Ф-ЖООКБ-01/018
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Бүгінгі таңда еліміз алдыңғы қатардағы өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді ұлттық мүддеге, танымға, сезімге, нанымға, менталитет пен психологияга т.б. құндылықтарға араластыра отырып, тиімді дамудың сара жолдары мен нық басып әрі сенімді жүріп келеді. Мұны ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік ерекше байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Себебі егеменді халқымыздың көп ғасырлар бойы біртіндеп қорланып, қанатын кең жая алмай, қалыптасқан рухани, мағнауи мол дәстүрлі де құнды қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезеңінде жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтың өз туған халқының рухани, мағнауи құндылықтарынан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім, танымдарынан ажырап қалуына әкеліп соқтырды. Міне сондықтан да жас өскелең ұрпақ халқымыздың рухани, мағнауи тереңге жайылған тамырынан толық қол үзіп қалмауы біздің қазіргі кезеңдегі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі болыр тұр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты халыққа арнаған 2004 жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілетті қарыштап дамыту керектігін айрықша айтады. Бұл орайда әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі айдан-анық. «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады..
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда зейінді оқытуды көздейтін ... білім беруге көшу қажет», - деп атап көрсетілді жолдауда.
Тәуелсіз елімізде оқушы жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, зерделеп, жүйелеп, бір жүйеге түсіріп, оқу-тәрбие бағдарламаларына бейімдеп, үйлестіріп, жалпы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланып қолданудың маңызы өте зор әрі қажетті. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі таңдағы бәсекеге қабілетті жасөспірімдерді тәрбиелеп, тәлім-тәрбие беру ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетіп өсіруші, сапалы да салауатты, ұлтжанды патриот, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең жас өскелең ұрпақ өсіру-қоғам, әлеуметтік орта алдында тұрған кезек күттірмейтін басты міндеттер мен мақсаттар болып табылады. [2]
Әрбір қоғам өзінің даму барысында зиялы қайраткерлерінің педагогикалық ақыл-ойын, тәлім-тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған. Сондықтан да ғылыми дәстүрлі педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ғұлама-ғалым ойшылдар Қорқыт ата, Әл-Фараби, А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, М.Х.Дулати т.б. тарихи педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, келешек жас өскелең ұрпақтарды елжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар XIX ғасырда Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев сынды демократ, педагог ағартушылардың педагогикалық, психологиялық, философиялық ойларымен Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал жасады.
Жоғарыда айтылған ғұлама ғалымдардың өскелең жасөспірімдер тәрбиелеудегі озық педагогикалық ой-пікірлерін одан әрі дамытып, жетілдіруші кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған А.Байтұрсынов, МЖұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Асфандияров, Х.Досмұхамедов, Т.Шонанов, Ә.Бөкейханов, О.Жандосов т.б белгілі қоғам қайраткерлері әрі қарай жалғастырып, қазақ мектептері оқу-тәрбие үрдісінің көлемін ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.
Бұрынғы кезеңдегі тәлім-тәрбие мәселелерін ғылыми зерттеу жұмысына қазіргі ТМД аймағындағы елдерде ерекше үлес қосқан ғалымдар көптеп саналады. Айталық, Э.Д.Днепров, Е.Н.Медынский, А.Б.Петровский, Н.К.Гончаров, С.Х.Чавдаров, К.Пирлиев, С.Раджабов, Ө.Алеуов т.б. еңбектерінде педагогикамен психология ғылымдары тарихы, оның іргелі де басым бағыттағы теориялық мәселелері әдіснамалық арналары жайлы құнды пікірлер айтылады.
Ұлттық тәлім-тәрбие саласының сан-алуан мәселелері біздің еліміз жағдайында да біршама уақыттан бері ғылыми-зерттеу нысанына айналып келеді. Бұл тақырыптарда тек соңғы жылдардың өзінде ғана ондаған диссертациялар қорғалып, бірқатар төлтума еңбектер жарыққа шықты. Мәселен осы ретте Қ.Жарықбаевтің, А.Көбесовтың, С.Қалиевтің, Қ.Құнантаеваның, Г.М.Құдиярованың К.Ш.Шаймерденованың, Қ.Бөлеевтің, Ә.Габылдиевтің, Ж.Ш.Наурызбайдың, А.А.Бейсенбаеваның, Ж.К.Намазбаеваның т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Соңғы жылдары жекелеген ғұлама ғалым, ағартушы педагогтардың педагогикалық рухани, мағнауи мұралары жан-жақты қарастырылан, зерттеу нысанына айналуда. Мәселен, «С.Асфандияров мұрасындағы педагогикалық идеялар» (Б.Қиясова), «С.Көбеевтің педагогикалық көзқарастары» (С.Садуқасова), «С.Торайғыровтың педагогикалық ағартушылық көзқарастары» (Р.Көшенова), «А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу» (Р.Үсенбаева), «М.Жұмабаевтің педагогикалық көзқарастары» (А.Құдиярова), «Х.Досмұхамедұлының педагогикалық мұрасы» (А.Тұрсынова), «Т.Шонановтың педагогикалық мұрасы» (С.Баймұратова), «А.Жұбановтың педагогикалық идеялары» (К.Құнанбаева), М.Төлебаевтің педагогикалық идеялары» (Ж.Төлебаева) т.б. көптеген ғалымдар ғылыми зерттеу ізденушілер тарихи педагогикалық зерттеулерін арнаған. Аталған қайраткерлердің қай-қайсысына туған елін, өскен жерін, шексіз сүйген елжанды азамат, жалынды жазушы, арқалы ақын, зерделі зерттеуші, өз ұлтының шын мәніндегі ұлы ұстаздары іспетті еді. Олар өздерінің үлгілі өнегелі істерімен, ұлағатты сөздерімен, қайырымды істерімен, мінез-құлықтарымен сол дәуірдің өзінде де иісі қазақ жұртының зор құрметіне иеленген беделді, рухани, мағнауи көшбасшыларымыз болды. Бұл зиялы азаматтарымыздың барлығы да халық ағарту майданында ерекше көзге түсіп, тәлім-тәрбие, мектеп жұмысы салаларында өзіндік өшпестей із қалдырған, туған халқының рухани адамгершілік, мағнауи үрдісіне бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеп, жол көрсеткен ерен қажырлы қайраткерлер. Олардың мұралары туралы ғылыми зерттеулердің барлығы да уақыт талабына сай әрі сәйкес дүниеге келген қажетті де құнды еңбектер екендігі даусыз әрі талассыз. [1]
Бұл ретте түркі дүниесінің оның ішінде халқымыздың бүкіл рухани адамгершілік, мағнауи әлемінен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері тарихынан аса көрнекті ғұлама ғалым, сопылық мектеп пен әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл, философ ұстаз, Түркістанның пірі, Түркі-ислам жолының негізгі ірге тасын қалаушы Құл Қожа Ахмет Ясауидің есімінің алар орны ерекше.
Құл Қожа Ахмет Ясауи - өз дәуірінің әдеби-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміз бен тіліміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы ғұлама-ғалым, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай әдебиетіміздің мәдениетіміздің, тіліміздің, дініміздің, діліміздің «Ақиқатқа апаратын жол бастаушымыз – Білім иесі» өкілі.
Қ.А.Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілетімен талантын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе келешек жас өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама ғалым қаламгер. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдебиетінің, тілінің қалыптасып, дамуына, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде Республикамыздағы педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік, мағнауи мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Міне соның нәтижесінде, ұлы ғұлама ғалым есімі өз кезінде біршама түркі әлемінің мәдениетінің білім беру саласының тарихынан да ерекше орын алды. Сондықтан да Құл Қожа Ахмет Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоймай келуде.
Демек оның педагогикалық ой-пікірлеріне, рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларына зер салу – күн тәртібіндегі іргелі мәселелердің бірі.
Көрнекті ұлы ғұлама ғалымның танымдық тәрбиелік мәні орасан зор көркем рухани адамгершілік туындылары ана тілі, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім, таным, оқу-білім, тәлім-тәрбие тақырыбына байланысты жазған мұралары, ой-пікірлері, өткен ғасырларда жарық көрген көптеген белгілі, белгісіз еңбектері бірнеше салада зерделі ғылыми зерттеулерді қажет етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, біздің таңдап алып отырған тақырыбымыз бұл саладағы алғашқы арнайы ғылыми зерттеу жұмысы болып есептелінетіні, өз ғылыми зерттеуіміздің өзектілігі мен қоғамға қажеттілігі бүгінгі күн талабынан туып отырғандығы айқын. [12]
Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы, рухани адамгершілік, мағнауи мұралары философиялық тарихи, мәдени, әдебиеттану, тілтану т.б. бағытта біршама зерттеліп, тиісті бағасын алып келеді. М.Мырзахметұлы, К.Зейбек, Е.Тұрсынов, Ә.Н.Нысанбаев, Д Кенжетай, А.Нұртазииа, М.Е.Массон, Е.Бертельс, В.А.Гардлевский, К.Тәжікова, Т.Есембеков, А.Абуов, М.Жармұхамедов, З.Жандарбек, Ә.Муминов, М.Ераслап т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері ұлы ғұламаның шығармашылығы мен рухани адамгершілік, мағнауи мұраларын әдеби танымдық тіл білімі, философиялық тұрғыдан әр жақты қарастырады.
Оның Алланы сүю, туған жерге, тілге, дінге, ділге, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, ананы қастерлеу, қыз баланы құрметтеу, адамдарды сүю, ғылымды ардақтау, ас пен іске құрметпен қарау, т.б туралы жазған құнды хикметтегі ойларын, демократиялық көзқарастарын жеткіншек өскелең жас ұрпақты, оқушы жастарды тәрбиелеу ісіне пайдаланудың маңызы өте зор әрі қажетті де баға жетпес құнды мұра.
Алайда Қ.А.Ясауи шығармашылығындағы рухани адамгершілік, имандылық, инабаттылық, елжандылық, патриоттық, мәдениеттілік, тілін, дінін құрметтеу сияқты тәлім-тәрбиелік идеялардың жүйеленбеуі және сонымен бірге олардың жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне қажеттілігі, сондай-ақ мұның оқушы жастарға адамгершілік, имандылық, патриоттық тәлім-тәрбие беруде өз дәрежесінде пайдаланылып қолданылмауы арасында өзара қарама-қайшылықты байқатады.
Демек, аталған қайшылықтың шешімін табуда ұлы ғұлама ғалым, ұстаздың бай педагогикалық идеяларын ғылыми педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерделеу біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың проблемасын құрайды.
Педагогикалық әдебиеттерде ұлы ғұлама-ғалым ұстаздың педагогикалық ой пікірлерінің зерттелмеуі ғылыми зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігін айқындап, зерттеу тақырыбын «Қожа Ахмет Ясауи мұраларындағы педагогикалық көзқарас» - деп алуымызға себепші болды.
Достарыңызбен бөлісу: |