Жұмыс беруші деп аталып, оның атынан әрекет ететін басышы С. Баймаганбетова



жүктеу 109,78 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі109,78 Kb.
#4777

Еңбек шарты
Ерейментау қ. « » . 2013 ж.
«Ерейментау ауданының білім бөлімі » ММ, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №62-1902-07-ММ, СТН 030700210375 , орналасқан мекен-жайы: Әл-фараби көшесі, ­­10 бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталып, оның атынан әрекет ететін басышы С.Баймаганбетова бір тараптан, және ___________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
«Қызметкер» деп аталып осы Еңбек шартын жасады:
1. ШАРТ НЫСАНЫ
1.1. Жұмыс берушi қызмет бередi, ал Қызметкер штаттық кесте бойынша және осы Еңбек шартында белгiленген жағдайларға байланысты Ерейментау ауданы білім бөлімінің есепші лауазымында қызметiн атқаруға келiседi.

1.2. Қызметкер өзінің негізгі қызметінен босамай-ақ, басқа лауазымды қоса атқаруға және косымша қызмет атқаруға құқылы.

1.3. Жұмыс беруші еңбек жағдайын қамтамасыз етеді, Қызметкерге еңбек ақысын дер кезінде және толық көлемде төлеп отырады, Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Еңбек шартында қарастырылған өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

1.4. Қызметкердің міндеттері құрылымдық бөлімше (бөлім) туралы Ережеге, лауамыздық нұсқаулықтарға сәйкес белгілінеді.

1.5. Осы Еңбек шарт бойынша осы жұмыс Қызметкердің негізгі еңбек қызмет орны болып табылады.
2. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ
2.1. Осы Еңбек шарты тұрақты мерзiмге жасалды.

- еңбек қызметінің басталуы : « » . ж.

-

2.2. Егер Еңбек шартының әрекет ету мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.



2.3. Қызметкердің ұйымдастыру қабілеті мен біліктілігін тексеру мақсатында 3 айға сынақ мерзімі белгілінеді.

2.4. Сынақ мерзімі Еңбек шарты күшіне енген кезден басталады.

2.5. Сынақ мерзімі кезеңінде Қызметкерге Еңбек кодекстің нормалары, Еңбек шартының талаптары қолданылады.

2.6. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап қызметкерге жазбаша түрде ескертіп, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен өте алмады деп тануға негіз болған себептерді көрсете отырып, онымен еңбек шарты бұзуға құқылы.

2.7. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуын талап етпесе, онда Қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.

3. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ

3.1. Қызметкерге:

- бес күндiк жұмыс аптасы жєне екі күн –сенбі, жексенбi- демалыс белгiленедi;

- 09.00 сағаттан бастап 18.00 дейiн сегiз сағат жұмыс күнi белгiленедi;

- бiр сағат мектептің «ішкі еңбек тәртібінің Ережесіне» сәйкес демалуға және тамақтануға үзiлiс жарияланады.

3.2. Қызметкердің жұмыс уақытының режимі және демалыс уақыты мекеменінің «ішкі еңбек тәртібінің Ережесімен», жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс ерекшелігін ескере отырып жасалған, Жұмыс берушімен бекітілген кезек кестесімен анықталады;

3.3.Қызметкер лауамыздық қызметтеріне байланысты қызметтік тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасы шегіне, сондай-ақ шетелге іссапарға жіберілуі мүмкін

3.4. Қызметкерге Еңбек шартына сәйкес орташа жалақысын және лауазымын сақтай отырып, ұзақтығы Еңбек шарты мен ҚР заңнамасына сәйкес еңбек демалысы беріледі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кезегін Жұмыс беруші Қызметкердің пікірін ескере отырып еңбек демалысы кестесінде белгілейді. Демалыс тараптардың келiсiмiмен мерзiмiнен бұрын үзiлуi мүмкiн.

3.5. Дәлелді себебі болған жағдайда Қызметкерге айлық жалақысы сақталмай, ақысыз демалыс берілуі мүмкін.

4. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ МӨЛШЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАРЫ

4.1. Қызметкерге еңбек ақы төлеудің мерзімді жүйесі белгіленеді.

4.2. Қызметкерге «Штат кестесіне» және Жұмыс берушінің басқа да актілеріне сәйкес негізгі ай сайынғы еңбек ақы (оклад) белгіленеді.

4.3. Еңбекақы айына бір рет әр айдың 10-нан кешіктірілмей ақша аудару арқылы есеп айрысу жолымен (карточкалық-электрондық жүйе) және қолма қол ақшамен касса арқылы төленеді.

4.5. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

4.6. Іссапарға жіберілетін қызметкерге ҚР Еңбек кодексінің 152 бабының 1,2,3, тармақтарына сәйкес кепілдіктер беріледі және өтемақы төленеді.

4.7. Қызметкерді іссапарға жіберудің талаптары мен мерзімдері Жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

4.8. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны, лауазымы мен еңбек ақысы сақталады.

4.9. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының зандарыңда қарастырылған жағдайларда қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оның жұмыс орнын (лауазымы) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады. Қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін еңбек ақы көрсетілген міндеттерді орындаған орны бойынша төленеді, бірақ негізгі жұмыс орны бойынша орташа еңбек ақы мөлшерінен аз болмауы тиіс.

4.10. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.


5. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    1. Қызметкер мынаған міндетті:

      1. еңбек міндеттерін Еңбек шартына, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

      2. басшылардың бұйрақтары мен өкімдерін орындауға міндетті;

      3. еңбек тәртібін сақтауға;

      4. қызметкер мүлліке ұқыпты карап, оның сақталуын қадағалауға, жұмыс барысында оған материалдық зиян келтірілуіне жол бермеуге, материалдық базаны нығайтуда ат салысуға міндетті;


      5. атқаратын лаумыздық қызметіне немесе орындайтын жұмыстарына байланысты тапсырылған құндылықтарды қорғауға, сақтауға, өңдеуге, сатуға, тасымалдауға немесе өндіріс процесі кезінде қолдануға тікелей байланысты Жұмыс беруші тапсырған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа қол қою;

      6. Қызметтік құпия, және басқа да құпия мәліметтерді құрайтын ақпараттарды сақтауға міндетті. Құпия мәліметтерге жатқызылған ақпараттардың тізімі Жұмыс берушінің ішкі локалдық актісінде анықталған.

      7. еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

      8. Жұмыс берушінің мүлігін пайдалану арқылы қосымша қызметтерді атқармауға;

      9. Үшінші тұлғаларға осы Еңбек шартының шарттары мен мазмұнын жарияламауға;

      10. ақпараттық қорғауды сақтау және компьютерлік бағдарламаларды заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында – Қызметкер Жұмыс берушіге тиісті компьютерлерге Жүйе әкімшілігінің рұқсатынсыз бағдарламалық қамтамасыз етулерді орнатуға құқығы жоқ;

      11. жұмыс берушіге қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жәйттердің туындауы туралы, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүліктерінің сақталуы жөнінде, сондай-ақ орын алған бос тұрып қалу жағдайлары хақында хабарлауға;

      12. Қызметкер ауруына немесе басқа себептерге байланысты жұмысқа келеуінің, өзінің лаумыздық міндеттемелерін атқарудың мүмкін еместігін Жұмыс берушіге уақытында хабарлауға міндетті;

      13. Қызметкер Еңбек кодексінің 160-бабының 1-3-тармақшаларында бекітілген жағдайларда Жұмыс берушіге келтірген зияны үшін толық мөлшерде материалдық жағынан жауап береді;

      14. Қызметкер ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған өзге де құқықтарға ие және онда белгіленген өзге де міндеттерді атқарады.




    1. Қызметкер мыналарға құқылы:

      1. ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған тәртіп пен шарттарға байланысты Еңбек шартын жасауға, оны өзгертуге, қосымшалар енгізуге және бұзуға;

      2. басшылықтың қарауына өндірістік тапсырмалардың орындалуына, сондай-ақ компанияның кез келген қызметіне қатысты ұсыныстарды енгізуге;

      3. Жұмыс берушіден осы Еңбек шартының талаптарын орындауды талап етуге;

      4. кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

      5. еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнының болуын талап етуге;

      6. еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына немесе мүлігіне тиген залал үшін өтем алуға;

      7. еңбек дауларын екі жақтың келісімімен немесе сот тәртібінде шешуге құқылы;

      8. еңбек міндеттемелерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және кәсіптік біліктілігін көтеруге.



  1. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ




    1. Жұмыс беруші мыналарға міндетті:

      1. Қызметкерді Еңбек шартында келісілген жұмыспен қамтамасыз етуге:

      2. Қызметкерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына, Еңбек шартына сәйкес еңбек жағдайларын жасауға;

      3. Қызметкерді еңбек міндеттерін орындауға қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен, техникалық құжаттамалармен және өзге де құралдармен өз қаржысы есебінен қамтамасыз етуге;

      4. Қызметкерге жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруге;

      5. Қызметкер еңбек міндетерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандаруға;

      6. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, оны зейнеткерлікпен қамтамасыз ету мақсатында аударылған қаржы мен ұсталынған төлемдер жайлы мәліметтерді сақтауға және мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға;

      7. Қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамаларында, Еңбек шартында, Жұмыс берушінің актілерінде қарастырылған жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы толық мөлшерде төлеуге;

      8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамларына және осы Еңбек шартына сәйкес жұмыс уақыты мен демалыс уақыты нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

      9. Қызметкерге еңбектің зиянды, қауіпті жағдайлары туралы ескертуге және егер жұмысты жалғастыру Қызметкердің өмірі немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтатуға міндетті;

      10. Казақстан Республикасы еңбек заңнамаларының, келісімдердің, еңбек шарттарының өзі шығарған актілердің талаптарын орындауға.




    1. Жұмыс беруші мыналарға құқылы::

      1. Қызметкермен жасалған Еңбек шартын Еңбек туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге және оны бұзуға;

      2. Қызметкерден осы Еңбек шартының 1.4. т. қарастырылған міндеттерінің мүлтіксіз орындалуын талап етуге;

      3. өз өкілеттігі аясында Жұмыс беруші актілерін шығаруға;

      4. Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;

      5. өндірістік қажеттіліктерге байланысты жағдайлар кезінде Қызметкердің келісімінсіз бір айға дейінгі мерзімге Еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілмеген, тура сол ұйымдағы, тура сол мекенде, орындалатын жұмысы бойынша еңбек ақы төлей отырып басқа жұмысқа ауыстыру, бірақ бұрынғы жұмыс орны бойынша орташа лауазымдық ақысынан төмен болмауы тиіс.

      6. Жұмыс беруші Жұмыскерден оның лауазымдық міндеттемелерін уақытында және сапалы орындауын, Жұмыскердің жұмысына қатысты істердің жүру барысы туралы толық ақпаратты, оған сеніп тапсырылған мүліктің және ақшалай қаражаттың сақталуын, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау талаптарын сақтауды талап етуге құқылы;

      7. еңбек міндеттерін орындау кезінде Қызметкер келтірген зиянның орнын толтыртуға;

      8. Қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;

      9. Қызметкер жоғарғы оқу орнында оқитын жағдайларда, емтихан тапсыру, дипломдық жобаны дайындау және қорғау кезеңінде Жұмыс берушінің актілерінде қарастырылған тәртіпте қосымша демалыс беруге;

      10. Жұмыскерді ынталандыруға, тәртіптік жаза қолдануға, ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған жағдайлар мен тәртіп ретіне сәйкес материалдық жауапкершілікке тартуға.



  1. ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ

7.1 Еңбек шарты жазбаша түрде, кем дегенде екі данадан жасалып, оған шарт жасасушы тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір данасы Жұмыс берушіде қалып, енді бір данасы Қызметкердің қолына беріледі. Қызметкер еңбек шартын алғандығы туралы жазбаша түрде растап, қол қояды.

7.2 Еңбек шартына өзгертулер мен қосымшалар еңгізу, соның ішінде өзге жұмысқа ауысу кезінде жасалатын өзгертулер мен қосымшалар да осы баптың 7.1-тармағында қарастырылған тәртіп бойынша екі жақ тарапынан жазбаша түрде жүзеге асырылады.

7.3 Еңбек шартын өзгерту қажеттігі туралы тараптардың бірі жазбаша түрде ұсыныс жасайды да, екінші тарап оны жеті күнтізбелік күн ішінде қарайды.

7.4 Осы Еңбек шарты төмендегідей жағдайларда тоқтатылады:

7.4.1 Еңбек шартының әрекет ету мерзімінің бітуіне байланысты;

7.4.2 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 53 бабына сәйкес екі Тарапқа да тәуелсіз жағдайларда.

7.5. Осы Шарт мына жағдайларда бұзылуы мүмкін:

7.5.1 Тараптардың келісімі бойынша екі Тараптың жазбаша келісімі болса (ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы);

7.5.2 Тараптардың келісімі бойынша Жұмыс беруші Қызметкермен Еңбек Шартын ҚР Еңбек кодекісінің 52 бабының 2 тармағында белгіленген талаптарды сақтамай-ақ, бір жылдық орташа еңбек ақыдан кем емес мөлшерде өтемақы төлей отырып бұзуға құқығы бар. Тараптардың келісімі бойынша Еңбек шартын бұзу күнін Жұмыс беруші Қызметкердің келісімінсіз анықтайды.

7.5.3. бір Тараптың бастамасы бойынша, бір Тарап екінші Тарапты осы Шарттың бұзылуына дейін кем дегенде бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертсе, (ҚР Еңбек кодексінің 56 бабының 1-тармағының 1), 2) тармақшалары және , 57 бабының 1 тармағы);

7.5.4. белгілі бір мерзімге жасалған шарттың әрекет ету мерзімінің бітуіне дейін ҚР Еңбек кодексінің 54 бабында қарастырылған жағдайларда алдын ала жазбаша ескертпе жасамай-ақ, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша;

7.5.5. Қызметкермен жасалған Еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі оның ҚР заңымен бекітілген зейнеткерлік жасқа жетуі болып табылады және бұл мәселе ҚР Еңбек кодексінің 240-бабына сәйкес реттеледі.

7.6 Еңбек шартының тоқтатылуы Жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді.



8. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
8.1 Осы Еңбек шартында көрсетілген міндеттердің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін Еңбек шартының тараптары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауап береді.

8.2. Осы Еңбек шартын орындау барысында екі Тарап бір-біріне материалдық шығын келтірген жағдайда олар бір-бірінің алдында толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

8.3. Жұмысқа орналасу кезінде Қызметкер жасанды құжаттар немесе біле тұра жалған мәліметтер енгізілген құжаттарды тапсырған жағдайларда Қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

9. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
9.1. Осы Шартта қарастырылмаған жағдайлар бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

9.2. ҚР Еңбек Кодексі Қызметкердің Шарт талаптарына қатысты еңбек жағдайларын жақсартуға қарай өзгерген жағдайда соңғысы (Еңбек шарты) түзетілуі тиіс, ал қатаңдандырған жағдайда Еңбек шарт өзгеріссіз әрекет етеді.

9.3. Осы Еңбек шарты 2 (екі) данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілінде жасалған, заңдылық күштері бірдей, рәсімделуден кейін олардың біреуі – Қызметкерде, екіншісі Жұмыс берушіде болады.

  1. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ:



Жұмыс беруші: Қызметкер:

«Ерейментау ауданының

Білім бөлімі » ММ

СТН030700210375

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

№ 62-1902-07-ММ

БИН 060140010536
Баймаганбетова С.А.______________



Аты-жөні:

СТН №


ЖСН №

Жеке куәлік №



_______________________________

жүктеу 109,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау