– ақпаратты автоматты түрде
өңдеу технологиясын;
– техникалық ақпарат тасымалдағыштардың түрлерін;
– ақпаратты жіктеу және код беру әдістерін;
– формаға келтірілген
бағдарламалау тілдерін;
– қолданылып жүрген стандарттарды, санау
жүйелерін, шифрларды және
кодтарды;
– техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін;
– бағдарламалаудың және есептеу техникасын пайдаланудың алдыңғы қатардағы
отандық
және шетелдік тәжірибелерін;
– экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
– еңбек туралы заңнама негіздерін;
– еңбек қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс.
2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Математикалық үлгілерді және экономикалық және басқа міндеттерді шешу
алгоритмдерін талдау негізінде алгоритмдерді орындау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
бағдарламаларды әзірлейді және қойылған міндеттерге сәйкес есептеу техникасы
құралдарымен оларды сынақтан өткізуді және ретке келтіруді жүргізеді.
2.2. Ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдері бойынша міндеттерді шешудің
технологиясын әзірлейді.
2.3. Деректердің алгоритмдері мен құрылымдарын сипаттау үшін бағдарламалау
тілін таңдауды жүзеге асырады.
2.4. Есептеу техникасы құралдарымен өңделетін ақпаратты, оның көлемін,
құрылымын, макеттерін және енгізу схемаларын, өңдеуді, сақтауды және шығаруды, оны
бақылау әдістерін айқындайды.
2.5. Бағдарламаларды дайындау және ретке келтіру бойынша жұмысты орындайды
және ретке келтіруді жүргізеді.
2.6. Бағдарламалардың олардың функциялық мақсатына барынша толық сәйкес
келуін қамтамасыз ететін бақылау мысалдары деректерінің көлемін және мазмұнын
айқындайды.
2.7. Қойылған міндеттердің талаптарымен айқындалған ретке келтірілген
бағдарламаларды іске қосу және бастапқы деректерді ендіруді жүзеге асырады.
2.8. Шығыс
деректерін талдау негізінде әзірленген бағдарламаны түзетуді
жүргізеді.
2.9. Бағдарламалармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді, қажетті
техникалық құжаттаманы ресімдейді.
2.10. Дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
2.11. Ендірілген бағдарламаларға және бағдарламалық құралдарға қызмет көрсетуді
қамтамасыз етеді.
2.12. Бағдарламаның дұрыс болуын автоматты түрде тексеру жүйелерін, үлгі және
стандартты бағдарламалық құралдарды әзірлейді және ендіреді, ақпарат өңдеу
технологиясын жасайды.
2.13. Есептеу процестерін бірегейлендіру және үлгісін жасау бойынша жұмысты
орындайды.
2.14. Стандартты бағдарламалардың каталогтарын және карточкаларын жасауға,
машинамен өңделетін құжаттардың нысандарын әзірлеуге, есептеу техникасын қолдану
саласын кеңейтуге мүмкіндік жасайтын бағдарламаларды жобалауға қатысады.
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
___________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ЗАҢГЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің «Басшылар, мамандар және басқа қызметшiлер лауазымдарының
бiлiктiлiк анықтамалығын бекіту туралы» 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-ө бұйрығы
негізінде және «Еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-1 Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жасалды және жеке еңбек шартына қосымша ретінде
қолданылады.
Нұсқаулық ҚР еңбек заңнамасының немесе Шымкент университетінің өндірістік-
экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Заңгер техникалық орындаушылар санатына жатады, кадр бөлімі бастығының
ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.2. Заңгер лауазымына жұмыс стажына талаптар қойылмайтын жоғары кәсіби
(заңгерлік) білімі немесе орта кәсіби (заңгерлік) білімі және орта кәсіби мамандармен
білімі бар мамандар ауыстыратын лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар тұлға
тағайындалады.
1.3. Заңгер кадр бөлімінің бастығына тікелей бағынады.
1.4. Заңгер өз қызметінің ерекшелігі бойынша:
- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заң
актілерін;
- кәсіпорынның құқықтық қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді,
әдістемелік және нормативтік материалдарды;
- азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқықтарды;
- салық
заңнамасын;
- экологиялық заңнаманы;
- кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметі туралы есепті есепке алуды
жүргізу және жасау тәртібі;
- шаруашылық шарттарын, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасау және
ресімдеу тәртібін;
- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық
құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу тәртібін;
- экономиканың, еңбекті ұйымдастырудың, басқару өндірісінің негіздерін;
- жабдықты жөндеуге өткізу және жөндеуден кейін қабылдау ережесі;
- есептеу техникасын, коммуникациялар
және байланыс құралдарын;
- еңбек қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс.