БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
___________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
Көлік жүргізушісі мыналарды өзімен бірге алып жүруі және ішкі істер органдарының
(полиция), оған уәкілетті лауазымды адамдарының талап етуі бойынша оларға тексеруге
беруге:
көлік құралын жүргізу құқығына жүргізушінің куәлігі (жүргізуші
куәлігінің орнына
берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат);
жүргізуші куәлігінің талоны; көлік құралдарына тіркеу құжаттары;
көлік құралының иесі болмағанда басқарған жағдайда - осы көлік құралына иелік
етуді немесе пайдалануды, немесе билік ету құқығын растайтын құжат;
мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;
заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі
және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі
сақтандыру полисі;
белгіленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.
Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшін Көліктік бақылау комитетінің қызмет-
шілеріне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсат-
тама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсін. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсат-
тама болмаған жағдайда Көліктік бақылау комитетінің қызметшісіне көлік құралын басқа-
ру құқығы үшін жүргізушінің куәлігін (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік пен
жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат) алу үшін көлік құралына арналған тіркеу
құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады.
Көлік құралының жүргізушісі мыналарға міндетті:
Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі Негізгі ережелерге және
лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес көлік
құралдарының дұрыс жай-күйі шығар алдында тексеру және жолда қамтамасыз
ету.
Ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің 5.3.-тармаққа сәйкес берілген талап
етуі бойынша аялдау және оның нұсқауларын орындау.
Ішкі істер органдары қызметкерінің талап етуі бойынша мастығы туралы
куәландыру өту.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде
белгіленген жағдайларда Ережелерді білуін тексеруден өту.
Көлік құралының өздігінен қозғалып кетуін болдырмайтын шара қолданбайынша,
көлік құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына бермеу.