1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі заңы



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет41/46
Дата13.02.2020
өлшемі0,92 Mb.
#28910
түріНұсқаулар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ 
 
 
2.1. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік 
есебін  (негізгі  құрал-жабдықтардың,  тауар-материалдық  құндылықтардың,  өндіріс,  өнім 
өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен 
және  тапсырыс  берушілермен,  сондай-ақ  көрсетілген  қызметтер  үшін  есеп  айырысу) 
жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды. 
 
2.2.  Қаржылық  тәртіпті  сақтауға  және  ресурстарды  ұтымды  пайдалануға 
бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. 
 
2.3.  Бухгалтерлік  есептің  тиісті  учаскелері  бойынша  бастапқы  құжаттарды 
қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды санап өңдеуге дайындайды. 
 
2.4.  Негізгі  құрал-жабдықтардың,  тауар-материалдық  құндылықтардың  және  ақша 
қаражатының  қозғалысына  байланысты  операцияларды  бухгалтерлік  есеп  шоттарында 
көрсетеді. 
 
2.5.  Өнімнің  (жұмыстың,  қызметтің)  өзіндік  құнының  есептік  калькуляциясын 
жасайды,  шығындардың  және  көзделмеген  шығындардың  пайда  болуы  көздерін 
анықтайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындайды. 
 
2.6. Салықтар мен алымдарды федералдық, аймақтық және жергілікті бюджеттерге, 
сақтандыру  жарналарын  мемлекеттік  бюджеттен  тыс  әлеуметтік  қорларға,  төлемдерді 
банктік  мекемелерге,  күрделі  салымдарды  қаржыландыруға  арналған  қаражатты, 
жұмысшылар  мен  қызметшілердің  жалақыларын,  басқа  ақша  төлеуді  мен  төлемдерді 
есептейді  және  аударады,  сондай-ақ  кәсіпорынның  қызметкерлерін  материалдық 
ынталандыруға арналған қаражатты аударады. 
 
2.7. Басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және бухгалтерлік 
есептіліктің  басқа  пайдаланушыларын  есептің  тиісті  бағыттары  (учаскелері)  бойынша 
салыстырмалы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді. 
 
2.8.  Шоттардың  жұмыс  жоспарын,  шаруашылық  операцияларын  ресімдеу  үшін 
қолданылатын, үлгі нысандары көзделмеген бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-
ақ ішкі бухгалтерлік есепке арналған құжаттардың нысандарын әзірлейді, есеп жүргізудің 
негізгі  тәсілдері  мен  әдістерінің  мазмұнын  және  бухгалтерлік  ақпаратты  өңдеу 
технологиясын айқындауға қатысады. 
 
2.9.  Шаруашылық  ішіндегі  резервтерді  анықтау,  үнемдеу  режимін  және  құжат 
айналымын  жетілдіру  жөніндегі  іс-шараларды  жүзеге  асыру  мақсатында  бухгалтерлік 
есеп  пен  есептіліктің  деректері  бойынша  кәсіпорынның  шаруашылық-қаржы  қызметін 
экономикалық  талдауға,  қазіргі  заманғы  есептеу  техникасының  құралдарын  қолдану 
негізінде  бухгалтерлік  есептің  прогрессивтік  нысандары  мен  әдістерін  әзірлеуге  және 
ендіруге, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады. 
 
2.10.  Есептілікті  жасау  үшін  бухгалтерлік  есептің  тиісті  учаскелері  бойынша 
деректер  дайындайды,  бухгалтерлік  құжаттардың  сақталуын  қадағалайды,  оларды 
мұрағатқа өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді. 
 
2.11.  Бухгалтерлік  ақпараттың  деректер  базасын  қалыптастыру,  жүргізу  және 
сақтау  бойынша  жұмыстар  жүргізеді,    деректерді  өңдеу  кезінде  пайдаланылатын 
анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгертулер енгізеді. 
 
2.12.  Тапсырмалардың  не  олардың  есептеу  техникасының  көмегімен  шешілетін 
жекелеген 
кезеңдерінің 
экономикалық 
қойылуын 
қалыптастыруға 
қатысады, 
экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік 
беретін  дайын  жобаларды,  алгоритмдерді,  қолданбалы  бағдарламалардың  пакетін 
пайдалану мүмкіндігін айқындайды. 
 
 
 
 


3. ҚҰҚЫҚТАРЫ 
 
 
Бухгалтердың мыналарға құқығы бар: 
 
3.1.  Кәсіпорын  басшылығының  оның  қызметіне  қатысты  шешімдерінің 
жобаларымен танысуға. 
 
3.2.  Осы  нұсқаулықта  көзделген  міндеттерге  байланысты  жұмысты  жетілдіру 
жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге. 
 
3.3.  Құрылымдық  бөлімшелердің  басшыларынан  және  мамандардан  оның 
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар алуға. 
 
3.4.  Өзінің  лауазымдық  міндеттері  мен  құқықтарын  орындау  үшін  кәсіпорын 
басшылығынан көмек көрсетуді талап етуге. 
 
4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
 
 
Бухгалтер мыналар үшін жауапкершілік атқарады: 
 
4.1.  Осы  лауазымдық  нұсқаулықта  көзделген  лауазымдық  міндеттерін 
орындамағаны  (тиісті  дәрежеде  орындамағаны)  үшін  Қазақстан  Республикасының 
қолданылып жүрген еңбек заңнамасында айқындалған шектерде. 
 
4.2.  Қызметін  жүзеге  асыру  барысында  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  – 
Қазақстан Республикасының қолданылып  жүрген әкімшілік, қылмыстық  және азаматтық 
заңнамасында айқындалған шектерде. 
 
4.3.  Материалдық  шығын  келтіргені  үшін  –  Қазақстан  Республикасының 
қолданылып  жүрген  еңбек,  қылмыстық  және  азаматтық  заңнамасында  айқындалған 
шектерде. 
 
 
 
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым: 
 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау