Жұмыс сипаттамасы. Пластмасса мен полимерлік композициялық материалдарды қарапайым пішінді бөлшектерге тозаңдандыру әдісі арқылы балқыту. Бөлшектерге белгілі бір қанық түс беру үшін компонент жасау, пигмент таңдау және жоғары дисперсті ұнтақ қоспасын дайындау. Бөлшектердің жекелеген тозаңдандырылмайтын бөліктерін оқшаулау. Бөлшектерді электр пештерге толтыру және қыздыру. Бөлшектердің аралық және соңғы операцияларда балқып қапталуын сырттай тексеру арқылы және арнайы бақылау құралдарының көмегімен тексеру. Қабат ақаулықтарын түзету. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, тозаңдандырылған қабаттың жай-күйін құрылғыда және бөлшектерді пеште қыздыра отырып бақылау. Білуге тиіс: тозаңдандыруға арналған құрылғы мен электр пештерінің құрылысы, пигмент пен ұнтақ қоспаның термоберіктігі мен жарыққа төзімділігі, ұнтақ қоспалар мен тозаңдандырылатын бөлшектердің бетіне қойылатын талаптар, бөлшектерді қыздыру, балқытып қаптау және салқындату режимі, арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы. Жұмыс үлгілері Балқытып қаптау: 1) Әртүрлі материалдардан жасалған әріптер мен сандар; 2) Арматуралау төлкелері, шайбалары, сақиналары; 3) Ілу ілмектері; 4) Есік пен терезе личиналары; 5) Тегершіктер, үстелдердің аяқтарына арналған стакандар, жиһаз бекіткіштері; 6) Жиһаз аяқтары, киімге арналған штангалар; 7) Тұтқалар мен тұтқа саптар.
625. Пластмассаны балқытушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластмасса мен полимерлік композициялық материалдарды күрделілігі орташа және күрделі пішінді, ұзын және қалыңдығы әртүрлі бөлшектерге тозаңдандыру әдісі арқылы балқытып қаптау. Көп қабатты және қорғаныш-декоративті қаптау. Электр пештері жұмысының және құрылғыда тозаңдандырылатын қабаттың температуралық режимін реттеу. Электр пештері мен бөлшектерді тозаңдандыруға арналған құрылғының тиімді жұмыс режимін қапталатын материалдар мен ұнтақ қоспаның қасиеттеріне байланысты белгілеу. күрделі бөлшектерді қаптауға арналған арнайы ілмектерді монтаждау. Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде пештің электр схемасы, калорифер және ауа өткізгіштердің құрылысы, орындалатын жұмыс көлемінде пигменттердің, ұнтақ пластмасса және басқа да қоспалардың химиялық құрамы, бөлшектерді қыздыру температурасын аспаптармен және көзбен шолып айқындау тәсілдері, арнайы құрылғылардың құрылысы. Жұмыс үлгілері Балқытып қаптау: 1) Жалюзилер; 2) Жиһаз қаңқасы; 3) Унитаз корпустары мен қақпақтары; 4) Сөрелер мен үстелдердің кронштейндері; 5) Сөрелер мен кереуеттердің қоршаулары; 6) Алмалы-салмалы сөрелер; 7) Тұтқалар мен тұтқалардың кронштейндері; 8) Тор; 9) Құбырлар; 10) Терезенің желдеткіш көзінің фиксаторы; 11) Айылбастары бар өрт сөндіргіштердің қамыттары.
Автоматты және жартылай автоматты желілердегі оператор-гальванші
626. Автоматты және жартылай автоматты желілердегі оператор-гальванші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдардың, бөлшектердің сыртқы және ішкі беттерін жартылай автомат және конвейерлік құрылғыларда гальваникалық қаптау процессін жүргізу. Астаулардың белгіленген жұмыс режимін белгілеу және ұстау. Электролиттер мен ерітінділерді дайындау. Бөлшектер мен бұйымдарды гальваникалық қаптауға дайындау. Астауға белгіленген рецептура бойынша химикаттарды толтыру. Бөлшектер мен бұйымдарды арнайы ілмектерге ілу, астауларға салу, оларды гальваникалық қаптаудан кейін алу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және реттеу. Білуге тиіс: жартылай автомат және конвейерлік құрылғылардың құрылысы және оларды жұмысқа дайындау ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника және электрохимия негіздері, дайындық операцияларының ерекшеліктері және олардың қаптау алдындағы жүйелілігі, қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау және реттеу ережесі, арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.
627. Автоматты және жартылай автоматты желілердегі оператор-гальванші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыртқы және ішкі беттерін басқару пультінен әртүрлі тәсілдермен гальваникалық қаптау процессін жүргізу. Автомат және механикалық желілердегі бұйымдар мен бөлшектерді бағдарламамен басқарылатын астауларда гальваникалық қаптау процессін жүргізу. Гальваникалық қаптаудың белгіленген режимдерін технологиялық режимге сәйкес бақылау-өлшеу аспаптары арқылы реттеу. Гальваникалық қаптаманың сапасын бақылау. Барлық агрегаттар мен желілердің механизмдерін дайындау және баптау. Желіні іске қосу және орнату. Білуге тиіс: автомат, механикаландырылған желілердің және бағдарламамен басқарылатын астаулардың құрылысы, оларды баптау және реттеу ережесі, гальваникалық қаптаманың технологиялық өлшемдерін белгілеу ережесі, гальваникалық қаптауда қолданылатын негізгі және қосымша материалдардың қасиеттері, олардың қаптама сапасына тигізетін әсері, бақылау-өлшеу іске қосу және реттеу аспаптарын баптау және реттеу тәсілдері.
Сырлау-кептіру желісі мен агрегаттың операторы
628. Сырлау-кептіру желісі мен агрегаттың операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Табақ және профиль металдың, металл бұйымдар мен бөлшектерді сырлап кептіру желісінің қабылдау үстеліне кранмен жеткізу. Металды, бөлшектер мен бұйымдарды сырлап кептіру желісінің қабылдау үстелінің транспортеріне көтеріп түсіру механизмінің жұмысын басқару. Конвейерді іске қосу және тоқтату. Металды, бөлшектер мен бұйымдарды тасымалдауға арналған тізбекті реверсті транспортердің жұмыс режимін баптау. Жұмыс барысында бытыра көздегіш құрылғыға бытыра салу, сырлап кептіру камерасына, агрегатқа және сыр айдау бөшкелеріне лак және сыр материалдарын толтыру. Қажетті компоненттерін іріктей отырып, бітеме дайындау. Циклондарды, гидросүзгілерді, тозаң ұстағыштарды, сырлап кептіру камераларын, бітеме өткізгіштерді, бітеме тозаңдандырғыштар мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтарды тазалау және жуу. Механизмдерді баптау және алдын ала қызмет көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |