1
ЖОБА
«Терезе мен есік блоктарын монтаждау және жөндеу»
кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Терезе мен есік блоктарын монтаждау және жөндеу» кәсіптік
стандарты
білім
беру
бағдарламаларын әзірлеуге, оның ішінде
кәсіпорындарда персоналды оқытуға, қызметкерлер мен білім беру
мекемелерінің түлектерін сертификаттауға, персоналды басқару саласындағы
кең ауқымды мәселелерді шешуге арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
біліктілік – қызметкердің нақты еңбек міндеттерін сапалы орындауға
дайын болу деңгейі;
біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа
болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер
дайындығы мен құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы;
ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын
біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандар
біліктілігіне
деген
сұраныс
пен
ұсыныстарды
құқықтық
және
институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада құпталатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің
негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар
мен ұйымдардың жиынтығы;
кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі бар (ұқсас немесе жақын
мақсаттар, объектілер, технологиялар, сондай-ақ еңбек құралдары) және
оларды орындау үшін еңбек міндеттері мен құзыреттілігінің ұқсас жинағын
болжайтын шағын топтар жиынтығы;
кәсіби шағын топтар – еңбек міндеттерінің тұтас жинағымен және
оларды орындауға қажетті құзыреттіліктермен қалыптасқан, мамандықтар
жиынтығы;
кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес
және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық
сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;
кәсіп – білімі туралы тиісті құжатпен расталатын және арнайы
дайындықтың нәтижесінде пайда болған арнайы білім, білік мен
2
практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін адам еңбегі қызметінің
негізгі түрі;
еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін
шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамасы.
2. Кәсіптік стандарт паспорты
3. Кәсіптік стандарттың атауы: Терезе мен есік блоктарын монтаждау
және жөндеу.
4. Кәсіптік стандартты әзірлеу мақсаты: Осы кәсіби шағын топтың
кәсіптер тізбесін жасау және анықталған кәсіптер үшін кәсіп карточкаларын
әзірлеу.
5. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Терезе мен есік
блоктарын монтаждау және жөндеу терезе блоктарын, құймаларды,
күнқағарлар мен терезе алды тақтайларын орнату жұмыстарын қамтиды.
6. Негізгі топ: Құрылыс (жұмыста).
Кәсіби топ: Монтаж бойынша ағаш жұмыстары (жұмыста).
3. Кәсіп карточкалары
7. Кәсіптер тізбесі:
терезе мен есік блоктарын монтаждаушы, СБШ бойынша 3 біліктілік
деңгей.
Кәсіп карточкасы осы Кәсіптік стандарттың қосымшасында
келтірілген.
3
«Терезе мен есік блоктарын монтаждау және жөндеу»
кәсіптік стандартына қосымша
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: « Терезе мен есік блоктарын монтаждаушы»
Кәсіп коды
Кәсіп атауы
Терезе мен есік блоктарын монтаждаушы
СБШ бойынша біліктілік
деңгейі
3
БТБА бойынша біліктілік
деңгейі
3-4
Кәсіби білім деңгейі
СБШ-ның 3-деңгейі
Жалпы орта білім немесе жалпы орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білімі болғанда кәсіби
дайындық (білім беру мекемесі негізінде кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша бір жылға дейінгі
курстар немесе кәсіпорындағы оқыту курстары)
1) Терезе, қылтима, есік блоктарын, ағаштан жасалған терезеасты тақтайларды орнату.
2) Поливинилхлоридтен және алюминий профильдерінен жасалған дайын бұйымдарды орнату.
3) Поливинилхлоридтен және алюминий профильдерінен жасалып орнатылған конструкцияларды
реттеу және жөндеу.
Еңбек функциясы 1
Терезе, қылтима, есік
блоктарын, ағаштан жасалған
терезеасты тақтайларды
орнату.
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (біліктілік разряды: 3-4)
Біліктері мен дағдылары:
1. Терезе және есік блоктарын бөлшектеу.
2. Терезе, қылтима, есік блоктарын, ағаштан жасалған терезеасты тақтайларды орнату үшін орын
дайындау.
3. Терезе және есік блоктарын және тіреу бөлшектерін орнатуға дайындау.
4. Терезе, қылтима, есік блоктарын, ағаштан жасалған терезеасты тақтайларды орнату және бекіту.
5. Монтажды тігістерді жылу оқшаулағыш материалмен толтыру.
6. Монтажды тігістерді қираудан сақтайтын гидрооқшаулағыш материалдарды орнату.
7. Ілмекті ою.
8. Құлыптардың, қаламдардың және басқа да темір бұйымдарды қою.
9. Ақтық жармаларды қалыптастыру.
10.
Жақтауларды қою.
11.
Жақтаулардың тік және көлденең аумақтарының өлшемін анықтау.
12.
Үлгіні пайдалана отырып бөлшектерді дайындау.
4
13.
Жақтаудың дайын болған бөлшектерін монтаждау.
Білімі:
1. Есік және терезе блоктарының құрылымын.
2. Ағаштың антисептикалық және оттан қорғау өңдеулері.
3. Техникалық және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері.
Еңбек функциясы 2
Поливинилхлоридтен және
алюминий профильдерінен
жасалған дайын бұйымдарды
орнату
Біліктері мен дағдылары:
1. Арнайы белгі жасау.
2. Блоктарды тік және көлденең жазықтықта тірек сыналармен түзету.
3. Күш түсетін және қашықтық аралықтарды орнату.
4. Қораптарды ғимарат конструкцияларына бекіту: қабырғаларға, бекіткіш ағаш тығындарға немесе
бетонға).
5. Жақтауларды арнайы элементтердің көмегімен ойыққа бекіту (дюбельмен, анкер пластиналарымен
немесе бұрандамен).
6. Терезе мен қабырға арасындағы жапсарды полиуритан монтаж көбігімен герметикалау.
7. Монтаж жіктерін бұзылудан қорғайтын гидрооқшаулағыш және буоқшаулағыш тасспаларды орнату.
8. Сәндік қаптама мен тұтқалар орнату, фурнитураларды реттеу.
9. Құймаларды, күнқағарлоарды, терезе алды тақтайларды және басқа жинақтаушы бұйымдарды
орнату.
10. Орнату сапасын құралды бақылау.
Білімі:
1. Технологиялық жинақтау процесін.
2. Алюминий профильдерден және поливинилхлоридтен жасалған терезе мен есіктерді жасау
ерекшеліктерін.
3. Алюминий профильдерден және поливинилхлоридтен жасалған терезе блоктарының түрлері мен
маркаларын.
4. Жабдықтардың құрылымын және пайдалану ережелерін.
5. Бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен құрылғыларын пайдалану ережелерін.
6. Бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды, оларды орнату және пайдалану ережелерін.
Еңбек функциясы 3
Поливинилхлоридтен және
Біліктері мен дағдылары:
1. Алюминий профильдерден және поливинилхлоридтен жасалған терезе жармаларын реттеу
(ілгектерді, бекіткіш шетмойындарды, жауап енсіз тақтайшаларды, қайшыларды).
5
алюминий профильдерінен
жасалып орнатылған
конструкцияларды реттеу
және жөндеу.
2. Алюминий профильдерден және поливинилхлоридтен жасалған балкон есіктерінің жармаларын
реттеу.
3. Жармалар мен терезе қорабының шайқалуын тексеру.
4. Фурнитураларды реттеу.
5. Терезе жармаларының еркін жүрісін және тығыздауыштарды қысып реттеу.
6. Әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін үлдірді алып тастау.
Білімі:
1. Бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен құрылғыларын пайдалану ережелерін.
2. Техникалық және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері.
Жеке құзыретіне қойылатын
талаптар
Командада жұмыс істей білу
Тыңғылықтылық
СБШ шеңберінде басқа
кәсіптермен байланысы
Кәсіптік стандарттың техникалық мәліметтері
Әзірленген
«MG-Build» ЖШС
Нұсқа нөмірі және
шығарылған жылы
Нұсқа 1, 2014 жыл
Болжалды қайта қарау датасы 2017 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |