ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКА, ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
РТжБФ деканы _________ У. Медеуов
« 15 » _09_______ 2009 жыл
ЖҰМЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
RET 4335 «Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау» пәні бойынша
050719 – РЭТ мамадығы бойынша (8 семестр)
Оқу түрі: күндізгі
Семестр 8
Курс 4
Барлығы 3 несие
Лекциялар 22 сағат
Лабораториялық жұмыс 16 сағат
Практикалық сабақтар 16 сағат
СӨЖ 42 сағат
СОӨЖ 42 сағат
Сағаттар саны 135 сағат
Курстық жұмыс 1
Емтихан 8 семестр
АЛМАТЫ 2009
Бағдарламаны оқу жоспары бойынша құрастырған Боканова Гульназ Шегебаевна.
09. 09. 2009 ж. ЭӨҰжБ кафедрасының мәжілісінде талқыланды
№ 1 хаттамамен
Кафедра меңгерушісі Жакупов А.А.
Бағдарламаны құрастырған оқытушы жайында:
Боканова Г.Ш. – ЭӨҰжБ кафедрасының аға оқытушысы, білімі – жоғарғы, МЭИС, жалпы жұмыс істеу стажы – 24 жыл, АЭЖБИ-де жұмыс істеу стажы – 12 жыл, методикалық – ғылым жұмыстарының саны – 15.
Кеңсе: ЭӨҰжБ кафедрасы, ауд. Б416,
Мекен жайы: 050013, Алматы, Байтұрсынұлы, 126
Тел.: 292-33-90
Факс:
E-mail
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
«Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау» пәні бойынша сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу
Тақырыптың аты
|
Академиялық сағаттар саны
|
Дәріс
|
Лабораториялық
|
Практикалық
|
СОЖ
|
СӨЖ
|
1 Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдауды және саралауды ұйымдастыру негізі, мақсаты. Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау әдістемелері.
|
4
|
|
2
|
7
|
7
|
2 Байланыс желісін дамытуды талдау. Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралау.
|
2
|
2
|
2
|
5
|
5
|
3 Табысты талдау және саралау
|
4
|
4
|
2
|
5
|
5
|
4 Негізгі өндірістік қорларды талдау және саралау
|
2
|
2
|
2
|
5
|
5
|
5 Еңбек ресурстарын және жалақыны талдау және саралау
|
2
|
2
|
2
|
5
|
5
|
6 Эксплуатациялық шығындарды және қызметтердің (жұмыстың) өзіндік құнын талдау және саралау
|
4
|
2
|
2
|
5
|
5
|
7 Байланыс өндірістеріндегі қаржы жай-күйін талдау және саралау
|
2
|
4
|
4
|
5
|
5
|
8 Өндірістік-шаруашылық байланыс қызметтерінің соңғы қорытындыларын талдау
|
2
|
|
|
5
|
5
|
Барлық сағаттар
|
22
|
16
|
16
|
42
|
42
|
«Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау» пәні бойынша жұмыстық бағдарлама:
Тема 1 Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдауды және саралауды ұйымдастыру негізі, мақсаты. Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау әдістемелері.
Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау пәні, оның басқару жүйесіндегі орны. Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралаудың негізгі міндеті мен мақсаты. Экономикалық талдауға қойылатын біліктілік талаптар, оның түрлері, классификациялары. Байланыс кәсіпорындарындағы талдау жұмыстарының этаптары мен мазмұны.
Талдау жұмысын жасау үшін ақпараттық (информациялық) база, оның көлеміне, мазмұнына, толығына, сақталуына, жаңаруына қойылатын талаптар. Технико-экономикалық талдау жасау үшін автоматтық банк деректер құрылуының керектігі. Байланыс саласындағы әр деңгейдегі объектілер үшін талдау және саралау жұмыстарын ұйымдастыру, оның ерекшелігі.
Қаржы-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда талдау және саралау тәсілдері.
Технико-экономикалық талдаудың білімдік негіздері. Өндірістік – шаруашылық процестеріне талдауға диалектілік көзқарас. Қаржы-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда талдау және сараптауды жүйелік түрде тәсілдеу керектігінің мәні. Комплекстік түрде шаруашылықты талдаудың мазмұны. Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштердің комплексті талдау жүйелеріндегі қарым-қатынасы. Талдаудың әртүрлі тәсіптерін қолдану облысы (жоспарды іске асыру, көрсеткіш серпінін қарастыру, көрсеткіш құрамын зерттеу, оған әртүрлі факторлардың ықпалы, көрсеткіштердің бір-біріне қарым-қатынасы). Салыстыру, индекстік, топтау, факторлық талдау тәсілдерінің мәні; ерекшілігі.
Тема 2 Байланыс желісін дамытуды талдау. Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралау.
Байланыс желісін дамыту көрсеткіштерін талдаудың және саралаудың кәсіпорынның соңғы нәтижелеріне ықпалы. Байланыс саласының даму жоспарының іске асуына талдау жасау, оның мазмұны, мақсаты, пайдаланатын көрсеткіштер. Байланыс желісін дамыту көрсеткіштерін талдаудың реті. Талдаудың ақпараттық базасы, жұмыс жүргізу кезеңі. Байланыс желісін дамыту көрсеткіштерінің деңгейін және өрлеу қарқынын талдау, оның мазмұны, жүргізу кезеңі, мәнділігі. Желіс жүйелерінің ұйымды-техникалық дамуының техникалық прогрессті деңгейінің негізгі көрсеткіштері. Байланыс атқару құралдарының сапалы байланыс қызметін көрсетудегі сипаттамалары.
Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралау. Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралаудың кәсіпорынның соңғы нәтижелеріне ықпалының орны. Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралаудың мазмұны, реті. Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралауда жоспарды іске асыру, көрсеткіш серпінін қарастыру, оның кәсіпорындардағы үлкен орын алатын мәні.
Тема 3 Табысты талдау және саралау.
Табысты талдаудың және саралаудың кәсіпорынның соңғы шаруашылық нәтижелерін талдауда ықпалының орны. Табысты талдаудың және саралаудың мәні, мақсаты, мазмұны. Табысты талдаудың және саралаудың ақпараттық (информациялық) базасы. Табысты талдау және саралауда жоспардың іске асырылуы, табыс серпінін қарастыру. Табысты талдау және саралауда қызмет көрсету реті ьойынша жоспарды іске асыру. Табыстың фактор бойынша өзгеруі. Изменение доходов по факторам. Байланыс табысының серпінін қарастыру. Өзіндік табысты талдау және саралауда жоспарды іске асыру, көрсеткіш серпінін қарастыру. Өзіндік табысты талдау және саралау мен байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралаудың қарым-қатынасы.
Тема 4 Негізгі өндірістік қорларды талдау және саралау.
Өндірістік ресурстарды қолданудың тиімділіктің өсуіне қосатын үлесі. Өндірісті ресурстарды тиімділікті қолдануды талдауда негізгі өндірістік қордың маңызы. Негізгі өндірістік қорларды талдау және саралаудың мазмұны, оның реті. Негізгі қорларды талдаудың ұдайы өндіріске, жетілдіруге тиімділігі. Негізгі қорлардың көлемі мен құрамы. Негізгі қорлардың жай-күйін, қозғалыста болуын зерттеу. Қортолықтықты (фондонасыщенности) талдау. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың тиімділігін талдау және саралау, оның мазмұны, керекті көрсеткіштер. Негізгі өндірістік қорларды кеңірек қолдануды талдаудағы кездесетін факторларды зерттеу. Байланыста әртүрлі құралдарды және каналдарды пайдалану кезіндегі көрсеткіштерді талдау, оның реті, оларды есептеу керек мәліметтер.
Инвестициялардың (капитальных вложений) тиімділігін талдау. Негізгі қорларды енгізудің, өндірістің қуаттылығын, инвестициялардың серпінін зерттеу. Инвестициялардың (капитальных вложений) ұдайы өндірісін және технологиялық құрамын зерттеу. Инвестициялардың (капитальных вложений) тиімділігін көрсететін көрсеткіштер.
Тема 5 Еңбек ресурстарын және жалақыны талдау және саралау.
Талдаудың негізгі салалары. Өндірісті жұмысшылармен қаматамасыз етуді талдау. Ортасандық жұмысшылар санын салыстыру (штатпен, жоспармен). Жұмысшылар санының құбылмалы болуын зерттеу. Олардың біліктілігіне сипаттама. Кадрлар құрамы. Жұмыс ресурстарын тиімді қолдануға талдау. Жұмыс өнімділігін талдау және саралауда жоспардың іске асырылуы, Жұмыс өнімділігінің серпінін талдау. Жұмыс өнімділігінің өсуіне қатынасты факторларға талдау жасау. Жұмыс сағаттарын тек жұмысқа ғана баулу. Жұмыс сағаттарының балансына сипаттама.
Жалақы қорын рәсуалауға талдау және саралау. Жалақы қорының үнемдейтінін көрсететін абсолюттік және қатынасты көрсеткіштер. Жалақы қорынының құрамындағы өзгерістер. Орташа жалақы, оның жалақы қорының рәсуалауына қатысы. Жалақы қорының рәсуалауына қатысты факторларды бағалау.
Тема 6 Эксплуатациялық шығындарды және қызметтердің (жұмыстың) өзіндік құнын талдау және саралау.
Эксплуатациялық шығындарды және қызметтердің (жұмыстың) өзіндік құнын талдау және саралаудың мазмұны, реті. Эксплуатациялық шығындарды талдау және саралауда жоспардың іске асырылуы, эксплуатациялық шығындардың серпінін қарастыру. 100тенге табыстан өзіндік құнға талдау. Эксплуатациялық шығындардың және қызметтердің (жұмыстың) өзіндік құнының өндірістік-шаруашылық байланыс қызметтерінің жасанды көрсеткіштеріне қатынаса талдау және саралаудың орны.
Тема 7 Байланыс өндірістеріндегі қаржы жай-күйін талдау және саралау.
Кәсіпорынның қаржылық күйін талдау мен саралаудың реті және құрамы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайынының сипаттамасы. Таза табыс және тиімділікті талдау. Таза табыс және тиімділікті талдауының негізгі сатылары, есептері, мазмұны.
Кәсіпорынның қарамағындағы ақша қорын талдау, олардың құрамы, орналастыру және пайдалану тиімділігі.
Кәсіпорындардың меншікті айналым қаражаттарына талдау жасау: айналым қаражаттарының көлемі, нормативке қарағанда жетпей қалуы (көп болып кетуі), олардың көп болып кеткеніне немесе жетпей қалғанына қандай факторлардың қатысуы. Кәсіпорындардың нормативті айналым қаражаттарын бағалау және банктердің қысқа мерзімге несие беруі. Айналым қаражаттарын тиімді қолданудағы шаралар. Айналым қаражаттарын талдау, оның кәсіпорындардағы өндіріс құралдарын тиімді қолданылуда талдау және саралау кезінде алатын үлкен орыны. Айналым қаражаттарының көрсеткіштеріне талдау: айналым коэффициенті, айналымның ұзақтығы. Айналым қаражаттарының тиімділігі, айналымның өсуіне, айналымның ұзақтығының қысқаруына байланыстан босатылып шығатын қаражат, табыс. Олардың абсолюттік және қатынасты мөлшерлері. Кәсіпорындардың төлеу алау қабілеті. Кәсіпорындардың өте тез және өте тез емес төлемдерді өтеуі. Кәсіпорынның қаржылық күйін көрсететін қаржылық коэффициенттерді талдау мен саралау.
Тема 8 Өндірістік-шаруашылық байланыс қызметтерінің соңғы қорытындыларын талдау. Жалпылау бағаларының мәні. Жоспарды орындаудың және жұмыс сапаларының жақсартуына жалпылау бағалары. Эксплуатация кәсіпорындарында жоспарды орындаудың негізгі маңызы. Өнімнің сапасын қадағалайтын балл қою тәсілі; жазалау шарттары. Байланыс кәсіпорнының өндірістік – шаруашылық қызметтеріне жалпылау бағаларының сипаттамасы.
Лабораториялық жұмыстар:
Лаб.жұм/апта
|
Күн, ай, жыл
|
Темалар
|
Әдебиеттер негізі
|
1/ 1
|
|
Байланыс жүйесінің дамуын талдау
|
Ә1, Ә2, Ә6
|
2/ 3, 5
|
|
Табысты талдау және саралау
|
Ә1, Ә2, Ә6
|
3/ 6
|
|
Негізгі өндірістік қорларды талдау және саралау
|
Ә1, Ә2, Ә6
|
4/ 7
|
|
Еңбек ресурстарын және жалақыны талдау және саралау
|
Ә1, Ә2, Ә6
|
5/ 8
|
|
Эксплуатациялық шығындарды және қызметтердің (жұмыстың) өзіндік құнын талдау және саралау
|
Ә1, Ә2, Ә6
|
6/ 9,10
|
|
Қаржылық коэффициенттерін талдау және саралау
|
Ә1, Ә2, Ә6
|
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс студенттердің теориялық сабақтардан алған білімдерін нығайтуға, практикада қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау жұмыстарын комплексті түрде қолдана алып, студенттерге өндіріс көрсеткіштерін ұлғайтуға деген кепілдеме беруге мүмкіндік туғыза алады. Курстық жұмыстың темасы: «Қаржы-шаруашылық қызметтерін комплексті талдау және саралау».
Курстық жұмыс келесі тараулардан тұрады:
Байланыс кәсіпорында қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау жұмыстарының экономикалық сипаттамасының мәні.
Байланыс кәсіпорында қаржы-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда талдау және саралау тәсілдерін қолдануға үйрену.
Байланыс кәсіпорында өндіріс-шаруашылық қызметтерінің соңғы нәтижелерін талдау.
Өндіріс ресурстарын тиімді қолданылуына керекті негізгі факторларды бағалау.
Байланыс кәсіпорында өндіріс-шаруашылық қызметтерінің жасанды көрсеткіштеріне тиісті негізгі факторларды зерттеу.
Байланыс кәсіпорында өндіріс-шаруашылық қызметтерін талдауды жалпылай бағалау.
Өндіріс-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда ары қарай жетілдіруге кепілдеме беруді нығыздау.
Практикалық сабақтар:
Лаб.жұм/апта
|
Күн, ай, жыл
|
Темалар
|
Әдебиеттер негізі
|
1/1
|
|
Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау әдістемелері
|
|
2/3
|
|
Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралау
|
|
3/5
|
|
Табысты талдау және саралау
|
|
4/ 6
|
|
Негізгі өндірістік қорларды талдау және саралау
|
|
5/ 7
|
|
Еңбек ресурстарын және жалақыны талдау және саралау
|
|
6/ 8
|
|
Эксплуатациялық шығындарды және қызметтердің (жұмыстың) өзіндік құнын талдау және саралау
|
|
7/ 9
|
|
Пайданы және рентабельдікті талдау және саралау
|
|
8/ 10
|
|
Қаржылық коэффициенттерін талдау және саралау
|
|
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. – М.: Финансы и статистка, 2002
Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономик и маркетинга, 2005
Разговоров А.В. Технико-экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий связи. – М.: Радио и связь, 1986
Рекомендации по проведению комплексного анализа развития и эффективности работы предприятий (объединений) связи. – М., 1991
Методические рекомендации по курсу «Предприятие: стабилизация, переход к рынку». – М., 1991
Крылова Т.В. Выбор партнера: анализ капиталистических предприятий. – М.: Финансы и статистка, 1991
Боканова Г.Ш. Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау пәнінен лабораториялық жұмыстарын орындаудың әдістемелік нұсқаулары – Алматы: АЭЖБИ, 2009
Достарыңызбен бөлісу: |