Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде
ұяшықтарға мәліметтер енгізу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Microsoft Excel электрондық кестесінде
жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру,
формулаларды пайдалану, есептеулер
жүргізу
Дамытушылық. Ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін
арттыру, теориялық алған білімдерін
практика жүзінде қолдана білу дағдысын
қалыптастыру.
Тәрбиелік. Жаңа тақырыпты меңгерте отырып,
Microsoft Excel электрондық кестесімен
одан әрі таныстыру оқушылардың
дүниетанымын кеңейтеді. Пәнге деген
құштарлығын оятып, шығармашылыққа
жетелейді.
Сабақтың түрі. Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып,
сабақ мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі. Видеопроектор, компьютер, Power point
бағдарламасында дайындалған слайдтар,
деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Деңгейлі тапсырмалар орындау
Тест жұмысы
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру
Сабақты қорытындылау
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа назарын аудару. Тіркеу журналын толтыру, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақ мақсатын айқындау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Excel менюімен жұмыс атқару» тақырыбы бойынша үй тапсырмасына шолу.
Microsoft Excel бағдарламасын іске қосу командасы?
Жол нөмірі дегеніміз не?
Бағана әрпі дегеніміз не?
Ұяшық, ағымдағы ұяшық дегеніміз не?
5. Блок дегеніміз не?
6. Бір бағананы қалай белгілейміз?
7. Бір жолды қалай ерекшелейміз?
8. Блокты қалай ерекшелейміз?
9. Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды қалай ерекшелейміз?
10. Жұмыс парағын қалай ерекшелейміз?
Жаңа сабақ. «Ұяшықтардағы мәліметтер»
Ехсеl-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Ехсеl енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ – әріп немесе «’» (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе «=» болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
Мәтін енгізу. Мәтін – кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді «’» символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ, ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады).
Назар аударыңыз! Қателесуден қорықпаңыздар! Орындалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін Түзету=> Болдырмау (Прaвка=> Отмена) командасын пайдаланып, алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.
Сандарды енгізу. Электронды кесте ұяшықтарына сандарды =, +, _ таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса онда Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).
Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ- де 5.01.Е+08 болып жазылады, яғни ол 5,01х108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады (5х10-9). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.
Формулалар енгізу. Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны = C1+F5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз C1 ұяшығындағы мәліметтерге F5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.
Бағаналар ені мен жолдар биіктігін өзгерту. Бұл әрекеттерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады. Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе жолдар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналған тышқанның сол жақ батырмасын басып, бағананы немесе жолды тарту (сығу) керек.
Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгерілуге тиіс бағаналарды (жолдарды) ерекшелеп алып, Формат Жол Биіктік немесе Формат Бағана Ені командаларын орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |