Сабақтың тақырыбы: «Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел» (3-сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жер бетінің ауаны жылытуы және жел туралы ұғымдарды меңгерту, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылығы: Жағдаяттар туғызу арқылы, жеке тұлғаға бағдарланған тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген танымдық қызығушылығын, белсенділігін туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық:
Орнымыздан тұрайық,
Көзімізді жұмайық.
Әдемі ойлар ойлайық,
Әдемі ойлар ойлап ап,
Жаңа сабақ бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасына « Ауа және оның қасиеттері» тақырыбы берілген. Сұрақ-жауап әдісі арлықы үй тапсырмасын тексеру:
1. Жер бетінде ауа қалай таралады?
2. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?
3. Тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?
4. Ауаның температурасы қалай өзгереді?
5. Ауа ластауға бола ма?
6. Ауаның негізгі қасиеттері
ІІІ. Жаңа сабақ барысы:
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел»
-Балалар, біз қандай тарау өтіп жатырмыз?
-Табиғат және адам
- Дұрыс айтасыңдар
Табиғат дегенде сендердің ойларыңа не келеді?
Адам, жануар, өсімдік, ауа, жер, ай, су.
Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан түскен күн сәулелерін тез өткізіп жібереді де, одан тікелей қызбайды. Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға пештен таралған сияқты жер бетінен таралады. Соған орай ауаның жер бетіне таяу қабаты ғана жақсы жылынады да, биіктеген сайын жылу мөлшері бірте - бірте азаяды.
Ауа жер бетінен жылынатындықтан оның температурасы құрлық пен судың үстінде де әр түрлі болады.
Ауа жылынғанда жеңіл тартып, жоғары көтеріледі. Оның орнына су бетінен салқын ауа келеді, яғни осы алмасу құбылысынан жел пайда болады.
Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз. Желдің түрлері болады самал жел, дауыл, құйын т/б.
Жел көкжиектің қай тұсынан соқса соның атымен аталады. Солтүстік, батыс желі, т/б. Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал желбағар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |