1. Жалпы ережелер



жүктеу 12,36 Mb.
бет49/71
Дата25.11.2017
өлшемі12,36 Mb.
#1830
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, кинематикалық және электр схемасы, электролиттік қалайылау, мырыштау және үздіксіз күйдіру процессінің негіздері, ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.



634. Үздіксіз өңдеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау және күйдіру агрегаттарын басқару постының операторы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы алюминий таспаларды көп қабатты екі жақты лактау технологиялық процессін үздіксіз автоматтық желіге жапсарлас орналастырылған лактау агрегатындағы басқару пультімен жүргізу. Керме станциясының кірме жазу және шықпа орау механизмдерін және таспа жинақтауышты, күйдіру және лакталған таспаны кептіру пештерін пеш және лактау жайын желдеткіштерді пультпен басқару. Лактау алдында стандарттардың талаптарына сәйкес таспа бетінің сапасын бақылау. Фото және пневмодатчиктері бар орталықтау құрылғыларын реттеу және бақылау. Алюминий балқымаларды, лактарды, қышқылдарды, сілтілер мен технологиялық процесте қолданылатын басқа да материалдарды сапасы мен құрамына қарай іріктеу. Үздіксіз дәнекерлеу, майсыздандыру, күйдіруді рекристалдандыру, өңдеу, қайта ескіру және жаттықтыру үшін қыздыру, технологиялық процессін жолақ пен табақты үздіксіз күйдіру агрегатының кірме бөлігін басқару пультімен жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеу және барлық желінің механизмдерін баптауға қатысу.

Білуге тиіс: үздіксіз автомат желісінің технологиялық бөлігінің қызмет көрсетілетін жабдығының кинематикалық және электр схемасы, алюминий таспаны көп қабаттап екі жақты лактаудың технологиялық процессі, металл кесу негіздері, алюминий таспаны өңдеу, анодтау және күйдірудің технологиялық процессі және процесс өлшемдерін реттеу ережесі, алюминий балқымалардың, лактар, қышқылдар, сілтілер мен технологиялық процесте қолданылатын басқа да материалдардың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, оларға және таспаның бетіне лактау алдында қойылатын талаптар, желіні бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.



635. Үздіксіз өңдеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау және күйдіру агрегаттарын басқару постының операторы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы алюминий таспаларды бір қабатты және көп қабатты екі жақты лактау технологиялық процессін жапсарлас орналастырылған агрегаттары бар үздіксіз лактау желісіндегі орталық басқару пультімен жүргізу. Әртүрлі лактау жағдайында үздіксіз автоматтық желінің жұмыс режимін баптау және реттеу. Лак қабатының қалыңдығын рентген ен өлшеуішпен бақылау. Үздіксіз дәнекерлеу, майсыздандыру, рекристалдандырып күйдіру, өңдеу, қайта ескіру және жаттықтыру үшін қыздыру технологиялық процессін жолақ пен табақты үздіксіз күйдіру агрегатының кірме бөлігін басқару пультімен жүргізу. Іске қосу алдында барлық желілердің тораптарын дайындауды және баптауды жүзеге асыру. Желіні іске қосу және тоқтату. Желі тораптары мен барлық желі тораптарының технологиялық жұмыс режимін белгілеу және олардың жұмыс үйлесімін қамтамасыз ету. Технологиялық процестердің барлық операцияларының сапалы орындалуын және желіге жапсарлас орналастырылған өрт сөндіру жүйесінің жұмысын бақылау. Желі жабдықтарын жөндеуге және баптауға қатысу.

Білуге тиіс: желінің негізгі және қосалқы жабдықтарының құрылысы, кинематикалық және электр схемасы, бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының электр схемалары, желі жұмысын басқару және реттеу автоматикасы, алюминий таспаны өңдеу, анодтау, лактау және кептіру процессінің физикалық және химиялық негіздері, алюминий таспалардың түрлері, қасиеттері мен сапасы, ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері, дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, технологиялық процестің жекелеген кезеңдерінде ақаулықтардың алдын алу әдістері, өрт сөндіру жүйесінің құрылымы мен жұмыс қағидаты.



Қабатты вакуумде жағу бойынша құрылғылардың операторы


636. Қабатты вакуумде жағу бойынша

құрылғылардың операторы 3-разряд




Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен нитрид, борид, карбид және басқа да материалдардан жасалған тозуға төзімді, декоративті және қорғаныш қабаттарын вакуум құрылғылардағы құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға басқару пультімен иондық тозаңдандыру әдісімен жағу процессін жүргізу. Құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды бензинмен, керосинмен, ацетонмен, спиртпен және басқа да ерітіндімен тазалау, майсыздандыру. Құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды сумен, әртүрлі ерітінділермен астауда, ультрадыбыстық және басқа да құрылғыларда жуу, кептіру, ауамен үрлеу, қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінде дәрілеу. Тазалау сапасын тексеру. Орнату камерасын тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, ерітінділердің, қышқылдар мен сілтілердің және басқа да қолданылатын материалдардың қасиеттері, құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды, жабдықтарды кептіру және тазалау режимдері, бұйымдарды қаптауға дайындау сапасын тексеру тәсілдері, камераларды тазалау тәсілдері.



637. Қабатты вакуумде жағу бойынша

құрылғылардың операторы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Нитрид, борид, карбид және басқа да материалдардан жасалған тозуға төзімді, декоративті және қорғаныш қабаттарын вакуум құрылғылардағы қатты балқымалардан, баяу балқитын материалдар мен тез кескіш болаттан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға басқару пультімен иондық тозаңдандыру әдісімен жағу процессін жүргізу. Құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды сызбалар бойынша жинақтау және оны құрылғыға салу. Вакуум құрылғысының герметикалығын тексеру. Құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды жабдыққа бекіту. Технологиялық ерітіндіні дайындау. Қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес қабаттың ақаулықтарын анықтау. Қосалқы және негізгі жабдықты жөндеуге қатысу,

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, құрылғылардың электр және вакуумдық схемасы, қатты балқымалардан, баяу балқитын материалдар мен тез кескіш болаттан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарды өңдеу үшін технологиялық өлшемдерді белгілеу ережесі, вакуум құрылғысын баптау және герметикалығын тексеру ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидаты, плазмотронды баптау ережесі, вакуумды техника және вакуумды гигиена негіздері, бұйымдарды сызбалар бойынша жинақтау ережесі, құралдардың, бөлшектер мен бұйымдардың кесу бетіне қойылатын негізгі талаптар.


жүктеу 12,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау