Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Ғылыми кеңесімен бекітілген
« 13 » маусым 2011 ж. № 11
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Осы Диссертациялық кеңес туралы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 31.03.2011 жылғы №126 және № 127 бұйрықтарына, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 13.05.2011жылғы № 379 бұйрығына сәйкес әзірленген.
2. Диссертациялық кеңес – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруге ұсыныс беретін алқалы орган (бұдан әрі – диссертациялық кеңес).
3. Диссертациялық кеңес кеңестің төрағасынан, ғалым хатшыдан және кеңес мүшелерінен тұрады. Диссертациялық кеңестің құрамына әр мамандық бойынша кемінде 5 (бес) адам кіреді.
4. Диссертациялық кеңес құрылған ЖОО басшысы, Комитеттің қызметкерлері мен сараптамалық кеңесінің мүшелері диссертациялық кеңестің мүшесі бола алмайды. Диссертациялық кеңес мекеме басшысы алдында жауапты, университеттің мөрі мен бланкаларын пайдаланады.
5. Кеңес отырыс өткізетін орынмен қамтамасыз етуге, Комитеттке жіберілетін докторанттардың аттестациялық құжаттарын рәсімдеуге және басқа қалалардан келетін кеңес мүшелерінің іссапар шығындарын төлеу университетке жүктеледі.
Диссертация мүшелеріне және сарапшыларға диссертациялық жұмысқа жазбаша сын-пікір даярлағаны үшін төленетін ақы университет тарпынан қарастырылады.
Егер диссертациялық жұмыс ағылшын тілінде ұсынылса, онда мемлекеттік немесе орыс тілінде толық андатпа (автореферат) берілуі тиіс, немесе диссертациялық кеңес тарапынан аудармашы жалданып, еңбек ақысы сағаттық төлеммен жүргізіледі.
6. Әрбір мамандық бойынша диссертациялық кеңестің құрамына тиісті мамандық бойынша жазбаша келісіммен ғылыми дәрежесі бар кемінде 3 (үш) маман қосылады. Осы ретте диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі) штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖОО өкілдерінен, кемінде 1/3-і (үштен бірі) ғылыми ұйымдардың өкілдерінен болуы тиіс.
7.Диссертациялық кеңестің құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен 1 (бір) күнтізбелік жылға бекітіледі.
Төрағаның кандидатурасынан басқа диссертациялық кеңестің құрамына кеңес төрағасының ұсынысы бойынша университет ректоры өзгеріс енгізе алады.
8. Диссертациялық кеңес өзінің қызметі туралы ақпаратты ЖОО-ның интернет-ресурсына орналастырады.
9. Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес Комитетке осы Үлгі ереженің 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша атқарған жұмыстары туралы статистикалық есеп береді.
10. Диссертациялық жұмыстарын қорғауға докторантураның білім бер бағдарламасын толық меңгерген, диссертациялық жұмысын тіркеуден өткізген және «Ғылыми дәрежелер беру туралы ереженің» 5-8 бабына сәйкес орындалған докторанттар жіберіледі.
11. Диссертациялық жұмысты алдын ала сараптамадан өткізу диссертация орындалған және қорғалатын оқу орынында кафедра мәжілісінде қарастырылады.
12. Диссертациялық жұмысты қорғалатын оқу орынындағы кафедрадан алдын ала сараптамадан өткізу үшін докторант университет ректоры атына (2-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша) өтініш жазады.
Докторант өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Түптелмеген диссертация (диссертациялық жұмыс мемлекетаралық стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек. МЕСТ 7.32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. Құрылымы және рәсімдеу. МЕСТ 7.1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық түсіндірме. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері).
2) Осы Ереженің 19.6 бабына сәйкес көрсетілген журналдардың базасына енген ғылыми еңбектерінің ғалым хатшының қолы қойылып, мөрмен бекітілген тізімі.
3) Жоғары білімі және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі туралы дипломдарының және олардың қосымшаларының (транскриптінің) жұмыс орындалған ЖОО-мен бекітілген көшірмелері (2 дана), бекіту күні диссертациялық кеңеске өтініш түскенге дейін болуы керек.
4) Диссертациялық жұмыстың тақырыбы мен ғылыми кеңесшісін бекіткен туралы хаттаманың 2 дана көшірмесі.
13. Ректор бұрыштама қойған өтініш, диссертация және басылымдарының көшірмесі кафедра меңгерушісіне (төрағаға) ұсынылады.
14. Кафедра меңгерушісі (төраға) университеттің штатындағы қызметкерлерден докторанттың диссертациясы мен жарияланған жұмыстарын зерделеу негізінде, жазбаша сын-пікір беру үшін сарапшылар (екіден кем емес, диссертация саласы бойынша ғылыми дәрежесі бар, оның біреуі ғылым докторы болуы керек) тағайындайды.
15. Сарапшының ұсынған жазбаша пікірінде аталған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар мен ұсынымдар негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
16. Сарапшылардың сын-пікірлері докторантқа кафедра отырысынан кем дегенде 1 (бір) күн бұрын алдында беріледі.
17. Кафедра отырысында диссертациялық жұмысты алдын ала сараптау тәртібі:
1) Докторанттың диссертациялық жұмысының мазмұны мен негізгі жағдайларын қысқаша баяндауына - 20 мин.
2) Кафедра мүшелері тарапынан берілген ауызша немесе жазбаша сұрақтарына докторанттың жауабы.
3) Ғылыми кеңесшілерін тыңдау, олар жоқ болған жағдайда, пікірлері оқылады.
4) Сарапшылардың сын-пікірін баяндау.
5) Кемшіліктер мен ұсыныстарға жауап беру үшін сөз докторантқа беріледі.
6) Кафедра мүшелерінің жұмысты талқылауы.
7) Ашық дауыспен кафедраның шешімін қабылдау.
Диссертанттың қорытынды сөзі.
18. Кафедра отырысының диссертацияны қорғауға жіберу немесе жібермеу туралы шешімі хаттама бойынша рәсімделіп, төраға мен хатшының қолы қойылады және оны ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор бекітіп, мөр қойылады.
Кафедра шешімінде тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар мен ұсынымдар негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, жарияланған жұмыстарының осы Ереженің 19.6 бабына сәйкес рәсімделгенін, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD) бейіні докторы ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
Шешім егер оған отырысқа қатысқан кафедра мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі) дауыс бергенде ғана қабылданды деп саналады. ???? Включить в рус вариант
19. Докторант кафедра ұсынысы бойынша диссертациялық кеңеске мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Диссертациялық кеңес төрағасының атына жазылған докторанттың диссертациялық жұмысын қарастыруға алу туралы өтініші.
2) Ізденушінің жұмыс орынынан мөрімен бекітілген және суреті бар кадрлық жеке іс қағазы (2 дана), бекіту күні жұмысты кафедрада қараған күнге дейін болуы керек.
3) Жоғары білімі және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі туралы дипломдарының және олардың қосымшаларының (транскриптінің) нотариалды бекітілген көшірмелері (2 дана), бекіту күні диссертациялық кеңеске өтініш түскенге дейін болуы керек.
4) Қатты мұқабамен түптелген 5 дана, түптелмеген 1 дана және электрондық тасымалдағышқа (CD - диск) көшірілген диссертация.
5) Диссертацияның қысқаша андатпасы (автореферат) 1,5 бет табақтан кем емес - 20 дана.
6) Диссертациялық жұмыстың тақырыбына сәйкес жарияланған 7 (жетіден) кем емес, оның ішінде Комитет ұсынған ғылыми басылымдарда 3 (үшеуден) кем емес, 1 (біреу) Томпсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасына енген халықаралық ғылыми басылымда, нольдік емес импакт-фактор немесе Scopus компаниясының базасына енген басылымда, 3 (үшеуі) халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференцияларда, оған кеңеске өтініш берген күнге дейін докторанттың өз қолы қойылған және ғалым хатшымен бекітіліп, мөр басылған ғылыми жұмыстары мен олардың көшірмесі – 2 дана.
7) Диссертациялық жұмыстың тақырыбы мен ғылыми кеңесшілері бекітілген туралы хаттаманың көшірмесі – 2 дана.
8) Докторанттың диссертациялық кеңеске өтініш берген күнге дейін берілген және мекеменің гербтік мөрімен бекітілген мінездемесі - 2 дана.
9) Жұмыс жүргізілген мекеменің жұмысты талқылаған туралы хаттамасынан көшірме – 2 дана.
10) Жұмыстың университет кафедрасының кеңейтілген отырысында қаралғаны туралы хаттамасынан көшірме. Хаттаманы ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор бекітеді және оған кафедрада талқылағанға дейінгі күнмен берілген пікіршілердің сын-пікірі қосылып тігіледі -2 дана.
11) Отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері -2 дана.
12) Диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғанына тексерілгені туралы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы.
13) Диссертацияны өткізгендігі туралы университет кітапханасының анықтамасы.
Құжаттарды диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы қабылдайды.
20. Докторант оқыған ЖОО-да оның мамандығы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істемейтін жағдайда, осы ЖОО докторанттың осы ереженің 10 тармағында көрсетілген құжаттарын басқа ЖОО-да тиісті мамандық бойынша құрылған диссертациялық кеңеске жіберуді қамтамасыз етеді.
21. Құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей диссертациялық кеңес қорғау күнін белгілейді және тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар екі рецензентті (біреуі - ғылым докторы) тағайындайды, олардың біреуі осы ЖОО-ның немесе докторант оқыған ЖОО-ның қызметкері болмауы тиіс. Осы ретте докторанттардың құжаттарының түсу кезегі ескеріледі.
Кеңестің бір отырысында тек екі ғана диссертациялық жұмыс қаралады.
22. Диссертациялық кеңес сарапшылардың және ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады. Мыналар сарапшы бола алмайды:
1) Комитет қызметкерлері.
2) Докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары.
3) Диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін ЖОО бөлімшелерінің немесе ғылыми ұйымдардың қызметкерлері;
4) Диссертациялық кеңестің мүшелері.
23. Мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама Комитеттің және диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ЖОО-ның интернет-ресурстарында диссертацияның мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша андатпасын (2 беттен артық емес) және хабарландыру мәтінін орналастыра отырып, белгіленген қорғау күнінен бір ай бұрын жүзеге асырылады. Сонымен қатар диссертациялық кеңес диссертацияны докторанттың авторы мен дерек көзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жібереді.
Мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар және олардың қорғалуы туралы хабарлама интернет-ресурстарда орналастырылмайды.
Диссертацияның қағазға және электрондық тасымалдағышға түсірілген бір данасы ЖОО-ның кітапханасына өткізіледі.
24. Сарапшылар диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда аталған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар мен ұсынымдар негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, диссертациялық кеңес пікірді сарапшыларға қосымша қарауға қайтарады немесе сарапшыларды ауыстырады.
Сарапшылар пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертацияны қорғауынан кем дегенде 10 (он) күн бұрын беріледі.
Сарапшылардың диссертациялық жұмысты қарастыру мерзімі 1 (бір) айдан аспауы керек.
25. Диссертациялық кеңестің төрағасы мен ғалым хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда, олар диссертацияны қарастыру кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Олардың міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен Комитеттің келісімі бойынша кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.
Төраға мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.
Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының бейнежазбаға түсірілуін және стенограммамен рәсімделуін қамтамасыз етеді.
26. Диссертациялық кеңестің отырысы, егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі), диссертациялық кеңестің мүшелерінен отырысқа әр мамандық бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
Отырыста пікіршілердің 1 (біреуі) болмаған жағдайда диссертацияны қорғау өткізілмейді. Пікіршілерге диссертациялық кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөз сөйлеуге рұқсат беріледі.
27. Кеңес төрағасы отырысты ашу кезінде кеңес мүшелерін қатысу қағазына және пікіршілердің келуіне сәйкес отырыстың заңдылығын баяндайды. Стенограммада кеңес мүшелері мен пікіршілердің мамандықтары, ғылыми саласы және ғылыми дәрежесі көрсетілдеді.
Отырыс ашылғаннан соң кеңес төрағасы докторанттың қорғауы туралы хабарлайды, оның диссертациясының тақырыбын, кеңесші мен пікіршілерінің аты жөнін хабарлап, сөзді ғалым хатшыға ұсынады, ол докторанттың ұсынған құжаттарының қысқаша мазмұнын және олардың талаптарға сәйкестігі туралы баяндайды.
Докторант диссертациялық жұмысының мазмұны мен негізгі жағдайларын қысқаша баяндап шыққаннан кейін, оған кеңес мүшелері тарапынан ауызша немесе жазбаша түрде сұрақтар қойылады.
Докторанттың жауаптарынан кейін сөз ғылыми кеңесшілеріне және сарапшыларға беріледі. Сарапшылар сын-пікірін оқып болған соң, кемшіліктерге жауап беру үшін сөз докторантқа беріледі. Содан соң диссертациялық кеңес мүшелері жұмысқа талқылау жасайды.
Қорғау соңынан диссертантқа қорытынды сөз беріледі.
28. Диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:
1) оң шешім қабылданған жағдайда – докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру туралы Комитетке ұсыныс жасау;
2) теріс шешім қабылданған жағдайда - докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.
Диссертациялық кеңестің шешімі егер оған отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі) дауыс бергенде ғана қабылданды деп саналады.
29. Диссертация қорғау бойынша оң шешім қабылданған жағдайда ғалым хатшы докторанттың аттестаттау ісін мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес жинақтайды (3- қосымша):
1) диссертацияның Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның ілеспе қолдаухаты;
2) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-дискте) диссертация;
Егер диссертациялық жұмыс ағылшын тілінде ұсынылса, онда мемлекеттік немесе орыс тілінде толық андатпасы (автореферат) беріледі.
3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен олардың көшірмелері;
4) осы ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда қазақ және орыс тілдерінде диссертацияның тіркеу-есеп карточкасы;
5) диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғанына тексерілгені туралы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы;
6) ғылыми кеңесшілердің пікірлері;
7) 2 (екі) пікіршінің пікірлері;
8) осы ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;
9) төраға және ғалым хатшы қол қойған диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы мен стенограммасы;
10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, оларға қосымшалар (транскрипт көшірмелері);
11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскрипттің көшірмесі.
Докторанттың аттестациялық ісі Комитетке қорғау күнінен бастап 30 күн аралығында тапсырылуы тиіс.
Диссертанттың аттестациялық ісін рәсімдеу жауапкершілігі ғалым хатшыға тапсырылады.
30. Диссертацияның түптелмеген қағаз және электрондық тасымалдағышқа (СD) көшірілген екінші данасы, тіркеу-есептік карточкасының мемлекеттік және орыс тіліндегі екі нұсқасы қорғау күнінен соң бес күн ішінде Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына тапсырылады.
31. Қорғау нәтижесі бойынша диссертациялық кеңес теріс шешім қабылданған жағдайда диссертация өңделіп, қайта қорғауға шешім қабылданғаннан күннен тек бір жылдан соң ғана жіберіледі.
Комитет докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тартқан жағдайда диссертация өңделіп, қайта қорғауға Комитеттің қорытынды шешімінен кейін, тек бір жылдан соң ғана жіберіледі.
32. Диссертацияны қорғау нәтижесі бойынша диссертациялық кеңес теріс шешім қабылданған жағдайда ғалым хатшы докторанттың аттестациялық ісін рәсімдеп, 30 күн ішінде Комитетке жібереді.
Аттестациялық істің екінші данасы диссертациялық кеңесте 1(бір) жыл бойы сақталып, содан соң университеттің мұрағатына жіберіледі.
33. Докторлық диссертацияны қайта қорғау кезіндегі барлық шығынды диссертант өзі көтереді.
34. Диссертациялық кеңес туралы осы ереже университеттің Ғылыми кеңесінің шешімінен бекітілгеннен кейін күшіне енеді.
1-қосымша
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге
Диссертациялық кеңестің 20 __ жылғы жұмысы туралы
ЕСЕБІ
___________________________________________________________
(ұйымның атауы)
жанындағы диссертациялық кеңес
__________________________________________________________________________________
(кеңестің шифры)
Диссертациялвқ кеңестің төрағасы ___________________________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 20 __ ж. «___» _______________ № ________ бұйрығымен бекітілген.
Диссертациялық кеңеске
____________________________________________ мамандығы бойынша;
____________________________________________ мамандығы бойынша;
____________________________________________ мамандығы бойынша;
____________________________________________ мамандығы бойынша диссертация қорғауды қабылдауға рұқсат берілген.
Есепте мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1. Өткізілген отырыстың саны туралы деректер.
2. Өткізілген отырыс санының жартысынан кеміне қатысқан кеңес мүшелерінің тегі (фамилиясы).
3. Оқу орны көрсетілген докторанттар тізімі.
4. Мынадай бөлімдері белгіленіп көрсетілген, есепті жыл ағымында кеңесте қаралған диссертацияларға қысқаша талдау:
- қаралған жұмыстар тақырыптарына талдау;
- диссертация тақырыбының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сондай-ақ республикалық мақсатты және өңірлік ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалармен байланысы;
- қаралған жұмыстардың ғылыми нәтижелерінің пайдалану деңгейіне, нақты жұмыстар нәтижелерін кеңінен енгізу жөніндегі ұсыныстарға талдау.
5. Рецензенттердің жұмысына талдау (мейлінше сапасыз пікірлерді мысалға ала отырып).
6. Ғылыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.
7. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесіне ізденушілердің қаралған диссертациялары туралы деректер.
Мамандық
Мамандық
Мамандық
Қараудан алынып тасталған диссертациялар
Оның ішінде диссертациялық кеңестің алып тастағандары
Рецензенттердің теріс пікірін алған диссертациялар
Қорғау қорытындысы бойынша оң нәтиже алғандары
Оның ішінде басқа оқу орындарынан
Қорғау қорытындысы бойынша теріс шешім алғандары
Оның ішінде басқа оқу орындарынан
Қорғалған диссертациялардың жалпы саны
Оның ішінде басқа оқу орындарынан
Диссертациялық кеңестің
төрағасы ___________________________
(Т.А.Ә.)
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы ___________________________
(Т.А.Ә.)
Мөр
Күні, айы, жылы
2-қосымша
Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің ректоры,
академик Т.Есполовқа
_________________ЖОО
______________ факультеті,
___________кафедрасының
докторанты_____________
ӨТІНІШ
Менің _____________________________________ мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін «_____________________________» тақырыбына жазылған диссертациялық жұмысымды алдын ала сараптамадан өткізуге жіберуіңізді сұранамын.
Ғылыми кеңесшілер:
Докторанттың қолтаңбасы.
Күні
Келісілген:
Ғылыми кеңесшілер:
Кафедра меңгерушісі
Өтінішке қосымша тіркеледі:
1) Түптелмеген диссертация.
2) Ғылыми еңбектерінің ғалым хатшының қолы қойылып, мөрмен бекітілген тізімі.
3) Жоғары білімі және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі туралы дипломдарының және олардың қосымшаларының (транскриптінің) жұмыс орындалған ЖОО-мен бекітілген көшірмелері (2 дана), ректордың диссертацияны қорғауға жібергені туралы бұйрығы.
4) Диссертациялық жұмыстың тақырыбы мен ғылыми кеңесшісін бекіткен туралы хаттаманың көшірмесі.
3-қосымша
Ғылыми дәреже алу үшін
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне
жіберілетін құжаттардың тізімі
1) диссертацияның Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның ілеспе қолдаухаты;
2) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-дискте) диссертация;
3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен олардың көшірмелері;
4) осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда қазақ және орыс тілдерінде диссертацияның тіркеу-есеп карточкасы;
5) диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғанына тексерілгені туралы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы;
6) ғылыми кеңесшілердің пікірлері;
7) 2 (екі) рецензентің пікірі;
8) осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;
9) төраға және ғалым хатшы қол қойған диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы мен стенограммасы;
10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың нотариальді бекітілген көшірмелері, оларға қосымшалар (транскрипт көшірмелері);
11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскрипттің көшірмесі.
12) Докторанттың есептік карточкасы ( 1 қазақ + 1 орыс тілінде).
13) Марка жапсырылған, докторанттың (2 дана) және кеңестің (2 дана) мекен жайлары көрсетілген пошталық карточкалар. Карточканың артқы жағында ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі және оның қолымен расталады,іздену ғылыми дәрежесі көрсетіледі.
14) Аттестациялық істегі құжаттардың тізімі.
2 – қосымшада көрсетілген аттестациялық іс құжаттарының екінші данасына қосымша диссертациялық кеңесте сақталатын құжаттардың тізімі.
1. университет ректоры атына жазылған өтініш.
2. Ізденушінің оқу орынынан мөрмен бекітілген және суреті бар кадрлық жеке іс қағаз.
3. Мінездеме.
4.Университет кафедрасының кеңейтілген отырысында қаралғаны туралы хаттамасынан көшірме. Хаттаманы ғылым және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор бекітеді.
5. Аттестациялық істегі құжаттардың тізімі.
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге 4-қосымша
ТІРКЕУ-ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ
Тегі, аты, әкесінің аты (толық)
Туылған жылы
Азаматтығы
Ұлты
Аттестациялық істің №
Диссертациялық кеңес
Шешім қабылданған күні, айы, жылы
Шешімнің №
Диссертация қорғалған ЖОО-ның атауы
Ғылыми дәрежені ізденуші
Мамандық атауы
Ғылыми дәреже берілді
Дипломның №
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор
Ескерту:
1. Мәтін 148х105мм форматтағы тығыз ақшыл қағаздан жасалған карточкада басылады.
2. «Аттестациялық істің №» және «Ғылыми дәреже берілді» деген бағандар Комитетте толтырылады.
3. Карточканың артқы жағында ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі және оның қолымен расталады.
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге 5-қосымша
___________________________________ диссертациялық кеңесі мүшелерінің
________________________________________________ мамандығы бойынша докторант _____________________________________ диссертациясын қорғау
(тегі, аты, әкесінің аты)
жөніндегі _________________________________________________ кеңес
(хаттаманың күні, айы, жылы және нөмірі)
отырысына
келу парағы
Тегі, аты, әкесінің аты
Ғылыми дәрежесі
Отырысқа қатысуы (қолы)
1
2
3
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы ___________________________
(Т.А.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |