1) Аккумуляторлардың бөлшектері – қорғасынмен металдау; 2) Қоса дәнекерленген анкерлерінің саны 4-тен 8-ге дейінгі тығындау бөлшектері – металдау; 3) Металл қыш шамдардың металл және қыш бөлшектері - металдау; 4) Пластмасса бөлшектер - металдау; 5) Дайындамалар мен резисторлардың негіздері – металдау және көміртектендіру; 6) Күрделілігі орташа пьезоэлементтердің дайындамалары – күмістеу; 7) Қалпына келтірілетін кинескоптар - алюминдеу; 8) Термобу қаптамасы, термиялық пештің арматурасы, электротигельдердің қаптамасы – ыстыққа төзімді металдау қаптамасын жағу; 9) Айна шамдар мен фотоэлементтерге арналған колбалар – күміспен металдау; 10) Электронды – сәулелік құбырлардың колбалары - пластиналау; 11) Жапсарлас салынған қыш конденсаторлар, конденсаторлардың құбырлары, интеграл гибрид микросхемалар – күміспен металдау; 12) Қабылдап күшейткіш шыны шамдар - металдау; 13) Иілген болат табақтар, металлопрокат, металл конструкциялар – қорғаныш және декоративті қабат жағу; 14) Беті ашық шойын құймалар - кеуектілігін жою; 15) Беті ашық профильді илем – жағу; 16) Тұрақты дәлме-дәл резисторлар – күміспен металдау; 17) Шыны – күмістеу, мыстау және алюмдеу; 18) Құю қалыптары - металдау; 19) Түзеткіштердің купрокс элементтері – күміспен металдау.
614. Металдаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аса күрделі бөлшектер мен бұйымдарды тез балқығыш металл мен түсті металдармен газотермиялық және электр доғал әдіс арқылы металдау. Ұнтақ және баяу балқитын материалдармен күрделі бөлшектер мен бұйымдарды газотермиялық, электродоғал және вакуумды тәсілдермен металдау. Ұнтақ және баяу балқитын материалдарды күрделілігі орташа пішінді бұйымдар мен бөлшектерге плазмалық бүрку. Механизмдер мен станоктардың бөлшектерінің көлемін қалпына келтіру мақсатында қабаттың белгіленген қалыңдығымен әртүрлі металмен металдау. Бөлшектер мен бұйымдарды түсті металдармен декоративтік металдау. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен бұйымдарда баяу балқитын материалдардан жасалған металдау қабатын балқыту. Металл ұнтақтары мен балқымалардан жасалған суспензиялар мен пасталарды формасы бойынша күрделі бөлшектер мен бұйымдарға жағу. Асыл металдармен және балқымалармен баяу балқитын және түсті металдардан жасалған сымдарды ыстық қаптау. Бетінде ойықтары мен шығыңқы жерлері бар қисық бетті бөлшектерді плазмалық тозаңдандыру. Ұнтақпен тозаңдандыру құрылғысының жұмыс режимін реттеу. Дәл дайындауды талап ететін күрделі пьезотехникалық бұйымдарды аспаптардың көмегімен қолмен күмістеу (жиектерін 05 мм күмістендірмей, цилиндрлік бетте күрделі белгімен). Жібек графика әдісімен жартылай автоматтарда күрделі конфигурациялы пьезотехникалық бұйымдарды күмістеу. Карбадкремний электр қыздырғыш өзектерді бакелиттеу және металдау және жоғары жиілікті сіңдіру агрегатында қоспаланған кремнийді алдын ала балқыта отырып, олардың дайындамаларын металдауға қатысу. Металдау аппараттары мен құрылғыларын баптау және реттеу. Қызмет көрсетілетін аппаратураны ағымдағы жөндеуге қатысу. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі, газ, электр доғал металдау және плазмалық тозаңдандыру құрылғыларының электр және кинематикалық схемасы, әртүрлі модельді вакуумды қондырғылардың құрылғысы, электрлік және вакуумдық схемалар, вакуумды күмістеу режимі, металдау қабатын балқыту тәсілдері, қабаты тозаңдандырылатын бетке қойылатын талаптар, әмбебап бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарына қойылатын талаптар, электротехника негіздері, тозаңдандырылған қабатты сынау және бақылау тәсілдері, құрамында күміс бар пастаның құрамы мен қасиеті, күмісті шығындау нормасы және пьезоэлемент дайындамаларын күмістеуге рұқсат, плазмалық тозаңдандыру кезінде қолданылатын газ алу және сақтау әдістері, қабатты қалыптастыру механизмі, оның химиялық құрамы мен физикалық және механикалық қасиеттері туралы жалпы түсінік. Жұмыс үлгілері 1) Су сорғысының жетегі қозғалтқыштарының көп иінді біліктері және жұдырықша бөлгіштер – тозған мойындарды металдау; 2) Жартылай өткізгіштердің корпустарына арналған төлкелер - металдау; 3) Мойынтіректердің төлкелері - тозған ішкі беттерін металдау; 4) Қоса пісірілген анкерлерінің саны 8 астам тығындау бөлшектері - металдау; 5) Қоныш, цилиндр, қыздырғыш және т.б. типті бөлшектер – баяу балқитын материалдарды тозаңдандыру; 6) Электронды техниканың арнайы бұйымдарына арналған және сенімділігі жоғары бұйымдардың дайындамалары - металдау және көміртектендіру; 7) Пьезоэлемент дайындамалары – вакуумда тозаңдату әдісімен күмістеу; 8) Айналар, айна бейнелегіштері, шырша әшекейлегіштері, полистирол, пластмассадан жасалған бұйымдар – вакуумда тозаңдандыру әдісімен металдау; 9) Түрлі-түсті кинескоптар – қалқандарды түсті металдармен арнайы бір және көп позициялы құрылғылардың вакуумдарында тозаңдандыру арқылы қаптау; 10) Ақ-қара және түрлі-түсті кинескоптар, электронды сәуле құбырларының колбалары мен қалқандары – алюминдеу; 11) Күрделі пішінді колбалар – күміс жалату, алюминдеу; 12) Слюда конденсаторлар, конденсаторларға арналған секциялар - металдау; 13) Иілген болат табақтар және болат конструкциялар – түсті металдармен және олардың қорытпаларымен металдау; 14) Микроплаталар, слюда пластиналар, құбырлы пьезоэлементтер, фотоэлектронды көбейткіштердің колбалары – күміспен металдау; 15) Ұсақ құймалар, беті ашық металл модельдер - түсті металдармен және олардың қорытпаларымен металдау; 16) Планкалар, төсемдер, қапсырмалар – жеңі қорытылатын материалдардың қорғаныш жабындарын жағу; 17) Слябтардың пакет пластиналары – бетін никельдермен металдау; 18) Иілген құбырлар, фигуралық бұйымдар – металдау; 19) Цистерналар мен басқа да жабық металл ыдыстар – ішкі беттерін түсті металдармен металдау; 20) Тойтарма тігіндер – металдау;
Достарыңызбен бөлісу: |