2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеуге қатысады.
2.2. Мекемеде құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды жүзеге асырады,
құрылымдық бөлімшелерге және қоғамдық ұйымдарға түрлі құқықтық құжаттарды
дайындауға және ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді, шағым-талаптардан бас тарту
кезінде негізді жауаптар дайындауға қатысады.
2.3. Мекеменің басқа бөлімшелерімен бірлесіп, төрелік сотқа, тергеу және сот
органдарына беру үшін жымқырулар, жұмсап қоюлар, кем шығулар, сапасыз, стандартты
емес және топталмаған өнім шығарулар, экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы
және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындайды, өндірістегі және
орындалуы аяқталған соттық және төрелік істерді есепке алуды және сақтауды жүзеге
асырады.
2.4. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін нығайту және кәсіпорын мүлкінің
сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға
қатысады.
2.5. Шағым-талаптарды, соттық және төрелік істерді, кәсіпорынның шаруашылық-
қаржылық қызметінде анықталған кемшіліктерді жою және жақсарту жөніндегі
ұсыныстарды әзірлеу мақсатында шаруашылық шарттарын жасау және орындау
практикаларын зерделейді, талдайды және түсіндіреді.
2.6. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық
жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдейді.
2.7. Шаруашылық шарттарын жасау, оларға құқықтық сараптама жүргізу,
ұжымдық шарттар мен салалық тарифтік келісімдердің талаптарын әзірлеу, сондай-ақ
дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарау бойынша жұмысқа
қатысады.
2.8.
Құрылымдық
бөлімшелердің
анықтамаларды,
есеп
айырысуларды,
түсініктемелерді және шағым-талаптарға жауаптар дайындауға арналған басқа
материалдарды уақтылы беруін бақылайды.
2.9. Басқа бөлімшелермен бірлесіп кәсіпорында шығарылған қолданылып жүрген
немесе күшін жойған бұйрықтар мен басқа нормативтік актілерді өзгерту немесе жою
туралы ұсыныстар дайындайды.
2.10. Қолданылып жүрген заңнамалық нормативтік актілерді жүйелендірілген
есепке алу және сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, оларды қабылдамау, өзгерту және
толықтыру жөнінде белгілер жасайды, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және
есептеу құралдарын қолдану негізінде анықтамалық құжаттама дайындайды.
2.11. Мекеменің қызметінен туындайтын құқықтық мәселелер, қайтаруға келіп
түскен нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады.
2.12. Мекеме қызметкерлеріне қолданылып жүрген заңнама және оларға өзгерістер
туралы хабарлауды, кәсіпорынның лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты
нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады.
2.13. Мекеме қызметкерлеріне ұйымдық-құқықтық және басқа заң мәселелері
бойынша кеңес береді, қорытынды дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар
мен актілерді ресімдеуге көмектеседі.
3. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Заңгер мыналарға құқығы бар:
3.1. Мекеме басшылығының оның қызметіне қатысты шешімдерінің жобаларымен
танысуға.
3.2. Осы нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру
жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге.
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
___________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
БУХГАЛТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің “Басшылар, мамандар және басқа қызметшiлер лауазымдарының
бiлiктiлiк анықтамалығын бекіту туралы” 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-ө бұйрығы
негізінде және Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” 1999 жылғы 10
желтоқсандағы № 493-1 Заңына сәйкес жасалды және жеке еңбек шартына қосымша
ретінде қолданылады.
Нұсқаулық ҚР еңбек заңнамасының немесе Шымкент университетінің өндірістік-
экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Бухгалтер мамандар санатына жатады, бас бухгалтердің ұсынысы бойынша
ректордың бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.2. Бухгалтер лауазымына:
І санаттағы бухгалтер лауазымына жоғары кәсіби (экономикалық) білімі және ІІ
санаттағы бухгалтер лауазымында кемінде 3
жыл жұмыс стажы бар тұлға;
ІІ санаттағы бухгалтер лауазымына жоғары кәсіби (экономикалық) білімі бар,
жұмыс стажына талап қойылмаған немесе орта кәсіби (экономикалық) білімі және
бухгалтер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар тұлға;
бухгалтер лауазымына орта кәсіби (экономикалық) білімі бар, жұмыс стажына
немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлығына талап қойылмаған және есеп
және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар тұлға тағайындалады.
1.3. Бухгалтер тікелей бас бухгалтерге бағынады.
1.4. Бухгалтер өз қызметінің ерекшелігі бойынша:
– мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік
есебін ұйымдастыру және есептілік жасау жөніндегі заңнамалық актілерді, қаулыларды,
өкімдерді, бұйрықтарды,
басқарушылық, әдістемелік және нормативтік материалдарды;
– кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің нысандарын және әдістерін;
– шоттар
жоспарын және байланыстырылуын;
– бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын
ұйымдастыруды;
– негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша
қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжатпен ресімдеу және
бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін;
– кәсіпорынның шаруашылық-қаржы қызметін экономикалық талдау әдістерін;
– есептеу техникасын пайдалану ережесін;
– экономиканы, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды;
– шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін;
– еңбек туралы заңнаманы;
– еңбек қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс.