Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет1/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ҚАЗАҚСТАН 2018 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БАЯНДАМА 

 

 



ҚЫСҚАША ШОЛУ 

 

Қазақстан    Республикасының    Үкіметтік    жүйесі    мен    Конституциясы Президент 



əкімшілігіне  бағынады.  Президент  əкімшілігі  Үкімет,  заң  шығарушы  орган  мен  сот 

органын, сонымен қатар аймақтық жəне жергілікті өкіметті қадағалайды. Конституцияға 

өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін Президент тарапынан келісім талап етіледі.  2015 

жылы өткен Президент сайлауында Елбасы Назарбаев 98 пайыз дауысқа ие болды, алайда 

сайлау  барысында  ереже  бұзушылықтар  орын  алып,  шынайы  саяси  бəсекелестіктің 

болмағаны  айтылды.  2016  жылы  өткен  Мəжіліс  (Парламенттің      төменгі      палатасы)   

сайлауында   Президент басшылығындағы Нұр  Отан партиясына     82   пайыз   дауыс   

берілді.      Еуропадағы      қауіпсіздік      жəне  ынтымақтастық      ұйымы   

(ЕҚЫҰ)/Демократиялық   институттар   мен   адам   құқықтары жөніндегі  бюро (ДИАҚБ) 

елде  демократиялық  сайлау өткізу  ЕҚЫҰ  талаптарына  сай  болуы  үшін  əлі  де  едəуір 

жұмыс атқарылуы  қажет  деп қорытындылаған.   2017 жылдың маусым   айында өткен  

жанама   сайлау   нəтижесінде,  Парламенттің Жоғарғы  палатасының  47  сенаторынан  

16    сенатор    сайланды.    Бұл  сайлауды    жергілікті  басшылар  мен  Президент  əкімшілігі 

бірлесіп бақылады. 

 

Азаматтық өкімет қауіпсіздік органдарына тиімді бақылау жүргізді. 



 

Адам  құқықтарын  сақтау  мəселелері  келесі  маңызды  бөліктерден  тұрады:  кісі  азаптау;  

саяси тұтқындар; цензура; сайтты бұғаттау; жала жабуға қатысты қылмыстық іс қозғау;  

дінге  қатысты  шектеулер;  бейбіт  жиналыстар  мен  ассоциация  еркіндігі  құқықтарына 

айтарлықтай  қол  сұғу;  саяси  белсенділікке  қатысты  шектеулер;  сыбайлас  жемқорлық; 

жəне тəуелсіз кəсіподақтарға қатысты шектеулер. 

 

Үкімет лауазымды тұлғаларды заңды бұзғандары үшін, əсіресе, жемқорлыққа байланысты 



атышулы істері үшін жауапқа тартты; алайда сыбайлас  жемқорлық  қанат жайып  келеді  

жəне  жоғары лауазымдағы қызметкерлер, сонымен қатар үкіметтік немесе  құқық  қорғау  

органдарымен байланысты қызметкерлер жазаға тартылмаған. 

 

1-бөлім. Жеке тұлғаның тұтастығын құрметтеу, келесі жағдайларда еркіндігін сақтау: 

 

а. Өмірден айыру жəне басқа да заңсыз немесе саяси себептермен өлтіру 

 

«Үкімет немесе оның агенттері заңсыз кісі өлтірген немесе соққыға жыққан»  деген хабар-



ламалар бар. 

 



 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

30  сəуірде  38  жасар  Қарағанды  тұрғынының  өлі  денесі  қала  сыртында  табылды,  оны 



Теміртау қаласының полиция қызметкері Нұрсейіт Қалдыбаев атып өлтірген деген пайым 

болды. Тергеушілер Қалдыбаев жəбірленушінің көлігін тартып алып, оны алдағы үйлену 

тойына ақша табу үшін сатуға ниеттенгенін дəлелдеді. 3 мамырда Қалдыбаевқа қасақана 

кісі өлтірді деген айып тағылып,  қамаққа алынды.  Тамыз  айында  Қарағанды  қаласының 

мамандандырылған қылмыстық соты оны кінəлі деп танып, 19 жылға бас бостандығынан 

айырды. 


 

2  тамызда  Шахтинск  қаласының  соты  жергілікті  түрме  бастығы  Бауырбек  Шотаевты, 

түрме қызметкері Виталий Зарецкийді жəне түрме қызметкерлерінің бұйрығын орындаған-

дары үшін арнайы жеңілдіктерге ие болған алты «ерікті» тұтқынды түрме тұтқыны Вале-

рий Чупинді өлгенше азаптағандары үшін жауапқа тартты. Тергеушілердің айтуынша, Чу-

пин түрме мектебінің оқытушысына тіл тигізген, ал түрме бастығы ерікті көмекшілеріне 

оны тəртіпке салуды бұйырған. Аяусыз ұрып-соғу жəне басқа да қорлықтардан кейін Чу-

пин жергілікті ауруханаға шұғыл түрде операция жасау үшін жеткізілді, алайда өліп кетеді. 

Сот Шотаев пен Зарецкийді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ал зорлық-зомбылық 

əрекеттері  үшін  сотталған  алты  тұтқынның  жаза  мерзімі  10  жылдан  17  жылға  дейін 

ұзартылды. 

 

Əскери қызметкерлер арасында өлімге дейін апарып соққан əскери əлімжеттік туралы ре-



сми  мəлімдеме  жоқ.  Бірақ  ресми  тергеудің  қорытындысы  бойынша,  «өз-өзіне  қол 

жұмсаған» деген бірнеше оқиғалар бар. Отбасы мүшелері «сарбаздар əскери əлімжеттік 

себебінен қаза болған» деп айтады. 

 

15 шілдеде Қазақстан-Түрікменстан шекарасындағы Үстірт шекаралық бекетінде əскерге 



шақырылған 21 жасар Бақытбек Мырзамбеков қайтыс болды. Ресми мəлімдемеге сəйкес, 

9 шілдеде сарбаз астан ұшынғанын айтып шағымданды, екі күннен кейін медициналық 

мекемеге жатқызылды жəне көп кешікпей коронарлық артерия ауруынан қайтыс болды. 

Отбасы  мүшелері  ресми  мəлімдемеге  сенбеді,  сарбазда  жүрек  ақауы  бар  екенін  жоққа 

шығарды жəне көптеген соғылған жерлер, соның ішінде жамбас тұсындағы жарақаттарды 

мəлімдей отырып, оның əскери əлімжеттік себебінен қаза болғанын айтты. 

 

b. Жоғалу 

 

Саяси себеппен жоғалғандар туралы мəлімдеме жоқ. 



 

 

c. Қинау жəне басқа да қатыгездіктер, адамшылыққа жатпайтын қорлау 



жағдайында ұстау немесе жазалау 

 

Заң қинауға тыйым салады, бірақ полиция мен абақты қызметкерлері қамаудағы адамдарды 



азаптап,  зорлық-зомбылық  көрсеткен.  Құқық        қорғаушылар        азаптаудың        мемлекет 


жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау