БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
КАФЕДРА ПРОФЕССОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Кафедра профессоры Шымкент университетінің маман санатына жатады, кафедрадағы
оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын
жоғары деңгейде
қалыптастыруды жүзеге асырады.
1.2 Профессор өз қызметінде ҚР заңдарын, соның ішінде “Білім туралы ” заңын, ҚР
МЖМБС 3.001-2000, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативті-құқықты
құжаттарын, университет Ережесін, университет ректорының бұйрығы мен өкімдерін,
университеттің нормативті актілерін басшылыққа алады.
1.3 Профессор қызметіне оқу ісі жөніндегі
проректордың келісімімен, университет
ректорының бұйрығымен тағайындалады және қызметінен босатылады.
1.4 Профессор тікелей кафедра меңгерушісіне бағынады.
1.5 Профессор жұмысында болмаған жағдайда, оның міндеттері кафедра меңгерушісінің
шешімімен кафедра оқытушысына жүктеледі.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Профессор қызметіне мамандық саласына сай ғылыми дәрежесі
және ғылыми атағы
бар, педагогикалық және басшылық өтілі 10 жылдан кем емес, ғылыми еңбектері және
оқу процесінде қолданылатын оқу-әдістемелік құралдары бар тұлға бола алады.
2.2 Профессор білуге тиіс:
- ҚР “Білім туралы” заңын;
- ҚР “Еңбек Кодексін”;
- ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық
актілерін;
- университет Ережесін;
- қызметтік этиканы;
- университеттің ішкі еңбек тәртіп ережесін;
- кафедра туралы Ережені.
3 МІНДЕТТЕР
Профессор міндеттері:
3.1 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде, мамандарды
даярлауды жүзеге асыратын оқу және жүмыс бағдарламаларын әзірлеуге.
3.2 Оқу сабақтарын жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоғары деңгейде өтуді қамтамасыз
етуге.
3.3 Кафедраның мамандық профиліне сай оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдәстемелік
нұсқауларын дайындауға.
3.4 Оқу материалын меңгеру деңгейін көтеру мақсатында оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістерін жасауға, пайдалануға және ендіруге.
3.5 Оқытудың жетекші әдісі ретіндегі дәрісбаянды жүргізу деңгейін үздіксіз көтеруді,
теориялық білімді бекіту мақсатында практикалық, лабораториялық сабақтарды
жүргізуде қажетті дағдылар мен шеберліктерді қамтамасыз етуге.
3.6 Іздену және талдау қабілеттерін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыруға және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз еттуге.
3.7 Оқу процесі
барысында студенттердің білімін қорытындылау мақсатында
коллоквиум, бақылау жұмыстарын, сынақ-емтихан қабылдау жұмыстарын жүргізуге.
3.8 Оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу, тәрбие жұмыстары бойынша дербес жылдық
жоспар құруға және жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізуге.
3.9 Монографиялар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми еңбектер шығаруға.
3.10
Ғылыми – зерттеу жұмыстары бойынша дербес жұмыс жоспарына
сәйкес
жүргізген жұмыстарының есебін кафедраға талқылауға ұсынуға.
3.11
Ғылыми педагогикалық біліктілігін көрсетуге, педагогикалық этика нормаларын
сақтауға.
3.12
Студенттердің тәрбие жұмыстарын жүргізуге.
3.13
Студенттердің кафедра, факультет және университет ауқымында өткізілетін түрлі
қоғамдық шараларға белсенді қатысу дағдыларын қалыптастыру.
3.15 Мектептермен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу.
3.16 Оқу – танысу практикасын ұйымдастыруға және өткізуге.
3.17 Студенттің тұлғалық беделін құрметтеуге.
3.18 Өзінің жоспарланған педагогикалық жүктемесін мүлтіксіз толық орындауға.
3.19 Талап етілген есептер мен құжаттарды мерзімінде дайындап беруге.
3.20 Ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуға.
3.21 Қызметтік ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз етуге.
3.22 Еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауға.
3.23 Еңбек техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауға.
3.24 Ұжымда өзара сыйластық пен іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға,
сын мен өзіндік
сынды қалыптастыруға.
3.25 Қызметтік этиканы сақтауға.
4 ҚҰҚЫҒЫ
Профессор құқылы:
4.1 Өз қызметіне қатысы бар университет басшыларының шешімдерінің жобаларымен
танысуға.
4.2 Қызметтік міндеттеріне қатысты жұмысты жетілдіру бойынша университет
басшыларының қарауына ұсыныстар енгізуге.
4.3 Кәсіптік қызмет үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге.
4.4 Жұмыстан қол үзе отырып, университеттің қаражаты есебінен 5 жылда бір рет өзінің
біліктілігін арттыруға.
4.5 Өзінің кәсіптік беделі мен қадір-қасиетін қорғауға.