Күні
Сыныбы 8
35 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Электр кедергісінің температураға тәуелділігі.
Асқын өткізгіштік.
Сабақтың мақсаты: 1. Металл өткізгіштер кедергісінің температураға
тәуелділігін түсіндіру;
2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, қабілетін және
пәнге деген қызығушылығын арттыру;
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыра отырып, көңіл – күйлерінің көтерілуіңе
ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кітаппен.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, бор, су, үлестірмелі тапсырмалар
Құрал – жабдықтар: амперметр, темір сым, ток көзі, реостат, кілт,
өткізгіш сымдар
Пәнаралық байланыс: химия
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сынып журналын толтыру
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Электр кернеуі деп нені айтамыз?
2. Ол қандай бірлікпен беріледі?
3. Кернеуді қалай өлшейді?
4. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді?
5. Электр кедергісінің анықтамасын беріңдер.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
(Сабақ мақсатын атап өту)
Өткізгіштің кедергісі R оның өлшемдері мен материалына тәуелді екенін білеміз.
Өткізгіштің кедергісі оның температурасына тәуелді бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін мынадай тәжірибені жасайық.
Спираль сияқты иілген темір сымды ток көзі мен амперметрге қосылған тізбекке тізбектей қосамыз. Амперметрдің көрсетуін аныөқтап алып, спиральді шамның жалынына ұстап қыздырамыз. Спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетеді.
Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады. Темір спиральді басқа металдан жасалған өткізгішпен ауыстыра отырып, қыздырған кезде барлық металдардың кедергісінің артатынын байқаймыз.
Кейбір таза металдардың кедергісі әжептәуір, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарлағанда кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады. Қыздырғанда кедергінің өсу себебі, өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдық тордың түйіндеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде, электрондар иондармен жиірек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді.
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады:
бұдан .
Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.
Асқын өткізгіштің үлкен практикалық мәні бар. Асқын өткізгіштік күйінде тұйықталған өткізгіштегі ток күші кедергінің болмауы салдарынан шексіз ұзақ уақыт бойы сақталады. 1925 жылы мыс сақинамен жасалған тәжірибеде, тіпті 2,5 жыл өтсе де, сақинадағы ток күшінің ешқандай кемімегені байқалған.
Қазіргі таңда Күннің магнит өрісінен он мың есе күшті магнит өрісін беретін өте қуатты асқын өткізгішті электр - магниттер жасалған.
IV. ЖБ жұмысы.
Кітап бойынша 86, 87 - суреттер туралы айтып беру.
V. Бекіту сұрақтары:
1. Металл өткізгіштер кедергісінің температураға тәуелділігі қандай? Бұл құбылыстың себебі неде?
2. Асқын өткізгіштік құбылысы туралы не білесіңдер?
VI. Сабақты пысықтауға арналған тапсырма:
Интерактивті тақтада тест тапсырмаларын жасау.
VII. Үйге тапсырма:
§40. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру, 19-жаттығу №5,№6 орындап келу.
VIII. Қорытынды.
Оқушыларды бағалау.
Сүлейменов Арғынғазы Сәкенұлы
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау.
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету. Анықтамалар бойынша физикалық шамалардың формуласын тұжырымдай білуге оны түрлендіруге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа қызығуын, ынтасын ізденімпаздық, белсенділік қабілетін дамыту, шыдамдылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру. Өзіндік іс – әрекетін дамыта отырып, оқушының өзі жұмыс жасауына жағдай жасау.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: Ой туғызатын сұрақтар беру, оқушының топтық жұмысын ұйымдастыру. Схема арқылы тізбек құрастырып тәжірибе жасап алған білімін бекіту, сызбалар . Оқулықпен, тест сұрақтарымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Құрылымды сызбалар, құралдар (кедергісі белгілі резисторлар, электр шамдары, кілт, амперметр, вольтметр, тоқ көзі жалғағыш сымдар)
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушылар білімін айқындау, үй тапсырмасы бойынша.
3. Жаңа материалдар оқып үйрену
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма беру
2. Оқушылар білімдерін айқындау.
1. Тұрақты электр тогы тарауын сипаттайтын физикалық шамалар:
Ток күші – I парта
Кернеу -II парта
Кедергі – III парта оқушылары топқа бөлінеді.
Тірек схема бойынша тұрақты «Электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша білімін айқындау.
3) Менің ойым.
Әр топқа тапсырма тақтаға ілінеді. Салынған схемадағы қателіктерді анықтап топ өз ойы бойынша схеманың дұрыс нұсқасын ұсынады.
4) Сонымен берілген тапсырмалар бойынша алда келе жатқан топ мүшелерін атап, жаңа сабақ өтеміз.
II. Жаңа материалдар оқып үйрену.
Оқушы нені түсініп , орындай білуі керек.
Өткізгіштерді тізбектей параллель жалғау әдістері жөнінде түсінік беру. Тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды оқып үйрену. Тізбектей, параллель жалғау кезіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушылардың талдау жасау, саралау қабілеттерін дамыту. Электр тізбегінің құрамды бөліктерін біз білеміз, олар тоқ көзі, ажыратып қосқыш тұтынушы құралдар және өткізгіш, жалғағыш сымдар.Бұл қарапайым электр тізбегі тұрмыста, техникада күрделі микросхема ейін кездеседі.
Өткізгіштер не электр тұтынушы құралдар бір ғана өткізгіштен құралмай, түрлі – түрлі бірнешеу болуы мүмкін. Осы өткізгіштерді жалғаудың екі әдісі бар. Олар тізбектей, параллель . Осы екі әдіспен жалғанғанда тізбектің бойындағы жалпы
Ток күші I Кернеу U Кедергі R қалай өзгереді (математикалық формуласы)
Тізбектей жалғану ережесі.
Бірінші өткізгіштің екінші клемасын, екінші өткізгіштің бірінші клемасы әрі қарай сол өткізгіштің екінші клемасы , бірінші клемасы осылай тізбектей жалғасады.
Тізбектей жалғанғанда тізбектің кез келген бөлігінен ағып өтетін тоқ бірдей , олай болса 11 =12 = I ж
Кернеу әр өткізгіште түрліше болуы мүмкін. Кедергісі көп болса кернеуді көп кернеуді есептейміз.
Кедергісі - тізбектен қосылғанда жалпы кедергі тізбектің жеке бөліктеріндегі кедергілердің қосындысына тең болады. Rж= R1+ R2
, ,
Тізбектей жалғанғанда жалпы кедергінің ұзындығы артады.Олай болса жеке бір өткізгіш кедергісінен көп болады. Осы өткізгіштердің кедергілері бірдей болса жалпы кедергінің ұзындығы артады, олай болса жеке бір өткізгіш кедергісінен көп болады. Осы өткізгіштердің кедергілері бірдей болса жалпы кедергі Rж=nR есептеледі.
Параллель жалғау ережесі.
Бірінші өткізгіштің бірінші клемасы А нүктесіне жалғанса В нүктесіне екінші клемасы жалғанады.Екінші өткізгіштің бірінші клемасы сол А нүктеге екігші клемасы В нүктесін жалғанды, әрі қарай осылай жалғану паралелеь жалғау деп ат
Параллеь жалғанғанда тоқ тармақталадаы, тоқ күші есептеу үшін Ом заңына сүйенеміз.
І1= U/R1 І2= U/R2
Жалпы тоқ жеке өткізгіштегі тоқ қосындысына тең.
Кернеу параллель жалғанғанда бірдей болады,бірінші өткізгіште кереуде екігші өткізгіштегі кернеуге тең. U1= U2= Uж кернеуге тең.
Кедергі өткізгіштің кедергілерінің кері шамасының қосындысына тең болады.
Паралель қосылғанда кедергінің ауданы артады, олай болса тізбектің жалпы кедергі бір өткізгіштің бір кедергісінен аз болады.
Өткізгіштердің кедергісі бірдей болса, жалпы кедергі Rж = R/n есептеледі.
Жаңа сабақты меңгерту барысында оқушыларға «деңгейлік тапсырмалар » орындауға бердім.
I деңгей 1- суретті көрсетіп мынадай сұрақтар беріледі.
Суретке қарап тізбектің құрамды бөліктерін ата. (1, 2-сурет)
Суреттегі тұтынушы құралдар қалай жалғанған.
Әр шаманың кедергісі 1 ом болса тізбектей және параллель жалғанғандағы жалпы кедергісін есепте. (ауызша) қандай формула пайдаландық. (4-схема)
4-схема
Схемадағы кедергісі белгілі резисторлар қалай жалғанған? (6- схема) R1= 6ом
R2 = 2 ом U1 = 12В I -? U2-? Осы шамалар боойынша тізбектің жалпы кедергісі Rж кернеуі Uж тоқ күші Iж есепте.
5-схема 6-схема
Осы резисторларды параллель жалғап, тізбектегі шамаларды өзгертпей жалпы кедергі Rж кернеуі Uж тоқ күші Iж есепте
II деңгей . Топтық жұмыс.
Алған білімдерін бекіту үшін оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру . Әр топтың өз
ішінен «монтажшы», «конструктор», «есепші» сайлаймыз. «Конструктор» - схеманы сызып тізбектің құрамды бөліктерін олардың қалай жалғанғанын түсіндіріп береді.
«Монтажшы» - схемаға қарап, тізбек құрастырады, құралдардың қалай жалғанғанын, әр құралдыңі қызметін түсіндіреді. «Есепші» - резисторлардың кедергілері бойынша тізбектей және паралель жалғанғандағы жалпы кедергілерін есептейді.
III деңгей. Тақтада аралас жалғанған (7 - схема) кедергі схемасына қарап , олардың қандай бөліктері тізектей және параллель жалғанғанын ажырату, көрсетілген шамалар бойынша тізбектің жалпы кедергісін есептеңдер.
7-схема
Сонымен оқушылар өткізгіштерді тізбектей жалғанғанда өткізгіштердің жалпы кедергісі артады ма, әлде кемиді ме? Сол өткізгіштерді параллель жалғасақ ше? Кедергі артса сол өткізгіштер бойынан өтетін тоқ күші қалай өзгереді? Ал кедергісі кемісе тоқ күші қалай өзгереді? Осы сұрақтың жауабын нақтылай отырып, сабақта меңгеруге қатысқан оқушыларды бағалаймын және топқа баға беремін. «Өте жақсы», «жақсы», «орташа» деп сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма: §41. 20 – жаттығу және оқушыларға тапсырма.
Қорытындылау: Деңгейлеп тапсырма беру арқылы оқушылардың білімді жеңіл меңгеруіне, сонымен қоса оны өз бетінше ала білуіне және топпен жұмыс істеуге, үйренуге мүмкіндік жасадым
Сүлейменов Арғынғазы Сәкенұлы
Тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты.
Мақсаты:
1.Электр тогының жұмысы мен қуатын есептеу формулаларын қорытып шығару.
2. Өлшем бірліктерін енгізу.
3.Олардың қолданылуын түсіндіру.
4. Экономикалық, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлу.
Түрі: Шығармашылық іздену арқылы өз бетімен білім алу.
Әдісі: деңгейлеп,саралап оқыту
Көрнекіліктер: есептегіштер, электр шамдары, ток көзі, жалғағыш сымдар, вольтметр, амперметр,сағат, кодопозитивтер.
Пәнаралық байланыс: география, математика
Барысы
1.Өткен материалдарды топпен жұмыс істеу арқылы қайталау: өткізгіштерді тізбектей қосу өткізгіштерді параллель қосу
2. Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту
3.Бекіту
4. Қорытындылау
5. Үйге тапсырма беру
Сынып оқушыларын топқа бөлу.
Топтарға берілетін тапсырма:
Кодопозитивтегі электр схемалары бойынша тізбекті жинап, анықтауға мүмкін болатын физикалық шамалардың байланысын түсіндір.
Жаңа сабақты түсіну үшін қажетті сұрақтар
1. Тізбек бөлгілі (үшін) ұштарындағы кернеу неге тең? Формуласы қалай жазылады?
Кернеу өткізгіш бөлігі бойымен ІКл заряд өткенде атқарылатын жұмысқа тең болады: U
2. Кернеудің формуласын пайдаланып, электр тогының жұмысын қалай табуға болады? Ол қалай аталады?
Электр тогының тізбек бөлігінде істейтін жұмысын анықтау үшін тізбектің осы бөлгінің ұштарындағы кернеуді сол бөлік бойымен өткен электр зарядына көбейту керек.
А=q
3. Электр зарядына талдау жасай отырып, электр тогының жұмысын есептеу формуласын қорытып шығару және оның айтылуын жаз.
q=It
A=IUt
Электр тогының тізбек бөлігіндегі жұмысы осы бөліктің ұштарындағы кернеуді ток күшіне және сол жұмысты орындауға кеткен уақытқа көбейткендегі көбейтіндіге тең.
4.Электр тогының жұмысын есептеу формуласын пайдаланып, жұмысты қалай өлшеуге болатындығын түсіндір.
1Вт (Ватт) =1В А…
9.Қуатты қандай құралдармен өлшеуге болады? Ваттан басқа қандай қуат бірліктерін білесің?
Қуат ваттемтрмен өлшенеді.
1гВт= 100Вт, 1кВт= 1000Вт, 1МВт=1000 000 Вт
10.. Электр тогының жұмысы есептегіштер арқылы қандай бірліктермен өлшенеді?
1КВт сағ
Сабақтың тақырыбы: Электрқыздырғыш құралдар.Қыздыру шамдары.
Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қыздыру шамдары, балқымалы сақтандырғыш құрылысы,
жұмыс істеу принципі және қыздырғыш элемент, қысқа тұйықталу туралы түсінік беру,
алған білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен
дамытуға, өздіктерінен қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сақтандырғыш, шамдар, патрон, әр түрлі геометриялық фигуралар.
Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді қалыптастыру, өтілген материал бойынша білімді жинақтау,
жүйелеу, қорытындылау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: математика.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
А) оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көңіл-күйін байқау.
Б) сабаққа қатысын қадағалау.
ІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты түсіну үшін қажетті сұрақтар:
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Токтың қандай әсерлері бар?
3. Токтың жылулық әрекеті дегеніміз не? Қасиеті қандай?
Тірек конспект.
Электр қыздырғыш құралдар
Үй тұрмысында
өндірісте
Ауыл шаруашылығында шшшаруашылығында
Қыздырғыш элемент
Қыздыру шамы
1872 ж – А. Н. Лодыгин
1 – вольфрам қылы
2 – металл өткізгіш
3 – шыны
4 – түтікше
5 – қыздыру шамының мойны
6 – оқшауланған контакт
Қысқа тұйықталу
Сақтандырғыштар
(Щиттер, балқымалы сақтандырғыштар)
5 – 10 А қауіпті 0,001 – 0,1 А
ІІІ. Жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтарын қою:
1. Электр қыздырғыш құралдарына жататын құралдар
2. Қыздыру шамының құрамды бөліктері және әрқайсысының атқаратын қызметі қандай?
3. Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?
4. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
5. Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?
6. Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады?
22-жаттығу.
№ 1,4 (ауызша)
№2 1 = 1 – 1/4 = 3/4
=
№5 Бер:
2 есе артады.
Т/к: Q - ?
№6 Бер: U = 20 B
R = 80 Ом
t = 10 мин = 600 с
Т/к: Q - ?
№680. Балқымалы сақтандырғыштарда баяу балқитын металлдарды қолданбайтыны неліктен?
№681. Жөдеу кезінде электрқыздырғыштың спиралін қысқартқан. Оның қуаты мен қызуы өзгере ме? Неге?
№682. Электрқыздырғышына ток жеткізетін сымдар спираль сияқты неге қызбайды?
№685. Сақтандырғыштың жанып кеткен қорғасын сымның орнына, мыс немесе болат сымдарын
қолдануға бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |