-мен, (БТР) жақындаған бөлімше жаяу ретпен шабуылға шығу үшін бөлімше командирінің: «Машинаға!», «Бөлімше, мынадай затқа шабуылға, алға!» пәрменімен машинаны тез тастап, тізбекке жазылады да, танк артынан немесе өз бетінше тоқтаусыз шабуылдайды. Егер қарсылас қорғанысы артиллерия атысымен және авиация соққысымен өлшемді түрде басылса немесе оған ядролық соққы берілсе, онда бөлімше қарсыласының алдыңғы бөлігіне ЖҰМ-да (БТР-да) шабуыл жасайды. Бұл кезде взводтың ұрыс желісіне шабуылға шығу шебіне қарай жылжи отырып, бөлімше ЖҰМ (БТР) қарумен және атыс саңылауы арқылы алдыңғы шептегі қарсыластың қалған атыс құралдарын жояды. Қарсылас қорғанысының алғы шебі алдыңғы бөгеттерді бөлімше бекітілген тәртіп бойынша танк артынан немесе өз бетінше барынша жылдамдықпен өтпе арқылы кесіп өтеді.

Бөгеттерден өткеннен кейін бөлімше взводтың ұрыс желісінде өз орнына орналасады да, қарсылас қорғаныстың алғы шебіне дереу шығып, оны жояды.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайындағы шабуыл кезінде бөлімше шабуыл алдында өз қаруынан атыс жүргізу арқылы қарсыластың байқалған атыс құралдарын және тірі күшін жояды. Егер шабуыл ЖҰМ-да, (БТР-да) жүргізілсе, бөлімшенің жеке кұрамының машиналарға отыруы атыс дайындығы кезінде жүргізіледі.

Танкіге жақындаған кезде мотоатқыш бөлімше командирі: «Шабуылға дайындал!» пәрменін, ал танк өткеннен кейін: «Бөлімше, шабуылға, алға» пәрменін береді. Осы пәрмен арқылы бөлімше ордан (оқпанадан) тез секіріп шығып, танк артынан шабуылға шығады, ал ол жоқ жерде өз бетімен ЖҰМ (БМП) атысы қолдауымен шабуылдайды. Шабуылға шығу кезінде жауынгерлер және ЖҰМ-да (БТР) қарсыластың тірі күші мен атыс құралдарына ұрыс барысында атыс жүргізеді.



Бөгеттерде жасалған өтпелерге жақындаған кезде бөлімше командирінің: «Бөлімше, менің соңымнан, бірден (екіден) лекке алға адымда!» пәрмені бойынша бөлімше ұрыс барысында бірден (екіден) лекке тұрып, танк артынан (өз бетінше) бөгеттердегі өтпелерден өтеді. Пулеметші алға жүгіріп, бірінші орда орналасқан қарсыласқа қарсы атыс жүргізеді. Бұл кезде тоқтап қалуға және қайырылуға болмайды, өйткені қарсылас өз атысымен едәуір шығынға ұшыратуы мүмкін. Бөгеттерден өткеннен кейін, бөлімше командирінің: «Бөлімше — белгілі бір затқа — ұрысқа!» пәрменімен тізбекке жазылады да, екпінде шабуыл объектісіне жақындайды. «Гранаттармен — атысқа!» пәрмені бойынша бөлімше қарсыласка гранаттар лақтырып және «Ура!»—деп айғайлап, танкімен бір уақытта қарсылас бекінісіне шығады да, оны бетпе-бет атыспен жояды, осылайша тоқтамай алға жылжиды.

Жаяу рет қимылындагы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті — тізбек болып табылады. ЖҰМ, (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін және лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6-8 м (8-12 адым), бұл бөлімше шабуылының маңдай шебін 50 м-ге дейін құрайды. Жаяу ретте взвод бөлімшелер арасында 50 м-ге дейінгі аралықтарда 300 м-ге дейінгі майданда шабуылға шығады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті — машиналар арасындағы аралық 100 м-ге дейін болатын ұрыс желісі атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді



Қорғаныста мотоатқыш бөлімшесі майданшеп бойынша 100 м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ (БТР) — атыс бекінісіне ие болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты бөлім бекінісінің орталығында, қапталда немесе 50 м артқы жақта орналасады. Мотоатқыштар взводының майданшеп бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР)

Мотоатқыштар бөлімшесінін тізбекке жазылуы:

а—жаяуланудан кейін; б—лектен бір-бірлеп

атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады.

Бөлімше бекінісі арасындағы аралық, 50 м-ге дейін болуы мүмкін, ол көрші бөлімшіелердің қапталдай және айқастыра атысымен және тірек пунктерінің тереңдігінен атыс бойынша тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдайшеп пен тереңдікте 200 м дейінгі аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде және онын қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге карсы құралдар бекініске ие болуы мумкін. Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар взводтарының тірек пунктеріне және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен құралады.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні — міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз және нақты өзара қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады.

Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.

Мотоатқыштар бөлімшесі көршілес бөлімшелермен және оның ұрыс ретінде немесе ұрыс ретінен тыс, я болмаса, қапталдарда атыстық құралдармен қимыл жасаушы бөлімшелермен өзара қимылда жүзеге асырады.

Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды қолдаудың шешуші мәні — жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті көмек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.

Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында ұйымдастырылады.

Танк соңынан шабуылдай отырып, бөлімше ең әуелі қарсыластың танкіге қарсы кұралдарының есеп тобын жояды және жылжуға кедергі келтіретін нысаналарды танкіге көрсетеді, сонымен бірге танкіге бөгеттерден өтуге көмектеседі және бұзылған машина экипажына қол ұшын береді.

Танк үшін қиын жерлерде бөлімше танкілерден озып кетеді, оның оғының астында шабуылдайды. Бұл учаскелерден танк өткен соң бөлімше оның артынан шабуылдауды жалғастырады.

Қарсыластың тереңдігіндегі ұрыс кезінде бөлімше танкпен және көршілермен өзара қимылдай отырып, алға жылжуы үшін қарсылас атысының әлсіз тұстарын дер уақытында қолданып, оның қарсылығына алға жылжудың әр түрлі тәсілдері қолданылады. Қарсылас атысынан және жер үсті бақылауынан жасырын жерде бөліміне тізбек бойына жеделдетілген адыммен қозғалады, ал жасырын кіре берісте (жыра, ойпат т.б.) бірден немесе екіден лек жасап жылжиды. Қарсылас атқылап жатқан жер учаскелерін бір уақытта барлық бөлімше болып немесе бір-бірлеп (екі-екіден) жүгіре өтеді (жер бауырлай жылжиды).

Белімше өзінің күшті әрі жақсы ұйымдастырылған атысымен тоқтатқан қарсыласты бөлімше орағытып барып, қапталдан және тылдан шабуылдайды. Орағыта өту үшін жергілікті жер қыртыстары, қарсыластың ашық қапталдары мен аралықтар қолданылады. Қарсыласты айналып өту мүмкін болмаса, белімше взводтың басқа бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, маңдайшептен шаубылдап, барлық құралдарынан атыс жүргізе жояды.

Ұлы Отан соғысының тәжірибесі қарсылас қорғанысы тереңдігіне жылжудың табысқа жетуі көбіне бөлімше жеке құрамның шешуші және табанды қимылына, қаптал мен тылдағы батыл маневрге, бөлімшелер арасындағы өзара қимылдың жақсы ұйымдастырылуына және оларды басқаруға байланысты екенін көрсетіп берді.

Қарсыласты жойып, мотоатқыштар бөлімшесі взвод командирінің пәрменімен ЖҰМ-ға отырады. Бұл үшін ЖҰМ бөлімше командирінің белгісімен бөлімшені қуып жетіп, жүрісін баяулатады немесе қысқаша аялдама жасайды. Бөлімше жүгіріспен өз машиналарына қарай шығады да, командирдің: «Орындарыңа!» деген пәрмені бойынша тез машинаға отырады, бұл кезде олар қаруын тежегіште ұстайды.

Машинадағы өз орындарына отырған сон, бөлімшенің жеке құрамы атыс саңылауынан атыс жүргізуге дайындалады. ЖҰМ-дағы (БТР) оператор-көздеушісі (БТР пулеметшісі) Бұл уақытта қарсыласты бақылайды және байқалған нысаналарды жояды. ЖҰМ-ға (БТР-ға) отырғаннан кейін бөлімше көрсетілген бағытта шабуылды жалғастыра береді. Жергілікті жер қыртыстарын пайдаланып, қапталға немесе тылға тез шығып, атыс құралдары және шешуші шайқас арқылы қарсыластың көрсетуші тобын талқандайды.

ЖҰМ-ның (БТР-дың) жылжуына қарсылас өз атысымен кедергі келтірген кезде командирдің: «Машинаға!» және «Бөлімше, ұрысқа, алға!» пәрмені бойынша машинадан секіріп түсіп, тізбекке жазылады да, ЖҰМ-ның (БТР-дың) атыс қолдауымен шабуылды жалғастырады. Қарсылас қорғанысы терендігінде кездескен бөгеттер мен тосқауылдарды бөлімше айналып өтеді немесе жасалған өтпе арқылы кесіп өтеді. Радиоактивті және улағыш заттармен зақымдалған жер учаскелерін белімше қорғаныш құралдарын қолданып кесіп өтеді немесе «дайын» жағдайындағы қорғаныш құралдарын қолданып, взвод командирі нұсқаған бағытта айналып өтеді.

Қарсы шабуылға шыққан карсыласты бөлімше взводтың басқа да бөлімшелерімен өзара қимылдай отырып, атыспен және шұғыл шабуылмен немесе взвод командирінің нұсқауы бойынша, ең әуелі, қарсыласты тиімді шептен атқылайды, содан кейін оған шабуыл жасайды. Егер қарсылас көршіге қарсы шабуылға шықса, онда бөлімше өз атысымен көмектеседі. Онын негізгі мақсаты — қарсы шабуылдаушы қарсыластың қапталы мен тылына шығу болып табылады.

Егер қарсылас шегіне бастаса, онда мотоатқыш бөлімшесі оны тоқтаусыз, табанды түрде, әдетте, ЖҰМ-да (БТР-да) қуады. Қудалау кезінде жергілікті жер қыртысын шебер қолданып, бөлімше қарсылас шегінісі жолына шығады да, взводтың басқа бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, оның қимылын барлық құралдардан атыс жүргізу аркылы қысады және шешуші шабуылымен оған соққы беріп, талқандайды.

Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
5 тақырып. Қорғаныстағы бөлімше

4 сағат

1. Қорғаныстағы жауынгер



2. Қорғаныстағы бөлімше
1.Қорғаныстағы жауынгер

Жауынгер та өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті — өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай-ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекіген бекіністі ұстап тұруы. Жауынгер қорғаныстағы өзінің орнын тек командир бұйрығымен ғана тастап кете алады. Қорғаныста әрбір жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және оның қандай қимылға бет бұратынын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытқа жүргізіп жатқанын білуі тиіс.





а ә

Атқыштың жеке оқпанасы:

а—тізерлей ату үшін; ә—тұрып ату үшін (өлшемдері сантиметрмен берілген)

Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше ол командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы керек. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік келтірсе, тізерлей және тұрып ату үшін оқпананы тереңдетеді. Тізеден ату үшін оқпананы 60 см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110 см-ге дейін терендету керек.

Тәуліктің күндізгі уақытында сарбаз өз қаруын және түнгі көру аспаптарын түнгі атысқа дайындайды. Түнде автоматтан атыс жүргізу үшін топырақ қалыңдығыан науа алынады, одан автомат берілген бағытта көзделуі тиіс және шектегіш-қазықшалар (ағаш мүйізшелер) — автоматтың дүмі мен құндағына қағылады. Автоматты жоғары қарата тесігі бар тақта, шым қыртыс арқылы бекітуге болады.

Оқпана қазу және оны жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау жасайды және өз байқағандары туралы командирге баяндап отырады. Бұл кезде бүркеніш тәсілдерін қатаң сақтап, оқпанадан жоғары шықпауы тиіс және байланыс жолы мен орда бойымен ғана қозғалу керек, ал егер ондай жол жоқ болса, қозғалыс үшін жасырын жолдарды қолдану керек.

Шабуылға өтер алдында қарсылас, әдетте, атыстық дайындық жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін, Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың (ордың) түбіне бетті жерге қаратып, дереу жату қажет, ал ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу керек. Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде егер жауынгер бақылаушы болып тағайындалмаса, онда ол командир пәрменімен бөлім мен взвод бекінісінде жабдықталған жертөледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға тойтарыс беру үшін тез өз орнына ие болуға дайын болуы керек.

Қарсылас шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне командирдін пәрмені бойынша, ал қарсылас өз қаруының нақты атыс қашықтығына жақын келгенде өзі өз бетімен оқ атады.

Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20 м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтті таңдап, танкінің шынжыр табаны астына танкіге қарсы гранатты лақтырады. Егер танкіге оқ тимей, оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне қарсы гранат лақтырады. Танкіні зақымдағаннан кейін жауынгер өз қаруынан атып, танк соңынан жақындап келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машинаны тастап кетуі кезінде автоматтан атыс арқылы жою қажет.

Жақын жердегі танк үлкен қауіп төндірмейтінін ұмытпау керек. Жақын қашықтықта танк экипажы пулемет пен зеңбіректен көздеу атысын жүргізе алмайды. Оқпана қабырғалары танк өткеннен кейін құламайды.

Қарсылас жаяу әскері оқпанаға 30 - 40 м жақындаған кезде, жауынгер оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды. Егер қарсыластың жекелеген жауынгерлеріне қорғаныстың алдыңғы шебіне шығуға мүмкіндік туса, жауынгер оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ сүңгі және дүмімен жояды. Көршілер бекінісіне жақындаған қарсыластың жаяу әскерін жауынгер қапталдан және тылдан атыс жүргізу арқылы жояды. Айналып өтіп келе жатқан не тылдан шабуыл жасаушы қарсыласқа қарсы атыс жүргізуге ыңғайлы болу үшін жауынгер қосалқы оқпана немесе байланыс жолдарындағы ұяға орналасуы мүмкін.

2. Қорғаныстағы бөлімше

Қорғаныстағы бөлімше басқа бөлімшелермен бірлесе отырып, атыспен қарсыласты взводтын тірек пунктінің маңдай шебінде және қапталдарында жоюға мүмкіндік беретін бекіністерге орналасады және оны жабдықтайды.

Бөлімше жауынгерлері бөгеттер мен табиғи тосқауылдарды жақсы көретіндей және атқылай алатындай, сонымен бірге түнде атыс жүргізіп, маневр жасай алатындай болуы тиіс.

Бөлімше бекінісінде оның арт жағы мен қапталдарында аға командирге бағынатын пулемет, оқтар, зеңбірек және танкілер орналаса алады. Бөлімше командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз бөлімшесін берілген бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан кейін ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап, әскери бұйрық береді.

Әскери бұйрықта бөлімше командирі бағдарлар, қарсылас туралы мәліметтер (оның шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен атыс жолағы, бекініс); жеке құрамның міндеттері. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, пулемет және атқыш-гранататқышқа — (негізгі және қосалқы атыс бекіністерін атқыштарға — атыс орнын, ұрыс барысында ауысу мен жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына — атыс жүргізу мен бақылау тәртібін; бұдан басқа оператор-көздеушіге және пулеметшіге – әрбір атыс бекінісінен атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін қорғанысқа дайын болуы уақытын көрсетеді және орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін бөлімше жауынгерлері оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі, сондай-ақ бақылау мен атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Бұл кезде бөлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметтер дайындайды, атыс карточкасын жасайды.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде бөлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дың) атысы қолдауымен қол күші арқылы жабдықтайды. Бұл кездегі жұмыстың көп белігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал қарсылас көрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз жүргізіледі.

Бекіністе, ең әуелі гранататқыш, атқыш-пулеметші үшін бір кісілік оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпана қазады және бақылауды, атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Осыдан кейін жауынгерлер бір кісілік оқпаналарды бөлімше оқпанасына біріктіреді, қосалқы атыс бекіністерінде ЖҰМ-ы үшін оқпаналар және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдарын қазады.

Бекіністе бөлімше жауынгерлері жабық атыс саңылауын жасайды, оқ-дәрілер үшін сөрелер мен жылжуға байланыс жолдарын қазады. Бұл жолға қапталға ұрыс жүргізу үшін атыс ұяларын жасайды. Оқпаналар мен ұялар жабық атыс саңылауымен және маңдайшамен жабдықталуы мүмкін. Сусымалы топырақта оқпаналардын тік жерлері қапталын қатайтылады. Қарсыласпен тікелей түйіспейтін жағдайда егер ор, байланыс жолы және ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпаналар жер қазушы машинамен қазылса, онда сарбаздар бұларды тек қана жабдықтайды. Бөлімше бекінісі ертегіш қарудан қорғану үшін жабдықталады және қоршаған орта фонында бүркемеленеді. Бұл үшін қолда бар материалдар, өрт сөндрудің табельдік құралдары және әр түрлі бүркеніш заттары қолданылады.

Қарсылас шабуылды бастағанға дейін бөлімше өз бекінісінде жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Бекіністі жабдықтау жұмысы кезінде және ұрысы барысында бөлімше командирі, тағайындалған бақылаушы, сондай-ақ барлық жауынгерлер қарсыласты үздіксіз бақылайды. Кезекші пулеметші (мотоатқыш) уақытша немесе қосалқы атыс бекінісіне орналасады да, барлау жасауға немесе бөгеттерде өтпе жасауға ұмтылған қарсыластың жеке топтарын жою үшін өз бетінше атыс бастауға үнемі дайын отырады. Егер бөлімшеден кезекші ЖҰМ (БТР) бөлінсе, онда бекініске уақытына орналасады. ЖҰМ-да (БТР-да) дереу атыс жүргізуге дайын жүргізуші-механик пен оператор-көздеуші болады.

«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киіп, өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл!» сигналы кезінде — газтұмылдырық, қорғаныш плащын, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: "Радиациялық қауіп!" сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: "Химиялық дабыл!" сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзиді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.

Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде: «Әуе!» сигналы бойынша бөлімше оқпана түбіне саңылауға тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында жер үсті қарсыласын жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер ұшақтар мен тікұшақтарға қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату командир пәрменімен жүргізіледі.

Қарсыластың атыс дайындығы кезінде бөлімшенің жеке құрамы командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, санылауға, жертелеге, паналарға немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, өз орнына ие болуға дайын болады. Бекіністе қарсыластың шабуылға өтуін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізетін бақылаушы қалады.

Қарсылас шабуылға өткен кезде командирдің: «Бөлімше, ұрысқа!» пәрмені бойынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады.

Ұрысқа дайындалып алған бөлімше командир пәрменімен шоғырланған атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде өз қаруының нақты атыс қашықтығында өз бетінше атыс жүргізеді. Оператор-көздеуші мен атқыш-гранататқыш қарсыластың танкілері мен басқа да сауытталған нысаналарын жояды, ал пулеметші мен мотоатқыш жаяу әскерлерді танкілерден бөліп алып, жояды. Қарсылас бөгеттерден өтпе арқылы кесіп өткен кезде, бөлімше барынша күшті атыстар жүргізеді. Бөлімшенің бекінісіне шыққан қарсылас танкілерін танкіге қарсы қол гранаттарымен, ал бекіністен өтіп кеткен танкілерді тереңдігіне орналасқан танкіге қарсы құралдармен жояды. Бекініске 40-30 м жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне бөлімше жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет табанды атыспен жояды.

Қарсыластың қорғанысқа тығыз енуі кезінде бөлімше берік түрде өз бекінісін ұстайды. Күштің бір бөлігімен ол байланыс жолын, қосалқы атыс бекіністеріне ие болады және қапталдай жаяу әскерін жояды. Егер қарсылас тылға шықса, онда бөлімше айнала қорғанысқа көшеді де, көрші бөлімшелермен өзара байланыста қимылдаса отырып, қарудың барлық түрінен атыс жүргізіп қарсыласты жояды. Қарсылас шабуылына тойтарыс берілгеннен кейін, ең әуелі атыс жүргізу үшін бекініс қалпына келтіріледі және оқ-дәрілер толықтырылады.

Егер қарсылас ядролық қару қолданса, бөлімше командир басшылығымен бекіністі, қаруды, киім мен құрал-жабдықтарды ішінара дезактивизциядан және жауынгерлерді ішінара санитариялық өңдеуден өткізеді.


Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].

№ 6-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы бөлімшеше, барлаудағы бөлімше. 4 сағат


1.Взвод шеруі мен жорық күзетінің негіздері

2.Шерудегі взводтық жорықтың реті — лек

3.Шерудегі взводтың жаппай жою қаруларынан қорғану және химиялық қамтамасыз етілуі

1.Взвод шеруі мен жорық күзетінің негіздері

Қазіргі жағдайда шеру — негізгі қозғалыс тәсілі және әскердің маневрі жоғары ұрыстық әрекетінің құрамдас бөлігі. Осыған байланысты шерудің жеңіске жетудегі шешуші күштерінің бірі ретінде маңызы күрт артьш келеді.

Мотоатқыштар мен танк бөлімшелері әрқашанда шеру жасауға (өз бетінше қозғалыс) және көліктің кез келген түрімен тасымалдауға дайын болуы тиіс. Шеруді жүзеге асыру кезінде шынжыр табанды техника, сондай-ақ қозғалысы баяу болып саналатын техникалар тасымалдануы мүмкін.



Шерудің негізгі мақсаты — қарсыласқа шабуыл арқылы ұрыс міндетін орындау үшін, ұрыста қимыл үстіндегі әскерді күшейту үшін, қарсылас соққысын тойтару немесе ұрыс қабілетін жоғалтқан әскерлерді ауыстыру үшін берілген шепте немесе көрсетілген ауданда әскерлерді дер кезінде шоғырландыру. Шеру, сондай-ақ толықтыру, қалыптастыру, әр түрлі жұмыстар мен демалыс өткізу үшін жаңа ауданға шығу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. Қазіргі заманғы ұрыс жағдайында авиация санының көптігін, диверсиялық топтар мен әуе десанттары кең қолданылатынын, ұрыс жүргізудін ошақтық сипатының мүмкін екенін ескере отырып, шерудегі әскер үнемі жоғары ұрыстық қимылдарды дереу жүргізуге қабілетті болуы тиіс. Барлық жағдайларда шеру — жасырын, көрінуі шектеулі жағдайда жүзеге асырылады. Жағдайға сәйкес шеру жасайтын әскерлер көрсетілген аудан немесе шепке дер кезінде және ұрыстық міндетті орындауға толық дайын болуы тиіс.

Ұрысқа кірер алдында шеру жасағанда, оның барлық ұйымдастырушылары алдағы ұрысқа бағынышты болады. Бұл жағдайда жорықтық ретке тұру алдында ұрыс мәнісіне толық жауап беру, қарсыласқа атыс соққысын беру, ұрыстық ретке тез жазылу және қарсыласқа жүріс барысында жойқын соққы беруді жүзеге асыруды қамтуы тиіс. Мұндай шеру қозғалыстың жоғары қарқынына ие, өйткені ол авиацияның, артиллерияның және қарсыластың басқа да атыс құралдарының соққысына тап болады. Бұл жағдайда взвод бас (бүйір, тыл) жорық заставасына бекітілуі мүмкін, ал кейде қозғалатын лекке қарсыластың кенеттен шабуылдауына жол бермеу, оның жер үсті барлауының енуін болдырмау және ұрысқа басты күштердің кіруіне ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында қозғалмайтын бүйір заставасына немесе бас шолғынға бекітіледі.

Қарсыласпен қақтығысу қатері жоқ жағдайда шеру жасау кезінде жорық реті қозғалыс ыңғайлылығын, шерудің жоғары жылдамдығына қол жеткізу, жеке құрамның күшін мейлінше аз қолдану және ұрыстық техниканы сақтауды есепке ала отырып құрылады.

Мотоатқыш (танк) взвод рота легінде немесе өз бетінше жорықтық күзетте шеру жасайды. Лектегі машиналар мен взводтар арасындағы қашықтық — 25 — 50 м.

Көруі шектеулі жағдайда, көктайғақта, сондай-ақ жоғары жылдамдықпен қозғалған кезде арақашықтық ұлғаяды.

2. Шерудегі взводтық жорықтың рет і– лек.

Ол қозғалыстың жоғары жылдамдығын және ұрысқа кіру, ұрыстық ретте тез жазылуды қамтамасыз етуі тиіс. Шерудегі взводтық жорықтық ретке нақты тізілуі міндетке, басқа взводтарға қатысты алғанда орналасу орны, жағдайға, күшейту құралдарының болуына, сондай-ақ жолдардың жай-күйіне және жүргізуші-механиктердің дайындық деңгейіне байланысты болады.

Шеру жүргізудегі ұйымшылдықтың, тәртіптің, басқарудың жоғары деңгейін қолдау үшін бастапқы пункт, реттеу пункті, демалыс аудандары мен аялдамалар анықталады. Бастапқы пункт пен реттеу пункті шеруді дәл уақытында бастау және қозғалыс жылдамдығын реттеу үшін белгіленеді. Бастапқы пункт бөлімшелер легінің түзуленіп созылуын қамтамасыз ететін, қашықтықтағы күндіз де түнде де жақсы көрінетін бағдарға жақын жерден тандалып алынады. Реттеу пункті 3-4 сағ қозғалған сайын қойылады, қарсыласқа байқалатын жергілікті жер заттары немесе нысандарға жақын орналастыруға болмайды. Аялдамалар 3-4 сағат қозғалыс сайын жасалады, оның ұзақтығы

1 сағатқа дейін созылады, тәуліктік жүріп өтудің екінші жартысында 2 сағатқа дейін аялдамалар жасалады. Алыс қашықтыққа шеру жасарында, бұдан басқа әрбір тәуліктік жүріп өтудің соңында күндізгі (түнгі) демалыс қарастырылады.

Аялдамаларда, күндізгі (түнгі) демалыс кезінде қару-жарақ пен ұрыс техникасының техникалық жағдайы тексеріледі, жанар-жағармаймен машиналар толтырылып, жеке құрамның тамақ ішу мен демалысы ұйымдастырылады. Аялдамалар мен демалыс аудандары үшін жасырынуға ыңғайлы, қарсыластың ядролық қару мен авиацияны қолдануынан сақтайтын, су көздері мол жерлер болуы тиіс. Әдетте, аялдамалар ауданы қозғалыс маршрутының реттеу пункті алдында, ал күндізгі (түнгі) демалыс ауданы одан шеткерірек жерден таңдалынады. Бұл аялдамаларда (демалыс аудандарында) взвод рота легінің құрамында жолдың оң жақ шетіне тоқтайды, машиналар арасындағы қашықтық

10 м-ден жақын болмауы немесе аға командирдің белгілеуімен болуы тиіс. Машинадан шығу рота, взвод командирінің пәрмені бойынша жүргізіледі. Рота командирінің дабылдарын және әуе қарсыластарын бақылап тұру үшін бақылаушы бөлінеді. Қажет болған жағдайда радиоқұралдарына кезекші тағайындалады. Кезекшінің атыс құралдары атыс жүргізуге дайын тұруы керек.



Бөлімшені басқару ісін жүзеге асыру үшін взвод командирі жасалған дабылдар кестесіне сәйкес, хабарлаудың, басқару мен өзара әрекеттесудің бекітілген дабылдарын қолданады. Шеру кезінде радиобайланыс қабылдағыш арқылы жүргізіледі. Қарсыласпен бетпе-бет келгенде, ұрыс басталғанда, взвод командирі ашық мәтінмен пәрмен беру арқылы басқарады. Мұнда бөлімшелер атауы мен командирдің қызметі шақыру дабылдарымен, ал жергілікті жер пункттері шартты (кодталған) атаулармен беріледі. Қарсыластар радиокедергі жасаған уақытта — взвод командирі қосалқы жиілікке көшу белгісін береді. Радиостанция істен шыққанда — взвод командирі дабылдың құралдарды пайдаланады. Аға командирдін нұсқауы мен шешіміне сәйкес, шеруге дайындалу және онын барысында взвод командирі ұрыстық шеруді де ұйымдастырады, бірқатар техникалық және тылдық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Взводты ұрыстық қамтамасыз ету жоғары дәрежеде ұрысқа дайын болу үшін, ұрысқа қабілеттілігін сақтау және қойылған міндетті табысты және дер кезінде орындау үшін қажетті жағдай жасайды. Оған мыналар енеді: барлау, күзету, жаппай жою қаруларынан қорғану, бүркемелеу, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету.

Шерудегі барлау жүргізудің негізгі тәсілі — бақылау. Шеруде жергілікті жер мен қарсылас туралы мәлімет алудың басты көзі — командирден және барлау органдарынан алынған ақпарат. Таяу қашықтықтағы қарсыластар мен жергілікті жер туралы мәліметтер бақылау арқылы, жорықтық күзету кезінде шолғын бөлімінен (танкісінен) де алынуы мүмкін. Взвод командирі әуе, жер үсті қарсыласына үздіксіз айнала бақылауды ұйымдастыруға, сондай-ақ жергілікті жер және рота командирінің белгілерін бақылап отыруға міндетті. Бақылауды взвод командирінің өзі, ал әрбір ұрыс машинасынан бақылауды бөлімше (танк) командирі жүргізеді. Взвод командирі бөлімшеге (экипажға) бақылау секторын белгілейді. Бұдан басқа рота командирінің белгілерін қабылдау үшін бақылаушы, ал жорықтық күзет қимылы кезінде — шолғын бөлімшесінің белгілерін қабылдау үшін қосымша бақылаушы тағайындалады.

Взводтағы күзет күзетілген бөлімшелерді қарсыластың кенеттен шабуылынан, оның жер үсті барлауының енуінен сақтау және лектің ұрысқа кіруі үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында бас (бүйір, жорық) заставасына тағайындалады. Басты күштердің легінде шеру жасау кезінде взводтағы күзет аға командирдің бұйрығы бойынша, ал жеке лек бойы жүргенде және жорықтық күзет қимылы кезінде — взвод командирі шешімімен ұйымдастырылды. Тікелей күзету және жергілікті жерді тексеру мақсатында жорық заставасы алдыңғы жақты байқауды және атыспен қолдауды қамтамасыз ететін шолғын бөлімшесін алыстата жібереді. Жаяу ретпен қозғалыс кезінде тікелей күзет үшін шолғын бөлімшесінен шолғыншылар жіберіледі. Қарсылас шабуылын дер кезінде анықтау не оған барлау жүріізуді қамтамасыз ету үшін қару үнемі ұрысқа, ал экипаждар оны дереу қолдануға дайын тұруы керек. Взвод командирі арқылы жер үсті және әуе қарсыласьш бақылау ұйымдастырылады және шолғын бөлімшесінің белгілерін қабылдайтын бақылаушы тағайындалады.

3. Шерудегі взводтың жаппай жою қаруларынан қорғану және химиялық қамтамасыз етілуі қойылған міндетті табысты орындауға ықпал етеді. Осы мақсатта взвод командирі аға командирдің ұйымдастыру шараларын ескере отырып, радиациялық, химиялық және бактериологиялық барлау жүргізудің тәртібі мен әдістерін анықтайды. Әдетте, бұл барлауды арнайы дайындалған және қажетті аспаптармен жарақталған бөлім (экипаж) жүргізеді. Жорықтық күзет жағдайында взвод химик-барлаушылармен толықтырылуы мүмкін. Взводтың жеке құрамына әуе қарсыластарынан төнген қауіп-қатер туралы, сондай-ақ ядролық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қаруды қолдану немесе зақымдану туралы хабар бірдей әрі үнемі әрекет ететін сигналдар арқылы жүзеге асырылады. Осы сигналдар бойынша қимылдау тәртібін взвод командирі шеру басталғанға дейін жеке құрамға жеткізуге міндетті. Радиация деңгейі жоғары аудандардан өткенде, машинада бар жаппай жою қаруларынан қорғану құралдары мен жеке қорғаныш заттары қолданылады. Зақымдану аймағынан өткеннен кейін, ішінара арнайы өңдеу взвод командирінің (аға командирдің) пәрмені бойынша өтеді, ал жеке құрам улағыш заттармен зақымданғанда дереу жүргізіледі. Бұл жағдайда толық арнайы өңдеу, әдетте, демалыс ауданында не белгіленген ауданға келген кезде өткізіледі.

Қарсылас тұтандырғыш қару қолданғанда және өрт ауданынан өтуге мәжбүр болғанда взвод командирі жеке құрам мен ұрыс техникасын сақтауға қатысты шараларды, ал бұл аудандардан шығу кезінде машинадағы өрт ошақтарын сөндіруді, жарақаттанғандарға тиісті көмек көрсетіп, оны батальонның медициналық пунктіне жеткізуді ұйымдастырады. Қарсылас жаппай жою қаруын қолданған жағдайда, оның зардаптарын жоюға взвод әрқашан дайын тұруы керек.

Шерудің жасырын өтуін қамтамасыз етуде бүркемелеу жұмыстарын жүргізу — әуе және жер үсті қарсыластары соққысын азайтудың аса маңызды жолдарының бірі. Оны взвод командирі алынған міндеттер мен қалыптасқан жағдайға байланысты өз бөлімшелерін орналасқан жерінде де, шеру кезінде де қарсыластың барлық барлау құралдарынан жасыру үшін ұйымдастырады. Взвод командирі шеру кезіндегі бүркемелеуді ұйымдастыруда аға командир өткізген шараларды ескере отырып, жағдайға байланысты қосымша шараларды белгілеп, жүзеге асырады. Бүркемелеу шараларын анықтау үшін командир бүркенішті ашу белгілерін жақсы біліп, жеке құрамға түгел жеткізе білуі, сондай-ақ оны жою мен әлсіретуге байланысты шараларды дер кезінде қолдануы керек.

Бақылаудан тасаланған жолдарды қолдана отырып, лектің созылуын жылдам өткізу керек. Радиостанциялардың қабылдағышпен жұмыс жасауына тыйым салынады. Жергілікті жерлердің ашық учаскелерінде қозғалғанда түнгі көру аспаптары мен шамдарды қолдануға болмайды. Машина жарғыш бүркемелеудің сенімді құралы — жарықты бүркемелеігіш құралдар мен машина қорабының астындағы жарық шамдар қолдану болып саналады. Қарсыластың радиолокациялық барлауынан лектің елді мекендер мен шетіне тал егілген жолдардың бойымен, темір жол манымен жүруі жақсы жасырады. Демалыс және шоғырлану аудандарындағы машина іздері таң алдында жойылуы керек. От жағуға жол берілмейді.

Взводтағы бүркемелеу өз күшімен үнемі және барлық жағдайда жүргізіледі. Ұрыс техникасы мен машиналар қоршаған заттар мен жергілікті жер ыңғайына қарай тасаланады. Бүркенішті ашу белгілерін жою және бұзылған бүркемелерді қалпына келтіру шұғыл түрде жүргізілуі тиіс.

Инженерлік қамтамасыз ету взводтың шеруді табысты жүргізіп, жеке құрам мен ұрыс техникасын жою құралдарынан сақтандыруды арттыру мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі.

Жорықтық күзет кезінде взвод инженерлік-саперлік бөлімшелермен, кейде инженерлік құралдармен күшейтіледі. Взвод өз күшімен өз техникасын шоғырланған ауданда жабдықтап, бүркемелей алады және лектің созылу жолдарын, шеруде жолдың бұзылған бөлігін айналып өту жолдарын не маршрут бойындағы кедергілерді жоя алады. Шеруді инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін аспалы жабдықтарды, мысалы, тральдарды, бүркемелеудің табельдік құралдарын, жергілікті заттар мен қазу аспаптарын қолданады.

Лек басында шеру жасау кезінде немесе жорықтың күзет әрекетінде взвод маршрутқа өз күшімен және бөлінген инженерлік-саперлік бөлімшелер күшімен инженерлік барлау (шолғын бөлімдері, танкілер арқылы) жүргізеді.

Шеруді техникалық және тылдық қамтамасыз етуді взвод командирі рота командирінің шешімі мен аға командирдің нұсқауы негізінде ұйымдастырады. Мұнда взвод командирі: техникалық күтім көлемін, оны өткізу орны мен уақытын; жанар-жағармай құю, салқындатқыш сұйықтықпен және басқа арнайы заттармен толықтыру нормасын, мерзімін, орны мен тәртібін; шеру барысында техникалық және тылдық қамтамасыз ету бөлімшелерінің ілесу орнын; жарамсыз ұрыс техникасын жөндеу тәртібі мен жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру ісін нақтылайды.

Шеруге дайындық барысында взвод командирі қару-жарақ пен ұрыс техникасының, түнде керу аспаптары мен оттық құралдарының жарамдылығын, жанар-жағармай материалдары мен салқындатқыш сұйықтықтарды толықтыру, оқ-дәрілердің, арнайы өңдеу құралдары мен басқа мүліктердің бар-жоғын және дұрыс орналасуын тексереді.

Взвод командирі жеке құрамның ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалап, оның, әсіресе шеруде ең ауыр міндет атқаратын механик-жүргізушілердің демалысын ұйымдастыру тәртібін ойластыруы тиіс. Взводта қолайсыз ауа райы мен қысқы жағдайда демалыс ұйымдастыруды жеңілдететін алдын ала дайындалған құрастырма қалқан брезент пен металл пеш болғаны дұрыс.
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
7 тақырып. Шабуылдағы взвод. 2 сағат

1.Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы

2. Қазіргі заманғы ұрыстың сипаттамасы және оның түрлері

3.Мотоатқыштар взводының (ротасының) жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық реті.
1.Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы

Тактикаұрыс туралы ілім. Ол Қарулы Күштердегі барлық әскер түрлерінің бөлімшелері мен бөлімдерін ұрысқа дайындау мен ұйымдастыру және жүргізудің теориясы мен тактикасын қамтиды. Тактика жауынгерлер, бөлімдер мен бөлімшелерден жоғары жауынгерлік машықты, жеке қару-жарақтың ұрыстық мүмкіндіктерін толық пайдалануды, сондай-ақ бөлімдер мен белімшелердің қару-жарақ пен техниканы, ұрыс жүргізудің тәсілдері мен әдістерінің сан түрін шығармашылықпен қолдануды талап етеді.

Тактиканы дұрыс таңдап алудағы мақсат — ұрыста жеңіске жету. Тактика өнері жетілген сайын және жауынгерлер, бөлімдер мен бөлімшелер тактикалық тәсілдер мен әрекеттерді неғұрлым көп игерген сайын, жену мүмкіндігі де соғұрлым мол. Кез келген ұрыс тактикалық тәсілдерден басталады, жүзеге асады және аяқталады. Тактикалық дайындық жауынгерлерді оқытудағы барлық әскери пәндердің басын біріктіретін маңызды пән боп саналады.

Тактиканы терең меңгеру ұрыста дұрыс қимылдай алу және өз қаруы мен техникасын жетік қолдана білу жауынгерлерге мықты қарсыластарды жеңуіде мүмкіндік береді.

Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы

Мотоатқыш бөлімшелері — взвод, рота — тактикалық бөлімше болып саналады. Олар ұйымдастырылған түрде мотоатқыштар бөлімінің негізін құрайтын және жалпы-әскери бөлімше болып табылатын мотоатқыш батальонының құрамына кіреді.

Мотоатқыш взводының (МАВ) құрамында өз взвод командирі, взвод сержанты және үш мотоатқыш бөлімшесі (МАБ) болады. Сондай-ақ взводта жаяу әскер ұрыс машинасы — ЖҰМ (БТР), Макаров тапаншалары, Калашников қол пулеметтері мен автоматтары, танкіге қарсы қол гранататқыштары, танкіге қарсы және жарықшақты қол гранаталар болады.

Мотоатқыш ротасы (МАР) үш мотоатқыш взводынан құралады. Ротада атқыш-зенитшілер болуы мүмкін. ротанын қару-жарағында ЖҰМ (БТР), Макаров тапаншалары, Калашников автоматы мен қол пулеметтері, танкіге қарсы қол гранататқыштары, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаталары, сондай-ақ атқыш-зенитшілер қолдануы мүмкін зенитті-ракеталар болуы керек (1-сурет).



1-сурет. Жаяу әскер ұрыс машинасы (ЖҰМ-2)
Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақ пен ұрыс техникасына ие бола отырып, қарсыластың ұрыс техникасын және атыс құралдарын, адам күшін бірден жоюға қабілетті. Олар жоғары қарқынмен шабуылдап және ауа райы, жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген уақытына қарамастан ұрысын қажырлы түрде жүргізе алады.

2. Қазіргі заманғы ұрыстың сипаттамасы және оның түрлері

Ұрыс — соғысушы тараптар жауынгерлерінің, бөлімшелері (ұшақ, кеме) мен бөлімдерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір жолы және қарсыласты жою не тұтқындау, сондай-ақ маңызды аудандарды (нысандарды, шептерді) басып алу мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Мақсаты мен оған жету тәсілдеріне қарай тактикада ұрыстың мынадай түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және шабуылдаушы ұрыстың көп түрі ретіндегі бетпе-бет ұрыс.



Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыластың толық талқандалуын қамтамасыз ете алады. Шабуылдың мәні — қарсыласты қолда бар құралдардың көмегімен талқандауды барынша қолдану арқылы және алынған нәтижені тиімді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан жерге сұғына ену, адамдарды, қару-жарақты, ұрыстық техниканы қолға түсіру және қарсылас аумағын басып алу. Қарсыласқан жауға маңызды ауданды (шепті, нысанды) шабуылдап алуға қажетті жағдайды ұтымды амалдар — соққының барлық құралдарын білікті қолдану, ядролық, соққылардың, әуе соққылары мен артиллериялық атқылаудан соң пайдалану, бөлімшелердің батыл қимылдары, шабуылды тереңдей ілгерілетіп жедел дамыту.

– бұл қарсыласқа айтарлықтай шығын келтіре отырып, оның шабуылын тойтару, маңызды аудандарды (шепті, нысандарды) бермей ұстап тұру, сол арқылы әскер-лердің қарсы шабуылға шығуына жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыстың бір түрі. Қорғаныс, ең алдымен, қарсыласқа атыс құралдарын барынша қолданып соққы берумен немесе сыналап кірген жағдайда оны атыспен және қарсы шабуылға шығу арқылы қайтару жағдайдың бастапқы қалпын сақтап қалумен сипатталады.

Бөлімшелердің қорғанысқа көшуі қарсыласпен тікелей түійскен жағдайда немесе онымен түйіспей тұрған уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.

Бетпе-бет ұрыс – шабуылдаушы ұрыстың бір түрі болып саналады. Ол екі тараптың да алдына қойған міндетін шабуылмен орындауға ұмтылғанда пайда болады.

Бетпе-бет ұрыс — шеру жасайтын әскерлерге тән. Сондай-ақ ол ұрыс барысында: шабуылда — шабуылдаушы қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде пайда болуы мүмкін. Бетпе-бет ұрыс кезіндегі әскерлердің негізгі іс-әрекеті қарсыласты қолдағы бар атыс құралдарымен ол қанат жайып үлгергенше шептік қашқтықта шабуыл жасау; оның ұрыстыды ретке жазылуы және тиімді шептерді басып алуының алдын алу; тыл және қапталдан соққы беру; қарсыласты бөлшектеп талқандау.



Ұрыстағы атыс. Атыс жүйесі

Қарудың барлық турінен ату — ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі кұралы. Ол шабуылды дайындайды және шабуылдаушы бөлімшені ұрысқа бастап шығады, ал қорғаныста ол беріктік пен еңсерілмейтін күштің негізі болып саналады.



Ату бағытына қарай атыс түрлері:



а — маңдайшептік; ә — қапталдық; 6 — айқастыра ату

Мотоатқыштар бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарымен (ЖҰМ, БТР, пулемет, гранататқыш) немесе шоғырланған атыспен жеңіліске ұшырата алады. Шоғырланған атыс — бұл бірнеше атыс құралдарының атуы немесе бүкіл бөлімшенің бір маңызды нысананы (цель, мишень) немесе белгілі бір шектеулі аумақтағы нысаналар тобын атуы.

Атыс бағытына қарай – маңдайшептік (нысананың маңдай шебіне карата) және қапталдық, айқастыра ату болып бөлінеді. Маңдайшептік атыс нысананын: маңдай шебіне тікелей жүргізіледі. Ол терең эшелонданған ашық нысанаға атыс мейлінше тиімді. Қапталдық атыс бұл нысана қапталына ату. Ол көбіне пулеметтен, сондай-ақ автоматтан қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне қарсы жүргізіледі.

Айқастыра ату — бір нысана бойына екі немесе одан да көп бағыттарда жүргізіледі, ол мейлінше тиімді және қарсыласты көп шығынға ұшырата алатын мүмкіндігі бар. Жақын қашықтықта белгілі бір бағытта автоматтар мен пулеметтерден кенеттен ату –бойлата атыс деп аталады.

Бөлімшенің атыс құралдары ұрыста жергілікті жер ерекшеліктерін, атыс құралдарының қолданылуы мен мүмкіндігін есепке ала отырып командирдің жоспары бойынша қолданылады. Бұлардың барлығы бірге бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдар мен көрші бөлімшелермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс атыс жүйесін құрайды.

Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде взводқа (ротара) атыс жолағы, атқылаудың қосымша секторы (оңға немесе солға), сонымен қатар шоғырланған атыс учаскесі бекітіледі. Атыс құралдарының (ЖҰМ, БТР, пулемет) негізгі және нақты ату бекіністері белгіленіп, нақты ату қашықтығында атқылаудың негізгі және қосымша секторы айқындалады. Көрші бөлімшелер мен атыс құралдарының атқылау секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс. Атыс жүйесінің дайыңдығы — бекіністе атыс құралдарының орналасуы, атыс үшін қажетті. Мәліметтерді дайындау, оқ-дәрінің болуынан көрінеді. Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін взвод (рота) командирі өз взвод (ротаның) тірек пунктінің орналасу сызбасын жасайды.

Ұрыстағы маневр.

Қазіргі заманғы ұрыста атыс және бөлімшелер (күштер мен құралдар) маневрін кең қолданбай табысқа жету мумкін емес.

Ұрыста взводтың (ротаның) қарсы алдынан маңыздылығы жағынан әр түрлі бірнеше нысаналар бір уақытта пайда болуы мүмкін: адам күші, атыс құралдары, танкілер және басқа да ұрыс машиналары. Барлық взводтың немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға (нысана тобына) дер кезінде шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін кезекпен немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру — мүның барлығы атыс маневрін жасау болып табылады. Атыс маневрін әрбір сарбаз қолдануына болады. Ол үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша атысты бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып жоюы қажет.

Бөлімшелер (күштер мен құралдар) маневрі қарсыластың барынша осал тұсына атыс жүргізу немесе оған қапталдан және тылдан шабуыл жасау, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан сыпырылып шығу үшін ұтымды қалыпта жүргізіледі.



Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту, орағыта өту түрінде маневр жасауы мумкін. Қамту – қарсы беттен әрекет етуші бөлімшелер мен тығыз атыстық және тактикалық өзара әсерлетуші қарсыласқа тылдан, сондай-ақ қапталдан маневр жасау.

Маневр түрлері: а — қамту; ә — орағыта өту

Орағыта өту – қарсыласқа тылдан және қапталдан соққы беру мақсатында жасалатын неғұрлым терең бойлайтын маневр. Ол майдандағы бөлімшелермен тактикалық өзара қатынаста жүзеге асырылады.

Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерді, атыс шептерін басып алу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласқа тойтарыс беру үшін, сонымен бірге қарсы шабуыл жасау үшін қолданылады.



3.Мотоатқыштар взводының (ротасының) жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық реті.

Мотоатқыштар бөлімшесі орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластын әрекеті мен төңіректегі жағдайға байланысты жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық ретте болуы мүмкін.

Жорықтық рет – қозғалыс үшін бөлімшелердің лекке тұруы болып табылады. Ол қозғалыстың жоғары жылдамдығын, ұрысқа кіру және ұрыстық ретке лезде қанат жаю, сондай-ақ жеке құрамның күшін, машина мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Мотоатқыштар взводынын (ротасының) жорықтык, реті – лек. Мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-мен (БТР, автомобильдермен) козғалады, олардын жорықтық реті – командир белгілеген қашықтықта ретімен жүретін лек. Жаяу жылжу кезінде мотоатқыштар взводы 3 немесе 2-ден лек түзеп жүреді.

Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке есептелген бөлімшелердін белгіленген аралық және арақашықтықта сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қорғанысына қарай ену кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына барынша төтеп беруін, олардың ұрыс ретінде лезде жазылуын, ұрыс барысы кезінде ширақ қозғалуды және бөгеттер мен үйінділерден өтуді қамтамасыз етуі тиіс.

Жаяу ретте әрекет ететін мотоатқыштар взводы үшін ұрысқа кіру реті болып маңдайшеп пен тереңдікте бір-бірімен 100 м-ге дейін арақашықтықтағы бөлімше легі саналады. Бұл жағдайда, взвод онға немесе солға бұрылып, бөлімше қатарына сапқа тұра алады. Ротаның ұрысқа кіру реті взвод легінен тұрады және оңға немесе солға бұрылып, артқа және алға бұрып жасай отырып, взвод қатарында сап түзей алады.

Ұрыстық рет – бөлімшенің күшейту құралдарымен бірге ұрыс жүргізу үшін сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдарға және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімшенің барлық күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше осалдық көрсетпеу, сондай-ақ жергілікті жер ерекшелігін тиімді қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.

Шабуылда жаяу ретте қимылдағанда мотоатқыш взводының (ротасының) ұрыс реті – тізбек болып келеді. Взвод жаяу ретпен майданда 300 м-ге дейін шабуылға шығады, ал бөлімшелер арасы 50 м-ге дейін жетеді. Жаяу әскер ұрыс машиналарында (БТР-да) шабуылдау кезінде мотоатқыш взводтың ұрыстық реті – машиналар арасындағы қашықтық 100 м-ге дейінгі ұрыс желісі. Атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ-да (БТР-да) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді.

Мотоатқыш взводы маңдайшеп бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттеріне орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс позицияларынан және күшейту құралдарынан тұрады. Взводтың тірек пунктерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар болуы мүмкін.



Мотоатқыш взводының ЖҰМ-дағы әрекеті кезіндегі ұрыс желісі
Мотоатқыштар ротасы мотоатқыштар взводының тірек пунктінен және танкіге қарсы құралдар мен танкілердің атыс шебін құрайтын тірек пунктті қорғайды.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні

Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып мотоатқыш, танкілік, ракеталық, артиллериялық, мина-атқыш, зениттік бөлімшелер мен арнайы әскери бөлімшелері ортақ міндеті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес бөлімшелер қимылын сәйкестендіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні — ұрыс қимылдары, міндеттері, шептер мен уақыт бойынша келісуі және ұрыстың жалпы мақсатына жетудегі жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері мен арнайы әскер бөлімдерінің, сондай-ақ көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердін талассыз және өзара бірлескен қимылы ұрыста жеңіске жетудін қажетті бірден-бір жолы болып табылады.

Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].

8-тақырып: Қорғаныстағы взвод. 2 сағат

1.Қорғаныс негіздері

2. Қорғаныстағы атыс жүйесі.


1.Қорғаныс негіздері

Қорғанысқа көшу жағдайы. Взводтың қорғанысқа көшуі деп дайындығы жүзеге асырылып жатқан (өз бөлімдерімен қарсылас әрекетінің, сондай-ақ көршілердің сипаты мен жағдайы, орналасуы, жергілікті жер ерекшелігі, қолданылатын жою құралдар және т.б.) нақты түрде қалыптасқан уақытты (жағдайды) айтамыз. Қорғаныс күн ілгері алдын ала дайындалады немесе ұрыс барысында ұйымдастырылады. Қорғанысқа көшу қарсыласпен тікелей іргелес жағдайда немесе онымен түіспей тұрған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.

Қарсыласпен тікелей іргелес жағдайда взводтың қорғанысқа көшуі:

– шабуыл барысында қарсыластың басым күшін тойтару мақсатында;



  • басып алынған шептерді үстап тұру және нығайту үшін;

  • қауіп төнетін бағыттағы мандайшепті талқандау үшін;

  • қарсыластың басым күші салдарынан сәтсіздікке ұшыраған бетпе-бет ұрыс нәтижесінде болуы мүмкін.

Қарсыласпен түйіспей тұрған жағдайда да взвод қорғанысқа мынадай жағдайда көшеді:

– батальоннын екінші эшелонындағы тірек пунктін қорғау кезінде;

– атысты қамтамасыз ету алаңында қорғанушы бөлімшелердің қадағалауымен қорғанысқа көшу кезінде;

– теңіз десанты түсірілетін теңіз жағалауын қорғау кезінде;

– мемлекеттік шекараны талқандау үшін.

Қорғанысқа көшу кезінде алдын ала жергілікті жерді зерделеу, қолайлы қорғаныс позицияларын таңдау үшін жағдай жасалады. Оны ұйымдастыру үшін бөлімше командирлеріне жеткілікті уақыт беріледі. Бұл жағдайларда тірек пункттерін жабдықтауға байланысты инженерлік жұмыстарды жеделдету мақсатында инженерлік техника кеңінен қолданылуы мүмкін.

Қазіргі қорғаныс күш пен құраддардың жетіспеушілігін белгілі бір мөлшерде толтыру мүмкіндігіне ие. Қорғаныс үшін табиғи шептерге орналасу, жергілікті жердің қорғаныштық қасиеттерін пайдалану, оның инженерлік жабдықтары қорғанушыларға бірқатар атыстық және тактикалық басымдылық береді, сондықтан оларды шебер және дер кезінде қолдану нәтижесі қарсыластын басым күшінің шабуылына қарсы тұра алады.

Қорғаныстағы взводтың міндеттері, рөлі мен орны. Взвод, әдетте, рота құрамында, бірінші немесе екінші әшелонда қорғанады, сондай-ақ батальон резервінде болуы, ұрыстық күзетке немесе тосқауылға тағайындалуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда взводтың орны мен рөлі аға командир қойған жауынгерлік міндеттерде белгіленеді.

Бірінші эшелонда қорғанатын взводтың жауынгерлік міндеті

– көршілермен өзара әрекет жасай отырып, атыстың барлық түрлерімен қарсыласты алдыңғы шеп алдында жеңіліске ұшырату, оның шабуылын тойтару, орналасқан тірек пунктін ұстап түру. Қарсылас тірек пунктіне немесе көршілес бөлімшелермен аралыққа сыналап кірген жағдайда атыстың барлық; түрлерімен соққы беріп, оны барынша шығынға ұшырату, қорғаныс терендігіне қарай жылжуына жол бермеу керек.

Батальонның екінші эшелонында қорғанатын взвод қорғанысқа сыналап кірген қарсыласты жоюға және иеленетен тірек пунктін берік ұстап тұруға, сондай-ақ бірінші эшелон бөлімшесі ұрысқа қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда оны ауыстыруға дайындықта болады.

Резервті құрайтын взводқа аудан немесе тірек пункті белгіленіп беріледі, ол осы жерде кенеттен туындаған міндеттерді орындауға немесе бірішпі эшелон бөлімшесі ұрысқа қабілеттілігін жоғалтқан кезде оны күшейтуге (ауыстыруға) дайындалады.

Десантқа қарсы резервке тағайындалған взводқа аудан бөлінеді. Ол әуе қарсыласына барлау жүргізеді, инженерлік бегеттер, тактикалық әуе десанттары түсірілуі мүмкін аудандар мен олардың қимыл-әрекеті ықтимал бағыттарда тосқауылдар дайындайды.

Ұрыстық күзетке тағайындалған взвод көрсетілген позицияга жетіп, оны инженерлік талаптарға сәйкес жабдықтайды және қарсыластың барлауын жоюға дайындықта болады, сондай-ақ батальонның басты күштеріне қарсыластың кенеттен шабуыл жасауын болдырмайды.



Мотоатқыш взводы ЖҰМ-да тосқауыл үшін тағайындалуы мүмкін. Взвод көрсетілген позицияға орналасып, оны бүркемелейді. Қарсылас белгіленген шепке жақындаған кезде взвод оны таяу қашықтықтан кенеттен атқылап жояды.

Мотоатқыш взводы тірек пунктінің сызбасы
2. Қорғаныстағы атыс жүйесі. Қорғаныстағы ату – қарсыласты жоюдың негізгі құралы. Ол тиімді болу үшін оны ұрыстың мақсатына сай болатын бірынғай жүйеде ұйымдастыра білу қажет.

Қорғаныс қарсыластың басым күштерімен күресті болжау кезінде ұйымдастырылады. Қарсылас атыс құралдарының саны бойынша мотоатқыш взводынан басым болса, онда сандық басымдыққа атыс сапасын қарама-қарсы қою кажет. Осылайша қорғаныста атыс жүйесін қолдану — атыс құралдарын ұйымдасқан түрде орналастыру және оларды шебер қолдану, алдыңғы шепте, қапталда және тереңдігінде бірінші кезекте танкілер мен басқа да сауытты машиналарды жою үшін жаппай атыстың барлық түрлерін жүзеге асыру. Сондай-ақ қауіп төнген кез келген бағыт немесе учаскеге атысты тез шоғырландырумен сипатталады, яғни нақты маңдайшептен, қапталдан және айқастыра атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі.

Взводтың атыс жүйесі взводтағы барлық қару түрлерімен қолда бар ату құралдарының ату мүмкіндіктерін және қарудың барлық түрлерінен атыс инженерлік бөгеттер мен табиғи кедергілермен өзара тығыз әрекетте болуын есепке ала отырып құралады. Олардың барлық бөгеттері мен кіре берістері бақылау мен атуға ыңғайлы болуы керек.

Қорғаныстағы взводтың атыс жүйесіне мыналар кіреді: қорғаныстың алдынғы шебі алдында дайындалған взводтың шоғырланған атыс учаскесі; ЖҰМ-ның танкіге қарсы атыс аймағы: алдыңғы шеп алдында, аралықта, қапталда және қорғаныс тереңдігінде взводтың басқа да атыс құралдарынан жаппай көпқабаттағы атыс аймағы: қауіпті бағыттарға ЖҰМ-ның дайындаған атыс маневрі.

Қарсылас нысаналарын жою жеке атыс құралдары атысымен немесе взвод, бөлімшенің шоғырланған атысымен жүзеге асырылады. Шоғырланған атыс (ША) – Бұл автоматтан, пулеметтен, гранататқыштан және ЖҰМ-ның (БТР) қару-жарағынан қарсыластың бір нысанасьша немесе ұрыс ретінің бөлімдерінде жүргізілетін атыс.

Взводтың жаяу әскер ұрыс машинасынан шоғырланған атыс алғы шептен 2-3 км қашықтықта жүргізілуі мүмкін (атыс жарықшақты гранатамен жүргізіледі). Взводқа арналған шоғырланған атыс учаскесінің ені 75 м-ге дейін (әр зеңбірекке 25 м), тереңддгі 50 м-ге дейін болады.

Жер үсті нысаналарына атыс қаруының шоғырланған атысы автоматтан және қол пулеметінен 600 м-ге дейінгі қашықтыққа, ПК (Калашников пулеметі) және ПКТ (Танкігі Калашников пулеметі) пулеметтерінен 1000 м-ге дейінгі, бронетранспортерге қондырылған ірі калибрлі пулеметтен 2000 м-ге дейінгі қашықтыққа жүргізіледі. Шоғырланған атыс алдын ала, қарсыластың ықтимал жүру жолында дайындалады. Бұл учаскеде атыс тығыздығы взводтың атыс жолағындағы орташа тығыздыққа қарағанда жоғары болуы керек және 1 м майданға 10—12 оққа құрылуы мүмкін. Осы талаптарға сәйкес взводтың учаскесі маңдайшеп бойымен 150—200 м-ге тағайындалады; бөлімшенін шоғырланған атыс учаскесі 50 м-ге дейін болуы мүмкін. Мотоатқыш взводына 1-2 шоғырланған атыс учаскесі бөлшеді.

Қарсыласты ұйымдасқан түрде жеңіліске ұшырату үшін танкіге қарсы басқарылатын ракетадан (ТҚБР), танкіден, ЖҰМ қаруларынан, атыс қаруынан атыс жүргізу шептері белгіленеді. Атыс қаруының тиімді ату қашықтығы — 400— 600 м, ЖҰМ-нан 1000—1300 м, танкіден 1800—2500 м.

Негізгі атқылау секторын және қосымша атқылау секторын белгілеу жаппай көп қабатты атыс жасауды қамтамасыз етеді.

Қарсыласты жеңіліске ұшыратудың тиімділігін арттыру мақсатында маңдайшептен қапталдан, айқастыра, бойлата атыс дайындалады. Оның ішінде жақсы нәтиже беретіні – бойлата және айқастыра атыс болып табылады.

Қорғаныста атыс жүргізу үшін ЖҰМ-ға, пулеметке және басқа да атыс құралдарына арналып — негізгі және қосымша атыс позициялары, нақты ату қашықтығында—негізгі және қосымша атқылау секторлары белгіленеді. Гранататқыштан ату бөлімше жасағында дайындалады. Бөлімше мен взводқа атыс жолағы белгіленеді және оларға қосымша атқылау секторы көрсетіледі.

Атыс алаңы жергілікті жерде тірек пунктінің оң қапталынан бастап 4 нүктемен, ал ату секторы 2 нүктемен беріледі. Алаңның ені взводтың қорғаныс майданынан үлкен болуы керек, ол бөлімшелер арасындағы түйіспелер мен аралықтарды талқалауды қамтамасыз етеді. Көрші бөлімшелердің атыс алаңы алдыңғы шептін қарсы алдындағы барлық жер оқпен бүркемеленетіндей етіп тағайындалады.

Атыс жүйесі – атыс құралдары атыс позицияларында болғанда, жеке құрам өз атыс тапсырмаларын білгенде, ату үшін мәліметтер дайындалып, оқ-дәрілердің қажетті мөлшері болғанда дайын деп есептелінеді.
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].

9-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.

Бір орындағы және қарауылдағы орналасу кезіндегі взвод.

2 сағат.


1. Қазіргі ұрыстардағы барлаудың ролі

2. Бір орында және сақтық күзетте орналасу



3.Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар
1. Қазіргі ұрыстардағы барлаудың ролі.

Барлау – кез келген жағдайда әскерлердің ұрыстық қимылын қамтамасыз етудің маңызды түрі болып табылады. Ол қарсылас, жергілікті жер және бөлімшелердің алдағы қимыл ауданының ауа райы туралы мәліметтерді табу, жинау, зерттеу іс-шараларының жиынтығынан тұрады. Ұрысты дайындау және табысты жүргізуге қажетті барлау мәліметтерін алу үшін оны барлық деңгейдегі командирлер мен штабтар ұйымдастырады.

Қарсыласты талқандау үшін әрбір командир оның күшті және әлсіз жақтарын, күштері мен құрамын, оның ниетін (алдағы қимылдарының ықтимал сипатын) және т.б. білуі керек. Мұндай мәліметтерсіз жеңіске жету қиын. Әскерлердің қай жерде орналасқанына қарамастан, олардың командирлері қарсылас және өздері қимылдауы тиіс жергілікті жер туралы барынша толық және нақты ақпараттарды білуі тиіс. Бұған арнайы барлау бөлімшелерінің, сондай-ақ әскери барлау жүргізуге белгіленген мотоатқыш бөлімшелерінің сауатты ұйымдастырылған қимылы нәтижесінде қол жеткізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты, жаппай жою құралдарын қолдану — барлау мәнін күрт көтерді, тиісінше өзі оған қойылатын талаптарды да күшейтті.

Взводты барлау жүргізуге дайындау кезінде бүкіл қару-жарадты мұқият тазалау, майлау және дәлдеу, қару-жарақты, азық-түлік пен медициналық заттарды қажетті мөлшерге дейін толықтыру жүргізіледі. Барлық ұрыс заттары мұқият, сенімді, ыңғайлы орналастырылып, бекітілуі керек. Ұрыс машиналары тексеріліп, техникалық жарамды, жанар-жағармай (ЖЖ) толық құйылған, байланыс құралдары көрсетілген жиілікке қойылған болуы керек. Түнде көру құралдары, навигациялық аспаптар тексеріліп, жұмысқа даярланады.

Барлау міндеттері:

– қарсыластын жаппай жою құралдарын қолдану координаттарын анықтау (бұл кез келген жағдайдағы барлаушылардың бірінші міндеті);

– берілген секторлар мен бақылау жолақтарында,барлау жолақтары мен бағыттарында көршілердің және өз бөлімшелерінің қимылын, қарсыласты және жергілікті жерді бақылауды жүргізу;

– қарсыластың ұрыстық ретіндегі ашық қапталдарын, түйіспелерін, аралықтарын және оның берік қорғалмаған учаскелерін анықтау;

– қарсыласты табу, оның орналасу аудандарын, күштерін, құралын, топтастығын, қимыл сипатын, ниетін, ұрыс қабілетін, бөлімдер мен бөлімшелерінің нөмірленуін анықтау;

– басқару пунктерінің, байланыс тораптарының, радиотехникалық құралдарының, атыс құралдарының, танк (ЖҰМ, БТР), артиллерия, минаатар, танкіге қарсы құралдары мен қарудың басқа түрлерінің нақты орнын белгілеу;

– құрылыстары мен инженерлік-химиялық бөгеттерді барлау;

– жергілікті жер сипаты мен қорғаныштың қасиетін жер бедері, табиғи бөгеттер, жол, көпір, су тосқауылдарының жай-күйін, алдағы ұрыс қимылдарының ауданын және бөлімшелердің ұрыс қимылдарына жергілікті жердің әсерін зерттеу

– қарсыластың ұрысқа дайындық сапаларын зерттеу және ұрыстық қолдану тиімділігін анықтау мақсатында олардың қару-жарағының жаңа үлгілерін қолға түсіру.

Барлауды ұйымдастыратын немесе жүргізетін командир әрқашан өзінің жауынгерлік міндеттерін де, аға командирдің жауынгерлік міндеттерін де орындайды.

Взводтың барлау жүргізу тәсілдері

Қарсыласты бақылау арқылы барлауды взвод командирі де, мотоатқыштар взводының барлық құрамы да жүргізеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бақылау арқылы қорғаныстың бірінші кезеңіндегі қарсылас туралы барлық мәліметтердің 40%-ға жуығы алынды. Жер үсті және әуе қарсыластарын бақылау үшін взводта және әр бөлімде бақылаушы тағайындалады. Жаяу әскер ұрыс машинасынан, танкіден, БТР-дан айнала бақылау жүргізіледі. Бақылау секторлары бақылау аспаптарының, атыс саңылауларының және жеке құрамның орналасуына қарай тағайындалады.

Бақылау посттарынан бақылау қарсылас сыртынан күндіз де, түнде де жүргізіледі. Көрінуі шектеулі жағдайларда бақылаудың электронды-оптикалық аспаптарын, радиолокациялық станциялар, сондай-ақ жарықтандыру ракеталары қолданылады. Бақылау посттарынын (пункттерінің) жеке құрамы бақылау үшін 6 не 8 есе үлкейткіш дүрбілерді, 15 есе үлкейтетін инженерлік перископтарды, сондай-ақ 20 не 40 есе үлкейтетін үлкен перископтарды қолдана алады.

Бақылау кезінде алдымен жақын жатқан жерлер, содан сон алыс шептер қаралады. Бақылау постындағы бақылаушыда карта (жергілікті жер сызбасы), сағат, компас, байланыс құралы және бақылаушы журналы болуы керек. Қарсыластың топтастығы мен қимылындағы өзгерістер картаға және бақылау журналына уақыты дәл көрсетіліп түсіріледі, содан кейін командирге не аға бастыққа мәлімделеді.

Түнгі уақытта бақылауға қоса көрсетілген секторда тың тыңдалады. Тың тыңдау арқылы алынған мәліметтер міндетті түрде барлаудың басқа әдістері арқылы тексеріледі.



Торуылды ұрыстың барлық түрінде барлау жүргізудің бір әдісі ретінде барлау шолғыны және барлау шолғыны жіберген шолғын бөлімі сонымен бірге осыған арнайы белгіленген взвод (бөлімше, танк, топ) қолданады. Жақсы ұйымдастырылған және дайындалған торуыл — қарсылас үшін тор іспетті. Оған түсу оңай, бірақ құтылу өте қиын. Барлаудың бұл әдісін көбіне танк бөлімшелері қолданады. Торуыл қарсылас қозғалысының ықтимал бағыттарында ұрыстық ретке тез жазылуы қиын жерлерде ұйымдастырылады, Бұл қарсыласты атыспен және шабуылмен кенеттен жоюға мүмкіндік береді.

Торуыл ауданындағы жер взводтың жеке құрамының жасырын орналасуына, оны мұқият бүркемелеуге, қарсыласқа тез және ынғайлы шабуыл жасауға, өз әскерінің орналасқан жеріне жасырын кетіп қалуына жағдай жасауы тиіс. Торуылға бекітілген взводқа пулеметтер, зеңбіректер, отшашарлар, танкілер, саперлер және басқа да күштер мен құралдар білінуі мүмкін.

Орман, елді мекен шеті, қарсылас жағындағы бейіттер, көпірлерге, өткелдерге, темір жол станцияларына кіре берістер торуыл ұйымдастыруға қолайсыз. Өйткені қарсылас мұндай аудандарға жақындағанда өте сақ болады, тұтқиылдан торуыл жасау мүмкіндігі мейлінше азаяды. Сондықтан торуылдарды тар өткел, бөгеттерге жақын, орман-тоғайдан, елді мекеннен шығар жерге, қарсыластың әдейі бұзылған телефон желілері жанында, байланысшылар, мотоциклшілер, автомашиналар қозғалысы жолында, оқ-дәрі (азық-түлік) тасушылардың жолында су көздері және т.б. тұсында таңдаған жөн.

Торуыл мақсаты — аз күштердің кенеттен атысы арқылы күші жағынан басым қарсыласты жою және тұтқынын алу, маңызды құжаттар, қару-жарақ, жабдықтар мен ұрыс техникасының үлгілерін қолға түсіру, сондай-ақ дүрбелең тудырып, қарсыластың ядролық шабуыл құралдарын жою.

Торуыл жасау үшін жекелеген жауынгерлер немесе қарсыластың шарын топтары, нақты бағыт бойынша жылжып келе жатқан көліктік машиналар нысан болуы мүмкін.

Торуылдың алдында жіберілген бақылаушылар жақындап келе жатқан қарсыласты дер кезінде тауып, ол туралы взвод командиріне радио арқылы немесе келісілген жасырын белгі бойынша мәлімдеуі керек. Қарсыластың ұсақ топтары, жекелеген жауынгерлері мен офицерлері бөлімшенің кенеттен батыл қимылы, атыс жүргізбей шабуыл жасауы арқылы қолға түсіріледі. Қарсыластың ірі топтары жақын келтіріліп, бір-екі бөлімшенің бойлата атысымен жойылады. Ал тірі қалған жауынгерлері мен офицерлерін шабуыл бөлімшелері тұтқынға алады. Қару-жарақтың жаңа түрлері және мүмкіндігінше ұрыс техникасы басып алынады, ұрыс техникасындағы шартты белгілер мен эмблемалардың суреттері салынады немесе фотосурегке түсіріледі. Өлтірілгендер мен ұрыс техникасы тінтіледі, барлық табылған құжаттар алынады.

Торуылдағы қимыл аяқталған соң взвод дереу жасырын кетеді, кейде взвод командирінің нұсқауы бойынша басқа ауданда жиналу үшін әр түрлі бағытта бөлімшелерге бөлініп тарайды.

Іздеуді барлау жүргізудің әдісі ретінде мотоатқыш немесе штаттық барлау взводы қолданады (танк взводы іздеуді жүргізбейді, өйткені ол тек жаяу ретпен жүргізіледі).

Іздеуді жүргізуге белгіленген взвод, әдетте, бөгет құралдары бар саперлер бөлімімен күшейтіледі және артиллериялық, минаатарлық атыстармен сүйемелденеді.

Іздеу қарсылас орналасқан терендікте де, алдыңғы шеп алдында көбінесе түнде немесе көрінуі шектеулі жағдайларда жүзеге асырылады. Ол алдын ала белгіленген қарсылас нысанына жасырын жақындап келіп, тұтқын, құжаттар, қаружарақ үлгілері, ұрыс техникасы және құрал-жабдықтарды қолға түсіру үшін кенеттен оған шабуыл жасайды. Іздеу шабуыл алдында да, командир шептілгімен қорғаныс жүргізу кезінде де ұйымдастырылады. Іздеу нысанына қарсылас топтар немесе жауынгерлері, жекелеген офицерлер, бақылаушылар, байланысшылар, патрульдер, экипаждар, атыс құралдары мен ұрыс техникасының есептоптары, сақшылар, бақылау посты, байланыс торабы және т.б. жатуы мүмкін. Күшейтілген взвод құрамында, бөлімшедегі іздеуді жүргізу үшін үш топ құралады:


  1. негізінен, саперлер – өтпе жасау тобы, олар іздеуді жүргізетін жеке құрамның бөгеттер мен кедергілерден өтуін қамтамасыз етеді;

  2. шабуыл тобы – іздеу нысаның қолға түсіруді тікелей жүзеге асырады, оған, әдетте, батыл, мықты және бастамалы сарбаздар кіреді;

  3. атысты қамтамасыз ету тобы – шабуылдаушылар қимылын атыспен талқандаушылар.

Іздеуге взводты дайындау тек қарсыластан ғана емес, сонымен бірге өз әскерлерінен де жасырын жүргізіледі. Дайындыққа бөлінген уақыт қалыптасқан жағдайға байланысты бір тәуліктен бес тәулікке дейін созылуы мүмкін.

Іздеудегі взводты түнде басқаруды взвод командирі электр шамымен белгі беру, баулар көмегімен, дауыстап пәрмен беру арқылы жүзеге асырады.

Іздеуді жүргізу кезінде взвод қимылы төмендегі ретпен жүзеге асырылады. Жеке құрамның іздеуге дайындығын тексергеннен кейін взвод күшейту құралдарымен бірге іздеу үшін бастапқы қалыпқа шырады, ол бірқатар жағдайларда қорғаныстың алдыңғы шебінде — бейтарап жасақта болуы мүмкін. Кейде іздеу жүргізу алдында артиллерия және минаатар атысымен қарсыластың анықталған түнгі көру құралдарын басу керек.

Өтпе жасау топтары алға жылжып, қарсыластың инженерлік бөгеттеріне өтпе (кейде екі өтпе) жасайды және оның дайын болғандығы туралы белгі береді. Белгіні алғаннан кейін атысты қамтамасыз ету тобы өтпеден өтіп, көрсетілген атыс позициясына қарай жасырын жылжиды. Атысты қамтамасыз ету тобының артынан өтпеден жасырын түрде шабуылшы тобы өтеді.

Шабуыл нысанына шусыз, жасырын және мейлінше жақын келген шабуыл тобы взвод командирінің белгісімен (әдетте, ол шабуыл тобында болады) кенет шабуылдап іздеу нысаның қолға түсіреді. Егер нысанға жасырын жақындау мүмкін болмаса, онда нысанның қапталына жасалған атысты қамтамасыз ету тобының қарқынды атысы астында бір мезгілде граната лақтырылады. Шабуыл барысында шабуыл тобы кезекпен бағытталған қысқа автоматтың атыс (жүру барысында), ал атысты қамтамасыз ету тобы бір орыннан (жатып) көздеп ұзақ кезекпен автоматтық атыс жүргізеді.

Қойылған міндеттерді орындағаннан кейін, ең әуелі атысты қамтамасыз ету тобы өз атысымен талқандай отырып шабуыл тобын жібереді де, соңын ала өзі де кетеді. Ең соңынан өтпе жасау тобы кетеді. Іздеу ауданынан взводтың кету ауданы, әдетте, маңдайшеп пен қапталдардан сүйемелдеуші артиллерия мен минаатар атысымен іске асырылады, бұл қарсылас тарапынан ізге түсуді болдырмау үшін жасалады. Атысқа шақыру (пәрмен беру) белгісін іздеуді басқаратын командир береді.



Тап беру – барлау әдістерінің бірі – ол көп жағынан іздеуге ұқсас, айырмашылығы – шолғын жіберген командирдің рұқсатымен барлау шолғынының барлау жүргізуі барысында жүргізіледі.

Тап беруге дайындық мерзімі, әдетте, өте шектеулі болады және қолдау көрсететін артиллериялық және минаатар атысының орнына ЖҰМ, БТР және танк атысы қолданылады. Тап беру кезіндегі шолғын әрекеті іздестіру жүргізу кезіндегі взвод әрекетіне ұқсас, айырмашылығы – кей жағдайда тап беру кезінде нысан қорғанысын құрту тобы тағайындалады.

Тап беруден соң шолғыншы алдын ала белгіленген жиналу ауданына барып, қойылған ұрыс міндетіне сай қимылдауды жалғастырады.

2. Бір орында және сақтық күзетте орналасу



Взводтың бір орында орналасуы

Бөлімшелерді бастапқы ауданда шоғырландыру, күту және демалыс аудандарында орналастыру бір орында орналастыру деп аталады. Бұл аудандар жеке құрам мен ұрыс техникасын жасырын және шашыратып орналастыруды қамтамасыз ететін, бөлімшелердің тез жиналып, қажетті бағытта қозғалуына мүмкіндік беретін, жеке құрамның орналасуы мен демалысына ыңғайлы санитарлық-эпидемиялық тұрғыдан тиімді жағдайлары бар жергілікті жерлерде белгіленеді. Бөлімшелердің орналасуы үшін ірі елді мекендерге таяу аудандарды, темір жол станцияларын, көпірлер мен қарсылас назарын аударатын басқа да нысандарды таңдамаған дұрыс, өйткені мұндай жерлерге қарсылас авиациямен немесе ядролық қарумен соққы беруі ықтимал, сондай-ақ электрөткізгіш желілері астын, газ және мұнай құбырларына таяу жерлерді таңдауға болмайды.

Бөлімшелерді орналастыруға белгіленген аудандарға орналаспастан бұрын бөлімдерден, кейде батальондардан жіберілген алдын ала барлау топтары мұқият барлау жұмыстарын жүргізеді. Алдын ала барлау тобына батальоннан офицер (кейде ол бұл топты басқарады), әр ротадан, батареядан бір-бір офицерден (прапорщик) не сержанттан, сондай-ақ химик барлаушылары мен сапер кіреді. Бұрын қарсылас орналасқан аудандарды иемдену алдында қарсыластардың қалған тобын, залалданған және миналанған жерлерді, судың қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында барлау жүргізіледі.

Алдын ала барлау тобы бөлімшелердің орналасу орнын, кіре беріс жолдарды нақтылап, өз бөлімшелерін күтіп алып, оны белгіленген ауданға жібереді.

Взвод белгіленген ауданға келген бойда келесі міндеттерді орындау қажет: жергілікті жердің қорғанысын және бүркемелеу құралдарын қолдана отырып, қозғалыс маршрутын бойлай орналасады. Мұндай орналасудың алаңға шоғырлана (шаршылай не дөңгелене) орналасумен салыстырғанда артықшылығы – бұл жағдайда бөлімшелерге қарсылас соққысы әлсіз болады және қысқа мерзім ішінде ұрыстық міндеттерін орындау үшін ауданнан шығып кете алады.

Белгіленген жерге орналасып болғанша жолда лекті тоқтағуға болмайды. Бұл өзге бөлімшелердің өз аудандарын иемденуге, сондай-ақ орналасу ауданын бүркемелеуге кедергі келтіреді.

ЖҰМ (БТР) және танкілер взвод командирі көрсеткен жерге бір-бірінен 25—50 м қашықтықта (бір снарядтан 2 машина бір мезгілде жойылмауы үшін) орналастырылады. Көрсетілген жерге машиналар орналасқаннан кейін оның экипаждары техника ізін жасыру жұмыстарын жүргізеді.

Тауда бөлімшелер жолға тез шығуы және қарсылас шабуылына тойтарыс беруі үшін шеп құра жазылуды қамтамасыз ете алатындай жерге орналасады. Бөлімшелерге опырылымдарға, қар және су тасқыны болуы мүмкін жерге орналасуына болмайды. Жеке құрамды, қару-жарақты ұрыстық және басқа техниканы тасалау үшін жергілікті жер қатпарлары, жер асты жолдары, тау жоталары, үңгірлер және басқа тасалар қолданылады.

Орманда бөлімшелер орман жолдарын бойлай орналасады. Орманнан өрт шыққан жағдайда қосалқы ауданға шығу жолдары дайындалады. Құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруді кезекті бөлімшелер, қажет жағдайда жеке құрам басқарады.

Топырақта су саңылаулары көп болған жағдайда жеке құрамға арналған жертөлелер мен паналар, қару-жарақ, ұрыс және басқа техникаға арналған оқпаналар мен тасалар үйінділермен жарақталады.

Әуе қарсыласымен күресуге бөлінген атыс құралдары қарсылас ұшақтары мен тікұшақтарын тауып атуға арналған алаңдарға, орман шетіне, алаңқайларға орналастырылады. Бұл атыс құралдарының кейбір бөлігі ағашпен жарақталған алаңқайларға орналастырылуы да мүмкін.

Шөлде бөлімшелер, негізінен, жыраттарда, жылғаларда сексеуіл өсінділері мен табиғи тасаларда, мүмкіндігінше, арықтар мен басқа да су көздеріне жақын жерлерде орналасады. Мұнда әуе шабуылына қарсы қорғанысқа, бүркемелеуге су көздері мен көшпелі құмдардың радиоактивті және химиялық зақымдануына барлау жасауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға, су мен отынды үнемді пайдалануға, ішу режімін сақтауға және сумен жабдықтау пункттерін қорғауға айрықша көңіл бөлінеді.

Қысқа бөлімшелерді орналастыру үшін желден қорғалған аудандар таңдалады. Бөлімшелердің орналасқан ауданнан шығуға арналған жолдарының ашықтығына, жарамдылығына көңіл бөлінеді. Жеке құрамды жылыту үшін жылытылған және от жағылатын тасалар жарақталады. Ұрыстың және басқа техникалар, қару-жарақтар ақ түске боялуы мүмкін. Машина тетіктері қажет жағдайда әлсін-әлсін қыздырылып отырады. Мұнда жеке құрамды газдан тұншығудан, үсу мен қатып қалудан сақтаудың шаралары қабылданады.

Взвод сақтық күзетінде

Бір орынға орналасу кезінде бөлімдер (бөлімшелер) тек тікелей емес, сонымен бірге қауіп төнетін бағыттарға қойылатын және орналасу ауданына негізгі кіре берістерді қамтитын сақтық күзетімен де қорғалады.

Сақтық күзетке бөлінетін бөлімшелердің саны мен құрамы күзетілетін бөлімдердің қарсыластан қашықтығына, күзетілетін бағыттың маңыздылығына, күзетілетін бөлімнің ұрысқа жазылуы мен кіруіне қажетті уақытта, жергілікті жер сипаты мен бақылау шарттарына байланысты болады.

Күзет заставасы — күзет отряды немесе күзетілетін бөлімшелерден жіберілген, әдетте, күшейтілген взвод құрамындағы сақтық күзетінің органы. Оның міндеті — күзетілген бөлімшелерге қарсылас барлауының енуіне жол бермеу, жол үсті қарсыласын дереу табу, ол туралы күзетілетін әскерлерге хабарлау және қарсылас шабуылдаған жағдайда иеленген бекінісін табанды түрде қорғау.

Түнгі уақытта және көру шектеулі жағдайларда және ашық қапталдарға бөлімшелер позицияларының аралығындағы жерді байқау үшін қосарланған патрульдер, ал жасырын кіре берістерге, күндіз де қарсыласты дер кезінде табу және ол туралы күзет заставасы командиріне хабарлау үшін құпиялар жіберіледі.

Күзет заставасына тағайындалған взвод командирінің жұмыс тәртібі әрбір нақты жағдайда ұрыс міндеттеріне, қалыптасқан жай мен уақытша байланысты болады.

Сақтық күзеті қорғанысқа ыңғайлы және қарсылас бекінісін жақсы шолуды қамтамасыз ететін шепке орналасады.

Патрульдерді жіберу кезінде взвод командирі олардың қозғалыс бағытын міндеттерін, қызмет өтеу тәртібін, қарсылас анықталған кезде қимылдау ретін түсіндіреді және рұқсат қағазын береді. Патрульдер көрсетілген бағытпен жүріп, жергілікті жерді мұқият тексереді. Қарсыластың жекелеген сарбазы кездессе, ол тұтқынға алынады, не жойылады. Қарсылас тобын байқаған сәтте, аға күзетіші оның қимылдарын бақылауды ұйымдастырады және ол туралы дереу күзет заставасы командиріне хабарлайды.

Күзетілетін бөлімшелерге енуге тырысқан қарсыластың шағын топтарын взвод тұтқынға алады немесе жояды. Қарсыластың басым күштерінің шабуылы кезінде взвод оған тиесілі атыс құралдарының нақты ату қашықтығына қарсылас жақындағанда атыс жүргізеді. Күзет заставасын қорғаныс шебіне қарсыластың жақындау шамасына қарай атыс жоғары қарқында өтеді. Взвод бірінші кезекте қарсыластың танкілері мен басқа да сауытты машиналарын жояды, содан кейін пулемет, автомат, отшашардан ату арқылы танкіден жаяу әскерді бөліп тастап, жояды. Күзет заставасы қорғанысының шебіне енген қарсыласты тірей ату арқылы гранатамен және қоян-қолтық айқаспен соғысады. Тереңдікке және қаптал жанына қарсыластың жылжуына жол бермеу үшін орлар мен оқпаналарда, қатынас жолдарында шұғыл түрде кірпілер, керме бөгеуілдер және басқа да алдын ала дайындалған тасымал кедергілер қойылады.

Қарсылас тың шебін орағыта өткен жағдайда күзет заставасы айналма қорғанысқа көшеді де, иемденген бекінісін күзетілетін бөлімшелер жақындағанша немесе шегіну туралы бұйрық алғанша табанды түрде ұстап тұруды жалғастырады. Негізгі және қосымша позициялардан қарудың барлық түрінен ату арқылы қарсыласты жояды. Шегіну, жергілікті жер қатпарларын, бөгеттерді және түтінді қолдана отырып, жобалап ату арқылы жүзеге асырылады.

Күзет заставасы өз позициясын биік жоталарда, асуларда, жол тораптарына, арналарда, анғарларда, жергілікті жердің басқа да маңызды жерлерінде жабдықтайды. Бөлім позициялары құлама, ығысу мен бату мүмкіндігі жоқ жерден таңдалады. Олар қарсыласты көп қабатты қапталдан, айқастыра және бойлай атуды қамтамасыз ететіндей және "бос" кеңістік болмайтындай етіп таңдалуы керек.

Атыс құралдары қабат-қабат орналастырылады, атыс жүйесі олардың арасында байланыс болатындай және айнала қорғаныс қамтамасыз етілетіндей болып құрылады. Жаяу әскердің ұрыс машиналары мен танкілерінін атыс позициясы алыс қашықтыққа атыс жүргізуді қамтамасыз ететін жерде орналасады.

Позицияны инженерлік қамтамасыз етуде тастар, құм мен топырағы бар қатпар пайдаланылады. Инженерлік Құрылғылар оған оқ қоспалары мен су ақпайтындай және граната домалап түспейтіндей етіп жарақталады. Күзет заставасы айналып өтетін бағыттарға күзет посттары, құпиялы орындар қойылып, патрульдеу ұйымдастырылуы мүмкін. Қарсыластың жүру жолына арнайы дайындалған топтар жасанды түрде құламалар мен ығысулар дайындауы мүмкін. Қарсылас жақтың шабуылы байқалған шақта гранаталар кеңінен қолданылады және оны лақтырғанда домалап кетуі ескеріледі. Қарсылас жақтың танкілерін дөңес жерлерде, әсіресе жіңішке жолдарда жойған дұрыс.



Орманда жорық күзеті, әдетте, жолды, 1-2 орман соқпағын немесе қарсылас әрекет ете алатын көл мен батпақ арасындағы тар өтпені бақылауға алады.

Позиция орман шетінен не тереңнен таңдалады. Егер позиция орман ішіне енгізілген болса, онда бөлімшелер бақылау мен атыс жүргізуді жақсарту үшін оны тазалайды, бірақ өз бекіністерін бүркемелеп отырады. Содан соң қорғаныс жолағы, су қоры жасалып, өртке дайындық мақсатында балта, ара, күректер даярланады, орман қураған шөптерден тазартылады. Қапталдарға күзет посттары, құпиялы орындарға күзет қойылып, патрульдеу ұйымдастырылуы мүмкін, сондай-ақ опырылымдар мен танкіге қарсы кедергілер жасалады.

Атыс жүйесі қарсыластын жақындап келуі мен шабуылдауы мүмкін жолдар, орман жолдары және батпақты учаскелердегі өтпелер, алаңқайлар мен ағаштары кесілген жерлер қорғанушылардың оғы астында болатындай етіп құрылады. Орманның шығыңқы тұстары қапталдан айқастыра атуды ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін. ЖҰМ (БТР), танкілер, танкіге қарсы басқарылатын ракета қондырғылары мен гранататқыштар жолдарға, алаңқайларға және орманды, ұсақ бұталы учаскелерге, таяу шептік қашықтықта атыс жүргізуді қамтамасыз ететін орындарда жабдықталады. Мерген, пулеметші және автоматшылардың бір бөлгі ағашқа шығып атыс жүргізуі мүмкін.

Күзет заставасы шөлді аймақта неғұрлым кең майданды күзету жолағына ие болуы мүмкін. Өтуі қиын құм төбелер, дөңестер және ылғалды сорлардың болуы жергілікті жердің көптеген кең учаскелерін қадағалауға мүмкіндік береді, бірақ осы кезде аралықтар мен қапталдардың қамтамасыз етілуіне ерекше назар аудару керек. Осы мақсатта күзет заставасынан күзет постылары мен патрульдеу ұйымдастырылады. ЖҰМ (БТР), танкілер, танкіге қарсы басқарылатын ракеталар мен гранататқыш қондырғылардың атыстық позициясы тек мандайшеп алдында ғана емес, сонымен бірге қаптал жақтарда шептік қашықтықта атыс жүргізуді қамтамасыз ететін жерлерде жасақталады. Құм топырақта оқпаналар мен бойтасаларды жабдықтау үшін құм салынған қаптар, машиналар және басқа да жергілікті материалдар қолданылады, атыс позициялары мен бойтасаларды құм басып қалудан сақтау шаралары жүргізіледі. Ұрыс техникасын құмды дауыл кезінде қолдануға дайындайды және оны қоршаған орта фонына сәйкес түске бояйды. Кенеттен болатын метеорологиялық өзгерістер кезінде жеке құрамның денсаулығын қорғау шаралары қарастырылады, қүн өтудің алдын альш, су қорларымен қамтамасыз етіп, оны жұмсауға бақылау қойылады.



Солтүстік аудандарда күзет заставасының өз міндетін өтеуіне батпақ, өзен-көлі, биіктіктері мен басқа да өтуге қиын учаскелері көп жергілікті жер сипаты әсер етеді. Қыс мезгілінде қалың қар қабаты жауынгерлік міндеттерді әдеттегіден аз күштермен орындауға жағдай жасайды.

Күзет заставасы қарсылас қимылына ыңғайлы бағыттарды басып алады. Жол тораптарын, жергілікті пункттерді, көларалық ойпаттарды және су бөгеттері арқылы өткелдерді ұстап тұруға ерекше көңіл бөлінеді.



3.Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар

Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылдарының ұрыс тәжірибесінің айғақтағанындай, қалыпсыз қарақшылық құрамалармен күресудің жаңа тәсілдерін іздеп табудың қажеттілгі пайда болды, ол тәсілдер қарсы күресудің таптаурын тактика деп аталатын позициялық ұрыстың түрінен елеулі ерекшеленетін болу керек.

Арнайы әскери іс-қимылдар (АӘҚ) тактикалық шаралардың тәсілдері мен уақыты, орны, тапсырмалары бойынша өзара байланысты және мақсаты бір бөлімдер мен бөлімшелер әрекетінің жиынтығын құрайды. Ол құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің, басқа қарулы күштердің құрылымдарымен өзара әрекет ететін ланкестік, диверсиялық және басқа да қарақшылықпен айналысатын жасақтар мен топтарды қырып-жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады. АӘҚ-тың басты өзгешелігі — олар заңсыз қаруланған құрылымдарға қарсы күрес жүргізеді. Заңсыз қаруланған құрылымдар тұрақты әскерлермен ашық қарулы қақтығысқа келмейді, ол соққысын астыртын жүргізеді, "әлсіздің" "күштіге" қарсы қимылының әдісін пайдалана отырып титықтатады.

Лаңкестікке және диверсияға қарсы акцияларды өткізудің ерекше маңыздылығы сонда—тұрақты әскерлерге күтпеген жерден кез келген уақытта және кез келген орында пайда болатын және әп-сәтте көзден таса болатын жаудың қарсы тұруында. Сондықтан да мұнда нақты белгіленген майдан шебі болмайды» бірақ жер-жерде күрес жүреді, біршама қауіпсіздік аймағындай тыл жоқ. Барлық жердегі майдан, жан-жақтан төнген қауіпті жағдай әскери қызметшілердің психологиясына әсер етеді және олардың дене күшін әлсіретіп, моральдық тұрғыдан күйзелтеді.

Осындай жағдайдағы қарсыласпен күрес оның ниеті мен жоспарын өз уақытында ашып, айлакерлік пен әскери өнерге баулиды. Мұнда маңызды рөлді тиімді іздеу-барлау іс-қимылдары атқарады. Олардың мақсаты — заңсыз қаруланған құрылымдар жасақтарының орналасу орнын, олардың ұрыстық құрамының, басқару пункттерінің, қоймаларының, базаларының, тірек пункттерінің бар болуын анықтау. Бұл үшін агентура, тараптық, әуе, радио және радиотехникалық барлау, арнайы тағайындалған барлау ұйымдары және әскери барлаудың күштері мен құралдары жұмылдырылуы мүмкін. Осылардан алынған мәліметтерді нақтылау үшін іздеу-барлау топтарын жұмылдыру тиімді болып табылады. Олардың құрамы — бөлімшедегі взводқа дейін. Міндетті орындаудың негізгі тәсілі — іздеу.

Іздеу жүргізудегі іздеу-барлау топтарының әрекет циклы мынадай болуы мүмкін: 3-4 тәулік — жауынгерлік тапсырманы орындау; 2-3 тәулік — демалыс, әскери техника мен қару-жарақты күту; 3-4 тәулік — ішкі күзеттегі қызметті атқару; 2-3 тәулік — ұрыс тапсырмасын орындауға дайындық.

Іздеу-барлау топтарын іздеу ауданына шығу тәсілі жағдайдың шартына байланысты мынадай болуы мүмкік тікұшақтардан десант түсіру; соңынан сауытты техникада жылжу, жаяу реттегі іс-әрекеттер, парашютті тәсілмен түсіру. Содырлар отрядын іздеу үшін, әсіресе, олар кең көлемді аумақтарда шашыраңқы орналасса, ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу апараттары қолданылуы мүмкін.

Террорлық, диверсиялық жасақтар мен топтарды тікелей жою барлау-соққылары және рейдті шабуылдау барысында жасалады.



Барлау-соққы беру ұрыс қимылдары заңсыз қаруланған жасақтардың орналасқан жерін іздеу барысында жеткілікті дәрежеде анықталмаған жағдайларда қолданылады. Олар байланысшыларды, барлаушыларды содырлардың шағын топтарын басып алу және жою үшін, сондай-ақ қамтамасыз ету базасын (топтарын), оқ-дәрі қоймаларын, басқару (штаб) пункттерін; тұтқындарды және қару-жарақтардың үлгісін басып алу; нысандарды жоюда әуе соққысымен, содан соң артиллерия атысымен аяқтау, арнайы тағайындалған бөлімшелерді (барлау-соққы беру тобын (БСТ) пайдаланып, ірі қарақшы жасақтарының шоғырлану аудандарын, жылжу бағыттарын барлау үшін жүргізіледі. Мұндай ұрыс қимылдардың ең нәтижелі тәсілдері мынадай: торуыл, қосарлы торуыл, алдап-аңду торуылы, күтпелі торуыл, спрут торуыл, соққы торуыл, тап беру торуыл, қамаушы торуыл, алдауыш торуыл, шабуыл торуылы, соққы тап беру, қосарланған тап беру.

Торуыл – барлау-соққы беру тобының немесе оның бөлімінің ұрыс қимылдарының тәсілдері. Бұл кезде олар қарақшылардың жылжу жолына орналасып, содан соң оларды жою, қолға түсіру, құжаттарды, қару-жарақтардың үлгісін және әскери техниканы қолға түсіру үшін шабуыл жасайды. Олардын ұрыстық (күшінің) әлеуетін төмендетіп, қимылдарын үзеді. Торуыл жергілікті жабық жерлерде, тар жерлерде, шатқалдарда, асуларда ұйымдастырылады.

Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
2.3 Іс жүзіндегі сабақтың жоспары
1-тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері. 4 сағат

1. Тактика және тактикалық дайындық міндеттері. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың мәні .

2. Қазіргі ұрыстың күштері және құралдыры. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың сипаттық кешендері.

3. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі қағидалары.

4. Жалпы әскери ұрыстың түрлері және олардың қосымша сипаттамасы.
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 9 әдебиетте 12 беттен қараңыз немесе 10 әдебиетің 111 беті
2-тақырып: Бөлімдерді басқару. 4 сағат

1.Ұрыстық әрекет неігіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы

2. Бөлімшелер мен атысты басқару

3. Ұрыстағы бастамашылдық және кенеттілік

4. Жауынгердің ұрыстағы міндеттері.

5. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері


Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 10 әдебиетте 143 беттен қараңыз.
. 3-тақырып: Ұрыс кезіндегі сарбаздың әрекеті

4 сағат

1.Ұрыс тұрлері және олардың сипаттамасы

1. Бақылаушы жауынгер

2.Жауынгердің ұрыстағы қозғалысы.

3.Ұрыстағы барысындағы сарбаздардың оқпанаға орналасуы

Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 10 әдебиетте 119 беттен қараңыз.

№ 4-тақырып: Шабуылдағы бөлімше.



4 сағат

1.Шабуылдағы жауынгер

2.Шабуылдағы бөлімше
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 10 әдебиетте 148 беттен қараңыз.
5 тақырып. Қорғаныстағы бөлімше

4 сағат

1. Қорғаныстағы жауынгер



2. Қорғаныстағы бөлімше
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 10 әдебиетте 140 беттен қараңыз.
№ 6-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы бөлімшеше, барлаудағы бөлімше. 4 сағат
1.Взвод шеруі мен жорық күзетінің негіздері

2.Шерудегі взводтық жорықтың реті — лек

3.Шерудегі взводтың жаппай жою қаруларынан қорғану және химиялық қамтамасыз етілуі
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 9 әдебиетте 152 беттен қараңыз.
7 тақырып. Шабуылдағы взвод.

1.Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы

2. Қазіргі заманғы ұрыстың сипаттамасы және оның түрлері

3.Мотоатқыштар взводының (ротасының) жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық реті.




Негізгі әдебиеттер: [5,9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 10 әдебиетте 32-33 беттен қараңыз.
8-тақырып: Қорғаныстағы взвод.2 сағат

1.Қорғаныс негіздері

2. Қорғаныстағы атыс жүйесі.
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 10 әдебиетте 68 беттен қараңыз.
9-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.

Бір орындағы және қарауылдағы орналасу кезіндегі взвод.

2 сағат.

1. Қазіргі ұрыстардағы барлаудың ролі

2. Бір орында және сақтық күзетте орналасу

3.Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 10 әдебиетте 91 беттен қараңыз.

2.4 Лаботориялық сабақ жоспары
Лаботориялық сабақ типтік бағдарламада жоспарланбаған .

2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтар жоспары
Өзіндік жұмысты орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар.

1 – тақырып. Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері. 6 сағат Тапсырма: 1. Бөлімшеде штатқа сәйкес қандай техника мен қару-жарақ түрлері болатынын жазыңдар.

________________________________________________________
2. Анықтаманы тұжырымдаңдар. Ұрыс – бұл

________________________________________________________


3.Ұрыстың негізгі түрі "шабуылдың" мәнін ашып көрсетіңдер.

________________________________________________________
Өткізу түрі. Сұрақ-жауап, тапсырманы өз бетінше орындау, реферат қорғау.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5,9,10].
2 – тақырып. Бөлімдерді басқару. 6 сағат

Тапсырма: 1. Қазақстанда әскери өнер мен Қарулы Күштердің XX ғ. дейінгі дамуы туралы қысқаша сипаттап жазыңдар.

________________________________________________________


2. Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс дамуына жаңа кару түрінің пайда болуы қалай әсер еткені туралы жазыңдар.

_______________________________________________________

3. Қазіргі заманғы ұрыс түрлерін атаңдар және олардың сипаттамасын беріңдер.

__________________________________________________


Өткізу түрі. Сұрақ-жауап, тапсырманы өз бетінше орындау, реферат қорғау.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5,9,10].
3 – тақырып. Ұрыс кезіндегі сарбаздың әрекеті. 6 сағат

Тапсырма: 1. Жаяу әскер ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамына кімдер кіретінін атаңдар және олардың қарулануын жазыңдар.


Бөлімше құрамы

Қару-жарағы

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.

6.

6.

7.

7.

8.

8.

2. Ату үшін жеке оқпананың мөлшерін жазыңдар.




Мөлшер атауы (см)

Тізерлеп

Тұрып

Ені







Ұзындығы







Тереңдігі







Берманың ені







Бруствердің биіктігі






3. Суретке қарай отырып жатып, тізерлей және тұрып ату үшін қазылған оқпаналардың арасындағы айырмашылықтар туралы жазыңдар



Өткізу түрі. Сұрақ-жауап, тапсырманы өз бетінше орындау, реферат қорғау.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5,9,10].
4 – тақырып. Шабуылдағы бөлімше. 6 сағат

Тапсырма: 1. Анықтаманы тұжырымдаңдар. Шабуыл – бұл...___________________________________________________

2. Шабуылдаушы ұрыс түрлерінің бірі болып табылатын — бетпе-бет ұрыстың мәні неде? Бетпе-бет ұрыс қашан және қандай мақсатта қолданылады?

________________________________________________________
3. Маңдай шептік және қапталдық ату арасындағы айырмашылықты сурет арқылы көрсетіп бейнелеңдер.

______________________________________________

4. Айқастыра және қапталдық ату арасындағы ұқсастықты сурет арқылы көрсетіп бейнелеңдер.

_________________________________


Өткізу түрі. Сұрақ-жауап, тапсырманы өз бетінше орындау, реферат қорғау.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5,9,10].
5 – тақырып. Қорғаныстағы бөлімше. 6 сағат

Тапсырма: 1.Анықтаманы тұжырымдаңдар. Қорғаныс – бұл...___________________________________________________

2. Анықтаманы тұжырымдаңдар. Ұрыстық, рет – бұл ________________________________________________________

Анықтаманы тұжырымдаңдар. Жорықтық рет – бұл...__________________________

Өткізу түрі. Сұрақ-жауап, тапсырманы өз бетінше орындау, реферат қорғау.
Ұсынылған әдебиеттер: [5,9,10].
6–тақырып. Марштағы, шерулік және қарауылдағы
бөлімшеше, барлаудағы бөлімше.
8 сағат

Тапсырмалар: 1.Ұзақ қашықтыққа марш жасаған кезде қозғалудың қандай құралдары қолданылуы мүмкін екенін көрсетіңдер.
2. Бөлімше ұзындығы 500 шақырым марш жолын жүріп өтті.

Бөлімшенің лектегі қозғалыс маршруты бес учаскеге бөлінген. Бірінші учаскедегі қозғалыс жылдамдығы 30 км/сағ, екіншіде - 25 км/сағ, үшіншіде - 1,5 км/сағ, төртіншіде - 10 км/ағ, бесшшіде - 20 км/сағ құрайды. Марштағы лек қозғалысының орташа жылдамдығын есептеп шығарыңдар.

Шешуі: ________________________________________________________

Жауабы: ________________________________________________________

3. Барлау жүргізу тәсілдерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтап, жазып көрсетіңдер.
4.Анықтаманы тұжырымдаңдар. Барлау – бұл ________________________________________________________
Өткізу түрі. Сұрақ-жауап, тапсырманы өз бетінше орындау, реферат қорғау.
Ұсынылған әдебиеттер: [5,9,10].
7–тақырып. Шабуылдағы взвод. 10 сағат

Тапсырмалар: 1. Взвод штатқа сәйкес қандай техника мен қару-жарақ түрлері болатынын жазыңдар.
2.Атыс түрлерін суреттерде бейнелеңдер жөне атыс жүйесін ұйымдастыруда оларды қолдану ерекшелігін атаңдар.

________________________________________________________











Қапталдан

Айқастырып



3. Маневр түрлерін сурет арқылы көрсетіп бейнелеңдер, олардың қолдану ерекшелігін жазыңдар.

________________________________________________________

4. Анықтаманы тұжырымдаңдар.

Жорық реті — бұл ________________________________________________________

Ұрысқа кіру реті — бұл __________________________________

Ұрыс реті — бұл.________________________________________

5. Ұрыстағы өзара қимыл туралы жазыңдар. Бөлімше командирі бөлімшені және атысты басқаруда кандай тәсілдерді қолданады?


Өткізу түрі. Сұрақ-жауап, тапсырманы өз бетінше орындау, реферат қорғау.
Ұсынылған әдебиеттер: [5,9,10].
8–тақырып. Қорғаныстағы взвод. 6 сағат

Тапсырмалар: 1. Суретте танкінің әлсіз жерлері көрсетілген.

Олардың атауын жазыңдар.



2. Суретте танк және оқпанадағы сарбаз көрсетілген. Танк ұңғысының иілу бұрышы бар. "Өлі" кеңістікті суретпен бейнелеңдер және оған сипаттама беріңдер. Қару бұрышы Танкінің "өлі" (ата алмайтын) кеңістігі белдеу.Барынша иілу


3. Суретте тікұшақтың әлсіз жерлері көрсетілген. Олардың атауларын жазыңдар.


___________________________________________________



Өткізу түрі. Сұрақ-жауап, тапсырманы өз бетінше орындау, реферат қорғау.
Ұсынылған әдебиеттер: [5,9,10].
9 тақырып. Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.

Бір орындағы және қарауылдағы орналасу кезіндегі взвод.

6 сағат

Тапсырмалар: 1. Сақтық күзетінің міндеті жөнінде жазыңдар.

Сақтық күзет - бұл...____________________________________


2. Күзет заставасының міндеті жөнінде жазыңдар.

Күзет заставасы – бұл... __________________________________


3. Қолдану тәсілдеріне қарай барлау-соққы беру топтары іс-әрекетінің ерекшелігі жөнінде сипаттама жазыңдар.

_________________________________


Қосарлы торуыл Спрут торуыл


Тап беру – торуыл



Өткізу түрі. қарсыласымен жасап көрсету, реферат жазу, конспекті жазу.
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10].

2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
Өзіндік жұмысты орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар.

Тактикалық дайындық пәніне арналған курстық кейстер мен электрондық дәрістер, К. Аманжолов . Алғашқы әскери дайындық оқулығы.

Основы начальной военной подготовки: Учеб.пособие/ Дошаков С.Х., Каргин С.Т.. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2002г.

Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга 1, Х.М. Амбарян, 1985г. ҚарМУ- кітапханасында.
1 тақырып. Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері. 6 сағат

Тапсырмалар: 1. Жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?


  1. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңыз?

  2. Қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

  3. Қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.

  4. Жаяу әскер ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар

  5. Жая ұрыс машинасының тағайындалуы туралы айтыңдар.

  6. Мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы жайлы айтыңдар.


Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].
2 – тақырып. Бөлімдерді басқару. 6 сағат

Тапсырмалар: 1.Атыс жүйесі дегеніміз не?

2. Атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылатынын айтып беріңдер.

3. Қорғаныста бөлімше командирі қандай графикалық құжат дайындайды?

4. Атыспен маневр жасау дегеніміз не?

5.Бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?

6.Шабуылда және қарама-қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?

7.Ұрыста бастамшылдық не үшін қажет?
Негізгі әдебиеттер:

Тапсырмалар:

[5,9,10-12].


3 – тақырып. Ұрыс кезіндегі сарбаздың әрекеті. 6 сағат

Тапсырмалар:1.Ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?

2.Ұрыста әр сарбаз нені білуі керек?

3.Сарбазға өз міндетін орындау үшін не қажет?

4.Сарбаз жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?

5.Ұрыста сарбаз бөгеттерді өтудің қандай тәсілдерін қолданады?

6.Миналардыңбүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар.

7.Инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар?

8.Радиоактивті улағыш заттармен зақымдалған жер учаскелерінен қалай өтуге болады?

9.Жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады?

Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].

4 – тақырып. Шабуылдағы бөлімше. 6 сағат



Тапсырмалар: 1. Шабуыл кезінде бөлімше командирінің жұмыс тәртібі.

2. Б.К. шабуылға шығуға ұрыстық бұйрық беруі.

3. Шабуылға дайындық кезінде Б.К. рекогностация жүргізуі.

1.Бөлімше командирі шабуылға берілген ұрыс бұйрығында нені көрсетеді?

4. Бөлімше жүріп келе жатып қарсыласқа қалай шабуылдауды қандай ретпен жүргізеді?

5. Бөлімше қорғаныс тереңдігіндегі қарсыласты шабуыл кезінде қалай жояды?

6. Танк пен оның артында шабуылдап келе жатқан бөлімшенің өзара қимылы туралы айтыңдар?

7. Бөлімше қарсы шабуылдағы және шегінудегі қарсыласты қалай жояды?



Негізгі әдебиеттер: [2-12,14, 21-25].
5 – тақырып. Қорғаныстағы бөлімше. 6 сағат

Тапсырмалар: 1. Бөлімше командирі қорғанысқа қойылған ұрыс тапсырмасында неге баса назар аударады?

2. Қорғаныстағы бөлімше позициясы қалай жабдықталады?

3. Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде және радиациялық, химиялық зақымдану туралы хабарлау белгілері бойынша бөлімше қандай іс-әрекет жасайды?

4. Қарсыластың атыс дайындығын бастауы мен оның шабуылға көшуі кезіндегі бөлімшенің іс-әрекеті қандай?

5. Қорғаныстың алғы шебі алдында және қарсыластың қорғанысқа еніп кірген кезінде бөлімше оны қалай жояды?

6. Қарсылас шабуылы байқалған соң бөлімшенің қандай әрекет жасайтынын айтыңыздар.

7. Қорғаныстағы Б.К. жұмыс тәртібі.

8. Қорғанысқа көшудегі Б.К. ұрыстық бұйрық беруі.



9. Қорғаныстағы бөлімшенің атыс карточкасын құру.
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].
6–тақырып. Марштағы, шерулік және қарауылдағы
бөлімшеше, барлаудағы бөлімше.
8 сағат

Тапсырмалар: 1. Барлау дегеніміз не және оны кім жүргізеді?

2. Барлаудың міндеті не?

3. Взводтың барлау жүргізу тәсілдері қандай?

4. Бақылау арқылы барлау жүргізу тәсілдері туралы айтыңдар.

5. Торуыл арқылы барлау жүргізу тәсілдері туралы айтыңдар.

6. Іздеу арқылы барлау жүргізу тәсілдері туралы айтыңдар.

7. Тап беру арқылы барлау жүргізу тәсілдері туралы айтыңдар.

7–тақырып. Шабуылдағы взвод. 10 сағат.



Тапсырмалар:1.Тактика дегеніміз не және оның маңызы қандай?

2.Мотоатқыштар взводын, ротасын және оның қару –жарағын ұйымдастыру қалай жүргізіледі?

3. Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс дегеніміз не және ол жауынгерлерге қандай талап қояды?

4. Атыс жүйесі дегеніміз не?

5. Атыспен маневр жасау нені білдіреді? Ұрыста бөлімшелер үшін маневр жасау қандай мақсатта жүргізіледі?

6. Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер маневрлердің қандай түрін жүзеге асырады?

7. Мотоатқышвзводының жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық реті қалай құрылады?

8. Өзар әрекеттесудің мәні неде?

9.Шабуылдағы бөлімшенің ұрыстық тәртібі неден тұрады?

10. Шабуылдағы сарбаздардың арасындағы қашықтық қанша?

11. Ұрыстық мүмкіндік неден құралатынын білесіз бе?

12. Маневр жасау қажеттілігі туғанда қандай атыс позициялары жабдықталады?

13. Бөлімнің колоннамен жол бойымен, белгіленген жерге шығу мақсатында ұйымдасып қозғалуы қалай аталады?



14. Марш кезіндегі көліктер арасындағы қашықтық қандай болуы мүмкін?
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].
8–тақырып. Қорғаныстағы взвод. 6 сағат

Тапсырмалар1. Қандай жағдайда взвод қорғанысқа көше алады?

2. Взвод қорғанысының орны, рөлі мен міндеттері қандай?

3. Қорғаныста атыс жүйесі қалай ұйымдастырылады?

4. Мотоатқыш взводының тірек пунктінің сызбасы бойынша қорғаныстағы (1 МАБ, 2 МАБ, 3 МАБ-нің) атыс жүйесін ұйымдастыруы туралы айтыңдар.

5. Шөлдегі қорғаныс ерекшеліктері туралы айтыңдар.

6. Таудағы қорғаныс ерекшеліктері туралы не білесіңдер?



Негізгі әдебиеттер: [3,8, 33- 36, 39-44].
9 тақырып. Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.

6 сағат



Тапсырмалар: 1. Шеру дегеніміз не?

2. Шеру қандай мақсаттарда жүргізіледі?

3. Бастапқы пункт, реттеу пункттері, аялдамалар мен демалыс аудандары қандай мақсаттармен тағайындалады?

4. Шеруді ұрыстық қамтамасыз етуге қандай шаралар кіреді?

5. Шерудегі барлау туралы айтыңдар

6. Басты күштер лекпен шеру жасағанда, жорықтық қорғаныс әрекетінде взводтағы қорғаныс қалай ұйымдастырылады?

7. Шерудегі бүркемелеу шаралары, оның мақсаттары мен міндеттері туралы не білесіңдер.

8. Шерудегі инженерлік қамтамасыз етудің мақсаттары қандай?

9.Шерудегі техникалық және тылдық қамтамасыз ету мақсатында қандай шаралар жүргізіледі?

10. Марш жасауға М.А.Ә. дайындалуы.

11. М.А.Ә. марштық мүмкіндіктері.

12. Марш кезіндегі Ә.К. жұмысы.



13.Марш кезіндегі бөлімдерді қамтамасыз ету
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].


      1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Реферат тақырыптары:

Шабуыл кезінде бөлімше командирінің жұмыс тәртібі.

2. Б.К. шабуылға шығуға ұрыстық бұйрық беруі.

3. Шабуылға дайындық кезінде Б.К. рекогностация жүргізуі.

4. Қорғаныстағы Б.К. жұмыс тәртібі.

5. Қорғанысқа көшудегі Б.К. ұрыстық бұйрық беруі.

6. Қорғаныстағы бөлімшенің атыс карточкасын құру.

7. Қорғанысты ұйымдастыру кезіндегі Ә.К. жұмыс тәртібі.

8. Бөлімнің тірек пунктін инженерлік жабдықтау.

9. Қорғанысқа көшу туралы Ә.К. шешім қабылдау тәртібі.

10. Марш жасауға М.А.Ә. дайындалуы.

11. М.А.Ә. марштық мүмкіндіктері.

12. Марш кезіндегі Ә.К. жұмысы.

13. Әскери техникалық темір жолмен көшірілуін ұйымдастыру.

14. Марш жасауға ұрыстық бұйрық беру.

15. Марш кезіндегі бөлімдерді қамтамасыз ету.

16. Жаяу тәртіпке әрекет ету кезіндегі темп қандай болуы мүмкін?

17. Түнгі шабуыл кезінде, бөлімше тізбегінде командирдің жанында сарбазда өзімен не болуы керек?

18. Маневр жасау қажеттілігі туғанда қандай атыс позициялары жабдықталады?

19. Бөлімнің колоннамен жол бойымен, белгіленген жерге шығу мақсатында ұйымдасып қозғалуы қалай аталады?

20. Марш кезіндегі көліктер арасындағы қашықтық қандай болуы мүмкін?



      1. Курстық жұмыстар тақырыбы

Курстық жұмыс оқу жоспарында қарастырылмаған.
2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе


Тақырып

Сабақ түрі

Бағдарламалық өнім түрі

Қолайлы

орын


Арнайы дәрісхана атауы

Шабуыл-дағы бөлімше.

Дәріс

Мультимедия-лық

Инновациялық білім бөлімі, кафедра

№7 оқу корпус,№ 105 лингофондық дәрісхана


2.8 Өзіндік бақылау үшін тесті сұрақтары.
1. Шабуыл кезінде мотоатқыш бөлімшесі көрші бөлімшелерден қандай қашықтықта орналасады

A) 7-10м.

B) 10-15.

C) 15-25м.

D) 25-50.

E) 50-100м.


2. Шабуылға шығар алдында мотоатқыштар бөлімшесі қандай міндеттер атқарады

A) жойылуға тиіс қарсыластардың техникасы мен солдаттарының саны

B) шабуылдың бағыты мен тойтарыс орны

C) шабуыл объектісі мен бағыты

D) шабуыл уақытысы

E) қорғанатын орын


3. ЖҰМ шабуыл жасау кезіндегі шабуыл екпіні қандай болу керек

A) 4-5 км/сағ.

B) 6-8 км/сағ.

C) 8-12 км/сағ.

D) 12-20 км/сағ.

E) 20-35 км/сағ


4. Мотоатқыштар бөлімшесінде шабуыл кезіндегі солдаттар тізбегі арасында қандай қашықтық болу керек

A) 2-6 м.

B) 6-8 м.

C) 8-10 м.

D) 10-12 м.

E) 12-20 м.


5. Мотоатқыштар бөлімшесінің позициясы қалай жабдықталу керек

A) бақылау күзеті

B) командалық пункт

C) бөлімшенің тірек пункті

D) пулеменшілер мен зеңбірекшілердің атыс позициясы

E) БМП мен бөлімшелерге арналған окоп


6. Қорғаныстағы бөлімше позициясының көлемі қанша

A) 50 м. шейін

B)70 м. шейін

C) 100 м. шейін

D) 120 м. шейін

E) 150 м. шейін

7. Қаруланған мотоатқыштар бөлімі. 4 АК-74 автоматынан, 1 пулемет РПК-74 және ПКТ пулеметінен минутына қанша рет оқ атады

A) 500


B) 800

C) 1000


D) 1200

E) 1500
8. Жаудан мәлімет алуға арнайы бөлінген бөлімшені қалай атаймыз

A) тексеріс

B) диверсия

C) бақылау

D) байқау

E) ұрысты бақылау
9. АҚШ армиясында мотожаяу әскери взводының саны қанша

A) 23 адам

B) 31 адам

C) 34 адам

D) 35 адам

E) 38 адам


10. Қорғаныста мотоатқыштар бөлімі бір жорықта жау мотожаяу әскеріне қанша рет тойтарыс бере алады

A) 5


B) 4

C) 3


D) 2

E) 1
11. Тактика - бұл құрамдас бөлік пе

A) соғыс

B) соғыс өнері

C) әскери-патриоттық тәртіп

D) оқу (үйрену)

E) қарулы күш

12. БТР мотоатқыштар бөлімінің құрамында қанша адам бар

A) 6

B) 7


C) 8

D) 9;


E) 10
13. Кең калибрлі пулемет БТР-дың қай конструкциясы орналасқан

A) Калашниковтікі

B) Дикторовтікі

C) Владимировтікі

D) Гориновтікі

E) Шпагиндікі


14. Мотоатқыштар бөлімі қорғаныста қанша жау әскері мен техникасын жоя алады

A) 1-2 танк және солдаттар тобы

B) 12-15 жау солдаттарын

C) 5 танк және 20 солдатқа дейін

D) танк ротасын және жау солдаттарының взводына дейін

E) жаудың 1 мотожаяу әскер ротасын


15. Қарсылас жақтың бөлімше және бөлімдерімен ұйымдасқан қарулы қақтығыс қалай деп аталады

A) конфлик

B) операция

C) соғыс


D) стратегия

E) шабуыл


16. Қазіргі шабуыл қалай жүргізіледі

A) шешуші шабуыл арқылы

B) шабуыл немесе ерекше қорғаныс арқылы

C) ядролық қару қолдану арқылы

D) танк және артиллерия қолдану арқылы

E) жаппай жою қаруларын немесе кәдімгі қаруды қолдану арқылы


17. Жалпы әскери ұрыстың қандай түрлерін білесіз

A) барлау және шабуыл

B) барлау, жасырыну және шабуыл

C) барлау, күзету және шабуыл

D) шабуыл және қорғаныс

E) жаппай жою қаруларынан қорғану


18. Ұрыс даласындағы қатты адымдаған солдаттың жылдамдығы қандай болуы мүмкін

A) минутына 100-120 адым

B) минутына 130-150 адым

C) минутына 165-180 адым

D) минутына 185-200 адым

E) минутына 200-215 адым


19. Жау атқылаған ашық алаңда жүгірудің ұзындығы қандай

A) 5-10 адым

B) 10-20 адым

C) 20-40 адым

D) 40-50 адым

E) 50-70 адым


20. Шабуыл кезінде жау траншеясына қол гранаттарды қандай қашықтықтан лақтыруға болады

A) 5-10 м.

B) 10-15 м;

C) 15-25 м.

D)25-50 м.

E) 50-75 м.


Тактикалық дайындық пәні бойынша дайындалу тест сұрақтарының дұрыс жауаптары



Сұрақтар

Жауабы

Сұрақтар

Жауабы

1

C

11

B

2

D

12

D

3

E

13

D

4

B

14

E

5

A

15

C

6

E

16

B

7

C

17

C

8

D

18

B

9

D

19

C

10

B

20

D



2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Шабуыл кезінде бөлімше командирінің жұмыс тәртібі.

2. Б.К. шабуылға шығуға ұрыстық бұйрық беруі.

3. Шабуылға дайындық кезінде Б.К. рекогностация жүргізуі.

4. Қорғаныстағы Б.К. жұмыс тәртібі.

5. Қорғанысқа көшудегі Б.К. ұрыстық бұйрық беруі.

6. Қорғаныстағы бөлімшенің атыс карточкасын құру.

7. Қорғанысты ұйымдастыру кезіндегі Ә.К. жұмыс тәртібі.

8. Бөлімнің тірек пунктін инженерлік жабдықтау.

9. Қорғанысқа көшу туралы Ә.К. шешім қабылдау тәртібі.

10. Марш жасауға М.А.Ә. дайындалуы.

11. М.А.Ә. марштық мүмкіндіктері.

12. Марш кезіндегі Ә.К. жұмысы.

13. Әскери техникалық темір жолмен көшірілуін ұйымдастыру.

14. Марш жасауға ұрыстық бұйрық беру.

15. Марш кезіндегі бөлімдерді қамтамасыз ету.

16. Жаяу тәртіпке әрекет ету кезіндегі темп қандай болуы мүмкін?

17. Түнгі шабуыл кезінде, бөлімше тізбегінде командирдің жанында сарбазда өзімен не болуы керек?

18. Маневр жасау қажеттілігі туғанда қандай атыс позициялары жабдық-талады?

19. Бөлімнің колоннамен жол бойымен, белгіленген жерге шығу мақсатында ұйымдасып қозғалуы қалай аталады?

20. Марш кезіндегі көліктер арасындағы қашықтық қандай болуы мүмкін?

21. Бағдарлау бөлімшелері қорғалатын бөлімшелерден қандай алшақтыққа кете алады?

22. Пароль қанша уақытқа орнатылады?

23. Бөлімшенің шабуылы кезінде жаяу әскердің ұрыс машинасы қай жерде болады және қандай қашықтықта?

24. ЖҰМ әрекет ету кезінде шабуылдау темпі қандай болуы мүмкін?

25. Қарсыласқа шығын келтіру бойынша бөлімшенің мүмкіндігі қалай аталады?

26. .Бөлімшенің қорғаншы қарсыласқа шабуылы қандай тәсілмен жүруі мүмкін?

27. Бақылаушы қашықтықтықты анықтау үшін қандай негізгі, ең қарапайым және жылдам тәсілді қолданады?

28. Бастықтың хатпен немесе ауызша берген шешімі қалай аталады?

29. Бөлімшенің артына орналасқан ЖҰМ атыс позициясы бөлімшенің позициясынан қандай алшақтықта болады?

30.Қорғанысты ұйымдастырған соң бөлімше командирі не құрады?

31. Қандай жағдайдың алдын-алу үшін марш жасалады?

32. Жергілікті жердің белгілі пунктерімен бөлімнің жүру жолын алдын ала белгілеу қалай аталады?

33. Жаяу тәртіппен қозғалу кезінде тікелей қорғау үшін бөлімше командирі не жібереді?

34. Шабуылдағы бөлімшенің ұрыстық тәртібі неден тұрады?

35. Шабуылдағы сарбаздардың арасындағы қашықтық қанша?

36. Ұрыстық мүмкіндік неден құралатынын білесіз бе?

37. Бағдарлаушылар кездейсоқ қарсыласпен кездесіп қалған жағдайда не істейді?

38. Қарсыласты барлауды жүргізу үшін бақылаушыға не тағайындалады?

39. Шабуылдағы бөлімшеге қандай ұрыстық міндеттер қойылады?

40. Жақын аралықтағы ұрыстағы танкінің қарсыласты жою мүмкнідігі қалай аталады?

41. Бөлімшенің қорғанысының қарсыластың қуатты соққысына төтеп беруі қиын жағдайда позицияны ұстап тұруы қалай аталады?

42. Бөлімше позициясындағы қорғаныстағы ЖҰМ атыс позициясы қай жерде жабдықталуы мүмкін?

43. Қарсылас жақындағанда атыс қаруынан оқ ату қандай қашықтықтан ашылады?

44. Марш әдетте қандай уақытта жүргізіледі?

45. Бөлімнің қойылған тапсырманы орындауға көшетін шартты нүктесі қалай аталады?

46. Бөлім бір орынға орналасқан жағдайда қорғау үшін бөлімше қайда тағайындалуы мүмкін?

47. АК-74-4, РПК-74-1, ПКТ-1 түйірмен жабдықталған бөлімше бір минутта қанша оқ жұмсауы мүмкін?

48. Бағдарлаушыға қатаң түрде не рұқсат етілмейді?

49. Қарсыласты және жергілікті жерді барлау жүргізу тәсілдерінің ең көп тараған түрі.

50. Қарсыласпен тікелей қақтығысқа түскен жағдайда ұрысты ұйымдастыратын командирдің жұмысы қай жерде орындалады?


Мазмұны



1. ПӘННІҢ ОҚУ – БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS

    1. Оқытушы туралы мәліметтер ................................................... 3

    2. Пән туралы мәліметтер ..............................................................3

    3. Пререквизиттер .......................................................................... 3

    4. Постреквизиттер ..........................................................................3

    5. Пәннің қысқаша мазмұны ......................................................... 4

    6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу

кестесі .. ...................................................................................... 7

    1. Әдебиеттер тізімі ........................................................................ 9

    2. Баға туралы ақпараттар білім бағасы ..................................... 10

    3. Курстың саясатымен процедурасы ......................................... 11


2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК

МАТЕРИАЛДАР

2.1 Курстың тақырыптық жоспары ............................................... 12

2.2 Дәріс сабағының тезистері ...................................................... 14

2.3 Іс жүзіндегі сабақ жоспары...................................................... 91

2.4 Лаботориялық сабақ жоспары (жоспарда жоқ)...................... 94

2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын

студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары...................................................................... 94

2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар

жоспары ...................................................................................101

2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары .............105

2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыбы .............................................106

2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе ............................................................ ..................................106

2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары ............................106

2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары ........................................111






жүктеу 2,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау