1. Жалпы ережелер



жүктеу 12,36 Mb.
бет46/71
Дата25.11.2017
өлшемі12,36 Mb.
#1830
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71

Жұмыс сипаттамасы. Металды табақта және жуып кептіру машинасында, үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда жуу және кептіру процессін жүргізу. Металды орамалап жуу және кептіру кезінде жолақты орамаға толтырып салу. Ораманың оралуын бақылау және барабандағы ораманы түзету. Үстелді көтеру механизмін, табақтарды қалауышты, орауышын жазғыш пен орауыштарды басқару. Сапасыз дәріленген табақтарды іріктеу және оларды ақаулықтары бойынша реттеп орналастыру.

Білуге тиіс: жуып кептіру машинасының құрылысы мен жұмыс қағидаты, металды жуу және кептіру процессі, жуылған және тазаланған металға қойылатын талаптар.



619. Металды жуып-кептіруші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Табақ және орама металды үздіксіз жұмыс істейтін үш және одан көп тізбектен тұратын жуып кептіру аграгеттарында жуу, кептіру және тазалау процессін жүргізу. Астаудағы ерітіндінің деңгейі мен концентрациясын бақылау, ерітіндінің коллекторға берілу қарқынын реттеу, ерітінді температурасы,жолақтарды ерітіндіге және суға дымқылдату дәрежесі. Жуылған металдың тазалығын тексеру. Тазалап жуу агрегатын баптау.

Білуге тиіс: үздіксіз жұмыс істейтін, үш және одан көп тізбектен тұратын тазалап жуу агрегатының жұмыс қағидаты, металды жуу және тазалау кезінде қолданылатын химикаттардың құрамы мен қасиеттері, тазалап жуу агрегатын баптау ережесі.


Металмен қаптау және сырлау жабдығын баптаушы


620. Металмен қаптау және сырлау жабдығын баптаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Майсыздандыру, жуу, полимерлеу, пассирлеу, дәрілеу фосфаттау, алюминдеу, анодтау, химөңдеу, хромдау, никельдеу, мыстау, мырыштау, қорғасындау, қалайылау, сырлау, кептіру, лактау, күйдірудің жекелеген агрегаттарын баптау; бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлау үшін металдау, қорғасындау аппараттарын, сыр пульттерін баптау. Бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлауға арналған автомат және жартылай автомат желілер мен гальваникалық, өңдеу және фосфаттау, лактау, сырлап кептіру және металдау құрылғыларын баптау. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоларды (роботтарды) ұстағыштарды баптау. Жұмыс процессі барысында желі құрылғыларын реттеу және түзету. Автомат және жартылай автомат желілердің агрегаттары мен жабдықтарын ағымдағы жөндеуге қатысу. Ұсақ жөндеу, винипласттан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және пісіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың құрылысы мен баптау тәсілдері, жабдықтардың қағидаттық схемалары мен қызмет көрсетілетін автомат және жартылай автомат желілердің механизмдерінің өзара іс-қимылы, әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қолданылу ережесі, бір типті өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылысы, манипуляторлардың жұмысқа жарамдылығын және позиция дәлдігін тексеру ережесі, бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлаудың технологиялық процессі, шектеулер мен қондырмалар жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.



621. Металмен қаптау және сырлау жабдығын баптаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлауға арналған жартылай автомат желілер мен гальваникалық, дәрілеу және фосфаттау; лактау, сырлап кептіру құрылғыларын баптау. Бөлшектерді сынама өңдеу және оларды ОТК тапсыру. Қызмет көрсетілетін желілердің жұмысын бақылау. Желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятолардың (роботтардың) жекелеген тораптарын баптау.

Білуге тиіс: жабдықтардың құрылысы, техникалық сипаттамасы және жартылай автомат желілерді баптау тәсілдері, іске қосу, баптау, желінің жұмысын бақылау тәсілдері мен тәртібі, электролит ерітінділерінің, өңдеу және жуу астауларының концентрациясы мен температурасын бақылау әдістері, орындалатын жұмыс көлемінде пневмогидроэлектр автоматика, механика мен электроника негіздері, әмбебап және арнайы құрылғылардың, жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптарын реттеу ережесі, қызмет көрсетілетін желілердің қағидатты электросхемалары, автоматты бақылау құралдары мен желіге қосу схемаларының жұмыс қағидаты, әртүрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылысы.


622. Металмен қаптау және сырлау жабдығын баптаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлауға арналған гальваникалық, өңдеу және фосфаттау, лактау, сырлап кептіру және металдау автомат желілерін баптау. Автомат желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Күрделі тораптарды әзірлеу, реттеу және құрастыру желіні басқару жүйесінің құрылысы. Плазмалық, детонациялық және жоғары сапалы тозаңдандыру құрылғыларын баптау. Бағдарламамен басқарылатын манипулятоларды (роботтарды) баптау және реттеу.

Білуге тиіс: автомат желілердің құрылысы, кинематикалық схемасы, іске қосу жолдары мен тәртібі, желі жабдықтары мен құрылғыларды баптау, жөндеу және монтаждау тәсілдері, әмбебап және арнайы құрылғылардың, жабдықтардың құрылымы, автомат желілер механизмдерінің жұмыс барысында өзара іс-қимылы.


Пластмассаны балқытушы


623. Пластмассаны балқытушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен пластмасса мен полимерлік композициялық материалдарды қарапайым пішінді бөлшектерге тозаңдандыру әдісі арқылы балқыту. Бөлшектерді майсыздандыру және қарапайым құрылғыларға ілу. Бөлшектерді тозаңдандыру үшін ілуге арналған күрделі емес ілмектер жасау. тозаңдандыруға арналған құрылғысы бар электр пештеріне қызмет көрсету. Бөлшектерді салқындату үшін арнайы сөрелерге ілу. Бөлшектерді ілуге арналған құрылғыдан балқытылған пластмассаны алып тастау.

Білуге тиіс: тозаңдандыруға арналған құрылғының және электр пештердің жұмыс қағидасы, қабат жағуға және материалдарды дайындауға арналған жабдықтарға қызмет көрсету ережесі, қолданылатын материалдардың мақсаты және қасиеттері, арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары.


жүктеу 12,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау