5-бөлім. Үлбір өндірісі
85. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы
Параграф 1. Су-химиялық өңдеу аппаратшысы, 4-разряд
539. Жұмыс сипаттамасы:
теріні күбіде, баркаста, барабанда технологияға сәйкес жібіту-ылғалдандыру;
теріні, ерітіндіні, химикаттар мен материалды тасымалдау;
жабдықтың сумен және химиялық өңдеу жүргізуге даярлығын және жарамдылығын тексеру;
жұмыс ерітінділерін жасау, мөлшерлеу, аппараттарға құю, қыздыру, күшейту;
температуралық режимді және терінің ерітіндіде қозғалу жылдамдығын реттеу;
техникалық талаптарға сәйкес сумен және химиялық өңдеудің технологиялық режимін сақтау;
жібіту процесінің аяқталу уақытын айқындау, ерітіндіні ағызу және теріні аппараттан алу.
540. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және техникалық пайдалану, майлау және тазалау ережесі, аң-мал терісі шикізатының түрлері, сумен және химиялық өңдеу технологиясы, былғары талшығы мен терінің жүн қабатының қасиеттері мен құрылымы, аң-мал шикізатын консервілеу тәсілдері, ылғалдандыру сапасына қойылатын талаптар, химикаттар мен ерітіндінің құрамы мен концентрациясы, аң-мал шикізатын салу нормасы және аппаратқа ерітіндіні құю нормасы, аң-мал шикізатын сумен және химиялық өңдеу циклінің ұзақтығы, температуралық режим және оны реттеу тәсілдері.
86. Тері илеу аппаратшысы
Параграф 1. Тері илеу аппаратшысы, 4-разряд
541. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті тері илеу аппаратшысы басшылығымен қызмет көрсететін аппараттарда технологияға сәйкес аң-мал терілерін пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу технологиялық процестерін жүргізу;
теріні аппараттарға қолмен немесе механикаландырылған тәсілмен салу және алу;
ерітіндіні құю үшін жабдықты дайындау;
өңделген ерітіндіні аппараттан ағызу;
тері илеудің технологиялық процесін бақылау.
542. Білуге тиіс:
аң-мал терілерін пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу технологиялық процестерін жүргізу ережесі, аң-мал терісі шикізатының түрлері, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттері және олардың өзара әрекеті, қызмет көрсететін аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, көтеру-тасымалдау құрылғыларының жұмыс істеу қағидаты және оларды пайдалану ережесі.
Параграф 2. Тері илеу аппаратшысы, 5-разряд
543. Жұмыс сипаттамасы:
технологияға сәйкес қызмет көрсететін аппараттарда аң-мал терілерін пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу, илеу-майлау, пикельдеу-майлау технологиялық процестерін жүргізу;
илеу операциясын өткізу үшін аппараттардың, химиялық ерітінділердің дайындығын тексеру;
химиялық ерітінділерді жасау;
химиялық материалдарды мөлшерлеу, жылыту, ерітінділерді күшейту;
теріні аппараттарға қолмен немесе механикаландырылған тәсілмен салу;
температуралық режимді бақылау, талдау мен есептер негізінде жұмыс ерітіндісін түзету;
жұмыс ерітіндісінің, жартылай дайын өнімнің сынамаларын алу және тері дайындығының дәрежесін анықтау;
терілерді аппараттардан алу.
544. Білуге тиіс:
пикельдеу, илеу, бейтараптандыру, жуу, илеу-майлау, пикельдеу-майлау технологиялық процестерін жүргізу ережесі, аң-мал терісі шикізатының түрлері, талдау әдістері, талдау өткізу үшін сынамалар алу әдістері, химиялық материалдар шығының нормалары, аң-мал терілерін өңдеудің ықтимал ақаулықтары, қызмет көрсететін аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құбырлардың пайдалану және реттеу ережесі.
87. Тегістеу аппаратшысы
Параграф 1. Тегістеу аппаратшысы, 3-разряд
545. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір және тонға арналған қой терісінің ұсақ және орташа түрлерін (бағалы аң терісі және қаракөл-елтіріден басқа) тегістеу барабанында ылғалдандырылған ағаш үгінділердің көмегімен технология талаптарына сәйкес тегістеу-жазу және теріні кейіннен торлы барабанда қағу;
икемді, жұмсақ былғары және шаң-тозаңнан, май қалдықтары мен бояудың бөлшектерінен тазартылған, таза, құрғақ және сусылдақ түк қабатын алу мақсатында теріні құрамды барабанда бірлесіп өңдеу-кептіру, ылғал үгінділермен тегістеу-жазу, жүктеме түсірмей қағу немесе тиісті аппараттарда гидротермиялық өңдеу;
тері мен үгіндіні тасымалдау;
жартылай дайын өнімдердің, барабандар мен аппараттардың операция орындау үшін даярлығын тексеру;
барабандар мен тиісті аппараттарға салу және одан алу.
546. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және техникалық пайдалану ережесі, үлбір жартылай дайын өнімдерінің түржиыны, теріні қарапайым және бірге өңдеу режимі, ағаш үгінділердің сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Тегістеу аппаратшысы, 4-разряд
547. Жұмыс сипаттамасы:
бағалы аң терісі және қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін вакуум-барабанда, құрамды барабанда, тегістеу барабанында ылғалдандырылу дәрежесі әртүрлі ағаш үгінділердің көмегімен технологиялық процесс талаптарына сәйкес тегістеу-жазу және икемді, жұмсақ былғары және шаң-тозаңнан, май қалдықтары мен бояудың бөлшектерінен тазартылған, таза, құрғақ және сусылдақ түк қабатын алу мақсатында теріні кейіннен торлы барабанда қағу;
вакуум-барабандардың, желдеткіш құрылғылардың, бу жіберу құрылғылары жұмысының ылғалдық-температуралық режимін реттеу;
өңдеудің аяқталуын, терінің кесілуін, түкті қабатының ұйысуы мен оралуын, терінің шөгуін айқындау;
тегістеу-жазу процесін жүргізу сапасын бақылау.
548. Білуге тиіс:
вакуум-барабанның, құрамды тегістеу және сілкілеу барабандарының құрылысы, механизмдер жұмысы мен ылғал-температуралық режимді реттеу, аң-мал терісі жартылай дайын өнімнің түржиыны, жартылай дайын өнімнің қасиеттері, ағаш үгінділері мен бу-ауа қоспасын мөлшерлеу тәсілдері.
88. Тон құрағын пісіруші
Параграф 1. Тон құрағын пісіруші, 3-разряд
549. Жұмыс сипаттамасы:
тон және үлбір құрағын және басқа да қалдықтарды технологиялық режимге сәйкес пісіру;
тон және үлбір құрағын, қиындылар мен өндірістің басқа да қалдықтарын жұмыс орнына тасымалдау;
оларды пісіру қазандықтары мен аппараттарға салу, су және күкірт қышқылын құю, қажетті концентрациялы ерітінді жасау;
жүнді жуу және аппарат пен қазандықтардан алу, сығу, кептіру, оны бумаларға орау немесе қаптарға салу;
пісіру қазандықтары мен аппараттарын тазалау.
550. Білуге тиіс:
пісіру қазандықтары мен аппараттардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі, тон және үлбір құрағының түрлері, тон және үлбір құрағын және басқа өндіріс қалдықтарын пісірудің технологиялық режимінің өлшемдері, қызмет көрсететін жабдықты тазалау тәсілдері мен мерзімділігі.
89. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы
Параграф 1. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 3-разряд
551. Жұмыс сипаттамасы:
тері илеу өндірісінде жұмыстарды орындау сапасын шаблон бойынша жиектегеннен кейін, ұсақ терілердің (бағалы аң терісінен басқа) ақаулықтары мен қолдан жасағанды жойғаннан кейін бақылау;
бақыланатын үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарын бағалау және есеп жүргізу.
552. Білуге тиіс:
орындалатын технологиялық операцияларды бақылау әдістері мен тәсілдері, ұсақ терілердің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары, өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, үлбір шикізаты мен терілердің ақаулықтарын есепке алу тәртібі.
Параграф 2. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 4-разряд
553. Жұмыс сипаттамасы:
тері илеу өндірісінде жұмыстарды орындау сапасын ұсақ және орташа аң терілерін (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден басқа) бұйымның етегіне пішкеннен кейін, қой терісін жағаға, үлбір құрақты бұйым мен әшекейлеуге, тиіннің терісін жекелеген бөлшектерге пішкеннен кейін, орташа терілер мен теңіз аңы терілерін, тиін мен қаракөл терілерінен басқа терілерді қолдан жасау және ақаулықтарын жоюдан кейін, қой терісінің шап терісі мен қырқылған жерлерін құрақпен өңдеуден кейін бақылау;
бақыланатын үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарды анықтап, оларды жою бойынша шараларды қабылдау және есепке алу.
554. Білуге тиіс:
орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, орташа терілер мен теңіз аңы терісінің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары, бақыланатын операциялардың сапасын тексеру ережесі, өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, ақаулықтарды есепке алу тәртібі.
Параграф 3. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 5-разряд
555. Жұмыс сипаттамасы:
тері илеу өндірісінде жұмыстарды орындау сапасын теріні бұйымдарға, үлбірге, пластиналар мен үлбірге, пластиналарды ұсақ және орташа аң терілеріне (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден басқа), үлбір мен тонға арналған қой терісін бұйымдарға пішкеннен кейін, бұйымның етегіне пішкеннен кейін, тиін мен қаракөл терілерін қолдан жасағаннан кейін бақылау;
ұсақ және орта түрлерінің (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден басқа) терілерінің жинап-бүктеудің бұйымдарға сапасын бақылау;
үлбір шикізаты мен терілердің кінәраттарын анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
есеп жүргізу құжаттамасын жүргізу.
556. Білуге тиіс:
орындалатын операциялардың бақылау әдіс-тәсілдері, бақыланатын бұйымдар түржиынының мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары, бақыланатын операциялардың сапасын тексеру ережесі, өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, есепке алу тәртібі.
Параграф 4. Тері илеу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы, 6-разряд
557. Жұмыс сипаттамасы:
тері илеу өндірісінде жұмыстарды орындау сапасын бағалы аң терісін қаракөл-елтіріге теңіз аңы терісін бұйымдарға, пластиналар мен үлбірге, тері мен пластиналарды бұйымдарға пішкеннен кейін, тарқатуға, аударуға және басқа да күрделі әдістермен пішкеннен кейін, бұйымдарды, үлбір мен пластиналарды жинап-бүктеуден кейін бақылау;
кінәраттарды анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
есеп құжаттамасын жүргізу.
558. Білуге тиіс:
орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, бақыланатын бұйымдар түржиынының мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары, бақыланатын операциялардың сапасын тексеру ережесі, өңдеу кезінде кінәраттардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар, ақаулықтарды есепке алу тәртібі.
559. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
90. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай
дайын өнімдерді бақылаушы
Параграф 1. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай
дайын өнімдерді бақылаушы, 2-разряд
560. Жұмыс сипаттамасы:
шикізаттық-бояу өндірісінде ұсақ терілерді (бағалы аң терілерінен басқа) технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникадық шарттарға сәйкес бөліп, тегістегеннен кейін өңдеу сапасын бақылау;
кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
кінәраттарды баллдық бағалау және оларды орындаушылар бойынша есепке алу.
561. Білуге тиіс:
орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, терілерді өңдеу сапасына қойылатын талаптар, ұсақ терілердің түржиыны, өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау, кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар.
Параграф 2. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай
дайын өнімдерді бақылаушы, 3-разряд
562. Жұмыс сипаттамасы:
шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір және тонға арналған қой терісінің жүнін технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарға сәйкес, орташа терілердің (бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріден басқа), теңіз аңы терісін, үлбір және тонға арналған қой терісінің жүнін қырқу, ажырату, үлбір және тонға арналған қой терісінің жиегін кергеннен, теңіз аңы терісін ажыратып, тегістегеннен кейін шикізат етіп өңдеу сапасын бақылау;
кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау, өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау және оларды есепке алу.
563. Білуге тиіс:
орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, аң-мал терілерінің түржиыны, олардың сапасына қойылатын талаптар, үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау ережесі, кінәраттардың пайда болу себептері және оларды жою бойынша шаралар.
Параграф 3. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай
дайын өнімдерді бақылаушы, 4-разряд
564. Жұмыс сипаттамасы:
шикізаттық-бояу өндірісінде ұсақ терілерді (бағалы аң терілерінен басқа) технологиялық картаға, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарға сәйкес құрғақ терілердің жүн қабатын шелдеуден кейін, құрғақ терілердің жүнін қырыққаннан кейін, бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін машинамен немесе қолмен ажыратқаннан кейін өңдеу сапасын, сондай-ақ температураның әсерімен формалин ерітіндісінде немесе басқа да химиялық заттармен өңделген терінің сапасын бақылау, бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін, үлбір және тонға арналған қой терісін тегістеу сапасын бақылау;
кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
кінәраттарды баллдық бағалау және оларды есепке алу.
565. Білуге тиіс:
орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, аң-мал терілерінің түржиыны, олардың сапасына қойылатын талаптар, үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау ережесі, олардың алдын алу шаралар және жою тәсілдері, шикізаттық-бояу өндірісінің технологиялық схемасы.
Параграф 4. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай
дайын өнімдерді бақылаушы, 5-разряд
566. Жұмыс сипаттамасы:
шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір және тонға арналған қой терісін, орташа терілерді (бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріден басқа), сондай-ақ тиін, ақкіс терілерін шелдеуден кейін өңдеу сапасын бақылау;
шикізат пен жартылай дайын өнімдерді өңдеудің технологиялық режимін сақтау дұрыстығын тексеру;
кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
есепке алу құжаттамасын жүргізу және бақылау нәтижесін жазу.
567. Білуге тиіс:
орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, аң-мал терілерінің түржиыны, олардың сапасына қойылатын талаптар, үлбір шикізатын өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау ережесі, олардың алдын алу шаралар және жою тәсілдері, шикізаттық-бояу өндірісінде сапасын бақылау нәтижесін жазуға арналған құжаттаманы толтыру ережесі.
Параграф 5. Шикізаттық-бояу өндірісінде үлбір шикізаты мен жартылай
дайын өнімдерді бақылаушы, 6-разряд
568. Жұмыс сипаттамасы:
шикізаттық-бояу өндірісінде бағалы аң терілері мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісін шелдеуден кейін өңдеу сапасын бақылау;
шикізат пен жартылай дайын өнімдерді өңдеудің технологиялық режимін сақтау дұрыстығын тексеру;
кінәраттардың пайда болу себептерін айқындау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
есепке алу құжаттамасын жүргізу және бақылау нәтижесін жазу.
569. Білуге тиіс:
орындалатын технологиялық операцияларды бақылаудың әдіс-тәсілдері, бағалы аң-мал терілерінің түржиыны, өңдеу кінәраттарын баллдық бағалау, олардың алдын алу шаралар және жою тәсілдері, сапасын бақылау нәтижесін жазуға арналған құжаттаманы толтыру ережесі, шикізаттық-бояу өндірісінің технологиялық схемасы.
570. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
91. Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы
Параграф 1. Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы, 4-разряд
571. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір мен тонға арналған қой терісін өңдеу технологиясына сәйкес әртүрлі аппараттардағы астауларға батырып салу арқылы бояу;
бояу ерітіндісін үлбір түрі мен имитацияға сәйкес терінің жүн қабатына машинамен немесе щетканың көмегімен қолмен біркелкі жағу, жүн қабатын кірлетпей, терінің былғары қабатының өн бойынша пигменттелген пленкалы қабатты біркелкі жағу;
ерітіндіні жасау, мөлшерлеу, қыздыру, құю, теріні аппараттарға салу, өңделген ерітіндіні ыдыстарға құю және оны сұйықтықты өңдеуге арналған жабдықтарға жіберу;
теріні, бұйымдарды, материалдар мен химикатты тасымалдау;
боялған тері мен бұйымдарды қатарлап үю;
жұмыс кезінде бояудың машинаға берілуін реттеу;
температуралық режим мен технологиялық процестердің ұзақтығын бақылау;
терінің даярлық дәрежесін айқындау, оларды аппараттан алу.
572. Білуге тиіс:
машина мен құрылғының құрылысы, аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және олармен жұмыс істеу ережесі, машиналар мен жабдықтарды техникалық пайдалану ережесі, үлбірді аналинмен және басқа да бояғыштармен бояу технологиялық процессі, бояғыштардың жүн мен теріге тигізетін әсері, бояғыштарды пайдалану ережесі, теріні бояуға дайындау мен бояу сапасына қойылатын талаптар, бояғыштардың, химикаттар мен басқа да материалдардың жұмсалу нормасы, суретке, терінің жүнінің имитациясы мен сипатына байланысты аналин мен басқа да бояғыштарды жағудың әдіс-тәсілдері, теріні аппараттарға салу нормасы, процесс режимі, химикаттарды мөлшерлеу нормасы, ерітінді концентрациясы, теріні машинада бояуға дейін және одан кейін салу.
Параграф 2. Үлбір мен тонға арналған қой терісін бояушы, 5-разряд
573. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір түріне, қажетті сурет түріне, имитация, түсі мен реңкіне сәйкес бояу ерітіндісін терінің, пластина мен үлбір жиектердің жүн қабатының белгілі бір тереңдігіне қалам, жаққыш, шприцаппараттың щеткасы мен аэрографтық және трафареттік бояуға арналған машинаның көмегімен жағу арқылы бояу;
бояу ерітінділерін әдістеме мен нұсқаулыққа сәйкес дайындау және жасау. бояу сапасын бақылау.
574. Білуге тиіс:
үлбір терілердің түрлері, технологиялық процесс және үлбір тері мен имитацияға сәйкес бояу сапасына қойылатын талаптар, тері мен бұйымдардың жүн қабатына қажетті суреттерді салу тәсілі, бояу ерітіндісін жасау рецептурасы және оларды дайындау тәсілдері, бояғыштар мен басқа да материалдарды жұмсау нормасы.
92. Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің машинисі
Параграф 1. Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің
машинисі, 3-разряд
575. Жұмыс сипаттамасы:
желімдеу ерітіндісін жағу процесін жүргізу және жасанды негізде былғары жасаған кезде жүн қабатын қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінде жағу процесін жүргізу;
жүн қабатын жабыстыру сапасын бақылау;
ақаулықтардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;
екіге жіктеу аппаратын орнату және баптау жұмыстарына қатысу.
576. Білуге тиіс:
жартылай автомат желілердің механизмдерін пайдалану ережесі және өзара әрекеттесуі, желімдеу ерітіндісінің қасиеттері, былғары талшығының, қой терісінің жүн қабатының құрылысы мен қасиеттері, жүн қабатын жабыстыру сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінің
машинисі, 4-разряд
577. Жұмыс сипаттамасы:
қой терісін екіге жіктеу жартылай автомат желісінде жасанды негізде үлбір жасаған кезде жүн қабатын екіге жіктеу (кесу);
жартылай автомат желісі механизмдерінің жұмысын тексеру, желіні баптау және оны пайдалану кезінде ақаулықтарды жою жұмыстарына қатысу.
578. Білуге тиіс:
жартылай автомат желілердің құрылысы және оны пайдалану ережесі, былғары талшығының және қой терісінің жүн қабатының құрылысы мен қасиеттері.
93. Жуу машинасының машинисі
Параграф 1. Жуу машинасының машинисі, 2-разряд
579. Жұмыс сипаттамасы:
шикізат пен жартылай дайын өнімдерді аппаратта жуу;
бағалы аң-мал шикізатын аппаратқа салу және одан алу;
шикізатты жуу және сығу үшін машинаға әперу.
580. Білуге тиіс:
аппараттардың мақсаты мен жұмыс қағидаты, бағалы аң-мал шикізатының түрлері.
Параграф 2. Жуу машинасының машинисі, 4-разряд
581. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терінің жүн қабатын доғал пышақты шелдеу машинасында және аппараттарда үйілме, репье, кір мен консервілеуші заттарды алып тастау мақсатында жуу;
технологияға сәйкес жуу ерітінділерін дайындау;
тасымалдаушы, қысқаш және пышақ біліктері арасындағы саңылауды өңделетін терінің түрлері мен қалыңдығына, сондай-ақ жүн қабатының биіктігі мен оның былғары талшығымен байланысының беріктігіне байланысты реттеу.
582. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін машина мен жабдықтардың құрылысы мен пайдалану ережесі, бағалы аң-мал терісі шикізатының түрлері, олардың мақсаты, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы, жуу және сығудың ерекшелігі және олардың сапасына қойылатын талаптар.
94. Ажырату машинасының машинисі
Параграф 1. Ажырату машинасының машинисі, 4-разряд
583. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір және тонға арналған қой терісінің былғары талшығын және теңіз аңы терісін тілмей, кеспей машинада ажырату (жабу);
машина мен жартылай дайын өнімнің операцияны орындауға даярлығын тексеру;
теріні машинаға әперу және салу және оны өңдеу әдістемесінің технологиялық талаптарына сәйкес түзету;
машинаның жұмысын, ажырату (жабу) сапасын бақылау.
584. Білуге тиіс:
машинаның жұмыс механизмдерінің құрылысы мен өзара әрекеттесуі және техникалық пайдалану ережесі, машинаны реттеу ережесі, үлбір терілердің түрлері, өңдеу әдістемесі, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы, тері топографиясы мен қалыбы, теріні ажырату (жабу) алдында оның сапасына және өңдеу сапасына қойылатын талаптар.
95. Шел мен түкті жуушы
Параграф 1. Шел мен түкті жуушы, 2-разряд
585. Жұмыс сипаттамасы:
шел мен түкті барктарда, күбіде және басқа да аппараттарда жуу;
оларды салу және алу;
жуу ерітінділерін жасау және оларды аппараттарға әперуді реттеу.
586. Білуге тиіс:
жабдықтардың құрылысы және оны техникалық пайдалану ережесі, шел мен түкті жуу әдістемесі, шел мен түкті өңдеу сапасына қойылатын талаптар.
96. Үлбір терілерді өңдеуші
Параграф 1. Үлбір терілерді өңдеуші, 2-разряд
587. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілерді пикельдеу, илеу, майлау және басқа да ерітінділерді былғары талшығының өн бойынша жүнін кірлетпей, қолмен немесе жағу машинасымен біркелкі жағу арқылы өңдеу;
машинаның операцияларды орындауға даярлығын және аспирациялық құралдың жұмысқа жарамдылығын тексеру;
теріні үстелге төсемеге немесе машинаның тасымалдаушы механизміне беру және теріні жұмыс білігінің астына балқытылған күйінде салу;
өңдеу сапасын бақылау және ақаулықтардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау;
терінің даярлығын анықтау және оларды жаққаннан кейін үлбір және тонға арналған қой терісінің жиектеріне белгіленген тәртіппен қаттап үю.
588. Білуге тиіс:
қолданылатын жабдықтың мақсаты мен жұмыс қағидаты, үлбір терілердің түржиыны, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы, ерітінділердің құрамы, қасиеттері, мөлшерлемесі, мақсаты мен олармен жұмыс жүргізу ережесі, теріні өңдеуге дайындауға қойылатын талаптар.
97. Үлбір терілерді әрлеуші
Параграф 1. Үлбір терілерді әрлеуші, 2-разряд
589. Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ терілердің (бағалы аң терісінен басқа) былғары талшықтарын шалғыда, қапсырма шегеде, машинада ажырату-қопсыту, үлбір терілерді біркелкі жағу арқылы өңдеу, былғары талшыққа икемділік пен жұмсақтық беру үшін кеспей, тілмей және кертпей, шымшымай жазу және тазалау;
терілердің қопсытуға, машиналардың операцияларды орындауға даярлығын және аспирациялық құрылғының жұмысқа жарамдылығын тексеру;
үлбір терілерді үстелге төсемеге қою немесе машинаның тасымалдаушы механизміне салу, теріні жұмыс білігінің астына балқытылған күйінде салу.
590. Білуге тиіс:
қолданылатын жабдықтың мақсаты мен жұмыс қағидаты, үлбір терілердің түржиыны, былғары талшығы мен жүн қабатының қасиеттері мен құрылысы, ерітінділердің құрамы, қасиеттері, мөлшерлемесі, мақсаты мен олармен жұмыс жүргізу ережесі, үлбір теріні өңдеуге дайындауға қойылатын талаптар.
Параграф 2. Үлбір терілерді әрлеуші, 3-разряд
591. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілерді терінің жүн қабатына бедерлі суреттерді арнайы электр құрылғыларында күйдіру арқылы, люстрлеу, формалин және басқа да химиялық ерітінділерді терінің жүн қабатына қолмен немесе жағу машинасында жағу арқылы өңдеу;
машинада ажырату және керу;
орташа терілер (бағалы аң терісі, қаракөл-елтіріден басқа) мен теңіз аңы терісінің былғары талшықтарын ажырату-қопсыту, былғары талшыққа икемділік пен жұмсақтық беру үшін кеспеу, тілмей және кертпей, шымшымай жазу және тазалау;
жуып, сыққаннан кейін кесу немесе жүн қырқу машиналарында үлбір және тонға арналған қой терісінің жүн қабатын белгіленген биіктік бойынша, тілмей, түк қалдырмай және теріні жыртпай шикізат етіп қырқу-шабу;
машинаның кесуші және тасымалдаушы механизмдерінің арасындағы саңылаудың тиісті көлемін және қой терісін әперу жылдамдығын белгілеу;
қой терісін өн бойын түзете отырып, тасымалдауыштың төсемесіне әперу;
қой терісінің жүнін жасанды түрде бұйралай отырып және сол сәтте бұйра жүнді нығыздауышпен бекіте отырып, түкті күйдірмей және былғары талшығын пісірмей (шалыстырмай) қаракөл ретінде жасау;
терінің жүн қабатына арнайы ерітіндіні щетканың көмегімен қолмен белгіленген тереңдікте өн бойына біркелкі етіп жағу;
ерітіндіні жағу сапасын бақылау және терінің жүн қабатына белгіленген тереңдікке өту сапасын, оның өн бойына жағылған жақпаның қарқындылығы мен біркелкілігін және былғары талшығының ерітіндімен былғанбауын бақылау.
592. Білуге тиіс:
жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі, былғары талшығы мен жүн қабатын өңдеу технологиясы мен тәсілдері, үлбір теріні өңдеу сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 3. Үлбір терілерді әрлеуші, 4-разряд
593. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терінің өңделетін жерлерінде қатты ұйысқан және киізденген жүні бар үлбір және тонға арналған қой терісінің, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріні, теңіз аңы терісінің жүн қабатын қопсыту мақсатында ажырату машинасында ажырату арқылы үлбір терілерді өңдеу;
үлбір және тонға арналған қой терісіне, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріге, теңіз аңы терісіне икемділік пен жұмсақтық беру үшін оның былғары талшықтарын шалғыда, қапсырма шегеде, машинада кеспей, тілмей және кертпей, шымшымай жазу және тазалау;
үлбір терілерді бөлу машинасының пышақ білігіне әперу және салу, өңдеу технологиясына сәйкес оларды бөлу кезінде әр түрлі бағытта бірнеше рет ауыстыру;
түтікті шымшымай, кертпей және тері шеттерін тілмей жүн қабатының үсті тегіс болуы үшін үлбір терілердің құрғақ жүн қабатын белгіленген биіктік бойынша қырқу машинасында қырқу;
өңделетін үлбір жартылай дайын өнімнің түріне және қалыңдығына қарай пышақ және беруші механизм арасында қажетті саңылауды реттеу;
үлбір терілерді жүн жағымен қырқу машинасы тасымалдағышының төсемесіне әперу, өн бойын түзете отырып пышақ білігіне жіберу;
терінің жүн қабатынан қылшықтарды былғары талшықтан қолмен немесе машинамен жұлу арқылы немесе түбітін бүлдірмей тегіс, жібек етіп алу үшін түбіне дейін жұлу;
өңделетін терінің қалыңдығы мен басқа да қасиеттеріне байланысты машинаның металл, бедерлі, резина біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;
операцияны өткізуге және өн бойындағы жүн қабатын өңдеу сапасына бақылау жасау;
автоматты қайрақпен және лента-кескішті тарту мен созуды автоматты реттегішпен жабдықталған жүн қырққыш машинада шикі қой терісін қырқу;
жүн қырққыш машина жұмысының тиісті параметрлерін таңдау: соратын желдетпенің қуаттылығы, кескіш-лентаны қайрау бұрышын, тасымалдағыш лентасы қозғалысының жылдамдығын, жүн қабатын қырқу биіктігін, пышақ және әперу механизмі арасындағы саңылауды реттеу;
үлбір терілердің жүн қабатын қырқу сапасын бақылау.
594. Білуге тиіс:
өңдеу машиналардың әртүрлі түрлерінің құрылысы және оларды пайдалану және реттеу ережесі, өңдеу операциясына үлбір теріні дайындау үшін оған қойылатын талаптар, үлбір терілерді өңдеу операциясының кейінгі технологиялық операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.
Параграф 4. Үлбір терілерді әрлеуші, 5-разряд
595. Жұмыс сипаттамасы:
терінің жүн қабатынан қылшықтарды былғары талшықтан қолмен немесе машинамен жұлу арқылы немесе түбітін бүлдірмей тегіс, жібек етіп алу үшін түбіне дейін жартылай жұлынған қылшықтарды қалдырмай, жұлу;
өңделетін терінің қалыңдығы мен басқа да қасиеттеріне байланысты машинаның металл, бедерлі, резина біліктерінің арасындағы саңылауды реттеу;
үстінде щетка мен әртүрлі бұрыштарда кескіштер орналастырылған пышақ біліктердің көмегімен қой терісін созу, созу-жұмсату;
реверстеу механизмімен үлбір терілерді бірнеше рет алмастыру;
созу-жұмсарту машинасының пышақ және тасымалдаушы механизмі мен қой терісін әперу жылдамдығы арасында тиісті саңылау жасау;
қой терісін қырқу (тегістеу) машинасында тегістеу, қырқу;
пышақ білігінің айналу жылдамдығын және тасымалдағыштың қозғалыс жылдамдығын басқару пультында реттеу;
жылжымайтын пышақтың көлденең және тік жазықтықта алмасуын реттеу, әперетін және жіберетін тасымалдағыштардың ленталарын керу;
технологиялық процестерді өткізу сапасына бақылау жасау;
жабдықты баптау.
596. Білуге тиіс:
жабдықтардың құрылысы және баптау ережесі, пышақты және басқа да құралдарды пайдалану ережесі, жүн қабатының құрылысы және қылшық пен түбіт түтіктің айырмашылық белгілері, жартылай дайын өнімдер мен өңдеу сапасына қойылатын талаптар, жүн қабатын өңдеудің әдіс-тәсілдері.
98. Шикізат, тері илеу-бояу және формалин цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын жеткізуші
Параграф 1. Шикізат, тері илеу-бояу және формалин цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын жеткізуші, 3-разряд
597. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір шикізатын, тері илеу-бояу және формалин цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын қол арбада, вагонеткада тасымалдауға қатысты қосалқы жұмыстарды орындау.
598. Білуге тиіс:
шикізаттың, жартылай дайын өнімдердің, химиялық материалдардың түрлері мен қасиеттері, тасымалдау ережесі.
99. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші
Параграф 1. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 1-разряд
599. Жұмыс сипаттамасы:
теріні ешбір құралсыз қолмен түзету;
терінің былғары талшықтарын ені мен ұзындығына қолмен керу (жазу және керу).
600. Білуге тиіс:
терінің қалыбы мен топографиясы, жазу және керу тәсілдері.
Параграф 2. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 2-разряд
601. Жұмыс сипаттамасы:
оралып алынған терілерді, пішімдерді бумен жібіту;
трубкамен алынған терілерді арнайы түзеткіштерде түзету;
теріні былғары жағына немесе жүн жақ бетіне айналдыру, үлбір тері мен бұйымдарды рамадан алу, илеу жіктерін түзету;
рамаларды кептіргіштерге салу, кептіру камераларындағы кептірудің технологиялық режимі мен температурасын бақылау;
рамаларды кептіргіштерден шығару.
602. Білуге тиіс:
түзеткіштер мен рамалардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі, терінің қалыбы мен топографиясы, түзету және керу тәсілдері, теріні рамада түзету жұмыстарын орындау тәртібі мен тәсілдері, әртүрлі үлбір терілерді рамада керу дәрежесі, үлбір терілерді кептіру режимі және олардың даярлық дәрежесі, әртүрлі үлбір терілерге түзеткеннен кейін қойылатын талаптар.
Параграф 3. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 3-разряд
603. Жұмыс сипаттамасы:
терінің былғары талшықтарын ені мен ұзындығына қолмен немесе арнайы құрылғылардың, механикалық түзеткіштердің көмегімен түзету (керу), үлбір терілерді жағылған контур бойынша қысқашпен, шеге немесе түйреуіштермен бекіту арқылы рамада кере отырып, түзету, көлемін ұлғайту мақсатында теріні машинада түзету, ашытылған қаракөлді кептіру үшін және симметриялы қалып беру үшін оны контуры мен көлемі бойынша түзете отырып жаю.
604. Білуге тиіс:
машиналардың, механикалық түзеткіштер мен кептіру камераларының құрылысы және оларды пайдалану ережесі, түзету және керу ережесі,терілерді рамада түзету бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен тәсілдері, әртүрлі үлбір терілерін рамада керу дәрежесі, үлбір терілердің кептіру режимі және олардың даярлық дәрежесі, ашытылған шикі қаракөлді жазу және түзету сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 4. Үлбір терілер мен бұйым пішімдерін түзетуші, 4-разряд
605. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір пішімдері мен үлбір терілерді пішу алдында рамаларда технологиялық талаптарға сәйкес, тері мен бұйымдарды қажетті қалыпқа сәйкес және қатарды дұрыс орналастыра отырып, қысқаштар, шегелер мен түйреуіштермен бекіту арқылы белгіленген контур бойынша түзету;
арнайы түзеткіштерде қалыптау әдісімен жасалған жағаларды түзету;
бұйымдарды лекалалар бойынша контур рамаларына салу.
606. Білуге тиіс:
рамалардың, механикалық түзеткіштер мен кептіру камераларының құрылысы және оларды пайдалану ережесі, үлбір түріне, лекаланың фасоны мен өлшеміне байланысты бұйымның пішімдерін түзету үшін жағасы мен бұйымдардың (қалыптау әдісімен жасалған) пішімдерін түзету жұмыстарын орындау тәртібі мен тәсілдері, әртүрлі үлбір терілері мен бұйымдардың пішімдерін кептіру режимі және олардың даярлық дәрежесі.
100. Нығыздаушы
Параграф 1. Нығыздаушы, 2-разряд
607. Жұмыс сипаттамасы:
жүн мен тоқыма және басқа да материалдардың қалдықтарын баулар мен теңдерге қол немесе механикалық нығыздауыштармен нығыздау.
608. Білуге тиіс:
нығыздауыштың құрылысы мен пайдалану ережесі, үлбір тері мен жүнді баулар мен теңдерге нығыздауға қойылатын талаптар.
101. Шикізат орамын ашушы
Параграф 1. Шикізат орамын ашушы, 2-разряд
609. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір шикізатының теңдері мен байламдарын қолмен ашу, терінің тұзын кетіру, биркаларды кесу, теріні үлбір шикізатының түрі бойынша және өңдеу әдістемесіне сәйкес қатарлап және сөрелерге төсеу және үю;
жүн қабаты мен былғары талшықтарында зиянкестердің болуын анықтау;
шикізат пен жартылай дайын өнімдердің айрықшалыққа сәйкестігін тексеру;
орау материалдарын белгіленген тәртіппен жинау және салу.
610. Білуге тиіс:
үлбір және тонға арналған қой терісі шикізатын және жартылай дайын өнімнің орамын жазу, теріні үлбір шикізатының түрі бойынша қатарлап және сөрелерге төсеу және үю тәртібі.
102. Үлбір теріні тараушы
Параграф 1. Үлбір теріні тараушы, 2-разряд
611. Жұмыс сипаттамасы:
жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын (жұлынып қалған жерлерсіз) сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында үлбір және тонға арналған терілердің, ұсақ және орташа (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтіріден басқа) терілердің жүн қабатын машинамен немесе арнайы тарақтардың, кардоленттердің және тағыда басқа көмегімен тарау;
теріні машинаға салу, жүн қабатының таралу сапасын бақылау;
машинаны тазалау.
612. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін машина механизмдерінің жұмыс қағидаты, майлау және тазалау ережесі және мерзімділігі, терінің жүн қабаты мен былғары талшықтарының құрылысы, үлбір терілердің өндірістің мақсаты, тарауға дайындау және оның сапасына қойылатын талаптар, тарау ақаулықтарының кейінгі технологиялық операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.
Параграф 2. Үлбір теріні тараушы, 3-разряд
613. Жұмыс сипаттамасы:
жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында бағалы аң терісі мен теңіз аңы терісінің жүн қабатын машинамен немесе арнайы тарақтардың, кардоленттердің және тағыда басқа көмегімен тарау.
үлбір терілердің жүн қабатын тарау сапасын бақылау;
машинаны тазалау.
614. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі, аң-мал терісі жартылай дайын өнімдерінің жүн қабаты мен былғары талшықтарының құрылысы, үлбір терілердің өндірістің мақсаты, тарауға дайындау және оның сапасына қойылатын талаптар, тарау ақаулықтарының кейінгі операцияларды орындау сапасына тигізетін әсері.
Параграф 3. Үлбір теріні тараушы, 4-разряд
615. Жұмыс сипаттамасы:
жүн қабатындағы үгінділерді, шаңды, тік оралған, ұйысқан және жабысып қалған түктерді алып тастау және жүн қабатының тұтастығын сақтай отырып, жүн қабатына талшықтардың табиғи орналасуын қамтамасыз ету мақсатында, кард білігінің автоматты тазалағыш құрылғысымен және тараудың тереңдігін автоматты өзгерісі бар қызметімен жабдықталған кардтық тарау машинасында терілердің жүн қабатын тарау процесін жүргізу;
жартылай дайын өнімді конвейрге салу;
белдікті, әперетін және жіберетін конвейерлердің торларын, жартылай дайын өнімнің жүн қабатын тарау тереңдігін, кардолентаны керу;
кард білігін қалдықтардан мезгіл-мезгіл тазалау;
жартылай дайын өнімнің қалыңдығына, оның сапалық сипаттамасына қарай конвейер қозғалысының, кард білігінің айналу жылдамдығын, тасымалдаушы біліктердің жылдамдығын реттеу;
үлбір терілердің жүн қабатын тарау сапасын бақылау.
616. Білуге тиіс:
үлбір жартылай дайын өнімді тарау процесін орындау ережесі мен тәсілдері, жартылай дайын өнімді тарауға дейін және кейін қойылатын техникалық шарттар, кардтық тарау машинасының құрылысы, пайдалану және баптау ережесі.
103. Илеуші-жинаушы
Параграф 1. Илеуші-жинаушы, 4-разряд
617. Жұмыс сипаттамасы:
түсі, реңі, жүн қабатының ұзындығы, қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына қарай біртектес ұсақ және орташа терілерден (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа), тонға арналған қой терісінен талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес жағаларды жинақтап-реттеу;
тері құрақтардан жүн қабатының және былғары талшығының түсі, реңкі, қалыңдығы, сипатына қарай лекала мен сызбалар бойынша сұрыптау, жинақтап-реттеу, пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.
618. Білуге тиіс:
үлбір бұйымдардың түржиыны, ұсақ және орташа терілер (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) және тонға арналған қой терісі, терілердің жүн қабатының сипаты мен топографиясы, тонға арналған қой терісінен жасалған бұйымдарды, ұсақ және орташа терілерді және тері құрақтарын жинақтап-реттеуге қойылатын техникалық талаптар, теріні жұмсау нормалары, тері пішімінің сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Илеуші-жинаушы, 5-разряд
619. Жұмыс сипаттамасы:
түсі, реңі, жүн қабатының ұзындығы, қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына, қатар санына қарай біртектес ұсақ және орташа терілерден (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа), үлбір және тонға арналған қой терісінен, құйрық, аяқ, тиін терісі бөліктерінен (жон арқасынан басқа) техникалық талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес бұйымдарды, үлбір, жолақтарды жинақтап-реттеу;
үлбірде, жолақтар мен бұйымдарда терінің сызбаларға сәйкес орналасуы, пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.
620. Білуге тиіс:
үлбір және тонға арналған қой терісінің әртүрлі терілерін, құйрығы, аяғы, тиін терісінің бөліктерінен (жон арқасынан басқа) жасалған үлбір бұйымдардың түржиыны, бұйымдардың жиын-ретіне, үлбір мен жолақтарға қойылатын техникалық талаптар, тиімді орналастыру.
Параграф 3. Илеуші-жинаушы, 6-разряд
621. Жұмыс сипаттамасы:
түсі, реңі, жүн қабатының ұзындығы мен қалыңдығы мен суреті, былғары талшығының сипатына, қатар санына қарай біртектес бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен техникалық талаптар мен үлбірді жұмсау нормаларына сәйкес бұйымдарды, үлбір, пластиналарды жинақтап-реттеу;
үлбірде, жолақтар мен бұйымдарда терінің сызбаларға сәйкес орналасуы;
терілерді лекала мен сызбалардың қалыбы бойынша кесу, пішімдегі терінің орнын білдіретін белгі салу.
622. Білуге тиіс:
аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен жасалған үлбір бұйымдардың түржиыны, бұйымдардың жиын-ретіне, аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен, теңіз аңы терілерінен жасалған үлбір мен жолақтарға қойылатын техникалық талаптар, техникалық шарттар, пайдалы ауданын барынша көп пайдаланған кезде тиімді орналастыру әдістері.
104. Илеуші-пішуші
Параграф 1. Илеуші-пішуші, 2-разряд
623. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілердің шап терісі бөліктері мен жиектерін алып тастау;
құйрық, бас, құлақ шеміршектерін кесу және тазалау.
624. Білуге тиіс:
теріні пішу ережесі, үлбір түрлері, әртүрлі үлбірлердің терісінің топографиясы, шаблон бойынша пішу, үлбір терілерді кесу және тазалау тәсілдері.
Параграф 2. Илеуші-пішуші, 3-разряд
625. Жұмыс сипаттамасы:
шаблон бойынша пішу, кінәраттарын жою және шағын топты (бағалы аң терісінен басқа) терілердің жетіспейтін бөліктері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау;
жиналған терілердің саны мен сапасын тексеру;
кінәраттарды жою, орташа, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінің аяқ тұсын кесу;
лекала, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес үлбірді ойыншықтардың бөлшектеріне пішу.
626. Білуге тиіс:
әр түрлі үлбірді ойыншықтардың бөлшектеріне пішу әдістері, үлбір ойыншықтардың түржиыны, жүн қабаты мен былғары талшықтарының сипаты мен топографиясы, ұсақ терілердің кінәраттарын жою тәсілдері.
Параграф 3. Илеуші-пішуші, 4-разряд
627. Жұмыс сипаттамасы:
жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін, лекала, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) бұйымдардың етегіне, тонға арналған қой терісін – жағаға, үлбір құрағын – бұйымдар мен жиектерге, тиіннің терісін – жекелеген бөліктерге: арқаға, басына, жамбасына, шабына, бүйіріне пішу;
жетіспейтін бөлшектері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау және орташа терілерде және теңіз аңы терісіндегі кінәраттарды жою, тонға арналған қой терісінің шап терісін, қырқылған жерлерін жапсырмалармен өңдеу;
көлемін барынша толық пайдалану үшін теріні ені мен ұзындығына түзету;
құрақтардан жасалған үлбір бұйымдарын және үлбір мен қой терісінен жасалған бұйымдардың етегін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) қолмен өңдеу, бұйымдардың борттарын, етегін, астарын, ойындысын қырқу және тізіп орау;
жүн қабатының және былғары талшығының жағынан бұйымдарды қарау, илеу жұмыстарының сапасын тексеру, қию, қосу және қолмен тіреу арқылы кінәраттарды анықтау және жою;
қырқу, қию, тарау және жүн қабатына қажетті пішін беру;
былғары талшық жағынан тігістерді түзету.
628. Білуге тиіс:
ұсақ және орташа терілерді пішу әдістері және кінәраттарды жою тәсілдері, үлбір бұйымдарының түржиыны, дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы, жүн қабаты мен былғары талшықтарының сипаты мен топографиясы, тері мен қосымшаларды былғары талшығының биіктігі, реңі, түсі, суреті және қалыңдығы бойынша қосу, үлбір бұйымдардың борттарын, етегін, астарын, ойындысын қырқу-тізіп орау тәсілдері, үлбір пішімдеріне қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 4. Илеуші-пішуші, 5-разряд
629. Жұмыс сипаттамасы:
жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) бұйымдарға, үлбірге, пластиналарға, сондай-ақ үлбір мен пластинадан жасалған бұйымдарға пішу;
сызбаларға, лекалаға, техникалық талаптарға, үлбір жартылай дайын өнімін пайдаланудың белгіленген нормаларына сәйкес үлбір және тонға арналған қой терісін бұйымдарға пішу, тиін мен қаракөл терілерінің жетіспейтін бөліктері бар терілерге арналған жапсырмалар мен қосымшаларды таңдау, сондай-ақ құйрық пен аяқтан жасалатын бұйымдарды пішу;
кінәраттарды анықтау және тілу, жапсыру, қосу және сынаны босату арқылы жою;
ұсақ және орташа терілерден горжет, жамылғы киім, палантин және жартылай жамылғы киім жасау;
басын ресімдеу және өңдеу (көз қою, құлақ тігу, мұрын жасау және тағыда басқа);
күрделі әдіспен пішу – қажет болған жағдайда босату;
илеу-тігу өндірісінің барлық операцияларын орындау кезінде қалқанда түзету, теріні лекала контуры бойынша кесу және жұмыс үшін қажетті машиналарды, құрылғылар мен құралдарды пайдалан отырып, жүн қабатын тазалау;
дайын пішімдердің сапасын тексеру, кінәраттарды жою;
үлбір бұйымдарын және үлбір мен қой терісінен жасалған пішімдерін, ұсақ және орташа терілерді (бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен басқа) өңдеу, қырқу-тізіп орау;
қырқу, қию, тарау және жүн қабатына қажетті пішін беру;
былғары талшық жағынан тігістерді түзету
630. Білуге тиіс:
ұсақ және орташа терілерді пішу әдістері, кінәраттарды жою және түзету тәсілдері, бұйымдардың белгіленген өлшемдері мен фасондарына сәйкес лекала бойынша қырқу-тізіп орау тәсілдері, пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы, пайдалы ауданын толық пайдаланған кезде тиімді жаю және пішу, машина, құрылғылар мен құралдар механизмдерінің құрылысы мен жұмысы.
Параграф 5. Илеуші-пішуші, 6-разряд
631. Жұмыс сипаттамасы:
жиналған терілердің саны мен сапасын тексеруден кейін бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерін бұйымдарға, үлбірге, пластиналарға, сондай-ақ үлбір мен пластинадан жасалған бұйымдарға пішу;
аудару және жүн қабатының бір теріден екіншісіне баяу ауысуын қамтамасыз ететін басқа да әдістермен пішу және жазу, теріні бұйымдарда әртүрлі тәсілдермен орналастыру;
қалыптау әдісі арқылы түзетуді пайдалана отырып, бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі терілерінен жаға жасауға арналған теріні пішу;
өндіріске шығару үшін үлбір бұйымдарының жаңа модельдері мен үлгілерін, сондай-ақ қаракөл-елтірі терілерінен және теңіз аңы терісінен горжет, жамылғы киім, палантин және жартылай жамылғы киім жасау;
үлбір бұйымдарының және бағалы аң терісі мен қаракөл-елтірі және теңіз аңы терілерінен жасалған пішімдерді өңдеу, қырқу-тізіп орау;
қию, қосу және тіреу арқылы кінәраттарды анықтау және жою, жүн қабатына қажетті пішін беру мақсатымен тарау;
былғары талшық жағынан тігістерді түзету.
632. Білуге тиіс:
күрделі пішу әдістері: босату, аудару және тағыда басқа, шығарылатын үлбір өнімдерінің түржиыны, пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, кінәраттарды жою тәсілдері, үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы, тиімді жаю, бөлшектерді ағында өңдеудің техникалық шарттары мен жүйелілігі, бұйымдардың белгіленген өлшемдері мен фасондарына сәйкес лекала бойынша қырқу-тізіп орау тәсілдері,
Параграф 6. Илеуші-пішуші, 7-разряд
633. Жұмыс сипаттамасы:
бағалы аң терісінің әртүрлі түрінен, қаракөлден, қой терісінен, былғарыдан, жасанды былғарыдан жасалған үлбір пішімдерін сынама үлгілер мен үлгі-эталон жасау үшін жаю;
әртүрлі өлшемді топтардан жаймалардың әртүрлі түрлерін жасау;
терінің жиектерін түсі, жүнінің ұзындығы мен қалыңдығы бойынша таңдау, жиектерін өңдеу, түзету.
634. Білуге тиіс:
күрделі пішу әдістері: босату, аудару және тағыда басқа, шығарылатын үлбір өнімдерінің түржиыны, пішім сапасы мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар, кінәраттарды жою тәсілдері, үлбірді жұмсау және пайдалану нормасы, тиімді жаю, бөлшектерді ағында өңдеудің техникалық шарттары мен жүйелілігі.
105. Үлбір терілерді термоөңдеуші
Параграф 1. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 2-разряд
635. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір пішімдердің жүн қабатының жылтырлығын қалпына келтіру және оны сол күйінде сақтау мақсатында оны ашық типті тегістеу машинасында тегістеу;
тегістеу білігін қыздыру температурасын реттеу, машина жұмысын және тегістеу сапасын бақылау;
тегістеу алдында пішімнің жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу.
636. Білуге тиіс:
тегістеу машинасының жұмыс механизмдерінің жұмыс қағидаты мен өзара әрекеттесуі, жүн қабатын өңдеу сапасына қойылатын талаптар, пішімнің жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу тәсілдері және жүн қабатын күйдірмей тегістеу тәсілдері.
Параграф 2. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 4-разряд
637. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілерді люстрлеуден кейін, жүн қабатын жылтыр ету және түктерін түзету мақсатында – былғары талшықтарын күйдірмей (қыздырмай), пісірмей және тартпай, тегістеу білігінің астында әртүрлі бағытта үнемі қозғай отырып, ашық типті тегістеу машинасында тегістеу;
үлбір терілерді люстрлеу ерітіндісін жаққаннан кейін тегістеуге дайындау;
қыздыру және температураны реттеу;
үлбір терілерді машинаның әперу механизміне жүн жақ бетін жоғары қаратып төсемеге салу, түзету, тегістеу білігінің астына жіберу, пластификация және түктерін тарту арқылы тегістеу; Үлбір терілердің барлық жүн қабатына люстрлеу ерітіндісін жағу сапасын және тегістеу сапасын бақылау;
үлбір терілерін сөреге немесе конвейерлерге салу;
тегістеу машинасының жұмыс механизмдерін баптау, реттеу, майлау және тазалау.
638. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы және баптау тәсілдері, тегістеу білігінің температуралық режимін реттеу ережесі, люстрлеу ерітіндісінің қасиеттері, технологиялық операцияларды орындау тәсілдері, үлбір терілердің жүн қабаты мен тері талшықтарының құрылысы, тегістеу сапасына қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 3. Үлбір терілерді термоөңдеуші, 5-разряд
639. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілерді формалинмен, хром тұзымен және басқа да химиялық заттармен өңдегеннен кейін, жүн қабатын жылтыр ету және түктерін түзету мақсатында – былғары талшықтарын күйдірмей (қыздырмай), пісірмей және жұлмай, тегістеу білігінің астында әртүрлі бағытта біртіндеп қозғай отырып, тегістеу машинасында тегістеу;
үлбір терілерді формалинмен, хром тұзымен және басқа да химиялық заттармен өңдегеннен кейін тегістеуге дайындау;
қыздыру және температураны реттеу;
үлбір терілерді машинаның әперу механизміне жүн жақ бетін жоғары қаратып төсемеге салу, түзету, тегістеу білігінің астына жіберу және түкті тартылған күйі сақтау мақсатында тегістеу;
үлбір терілердің барлық жүн қабатын формалинмен, хром тұзымен және басқа да химиялық заттармен өңдеу сапасын және тегістеу сапасын бақылау;
үлбір терілерін сөреге немесе конвейерлерге салу;
тегістеу машинасының жұмыс механизмдерін баптау, реттеу, майлау және тазалау.
640. Білуге тиіс:
әртүрлі типті тегістеу машиналарының құрылысы, температуралық режимін реттеу ережесі, үлбір терілердің жүн қабаты (түгінің ұзындығы әркелкі) мен тері талшықтарының құрылысы, формалин, хром тұзы және басқа да химиялық заттардың қасиеттері, формалинмен, хром тұзымен және басқа да химиялық заттармен өңдеуден кейін тегістеу сапасына қойылатын техникалық талаптар, тегістеу машинасының жұмыс механизмдерін реттеу ережесі, оларды тазалау және майлау мерзімділігі.
106. Үлбір терілерді бензинмен тазалаушы,
Параграф 1. Үлбір терілерді бензинмен тазалаушы, 1-разряд
641. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілердің жүн қабаты мен тері талшықтарын бензинмен тазалау және майсыздандыру.
642. Білуге тиіс:
үлбір терілерді тазалау ережесі, үлбір терілерді бензинмен тазалау сапасына қойылатын талаптар.
107. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші
Параграф 1. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 1-разряд
643. Жұмыс сипаттамасы:
алдыңғы технологиялық операцияларда жыртылған шикі терілерді илеу тігінімен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес қолмен тігу, операцияны орындау сапасын бақылау.
644. Білуге тиіс:
үлбір түрлері, шикі терілерді тігу тәсілдері, үлбірлердің жекелеген түрлеріне арналған жіп пен инелердің нөмірі, тігіс жиілігі мен жіптің тартылуы, шикі теріні тігуге қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 2. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 2-разряд
645. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілерді шикізаттық-бояу цехтарында машинамен кесілген жерлерін тігу, түктерді қысқашпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосымшаны тігу;
технологиялық операцияларды орындау сапасын бақылау.
646. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы, пайдалану ережесі, тігіс жиілігі мен жіптің тартылуын реттеу, қолданылатын құралдар мен құрылғылар, оларды пайдалану ережесі, үлбір терілердің түрлері, үлбір терілерді шикізаттық-бояу өндірісінде тігу тәсілдері, үлбірлердің әртүрлі түрлеріне арналған жіп пен инелердің нөмірі, теріні машинамен тігуге қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 3. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 3-разряд
647. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілердің бөліктерін пішім бұйымдарына машинамен түктерді қысқашпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосу;
технологиялық операцияларды орындау сапасын тексеру.
648. Білуге тиіс:
машинаның, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы, оларды пайдалану ережесі, үлбір түрлері және тігілетін бұйымдардың түржиыны, бұйымды үлбір құрақтарынан жасау тәсілдері, бұйымдарды үлбір құрақтан машинамен тігуге қойылатын техникалық талаптар, ине-жіптердің нөмірлері, тігіс жиілігі мен жіптің тартылуын реттеу.
Параграф 4. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 4-разряд
649. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір қаракөл мен клямнан басқа барлық терілерінен жасалған үлбір пішім бөлшектерін белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес қолмен илеу тігісімен қосу;
үлбір пішім бөліктерін машинада қосу, үлбір терілерді түктерді қысқашпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, терінің жиектерін тікпеу, кермеу, түктерді тігіске қоспай, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, тігу, жамылғы киімге, жартылай жамылғы киімге, жағаға технология мен техникалық талаптарға сәйкес машинамен астар тігу.
650. Білуге тиіс:
машинаның, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы, оларды пайдалану ережесі, үлбір түрлері және тігілетін бұйымдардың түржиыны, пішудің әртүрлі әдістері қолданылған кезде үлбір пішімдерді қосу тәсілдері, тері мен бөлшектердің бұйымдарда орналасу тәртібі, үлбір пішімдерді қосу технологиясы және оған қойылатын техникалық талаптар, кінәраттардың түрлері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.
Параграф 5. Шикізаттық-бояу және тері илеу цехтарында тігінші, 5-разряд
651. Жұмыс сипаттамасы:
қаракөл мен клямнан жасалған үлбір пішім бөлшектерін белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес қолмен илеу тігісімен қосу;
күрделі әдістермен пішілген: тісіне (егеуіне), сынаны босата, жібере отырып пішілген үлбір пішім бөліктерін технология мен техникалық талаптарға сәйкес кабинада, белгіленген илеу-пішу тәртібімен, үлбір терілерді түктерді қысқашпен немесе түк салғышпен мұқият сала отырып, үлбірдің әртүрлі түрлеріне белгіленген биіктік пен тігіс жиілігін сақтай отырып, қосу.
652. Білуге тиіс:
машинаның, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы, оларды пайдалану ережесі, күрделі әдістермен пішілетін үлбір бұйымдардың түржиыны, үлбір түрлері, пішудің әртүрлі әдістері қолданылған кезде үлбір пішімдерді қосу тәсілдері.
108. Үлбір терілерді тақырлаушы
Параграф 1. Үлбір терілерді тақырлаушы, 5-разряд
653. Жұмыс сипаттамасы:
үлбір терілердің қылқанды жүндерін қырқу арқылы үлбір терілерді қажетті биіктік бойынша машинада жұлу немесе терінің тұтастығын сақтай отырып, түбітін бүлдірмей түбіне дейін жұлу;
теріні машинаның тасымалдауышына жайып салу және терінің барлық өлшемдері бойынша оны түйреуішпен тасымалдауыштың төсеміне бекіту;
тасымалдаушы таспаның иілген жері мен стационар пышақтың орналасу параллельдігін тексеру;
қылқан жүнді жұмыс білігімен кесу тазалығын алдын ала тексеру;
машинаның аспирациялық құрылғысындағы ауаны сору қуатын реттеу;
өңдеу сапасын тексеру;
қылқанды жүнді қырқу тереңдігі, сапасы мен тазалығын бақылау.
654. Білуге тиіс:
машинаның жұмыс механизмдерінің құрылысы және өзара әрекеттесуі, оны техникалық пайдалану, реттеу, майлау және тазалау ережесі, үлбір терілерді тақырлаушы ережесі, үлбір терілердің түрлері, жүн қабатының құрылыс, терілерді дайындауға және тақырлау сапасына қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |