Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 73,7 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі73,7 Kb.
#17672
түріКонкурс

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы

хабарландыру
Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.




Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

Е-3


102 437

138 248

«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050066, Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2А, анықтама үшін телефондар: 384-27-63, e-mail: site.zhetysu@a-a.kz, d.imanova@almaty.gov.kz, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:



Көріктендіру бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауап береді. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды және жоспарлауды жүзеге асырады, сондай-ақ алдына қойылған міндеттерді орындайды. Заңнамада белгіленген мерзімде қолданыстағы азаматтардың өтініштерін мен арыздарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың өтініштерін жеке бақылауды қамтамасыз етеді. Жетісу ауданының көріктеніру, құрылыс, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру мен санитарлық тазалық, сонымен қатар бұл жұмыстарға мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді орындау сұрақтары бойынша жоғары тұрған органдардың, аудан әкімінің өкімдер мен шешімдерінің және басқа да құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Әкімшілікпен келісім-шарттар негізінде жасалған жұмыстарды мердігер ұйымдамен сыртқы жарықтандыруды күтіп-ұстау, санитарлық тазалық, көгалдандыру, аудан аумағын көріктендіру, сондай-ақ зираттың тазалығымен күзетуін, мерекелік іс-шараға биодәретханалармен қамтамасыз етеді, бұл жұмыстарды орындау үшін үйлестіреді және бақылайды. Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен келісім-шарттар негізінде жасалған мердігер ұйымдардың гүлді сәнді безендіру және күтіп-ұстау жұмыстарын орындау үшін үйлестіреді және бақылайды. Алматы қаласы әкімінің аппараты, жергілікті өзін-өзі басқару және әлеуметтік желілерде көрсетілген аудан аумағындағы санитарлық тазалық және көріктендіру фотосуреттерін орындау үшін үйлестіреді және бақылайды. Сыртқы жарықтандыру, санитарлық тазалық, бағдарламалар мен жоспарлар саласындағы жұмыстарды және төтенше жағдайлардың салдарын жою және қайта қалпына келтіру жұмыстарын тұрғын секторларында жүргізу. Аудандағы ескі үйлерді сүру және алмастыру бағдарламаларының орындалуына бақылау жұмысын қамтамасыз етеді. Аудандағы саябақтар, саяжайлар, арық жүйелерінің ағымдық жөндеу жұмыстарынын жоспарға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру. Алматы қаласының және аудандық жүйелік қызмет басқармаларымен бірлесе жұмыс тобы және комиссияның жұмыстарына қатысады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру жұмыстарын, көріктендіру, жасылдандыру, санитарлық тазалық, көше жарықтандыру мен құрылыс саласындағы нормативтік-құқық актілерінін орындалуын және өз бетімен құрылыс және жер иегендіру бойынша жұмыстардың орындалуын қадағалайды. Санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша айлық жәнесенбілік ұйымдастыруы мен үйлестіруін қамтамасыз етеді. Көріктендіру, жасылдандыру, санитарлық тазалық пен көше жарықтандыру бағдарламалар бойынша алдымдық жоспар дайындайды. Қабылдау комиссиясының актілері, құрылысты сүру актілерін келісімдеу сонымен қатар, дайындық және құрылыс-монтаждық жұмысын жүргізуге тапсырыс және атқарылған жұмыстардың ордер талондардың қайтарылуын қамтамасыз етеді. Аудандағы жол инфрақұрылымының нақты бір нысандардың (көшелер, жаяу жүргішілер жолы, арық жүйесінің) ағымдық, орта, күрделі жөндеу және жасылдандыру жұмыстарын қажет ететін нысандардың анықтауын үйлестіру. Күрделі жөндеу жұмысын және жаңа құрылыс қажет ететін көше жарықтандыру желілерін анықтау. Әкімге апталық атқарылған ақпарат пен есеп беру ақпаратының дайындалуын бақылау етеді. Аудандық комиссияның жұмысына қатысуы. Алматы қаласы әкімінің аппараты және аудандық әкімшіліктің іс-шараларына қатысуы.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыс ғылымдар немесе құқық немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Мына құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2 «А» үй, 407 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (407 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 31 тамызынан 02 қыркүйегі аралығында жүргізіледі.
жүктеу 73,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау