Білім беру ұйымдарының педагогтарын аттестациялау қорытындысы туралы Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау кезінде келесі жайттар анықталады: 1. Аттестатталушы қызметкердің мемлекеттік жалпы білімдік стандарттардың тиісті деңгейін орындауы; 2. Өтініш берген санатына қарай, педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген, білім беру ұйымдарында лауазымдары бар жұмыскерлерге қойылатын талаптарға сәйкестігі; 3. Аттестатталушының өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін орындауы «Қазақстан Республикасы білім министрлігінің 2016 жылғы 27 қазандағы №83 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы білім министрлігінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 530 бұйрығы - «Қазақстан Республикасы білім министрлігінің 2016 жылғы 27 қазандағы №83 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы білім министрлігінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 530 бұйрығы
2017-2018 оқу жылында аттестациялауға -145 өтініш берілді: жоғары санатқа- 32, бірінші санатқа -50, екінші санатқа -63. Оның ішінде мерзімінен бұрын аттестаттауға -37. Педагогтардың берген өтініштерін қанағаттандыруға негіздемелер жоқ: Сепе ОМ - 1 мұғалім (жоғары санатқа, нәтижелілік жоқ), № 6 ОМ – 1 мұғалім (екінші санатқа, курстық қайта даярлықтан өтпеген), Самарка НМ - 1 мұғалім (екінші санатқа, негіздеме: денсаулық жағдайына байланысты өз өтініші), Садовая НМ -1 мұғалім (бірінші санатқа, негіздеме: денсаулық жағдайына байланысты өз өтініші); Тестілеу нәтижесі бойынша ( мерзімінен бұрын аттестациялау) өтпей қалған: №7 ОМ– 1 мұғалім, жоғары санатқа № 8 ОМ - 2, екінші және бірінші санатқа Адыр НМ – 1мұғалім, екінші санатқа Сепе ОМ-1 мұғалім, бірінші санатқа Новосельск ОМ – 1 мұғалім, бірінші санатқа Титовка БМ – 1 мұғалім, екінші санатқа № 5 ББ– 1 тәрбиеші, бірінші санатқа. Аттестациялау қорытындысы бойынша келесі: 1. Педагогикалық қызметкерлер аттестациялау ережелерін білмеу 2. Портфолио мен аттестациялау материалдарын сауатсыз ресімдеу 3. Өтініштегі мәліметтер нақты емес (өтілі, мамандығы) 4. Педагогтың аттестация аралық кезеңдегі қызметіне мониторинг жасамау 5. Курстық қайта даярлықтан уақытында өтпеу 6. Педагог жетістіктерінің жеткіліксіздігі ( мерзімінен бұрын аттестаттауға)фактілері Облыстық, аудандық аттестациялау комиссияларының шешімдері негізінде: Жоғары санат растау – 24 Жоғары санат беру – 7 Бірінші санат растау – 16 Бірінші санат беру – 34 Екінші санат растау – 13 Екінші санат беру – 47 Жоғарыда аталғанның негізінде білім бөлімінің Кеңесі шешім етті: 1. Аттестациялау қорытындысы бойынша анықтаманы мәліметке алу. 2. Мектеп аттестациялау комиссиялары аттестациялау бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу (аттестациядан өтудің ілгерінді күнтізбелік жұмыс жоспары, педагогтың аттестацияаралық кезеңдегі қызметіне мониторинг жасау, МЖБС орындау), аттестациялау ережелерін зерделеу, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің назарларына жеткізу, уақыты-үнемі. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық аттестациялау комиссиясының хатшысы Р.Жакинаға жүктелсін. 1-кезеңі - ұлттық біліктілік тестілеуге – 124 өтініш берілді: - 90 педагог шекті деңгейін өтті, оларға мемлекеттік қызмет көрсетіліп құжаттар қабылданды, 31 педагог балл жинақтамай және 3 педагог белгілі себептермен келген жоқ; Екінші кезең - қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау: - Аттестаттау комиссиясының отырысы 2 шілде күні сағат 14.00-білім беру бөлімінде жоспарланды. Аттестаттаудан өткен педагогтарға 31 шілдеге дейін куәліктері берілуі тиіс. Мұғалімдерге барлық біліктілік куәліктерді білім беру ұйымдары өздері береді. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |