|
1 БӨлім. Глоссарий автотрофныйБірыңғай салалы бұлшық еттердің дамуы
|
бет | 22/36 | Дата | 14.11.2018 | өлшемі | 4,07 Mb. | | #19684 |
| Бірыңғай салалы бұлшық еттердің дамуы. Бірыңғай бұлшық ет мезенхимадан дамиды. Ет ткані калыптасатын жердегі мезенхималы синцитийден клеткалары күшті созылып, бір-біріне жақындай, өзара байланысын жоймастан бір бағытта орналасады. Ядролары да созылып, бірыңғай салалы еттің клеткасына тән таяқша формаға ауысады. Осы жақта синциталды бастамада ет клеткасына ауысатын ұршық тәрізді — миобластар. деп аталатын клеткалар және клеткааралық дәнекер тканді қабаттар дамитын бөлімдер айқын көрінеді. Миобластың протоплазмасындағы миофибрилдер ерекшеленіп, протоплазманы түгел толтырғанша көбейе береді. Қалыптасатын ет бастамасының көбеюі мезенхималды клеткалардың ерекшеленуі есебінен орындалады. Әртүрлі органдарда, тіпті бір органның әртүрлі мүшелерінде (мысалы, шектің сақиналы және ұзына бойғы еттері) бірыңғай салалы ет тканінің дамуы бір мезгілде өтпейді.
Зақымданған жағдайда бірыңғай салалы бұлшық ет қалпына келе алады. Қлеткалардың жаңадан түзілуі мезенхиманың туындысы — ерекшеленбеген дәнекер тканьнің элементтері есебінен жүзеге асады. Бірыңғай салалы ет клеткаларының жаңадан түзілетін қайнар көзі жөніндегі болжамдар эксперименталды деректер мен патологиялық-гистологиялық байқауларға негізделген.
Ішкі органдардың бірыңғай салалы ет ткані мен дәнекер тканінің аралығындағы туыстықты жатын ісінгендегі патологогистологиялық байқаулар дәлелдейді. Жатын ісігінен миоманың, яғни етті ісіктің дәнекер тканьді ісікке, яғни фибромаға дейінгі ауысатындығын байқауға мүмкіндік болды (Глазунов).
Осы айтылгандарға сүйене отырып, дәнекер тканьнің нашар ерекшеленген элементтері бар жердің бәрінде бірыңғай салалы ет тканінің клеткасының жанадан түзілуі мүмкін деуге болады.
Көлденең жолақты ет ткані. Қөлденең жолақты еттің құрылымдық элементі клетка емес, бұлшық еттерді құрайтын және сабақталып тез бөлектенетін ет талшығы болып табылады.
Талшықтың жиегі тегіс, ұштары дөңгелектенген, жалпы көрінісі цилиндр тәрізді. (28-сурет). Адамның мимикалық бұлшық еттері мен төменгі сатыдагы омыртқалылардың еттерінде ұш жағы шашақталып келетін талшықтар кездеседі. Талшықтар ұзынынан бірыңғай орналасып, бұлшық еттерді түзеді. Олардың ұзындығы әртүрлі болып, кейде 12,5 сантиметрге жетеді. Қысқа еттерде талшықтардың ұзындығы бұлшық етпен бірдей, ал ұзын еттерде талшықтар бұлшық еттің ұшына жетпей аяқталады. Талшықтардың жуандығы организмнің әр түрлі участогында түрліше болып келеді де, 9 микроннан 150 микронға дейінгі аралықта болады. Жаңа ғана бөлінген талшықтың бетінең әртүрлі мөлдір түсті сарколемма деп аталатың қабықты (sarcos — ет, lemma — қабық) оңай байқауға болады. Жай өңдеу әдістерінде талшық біртекті сияқты көрінгенмен арнаулы зерттеулерде талшықтың күрделі құрылысты екендігі байқалды.
28-сурет. Адам ұрыгының метатерзалді сүйегінің диафизіндегі энхондралді сүйектенудің басталуы. 1 — шеміршек; 2 — қан капиллярлы; 3 — остебластар; 4 — энхондралді сүйек; 5—шеміршектің негізгі затының қалдығы.
Сарколемма талшықтар арасындагы дәнекер тканінің қабатындағы фибрилдерге өтетін өте жұқа фибрилдерден тұрады. Ол фибрилдер талшықтар аралығындағы дәнекер тканьді қабаттың фибрилдеріне өтіп кетеді. Қабықтың фибриллярлы кұрылысының механикалық маңызы бар. Ол ет талшықтарын бір-бірімен байланыстыруга мүмкіндік жасайды.
Ет талшығы саркоплазма деген арнаулы протоплаз-адан және саны жүзге жететін және одан да көп болатын ядродан тұрады. Ядросы әдетте овал формалы, кейде сәл созылыңқы келеді. Бұл ядролар бір-бірінен тең қашықтықта орналасады. Сүткоректілер мен адамда ядро талшықтың бетіне жақын жатады. Ал, төменгі сатыдағы омыртқалылар мен омыртқасыздардың кейбіреулерінде ядролар талшықтың бүкіл қалыңдығы бойында, екінші біреулерінде тек орталық бөлімінде орналасады.
Органоидтардан ядроның маңайында орналасқан ішкі торлы аппарат жақсы байқалады. Ет талшықтарында саркосомалар деп аталынатын органоидтар болады. Олар майда дөңгелек түзілістер түрінде миофрилдердің аралықтарына біркелкі орналасады. Болжау бойынша саркосомалардың трофикалық тағамдық маңызы болуы мүмкін. Ет жиырылғанда зат алмасу мен энергияның қуатын күшейтетінде сарколеммалар болып шығуы ықтимал. Протоплазмада органоидтардан басқа әртүрлі қосындылар бар. Әсіресе еттің жиырылуына қажетті энергияның негізгі көзі болып табылатын — гликоген көп болады. Сондай-ақ майдар да кездеседі.
Қызметі жағынан алғанда ең маңызды құрылымдық элементке еттің жиырылғыштығы қамтамасыз ететін миофибрилдер жатады. Бірақ, көлденең жолақты ет тканінде миофрилдер бірыңғай салалы ет тканіндегідей біртекті болмайды. Олар сәулені әртүрлі сындыратын дискілерден тұрады. Көлденең жолақты ет тканіндегі миофибрилдер дискісінің бірі сәулені екі жақты, ал екіншісі бір жақты сындырады. Сәулені екі жақты сындыратын дискі анизотропты деп аталып, әрпімен белгіленеді, ал сәулені бір жақты сындыратыны изотропты деп аталып I әрпімен белгіленеді. Бұлардың біріншісі күңгірт, ал екіншісі ашық түсті болып көрінеді. Бұл дискілер бір-бірімен ретті кезектесіп орналасады. Әрбір дискі өте жұқа пластинка арқылы екіге бөлінеді. Q дискісінде бұл пластинка М, ал 1 дискасында күңгірт Z әрпі мен белгіленеді. Талшықтың барлық фибрилдерінде күңгірт дискалар бір деңгейде және жарық дискалар екіншісі бір деңгейде орналасады, Соның нәтижесінде талшық келденен жолақты болып көрінеді. (29-сурет).
М және Z пластинкалары Q және I дискалары сияқты миофибрилдердің кұрамды бөлігі болмайды. Олар талшықтың қабығы сарколемма деген ғана тутасқан болып, миофибрилдер ол пластинкаларды айқаса қиып өтеді. Пластинкаларды айқаса киып өтеді. Пластинкалар талшықтан көлденең өтіп, дискіні бір деңгейде ұстайды. Соған байланысты талшықтар жиырылғанда миофибрилдер бір-біріне ауысып кетпейді. Талшықтарда саркоплазма мен миофибрилдің ара қатынасы өзгермелі болады. Кейбір талшықтарда миофибрилдер аз және жеке шоғыр болып (ет бағаналары) орналасады. Ал, басқа біреулерінде миофибрилдер көп, саркоплазмалар аз болып келеді. Саркоплазма күңгірт түсті болатындықтан талшықтың түсі оның мөлшеріне байланысты. Саркоплазмасы көп талшык күңгірт боялып, қызыл талшыктар деп аталады. (30-сурет) Талшықтардың құрылысындағы айырмашылыққа байланысты олардың физиологиялық касиеті де бірдей болмайды. Миофибрилдерге бай ашық түсті талшыктар күкірт түстіден гөрі тез жиырылғыш келеді, бірақ, жылдам шаршайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|