1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер


-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты п



жүктеу 1,72 Mb.
бет20/26
Дата21.01.2020
өлшемі1,72 Mb.
#27127
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

189-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеуге ресімдеу

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез – құлқының бұзылушылығына (аурулары) байланысты мәжбүрлеп емдеуге рәсімделетін адамға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның медициналық куәландыру күні мен орны туралы хабарланады.

Хабарлама табысталғаны туралы хабарланып, тапсырысхатпен, телеграммамен жіберіледі.

2. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым медициналық куәландыру күні мен орны туралы тиісті түрде (дәлелді себептердің болуын қоспағанда) хабарлаған және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның уәжді қорытындысы негізінде медициналық куәландырудан жалтарған адамды мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі істер органдары күштеп әкеледі.

3. Күштеп әкелу тек жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін үш сағаттан аспайтын мерзімге мәжбүрлеп зерттеп-қарау өткізілетін орынға медициналық куәландырудан жалтарған адамды мәжбүрлеп әкелу жолымен жүзеге асырылады.

4. Адамның келу мүмкіндігінен айыратын ауру, жақын туыстарының қайтыс болуы, табиғи зілзала, белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер медициналық куәландыруға адамның келмеуінің дәлелді себептері болып табылады. Белгіленген мерзімде шақырту бойынша келуге кедергі келтіретін дәлелді себептердің бар екендігі туралы әкелінетін адам мәжбүрлеп әкелуге бастама жасаушыға хабардар етуге міндетті.

5. Күштеп әкелу туралы қорытынды күштеп әкелінетін адамға күштеп әкелуді орындаудың алдында жарияланады, бұл қорытындыдағы оның қолымен расталады.

Әкелінетін адам қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол туралы қорытындыда белгі жасалады.


190-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру

1. Ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адам Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына ие.

2. Ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

3. Ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адам өзінің қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етіледі, оған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

4. Мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымда мәжбүрлеп емдеу кезеңінде зерттеп-қарауға арналған мәжбүрлеп емдеуге жатқызу уақыты есептеледі.

5. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымда ұстау шарттары уәкілетті орган бекітетін ішкі тәртіп қағидаларында белгіленеді.

6. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емделуде жатқан, ішкі тәртіп қағидаларын бұзатын немесе емделуден жалтаратын психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адам егер оның әрекеттері айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына немесе өзіне тікелей қауіп төндірсе, арнайы палатаға орналастырылады. Арнайы палатаға орналастыру адамды орналастырған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлай отырып, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйым басшысының жазбаша өкімі бойынша он тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Басшы жұмыс орнында болмаған жағдайда, арнайы палатаға орналастыру туралы шешімді кейіннен басшыны ақпараттандыра отырып, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымның лауазымы бойынша жоғары қызметкері қабылдайды, ол арнайы палатада ұстау мерзімдерін жазбаша өкімде айқындайды.

7. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамның мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымнан өз бетінше кетуі, сол сияқты ұйымға белгіленген мерзімде келмеуі емдеуден жалтару болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді. Оны мәжбүрлеп емдеуге жеткізуді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары сот қаулысының негізінде жүзеге асырады.

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамның мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымда өз бетінше болмаған кезеңі емдеу мерзіміне есептелмейді.

8. Құқық бұзушылық жасағаны және (немесе) материалдық залал келтіргені үшін ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.



191-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымнан шығару

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адам:

1) сот айқындаған мәжбүрлеп емдеу мерзімі өткен кезде;

2) соттың қаулысы бойынша мәжбүрлеп емдеуге кедергі келтіретін ілеспелі ауыр сырқаттардың анықталуына байланысты;

3) соттың қаулысы бойынша сәтті емделуіне байланысты мерзімінен бұрын, бірақ кемінде алты ай өткен соң мәжбүрлеп емдеуді тоқтатады және мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымнан шығарылады.

2. Ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адам емдеуден жалтарған жағдайда, емделуге жатқызу мерзімі ұйым әкімшілігінің медициналық қорытындыға негізделген өтінішінің негізінде соттың шешімі бойынша, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте ұйымда болу уақыты екі жылдан аспауға тиіс.

3. Мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымнан шығарылған адамға ұйымның сақтау камерасында алып қойылған және сақталатын құжаттары, ақшасы мен заттары қайтарылады.

4. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардың еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалады.

5. Мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымнан шығарылатын адамдар туралы ұйымның әкімшілігі тұрмыстық жағдайына және жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға және бақылауды қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына хабарлайды.

6. Соттың қаулысы бойынша емделіп шыққан ретінде мерзімінен бұрын шығарылғандардан басқа, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымнан шығарылған соң мәжбүрлеп емдеуге жатқызылған адам тұрғылықты жері бойынша психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға есепке тұруға және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оларда бір қалыпта ұстауға арналған емделуден өтуге міндетті.

Есепке тұрудан және бір қалыпта ұстауға арналған емделуден жалтарған жағдайда адамды ішкі істер органдары күштеп алып келуі мүмкін.

7. Мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымнан шығарылған адамды жұмысқа орналастыру және тұрмыс жағдайына көмек тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады және жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.


192-бап. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

1. Стационарлық жағдайларда психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті емдеуге жатқызылған адам мен басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым шектеулі жағдайларында медицина персоналы оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жүзеге асырылады.

2. Емдеуге мәжбүрлеп жатқызылып, стационарда болған кезде емдеуге жатқызылған адамға күш қолданып, қысым жасау және оны оқшаулау шаралары, психиатр-дәрігердің пікірінше, оның өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекеттерін өзге әдістермен болғызбау мүмкін болмаған жағдайда, әдістермен және сол уақыт кезеңінде ғана қолданылады және ол медицина персоналының тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Күш қолданып, қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамада жазба жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады.

3.  Құқық қорғау органдарының қызметкерлері медицина қызметкерлеріне мәжбүрлеп куәландыруды, мәжбүрлеп емдеуге жатқызуды жүзеге асырған кезде жәрдемдесуге, емдеуге жатқызылатын адамды қарап-тексеру мақсатында оның қасына бару үшін, сондай-ақ емдеуге жатқызылған адам (емдеуге жатқызылуға тиіс адам) тарапынан айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.


193-бап. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар адамның немесе оның заңды өкілінің келісуіне қарамастан , психикасының, мінез-құлқының бұзушылығы (аурулары) бар адамдарға динамикалық байқау белгіленетін болады және ол психиатр-дәрігердің тұрақты қарап-тексеруі арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

2. Динамикалық байқау бұзылушылығы созылмалы немесе тұрақты болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға белгіленетін болады.

3. Динамикалық байқау, сондай-ақ психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға динамикалық байқауды тоқтату қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

4. Психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамның психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 183-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің келісуінсіз немесе өз заңды өкілінің келісуінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар адамдарға динамикалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.
2-параграф. Орфандық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету

194-бап. Орфандық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету

1. Орфандық (сирек кездесетін) ауруларға адамның өміріне қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкеп соғатын, кездесу жиілігі ресми айқындалған деңгейден аспайтын, сирек кездесетін ауыр сырқаттар жатады.

2. Орфандық ауруларды емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырылады.

3. Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік (орфандық) заттардың тізбесін мынадай өлшемшарттарды:

Қазақстан Республикасында таралуын;

осындай емдеуді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында әзірленген және тіркелген дәрілік заттар бар (курабельді пациенттер) жүйелі емдеудің қажеттілігін;

әзірленген және әлемде бар, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тіркелмеген дәрілік заттарды қолдана отырып, жүйелі емдеудің қажеттілігін;

әлемде емдеу үшін әзірленген дәрілік заттары жоқ аурулардың болуы;

медициналық терапияның болмауына байланысты (инкурабелді пациенттер) паллиативтік көмек көрсету қажеттілігін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.

4. Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.


22-тарау. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтары

195-бап. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтары

1. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтары жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.

2. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібін және уақытша бейімделу және детоксикация орталығының ішкі тәртіп қағидаларын Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша айқындайды.
196-бап. Тұлғаларды уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастыру негіздері

Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына адамдарды орналастырудың негізі болып наркологиялық ұйымның персоналы жүргізген адамның алкогольдік масаң күйінде (интоксикация) табылып орналастырғандығы туралы медициналық куәландыру қорытындысы болып табылады.



197-бап. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылған адамдарды қабылдау және тіркеу

1. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылатын адамдарды қабылдау және тіркеу, жеке тексеріп-қарау, медициналық куәландыру жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

2. Алкогольдік масаң (интоксикация) күйдегі адамдарды уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастыру туралы тұрғылықты жері бойынша жақын туыстарына дереу хабарланады.

Шетелдікті уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастыру кезінде медицина персоналы бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне хабарлайды.


198-бап. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарында ұстау режимі

1. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарында ұсталушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетімен кету мүмкіндігін болдырмайтын режим белгіленеді. Үй-жайларды ұстау шарттары, жабдықтауға қойылатын талаптар уақытша бейімделу және детоксикация орталығының ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.

2. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылған ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады.

3. Уақытша бейімделу орталықтарына орналастырылған кәмелетке толмағандар олардың заңды өкілдерінің келісімімен тиісті медициналық ұйымның бейінді бөлімшелеріне жатқызылады.

4. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын адамдар уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылған басқа адамдармен ұсталынбайды.
199-бап. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылған адамдардың құқықтары мен міндеттері

1. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылған адамдар:

1) олардың құқықтары мен міндеттері, ұстау режимі туралы ақпарат алуға;

2) уақытша бейімделу және детоксикация орталығындағы болу кезінде жеке басының қауіпсіздігіне;

3) материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызметтерді алуға;

4) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу мәселелері бойынша наркологиялық ұйымның медицина персоналына, сондай-ақ полиция, прокуратура органдарына, сотқа жүгінуге құқылы.

2. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылған адамдар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша бекіткен уақытша бейімделу және детоксикация орталығының ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға міндетті.
200-бап. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылған адамдарды босату

1. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылған адамдар қабылданған сәттен бастап тәулік ішінде орталықта қосымша бақылау мен емдеуді қажет етпейтін жағдайын жақсартуға қол жеткізгеннен кейін дереу босатылуға тиіс.

2. Босатылған адамдарға, сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алынған құжаттар, ақша мен заттар қолхатпен қайтарылады.

3. Уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына орналастырылатын адамдар атыс қаруын немесе суық қаруды, жарылғыш, күшті әсер ететін немесе улы заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын заңсыз сақтаған кезде шешімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.

4. Шығару кезінде адамға оның Уақытша бейімделу және детоксикация орталығында болғаны туралы анықтама беріледі.
23-тарау. Медициналық көмектің көлемі

201-бап. Медициналық көмек көлемі

Медициналық көмек мынадай:

1) осы Кодекстің 202-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін, ең төмен;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін, базалық;

3) мыналарды:

заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарының қаражаты есебінен көрсетілетін ерікті медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмекті;

ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен көрсетілетін медициналық көмекті;

әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен босатылған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде (ұйымдарда) көрсетілетін медициналық көмекті қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемінде ұсынылады.


202-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаттары есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ дәрілік қамтамасыз етуді қамтиды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен баспана іздеген адамдардың, азаматтығы жоқ адамдардың егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзшеге көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес айналасындағыларына қауіп төндіретін қатты аурулар кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмек Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлерінің клиникалық хаттамасының негізінде көрсетіледі.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:

1) жедел медициналық көмек;

2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

3) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек;

4) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

5) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша жоспарлы нысанда стационар жағдайындағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

6) шұғыл нысанда сақтандырылмаған адамдар үшін уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша стационар жағдайындағы мамандандырылған көмек, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімінде емдеуді талап етпейтін, диагнозды белгіленгенге дейін емдік-диагностикалық іс-шараларды жүргізу;

7) уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек және мейіргерлік күтім;

8) негізгі ауруды емдеу кезінде қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, сондай-ақ кеш қалпына келтіру кезеңінде туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;

9) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмекті көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық  ашу;

10) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) алу үшін мәйітті дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау кіреді.

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационар және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел көмек, сондай-ақ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету кезінде;

2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес;

3) алғашқы амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық көмек және мамандандырылған көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен бейімделген емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген болуы тиіс.

Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен нақты бір пациенттің өмірлік көрсетілімі бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйлері бар пациенттердің шектелген контингентіне медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды қолдануға жол беріледі.

6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі щеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде шығындарды өтеуді (көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

8. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасасуға басым құқыққа аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары ие болады.


203-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі әмбебаптық, қолжетімділік, дәлелділік, шынайылық және реттеушілік қағидаттарының негізінде қалыптастырылады.

2. Әмбебаптық қағидаты осы Кодекстің 202-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың табыс деңгейіне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, медициналық көмектің ең төменгі көлемімен жалпыға бірдей және тең қамтуды білдіреді.

3. Қолжетімділік қағидаты осы Кодекстің 202-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу мүмкіндігін білдіреді.

4. Дәлелділік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген медициналық көрсетілетін қызметтердің және дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ғылыми дәлелденген деректердің болуын білдіреді.

5. Шынайылық қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің мемлекеттік бюджет параметрлеріне сәйкестігін білдіреді.

6. Реттеушілік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді және дәрілік заттардың шекті бағаларын мемлекеттік реттеуді білдіреді.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау