1 Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен ғылыми-әдістемелік мазмұны



жүктеу 344,78 Kb.
бет1/12
Дата03.11.2023
өлшемі344,78 Kb.
#44120
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
негізгі бөл


1 Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен ғылыми-әдістемелік мазмұны
1.1 Бастауыш білім беру үдерісінде қолданылатын инновациялық технологиялардың мазмұны мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады»,- деп атап көрсетілген [3]. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді. Сондықтан мұғалімдердің алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуал дық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр. Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр.


Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды, яғни оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ деп көрсетті Қ. Аймағамбетова [4].
Жаңартылған бағдарлама талаптары тек жеке пәндерден терең білім беріп қана қою емес, оқушылардың жалпы дамуына жол ашуға бағытталған [5].
Бағдарлама талаптарының қатарына:
-баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оны тұлға ретінде біртұтас үйлесімді (білім беру мен тәрбиелеу) түрде дамыту;
-оқу іс -әрекеттерінің негізгі компоненттерін меңгерту (оқу міндетін түсіну, оқу операцияларын орындау, өзін-өзі басқару, айналасымен дұрыс қарым-қатынаста болу т.б);
-адам тұлғасына тән азаматтыққа, рухани және адамгершілік құндылықтарға, танымдық іс-әрекетке, өздігінен іс-әрекет жасауға, оқуға және өзін -өзі тәрбиелеуге ұмтылу;
-баланың ойын, тілін, дыбыстық есту, көру кеңістігін, математикалық аңғарымын, интеллекті мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
-ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін (бақылау, салыстыру, талдау, жалпылау, классификациялау) жадының, зейіннің, қабылдауының, ойлауының, қиялының дамуына байланысты танымдық процестерді меңгерту;
-интеллектуалдық, рухани адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі және шығармашылық дағдыларын дамыту енеді деген критерийлерді кірістірген [5,11б.].
12 жылдық оқытудағы негізгі әдістер: оқушылардың жеке бас ерекшелігін, ішкі қажеттіліктері мен қабілет мүмкіндіктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу, яғни тұлғаның құзыреттілігін дамыту көзделеді.
Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу дәстүрлі оқыту әдістермен еш нәтиже бермейтіндігі, инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу, қолдану, сапалы нәтижесін бақылау үлкен міндет болып отыр.
Бұрынғы білім беру жүйесінде оқушыларға барынша терең білім беру мақсаты көзделді. Ал жоғары сатыдағы интеллектілік пен терең білімді адам өмірде қалай қолданады, шешуші сәттерде оң шешімді қалай қабылдау керек деген сұрақтарға жауап берілген емес. Міне, осы олқылықтардың барлығын жою үшін білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.
Алдымен оқыту технологиясындағы өзгерістер, яғни педагогикалық инновациялық технологиялар туралы әдебиет көздеріндегі анықтамалары мен ойлардың біразын ұсынып, талдап көрелік.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «Педагогикалық технология» терминін енгізді. В.Беспалько «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» – деген тұжырымдама берді [6].
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, баланың ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Педагогикалық технология бүкіл оқыту процесі мен білімді техникалық және адам ресурстарын олардың бір – біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып, меңгеру әдісі [7]. Сөйтіп, оқыту технологиясы мектепте оқыту процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық - педагогикалық іс - әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарының біріктірілген пәндері мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттер мен мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтың, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылып жатқаны белгілі.
Ендеше «инновация» деген жаңа ұғым кез келген салаға кедергісіз енуді. Ол жаңарған қоғам талабы. Енді инновациялық технологиялар мазмұнында түсіндірме сипаттамасын жасайық.
«Инновация» ұғымына ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді [8].
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р., Линчевская Т. – «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея [8,18б.].
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [9].
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен [10]:
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады [11] .
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай [12].
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ендеше қазіргі таңда практикада қолданып жүрген инновациялық технологиялар тізімін ұсынатын болсақ:
• Жобалау технологиясы;
• Саралап даралап оқыту;
Дамыта оқыту технологиясы;
• Модульдік оқыту технологиясы;
•Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
•Сатылай комплексті талдау;
•Деңгейлеп оқыту технологиясы;
Бұл инновациялық технология нәтижелері мынандай сапалық көрсеткішке ие деп көрсетеді [12,28б.]:
-түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
-олардың әрқайсының деңгейін анықтай алуға болады;
-оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
-оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
-оқушылардың қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
-жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Жаңа технологияларды енгізу кезінде мұғалім келесі іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет деп көрсетеді [13]:
1. Мұғалім жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді.
2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
3. Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
4. Жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді.
5. Оқушылардың жұмыс әдісін.
6. Оқушылардың жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек.
Инновациялық технологияның негізі болып саналатын жаңа педагогикалық технологиялар көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, М.Монтессори мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Шаталовтың ірі блоктік жүйесі және т.б.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді [14].
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Алайда инновациялық технологияларды енгізудің жөні осы деп түрлі технологиялар мен халықаралық бағдарламаларды сабақта қолдану көпшілігімізге тән құбылыс болып кетті. Кейбір әріптестеріміз өкінішке орай, жаңа технологиялардың философиялық мазмұнын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгеріп алмай, таза еліктеушілікпен сыртқы формасын ғана қолдануда.
Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Міне сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан сан алуан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу, сұрыптау, нәтижелерін талдау үшін арнайы ақпараттық-әдістемелік орталық құрылуы қажет деп көрсетеді педагог-әдіскер [12,13б.].
Жаңа технологиялар бастауыш сынып оқушыларының инновациялық әдістер мен құралдарды пайдалану есебінен білім сапасын көтеруге, жұмылдыруға, адаптацияға, ойлау қабілетін негіздеуге септігін тигізеді.
Жаңа технологиялар төменде көрсетілгендей белгілі педагогикалық кағидаларға негізделеді. Сондықтан оны оқыту процесінде, әсіресе бастауыш буын білім беруде түрлі пәндер әдістемесіне оңай түрлендіре қолдану мүмкіндігі жоғары. Жаңа педагогикалық технологиялар арнайы педагогикалық кағидаларға негізделеді, ол төмендегі сызбада көрсетіледі (сызба 1).



Сызба 1.- Жаңа педагогикалық технологиялардың педагогикалық кағидалары

1- сызбада көрсетілгендей жаңа технологияның педагогикалық қағидалары дегеніміз тұлға бойындағы кез келген қабілеттерінің дамуына әсер етуді көздейтін әрекеттер.


Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

жүктеу 344,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау