БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
КАФЕДРА ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Кафедра оқытушысы Шымкент университетінің маман санатына жатады,
кафедрадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде
қалыптастыруды жүзеге асырады.
1.2 Oқытушы өз қызметінде ҚР заңдарын, соның ішінде “Білім туралы” заңын, ҚР
МЖМБ 3.001-2000, ҚР Білім және ғылым министірлігінің нормативтік-құқықты
құжаттарын, университет ережесін, университет ректорының бұйрықтары мен
өкімдерін, университеттің нормативтік-өкімдік актілерін басшылыққа алады.
1.3 Oқытушы атқаратын қызметіне кафедра меңгерушісінің және факультет деканының
ұсынысымен, оқу ісі жөніндегі проректорының келісімімен, университет ректорының
бұйрығымен тағайындалады және қызметтен босатылады.
1.4 Oқытушы тікелей кафедра меңгерушісіне бағынады.
1.5 Oқытушы жұмысында болмаған жағдайда оның оқу жүктемесі кафедра
меңгерушісінің шешімімен кафедра оқытушысына жүктеледі.
2. БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Oқытушы қызметіне кәсіби жоғары білімі бар, ғылыми әдістемелік мақалалары бар
тұлға тағайындалады.
2.2 Oқытушы білуге тиіс:
-ҚР “Білім туралы” заңын;
-ҚР “Еңбек Кодексі” ;
-ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық
актілерін;
-университет ережесін;
-қызметтік этиканы;
-осы
қызметтік нұсқауды;
-университеттің ішкі
еңбек тәртіп ережесін;
-кафедра туралы Ережені.
3.МІНДЕТТЕР
Oқытушы міндетті:
3.1 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде, мамандарды
даярлауды жүзеге асыратын оқу және жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге.
3.2 Оқу сабақтарын жұмыс оқу жоспарына сәйкес жооғара деңгейде өтуді қамтамасыз
етуге.
3.3 Кафедраның мамандық профиліне сай оқулықтар, оқу құралдарын, оқу құралдарын ,
оқу-әдістемелік нұсқауларын дайындауға.
4.7 Білім беру қызметіндегі табыстары үшін материалдық және моральдық жағынан
көтермеленуге және алғыс хатпен марапатталуға.
4.8 Белгіленген тәртіппен университет әкімшілігінің өкімдері мен бұйрықтарына шағым
жасауға.
5. ЖАУАПКЕРШІЛІК
Оқытушы жауапты:
5.1 Қызметтік міндеттерін орындамағанда.
5.2 Жұмыстарының деңгейі төмен болғанда.
5.3 Кафедраның материалды – техникалық базасын мақсатқа сай қолданбағанда.
5.4 Күші бар заңдарға сәйкес өз міндеттерін шегіндегі сапасыз жұмыстары мен қате іс –
әрекеттері , сондай – ақ әрекетсіздік танытып, шешім қабылдай алмаған үшін.
5.5 Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамағанда.
5.6 Қызметтік этиканы сақатамағанда.
5.7 Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтамағанда.
5.8 Университет ережедегі және осы қызметтік нұсқаудағы көзделген міндеттерін
орындамағанда.
5.9 ҚР “Еңбек Кодексі” шегінде өзінің қызметтік міндеттерін орындау процесінде
жіберілген басқа да бұзушылықтары үшін.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)