5.2 Өзінің қызметін атқару барысында: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заңдарға сәйкес
құқық бұзушылыққа жол
берген жағдайда;
5.3 Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңдарына сәйкес материалдық
зиян келтірген жағдайда;
5.4 Құрылымның ұйымдастыру жұмыстарының деңгейі төмен болған жағдайда;
5.5 Университеттің ішкі ережесіне өз міндеттері шегінде немқұрайлы қараса;
5.7 Жұмыс барысында қызмет этикасын сақтамаған жағдайда;
5.7 Техникалық қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда;
5.8 Жоғары басшылықтың тапсырмаларын уақтылы
орындамаған жағдайда;
5.9 Конфиденциалды қызметтік ақпаратты сақтамаған жағдайда;
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
___________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ПРАКТИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ ӘДІСКЕРІНІҢ
ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Практика және әдістемелік бөлімінің әдіскері Шымкент университетінің орындаушы
санатына жатады және бөлімдегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарды атқарады.
1.2 Практика және әдістемелік бөлімінің әдіскері өзінің қызметінде ҚР “Білім туралы”,
“Еңбек Кодексі”, “Ғылым туралы” заңдарын, ҚР БҒМ нормативті-құқықтық актілерін,
университет ережесін, осы қызметтік нұсқауды, университет ректорының бұйрықтары мен
бөлім меңгерушісінің өкімдерін басшылыққа алады.
1.3 Практика және әдістемелік бөлімінің әдіскері оқу ісі жөніндегі проректордың
ұсынысымен, университет ректорының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және
босатылады.
1.4 Практика және әдістемелік бөлімінің әдіскері тікелей бөлім меңгерушісіне бағынады.
1.5 Практика және әдістемелік бөлімінің әдіскері жұмыста болмаған уақытта, оның
міндеттерін бөлім меңгерушісі атқарады.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Практика және әдістемелік бөлімінің әдіскері қызметіне жоғары білімі бар, еңбек
өтіліне талап қойылмайтын тұлға тағайындалады.
2.2 Практика және әдістемелік бөлімінің әдіскері білуі тиіс:
- нормативтік құқықтық актілерді, ҚР БҒМ бұйрықтарын, жарлықтарын, нұсқау хаттарды;
- университет ережесін;
-
мамандықтар
бойынша ҚР МЖМБС-н;
-университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, бөлім меңгерушісінің шешімдерін;
- іс жүргізу негіздерін;
- университеттің ішкі еңбек тәртібін;
- іс-тәжірибе бөлімі туралы ережені және осы қызметтік нұсқауды.
3 МІНДЕТТЕР
Практика және әдістемелік бөлімінің әдіскері міндетті:
3.1 Факультет деканаттарынан іс-тәжірибеге шығатын студенттер туралы өкімдерді
жинайды;
3.2 Іс-тәжірибеге шығатын студенттерге бұйрық жобасын дайындайды;
3.3 Іс-тәжірибе кестесін дайындайды;
3.4 Кафедралардың іс-тәжірибе жетекшілерінің тізімін анықтайды;
3.5 Кәсіби іс-тәжірибенің барлық түрлері бойынша талдау жасайды;
3.6 Іс-тәжірибе нәтижесібойынша мониторинг жүргізеді;
3.7 Студенттердің кәсіби іс-тәжірибе өткізуде қауіпсіз және қолайлы жағдай жасауымен
ұйымдастыруына қатысады;
3.8 Іс-тәжірибені аяқтаған студенттерге құжаттарды дұрыс рәсімдеп өткізуге көмек
көрсетеді;
3.9 Сапа саласындағы қойылған мақсаттар мен саясатты жете түсініп, осыған сай бөлім
жұмысын жүргізеді;
3.10 Бөлім жұмысын жақсарту мақсатында түзетуші және ескертуші әрекеттерді жүзеге
асырады;
3.11 Іс-тәжірибе ведомосттарын дайындайды оларды мерзімінде беруді және Тіркеу
бөліміне қайтарылуын қамтамасыз етеді;
3.12
Бөлім журналдарын толтырады;
3.13 Кіріс және шығыс құжаттарын тіркейді;
3.14 Бөлімге түскен құжаттарды тиісті орындарға уақытылы жіберуге.
3.15 Бөлімде сапа менеджменті жүйесі жұмыстарын ұдайы жақсартуға қатысады.
3.16 Қызметтік ақпараттың құпиялығын сақтауға.
3.17 Қызметтік этиканы сақтауға.
3.18
Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға.
3.19
Еңбек және атқарушылық тәртібін сақтауға.